аржылық инвестицияларды түгендеу
14. Қаржылық инвестицияларды түгендеу
54. Басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарына қаржылық инвестициялар, сондай-ақ басқа ұйымдар берген қарыздар түгендеу кезінде құжаттармен расталуы тиіс. 55. Бағалы қағаздардың нақты бар болуын тексеру кезінде: бағалы қағаздардың ресімделуінің дұрыстығы; бағалы қағаздардың сақталуы (нақты бар болуын бухгалтерлік есепке алу деректерімен салыстыру жолымен); бағалы қағаздар бойынша алынған кірістерді бухгалтерлік есепке алуда толық және уақтылы көрсетілуі белгіленеді. 56. Бағалы қағаздарды ұйымда сақтаған кезде оларды түгендеу кассадағы ақша қаражатын түгендеумен бір мезгілде жүргізіледі. 57. Бағалы қағаздарды түгендеу актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналды және іс жүзіндегі құнын, өтеу мерзімін және жалпы сомасын көрсете отырып жекелеген эмитенттер бойынша жүргізіледі. Әрбір бағалы қағаздың деректемелері, ұйымның бухгалтериясында сақталатын тізімдеменің (тізілімнің, кітаптың) деректерімен салыстырылады. Арнайы ұйымда сақтауға тапсырылған бағалы қағаздарды түгендеу деген ұйымның бухгалтерлік есепке алудың тиісті шотында есепте тұрған қалдықтар сомасын осы арнайы ұйымның үзінділерінің деректерімен салыстыруды білдіреді. Бағалы қағазарды түгендеудің деректерін рәсімдеу үшін осы Қағидаға 23-қосымша нысаны бойынша негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша жасалатын түгендеу тізімдеме (салыстыру ведомості) қолданылады. Түгендеу комиссиясы құжатсыз нысан бойынша түгендеуді қаржылық инвестицияның шарттың және тізілімнен үзіндінің негізінде жүргізеді. Қаржылық инвестицияларды түгендеудің деректерін ресімдеу үшін осы Қағидаға 24-қосымшаға нысаны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған қаржылық инвестициялар актісі қолданылады. Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.10.2015 № 523 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
|