Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аттракция. Анафора. Білім беру философиясы. Білік (умение). Білім беру. Білім беру. Білім беру. Білім беру. Білім беру



Аттракция

(латын тілінен аttractic - тартылыс-педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу қабілеттілігі.

Анафора

бір сөздің бірнеше жол т.б. басында қайталануы. Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған.

Іс-әрекет:

адамның өзіңің қажеттілігіне жәнеқызығушылығына бағытталған адамның іс-әрекетінің жиынтығы.

Білім:

объективті шындықтың құбылыстары, заттар туралы түсініктері мен елестері, алынған мәліметтер жиынтығы.

Білім беру философиясы

мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады

Білік (умение)

оқушының өмірдегі тәжірибесі мен меңгерген білімі негізінде тез, саналы орындалатын практикалық-теориялық әрекеттерге даярлығы. Жетіле, автоматтандырыла келе білік дағдыға айналады. Біліктің негізгі белгілері: икемділік, тұрақтылық, беріктілік, шынайы жағдайлар мен міндеттерге барынша жақындау.

Білім беру

білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.

Білім беру

процесс ретінде бүл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі, яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқуы арқылы жүзеге асады.

Білім беру

нәтиже ретінде ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі.

Білім беру

жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.

Білім беру

ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалыптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.

Білім берудің дағдарысы:

қызмет етудің қиындауы, тұрақтылықтың бұзылуы және дұрыс дамудың бұзылуы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының дағдарысы. Бұл қоғамның және білім берудің жаңа сатысына өтудің кезеңі болуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.