|
|||
Сабак кестесі. Тәрбиелеу іс-әрекеті. лгерімСұрау Сұрақ-жауап формасында жүргізілетін білімді тексерудің құрамдас бөлігі. Мақсатты бақылау, өткен материалды бекіту, жаңа білімді қабылдауға даярлық, оқу үрдісін тұтасымен белсендендіру. Сұрау кезінде мұғалім оқушылар білімінің бағасын бірқалыпты жинақтау міндетін басшылыққа алады. Сонымен қатар ынталылар мен жеткілікті даярланбағандарды жұмысқа қосуға, ынтасын оятуға түрткі, жетекші болады. Сабак кестесі Сыныптағы оқу аптасының әр күніндегі оқу сабақтарының бірізділігін қамтамасыз етуді мақсат еткен нақтыланған оқу жоспары. Дұрыс құрылған сабақ кестесі оқушылардың оқу жүктемесінің бірқалыпты бөлінуіне, олардың ақыл- ой еңбегімен шұғылдануына қолайлы жағдай жасайтын педагогикалық құжат Тұжырымдама: ғылыми ізденуге қызмет ететін теориялық жағдайлардың жүйесі. Тәрбиелеу: бұл жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибелі, моральды дүниетанымды, еңбек мәдениеті мен мінез-кұлықтарын беру іс-әрекеті. Тәрбиелеу іс-әрекеті бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. ¥ғым Рационалды танымның бір түрі. Мәнді нәрсенің сөзбен негізделген ең сирек кездесетін құбылыста бейнеленуі. Ол адамға ғана тән ойлау элементі және ойдың қарапайым формасы ретіндегі психикалық құбылыс Үлгерім Оқу бағдарламасымен белгіленген білім, біліқ, дағдыны олардың тереңдігі, саналылығы, толықтығы мен беріктілігі тұрғысынан меңгеру дәрежесі. Сыртқы бейнеленуі балдық бағалаумен көрсетіледі. Бағалардың жекелеген пәндер бойынша салыстырмалы мәліметтер әрбір оқу пәні, пәндер циклі, сыныпта немесе мектеп бойынша үлгерімді көрсетеді. Оқушылардың жоғары үлгеріміне дидактикалық әдістер мен құралдардың жүйесі, сондай-ақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы қол жеткізуге болады.
|
|||
|