Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ақша қаражаттарын, құндылықтарды және қатаң есепке алу бланкiлерiн түгендеу



12. Ақша қаражаттарын, құндылықтарды және қатаң есепке алу бланкiлерiн түгендеу

45. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 № 22 бұйрығымен.
46. Кассаны түгендеу кезiнде кассада ақшаның, ақша құжаттарының және қатаң есепке алу бланкілерінің бар болуы тексерiледi.
Ақшалай қаражаттың бар-жоғы әрбір купюраны және әрбір тиынды қайта санау жолымен тексерiледi.
Қатаң есепке алу бланкiлерi түрлерi, нөмiрлерi және бланкiлердiң сериялары бойынша, бланктердің түрлері бойынша бастапқы және соңғы нөмірлері ескеріле отырып тексерiледi.
Кассаны түгендеу осы Қағидаға 19-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.
Құндылықтар мен қатаң есептегі бланкілерді түгендеу нәтижелері осы Қағидаға 20-қосымшаға сәйкес түгендеу тізілімінде ресімделеді.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.10.2015 № 523 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
47. Ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк қызметтерiнiң деректерi бойынша тиiстi шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есептi нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететiн екiншi деңгейлi банктердiң үзiндi жазбаларымен салыстыру жолымен - мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес жүргiзiледi.

13. Дебиторлық және кредиторлық берешекті, оның ішінде бағалау резервтерін түгендеу

48. Дебиторлық және кредиторлық берешекті түгендеу деген бюджетпен, есеп беретiн тұлғалармен, жұмысшылармен, қызметшiлермен және стипендиаттармен, депоненттермен, басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар бойынша тиiстi шоттарда есепте тұрған сомалардың негiздемелерiн мұқият тексеруді білдіреді.
49. Түгендеу комиссиясы құжаттар бойынша:
бухгалтерлік есепте тұрған кредиторлық және дебиторлық берешек сомасының негізді және дұрыс екенін;
талап қою мерзімі өткен кредиторлық және дебиторлық берешектің сомаларын;
есеп беретін адамдардың дебиторлық берешегінің сомасын;
жетіспеушіліктер мен талан-тараждар бойынша дебиторлық берешектің сомасы, оның ішінде сот өндіріп алудан бас тартқан жетіспеушіліктер мен құндылықтарды талан-тараждар бойынша дебиторлық берешектің сомасын;
мемлекеттік мекемелер алуға үмітсіз, жауаптылардың дәрменсіздігіне байланысты теңгерімнен есептен шығаруға және өндіріп алуы олардың мүлігіне айналдыруға мүмкін емес деп танылған өзге де борыштарды;
берешекті есептен шығарудың дұрыстығы мен негізділігін және есептен шығарылған берешектің теңгерімге есепке алынуын тексеруі тиіс.
50. Еңбекақы және басқа жұмысшылар мен қызметшілерге ақшалай төлемдер бойынша берешекті түгендеу кезінде депоненттік еңбекақы шотына жатқызылуы тиіс уақтылы талап етілмеген еңбекақы сомасы, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге артық төлеудің туындау себептері мен сомалары анықталуы тиіс.
51. Есеп беретін сомаларды түгендеу кезінде түгендеу комиссиясы берілген аванстар бойынша есеп беретін адамдардың есептерін тексереді.
52. Алдағы шығыстар мен төлемдердің резервтерін түгендеу кезінде ұйымда құрылған резервтердің негізділігі мен дұрыстығы тексеріледі.
Жылдық теңгерімде көрсетілетін алдағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген қызметкерлерге кезекті (жыл сайынғы) және қосымша берілетін еңбек демалысын төлеуге арналған резерв пайдаланылмаған еңбек демалысы күндерінің санына, қызметкерлердің еңбегін төлеуге арналған шығыстардың орта күндік сомасы (белгіленген орта еңбекақыны есептеу әдістемесін ескере отырып) және міндетті аударымдарға сүйене отырып нақтылануы тиіс.
Күмәнді борыштар бойынша резервті түгендеу шарттарда белгіленген мерзімде өтелмеген және тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген сомалардың негізділігін тексеруді білдіреді.
Басқа, белгіленген тәртіпте рұқсат етілген резервтер пайда болған кезде түгендеу комиссиясы оларды есептеудің дұрыстығын және есепті кезеңнің аяғында негізділігін тексереді.
53. Есептеулерді түгендеу нәтижелері осы Қағидаға 21-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.
Актіде анықталған келісілмеген дебиторлық және кредиторлық берешектің, үмітсіз борыштардың, талап қою мерзімі өтіп кеткен дебиторлық және кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі.
Дебиторлық және кредиторлық берешекті есептен шығару үшін негіздеме болған кезде осы Қағидаға 22-қосымшаға сәйкес Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу актісіне Анықтама жасалады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.