Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аяқталмаған ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды түгендеу



10. Аяқталмаған ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды түгендеу

39. Түгендеу комиссиясы ұйымдармен шарт бойынша орындалатын аяқталмаған ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар бойынша шығындарды құжаттар бойынша белгілейді. Түгендеу әрбiр шарт (тақырып, тапсырыс), сондай-ақ әрбiр тәжiрибе қондырғысы бойынша жүргiзiледi, осы ретте түгендеу комиссиясымен әрбiр тақырыптың орындалған сметалық (шарттық) құны, ал бухгалтерлiк қызметпен – осы Қағидаға 15-қосымшаға сәйкес нақты шығыстар тексерiледi.
Жұмыстардың құнына тақырыптарды (жұмыстарды) орындауға байланысты барлық шығыстар, оның iшiнде жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi арнаулы жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар да кіреді.
Бюджеттiк жұмыстар бойынша ғылыми-зерттеулердi жүргiзуге арналған шығындардың құрамында әртүрлi тәжiрибелiк құрылғыларды (қондырғыларды, машиналар мен құралдардың үлгiлерi, сынаққа арналған стендтер) жасауға арналған шығындар ескерiледi.
Жасалған тәжiрибелiк құрылғылар бойынша нақты шығындар мемлекеттiк мекемелердiң жетекшiлерi бекiткен актiлерге сәйкес белгіленеді.
Егер жұмыс аяқталғаннан кейiн құрылғылар есепке алынбай бөлшектенсе, онда түгендеу құрылғыларды бөлшектеу кезiнде алынған материалдарды, құралдарды есепке алудың қолда бар құжаттарына сәйкес жүргiзiледi.

11. Қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды түгендеу

40. Қолда бар қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастардың барлығы түгендеуге жатады.
Жартылай фабрикаттардағы, жабдықтардың бөлшектері мен тораптарындағы, құралдар мен өзге де бұйымдардағы қымбат бағалы металдар да түгендеуге жатады.
Түгендеуге сондай-ақ ұйымдарға тиесілі емес (қайта өңдеу үшiн алынған және жауапты сақтаудағы) және есепке алынбаған құндылықтар жатады.
41. Түгендеу кезiнде қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастардың бар екені белгiленген өлшем бірлігіне сүйене отырып, мiндеттi түрде өлшеу және есептеу жолымен айқындалады.
Қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды өлшеуді бастардың алдында таразылардың берiктiлiгi мен сезiмталдығы тексерiлуi тиiс.
Аяқталмаған өндiрiске түгендеу жүргiзу кезiнде өлшенбейтін бөлшектердегi және бұйымдардағы қымбат бағалы металдардың салмағы есепке алу деректерi бойынша, ал мұндай деректер жоқ болған жағдайда - бөлшектерге (бұйымдарға) арналған шығыстардың нормалары бойынша анықталады.
Қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар салынған қолда бар ашылмаған посылкаларға түгендеу жүргiзу кезiнде ашылуы тиiс, ал олардың iшiндегi қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы тастар және олардан жасалған бұйымдар саны және салмағы бойынша тексерiлуi тиiс.
Бұзылудан сақтайтын, арнаулы ыдыстарда пломбаланған, түгендеу кезiнде қолда бар тұздар, қышқылдар, ерiтiндiлер түрiндегi қымбат бағалы металдардың бар болуы түгендеу тiзiмiне есепке алу, техникалық құжаттамалар, жеткiзушiнiң құжаттары негiзiнде белгiленедi және енгiзiледi.
Түгендеу жүргiзу кезінде түскен құндылықтар түгендеу комиссиясының тікелей қатысуымен қабылданады және жеке тiзiмге енгiзiледi.
42. Қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастардың және олардан жасалған металдардың атаулары, олардың салмағы мен саны түгендеу тiзiмдемелерде – номенклатурада есепке алынған және өлшем бiрлiгiнде қабылданған салыстыру ведомостарында көрсетiледi.
43. Түгендеу кезiнде анықталған нақты қалдықтар мен есепке алу деректерi арасындағы айырмашылықтар мынадай тәртiптермен реттеледi:
1) артық болып шыққан қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар және олардан жасалған бұйымдар, одан әрi артық шығыстардың себептерiн және кiнәлi адамдарды анықтай отырып есепке алуға жатады;
2) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарын жетіспеушіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен кiнәлi адамдардан өндiрiліп алынады;
3) қайта сұрыптау нәтижесiнде шыққан артықшылықтар мен жетiспеушiлiктерді өзара есепке алу сол бiр тұлғада сол бiр кезең үшiн ерекшелiк түрiнде құндылықтардың сол бiр атауына қатысты ғана жол берiледi.
Дәл осындай секілді атауды былай түсіну керек, атап айтқанда:
қымбат бағалы тастар бойынша – салмағының дәлдігі шегінде массасында айырмашылығы бар, аралас мөлшердегі, сол мақсаттағы;
құрал саймандар бойынша – нысаны мен мөлшері ұқсас бір мақсаттағы.
Қайта сұрыптаудан шыққан артықшылықтар мен жетiспеушiлiктердi есепке алу кезінде қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастардың сандары артықшылықтардан көп болған жағдайда айырмашылық кiнәлi адамдарға жатқызылуы тиiс;
4) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастардың жетiспеушiлiгi мен шығындары олар үшін шығыс нормалары белгіленген тіс салу техникасы және басқа бұйымдар жасау өндiрiсiне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізуге арналған шығындар ретінде есептен шығарылмауы тиіс.
44. Түгендеудің деректері осы Қағидаға 16-17-қосымшаларға сәйкес, көрсетiлген құндылықтар орналасқан немесе сақталған жерлер және оларды сақтауға жауапты адамдар бойынша жеке жасалған түгендеу тiзiлімінде (салыстыру ведомостерінде) көрсетiлуге жатады.
Қымбат бағалы металдарды, қымбат бағалы тастарды, табиғи алмаздарды және олардан жасалған бұйымдарды түгендеу актiлерi осы Қағидаға 16-17-қосымшаларға сәйкес түгендеу комиссиясы екi данада жасайды, комиссия және материалдық-жауапты адамның қол қояды. Бiр данасы бухгалтерлiк қызметке берiледi, ал екiншiсi материалдық-жауапты тұлғада қалады.
Материалдық-жауапты тұлға ауысқан кезде акт үш данада жасалады (құндылықтарды тапсырған материалдық-жауапты тұлғаға, құндылықтарды қабылдаған материалдық-жауапты тұлғаға және бухгалтерлiк қызметке).
Жартылай фабрикаттардағы, жабдықтардың, құралдардың торабтары мен бөлшектерiндегi және басқа бұйымдардағы бар қымбат бағалы металдарды түгендеу тiзiлімiн осы Қағиданың 18-қосымшасына сәйкес жалпы мемлекеттiк мекемелер бойынша объектінің әр бiрлiгi бойынша түгендеу комиссиясы бiр данада әзiрлейдi.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.