Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 5 страница




тірлікте жолықтыра алмайтынымызды, өйткені олар енді қайтып тумайтынын, туса да құрлықта қалған балықтай біздің ортамызда ғұмыр кеше алмайтынын, өйткені біздің өз алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батырларымыз бен Құртқа, ақжүністей сұлуларымыз барын, әлгілер тарихи тұлға ретінде тек қана қиялымызда (әрине, бәріміздің емес) ғана жүретінін, аңсатып қана, армандатып қана баз кешкенін ұғамыз; сонсоң күнделікті күйбең шаруаның жетегінде жүріп ұмытып та кетерміз; ал олар мың жасайды, миллион жасайды, бірақ қайтадан әсте тумақ емес, мүмкін сондықтан да қайғылы да қасиетті асыл сүйек адамдар болған шығар. Неге екенін білмеймін, мен Сарқынды шал мен аналық шешейді аса аядым. мен өзімді тым әлжуаз санап көрген емес едім, қазір өзімді заңғарда, меңіреу таулардың ішіндегі, адасып қалған қасқа құлындай обал сезіндім. мен әдебиетте, сол ауыз әдебиетінде ғұмыр кешкен қаһармандар сияқты замандасымның алып бейнесін жасасам деп армандап отырмын. мен жер басып жүргендердің көбін аядым, өзін-өзі арыстанға балап, алдаумен, алданумен ғұмыр кешетіні үшін аяған шығармын; білемін, жер бетінде асыл адамдар көп, бірақ жер астында одан да мол-ay...

Үнсіздікті шал бұзды. Көзін ашып-жұмып отыра беруге дәті жетпеді білем, тамағын кенеп, қомданды да Қаршығаға қарап:

– Қуыс қурайды әперші, – деді.

Шалдың қуыс қурай деп отырғаны – сыбызғы. Осы өңірдегі ендігі қалған жалғыз сыбызғышы өзі болғаннан соң ба,

«ақсақал сыбызғы тартып беріңізші» деп қанша қолқаласаң да, еркінен тыс бәлденіп тартпайтын, тек көңіл күйі қош күндері ғана жалықтыра, ұзақ сарнайтын. Бұл кісінің мен білетін елуге тарта күйі бар. Ең ғажабы – сол, өз өнерін тірі жанға үйретпей, өзімен бірге арғы дүниеге алып барады...

Қаршыға әкеліп берген сыбызғы қурайдан істелген жоқ, шәнгіш ағашының өзегін алып, ішін жұқарта ыңғырулап, ыстап тастаған қарақоңыр қатқан сыбызғы. Бұл да Сарқынды шалмен бірге жасасып келеді. Әкем бір сөзінде айтып еді: «Сарқынды шалдың сыбызғысы әкесінен мирасқа қалыпты, бұлар ата- бабасымен сыбызғышы болған көрінеді», – деп. Заманалар куәгері кәрі сыбызғы Сарқынды ақсақалдың ерніне тигенде,


бебеулеп қоя берді. Шал қай күйді тартатынын айтқан жоқ, сол жақ үстіңгі ернін кере тісіне тіреді де, уілдете жөнелді. Сыбызғыдан ең әуелі қоңыр үн шығып, талайға дейін майда, алаңсыз, мамыра халден хабар беріп, өңештен болар-болмас гүжілдеп тұратын жуан үн сыбызғының өзінен шығатын әдемі әуенге қосылып, бейбіт те жомарт өмірдің жайсаң бейнесін алдымызға жайып салды. Осынау жанында жапырақ жарар сыбызғының сиқырлы музыкасы менің көз алдыма тау мінезінің күллісін: тәкаппар алтайдың түлеп түрленген жастық шағын елестетті: мен еститінмін, алтай тауы жермен жасты екен, бұдан мың жыл бұрын әбден қартайып барып, қайта жасарған екен, еңсесін қайта көтерген екен, содан бермен Шолпан туа сыбызғының үніндей сыңсыған өксікті үн шығарады, ол қайта жасарғанына өкінгені екен, ол үнді еститін – тек қана өмірде өз кіндігінен бала көрмеген әке мен ана, солар ғана – осы бір таңғажайып өкінішті дыбыстың куәгері; ал олар естісе де еш пендеге айтпауға тиіс екен. Өтірік-шынын қайдам, мен бір-ақ нәрсені білемін – Шолпан туа жаңғырығатын өксікті әкем естіген жоқ, өйткені мен бармын. ал әзірше мен де ести қойған жоқпын, Қаршыға да естімеуге тиіс. Тек Сарқынды шал еститін-міс.

менің көз алдыма: қайта жасарған алтайдың әсем шағы келіп еді ғой, сол әсем таудың қойнау-қойнауы құжынаған жылқы еді ғой, қазір сол жылқыны қансойыл әлдекім бықбырт тигендей қуып, тау асып баратқандай. Әсем көрініс бірте- бірте сусып, санамды тақыр тастап бара жатты. Ендігі сәтте талақ қалған көкейімді ыңырсыған аянышты күй кеуектеді. Шал тартып отырған сыбызғы шаттықпен шалқымалап барып, еңсені езер ауыр азаға ұласты: айдалада иесін атып кетіп, иесін асып кетіп, иен қалған ақ отауды жел кеулеп, қаңырап уілдегені секілді аса ауыр екен; аспаннан ұшқан қос аққудың бірі оққа ұшып, екіншісінің зар жылап, сұңқылдағаны секілді екен; бір үйдің бір азаматы жау қолынан қаза тауып – оң жаққа сұлатып сап, жан жарының екі мықынын таянып алып, азалағаны сықылды екен; өз ұлынан өзі түңілген ардақ ананың емшек сүтін көкке сауып, қара жамылып қарғанғаны секілді екен; ақ ботасы құдыққа құлап, соны жоқтаған аруананың боздағаны


сықылды екен; Сарқынды шалдың алтай іспетті енді қайтып жасара да, жасай да алмайтынын, күннен бұрын болжап, дәуренінің өткенін сезген соң, құрдымға құлар алдында айтқан ең алғашқы, уа, уа, ең ақырғы хош-хошы-ау, ие, хош-хошы екен. мен шалдың жұмылған жанарынан ыршып шыққан жас көрдім, әжім торлаған тоң бетті қуалап сақалына ағылды. мен бұл жасты аналықтың бота көзінен де көрдім. ал менің әкем шамға тесілген қалпы үнсіз тыңдап отыр. Дәл осы сәтте менің көз алдыма жаңа туған қара қасқа құлынымды бауыздап жібергенде, ұдайы үш күн азан-қазан кісінеген боз биенің тау айналып шапқылағаны көріністенді. Шыдай алмады білем, Қаршыға менің иығымнан тартып:

– Жүрші тысқа шығайық. Тынысым тарылып барады, – деді. Біз далаға шықтық. ал Сарқынды шал тартқан күй одан сайын зарлап, әйтеуір бір белгісіз мазаң үнімен өршелене бебеулеп, бейуақтың тынышын алып тұрды; бейуақыт бұл үнді өзгеше жөн қуанышпен қарсы алып, айызы қана құлақ түрді.

алқара аспандағы сансыз жұлдыздарға шалқалай қарап тұрған Қаршығадан: – Бұл қандай күй? – деп сұрап едім:

– Білмеймін, ағайын, білмеймін. Ешқашан естімеген күйім, енді ешқашан естімейтін де күйім, – деп, екі құлағын тас қылып басып алды да, зыр жүгіре жөнелді Әулиекөлге қарай. мен де жүгіріп келемін. Сарқынды тартқан сұрапыл күй де қалмай қуып, ызыңдай естіліп келеді...

аңсарлым, Әулиекөл десе, Әулиекөл-ау!

Бізді момақан қарсы алды. Құрлыққа шалқыған салқын самалы күйреуік күй улап дел-сал шаршатқан көңілімізді қытықтап, желпіп ойнады. Омырауымызды аша тастап, жұпар ауасынан жұттық-ай, жағалауындағы жар тасты сабалаған ерке толқындарының шөп-шөп сүйіскен үні алақанын шапалақтап, мәз бола қуанған алаңсыз күлкісі – қазіргі мамырстан өмірі- міздің шыншыл жаршысындай. Көл жиегіндегі жабайы үйрек- тер адам келді-ау деп дүрліге үріккен жоқ, айдынды сызып самарқау жүзе жөнелді арғы бетке. Әулиекөлге төнген алпамса таулар ғана осынау айна көлдің бақилық сақшысындай салқын түнерді; сол таудың оңтүстік жиегін жұқалаң ақ сәулеге бөлеп туып келе жатқан айдың шабарман нұры бізге де келіп жетті.


Су беті қара барқын кеспірін тоздырып, ұсақ-ұсақ моншақ сәуледен алқа тағынды. ай тау тұтқынынан сытылып, бауыр жазып көтерілген сайын, әлгі көл бетіндегі шашау сәулелер топ құрып, бірыңғай аппақ нұрға шомылды да, жоталырақ толқындардың теріскей жағы ғана қара бауырланып жатты.

Жаңа ғана еркіндей бастаған қараңғылық үңгір-үңгір, жықпыл-жықпыл, қойнау-қойнауларға шошына тығылды. Жылқылы ауыл жақтан шұрқыраған үн, кісінескен дауыс естілсе, таудың арғы бетінен иттің саңқылдаған үрісі жаға- ласады. Әулиекөлдің беті жарқырап, ай астына қарай асыға ағылған сәулені еміп жатқан. ал алтай уылжыған қара көк мұнарға тұншыққан; ал зәулім де қайратты қарағайлар өз көлеңкесі өзінен оза ұзарып кеткеніне қапаланып, қорланады азамат; ал Қаршыға болса осы қарағайға маңдайын сүйеп қорс-қорс жылап тұр. мен оған «қой, жылама» деп айтуға бата алмадым, ай-шайға қарамайтын ноқ қой, «менде атаңның басы бар ма» деп жерге қағып жіберуден тайынбайды, мені жерге қағып жіберер қуат Қаршығада барына иланасыз да.

– атам өледі, – деді ол танауын қорс-қорс тарта, көзінің жасын жас балаша қолының сыртымен сүртіп. – атам көп ұзамай өледі, мұндай қаралы күйді ол ешқашан тартқан емес, қорқатын...

– Ерлер ғана шын жылай алады дейтін менің әкем. атаңның күйі үш кісінің көз жасына себепкер болды. Әсіресе таза да таңғажайып жас аналық ананың бота көзіне қандай жарасушы еді...

мен ішімді алай-түлей еткен дүлей толқынды сезімімді ірке алмай, емірене сөйлей жөнелмек едім, Қаршыға қағып тастады:

– Әдемі көз – тек жылауға ғана жаралған, анамның көз жасын жия берсе, бұл жерден енді бір Әулиекөл жасауға болар, ал атам сөз жоқ өледі. Ол мұндай азалы күй тартуға қорқатын бұрын.

– Сынық арба көп көшер, қай-қайдағысы есіне түсіп, булыққаны шығар, әйтпесе атаң әлі тың секілді.

– Сен қызықсың, – деді дәу қара тастың үстіне отыра беріп, – сендер қызықсыңдар. Дүниенің бәріне алдаусыратып,


болымсыз үмітпен қарайсыңдар. Әрине, үміт деген жақсы- ақ. Бірақ нағыз қапияда қалдырар алдамшы да – сол үміт. атам айтатын: «ең қасіретті өлім - қаңғырып өлген өлім, ал қаңғыртатын – тентірек үміт. Жер ұйық іздесем, табар едім, қайтейін туған жердің бір уыс топырағына зар болып, көмусіз қалам ба деп қорықтым.» менің есімнен атамның осы сөздері кетпейді. Сондықтан да мен әлденеге үміттенбей, бойымдағы күш-қуатпен еңбек етіп келемін. Бәлкім, атам да осылайша баз кешкен шығар.

– Әйтсе де, үмітсіз шайтан ғана. Әлденеге үміттенбей, әлденеге сенбей, өмір сүру мүмкін бе? Сонсоң атаңның жолын тіпті де қайталаудың қажеті жоқ. Ол кісінің жүрегінің басына байланған қара тас – кек бар, кімге кектенеді, неге кектенеді – біздер үшін беймәлім, – дедім мен айға жүзін беріп қабағын қарс жауып отырған Қаршығаға. Бағанадағыдай емес, ай көтеріліп, төңірек сүттей жарық болып тұр. Қырдан ойға құлаған қалың жылқының пысқырынған дыбысы естіледі. Сандаған болат тұяқтың дүбірі біз отырған қара тасты солқылдатып, Әулиекөлді шайқап өткендей болады. Үйірге таласып, алакөз боп тебіскен, тістескен айғырлар да адамдар басындағы минут сайын қайталанатын араздықты еске түсіреді. Етекке дүркірей жосылған жылқылардың бар тынысы дәл жанымыздан естіліп, ендігі сәтте қалың қарасы болжанды. алды суға бас қойып, арты шуап сонау қарағай арасынан туындап жатты. Көл суын таңбалықтан кеше пырылдап, айнадай жарқыраған су бетіне сансыз әжім тастаған жылқылар жаңа ғана тыныштық тауып маужырай бастаған түн тірлігін беймазалап, гүрп-гүрп тарпиды суды. ай астында көлге жүзіп тұрған құлындардың жон арқасы түнгі сағымдай жылтылдап су періштесіне оқшасады. Әулиекөлден ескен түнгі самалдан саумалдың иісі аңқығандай; ал, айғырлар су ішінде де оқыранып, су ішінде де сарт-сұрт тебісіп қалады. Көз алдымдағы көрініске мен қаншалықты таңырқап, есім шыға қарағаныммен, Қаршыға айға қадалған қалпынан танбаған. Ойда жоқта пайда болған түс сынды таңғажайып сурет ішінен, ай астында сауыры жылтылдап көл кешіп тұрған жылқыдан мен өз арманым – қара қасқа құлынды


іздедім, амал не, жоқ... мүмкін, кейінгі биелерден ондай қара қасқа құлын қайтып тумайтын шығар...

– Сен дүниенің төрт бұрышын білесің, ал мен анау толықсып жатқан алтайдың лүпілдеп соққан жүрегін тыңдаймын, бірақ қай-қайсымыз да қара жерге екі аяғымызбен нық басып тұруымыз керек. атамның арпалысып өмір кешуі – сол қара жерді басып тұрған табанын тайдырғысы келмегені шығар. Әйтпесе заманаға кектеніп, тісін қайраған күнін көргенім жоқ. Сонсын мен еліктей қоятындай, мен қайталай қоятындай күре жол жоқ ол кісіде. адамдық асқақ та ожар қасиеттерінен тәлім алғанмын, қартайса да қимайды екенсің өлімге. мына сен, мына өзің неге еліктейсің әкеңе.

– менің әкемнің өмір жолы басқа еді ғой. Тіпті оның басып өткен ізінен садаға кетер едім. Ол жолды қайталау менің қолымнан келмейді де. Дегенмен, әркімнің дара, ешкімге ұқсамайтын өмірбаяны және бар, тек біздердікі әкелерімізге қарағанда әлдеқайда оңайырақ басталды, өйткені бүгінгі біздің қуанышымыз солардың қайғысынан, қанынан көктеген гүл секілді. мен сенің атаңды аяймын, жаңа заманның көп-көп жақсылығын ұға алмағаны үшін аяймын.

– менің атам әлдеқашан өлген екен, сондықтан құлағын шулата бермейік. Қаршыға әлі де айға телмірген қалпынан танған жоқ. Күміс сағымға шомылған аса кірпияз тәкаппар жылқылар Әулиекөлдің тыныш күйін өзіне қалдырып, тауға қарай маңғыстап барады. айналамыздың бәрінде уыз мұнар кілкиді. Уыз мұнар бізді де сібірлеген шарбысымен ораған, осынау уыз мұнардың арасында менің қара қасқа құлыным қаңғырып өлген... Сондықтан да бәрі жақсы секілді, сондықтан да бәрі жаман секілді.

– Сенің әкеңе мен де ұқсағым келген, – деді Қаршыға.

– аса қайратты, сіңірі берік кісі. Сенің өмірің менікінен гөрі бір мысқал бақыттырақ өтсе, ол сөз жоқ әкеңнің арқасы. Бұл қызғанышым емес, кейде ағалық алақанды сағынасың... ал ең қиыны – әкең іргеңде отырса да, соны «әкем» деп құшақтай алмау... (Қаршыға бұл сөзді булығып айтты). мектепте жүргенде мен сенен ылғи да ақ нан, кәмпит сұрап жейтінмін. Біз сендерге қарағанда бірде аш, бірде тоқ отыратынбыз, анамның табысы


жете бермейтін. Сен әкеңнің барына мақтанатынсың, тамам балаларға қосылып «тірі жетім, тірі жетім» деп талай рет мазақтадың да. Бірақ сенің әкең – менің де әкем екенін екеуміз де білмейтін едік. Үлкендер сыры әмән жұмбақты, балаларды ылғи да аялаумен бірге алдап өмір сүруге әуес; мен ойлаймын: біз өтірік айтуды солардан үйрендік-ау. Қызық, бір рет сенің әкең, астында қара аты бар, ағызып кетіп бара жатты да, тізгінін кілт тартып, маған қадала қарады, қадала қарап тұрып:

«Шешең сау ма?» – деді. мен: «Сау» – дедім. Сонсоң: «менен сәлем айт» – деді де, атын сауырлай салып қалып боздақтата жөнелді. Қыр асып көрінбей кеткенше, артынан қарап тұрдым. Неге екенін білмеймін, соңынан қалмай «әкелеп» жүгіре бергім келді, балалардың «тірі жетім, шата» деген сөзінен құтқара көр деп, тізгініне оралып жалбарынғым келді, не істеуім керек, өмірімді қалай бастап, қалай аяқтауым керек деп, ақыл сұрағым келді, бірақ айтып-айтпай не, әлі сол сыртынан ғана сырласып, сыртынан ғана мұңдасып келемін. мен шешемді кінәлай алмаймын, «Бөкеш сенің әкең» деп әлі бір рет айтқан жоқ, өзің де сезетін шығарсың дегендей, мойындай, жасқана, кінәлана күрсінетін, ылғи күрсінетін, күрсінген сайын бір жылға қартаятын. Қателік кімнің басынан кетпеген...

– Бірақ, – дедім мен, – бірақ аналық ананыкі тіпті де қателік емес. Бұл оқиғаны менің де ішім сезетін, сан рет бас қатырып ойладым да, ол шақта бір-бірін сүйіп қосылуға, жар салып жар таңдауға қолдары тиді ме. Тіршілік құруға деген ортақ мақсат табыстыратын. айталық, екеуміздің шешеміз де бойжетпей, бірден әйел болған екен. Бірақ сол үшін жазғыра аламыз ба? Жоқ! Бәріне де уақыт кінәлі. Сенің маған туыс екеніңді...

– Туыс қана емес, туған ағаң екенімді... – деп түзету жасады.

– Солай-ақ болсын, туған ағайым екеніңді ішім сезетін.

Балалар екеумізді шатыстырып, ұқсастыра беруші еді ғой.

– Неге екенін білмеймін, осы кісінің мысы басады да тұрады. Көзіне тура қарауға қарадай жасқанамын. Сосын өзі айбарлы, әрі кешірімі мол кеңпейіл адам-ау. алдыңғы жылы Шабанбай жайлауында шөп шауып жүрдік. Бір күні түскі тамаққа отыра берген кезімізде, атқа теңдеген екі қоржын


газет, журналы бар, сенің әкең келді ауылдан. алқа-қотан отырған жігіттер орындарынан өре түрегеліп, ол кісіні тамаққа шақырды. Сонда мен беттері тотыққан азаматтардың қай- қайсысынан да сенің әкеңе деген зор құрмет, ризалы ықылас байқаған едім. Тек ет кесіп отырған Қатпа қара ғана ерін ұшын жыбырлатпастан мелшие қалды. Бөкешті көргенде мұның бір бұл емес, бұрын да қанын ішіне тартып, түтігіп шыға келетінін сезуші едім. Кеу-кеу құрметпен дастарқанға жақындай берген сенің әкеңе қарап: – Осы қара шал бәріңді жадылап қойған ба, қазірет көргендей бастарыңды шұлғисыңдар кеп. арқадан қаққан сайын аспандай беретін елірме шалдардың баяғы күні жоқ. Заман біздікі. – деді.

– Баяғы күнің – қай күн? Заманың – қай заман? – деді әкең жайбарақат жайғаса отырып.

Ішің сезбей отырған шығар-ау. Басымызға әңгір таяқ ойнатып, көзімізге көк шыбын үймелеткен қара таяқ төре жылдар сенің есіңнен кетсе де, менің арқамдағы табы кетпес. Туған әке-шешемнен жемеген таяқты сенен жегенмін.

Саған деген кек жазылмас жара салған жүрегіме, – деді де, атып тұрып, анандай жерде жатқан қамшыны ала салып, әкеңнің арқасынан тартып-ақ жіберді.

Әкең үндеген жоқ, үндемеген қалпы ойланып көп отырды. ауырсынбады да, сабырын сақтаған қалпы орнынан тұрды да, қолын артына ұстап, қырға аяңдап бара жатты. ал Қатпа қара болса, үлкен бір ерлік жасап, мұқатып-ақ тастаған тоят сыңайда бізге қарап ыржиды.

– Бәлемді сүмірейттім-ау. Күндердің күні дәл өзі құсап он екі өрім қамшымен жон арқасынан мықтап тұрып осып өтермін деп едім, сертімде тұрдым. Жігіттер ләм деген жоқ, тамақ ішпестен дастарқанның басына әлгіні жалғыз тастап орындарынан тұрысып кетті. Сол күні кешке Қатпа қараны итше сабадым. Неге, не үшін таяққа жықтым, оны білмеймін. Бұл секілді ел ішінде болмай тұрмайтын кикілжің оқиғадан сенің хабарың жоқ, ондай жамандықтарды саған әкең әсте айтпаса керек, сенің көкірегің кек, жалған намыс дегендерден таза болсын дегені шығар. Бірақ мен ойлаймын: осы біздерге кесепатты кек, тұлан тұтар намыс жетпейді-ау, сондықтан


да ынжықпыз, иә, – деді Қаршыға күрсініп, – иә, жуас түйе жүндеуге жақсы...

Екеуміз де айға қарап үнсіз отырмыз? Үнсіз отырсақ та, бір-ақ адамды ойлап отырмыз. Біз әкемізді ойлап отырмыз. менің жылағым келді. Көзімнен жас шығара алмадым, бар болғаны қолқама өксік кептеліп булығамын-ай. Қайран қара шалым менің. Қатпаға неге ғана қол жұмсаған екенсің, сенен ондай содырлық күтпеп едім ғой; сен атасы басқа өзгені қойып, қаншама ағаттығым бола тұра, кіндігіңнен туған менің маңдайымнан шертпеуші едің; мүмкін мас болып есіңді білмей тұрғанда тіл тигізді ме; жо-жоқ, сенің мас болғаныңды естіген де, көрген де емеспін; ендеше не көрінді, неге ғана соқтықтың, әне жиырма жылдан соң қайта айналып өз басыңа тиіп отыр таяқтың екінші басы, әлде адамдардың бәрі өзің секілді ақжүрек, өзің секілді адал жан деп ойладың ба; әлде от пен суға, дау мен дамайға түсірген тағы да, тағы да өзіңнің мәңгі серігің колхоздың таусылмас шаруасы ма; мүмкін сол шығар- ау, ие, колхоз жұмысы үшін сен әлемдегі ең сұмдық, ең ұлы іске барасың. Балаңның баласына айтып кетер кегің жоқ кеңдігің

– кемтарлығың да. Сондықтан да бұл дүниеге келіп-кеткеніңді еш аламан білмей өтетін шығар, ал сен ешқашан өкінбес едің... Сен өз өміріңе ризасың. Бірақ неге риза екеніңді білемісің?!

Екеуміз де айға қарап ойланып отырмыз. алтайдың бойы балқып, рахаттың, тыныштықтың алтын бесігіне тербеліп жатыр. Әулиекөл айнадай жарқыраса, бетінде бейбіт жүзген қаз-үйректер ақ арудың ақша жүзіндегі меңі іспетті. мен осынау тамылжыған тамаша өңірдің түлегі болғаныма қуана- мын. Осынау таңғажайып сұлулықтың, таңғажайып таланттың бір мысқалы дарыса деп іштей тілек тілеймін. мейлі қайда жүрейін, менің көзімнен де, көкірегімнен де сиқырлы да сыбызғылы туған жерімнің асқақ, әрі әсем келбеті кетпеуін тіледім. Құс ұшса, ұясы қалар, ал менің ұям – туған жер, мен осынау туған жерге оралған сайын, қайта дүниеге келемін, қайта іңгәлап, қайта қаз тұрып, тәй-тәй басамын, менің туған жерім картаның бетіне сыймайтынын, менің туған жерімнің бүкіл байлығы мен сұлулығын сол картадан ғана көре алмай- тынын, өйткені менің туған жерім бабаларымның қанына


суарылғанын, оған ешкімнің, ешбір елдің көз алартуға қақысы жоқ екенін білемін. менің туған жерім дәл шекарада, ал осы жер бетіндегі шекаралар мен ала бағаналардың болмауын, дәл бүгінгідей тынышты түннің лайым мазасыз еңбекке қана ұласуын көксеймін-ау; дәл осындай айлы түннің сағат төртте быт-шыт болып бұзылғанын естігенмін, тәңірім-ау, сойқан соғыстың керегі не? Тәңірім-ау, алтай неге күрсінеді, Сарқынды шал неге қайғылы күй тартады, Әулиекөл неге тебіренеді? Әлде олар маған «адамдар неге кектенеді?» деп, қарсы сұрақ қойғысы келді ме; әлде олар табиғат өз тыныштығын өзі бұзбақ емес, айтысып тартыса беретін өздерің дегісі келді ме; әлде олар алтайдың ар жағындағы у-шудың бер жағына ауыспауын адамдардан сұрап жатыр ма? Ей, адамдар, қалың қарағайдың орнына қалың жауың қаптап кетпесін!



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.