Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Рефлексия. Рефлексивті іскерлік. Сабақ (урок). Сабақтың тәрбиелік қызметі. Сабақтың білімдік қызметі. дамытушылық қызметі. Сабақ жоспары. Субьект (субьект) (лат.Subgectum -бастауыш, негізде



Рефлексия

педагогтың өзін, өзінің психикалык жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін калай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.

Рефлексивті іскерлік

педагогтың өзіне және өз іс-әрекеттеріне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыратын іскерлік түрі. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.

Сабақ беру:

педагогтың реттелген іс-әрекеті, оқытудың мақсатын жүзеге асыру, тәрбие беру, білімді практикада қолдану

Сабақ (урок)

Мектептегі оқу әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақта мұғалім дәл белгіленген уақытта құрамы тұрақты оқушылармен, сыныппен, қатаң сабақ кестесімен, алуантүрлі әдістерді пайдаланып алдына қойылған дидактикалық міндеттерді шешуге қол жеткізу үшін оқу бағдарламасы талаптарымен анықталған. Әрбір сабақ алдыңғы және кейінгі сабақтармен тығыз байланыста болады. Қандайда бір оқу тақырыбы немесе бүтіндей пән бойынша құрамдас бөлігі болады.

 

Сабақтың тәрбиелік қызметі

оқушының тұлғалық қуатын дамыту мақсатындағы сабақтың мазмұн, әдіс, құралдары

Сабақтың білімдік қызметі

Оқушының білім, білігі, дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

дамытушылық қызметі

Оқушының рухани және психологиялық сапаларын дамытуды көздейді.

Сабақ жоспары

Тәлімдік құрылым элементтері бар сабақтың әдістемелік құрылымының қысқаша мазмұны. Сабақ жопарында сабақтың мақсаты, міндеті, типі, қағидалары мен әдістемелері көрініс табады.

Субьект (субьект) (лат.Subgectum -бастауыш, негіздегі, түпте жатқан)

Нақты пәндік-практикалық әрекет пен танымды, белсенділікті тасымалдаушы.

Сабақтың жабдықталуы

Оқу құралдарын іріктеу мен даярлау, дидактикалық материалды, оқытудың техникалық құралдарын, реактивтерді және т.с.с, сабақ тақырыбына сай және демонстрациялау мен оқушылардың өзіндік жұмысы үшін қажет жабдықтар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.