Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Емтихан сұрақтары: 2 страница



Гректер астрономия саласында да біршама ең бектер сің ірді. Евдокс Книдтік (б. э. б. 408-355) планеталар ө зіндік бір сфера қ ұ райтындығ ын ұ сынды, Аристарх Самосский планеталар, Жер мен Ай қ озғ алыссыз жұ лдыздар аясында, оның ортасында қ озғ алыссыз Кү н орналасады деген гелиоцентрлік сипатты теорияны негіздеді. Бірақ сол ү шін Аристарх дін иелері тарапынан қ удалауғ а ұ шырады.

Осындай тү сініктердің бә рі физика іліміне келіп тоғ ысты. Мә селе, «архе» бастау, қ ағ ида себептілік жолмен ғ арыштың қ ұ рылымы мен қ ұ рамы жә не ондағ ылардың барлығ ы қ озғ алатындығ ын негіздеді. Архе сө зі Платон академиясында оталық тү сінікке айналды. Бірақ кө п жағ дайда, физиктерде архе ә р тү рлі зат ретінде бастапқ ы субстанция кү йінде ұ ғ ынылды. Фалесте – су, Анаксимен ауа, Гераклит от, Эмпедоклда тө рт нә рсе (жер, ауа, су, от), Анаксагорда барлығ ының жиынтығ ы, Анаксимандрда апейрон, Демокритте атом т. б. Пифагор дү ниенің мә ні заттық қ атынастарда деп негіздеді. Анаксагор себептілік бойынша емес, мақ саттылық бойынша (нус-ақ ыл) ә лемнің қ ұ рылғ андығ ын паш етті.

Элей мектебінің ө кілі Зенон ө зінің апориялары арқ ылы теория мен практиканың арасында алшақ тық пе айырмашылық болатындығ ын ашып берді.

Демокрит Левкиптен кейін сезімдік қ абылданбайтын, ойлау арқ ылы тү сінілетін, ө згерісіз бө лшек, бө лінбейтін материалдық ұ сақ тық атомдар туралы гипотезаны негіздеді. Осы кө рінбейтін атомдардың соқ тығ ысуы кө рінетін денелерді туығ ызады деп тү сіндірді. Бірақ ол гипотетикалық –дедуктивтік тә сілді қ олданды (сезімдік тә жірибе дә йекті білім бере алмаса, теория сезімге емес, ақ ылғ а жү гініп, гипотезаларғ а жү гінк қ ажеттігі). Ғ ылым дамуына софистер жалпылама тү рде ық пал етті: ешқ андай теория абсолютті шындық қ а ұ мтыла алмайтындығ ын ұ сынды. Олардың релятивизмі догматикалық ойлау жү йесін шайқ алтты. Платон да ө зінің гипотетикалық -дедуктивтік тә сілін жалпы идеялардың шынайылығ ы туралы ілім бойынша қ олданды. Аристотель ғ ылым дамуына елеулі ең бек сің ірді, формальді логиканы, биологияны алғ аш негіздеуші ғ алым болды.

 

1. Орта ғ асырдағ ы батыс Еуропадағ ы ғ ылым мен дін

 

1. Батыс Еуропалық тар Рим империясының мемлекеттік дініне айналғ ан христиандық ты қ абылдай бастады. Жаң а дін пұ тқ а табынушылық ты ығ ыстырып христиандық дү ниетанымдық кө зқ арасты Батыс Еуропада қ алыптастырды. Бұ л ө з барысында мә дениеттің де, саясаттың да, ғ ылымның да діннің ық палында болуына себеп болды. Христиан діні мен христиан шіркеуі қ оғ амда ерекше рол атқ арды. Христиандық шіркеулер билікті қ олғ а алып саяси институт болуымен қ атар қ оғ амдық санағ а да зор ық пал етті. Қ оршағ ан орта, ә лем, Жаратушы жә не адам жайлы жү йелі кө зқ арастар ұ сынды. Орта ғ асырлық христиандық тә лімнің ерекшелігі – сенімге негізделуінде. Олар: Иисус Христостың тірілуі, о дү ние, ү штік сенім, т. б. болып табылады. Адам жайлы кө зқ арастарында адамның жаратылысынан –ақ ә лсіз екенін жә не оның шіркеу арқ ылы қ ұ тқ арылатынына сенген. Бұ л дә уірде дін философияғ а, саяси доктринағ а, қ ұ қ ық тық жү йеге жә не моральдық ілімге айналғ ан еді. Христиан діні Император Константин кезінде 285-337ж. мемлекеттік дінге айналды. Византия императоры шіркеулік ө мірде басты рол атқ арды. Олар шіркеу соборларын шақ ырып дін мә селесімен байланысты қ аулыларды қ абылдауды қ олғ а алды. 1054ж. Рим Батыс жә не Шығ ыс болып екі тә уелсіз шіркеуге бө лінді. Олардың бө лінуіне себеп болғ ан нә рсе, қ асиетті Рухтың ә ке Қ ұ дайдан ба, ә лде ә ке Қ ұ дай жә не ұ л Қ ұ дайдан ба шық қ ан деген даулары еді. Орта ғ асырлық кезең нің басынан –ақ ересьтік қ озғ алыстар жандана бастады. Бұ л қ озғ алыстан Иисус пен Марияны Қ ұ дайлық емес адамдық табиғ аты бар деген догматты ұ сынды. Ересьтік ағ ымдарғ а жол бермеу мақ сатындадін басшылары инквизицияны қ олданды. Инквизицияғ а ұ шырағ андар ересьтермен қ атар балгер, емші, кө ріпкелдерге де қ олданды. Ересьтер дін бұ зарлар деп отқ а ө ртенді, бұ л жазалар Батыс Еуропада кең етек алды. Испанияда шамамен 30 мың адам инквизиция отында ө ртенді.

Папа мә ртебесі ХІІ-ХІІІ ғ. барғ ан сайын асып тү сті. Оның қ олын тек император ғ ана сү йе алатын болды. Қ алғ андары оның аяқ киіміндегі айқ ышты сү юмен ғ ана қ анағ аттанды. олар мемлекеттің даулы мә селелерін шешуге араласты. Экономиялық, коммерциялық қ ызмет арқ ылы дү ниежү зінің ең ірі қ аржы орталығ ына айналды. Олар тіпті жасалғ ан кү налардың кешірілуіне байланысты грамоталар (индульгенция) сатуғ а кірісті. Осы дә уірде христиан идеологиясының адамгершілік бағ ыты – «сенім, ү міт махаббат» ү штігінің бірлігінде болды.

Білім, оқ у саласы шіркеу қ арамағ ында болып, грамматика, риторика, арифметика, Астрономия, жә не музыка оқ ытылды. Орта ғ асыр Еуропада ашылғ ан мектептер: ХІ ғ. Италияда – Балон университеті 1038 ж. Англияда – Оксфорд университеті 1167ж., Кембридж университеті 1209 ж. Францияда – Париж университеті 1160 ж. бұ лар ортағ асырда білім ордаларына айналды. Сабақ тар латын тілінде жү рді. Университет саны 15-ші ғ асырда 65-ке жетті. Университетте діни ілімдерден басқ а, медицина, ө нер, қ ұ қ ық, алхимия, ә дебиет, поэзия, театр т. б. оқ ытылды.    

Схоластика. Шіркеу Рим империясының барлық нә рсесін ө зіне мирас етіп алып ү лкен кү шке айналды. Орта ғ асыр философиясы антика философиясының ық палында қ алды. Орта ғ асыр христинадық сенімі дү ниеден бастартқ ан, салғ ырт бір сипатта кө рініс тапты. Ал Антика дә уіріндегі философия христиандыық қ а қ арағ анда ө те белсенді, пргрессивті болғ ан. Бұ л екі дә уір арасында қ алыптасқ ан философия арасындағ ы айырмашылық олардың сенімдеріне негізделген. Антика дә уірінің политеизмінде Тә ң ір кө бінесе адамдар тә різді қ ызметке сә йкестенеді. Ө зі секілді мә ң гі болғ ан заттарғ а бейне береді.

Христиандық сенімде қ ұ тылу жолы жоғ арғ ы кү ш арқ ылы мү мкін, сондық тан да христиандар рухани ө мірге баса назар аударып, руғ ани тұ рғ ыдан ө ркендеуге, ал материалдық жақ ты басып тастауғ а тырысқ ан. Христиандық сенім бойынша дү ние кү нә лі болуғ а тағ айындалғ ан, адам да бұ л дү ниеде қ алғ ан сайын, жамандық тардан қ ұ тылмайды. Сондық тан да адам осы дү ниеден тезарада кө шіп ахыреттік ө мірге ұ ласуы қ ажет. Осындай кө зқ араста болғ ан бір қ оғ амда ғ ылымғ а мә н беріп оның дамуына атсалысу ө те қ иын.

Христиан догмасының негізін қ алағ андардың бірі Августин болып табылады (354-430ж). ол сын кө зге, кү мә нғ а қ арсы шығ ып ө зінің философиясын бастағ ан. Оның пайымы бойынша бір шындық қ а, оғ ан жетуге сенбей адам бақ ытқ а қ ол жеткізбейді. Бұ л христиандық философиялық бағ ыт схоластика деп аталды. Оның сыртында қ ұ тылу жолы жоқ, одан басқ а білім жоқ. Ақ иқ ат оның айтқ ан догматтарында ғ ана бар, одан басқ а жерде ақ иқ ат іздеу қ ажет емес, ондай ғ ылыми ізденістерді адасушылық амал (бидғ ат) қ атарына жатқ ызды. Ал философияның қ ызметі догманы болжау, анық тау болып табылады.

Схоластика дә уірі ө зінің тууы, ө суі жә не қ ұ лдырау кезең ін басынан ө ткерді. Алғ ашқ ы кезең платоншылық тың ә серінде қ алса, кейің гісі Аристотельдің ә серінде қ алды. Схоластиканың алғ ашқ ы дә уірлерінде 800-1200 жж. Тә ң ірді бар екендігіне онтологиялық дә лелдер ұ сынылды. Бұ л идеяның ө кілі Ансельм Кентерберийский болып табылады. Ол ә р нә рсені бар етіп жатқ ан бір жаратушы бар, бірақ оның бар болуы басқ а бір себепке негізделмеген дейді.

ХІІ ғ. соң ғ ы кезең дерінен бастап христиандар Аристотельдің арабша аудармасы жә не тү сініктемесімен кең ірек танысып, оны терең ірек тү сіне бастайды. Схоластиканың осы бір екінші кезең і Аристотель философиясына негізделеді. Аристотель философиясын Батысқ а таныстыруда Ибн Сина мен Ибн Рушдтың ең бегі зор. Олардың кө терген мә селелерінің бірі иман-ақ ыл арақ атынасы болып табылады. Томас (Фома Аквинский) уахи жолымен жә не ақ ыл жолымен қ олжеткізетін білімдерді екі тү рлі білім деп пайымдайды. Діннің кейбір мә селелеріне ақ ылмен жетуге болмайды дейді. сондай-ақ Аллаһ тың есім сипаттарын ақ ылмен дә лелдеуге болады деген кө зқ арасты ұ станады. Томас Аристотельдің батырлық, ұ стамдылық, даналық жә не ә ділеттілік тө рт парасаттылық принціпіне иман, ү міт жә не махабатты да қ осып этика доктринасының да негізін қ алайды.      

Схоластика ХІV ғ. бастап реалистер мен номиналистер арасындағ ы дағ дарыстан шығ алмай қ ұ лдырау кезең ін бастан кешірді. Гегельдің анық тауы бойынша схоластика мынадай сипатта: философия мен діннің мазмұ ны бір, мақ саттары бір, мү дделері де бір болды. Дінді анық тау арқ ылы философия ө зін анық тауда жә не ө зін анық тау арқ ылы дінді де анық тауда еді.     

Номиналистер мен Реалистердін арасындағ ы пікір таластар – жалпылық пен жекелік мә селесі еді. Реалистер универсальдық ты яғ ни, жалпы ұ ғ ым ә мбебаптар адам санасынан тілінен тыс ө мір сү ретін шындық тар деп тү сіндірді. Ал оларғ а қ арсы номиналистер ә мбебаптар адамнан, нақ ты заттардан тыс ө мір сү рмейді. Бұ л текқ ана заттарды қ арату арқ ылы пайда болғ ан жалпылық ұ ғ ым деген кө зқ арсты ұ станды.

 

2. Қ айта ө рлеу дә уіріндегі ғ ылым мен діннің қ айшылығ ы

 

2. Қ айта ө рлеу дә уірінде ғ ылым жә не дін қ айшылығ ы бә сең сіген жоқ еді. Қ азіргі христиан теологтары осы мә селеге қ атысты себептерді анық тауғ ы тырысуда. Дегенмен олардың қ айшылық пен қ атысты берген жауаптары бір қ алыпты болмауда. Кейбір теологтардың пікірі бойынша ғ ылыммен айналысу адамғ а Библия арқ ылы жазылғ ан. Текқ ана ғ ылыми зерттеулердің кө мегімен ғ ана адам Қ ұ дайдың оғ ан берген жер бетіндегі билігін кә міл орындауғ а мү мкіндік алады. Яғ ни ғ ылыми ізденістер Библиядағ ы ғ ылымның ашылуына кө мек береді. Бұ л қ айшылық тар қ асиетті кітапты дұ рыс талқ ыламау нә тижесінен шық қ ан. Августиннің ө зі де жер шар тә різді деген идеяғ а қ арсы шешім қ абылдағ ан. Августиннің қ ателігі бір неше рет қ айталанып тұ рды. Коперник Аристархтың гелиоцентрлік идеясын қ айта кө тергенде оғ ан қ арсы М. Лютер шық ты. Ол ө з сө зінде: Коперник астрономия ғ ылымын тұ тастай жалғ андауда, қ асиетті кітапта Иисус жерге емес кү нге тоқ тауды ә мір еткен –дейді. А. Хаярдтың айтуы бойынша бұ ндай дін адамдары ғ ылымғ а қ арсы шығ у арқ ылы дінді, Алайда Библияда жердің бір жерде тұ рып кү н мен айдың оның айналасында айналуымен байланысты ешқ андай мә лімет жоқ.  

Кейбір ғ алымдар ғ ылым мен дін арақ атынасында ешқ андай қ айшылық тың болмайтынын айтып, Коперник, Галиллейге дін тарапынан жасалғ ан қ ысымның негізінде ескі ғ ылым мен дә стү рлі дін арасындағ ы ү йлесімділік жатыр. Сондық танда бұ л қ айшылық тар дін мен ғ ылым қ айшылығ ы емес, ескі ғ ылым мен жаң а ғ ылым арасындағ ы кү рес еді дейді.

 Ғ ылым мен дін арасындағ ы қ айшылық ты сол кездегі адамдардың діни тү сінігі мен ғ ылым тү сінігі жайындағ ы қ айшылық тар деп қ арастыратын кө зқ арастар да бар. Алғ ашқ ыда Папа Галилеоның кітабының басылуына рұ қ сат берген еді. Ө йткені ол екеуі арасындағ ы сұ хбатта Галилео Папағ а былай деген: Алланың екі кітабы бар, біреуі Інжіл, екіншісі қ оршағ ан орта, яғ ни ә лем. Бұ л екеуі ешқ ашан қ айшылық та болмайтынын айтқ ан кезде Папа оның кітабының жариялануына рұ қ сат еткен.   

 

3. Жаң а замандағ ы ғ ылыми таным мә селелері

 

3. Философияның онтологиялық проблемасы ә р заман мен ә рбір кезең бойынша ө зіндік ұ станымын ө згертіп отырды. Мә селен, антика дә уіріндегі қ алыптасқ ан космологиялық сипаттағ ы тұ ғ ырнамалар, орта ғ асырда теологиялық мә нге ие болып, қ айта ө рлеу дә уірінде универсумдық -континуумдық мағ ына арқ ылы дамығ ан болса, жаң а замандағ ы дискреттік онтологияның қ айтадан ө рлеуімен жалғ асын тапқ ан болатын. Сондық тан қ айта ө рлеу дә уірінен кейінгі жаң а заман пантеизмді ө рбіте отырып, рационализмдік ұ станымды нығ айтып, логоцентризмдік парадигманы жандандыра тү скен еді.

Жаң а замандағ ы кө рнекті ойшылдардың бірі – Бэкон (Bacon) Фрэнсис (1561-1626 жж. ) – британ философы, тә жірибелі ғ ылым ә діснамасының негізін қ алаушы,  жаң а заманғ ы философиялық ойдың бастаушысы ретінде белгілі жә не эмпиризм бағ ытын ұ станушы. Негізгі шығ армалары: «Ғ ылымның беделі мен ө сімі», «Жаң а Органон... », «Жаң а Атлантида» т. б.  

Ол орта ғ асыр схоластикасын сынай отырып, бұ л ә лемге айтыс пен тартыстан басқ а ешнә рсе алып келмегендігін кө рсетеді. Оның жеміссіздігінің басты себептері: жаратылыстану саласына айтарлық тай кө ң іл бө лмегендігі, философияны діннің қ ызметшісі дең гейіне дейін тө мендеткендігі екендігін атап ө тіп, ғ ылыми білімді насихаттауғ а айтарлық тай ү лес қ осты.

Гносеологияда – танымның индуктивті ә дісін қ олдай отыра, ол дү ниені тә жірибе арқ ылы ақ иқ атты тануды қ олдауғ а қ арай бағ ытталады. Заттар мен қ ұ былыстар бір-біріне қ атыссыз жеке дара ө мір сү реді дей келе, тек силлогизмдерді қ олдану арқ ылы дұ рыс білімге жетуге, табиғ ат заң дарын тануғ а болмайды. Ақ ыл ұ ғ ымдары заттардан бө лінген, кү мә нді, анық талмағ ан болып келеді. Силлогизм пікірден, пікір сө зден тұ рады. Сө з заттардың символы мен белгісі.

Басты философиялық шығ армасы –«Жаң а Органон немесе табиғ атты тү сіндірудегі ақ иқ ат нұ сқ аулар» атты туындысында ол табиғ атты зерттеудің дұ рыс ә дісін қ алыптастыру мақ сатын қ ояды. Бэкон табиғ атты игеруде оның имманентті заң дарына бағ ына отырып, образының ө ң ін айналдырмау қ ажеттігін ұ сынады. Осы жолда адам кө птеген кедергілерге, атап айтқ анда, адасу тү ріндегі «елестерге» тап болып, олар ақ иқ атқ а жақ ындай тү суге бө гет болады деп байыптағ ан болатын.

Табиғ атты тану айтыспен емес, тә жірибемен шешіледі. Оны тануда адам санасына тә н болып келетін тү рлі елестер қ ателікке ұ рындырады. Олар: 1) тектік елестері. Бү кіл адамдарғ а тә н, адам ақ ылы мен сезімдерінің шектілігінен, ө зінің табиғ аты туралы тү сініктерін заттарғ а араластырып жібереді. Олардан қ ұ тылу ү шін сезім мү шелерінің кө рсеткіштері мен қ оршағ ан орта заттарын салыстыру керек, сө йтіп, олардың дұ рыстығ ын тексеру қ ажет; 2) ү ң гір елестері. Жеке адамдарғ а байланысты. Ә рбір адамның ө зінің ішкі ү ң гірі, субъективті ішкі ә лемі бар. Олар туа біткен қ асиеттерінен, тә рбиелеуден, білімнен, біреуге кө зсіз сенген беделден пайда болады; 3) Базар елестері. Сө здерді дұ рыс қ олданбаудан, базардағ ыдай ә р тү рлі мағ ына беретін сө здердің бір жерде қ олдануынан болатын қ ателіктер. Бұ л жеміссіз таласқ а ә келеді, ә рі табиғ аттан алыстатады; 4) Театр елестері. Ә лем туралы жалғ ан елестер мен сынсыз философия жү йелерінен пайда болады. Бұ л театрдағ ы жасанды ә лем сияқ ты кө рініс қ алыптастырады деп тұ жырымдағ ан.

Таным адамның табиғ атқ а ү стемдігін кү шейтеді. Оларғ а бағ ыну (табиғ атқ а) арқ ылы оны бағ ындырады, яғ ни, оның заң дылық тарын мең геру арқ ылы бағ ындыру дә режесі – мең геру, заң дарды білу, білім дең гейіне байланысты. Философия мен ғ ылымның қ аншалық ты дә режеде практикалық маң ызы бар, соншалық ты дә режеде қ оршағ ан ортадағ ы нә тижелерге жетуді қ амтамасыз етеді. Білімнің ақ иқ ат болу ө лшемі – тә жірибе деген пайыды ойларын ұ сынды.

Таным адам санасы мен қ оршағ ан ортаны бейнелеуден басқ а тү к те емес. Бұ л ү дерісте сезім алғ ашқ ы, содан кейін заттар арқ ылы тә жірибе іске асады. Мә селен, эмпирик – қ ұ мырсқ а сияқ ты, жинағ ан мә ліметтері бойынша, рационалист – қ оң ыз, ө рмекші тә різді, ө зінен ө рнек тоқ ып шығ арады, ал бал арасы – ортаң ғ ы, бақ шадан шикізат жинап, оны ө здігінен ө ң дейді деген мысалар арқ ылы ө з ойын дә йектеген Бэкон, онтологиялық пікірлерінде, ештең еден (жоқ тан) ешнә рсе де пайда болмайды, ешнә рсе жоғ алмайды. Материя саны тұ рақ ты азаймайды, кө беймейді, кең істікте ү немі материяның бө лшектері орналасады. Бос кең істік деген жоқ дей келе, қ озғ алыстың 19 тү рін кө рсетті: қ арсылық, инерция т. б. жә не абиғ ат алғ ашқ ы, сана екінші деп тү сіндіріп, идеалистерді сынады.

«Жаң а Антлантида» атты ең бегінде мінсіз мемлекет қ ұ рылымының қ ағ идаларын ұ сынады жә не ол ү лкен нә тижелерге қ ол жеткізіп, бұ л бағ дар ө ндіріске қ олданатын ғ ылыми зерттеу орталық тары болу қ ажеттілігін жобалады.

Декарт Рене (1569-1650 жж. ) – француз физигі, физиологы, математигі жә не философы, рационализм бағ ытының кө рнекті ө кілі. Негізгі шығ армалары: «Ә дістер жө ніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғ аныстар» т. б. Ол механика, космогония салаларында біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұ рады деп тү сіндірді: материалистік физика (табиғ ат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке ө з жү йесі).

Таным теориясы мә селелеріне баса назар аударып, білімнің кө зі мен оның ақ иқ аттылығ ының ө лшемі ол сыртқ ы дү ниеде емес, адамның ақ ылмен іздеуінде деп байыптап, танымның кө зі – интеллектуальды интуиция екендігін дә йектейді. Бұ л сезім мү шелерінің кө рсеткіштері мен логикалық дә лелдерге сү йенбейді, ә рі ақ иқ атқ а тез жете алады деп интуицияның артық шылық тарына сү йенді. Интеллектуальді интуиция – материалды шындық тан таза ақ ылмен бө лінген нә рсе, ол жалпығ а бірдей: ойлайды, ө мір сү реді, таниды, мә селен, ү шбұ рыш ү ш сызық тан тұ ратындығ ын аң ғ арады т. б шындық тарды біледі. Бэконның таным теориясындағ ы индукцияғ а қ арсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қ арай жү ретін логикалық тұ жырым бола отырып, жеке ақ иқ атқ а сә йкес келетін жалпы ұ ғ ымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, нтуицияда ой қ озғ алысы жоқ, оғ ан алғ ашқ ы, тікілей нақ ты жалпы қ ағ идалар беріледі; дедукцияда ой қ озғ алысының процесі жү зеге асады. Интуициядан берілгендердің мазмұ нын ашу дедукцияғ а жү ктеледі деп пайымдайды.

Декарт білімдердің ақ иқ аттығ ына кү діктеніп, танымның басты екі мақ сатын кө рсетті: 1) қ ағ идалардың, метафизиканың шығ у кө зін табу; 2) фантастикалық елестерден қ ашу, жалғ ан ұ ғ ымдардан қ ұ тылу, схоластикадан арылу. Ғ ылым жолын осылай тазалау керек деп ой тү йді.

Идеялар адамдарғ а туа бітеді, ол идеяларғ а сезімдік тә жірибенің еш қ атысы жоқ. Таным ә дісінде материалдық нә рселерді қ ажетсінбейді, тек ақ ыл шешуші болып келеді, ал ойлау материядан тә уелсіз, ұ ғ ым интеллектуалды интуицияның жемісі деген тұ жырымдарын ережелер тү рінде былайша ұ сынады: «І. Ереже: Ғ ылыммен айналасатындарының мақ сатында мынандай ақ ыл бағ ыттары болу керек; кез келген кездескен заттар жө нінде шын ақ иқ ат, мық ты пікірлер алып шығ у керек; ІІ Ереже. Мынандай заттармен ғ ана айналысуы керек: біздің ақ ылымыз сенімді, кү діксіз танымдарды бере алатын қ абілетке ие болатындармен ғ ана; IV Ереже. Ә діс – ақ иқ атты іздеу ү шін қ ажетті; VI Ереже. Барлық заттарды да, оларды басқ алардан бө лінген зат ретінде, бірақ салыстыру керек, біреуі арқ ылы біреуін тану ү шін, абсолютті немесе салыстырмалы деуге болады; VII Ереже. Білім ү шін бә рі керек: біздің мә селемізге қ атысты, жү йелі, ү здіксіз ой қ озғ алысы жә не жеткілікті, ә дісті дедукция; IX Ереже. Ө ткір ақ ылымызды мә нсіз, қ арапайым заттарғ а, ондағ ы ақ иқ атқ а есепті, тиянақ ты, анық кө з жеткізбейінше, ұ зақ уақ ыт бағ ыттауымыз керек... Ақ ыл интуициясын қ алай пайдалану қ ажет, кө ру бойынша: бір уақ ытта кө п объектілерді кө ргенде, интуиция оларды жеке анық тани алмайды, ол ойдың бір актісімен кө ң іл аударғ анда кө п объектіге, бұ лың ғ ыр ақ ыл болар еді. Ал шебер жеке заттардың ө те ұ сақ бө лшектерін, олардың айырмашылық тарын бірден тани алады... Х Ереже. Ақ ыл зерделі болу ү шін, оны заттарды зерттеуге, шынық тыруғ а бағ ыттау қ ажет, бә рін де ә дістер арқ ылы игеру керек, тіпті ең елеусіздерін де» т. б.        

Қ озғ алыстың бә ріне тек механикалық сипат беруші ретінде тірі организмдердің ө мірлік ә рекеттерін механикалық машина қ озғ алысына тең еді. Басқ а организмдерде туа біткен идеялар болмайды. Қ озғ алысты, ә лемді қ ұ дай жаратқ ан, бірақ заттарды, қ ұ былыстарды ө зіндік даму ү стінде қ арастыру керек дей отыра, ә лемнің жаратылуы теориясында алғ ашқ ы ү ш элементті ажыратты: от тә різді (Кү н, жұ лдыз); су сияқ ты (аспан); жер тә різді (жер, басқ а планеталар т. б. )

Жаң а замандағ ы кө рнекті ойшылдардың бірі – ЛейбницГотфрид Вильгельм (1646-1716 жж. ) неміс философы, математик, физик, тарихшы, заң гер, тілші. Негізгі философиялық шығ армалары: «Метафизика туралы ойтолғ амдар» (1685), «Табиғ аттың жаң а жү йесі» (1695), «Теодицея» (1710), «Монадология» т. б. Лейбниц рационалдылық қ а бағ дарланғ ан 17 ғ асырдағ ы философияны аяқ таушы ретінде бағ аланып, айрық ша, синтетикалық философияны ұ сынады. Математика саласында – дифференциалды есептеуді; физика саласында – энергияның сақ талу заң ын ашып, геологиялық, биологиялық, тарихи зерттеулер жү ргізді. Метафизиканың теология мен математикағ а қ арағ анда дербестігін тұ жырымдап, философтардың тұ жырымдарынан «негізделгендік» пен «ғ ылымилық ты» талап етеді. Оның негізгі бағ ыттары: механикалық материализм, рационалистік ә діс, қ ұ дай мен субстанция туралы ілімге келіп тоғ ысады. Лейбницте материя субстанция емес, ол қ арпайым жә не ұ зақ қ а созылып жатыр, субстания – бө лінбейтін, руханилық жә не бү кіл ә лемді қ ұ райтын, шексіз, ұ мтылушылық қ а ие болатын, бірақ бір-бірімен ә рекеттеспейтін, алдын-ала жарасымдылық қ а негізделген «монадолар» болып табылады. Ал білімнің айқ ындығ ы, қ айшылық сыздығ ы ақ иқ аттың шынайы ө лшемі, бұ ны тексеру ү шін логиканың заң дары жеткілікті жә не айғ ақ тың ақ иқ атын тексеру ү шін «жеткілікті негіздеме» заң ы болуы керектігін ұ сынды да, логиканы дамыта отырып, матемематикалық логиканың қ алыптауына ық пал етті. Сө йтіп, ойлауды формальдандыратын ә мбебап тіл жасауды қ олдады.   

 

4. Ғ ылым философиясы: логикасы, социологиясы, ә діснамасы

 

Ғ ылым – тұ тас кө пқ ырлы кү рделі қ ұ былыс. Ғ ылым – шындық туралы обьективті білімдерді теориялық тұ рғ ыдан жү йелейтін, ө ң дейтін адам қ ызметінің нә тижесі. Ғ ылым адамның ойлау мә дениетіне, шығ армашылық қ абілетіне, интеллектінің шексіз дамуына бағ дарланады. Ғ ылым тек сыртқ ы дү ниені ғ ана емес, ө зіне-ө зі де ү ң іледі: ғ ылым тарихы, логикасы, білім мен ғ ылым социологиясы, ғ ылымтану т. б.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.