|
|||
Жаңа туылған нәрестенің біріншілік патронажыСтр 1 из 16Следующая ⇒ Жаңа туылған нәрестенің біріншілік патронажы Клиникалық жағдай: Сіз , жалпы тәжірибелі дәрігерсіз 5 күндік нәресте қыз балаға І патронажға келдіңіз.Бала мерзімі жетілген І жүктіліктен, І босанудан. Жүктіліктің І,ІІ жартысы токсикозбен өткен. Тапсырма:жаңа туылған нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, қауіп факторлары мен баланы ары қарай жүргізу тактикасын анықтау, анасына баланы күту мен емізу дағдысын үйрету.
СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ (СП) АРНАЛҒАНКЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ Негізгі білім беру тапсырмалары / мақсаты: жаңа туылған нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, қауіп факторлары мен баланы әрі қарай жүргізу тактикасын анықтау, анасына баланы күту мен емізу дағдысын үйрету. Бағалау және оқу құралдары: СП кері байланыс береді,емтихан қабылдаушы өз жазбаларын бағалау парағына және чек листтарға қалдырады, видеожазба Симуляция жабдықтары : • Емтихан тапсырушыға арналған есеп берілген парақ • Волонтерға арналған сценарий : жаңа туған нәрестенің анасы • Әрбір емтихан қабылдаушыға бағалау парағы мен чек парақтар • Жаңа туған нәрестенің төсегі – 1 дана . • Жөргек үстелі -1 дана • Орындық – 2 дана • Қуыршақ-1 дана • Баланың даму тарихы ф. № 112/у.-1 дана • Фонендоскоп-1 дана
Сіз жаңа туған нәрестенің анасы (Иванова Виктория, 5 күн), Сіздің атыңыз Иванова Александра, 25жаста. Сіз жаңа туған нарестенің бөлмесіндесіз. Сіз үй киімінде киінгенсіз. Сіз ЖТД қарсы аласыз. Ананың жағдайы: Дәрігер балаңыздың құсуын тоқтатуы үшін барлық іс-шараны қолданады деген оймен өзіңізді тыныштандырасыз. . Стандартталған пациентті оқыту/Ойын нұсқаулары: Ойын нұсқаулары:
• Эмоционалдық тақырыптар мен сұрақтарға қалай жауап беру керек, егер мүмкін болса, дәрігермен баланы зерттеудің нәтижесі туралы әңгімелесу алаңдатады және дәрігерге өзі сұрақтар қоя бастайды «Дәрігер, балама не болды?», «Неліктен ол әрбір емізгеннен кейін құсады?», «Ол тез сауығады ма ? «Біз үйде емделеміз бе? » т.б. Баланы тексеруден кейін баланың жағдайы туралы ақпарат және баланы тамақтандыру туралы ұсыныстар алды. Анасы кішкене тынышталды, бірақ толқу мен біраз алаңдаушылық сақталады, бірақ жақсы нәтиже ананы қуантады.... Баланың жағдайына қатысты қорқу,алаңдаушылық және сендіру туралы нәрестенің анасының сұрақтарына қалай жауап беру керек -анасы дәрігердің тарапынан қосымша ынталандыру мен симуляциясыз өз жағдайын қалыпқа келтірді. Дәрігерге деген сенімсіздікті - 5-10 секунд кідірту және үнсіздікпен көрсетуге болады (күту және терістеу кезеңі). Қойылатын сұрақтар (жаңа туған нәрестенің анасы қарау кезінде сұрауға болатын сұрақтар тізімі): · Бағдарлама (келісілген) жауаптар , (егер қажет болса) емтихан алушы жасайды (сойлейді) , онда СП жасайды (жауап береді)... · Егер дəрігер жүктілік пен босану қалай өтті деп сұраса , онда жүктіліктің І,ІІ жартысында токсикозбен өтті деп жауап беріңіз.Жүктіліктің 13 аптасында сізде жүктілікті үзу туралы қауіп және созылмалы пиелонефриттің асқынуы болды. Стационарда емделдіңіз . Жүктілік кезінде сіз ЖРВИ- мен ауырдыңыз. Босану ерекшеліксіз өткен.Балаңыздың туылғандағы салмағы 3100 г, бойы 51 см, Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл.Бірден жылады,босану залында сіздің кеудеңізге қойылған,емуі активті. Балаңыз БЦЖ,ВГВ екпелерін алды. · Емізгеннен кейін балаңыз кішкенен құсады , бұл жағдай сізді алаңдатады және сіз өте қатты қорқасыз және дәрігердің берген ұсыныстары балаңызға көмектеседі деп үміттенесіз. · Егер дәрігер сізге мұқият қараса, ол сіздің қолыңызды алып барлық маңызды сұрақтарды шешуге отыруға ұсыныс жасаса , ұсынысын қабылдаңыз тыныштанып қалыңыз. • Егер дәрігер жаңа туған нәрестені қарауды жалғастыруға рұқсат сұраса, баланы көрсетуге дайын екеніңізді(«Мен дайынмын», «иә, жарайды») бастың қимылымен және сәл босаңсыған бет мимикасымен білдіресіз. • Егер дәрігер сізден естіген,алынған ақпаратты қайталауды сұраса сіз дәрігердің айтқан сөздерін пайдалана отырып түсінгеніңізді қайталаңыз. • Бұл жағдайда сараптаманың нәтижелеріне сілтеме жасай отырып дәрігер өз ойын дәлелдей алады,сіз келісімді көрсете аласыз және жақын арадағы жоспарларды одан әрі талқылауға кірісе аласыз. • Дәрігер сізді мұқият тыңдаса, ішкі жан -күйіңізді ашқанда (ой, қорқыныш, күту) сіздің сөзіңізді бөлмесе, содан кейін эмоционалды сөздермен қолдау көрсетсе(жылы қабылдау , сынаусыз, сізді қолдау ретінде иығыңыздан, қолыңыздан ұстаса , жеткілікті көз контактысы, сенімді және сабырлы ) бұл жағдайда нәрестені емізу және күтімін әрі қарай талқылауға келісім бере аласыз.
|
|||
|