Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





1. «Мұхаббат-наме» дастанының негізгі тақырыбы.



Алтын Орда дә уірі ә дебиетінің ең кө рнекті ү лгісі – «Мұ хаббат-наме» дастаны. Оны жазғ ан – ақ ын Хорезми. Хорезми – ақ ынның лақ ап аты. Ақ ынның шын аты-жө ні, ө мірі, шығ армашылығ ы жайлы мә ліметтер сақ талмағ ан. Олар жайында білетініміз онша кө п емес. Ақ ын Хорезми – Алтын Орда ханы Жә нібектің тұ сында ө мір сү рген. Сол Жә нібектің Сыр бойындағ ы ә кімдерінің бірі болғ ан – Мұ хаммед Қ ожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұ хаббат-наме» дастанын жазғ ан.

Бү гінгі кү нге «Мұ хаббат-наме» дастанының екі қ олжазба нұ сқ асы жеткен. Дастанның екі нұ сқ асы да қ азір Лондонның «Британия» музейінде сақ таулы тұ р. Ресей Ғ ылым академиясының Азия халық тары институты 1952 жылы осы екі қ олжазба нұ сқ асының фото кө шірмесін алды. Қ ол жазбаның бірі – 1432 жылғ ы ұ йғ ыр ә рпімен кө шірілген. Демек, «Мұ хаббат-наме» дастаны Хорезми жазғ аннан 80 жылдан кейін оны ұ йғ ыр ә рпімен қ айта кө шірген болып шығ ады. Бұ л - дастанның ең кө не, алғ ашқ ы кө шірмелерінің бірі болса керек.

«Мұ хаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақ ын: «Мен де ұ лы Тә ң гірге жалбыранып, «Мұ хаббат-намені» даздым» - дейді. Автор сол кездегі ә деби дә стү рді сақ тап, алдымен ә лемді жаратқ ан Тә ң ірге сыйынады, сосын пайғ амбарларғ а мақ тау сө з айтады. Содан кейін ғ ана дастанның жазылу себептеріне тоқ талады.

«Мұ хаббат-наменің » негізгі бө лімінде жігіттің сү йген қ ызына деген мө лдір махаббатты жырланады. Жігіт сү йген қ ызына ә семдік ә лемінен тең еу таппай, оны Айғ а да, Кү нге де тең еп, жер бетіндегі сұ лулық атаулының ғ ажайып картинасын жасайды.

Махаббат тек адамзатқ а ғ ана тә н ғ ажайып, асыл қ асиет екенін ақ ын зор шеберлікпен суреттейді:

Екі жарық гауһ арды ә лем берген,

Махаббат кешінін адамғ а берген.

Кө кте берген сұ ң қ арғ а ақ қ уды,

Толғ ан айдай қ ылар бір тамшы суды.

Оның кемел ө ң інде мең жаратты.

Бойы менен шашын тең жаратты.

Діни мистикалық бағ ытта жазылғ ан сол кездегі қ исса-хикаяттар адамды бұ л ө мірдің қ ызығ ынан безуге шақ ырып, сү йіспеншіліктің ө зін жұ мақ тың ісі етіп қ оятыны мә лім. Мұ ндай шығ армалар «о дү ниенің » лә ззаты ү шін тіршіліктегі іс-ә рекеттен, ө мір ү шін кү рестен бас тартуғ а шақ ырады. Жұ мақ тағ ы хор қ ыздарын дә ріптейді.

Ал «Мұ хаббат-наме» дастанында адамның осы ө мірдегі адамғ а деген сү йіспеншілігі зор шабытпен жырланады. Ақ ын нақ ты ө мірдің қ адір-қ асиетін жоғ ары бағ алайды. Шығ арманың бас қ аһ арманы ө з сү йіктісі ү шін ешқ андай қ ауіп-қ атерден тайсалмайды.

«Мұ хаббат-наме» – сюжеті қ ызық ты, тілі кө ркем, кө ріктеу қ ұ ралдары алуан тү рлі, ө лең қ ұ рылысы шебер жасалғ ан дастан. Ақ ын Хорезми дастанда жыр жолдарына ү стеме мағ ына беріп, оны ажарландырып жіберу ү шін тең еу ә дісін кө бірек қ олданады. Сө йтіп, ол ө зі суреттеп отырғ ан белгілі бір заттың яки қ ұ былыстың ерекше белгілерін айқ ындай ә рі ажарлай тү седі, сол арқ ылы жырдың эстетикалық ә серін еселеп арттырып жібереді.

Бұ л дастан ертеректе жазылса да, қ азақ тың лиро-эпостық жырларымен сарындас, ү ндес, идеялас, тіпті тү р жағ ынан да ұ қ сас болып келеді.

Қ орыта айтқ анда, Хорезми сә тсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, ө зі ө мір сү рген дә уірдің қ оғ амдық -ә леуметтік мә селелерін сө з етеді.

Алтын Орда дә уірінің ең таң даулы туындыларының бірі саналатын «Мұ хаббат-наме» дастанының ә деби, тілдік, тарихи тұ рғ ыдан маң ызы зор. Хорезмидің бұ л ғ ажайып шығ армасын танып-білу арқ ылы біз бү гінгі қ азақ ә дебиетіндегі поэма жанрының ө мірге келу жолдарын, қ азіргі қ азақ тілінің даму сатыларын, халқ ымыздың ө ткендегі ә дет-ғ ұ рпын, т. б. терең ірек ұ ғ ынатын боламыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.