Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 8 страница



Күн ашылды. Бұлттар көше бастады. Жарқырап күн шықты. Ойдағы орман бусанып, буы бұрқырап жатыр. Дүние дүр сілкінген жасанған, жасарған, еңсені басқан ауыр жүктен арылғандай еркін тыныстайды.

–анауаппақболыпшоғырланып,тарамайжатқанбұлттыкөр- діңдер ме? – деді әкем қамшысымен нұсқап. – Әне, сол бұлттың арасында мұз тауы бар. Көз алмай қарап тұрыңдар, қазір сол бұлт қақ жарылады да, көкті тіреген шың көрінеді. Қараңдар, кірпік қақпай қараңдар. Қазір көрінеді, қазір анау бұлт қақ айрылады да, әне... әне... айрылды... әне... жарықтық мұз тауы көрінді. Қараңдар, қарақтарым!

Көзімнің алды көкпеңбек буалдыр сағымға толды да, әлгі шоғыр-шоғыр бұлт баяу ғана екіге жарылды, сонсоң, бұрын- соңды көрмеген асқан сұлу шың қақтаған күмістей жалтырады- ай. Қандай керемет құбылыс! Қандай таңғажайып жұмбақты табиғат! мен осы сәтте мұз тауын ғана емес, сол таудың ұшпа басында күнге қарап кісінеп тұрған қара қасқа құлынымды да көрдім, тіпті шырқырай кісінеген үні де құлаққа келгендей болды... аппақ бұлт қайта бүркеді де мұз тауы ғайып болды...

– Әке! – дедім мен, – әке, мен қара қасқа құлынымды көрдім!

Қаршыға көзі жасаурап әкеме қарады да, өзін-өзі тоқтата алмай: – Әке, әкетайым менің! – деп бас салып құшақтады.

Әке мен бала табысты.

Төрт көз сары аяқ ит жас қабірдің басында құбылаға қарап әлі ұлып отыр.

Бүгін мен Қаршығадан хат алдым. Әкемнің боз биесінен қара қасқа құлын туыпты. Бірақ жануар өз тумасынан өзі жеріп, тарпып өлтіріпті...


 

 

АЙПАРА АНА

Көш күншығысқа беттеді...

Бір аптаға созылған кақыраған ұлы шайқастан кейін толас тапқан дала ақыл-естен айрылып есеңгіреп жатыр. Даланың ендігі сыңайы тырапай асқан – алып батырдың талықсып, мызғып кеткені секілді еді. анталай шапқан қанезу жоңғарлардың алғашқы тегеуріні қатты, әлі де болса бас біріктіре алмай пышырап жүрген казақтарды торғайдай тоздырып жіберу сыңайлы.

Бір аптаға созылған кесепатты майдан – жоңғарлардың мерейін шамырқатты да, өзіне алғашқылардың бірі болып найзатіреске келіп, бетін қайтарып, тосқауылға тұрған Тобықтыны қусыра жөнеген. Калың ел, қайран жұрт етек-жеңін жиып, ел болғанша қоныс аудара тұруды ләзім көрген Тобықты жұртын қаңыратып, бір-ақ күнде көшіп кеткен еді

Күншығысқа беттеп бара жатқан көш – қаралы, азып-тозған, канды бір шайқастан босқан – жаралы. аттылы-жаяулысы бар жадаған жұрттың мынау күйіне көз тоқтатып қараудың өзі аса қорқынышты, жүрек дауаламайтын тырақай. Жылап- сықтастан әбден көз-қашты болып, қажыды білем, бұзауы өлген сиырдай мөңіремей, іштей егілген жөпелдемеде. Көш мұрындығы – ақ сәукелелі әйел. Ол да үнсіз. Бірақ ол шексіз де, түпсіз үйірімді ой үстінде еді.

адыр аспанға қарайсың – қып-қызыл жоса қан. адырлы далаға қарайсың – қып-қызыл жоса қан.

 

* * *

– Жыла, сор маңдай ел!

– Жыла, азып-тозуға жаралған жамиғат! Көз жастарың ендігі елдігіңе себі тиіп, қас дұшпаныңа қарсы тұрар қауқар – сел боп қаптаса, кешегі өткен дәуреніңді қайтып берер ме қолыңа.


Жыла, жыла, бірақ келмеске, кеткен заманың алдымнан айым болып туар ма, – деп көксеме, сойыңдағы бақастығың – бүгінгі тірлігіңнің ырзығын рәсуалап отырған жоқ па?

– Жыла, жыла, ей жетім! Біз көрген көркем елдің сән- салтанатын, біз шомылған боз биенің сүтін сен түсіңде де көрмессің. ал, күндердің-күні сен душар болатын қылбұрау мойынға түспей тұрғанда әз өліммен аттанып кетсек, аты жақсы алланың жарылқағаны да.

– Жыла, жыла, ей жесір! Көзіңе ақ түссін, білдің бе. Қан түкіріп, қан сорған заманда заты еркегінен айрылып, қу тізеңді құшақтап, қуарып-солған түріңді-ай. Жау қайдалап шапқан көдедей көп еркектің тебінгісі терге шіріп, түн қатып, түсі қашып келгенде бұраң қағып, шылбырына оралып, сусын алып шығушы ең; астындағы атыңды өзің ерттеп, қол тидірмес тақымыңды ыңыршақ қажап жүргені мынау. ат артында жат- жұрттық болып, жоңғардың құзырына кеткені қаншама... Ей, қайран ер, қырық жыл болған қырғында сен қырыласың, жетімің мен жесірің қалады артыңда. Еңіреп жүрген ер Олжай, ортаншы ұлым Қайдосым, зар запыранын іштім ғой, қатынға билік бергенше, көрінсеңші көзіме – қайдасың!? Көш күншығысқа беттеп барады. «Жыла, жыла, ей қақпас! Ұлың шейіт болды, сен тірі калдың. Сенің тірі қалғаныңнан не себеп. Тілеуіңді құдай бермепті. Жалғызыңның алдында алмаған жанды сүйрелеп, жанторсықтағы бір жұтым суға жас баламен таласып, тепең қағып келесің. Омырауда қалған сәбидің шөліркеген таңдайын көз жасымен жібітіп, қара жамылған сорлы келінің анау. Ендігі тілеу – жас нәресте. Бірақ, ол өсіп, ел намысын қорғағанша сенің сақалыңнан кәдір қалмайды, мені арулап жерлейтін мәнзіл қалмайды. Терең өзен үнсіз ағушы еді- ау, мынау теперіш көрген жамиғаттың жылап-сықтаған даусы жақсы ырым емес; қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған күнде де орныңнан су шыққандай қоқшақтап, көшіп-қона беруші едің; «Осы қылықтарыңа қабырғам кайысушы еді; қалбақтай ұшқан қаңбақтың не қауқары бар; іргелі ел орнықты болушы еді; көш-кеш сорлы ел, көшкен жұрттың көгергені қайсы, шығар ұшпағы қайсы; ойдағы-қырдағыңды жиып-тергенше жосыла шапқан жоңғардың қолжаулығы болып қаларсың;


жыла-жыла сорлы көш, бірақ мен көзіме жас алмаймын; жылаған жұрттың мұратқа жеткенін көрдім бе; ат төбеліндей аз халықтың арыз-арманын жасаған ием тыңдап та көрген жоқ.

«Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман» – қысылғанда шыққан ыбыратсыз сөз; бақ-дәулет ұшу үшін әуелі баста қонуы керек; сенің басыңа о дүниеде де қонған жоқ еді-ау. Қонайын деп еді, қондырмадыңдар, қызғандыңдар бір-біріңнен, сон-соң сырғақсып жоламай кетті; енді кайтып оралмақ емес ол».

Көш күншығысқа беттеп барады.

«Жыла, жыла, ей, сайын дала! Сенің түн көрпесін жамылып, көсіле түсіп жатқан марайма дидарыңа телміретінмін. Бірақ, канша үңілсем де, бей-жай жалқау ұсқының зор бір өлім тыныштығына бой ұсынып жатқандықтан ба, ашық ажарың да, анық сырың да танылған емес, Ей, сайын дала, сонда сенің күндізгі қан-жоса қырқыстан әбден мезі болған тұла бойыңның талықсып, мәңгі тыныштықка қолың жетпейтінін біле тұра, жалқы сәттік беймезгіл мызғуды көксеп барып, көсіле құлайтыныңды сезетінмін мен бейбақ. мен бейбақ, дүниенің машақатынан қашқан қалжыраңқы жұмбақ бейнеңді көре тұрып, қайран далам-ай, өксіп-өксіп жылап жатқаныңды ішім сезетіндей-ау. Сен таң атқанша жылаушы едің, сонда менің де көзіме жас іркілетін. Жо-жоқ, менің көз жасым әлдеқашан суалған. мен оны бұдан екі жыл бұрын жылап тауысқанмын. Ей, сайын дала, сен түні бойы үн-түнсіз егіліп, сахар алдында ертеңгі күннің қамына кірісетінсің. мен анау ес-түссіз өлі ұйқыда жатқан жетім-жесір елдің келер түнге нешеуі ілігіп, нешеуі сенің суық, әрі ыстық қойныңа кіретінін топшылайтынмын.

– Жыла, жыла, ей, ару-ана! Саған бәрі кешірімді. Өйткені, осынау алапат сойқан дүниенің, итше ырылдасқан үзірі жоқ татты тірлігіне сен кінәлі емессің. Көзін тырнап аша сап дүние жиятын – өзегі талып өлгенше жиятын пендеден кей ретте ит озық. Олар ырылдасқаны болмаса, қырқыспайды. Қабысқаны болмаса, шабыспайды. Ей, алла, айтақтап итті итке қосатын да алакөз адамдар. Ей, аруана, ботанды дала бөрісі жеген жоқ, жоңғардың төресі жеді. Үш күннен бері боздауды қойып, үш күн бойы ыңыранып келесің. Боздағаныңды құлағыма


ілмеп едім, бүкіл Тобықты боздап келеді ғой, ыңыранған үнің жаныма батты, қанталаған көзінде мені кінәлау бар. Осынау шұбырындының ендігі басалқасы, қатын болсаң да, өзіңсің ғой дегенің шығар. менен қайран жоқ. Бірақ, сенің қайғың – менің қайғым екені кәперіне кірмейді-ау, хайуан. Жыла, жыла, алды- арты бұл емес; есіңде болар өз буыршының өзіңе шөкті ғой; жақсы ырым ба осы; жаман айғыр жатырына шабатынның кебін кидің; өспес елдің айтары өсек, ермегі төсек болар; ел өспесе мал өскенін көріп пе едік, бізден бұрын сен құрисың әлі.

– Жыла, жыла, ей, дүлдүл! Ер арыса аруақ, ат арыса тулақ, арбаны ат тартқанын көргенім жоқ, арпа тартады.

Жем иіскемегеніңе жеті күн болды, жетімсіреп тұрған тұрқыңды-ай! асылдар мінген арғымақ едің, артыңа жалт- жалт қарайсың, Олжай тірі келе ме? Екі көзі шырадай жанған пырағым, сенің киелі шоқтығыңнан Олжайдан өзге кім ұстап, кімнің тар тақымына түсіп көрдің? Толағай баста ми болмаса, екі аяққа зор түседі деген тегі рас екен. Біз бармаған жер, баспаған тау қалды ма? Оң табаным тарта береді, тірелер тұрақтың нобайы бел астында емес-ау деймін. Бірақ, айтқаным айтқан – мынау еңіреген көпшілік ит мініп, ирек қамшылап кетсе де, ей, дүлдүл, тізгінінді еш аламанға ұстатпаспын.

Көш күншығысқа беттеп барады.

Олжай-ерім айтып отырушы еді: жер өртенсе сумен сөндірер едің, егер су жанса, немен сөндірер едің, егер жер емес ел өртенсе немен сөндірер едің; қазақ өртенді, өртті салған жоңғар, бірақ мұны сөндірер су бар, ол – өртенген халықтың бірлігі; амал не, біз жоңғар шапқынына дейін-ақ іштей өртеніп жүріппіз-ау: – Осы сөзді айтып ауыр күрсінер еді. Жел айдаған қаңбақтай көшіп-қона беруге Олжай-ерім тумысынан қарсы.

«мынау бедірейген бетпақ далада атамыздың құны қалған жоқ. Құйқалы жерді таңдап алып қоныс тепкен дұрыс. Кезқұйрықтай кезіп жүріп, отансыз, ошақсыз қаламыз әлі. Бүгін жоңғар шапса, ертең шүршіт шығады қылышын сайлап. Көрінген төбенің басына бір отырып, терең суды лайлағанша, терліктей жерге тер сіңдіріп шаһар салған баянды. Итім қаппайды, атым теппейді,– дегеннің аузы қисайсын. Жоңғарлар бізге келген зауалдың алды болмаса, арты да емес.


Олжай-ерім айтып отырушы еді: «тілге шебер, іске олақ елміз ғой. Түбі бізге сүйексіз қызыл тілден гөрі, ырзықты іс керек-ау. Қымыз ішіп қыз аңдығаннан миды шаршатар ой қуған жөн еді. Күні ертең заман өзгеріп, дүниенің тұтқасы қағаз-қаламға жүгініп жатса, көр соқыр күйде тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпес пе; осымен тынса ғой, бүгінгі айрандай ірігелі тұрған елдігің бөрінің қиы, бөкеннің сирағы болып тозбас па. Қыран баласы кияға қарап өсер болар. ал қырағы балапанның алдында қарап өсетін қиясы жоқ екен, қияңқы боз дүние жатыр екен, сонда не етпек? Әркімнің түймедей қайғысы өзі үшін түйедей ғой. Тана беріп алған да қатын, тай беріп алған да қатын... мені мазалайтын осы – қыранның балапаны асқаралы қиян таба алмай, шарқ ұрар, шарқ ұрар... Сонсоң барып сасық сайды мекендейді. Жол көрмей жөнсіз қалады, теңін таба алмай тексіз қалады. лайым соның бетін ары қылсын», Олжай-ерім ішінен мінәжатын оқып, бетін сипайтын. Олжай-ерім маған жалт қарап: ешкіден қозы тумақ емес! – деп шаңқ етіп, орнынан атып тұрып кетер еді.

– Олжай-ерім айтушы еді: «Тұқымсыз әке – қу сүйекпен тең.

Құдайға шүкір, ұрпақсыз емеспін: айдос, Қайдос, Жандосым

– үш арысым бар. менің жоғымды солар жоқтайды әлі. Ендігі тілек, осылар ырылдаспай, алакөз болмай тату ғұмыр кешсе екен. Байқадың ба айпара, ана жолы Қайдостың келіншегі Бөкенші мен Борсаққа екі емшегін қатар беріп еді, өмірге келген қос сәби қызғанысып, бірінің бетін бірі тырнады емес пе? Тіксініп-ақ қалып едім. Олжай-ерімнің «бұдан басқа сөз- дері есімде қалмапты. Ол асылы көп сөйлеп, көпірмейтін. аз сөйлеп, саз айтатын. Кейде балаша қуанып, мәз болып отырар еді. Ол кейде құбылаға бетін беріп, әлденені ұзақ айтып күбірлейтін. Жауына ақырғы рет аттанарда құбыланы бетке алып, намаз оқып, намаз бітсе де тұрмай шөке түсіп көп отырған. Сонда менің көзіме Олжай-ерімнің еңсесі аласарып, бұрынғыдан әлдеқайда шау тартып, кішірейіп кеткені елестеген; сонда мен Олжай-ерімнің сексеуілдің шоғындай жайнап тұратын көзінен жас көріп едім; мүмкін, бұл Олжай- ерімнің ең алғашқы, ең ақырғы жылағаны шығар».


Күншығысқа беттеп бара жатқан көштің алды қоғалы көлге барып тұмсық тірегенде күн екіндіге таяған. Улап-шулаған азалы көштің дабыр-дұбырынан сескенген үйрек-қаз бытырай көтеріліп, қиқулай ұшып бара жатты. Қамыстың арасынан оқта-текте сумаң етіп, шыжбалақтап жүрген сұқсыр ғана. Ұзындығы атшаптырым көлдің ені тар; қоғасы тым сүйекті емес, құрық бойынан аспайды. Ұстараның жүзіндей сарғыш тартқан жапырағы үп етіп жел тұрса болды судыр-судыр үн шығарады. Бұл өңірге қоңыр күздің ақыры таянып қалғанын осы қуарған қауқарсыз қоғаға қарап білуге болушы еді. Қуарған қоға адамзаттың жасы ұлғайып қартайғанын еске түсірер еді. Жазғытұрым қар-нөсер суымен тоғайған көл қазір жағалаудан қашаң тартып, құз ырқына көнген жуас күйде. Жайпақтанып басталатын жағалауда лайсаң өмірдің хабаршысындай толқын айдап, іркіліп қалған салындылар, қоқыр-соқырлар жатыр. Осынау табиғаттың ерен күшінен туған бейқарар көңілсіз көріністерді – мынау ұлардай шулап, босып бара жатқан елдің ендігі тірлігіне ұқсатуға болушы еді. Иесіз қаңырап тағылықка айналған өңірді ойып орналасқан көл екеш – көл ел-жұртты сағынып қалған ба, қаңғылестеп кеп қонған қаралы көштің

– жаралы көштің мұң-зарын салқын күйде беті жыбырлай тыңдап жатты.

– Осы жерге түйені шөгеріп, белін босатыңдар. Еру боламыз, – деген әмірлі дауысы естілісі мұң екен, тұйыққа тірелгендей боп ошарылып тұрған көш жапа-тармағай қоныс қамына кірісті. Есік пен төрдей боз биенің үстінде қамшысымен мықынын таянып отырған әйел басындағы аппақ қарқарасын қайта бір түзеп киді де, жер шола ілгері тартты. Бұл – Олжайдың бәйбішесі айпара-ана еді.

Кешқұрымға ойысқан әлеттің қазіргі сипаты өзгеше жадыраңқы далиған кең даланың марқажонданған белқы- раттары бұлаңытып әлдеқайда... алысқа шақырады. Сахара сарынсыз: момақан, былайғы өмірдің алыс-жұлысынан тысқары салқам сері күйде екен. Батып бара жатқан күннің алтын алауына шомылған сарғыш тартқан бетеге мен жусан, бұта мен қараған, жаздай құлпырып келіп, күзде ұзатылар арудың ең ақырғы жасануындай, ең ақырғы қыз күлкісіндей


еді. аса қызарып батқан күн көксеңгір аспанның қақ жарымын жалқын шұғылаға орап, қарасапай – жай оғынан қалып қойған ұшқының бірте-бірте сама әлемін өртеп бара жатқаны сықыл- ды. мизамның бүгінгі кеші бөлекше сұлу. айпара-ана бейтаныс өлкенің жүрегін дір еткізер көркем көрінісін құштарлана қызықтаған жоқ; әйтсе де әлдеқашан көмескіленіп, көңілден шеттеп кеткен қызығы мол дәуреннің, қызығы мол күндердің үзік-үзік елестері, әлдеқашан жоғалтып алған жастық кешеуінің ұлы жіңгір той жасап, Олжайға ұзатылар сәтінің шаттығы бұлаң етіп, көз алдынан бұлбұлша ұша бергенін сезінген. Осы бір таңғажайып бейуақыттың сиқырлы күші жетелеп елден ұзаңқырап кеткен екен, боз биенің басын әнтек бұрып кері тартты. Піскен шөп биенің тұяғына тиген сайын сырт-сырт үзіліп, сырғаша сылдырлап қалып жатыр, қалып жатыр...

айпара-апа қайтып оралса, Олжайдың тоқалы Дариғаның алты қанат ақ отауын тігіп үлгерген екен. Қапсағай жігіттер білекті сыбанып тастап, сойыс қамына кіріскен. Қара жаулықты бірер әйелді ортаға алып бір топ қырмызы қыз қоға арасына сіңіп барады... Әлгінде ғана ит-құстың мекені болып жатқан көл адамзаттың мәңгілік ерекшелігін, құдыретті күшін айғақтап, ию-қию тірлікке көшкен. Әлгінде ғана үрке ұшысып кеткен үйрек-қаз қоғалы көлдің арғы жағалауына шолп-шолп қонысып жатыр. Бірақ құс атып, алаң болатын жұрт бар ма? Бәр-бәрі бүгінгі түннің жылау-сықтаусыз тынышты өтуін іштей тілеп, ас-судың қаракетінде жүр.

айпара-ана бағанағы ат үстінде мазалаған ойдың ұшығын өлі де жоғалтпаса керек. Бір тостаған салқын саумал ішкені болмаса, әркімге бір сөйлеп мазалаған жоқ, үнсіз отыр. Бәкін- шүкін шаруамен жүрген келіндері аяғының ұшымен кіріп, ұшымен шығады. Жер ортасына келіп қалған аппақ сазандай әйелдің қарашығы мол тұнық қара көзі бұрынырақта жалт- жұлт етіп тұрушы еді, қазір оның орнын ардақ аналықтың белгілері басқан: салиқалы, көпті көрген адамның көшелі сабырлығы аңғарылады. Ет-жеңді толық денесіне артық- кемсіз баяу әрі еркін қимылы аса жарасып, төбедей боп төр алдында отырғанда есіктен именбей кіруің екіталай. Еріне сөйлейтін орнықты сөзінен шашау шыққан бекерлікті таба


алмайсыз. Тобықтының игі жақсысы айпара-ананың бетіне тура қарағанды қойып, бұл отырған үйге рұқсатсыз басын сұққан емес. айпара-ана оларға зәбірі өткендіктен бе, жо-жоқ... мысы басып кетуші еді. айбынды ананың алдынан көлденең өтпейтін келіндері, қорқу-үркусіз-ақ шыншыл ниетпен жақсы көретін. асқан адамгершілікке толы сұлу дидары жарқ еткенде жақсы көрмеуге шамаң да жоқ.

айпара-ананың бүгінгі сынық жүзі көшкен елдің кәрі- жасына оңай тимеді. алдан бір төтенше қауіп күткендей болатын. Неліктен жауар бұлттай түнеріп отырғанын біле алмай, Олжай мен Қайдостың кешігуі себебіне жорысқан.

айпара-ана әлгінде ғана көз алдынан сылаң етіп көрініс берген баян даланың бүгінгі өзгеше дидарынан тіксініп қалса керек. Дала оған біртүрлі қорқынышты болып елестеген. ақселеу мен бозкөдеге оранып жатқан сахараның іңір алдын- дағы қан қызыл пошымы, ақырындап соққан қоңыр желмен жағаласып, жүрегіңді шымшылап, күні ертең салып ұрып келетін шерлі күйді қоздырғандай еді. Иесіз жүдеп-жадаған өңірдің үзіліп-үзіліп жетіп тұрған салқын лебі бой тоңазытып, әлдеқандай бір суық сырдан хабар жеткізіп, қызара бөртіп батып кеткен күнмен мынау елдің де бар арман-мақсаты жоғалып бара жатқан секілді; сазарып жатқан сахара қатал да суық. Сонда айпара-ана осынау жадау көрініске қарап тұрып:

«Олжай-ерім қайда жүр екен?» деп терең күрсініп еді.

Таспиығын санап үнсіз отырған айпара-ана елең етіп қалды

да:

– Әй, біліңдерші, үй сыртындағы не дүбір? – деді елегізіп.

Есіктен атыла шыққан Жандос ізінше қайта оралып:

– Көтібақ пен Топай ғой, кайтып оралған,– деді.

– Тентектер-ай, шауып келіп үйге ат басын тіреу – жаман ырым деп, неше рет айтылды ғой,– деді кейи.

Сосын айдостың келіншегіне қарап майда үнмен: – Құмалақты әперші, – деді. айпара-ана құмалақ ашарда үйде жан қалмай-тұғын.

Ол ұзақ-ұзақ күбірлеп мінәжат оқып, бар ділімен бетін сипады да алдында иіріліп жатқан жып-жылтыр құмалақты үшке тең бөліп тарта бастады. «Бисміллә рахман рахим,


пайғамбар бал ашып, шопан ата салған, құмалақсың ғой. Қайдосым Жоңғарлардан есен-сау оралатын болса ашпас әліп болып түс». Құмалақгы бірінен кейін бірін тартқан сайын ананың ақ дидары сұрланып, ұрт еті суала түсті.

Үшке бөлген құмалақтың басқы қатардағы шеттері екіден, ортасы бірден, ортаңғы қатардың сол жақ шеткісі үш, ортасы төрт ал оң жақ шеті бір тастан айналды да ең соңғы қатардың екі жақ шеткісі бір-бірден, ортаңғы тас төрттен тартылды. айпара-ананы шошытқан да құмалақтың осылайша ойсырай иірілуі еді. «Балам екі босағада да жоқ, – деді шалқалай күрсініп,– Құйысқаны бос. Екі бүйірі суалған. алды ашық. Қаранөпір емес жым-жырт болып жоғалған-ау. Жүрегі күпті. Құдай-ау, бұл не деген ызым-қайым дүние. Сұмдық-ай, көптен бері мұндай құмалақ түсіп көрген жоқ еді. Кеше Олжай- еріме тартқанда екі аяғы үзеңгіде, басы жалаң бас, өз үйінің жастығында, алды тұйық, көңілі тоқ, қайғысы жоқ, салаң етіп көшті қуып жетердей болған соң, осы жақсы ырымды баламнан бөле қараған жоқ едім... Қайран Қайдос, асыл азамат

– ортаншы ұлым, ортаң қолым едің, сен жау қолында қалған екенсің. Сен енді маған жоқ екенсің. Бақыл бол, ұлым, бақыл бол». айпара-ана алақанын жайып, бетін сипады. Содан кейін дыбыстап келін-балаларын шақырды да: – Өз-өздеріңе берік болыңдар, Қайдостан айырылыппыз, – деді. Бір үйлі жан дым сызбай сазарып отыр. Дауыс шығарған ешбірі болған жоқ. Бәр-бәрі де төр алдындағы кемпірге жаутаң-жаутаң қарайды. Тек қай-қайсысының көзінде де іркіліп қос тамшы жас тұрған. Сорғалайын десе анау қабат-қабат төселген көрпенің үстінде малдас құрып, түнеріп отырған ақсұр бәйбішеден жасқанғандай. ақ кемпір: – Осы азалағандарың да жететін шығар. Шаруаларыңа бара беріңдер, – деп, ишара жасаған соң есіктен жапа-тармағай атыла жөнелді. Сырттан өксіген дауыс естілді. айпара-ана қолындағы құмалақты қайта шашып жіберді де, Олжай-ерім таң қылаң бере оралар,– деді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.