Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





«Құлыным менің» – 2 7 страница



Осы кезде барабандата автоматын кезенген фашистер легі жақындайды. Бұларға қарсы жақтан қара жамылған әйелдер қарсы шығады. «Топан» күйі ойналады.


ТӨрТІНШІ КӨрІНІС

 

Орман. Партизандар. Отряд командирі Примак пен анна Ивановна әңгімелесіп отыр. Бөрене бөлменің ішінде парти- зандардың керек-жарақтары.

 

а н н а И в а н о в н а: ...Сіздің пікіріңізге толық қосы- ламын, деп айта алмаймын, жолдас капитан. Бала – біздің болашағымыз. Ендеше, оларды қалайда сақтауымыз керек. Сайып келгенде, Отанды қорғау дегеніміз – баланы қорғау ғой.

П р и м а к: Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел қамын жер азамат екенін түсінбейді дейсіз бе, анна Ивановна. Сондықтан да біздің міндетіміз партизан отрядындағы екі-үш баланың қамын жеу емес, сонау тылда жатқан миллиондаған сәбидің өміріне қауіп-қатер төндірмеу. Серік пен Борис естияр балалар, өздері де түсінеді.

а н н а И в а н о в н а: Еліктеу арқылы ерлікті аңсайтын романтиканың әсерінен арылып болған жоқ.

П р и м а к: (темекі тұтатып) Жо-жоқ, олай ойламаңыз. Олар не істесе де ақылмен, санамен істейтін ересек балалар. адамды есейтетін уақыт емес, уақиға... Көзіңді жұмып көлге секірер әумесерліктен гөрі, Отан мүддесін шын түсінген өжет жігіттер...

а н н а И в а н о в н а: (мырс етіп күліп) Өжет жігіттер, дедіңіз-ау... Қалай десеңіз де, бұл тапсырмаға жібере алмаймын, қинамаңыз. Сережа, Серікті айтамын, шешесінің өлімін өз көзімен көрген жетім... Әкесінің қайда жүргенін де білмейді. Қазақстанға он екі мүшесін сау, аман-есен жеткізу аруақ алдындағы борышым. Тіпті, өз ұлым Бористі жалғыз жіберсем де, Серікті мұндай қауіпті сапарға қия алмаймын... мен – анамын.

П р и м а к: (ойланып, әрі-бері жүреді) Да-а, сіз мұндай тәуекелге барады деп ойлаған жоқ едім... Бұл кез келген ананың қолынан келмес те. (Паузадан соң). Бірақ, сіз баланың ғана емес, бүкіл балалардың, тіпті бүкіл адамзаттың анасы екеніңізді ұмытпаңыз.


а н н а И в а н о в н а: ауырлау айттыңыз... Бұл тапсырмаға Бористің жалғыз өзін жіберейін деген пікірімнен айнымай- мын. Біріншіден, Боряның жасы сәл де болса үлкен, ақыл тоқтатқан, екіншіден, Серік – қоңыраулы бала, Украина орман- ында қара бала қайдан жүр деп немістер күдік алады.

П р и м а к: мұныңыз жөн, анна Ивановна. мені қайран қалдырып тұрған – қазақтың ұлын өз балаңызды құрмалдыққа шала қорғағаныңыз.

а н н а И в а н о в н а: «Бүкіл Отанымыздың анасы» – деп асыра бағаламадыңыз ба. Олай болса, жер бетіндегі бала- ның ана үшін ақ, қарасы, ұлты жоқ, бәрі бірдей. Бористің шешесі – тірі, ал Серік болса – жетім.

П о п о в: Үлкен жүректі адам екенсіз, анна Ивановна. Сіздей жар тапқан полк комиссары Савченко жолдастан бақыт- ты жан жоқ шығар.

а н н а И в а н о в н а: (күліп) Қызғанасыз ба? П о п о в: Жоқ. Қызығамын.

а н н а И в а н о в н а: Вокзал басынан Тамараны көрдім.

Бұрынғыдан ары сұлуланып кетіпті...

П о п о в: (күрсініп) Ескі жараның аузын тырнап қайтесіз. адам қателесем десе, адасам десе, қас пен көздің арасында... мен одан бұдан үш жыл бұрын айрылысып кеткенмін... Түрмеде өлген әкесінің өлімін менен көреді. Туыстарының жат мінез, арам пиғылынан көрмейді. Юхно селосындағы әке- шешемді неміс фашистері азаптап өлтіріпті. Тегі Тамара айтып қойса керек. Әйтпесе, Чапаев партизан құрамасы командирінің семьясы екенін қайдан біледі...

а н н а И в а н о в н а: (сасқалақтап) ...кешіріңіз...

П р и м а к: (шұғыл бұрылып) Бористі шақыртайық,

(дауыстап) партизан Борис Савченко, мұнда келіңіз!

Борис кіреді.

 

Б о р и с: (қолын шекесіне апарып). Партизан Савченко сіз- дің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр, жолдас капитан!

П р и м а к: Отставить! Отырыңыз. (Бала шешесіне жау- таңдап қарап, қасына отырады). Сізді жауапты тапсырмаға жұмсамақпыз.


Б о р и с: (қарғып тұрып) Бұйрығыңызды орындауға дайынмын! Бірақ... (Желкесін қасиды).

П о п о в: Не бірақ...

Б о р и с: Бірақ... мен жалғыз барамын ба? П о п о в: Немене, қорқасың ба?

Б о р и с: (қайта тікейіп). Қорықпаймын, жолдас капитан! мұндай жауапты тапсырманы Серік екеуміз бірігіп атқаруға дайындалып едік.

а н н а И в а н о в н а: Серікті дәл осы жолы жіберуге болмайды, Боря.

Б о р и с: ренжиді ғой.

П р и м а к: Бұл жер балабақша емес, партизандар отряды. Сондықтан да, қандай тапсырманы еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бұлжытпай орындауы керек. Серік сен келгенше аттарды баға тұрады... ал, сенің міндетің – (ойлана жүріп) Подольск қаласына барып, жалпы жағдайды болжау... Ондағы астыртын ұйымға бізден алғашқы хабарды жеткізу... Бізге керегі жау әскерінің қаладағы саны, қару-жарақ мөлшері. Көпір арқылы өтіп, күзеттің күшін байқайсың. Әсіресе, темір жол мен вокзалды тексер... Шығысқа қарай қандай жүк тасымалдап жатқанын анықтау керек. Қалғанын анна Ивановна айтар.

а н н а И в а н о в н а: Кел, жаныма отыр, Боря. (Құшақтап сүйеді).

Б о р и с: мама, мен кішкентай бала емеспін ғой.

а н н а И в а н о в н а: Кішкентай ғана жауынгерім менің... Сен қалаға барған соң, көшеде бостан-бос қаңғи берме... мына адреспен анатолий деген кісіні тауып ал. (Қағаз ұсынады).

П р и м а к: (сөзін бөліп). адресті жадыңа сақта да, қағазды жыртып таста.

а н н а И в а н о в н а: анатолий екеуміз Виница педагоги- калық институтында бірге оқығанбыз. Қызыл армия қаладан шегінер алдында көргемін, астыртын ұйымға қалдырыпты. мұндағы жағдайды анықтап айтарсың.

П р и м а к: (сөзін бөліп) Байланыс керек де, байланыс...

Бет-бетімізбен лақпай, бірігіп қимылдағанымыз жөн.


а н н а И в а н о в н а: ал, жолың болсын, ұлым! Сақ бол.

Өз бетіңше еш нәрсе істеме.

П р и м а к: Қаладағы астыртын ұйым мен партизандар арасындағы алғашқы байланысшы өзіңсің. маңдайыңдағы қызыл шүберекті, қолыңдағы қаруыңды тапсыр.

 

Борис қызыл шүберекті шешіп, мылтығын да қоса столға қояды.

 

а н н а И в а н о в н а: Ендігі қаруың – сақтық, ұлым... П р и м а к: (иығынан қағып) Орындаңыз!

а н н а И в а н о в н а: (құшақтап) аман орал мені жылатпай, балам. Онсыз да жасым аз төгілген жоқ...

П р и м а к: анна Ивановна... мұныңыз әлсіздік қой...

 

Борис сарт-сұрт шыға жөнеледі. Оны есік көзінде Серік аңдып тұрады.

 

С е р і к: Сен қайда барасың? мылтығың қайда?

Б о р и с: (қашқалақтап). Жай әншейін... тәртіп бұздың деп, алып қалды...

С е р і к: Жоқ-жоқ, сен, қу, бір нәрсені жасырып тұрсың.

«Өлсек те, бірге өлеміз», – деп анттасқанымыз қайда? Сені бұдан былай дос, туыс деп санамаймын... (Қолын сілтеп). Әй, сендерге сеніп жүрген мен ақымақпын...

Бұрылып жүре береді.

 

Б о р и с: (соңынан ере). Серік, Сережа деймін, тоқта- шы... Жүрші былайырақ, (жеңінен тартып) ел көзінен жасы- рынайық.

 

Жарық сөніп, қайта жанғанда ағаштың түбінде әңгімелесіп отырған екі баланы көреміз. Құстың сайрағаны естіледі.

 

С е р і к: Құлағым сенде, айта бер.

Б о р и с: (оның мойнынан құшақтап). Өкпелеп қалдың ба?

Біз ағайын адамдармыз ғой.


С е р і к: (ағаш басына қарап, күрсіне). Әй, қайдам:

«Орыспен жолдас болсаң, балтаң беліңде болсын», – деуші еді біздің ауылда бір шал.

Б о р и с: Сенің ол шалың оттайды. адамның әкесінен жасыратын сыры болады. (Өкпелі пішінде).

С е р і к: (қытықтап) айтасың ба, жоқ па?..

Б о р и с: (сықылықтап күліп) Қой деймін, ішегімді үзіп өлтіресің... Қытығым қатты.

С е р і к: айтасың ба, жоқ па?

Б о р и с: (зәрезап болып) айтайын, айтайын, ойбай, қоя берші. (Орнынан тұрып). Давай, күреселік, егер мені жықсаң

– ертемін, ал, жыға алмасаң – осы жерден тұп-тура кері қайтасың.

С е р і к: Ә, ә, алдадың ба? Сен менен үлкенсің, сондықтан ондай шартқа келісе алмаймын.

Б о р и с: Ендеше, құпия тапсырмаға сені апара алмаймын.

 

Серік сәл ойланып отырады. Содан соң алақанына түкіріп атып тұрады.

 

С е р і к: Күш атасын танымас, кел!

 

Екеуі белдесе кетеді. Бірін-бірі аңдып, тәсіл қолданбай жүреді. Борис жата қалып қарсыласын басынан асыра лақтырады. Бірақ, Серік одан бұрын тұрып кетеді.

 

Б о р и с: Болды, болды, сен жығылдың.

С е р і к: (шаңқылдап) Өтірік соқпа. Қазақтар бұлай күреспейді. мықты болсаң, жауырынымды жерге тигіз. Кеудемнен басып отыр. Орысша лақтыруды мен де білемін.

Б о р и с: Ой, су мұрын, ежіреңдеп болмадың ғой. Тек бақырып жылап жүрме, жау естіп қалады.

С е р і к: (шірене мықынын таянып). Кімнің жылайтынын көреміз. Жауырынды жерге тигізу деген, міне осылай... Құпия тапсырмаға кімді жіберу керегін көрсетейін...

Б о р и с: Қоя бер деймін! (Қызарақтап). Это не честно, сенің күрестен разрядың бар екен...


С е р і к: (күліп) Қайдағы разряд. атам үйреткен.

 

Қатарласа отырады. Осы кезде балалардың алыс-жұлысын бағанадан бағып тұрған Неміс солдатын көреміз.

 

Б о р и с: Серік, мен қалаға кетіп барамын... ал, сені ертудің ешбір қисыны жоқ.

С е р і к: Неге?

Б о р и с: Сенің бұл қаланың, тіпті бұл елдің баласы емес екеніңді бірден біледі.

С е р і к: Өйткені мен қарамын ғой...

Б о р и с: (құшақтап) ренжіме, бауырым, бұйрық солай... С е р і к: (итеріп) Кетші ары, өтірік жабыспай.

Б о р и с: Егер өз еркімде болса, қазір-ақ ертіп кетер едім.

Ештеңеден қорықпайсың, күштісің, ептісің, амал не...

С е р і к: (жер шұқып) Жылағым келіп отыр. мамамның кегін қайтарайын деп едім...

Б о р и с: (қамданып) ал, мен аттанайын.

 

Тұра берген кезде Неміс солдаты арқасынан теуіп құла- тады.

 

Н е м і с с о л д а т ы: Хендо хок! лежать! (Серік жатады. Ал, Борис тізерлеп отырады. Неміс солдаты автоматын кезенген күйі, талтайып тұр. Өз тілінде әлденені былдырлап айтады. Борис ұқпадым дегендей басын шайқайды. Серік жау солдатының тура аяқ жағында солқылдап жылап жатыр). азият... трус... (Аяғымен түртеді). Партизан...

Борис                        басын                         шайқайды. Б о р и с: Партизан емеспіз. Көрші деревняның балаларымыз.

Саңырауқұлақ теріп жүрміз, адасып кеттік.

 

Н е м і с с о л д а т ы: Корзинка где?.. Корзинка? Солдаттың тура аяқ жағында жатқан Серік Борисқа ымдап,

көзін қысады.


Б о р и с: менде аусвайс бар. (Орнынан тұрады). ал корзинка әне, ағаштың түбінде. Неміс солдаты солай қарай жүре бергенде жерде жатқан Серік аяғынан шалып құлатады. Қолындағы автомат ұшып кетеді. Борис автоматты тез ала қояды. (Автоматты кезеніп). Хендо хок! лежать! Орныңнан тырп етпе. (Серік белбеуін шешіп, солдаттың қолын артына қайырып байлайды). Көзін де байла!

С е р і к: Немен таңамын?

Б о р и с: Көйлегіңді шешіп.

 

Серік көйлегін шешіп солдаттың көзін байлайды.

 

С е р і к: (тепкілеп) азияттың қандай боларын көрсетейін саған... мамамды өлтірген осы қанішерлер. Боря, автоматты бер, (ұмтылады) автоматты бер деймін, мамамның кегін аламын...

Б о р и с: (бермей) Отрядқа тірідей апарамыз. Сен неге жыладың?

С е р і к: (ыржия күліп) маскировка. Жаны ашып, мән бермесін деп жыладым.

Б о р и с: Бәсе, аяғының астында бұратылып жатқаныңнан- ақ сезіп едім. молодец! Қу екенсің. (Жау солдатын алдарына салып айдай жөнеледі). Шнель! Быстро шнель!

С е р і к: (еліре қуанып) Боря, бізге батыр атағын берсе қайтеміз. Соғыс бітіп, мектепке барғанда балалардың көзін қызықтырар едік. мұғалімдер қорыққанынан бес қояр еді. Әсіресе, математикадан сабақ беретін ағайды бір шошытсам.

Б о р и с: Жаудың жалғыз солдатын қолға түсіргеніміз үшін батыр атағын бермейді. Гитлердің өзін ұстасақ, бір сәрі.

С е р і к: Шіркін-ай, сол итті қақпанға түсірер ме еді... (Сүрініп жүре алмаған солдаттың қолынан жетелейді). Шнель! атаңа нәлет, шнель! Шу, көк өгізім, шу!


Екінші бөлім

БІрІНШІ КӨрІНІС

 

Партизандар мекені. Штаб бөлімі. Примак пен анна Ивановна отыр. Есіктен жау солдатын жетелеп, екі бала кіреді. Олар аңтарыла қарайды.

 

Б о р и с: (честь беріп) Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас ко- мандир!

П р и м а к: (таңырқай) ау, сен әлі кеткен жоқ па едің?

Б о р и с: Кетуге жағдай көтермеді, жолдас командир. Орман арасынан жаудың барлаушы солдатын ұстап алдық.

С е р і к: Тіміскілеп партизандар отрядын аңдып жүр екен. П р и м а к: Ең әуелі өзіңе тапсырған бұйрықты орындау керек, жолдас Савченко! Бұл не деген масқара! Баланың

ісі – шала деген осы да. Серік қайдан қосылды саған?

 

Борис ұнжырғасы түсе төмен қарайды.

С е р і к: (оған сыбырлап) ал керек болса, батыр болғыш бала...

П р и м а к: Жо-жоқ, мен сені қалаға жібере алмайды екенмін. анна Ивановна, мына сұмырай не іздеп жүр екен, сөйлесіңізші.

 

Неміс солдатының көзін таңған көйлекті шешеді.

С е р і к: Жолдас, командир, көйлегімді беріңізші, маса талап тастады.

П р и м а к: (күліп) Әй, бала-батырлар-ай, сендерге не дауа...

 

анна солдатпен жеке сөйлесе бастайды.

Б о р и с: Жолдас, командир, кешіріңіз... Немісті ұстаған қателігімді мойындаймын... бұйрықты орындауға рұқсат етіңіз.

П р и м а к: Жалғыз бармайсың. Саған сенуге болмайды екен.


С е р і к: Ендеше, мені қосыңыз.

а н н а И в а н о в н а: Егер шын айтса, мына солдат біраз жаңа деректер берді. Жау партизандар мекенін байқап қалған секілді. Қоршауға алып, құртып жіберудің жоспарын жасап жатқан көрінеді.

П р и м а к: мекенжайымызды ауыстырмасақ болмас... Орнымызды сипап қалсын. Тездетіп көшу керек! ал, қала- дағы жасырын ұйыммен қалай да байланыс жасаған жөн. Екі күшті біріктіргенде ғана менменсіген фашистерді іштен шала аламыз.

а н н а И в а н о в н а: маған бір ой келіп отыр. П р и м а к: айтыңыз.

а н н а И в а н о в н а: Иван Кузьмич, қалаға екі ұлды ертіп, мен барсам қайтеді?

П р и м а к: (ойланып)... Қисынсыздау секілді. Борис өз ұлыңыз, ал, Серікті кім дейсіз?

а н н а И в а н о в н а: Серік те өз балам.

П р и м а к: Қызықсыз-ау, анна Ивановна: артық айтсам, кешіріңіз, қалайша бірі – ақ, екіншісі – қара бала таба аласыз.

а н н а И в а н о в н а: ағы – алғашқы күйеуімнен, қарасы

– соңғы күйеуімнен.

П р и м а к: (күліп) Оған кім сене қояр екен... Европа мен азияны қосақтап жар еткеніңіз, бәлкім, артықтау болар.

а н н а И в а н о в н а: (қабағын түйе) Иван Кузьмич, егер Отан қажет деп тапса, африканы да қамтуға болар.

П р и м а к: Көңіліңізге ауыр алып қалмадыңыз ба... Әзіл ғой... айып етпеңіз. Д-а-а, өкінішке орай бұдан басқа амалымыз да жоқ. аса қауіпті, бірақ аса қажетті жолды таңдап тұрсыз. амал не, аттанасыз да... Өте ұқыпты дайындалыңыздар. Документ жағын реттейміз. Қаладағы астыртын ұйыммен байланыс жасаған соң, екі балаңызды ертіп, бізге қайта қосыласыз. мұндағы тілмаш өзіңіз ғана... Әсіресе, анау Серікті жұрт көзіне көп көрсетуге болмас... Сіздің орныңызға басқа адам жіберуді ойластырамыз, отрядтың қай жаққа көшкенін сол кісі хабарлайды. айтпақшы, сіз қалада кімнің үйіне тоқтайсыз? адресіңізді біліп қалалық.


а н н а И в а н о в н а: Онда Виница пединститутында бірге оқыған курстасымның үйі бар деп едім-ау. Вокзалдан онша алыс емес. Бағана Бориске де сол үйдің адресін бергенмін. Жазып алыңыз.

 

Сахна қараңғылана береді. Жарық қайта жанғанда анна Ивановна, Борис, Серіктерді көреміз.

 

Н е м і с с о л д а т ы: аусвайс! Документ! Давайте документ.

а н н а И в а н о в н а: (рұқсат қағазды көрсетіп) Біздің аусвайстан мін таба алмайсыз.

Н е м і с с о л д а т ы: (таңырқап) Неміс тілін қайдан білесіз?

а н н а И в а н о в н а: мен – мұғаліммін. мамандығым неміс тілін орыстарға үйрету. Жеңімпаз ұлттың тілін білуді өзіме бақыт санаймын.

Н е м і с с о л д а т ы: Гут, гут! Тамаша профессия. Қайда келеді, қайда барады?

а н н а И в а н о в н а: Деревнядағы ауру әкеме барып едім.

Енді қаладағы үйімізге қайтып келеміз.

Н е м і с с о л д а т ы: Орманда жүрген партизандар көз- деріңе түспеді ме?

Б о р и с: Жоқ. Көрген жоқпыз! анна оны түртіп қалады.

Н е м і с с о л д а т ы: мынау не деп тұр?

а н н а И в а н о в н а: Капут партизандар дейді. Б о р и с: (басын изектеп) Да, капут, капут...

Н е м і с с о л д а т ы: Боссыздар. (Олар жүре бергенде, Серікті жаңа байқағандай). Тоқтаңыздар! Әй, балақай, сен жағыңды неге таңып алғансың?

а н н а И в а н о в н а: (қалқалай). Тісі ауырады.

Неміс солдаты. Серіктің бетіндегі орамалды жұлып алады. Н е м і с с о л д а т ы: (ысқырып). мына күшік азият қой!

Қытай ма? Украинада қайдан жүр?


а н н а И в а н о в н а: Бұл – менің кіші ұлым.

 

Солдат қарқылдап күледі.

Н е м і с с о л д а т ы: Сөзіңізге болайын. Сүйкімді-ақ келіншексіз, өтірік айтасыз. Сонда қалай, фрау, бірі – сары, бірі

– қара баланы бір еркектен таптыңыз ба...

а н н а И в а н о в н а: Екінші күйеуім – азият еді.

Н е м і с с о л д а т ы: (басын шайқап) аса қызық екен. Жап- жассыз, қалай үлгердіңіз?

а н н а И в а н о в н а: Өмірде не болмайды, Көгершінім. Бірінші күйеуім коммунист болған соң айрылысып кеткемін.

Н е м і с с о л д а т ы: (Серіктің мұрнынан түртіп) Әдемі бала... Бара беріңдер. Бірақ, естеріңде болсын, бұл көпірден бұдан былай әрі-бері өте беруді доғарыңдар.

а н н а И в а н о в н а: рақмет, Сіз тәрбиелі семьядан екеніңізді таныттыңыз. Егер полицай болса, көргенсіздік жасар еді.

Н е м і с с о л д а т ы: (Серікті қызықтай қарап, арқасынан қағып). мұндай гибриттер мықты болады. Қанына тартқанын қарамайсыз ба?.. менің әкем орыс тілінің маманы еді. Сондықтан да сіздерге деген ілтифатым бар. Біздің жауымыз – коммунистер ғана, ал, жер бетіндегі адамның барлығы бірдей. Солай емес пе?

а н н а И в а н о в н а: Әрине, әрине...

Олар асыға басып кете барады. алыстан соғыстың дүмпуі естіліп тұрады.

 

 

ЕКІНШІ КӨрІНІС

 

Жарық жанғанда жұпыны бөлмені көреміз. Түн. Шамның әлсіз сәулесінде Борис пен Серік сөйлесіп отыр.

 

С е р і к: Қалаға келгелі де талай уақыт өткен екен-ау. Б о р и с: Бақандай бір жылға қартайдық деген осы.

С е р і к: Сен партизандарға екі-үш рет барып қайттың, ал мен болсам, тордағы көжектей қамалып отырғаным.


Б о р и с: Енді қайтесіц, жағдай солай... Дегенмен біз хабарлаған мәліметке отряд командирі риза. мамамның айтуына қарағанда, бүкіл майдан бойынша жаудың жағасы жыртылыпты...

 

Пауза. Уілдеп соққан боранның, немістердің шаңқылдаған даусы естіліп тұрады. мұңлы музыка.

 

С е р і к: (терезеден сыртқа қарап, күрсіне) атам не істеп жүр екен? ауылды, мектепті сағындым... (Көңілдене). Боря, бар ғой иә, біздің мұғалім апайымыздың қос бармағы болды... міне, былай... «ал, балалар беске бесті қоссақ нешеу?» – деп қолын тарбайтқанда оқушылар: «Он екі, мұғалім, он екі», – деп шулаушы едік.

Б о р и с: ал, біздің мектепте тарих пәнінен оқытатын кәрі, кәрі болғанда да қолы дірілдеген, шал бар еді. Құлағы әрең- әрең еститін. Біз сабақты айқайлап айтатынбыз. Ернімізді жыбырлатып, өтірікті соға беруші едік. Ол кісі құлағын төсей- төсей шаршап, үш қойып беретін. менімен бір партада Галя деген қыз отырды.

С е р і к: (аса ынтамен) Сұлу ма, ей?..

Б о р и с: Керемет еді... Күлгенде бетіне шұңқыр пайда болатын. Борщ құйып ішуге болады.

С е р і к: ал, менің тура алдымда Қарлығаш атты қыз отырды.

Б о р и с: Әдемі шығар...

С е р і к: Үріп ауызға салғандай. Бірақ бетінің шұңқыры жоқ, есесіне шашы үш метр еді.

Б о р и с: Үш метрге жететін ұзын шаш болмайтын шығар. С е р і к: Ендеше, қыздың бетіндегі оймақтай ойыққа борщ құйып ішуге де болмайды... Сенбесең қой... Әжемнің бұрымы

одан да ұзын болған деседі.

 

Пауза. Боранның ызыңы. Екі баланың қиялы. Олардың көз алдына мойындарына ал қызыл галстук байлаған қыздар елестейді. Осы кезде анна Ивановна мен Бейтаныс еркек кіреді бөлмеге.


а н н а И в а н о в н а: (үсті-басын қағып). Қараңғыда отырғандарың не, шам жағыңдар.

Б е й т а н ы с е р к е к: амансыңдар ма, балалар? Екі бала (жарыса). Сәлеметсіз бе, ағай?

а н н а И в а н о в н а: Серік пен Борис деген екі батыр осылар. (Бейтаныс еркекке). Еш нәрсені жасырмай айта беріңіздер. мен шай әзірлей қояйын.

Б е й т а н ы с е р к е к: ал, сұңқарлар, бері жақындаңдар. Чапаев партизан құрамасының сендерге тапсырар үлкен операциясы бар. (Балалар елеңдей жақындайды). Қайталап айтамын, өте жауапты тапсырма...

Б о р и с: Біз әрқашанда дайынбыз.

Б е й т а н ы с е р к е к: мәселе былай: Ертең түнгі сағат онда Германияға кетіп бара жатқан поезд келіп, станцияға бір сағаттай аялдайды. Сол поезда біздің аяулы азаматтарымыз бар. Дәлірек айтсақ, ұшқыш Совет Одағының Батыры Владимир лавриненков пен Виктор Парюхин... самолеттері өртеніп, жау қолына түскен...

С е р і к: Қай вагонда?

Б е й т а н ы с е р к е к: (оған сүйсіне қарай). Көзіңнің оты бар екен... Он үшінші вагонда деп, жорамалдап отырмыз...

Б о р и с: Қалай құтқарамыз... Күзет бар ғой... Станция басы сабылысқан неміс солдаттары.

Б е й т а н ы с е р к е к: Сондықтанда сендерге сеніп отырмыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.