Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Эссе тақырыптары. ГЛОССАРИЙ



Эссе тақырыптары

1.Білім беру – құндылық ретінде, жүйе ретінде, іс-әрекет және процесс ретінде дегенді түсіндіріңіз.

2. Мұғалім тәрбие мен білім беру саласында атқаратынын рөлін нақты мысалдар арқылы көрсетіңіз.

3. 12 жылдық жалпы орта білім беру бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптарды талдаңыз.

4. Қазіргі шетел тілі мұғалімінің бейнесі, оны кәсіби маңызды сапысы және біліктілігі.

5. Мектептегі оқу пәні ретінде “шетел тілінің ” ерекшелігі.

6. Педагог-шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуы.

 

ГЛОССАРИЙ

Адамды қалыптастыру процесі – біздің қоғамымыздың осы міндетті шешу үшін жасаған барлық жағдайлардың бірлігімен анықталады;

Адамның әлеуметтік пісіп-жетілуі – жауапкершілікті, шыдамдылықты, өзін-өзі дамытуды сипаттайды.

Акселерация– биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, радиотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзгеруі Әлеуметтік ортаадамның айналасы(қоғамдық, материалдық, рухани) тіршілік ету жағдайы,іс-әрекеті, қалыптасуы.

 Азаматтық болмыс дегеніміз – адамдар ұрпағының еңбегі және жасампаз ұмтылысынан туындайтын қоғамдық тәжірибе.  

Ауызша насихат – бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік қабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы мәслихаттарда озат мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады.

Әдістер– мұғалім мен оқушының мазмұнды қабылдауға арналған іс-әрекеттері.

Әлеуметтік-психологиялық климат – ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қарым-қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді.

Бакалавр, магистр – жоғары кәсіптік білімнің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже мен біліктілік.

Біліктілік – бітірушінің білімі туралы құжатында көрсетілген кәсіптік қызметті орындауға немесе білімін жалғастыруға деген кәсіби даярлығының түрі мен дәрежесі.

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.

Білім беру– бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру негізінде жеке тұлғаның дүниеге көзқарасын, адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. 

Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау– олардың тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы міндетті стандартын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатымен жүргізілетін, нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (куәлік, аттестат, қызмет куәлігі, диплом) берілетін рәсім.

Білім беру ұйымдарын аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінде олар көрсететін білім беру қызметінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.

Гимназиянегізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін жалпы орта білім беретін оқу орны.

Дағды– бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру.

Даралықтүсінігі бір адамды екіншісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды.

Девианттық мінез-құлық – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы.

Демократиялық стиль – бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарлармен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіреді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдерді қабылдайды.

Дистанциялық (алыстан) оқыту – оқыту нысандарының бірі, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және әдістемелі түрде ұйымдастырылған басшылық жасау.

Емтихан– оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор.

Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу процесі.

 Жеке тұлға даралығы– индивид тұлғасының және психологиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдық саласынан, қабілеттерінен көрініс береді.

Зерттеу әдісі – зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.

Қабылдау– адамға тікелей әсер ететін заттардың, құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі.

 Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Кәсіп - адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.

Кәсіптік білім– маманның біліктілік сипаттамасы мен міндетті талаптарына сәйкес кәсіптік білім, іскерлік және дағдыларды игеруге бағытталған құрылу, қалыптасу және даму процесі.

Кәсіптік мектеп – жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны.

Классификатор (жіктеме) – бұл бастауыш және орта кәсіптік білімнің кәсіптер мен мамандықтарының (кәсіптер мен мамандықтардың тектес топтары бойынша жіктелген дайындық бағыттарының) жүйеленген тізімі.

Конференция – кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.

Қозғаушы күшдеп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады.

Қосымша білім беру– азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі.

Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Лабораториялық эксперимент– педагогикалық құбылысты бақылау жасанды жағдайда ұжымнан бір немесе бірнеше оқушыларды бөліп алып жүргізілетін эксперимент.

Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілген тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.

Мамандық – білім туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір қызмет түрі үшін қажетті, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжірибесі арқылы алынған білім, шеберлік және дағдылар кешені.

Мектептегі білім мазмұны– оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте берілетін білім, білік дағдылар жүйесі.

Мектептен тыс мекемелер – балаға қосымша білім мен тәрбиені қамтамасыз ететін орта білім жүйесі.

Меланхолик – эмоциялық қызуы шабан, күшті, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады.

Мемлекеттік білім беру мекемесі – Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес құрылатын білім беру мекемесі.

Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман. Ол адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін маман иесі.

Нәтижелік – қойылған мақсатқа байланысты қол жеткен жетістіктердің әсерлілігін және сапасын көрсету.

Ғылым әдіснамасыбұл – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау, идеялар жиынтығы.

Ойлау – талдау (анализ), жинақтау (синтез), дерексіздендіру (абстракция), жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

Оқу – алдын ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырады.

Оқушылардың бірлестігі – ұжымдық еңбек әрекеті барысында – қарым-қатынасты қолданудың шарты болады;

Оқушылардың танымдық белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеруге және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

Оқыту - ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, ақыл-ой қаблеті мен танымдық қызығушылығын дамытуға білім, біліктілік, дағды жүйесін саналы берік меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің екі жақты процесі.

Оқыту – білім алудың маңызды жолы, ол оқушыларды біліммен, іскерлік және дағдымен қаруландырып, олардың санасы мен мінез-құлқына әсер ететін педагогикалық процесс.

Оқыту әдістері оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Оқыту құралы – бұл материалдық немесе нақты нысана, оқушылар мен оқытушының арасында білімді игеру үшін пайдаланады.

Оқыту принциптері – оқу жұмыстарының формасы мен әдістерін оқу мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес ұйымдастырудың мазмұнын анықтайтын бастапқы ереже.

Оқыту процесі –мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.

Оқыту тәсілі – бұл әдістердің құрамдас бөлігі: әрекет, нақты қадам.

Оқытуды ұйымдастыру формалары–оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіппен, белгілі режимде өтілетін іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.

Оперативтік міндеттер бұл іс-әрекеттерін тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен дереу шешу.

Орта білім – тұтас үздіксіз білім жүйесінің базалық звеносы ретінде қарастырылады.

Өздігінен білім алу– бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы, адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, білімін жетілдіруі.

Өздігінен білімін жетілдіру – бұл өзін-өзі дамытуға бағытталған ұрпақтар тәжірибесін меңгерудегі ұйымдастыру жүйесі.

Өзін-өзі оқыту – бұл адамның ұрпақтар тәжірибесін қабылдау процесіндегі таңдаған құралдары.

Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.

Пәндік үйірме сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда қолайлы жағдай туғызып отырады.

Педагогика– жас ұрпақ пен ересектерге жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарын анықтайтын ғылым.

Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі, тәрбиелік іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.

Педагогикалық іс-әрекет – білім беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері: сұрақ, анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау, т.б. (жылдам, әрі көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып қойылған мәселені анықтау).

Педагогикалық әдеп кең мағынада - педагогикалық процесте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде, жеке адаммен, не коллективпен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа.

Педагогикалық әдепсыпайылық білдіру ғана емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділік пен іскерліктің жиынтығы.

Педагогикалық бақылаубелгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі (оқушылардың зейінділігін, белсенділігін, т.б. бақылау).

Педагогикалық ереже – жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.

Педагогикалық кеңес– бұл мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы, мұғалімдердің педагогикалық ұжымдық орталығы.

Педагогикалық қарым-қатынас адамдардың қоғамдыққарым-қатынастарды жүзеге асыру барысында бір-бірінің санасына ықпал ету іс-әрекеттері арқылы олардың жүріс-тұрысын өзгерту және үйлестіру мақсатына бағытталады.

Педагогикалық қарым-қатынас стилі– мұғалім мен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі – дербес- психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз.

Педагогикалық менеджмент – оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, формалары, технологиясы.

Педагогикалық процесс – оқытушылар мен оқушылардың білім алу мақсатына қарай бірге қадам басқан іс-әрекеті.

Педагогикалық процестің диагностикасы– педагогикалық процесс өтетін жағдайлар мен шарттарды анықтауға бағытталған зерттеу процедурасы.

Педагогикалық технология педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған педагогтың ретті, өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесі.

Педагогикалық шеберлік - үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Педагогикалық шығармашылық– бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс мәселелерін шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру.

Педагогикалық эксперимент– нақты жағдайды еске алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибе (зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті);

Проблемалық оқыту бұл ғылым негіздерін оқып-білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.

Рейтинг – ағылшын тілінде «to rate»– «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.

Сабақ – мұғалімнің талапқа сай тиянақты сабақ кестесі бойынша тұрақты оқушылар құрамы мен мұғалімнің жүргізген оқытуды ұйымдастыру формасы.

Сабақтардың жіктелуі (классификациясы) – сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.

Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.

Семинар сабағы оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.

Сендіру– бір адамның екінші адамға немесе ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады.

Стандарттау – педагогика ғылымы мен кәсіптік білім саласында, қызығушылығы ортақ барлық жақтардың қатысуымен оқытудың, үйретудің, тәрбиелеудің және оны дамытудың қайталанып келетін міндеттерін шешу мақсатында іс-әрекеттердің реттелген тәртібінің белгіленуі және қолданылуы.

Сынақ – жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділігін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.

Сынып барлық оқушылар өздерінің жас шамасына қарай, білім дәрежесіне сәйкес топтастырылады.

Табиғи эксперимент – педагогикалық процесті зерттеу үшін бүкіл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу-тәрбие процесін бұзбай әдеттегі жағдайларда жүргізіледі (м., саяхат т.б.).

Тәрбие дегеніміз қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға қоғамдық тәжірибені меңгерту үшін және оны белсенді іс-әрекетке ынталандыруда мақсатты және саналы түрде педагогикалық процесті ұйымдастыру.

Тәрбие беру– аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі.

Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Тәрбие құралдары– арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.

Тәрбие принциптері – тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің, мазмұнына, әдістеріне, оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері, алғы шарты .

Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.

Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды:

Тест– оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы.

Типтік оқу жоспары- білім министрлігінде жасалынып бекітіледі, барлық мектептерге ортақ, ал оқу жоспары мектептің түрлеріне орай жасалынады.

Түйсік - сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуі.

Ұғымдар (категориялар)– объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы, санамыздың сатылары.

Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғыну, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару.

Факультативтік жұмысоқушылардың сұранысы және қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылып, оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді.

Флегматик– эмоциялық қозуы әлсіз, байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.

Халықтық педагогика– ұлттық мәдени мұралары мен тәлім-тәрбиесі негізінде қоғамдық сананы қалыптастыру мәселелерін зерттейтін, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім

Холерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, тұрақты болады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді.

Шағын жинақталған мектеп – сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны (формасы) бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп.

Іс-әрекеттер– оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы, бірге жұмыс істеуі.

Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылады.

Элитарлық білім – ерекше дарынды азаматтар үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.

 

Анкеталау:

психология мен педагогикадағы зерттеу әдісінің әртүрлілігі, берілген сұраққа жазба түрінде жауап беріп, көзқарастары мен тенденцияларын анықтау.

Ақпараттық іскерлік -

оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.