Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы



 

Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7197 тіркелді

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 № 22 бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерді, материалдық запастарды, ақшаларды, есеп айырысуларды және басқа да баланс баптарына түгендемені жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 23 шілдедегі № 335 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 621 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» баспасында 1998 жылы жеке ресми басылым болып жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерге, материалдық запастарға, ақшаларға, есеп айырысуларға және басқа да баланс баптарына түгендеме жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылы 23 шілдедегі № 335 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 489 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5110 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 (1416) «Заң газетінде» жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының № 5 актілер жинағы, 2008 жыл) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Министр Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2011 жылғы 22 тамыздағы
 № 423 бұйрығымен
 бекітілген



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.