|
|||
Озық тәжірибе мектебіОзық тәжірибе мектебі Оқу және тәрбие үлгілері тікелей көрсету арқылы озық тәлімдік тәжірибелерді өзгелерге беру мен таратуды көздейді. Озық тәжірибе мектептегі жетекші мүғалімдердің дені өз мамандығы бойынша әдіскерлік қызмет атқарып, тәлімдік кабинеттер және мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында тығыз жұмыс істейді. Оқытудағы білім мен тәжірибенің байланысы Теорияның меңгерген білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқытудагы білім мен тәжірибенің байланысы оқушылардың нақты іс- әрекетке бейімделуге икемдейді. Оқыту оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес. Оқытудағы үлгілеу (Оқытудағы үлгілеу екі тұрғыда колданылады). 1) оқушылар меңгеруі қажет мазмұн ретіндегі үлгілеу. 2) онсыз толық, мәнді оқыту болмайтын оқу әрекеті, құрал ретіндегі үлгілеу. Үлгілеу көмегімен зерттелген күрделіні қарапайымға, көзге көрінбейтінді және сезілмейтінді көрінетінге, сезілетінге, бейтанысты танысқа келтіруге болады, яғни кез келген күрделі обьектіні терең және жан-жақты зерттеуге қол жетерліктей. өзін-өзі белсендіру
Термин екі мағынады қолданылады: 1) өз бетімен болатын білім, түсінік, дағдыны қазіргі талаптарға сәйкестендіруге бағытталған оқу әрекеті. 2) жеке бастың бар мүмкіндіктері мен қабілеттерін оның пәндік әрекетінің нақты нәтижелеріне енгізу үрдісі. Өзін-өзі тәрбиелеу: қоғамның талаптарына сай жақсы салаларды қалыптастырып, жаман қасиеттерді болдырмаудағы адамның максатты әрекеті. Педагогикалық жаңалықтар қоғамның және жеке бастың дамуындағы өзекті сұраныстарға жауап беретін жаңа білім беру жүйелері мен әдістемелері, технологиялары, білім беру бағдармалары. Педагогикалық идеал: жеке бастың бос және гармониялық дамуына немесе жетілген елестеріне сәйкес, кемшіліктері көрсетілмегендінің мінездемелерінің қайта құрылған жүйесі.
|
|||
|