|
|||
Оқыту іс-әрекеті. диагностикасы. Оқытудағы дедукция. Оқытудың жүйелілігі. Оқытудың ғылымилығыОқыту іс-әрекеті бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, олардың танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі. Оқыту Оқыту үрдісінде оқушыларға білім, білік, дағдылар жиынтығын хабарлауға бағытталған оқытушының арнайы қызметі. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру және білімді меңгеруінің оқу әрекеттерін орындауының сапасын реттеу, бақылау, оқыту нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады. Оқыту диагностикасы Қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту және олардың жұмысы режимінің бұзылуының алдын-алу жолдарын айқындау Оқытудағы дедукция Жалпы білім негізінде нәрсе туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой тұжырымдарын оқытуда пайдалану. Мұнда оқу материалына сәйкес логикалық үрдіс және мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып соларды сол басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. Бұл тұрғыда оқытудағы дедукция жалпының жекеге қатынасының бір формасы болып табылады. Оқулық Ғылыми білім негізін мазмұндайтын кітап, белгілі бір оқу пәні бойынша оқубағдарламасына сәйкес және оқыту мақсатына арналған. Оқытудың жүйелілігі Оқу материалын мазмұндау зерттелетін ғылымның ішкі логикасына сәйкес келуін, сонымен бірге оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне жауап беруін талап ететін дидактикалық қағида. Оқытудың ғылымилығы Нақты ғылыми білімдер беріп, дүниеге көзқарасты қалыптастыратын дидактикалық қағидаладың бірі. Оқытудың ғылымилығы мазмұнына тек айқын ғылыми фактілер мен ақиқаттар алынады. Екі ұшты ойларға жол бермейді.
|
|||
|