|
|||
Педагогикалық тәжірибеПедагогикалық тәжірибе педагогикалық жаңалықтарға сүйенетін, жаңа талаптарға жауап беретін, қандайда бір нәтиже беретін тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық зерттеу логикасы: қойылған міндеттерді шешуге бағытталған, іздестіру қадамдарының мазмұны мен біріктілігі. Проблемалық оқыту Эвристикалық әдістерді пайдалануға негізделген оқытудың бір түрі. Өзінің алдына эвристикалық біліктерді дамыту максатын қояды. Ізденіс үрдісінде тартылып, білім аналитикалық білік белсендіреді. Парадигма Теорияның негізінде жатқан өзіндік кесімді аппаратқа ие және ғалымдар тобымен мойындалған негізгі жағдайлар мен қағидалардың бірігуі. Әрбір парадигма жеткілікті өзгеше және қоғамдық даму фактоларының бағалануы тұрғысынан адамдар тәртібін талдауда, қоғамның әр қырының басымдығын саралағанда өте талғампаз. Сондықтан бірде-бір парадигма қоғамды тұтас қамтушы талдауын бермейді. Өзінің нақты және жеке үлесін қосады. Педагогикалық технология Тәлімдік үдеріс пен оған қатысушылар әрекетінің құрауыш, кезең, күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік козғалысын білдіреді. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі. Педагогикалық жүйе
Адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі болып табылады. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы, 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы. Педагогикалық жағдаят
Тәлімдік үрдіс пен тәлімдік жүйенің өзектесе бір уақытта көрініс беруі. Педагогикалық жағдаятта қайда, қашан, қанша уақыт ішіндегі тәлімгер мен оқушы қатынасын қамтамасыз етуі тиісті барлық тәрбие факторлары табиғи түрде тоғысады. Педагогикалық жағдаят кұрудағы негізгі ережелер: Тұлғаның тек оң қасиеттерін дамыту бағытталуы: тұлғаға ашық аймақ қалдыру арқылы мәселенің кей бөлігін өзінше шешуге мүмкіндік туғызу.
|
|||
|