Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бухгалтерлік есепке алуда түгендеу нәтижелерін көрсету



15. Бухгалтерлік есепке алуда түгендеу нәтижелерін көрсету

58. Бухгалтерлік есепке алудың деректерімен мүліктің нақты болуына түгендеу жүргізу кезінде анықталған алшақтықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6443 болып енгізілген) Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесімен айқындалған тәртіпте көрсетіледі.
Артық шыққан негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаттары және басқа құндылықтар кіріске алынуға есептелуге жатады.
Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, сондай-ақ табиғи азаюдың нормадан артық бүлінуі кінәлі адамдарға жатқызылады. Кінәлі адамдар белгіленбеген немесе сот кінәлі адамдардан өндіріп алудан бас тартқан жағдайларда жетіспеушілік пен бүлдіруден болған зияндар мемлекеттік мекеменің шығыстарына жатқызылып есептен шығарылады.
Құндылықтардың жетіспеушілігін және табиғи азаюдың нормадан артық бүлінуін есептен шығаруды ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттарға құқық қорғау немесе сот органдарының кінәлі адамдардың жоқ екені (кінәлі адамдардан зиянды өндіріп алудан бас тарту туралы) туралы шешімі немесе уәкілетті мамандандырылған ұйымдардың пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытынды қоса беріледі.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.10.2015 № 523 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
59. Ұзақ мерзімді активтердің және басқа құндылықтардың барлық жетіспеушіліктері, артық шығулары, шығындары бойынша тиісті адамдардан жазбаша түсіндірме алынуы тиіс.
Берілген түсіндірмелер мен түгендеу материалдарының негізінде анықталған жетіспеушіліктердің, құндылықтардың бүлінуінен шығындардың, сондай-ақ олардың артық шығуларының сипатын белгілейді және осыған сәйкес түгендеудің деректері мен бухгалтерлік есепке алудың деректері арасындағы алшақтықты реттеу бойынша ұсыныс енгізеді.
60. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдың есебінде және есептілігінде көрсетілуі тиіс.
Нормативтік құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 6352 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2010 жылғы 8 тамыздағы № 325 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет есептілігін жасау және ұсыну қағидасына сәйкес жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікке түсiндiрме жазбада жүргiзiлген түгендеу нәтижелері туралы деректер көрсетiлуi тиіс.

Мемлекеттік мекемелерде
 түгендеме жүргізу қағидасына
 1-қосымша

___________________________ ________
мемлекеттік мекеме код



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.