Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және материалдық емес активтерді түгендеу



4. Негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және материалдық емес активтерді түгендеу

19. Ғимараттар мен құрылыстарды түгендеу кезінде комиссия құқық белгілейтін құжаттардың болуын, объектілер бойынша мемлекеттік мекеменің балансында есептелгендерді табуды тексереді.
Сондай-ақ мемлекеттік мекеменің баласында тұрған жер учаскелеріне, су қоймаларына және өзге табиғи ресурстар объектілеріне құжаттардың болуы тексеріледі.
Негізгі құралдарды түгендеуді бастағанға дейін мыналарды:
түгендеу карточкаларының, тізімдеменің және өзге талдамалы есептеу тіркелімдерінің болуын және жағдайын;
техникалық паспорттардың және басқа да техникалық құжаттардың болуын және жағдайын;
мемлекеттік мекеме жалға тапсырған, жалға, сақтауға және уақытша пайдалануға қабылдаған активтерге құжаттардың болуын тексеру қажет.
Бухгалтерлік есептің немесе техникалық құжаттаманың тіркелімдерінде айырмашылықтар мен дәлсіздіктер табылған кезде тиісті түзетулер мен нақтылаулар енгізілуі тиіс.
20. Ұзақ мерзімді активтерді (ғимараттарды, құрылыстарды, тапсырылатын қондырғыларды, машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын, кітапхана қорын және өзге де ұзақ мерзімді активтерді) түгендеу деректерін ресімдеу үшін осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес түгендеу тізімдемесі (салыстыру ведомості) қолданылады, олар негізгі мақсатына сәйкес атаулары мен олардың түгендеу нөмірлері бойынша жасалады.
Техникалық құжаттама болмаған жағдайда ол туралы тізімдемеде «Ескертпе» бағанында көрсетіледі.
Машиналар, жабдықтар мен көлік құралы әзірлеуші - ұйымның техникалық паспорты бойынша зауыттық нөмірін, шығарылған жылын, мақсатын, қуатын көрсете отырып, тізімдемеге енгізіледі.
Бір уақытта түскен және топтық есептеудің үлгілік түгендеу карточкасында есептелетін құны бірдей біртекті шаруашылық мүкәммал құралдары, керек-жарақтар мен өзге негізгі құралдар түгендеу тізімдемелерінде осы заттардың саны мен түгендеу нөмірлерін көрсете отырып, атауы бойынша келтіріледі.
Қалпына келтіруге, қайта жаңартуға, кеңейтуге немесе қайтадан құруға ұшыраған, соның салдарынан оның негізгі мақсаты өзгертілген объект жаңа тағайындауға сәйкес атаулар бойынша тізімдемеге енгізіледі.
Жүргізілген күрделі жұмыстар (қабаттар коса салу, жапсарлас жаңа үй-жайлар салу) немесе құрылыстар мен ғимараттарды ішінара бұзу (жеке конструктивтік элементтерді бұзу) активтерді тану критерийлеріне сәйкес мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілмеген жағдайда, түгендеу комиссиясы тиісті құжаттар бойынша тізімдемеде көрсете отырып, объекті құнының өзгеру сомасын және жасалған объектілерді өзгертулер мемлекеттік мекеменің балансында көрініс таппау себептерін айқындауы тиіс.
Есепте жоқ объектілерді, сондай-ақ есептеу тіркелімдерінде олар бойынша оларды сипаттайтын деректер жоқ немесе дұрыс емес көрсетілген объектілер айқындалған кезде комиссия түгендеу тізімдемесіне жетіспейтін мәліметтерді және осы объектілер бойынша техникалық көрсеткіштерді, мысалы: ғимараттар бойынша - олардың тағайындауларын, олар соғылған негізгі материалдарды, көлемін (сыртқы және ішкі өлшеу бойынша), ауданын (жалпы және пайдалы), қабаттар санын (жертөлесіз, жартылай жертөлесіз), соғылған жылын және т.б. енгізуі тиіс.
Соңғы түгендеу жүргізу сәтінен бастап айқындалған және ескерілмеген объектілерді бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес нарықтық құн бойынша жүргізілуі тиіс.
Соңғы түгендеу жүргізу сәтінен бастап айқындалған және ескерілмеген негізгі құралдардың өзге де объектілерін және материалдық емес активтерді бағалау іс жүзіндегі техникалық жағдай бойынша белгіленетін нарықтық құн бойынша жүргізілуі тиіс.
21. Түгендеу жүргізілген сәтте активтері мемлекеттік мекемеден тысқары болған негізгі құралдар (күрделі жөндеуге жіберілген машиналар мен жабдықтар, теміржол көлігінің жылжымалы құрамы) олардың уақытша болмаған сәтіне дейін түгендеуге жатады.
22. Пайдалануға жарамайтын және қалпына келтіруге жатпайтын негізгі құралдар, жылжымайтын мүлік пен материалдық емес активтер бойынша осы объектілерді пайдалануға беру уақыты және жарамсыз болуына әкеп соқтырған себептер (тозғаны, толық жарамай қалғаны) көрсетіле отырып жеке тізімдеме жасалады.
Негізгі құралдарды түгендеу жүргізу кезінде осы Қағиданың 15-тарауына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын мемлекеттік мекемелердегі артық, пайдаланылмайтын объектілер айқындалады.
23. Мемлекеттік мекеменің балансында тұрған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік пен материалдық емес активтерді түгендеумен бірге жалға алынған және жауапты сақтауда тұрған объектілер тексеріледі.
Көрсетілген объектілер бойынша жеке тізімдеме жасалады, онда осы объектілерді жауапты сақтауға немесе жалға алғанын растайтын құжаттарға сілтеме беріледі.
Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде мыналарды:
мемлекеттік мекеменің оны пайдалануға арналған құқығын растайтын құжаттардың болуын;
материалдық емес активтердің баланста дұрыс және уақтылы көрсетілуін тексеру қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.