Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пәні: Абайтану. Сыныбы: 10-сынып.     Абайдың табиғат лирикасы



Кү ні:               17. 11. 2016

Пә ні:      Абайтану

Сыныбы: 10-сынып

 

Сабақ тың тақ ырыбы:            Абайдың табиғ ат лирикасы. «Желсіз тү нде жарық ай» ө лең і

Сабақ тың мақ саты
     1. Білімділік:     Абайдың ө мірі мен шығ армашылығ ы жә не табиғ ат лирикасына деген сү йіспеншілігі туралы тү сіндіру. Табиғ атқ а арналғ ан ө лең дерінің мазмұ нын игеру, мә нерлеп оқ у дағ дысын қ алыптастыру Ө лең інің идеясын ашу, ө з ойын толық жеткізіп, ө лең нен негізгі тү йінді таба білуге ү йрету;
     2. Дамытушылық:     Оқ ушылардың шығ армашылық пен жұ мыс жасауына ық пал ету, ойлау шеберлігін, сө йлеу мә дениетін жетілдіру арқ ылы білім кө кжиегіне жетелеу;
     3. Тә рбиелік:     Оқ ушыларды ә дебиетке деген сү йіспеншілігін оята отырып, туғ ан табиғ атқ а қ амқ орлық жасауғ а тә рбиелеу.

 

Сабақ тың тү рі:                        аралас сабақ

 

Сабақ тың типі:                   жаң а сабақ ты мең герту

Сабақ тың ә дісі:                   тү сіндіру, сұ рақ – жауап, сатылай кешенді талдау,
топпен жұ мыс

 

Сабақ тың кө рнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар

 

Пә наралық байланыс:       тарих, қ азақ тілі

 

Сабақ тың барысы:

І Ұ йымдастыру кезең і:

1. Оқ ушылармен амандасу, тү гелдеу;

2. Оқ у қ ұ ралдарын, сабақ қ а дайындығ ын тексеру;

3. Сыныптың тазалығ ына кө ң іл бө лу;

4. Оқ ушылардың зейінін сабақ қ а аудару;

5. Cабақ тың мақ сатымен таныстыру.

 

ІІ  Ү йге тапсырмасын тексеру:             «Абай ө лең дерін оқ ынғ аннан кейін тү йген ойым» эссе жазу.

ІІІ  Жаң а сабақ:

                                              Абайдың табиғ ат лирикасы


    Абайдың дү ниежү зілік озық поэзиядан алғ ан бір ү лгісі – табиғ ат лирикасы. Табиғ ат – адам баласының ө мір сү ретін ортасы. Оны ә лем классик ақ ындарының бә рі де жырлағ ан. Дә уірі мен ортасына, ө зінің жеке басының кө ң іл - кү йіне байланысты ә р ақ ын ө зінше жырлағ ан. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғ ат арқ ылы қ оғ амдық ө мірді, тартысты, ө з кө ң іл - кү йін суреттейді. Абай да табиғ атты ө зінше жырлағ ан. Абайдың тө рт мезгілі жайлы ө лең дері ақ ынның ә лем поэзиясын терең деп оқ ып, ү лгі тұ тқ ан кездерінде 1886 - 1890 жылдар аралығ ында жазылғ ан.
    Абайдың бұ л тақ ырыптағ ы тұ ң ғ ыш ө лең і – «Жаз» (1886). Мұ нда жазғ ы табиғ аттың кө ркем кө рінісі мен неше тү рлі қ ызық ты қ ұ былыстар, бә йшешегі толысқ ан жайлау мен ә лі қ онып ү лгермеген ауылдың қ арбалас тіршілігі суреттеледі.
    Ал, «Қ ыс» (1888) ө лең і – нағ ыз классикалық поэзия ү лгісінен туғ ан ө лең. Мұ нда да табиғ ат қ озғ алыс - ә рекеттегі кү йде алынады. Бірақ бұ л ә рекет табиғ аттан гө рі адамның – жанды тіршіліктің ә рекетіне ұ қ сайды.
    Абайғ а дейінгі ә дебиетте қ ысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу ә деті болмағ ан. Бұ л – Абай жаң алығ ы. Ақ ын оны қ азақ тың бейжай, енжар жатқ ан даласына қ орқ ынышты ү рей ә келген қ атал бейнеде алады. «Демалысы – ү скірік, аяз бен қ арды кә рі қ ұ дағ а» тең ейді. Бұ л жерде қ азақ тың байырғ ы ұ ғ ымы қ олданылады. Мазасыз, сұ рампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кә рі қ ұ даның бейнесі арқ ылы қ ыстың да қ айталап соғ ып, кө шпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Ө лең де мал бақ қ ан қ азақ даласының қ ысқ ы тіршілігі кең інен суреттеледі.
    Бұ дан кейінгі кү зге арналғ ан екі ө лең і – «Кү з», «Қ араша, желтоқ сан мен сол бір - екі ай» (1889). Алдың ғ ы екі ө лең де ақ ын назар аудармағ ан кө шпелі елдің жү деу тіршілігі, таптық, қ оғ амдық қ айшылық тар соң ғ ы ө лең дерінің негізгі мазмұ нын қ ұ райды.
    «Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аң дыстырғ ан екеуін қ ұ дайым - ай», - деп ренжіп байғ а: «жас бала, кемпір - шалын тентіретпей, бір қ ыс сақ та, тас болма сенде», - деген тілек айтады.
    «Жазғ ытұ ры»(1890) ө лең інде – мұ нда табиғ ат ә леміне кірген жаң алық тың иесі – «ата - анадай елжіреген кү ннің кө зі» кө бірек айтылады. Ақ ын сезімі қ ыстан қ ысылып шық қ ан ел қ уанышына ортақ тасады.
                                          «Желсіз тү нде жарық ай» ө лең і


    «Желсіз тү нде жарық ай» ә нін тың дату. Ә н туралы не білетіндерін сұ рау. Ө лең ді бір оқ ушығ а мә нерлеп оқ ыту.

«Желсіз тү нде жарық ай» Абайдың 1888 жылы жазғ ан ө лең і. Ә рқ айсысы 4 тармақ ты 5 шумақ тан тұ рады. Ө лең – ақ ынның табиғ ат кө ріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшық тағ ан ә лем поэзиясындағ ы шоқ тығ ы биік туындыларының бірі. Онда пә к, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз тү нжан толқ ынысына ү н қ осып, сыбырласқ андай қ алың ағ аш жапырағ ы, жү рексінген кө ң іл, бұ лық сығ ан сезіммен астасып, кө лең келі, терең сайғ а гү рілдей қ ұ лағ ан ө зендыбысы, осындай сырлы, сұ лу тү нде, ә лдеқ айдан естілген сазды ә н, тынымсыз тірлік алмағ айып уақ ыт дабылындай бейсауат ү рген ит пен ү здік-создық айтақ астында сү йгенімен жолығ уғ а аулақ қ а асық қ ан сұ лу қ ыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

    Шығ арма алғ аш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық кө рген «Қ азақ ақ ыны Ибраһ им Қ ұ нанбайұ лының ө лең і» атты жинақ та жарияланды.

    «Абай» бұ л ө лең іне ә н шығ арғ ан. Ә н Абайдың композиторлық талантының сегіз қ ырлы, бір сырлы қ уатын, оның кө ркемдік талғ ам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылы композитор Л. А. Хамиди Ә рхам Ысқ ақ овтан ә ннің екі тү рін нотағ а тү сіріп алды. Алайда осы екі ә н бір-бірінен тек ө лең нің 3-тармағ ының басында сә л ғ ана ә уен ырғ ақ тық пен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ә н мелодиясы бір. Ө лең ағ ылшын, араб, башқ ұ рт, қ арақ алпақ, қ ырғ ыз, орыс, ө збек, татар, тә жік, тү рікмен, ұ йғ ыр тілдеріне аударылғ ан.

    Лирика дегеніміз – кө ркем ә дебиет жанрының бір тү рі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның кө ң іл кү йін, сезім дү ниесін тікeлей бейнелеп кө рсетеді. Лириканың бас қ аһ арманы – ақ ынның ө зі. Ақ ын ең алдымен ө з жайын, мұ ң ын, арманын, қ уаныш сезімін жыр ету арқ ылы халық тың тағ дырын, қ айғ ысын, кү йзелісін, қ уаныш-шаттығ ын, тілек-мақ саттарын білдіреді. Лирика кө лемі жағ ынан ө те ық шам келеді. Оқ иғ адан гө рі отты сезім басымдау, кү ллі сурет сол сезім маң ына, бас-аяғ ы тұ жырымды бірер философиялық ой маң ына жинақ талады. Лирикалық шығ армалар кейде шығ арманың тақ ырыбына, мазмұ нына қ арай бө лінеді:

- Саяси-азаматтық лирика

- Махаббат лирикасы

- Философиялық лирика

- Табиғ ат лирикасы

    Эпитет дегеніміз – адамның не заттың, не табиғ ат қ ұ былыстарының ө згеше белгілерін кө рсету, олардың бейнесін оқ ушының кө з алдына елестету, ой-қ иялына ә сер ету ү шін қ олданылатын кө ркем сө з. Мысалы: сұ р бұ лт, дымқ ыл тұ ман, сұ р жебе, қ арақ ат кө з, кү міс ай, алтын кү н, меруерт жұ лдыз, тістеніп сө йлеу.

    Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нә рселерін, тап жанды нә рселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуі.

Риторикалық сұ рақ дегеніміз – ойды, сезімді ә серлі жеткізу ү шін жауабы ө зінен-ө зі айқ ын нә рсені ә серлі леппен, сұ рау тү рінде айту. Ө лең де қ ойылғ ан сұ раудың жауабында екіұ штылық, шү бә лану болмайды, оны оқ ырман іштей біліп отырады.

IV  Жазбаша жұ мыс:

Ө лең ге сатылай кешенді талдау:

Тақ ырыбы– табиғ ат сұ лулығ ы, махаббат сыры. Екеуінің ү ндесуі.

Идеясы– Адам да табиғ ат сияқ ты, табиғ ат кө рінісі қ андай ә демі, нә зік болса, адамның жан дү ниесі де сондай нә зік. Сұ лулық ты, сезімді қ ұ рметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр тү рі– лирика, поэзия (ө лең )

Шумақ – 5

Тармақ – 4

Бунақ – 2

Буын– 7-8

Ұ йқ ас– шалыс ұ йқ ас (а-б-а-б)

Эпитет– Желсіз тү н, жарық ай, қ алың ағ аш, қ ұ лпырғ ан жасыл жер, терең сай.

Кейіптеу– су дірілдейді, жапырақ тар сыбырласады, тау жаң ғ ырығ ады, ә н қ осады.

Риторикалық сұ рақ – келмеп пе едің сол жақ қ а? тұ рмап па еді сү йеніп?

Ө лең нің негізгі тү йіні, тә рбиелік мә ні– сұ лулық ты тү сінуге, кө ре білуге, табиғ атты, сезімді қ ұ рметтеуге тә рбиелейді. Адамның жан дү ниесін рухани байытады, кө ркемдейді.

V Шығ армашылық жұ мыс.                Қ ос жазба кү нделігі.

 

Ө лең нен мағ ан ұ нағ ан ү зінді Менің ойым
     

 

VІ Білімді бекіту:      Бес жолды ө лең ә дісі.

Кім? (бір зат есім)

Қ андай? (екі сын есім)

Не істеді? (ү ш етістік)

Тү йін (тө рт сө зден тұ ратын сө йлем)

Синоним (бір синоним сө з)

VII  Ү йге тапсырма беру:

1. Абайдың табиғ ат лирикасы туралы тү сінік.

2. «Желсіз тү нде жарық ай» ө лең ін жаттау.


VIIІ  Бағ алау:    оқ ушылардың берген жауаптарына қ арай білімдерін бағ алаймын.

 

 


 

Тексерілді:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.