Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 9 страница



Бұдан он күн бұрын бұл елге жау бүйідей тиіп, ауа көшкенде Қайдостың әйелі екі баласы Бөкенші-Борсақпен тұтқынға түсіп қалған. Олжай мен Қайдос бір түмен қолды серікке алып, жау қолында қалғандарды құтқарып алмақ болып, ал көштің


іркілмей ілгері тарта беруін лайық деп тапқан. айпара-ана қаралы көшті бастап күншығысты маңдайға ала жосылып келе жатқан беті осы.

Таң құланиектене айпара-ана далаға шықты. Басына бүркеген қара шапаны бар. Өңі сынық. Түні бойы көз ілмеген секілді. аспан бүгін де ашық екен. Түні бойы сайран құрған куақы жұлдыздар бозаң тартып қор болып, құрдымға айналған. Қылаяғы Шолпан жұлдыздың құты да қашыпты, кейіпсіз. Таң алдындағы өлі ұйқы меңдеген өңір: анау қоғалы көл, сонау жусап жатқан қотан-қотан қой, шық басып солпиып жатқан бұйраттар – жүдеу кейіпте. Тек үйір-үйір жылқылар ғана пысқырынып, таң салқынымен оттауға кірісіпті: су-су шөпті қақ жарып маңқыстай өріп барады. Осынау суретті жіті болжап өткен айпара-ана қатты күрсініп барып: – Олжай-ерім айтушы еді: қазақтың малы өсіп, жаны өспейді, – деп. Әулие екен. – Шұбатылған етегін көтеріңкіреп алды. Қоғалы көлді сырттай, қалың қорымды қыратқа беттеп барады.

айпара-ана:

«Қырымнан таянған қиқу жоқ, арқа-белді босқа сап есі бар ел боп ғұмыр кештік қой. Ол баяғының садағасына кетті. апырау, сол қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамырстан заманда-ақ осы жұрттың пейілі тарылып, өмірге келген жас сәбиіне дейін жұдырығын түйіп емес, алақанын аша туды ғой. Осы жақсы ырым ба еді. Есік көзінде ойнап отырған жас баланың ермегі топырақ үю, бір-бірімен құшақтасып көрісу еді ғой. Осы жақсы ырым ба еді. Жандос, айналайын балам, күні бүтінге дейін көзі ілінсе болды ішін тартып таң атқанша өксіп жатады. Осы жақсы ырым ба. Жылқы ішін тартса жауын жауар болар, бала ішін тартса қайғының нышаны. Бұл елдің қатты теперіш, қуғын-сүргін көретінін Олжай-еріме бұдан екі жыл бұрын ескерттім. «Жаман сөз ауыз садағасы» деп бетімді қайтарып едің ғой арысым. Жо-жоқ, айпара қателескен емес, құдай атсын! – әулиемін демеймін, бірақ жүрек шіркін сезеді. Кеше сол көзім тартты, Қайдосыма көрінді. Дүниедегі ең сұмдық нәрсе – жаманатты бұрын сезу, басқаның іш пікірін біліп қою. Ендеше мынау жалпақ жұрттан менің шегер азабым әлдеқайда ауыр, әлдеқайда ащы. мен тартар қайғы-қасіреттің


бар ауыртпалығын қара нарға жүк қылып артармысың; қара нар жүкті ғана көтере алар, қайғыны емес; қара нар боздағанымен ойлай алмайды; дүниедегі ең ауыр – қайғы-қасірет пе екен; ойдан, өткенді жылап тұрып еске алып, ертеңді түңіле уайым- даудан ауыр не бар? Қайғысыз қара суға семіргендер – ойсыз- дар да. Қысқа түнде қырық рет оятып, сарбас масадай ызыңдап санамнан кетпейтін, ей, мазасыз ой, сен емеспісің; мені шымшылап тыншымды алатын не? Қара басымның қамы ма, бала-шағаның сауғасы ма? Олжай-ерімнің амандығы шығар... Ей, еңіреген ел, сенің тілеуің еді тілейтінім; ей, қаңбақша көшкен көпшілік сенің тілеуің – жүдейтінім. Жоңғардың қоқайы басқа түскен зауалдан көрі, жұлқысып өткен тірліктен ендігі зәуде бірлігіңе шақырғаны да. Саржамбас боп ауырған адам азап отына өртене-өртене, ертеңгі күнінен төте шипаны дәмете-дәмете, ақыр аяғы өлімнің құрығы таяп, үміті үзілген шақта бұл пәнидің соншалықты қымбаттылығын тұңғыш рет әрі ең соңғы рет сезініп, аз ғана күнгі бар мәзірге шалықтап мәз-мейрам өткен күндері әншейін құр далбақ екенін көкірегіне түйетіні бар; сонда әлгі тіршіліктен күдер үзген бейбақ мынау жалғанның түкке керегі жоқ алдамшы боз дүние екенін тағы да ақтық рет сезер болар. Е, өмірге келген әр сәби қабырғасы қатып, бұғанасы беки сала өзін дәйім биіктен көрсеткісі келіп және өне бойы осынау биіктікті аңсап, соған өрмелеп өтері хақ. Бірақ, ол биіктіктің ұшар басына шығар бар, шықпас бар. Ең абыройы сол биіктік – мансап емес, халық қамы болса. менің жамиғатымның тұла бойында сол хан көтерер қасиет қай белгісімен нышандалып жүр? Өсер бала неге әуес?

Олжай-ерім айтып отырушы еді: «Қоянды қамыс, ерді

намыс өлтірер. ай, айпара-ай, осы намыс құрғырың кеміктеліп мүжіліп барады-ау».

Олжай-ерім сөзін осылайша тұйықтайтын. Сонсоң, керегеде ілулі тұрған он екі өрім қамшысына, кісесіндегі нар кеспегіне шаншыла қарап, ұзақ ойланар еді. маған сонда ерім қазір қанжарын жұлып алып, өңдіршегін орып жіберердей елестейтін. Бірақ мен Олжай-ерім ондай пасық өлімге әсте де бармайтынын, қыранша қия-құзда қаза табарын білемін. Жер-


жаһанда армандамайтын, әлде нені көксемейтін адам бар ма? Олжай-ерім ылғи да елінің есен-саулығын Құдайдан тілер еді. айпара-ана көл жиектей қыр асқанда таң аппақ болып атып-

ақ калған еді. Бағанадағыдай емес серейіп жатқан далаға өң кіргендей. Көлден жеңіл бу көтеріліп, ептеп жайылып ауқымын барған сайын далита түсті. Күзгі сарғайыңқы тартқан шөптің басына мөп-мөлдір шық қонақтаған. Қара шапан бүркенген әйелдің сапиян мәсісі су-су болды. Шық суы көлбіреген етегін де малшыпты. маңдайынан әнтек шығыңқырап тұрған шашы дым тартқан. Кешегі өзі жүріп өткен сілемге түсіп келген жағына беттеп барады. Оның сұңғақ келген денесі сыртынан қарағанда не бір асқаралы тәуекелге, не бір көзжұмды өлімге қасқая тартып бара жатқан ананы – алып адамды елестетер едің. Жүрегін сыздатқан қайғы (қайғының ауыр-жеңілі бар ма) – болжампаз көңіліне түскен дақ түні бойы жегідей жеді, кұзғын сәріден жұлқылап тұрғызды, қолынан жетелеп Олжайды карсы алуға мәжбүрледі. Секемшіл сезім сыбырлап қойған жаманаттан жалтара алмай, неге болсын беркіт болуды сабақ еткендей. Ұл өсіріп, қыз өсірген ананың көрер уәйім-кайғысы, тартар сазайы, касіреттің қара бұлты торлап, күйзелер шағы бұл ғана ма екен? мынау қара жердің өзіндей көмпіс жаны әлі талай ақ табан шұбырындыны көрері хақ.

айпара-ана көлден қашаңдаған сайын соңын ала судан

көтерілген тұман да қуа шыққан.

Дала ақыл-естен айрылып жатыр. Жым-жырт. Бейне бір алып батырдың ұзақ жолдан оралып, ат соғып шалдығып, көз шырымын алғаны секілді. Осы дала-батыр, осы мең- зең есеңгіреген ұйқысынан мәңгі оянбай қоятындай елестеді айпараның көз алдына. мынау мәңгірген қазақтың жайсаң даласы – төрткүл дүниенің асырап алған жетім баласы іспетті. Ұзақты күн қой соңында жүріп, жалқы сәт мызғып, көз шырымын алғаны секілді. «мына ұйқы – тек жетім балаға тән ұйқы, – деп ойлады айпара-ана,– һәммәт боп жаралған жетімек осылай қол-аяғын бауырына алып бүк түсіп, бүрісіп (қаперсіз емес) елеңдеп ұйықтар болар. «Тәйт!» десең, зәре-құты қалмай зытар болар.


Олжай-ерім айтып отырушы еді: «Елдігі жоқ ерлерді етік киісінен-ақ тануға болады. Олар өкшесін әрқашан кисық басады, олардың жұлығынан бастап жұлынына дейін қыңыр келеді».

айпара-ана арғы беттен құлдыраған жалғыз атты жолаушыны ал дегенде-ақ өз күйеуіне жорыған. астындағы теңбіл көгі қатты жүріс өтіп кетсе керек, болдырып ілби аяңдайды. атты иесі де қыстағысы жоқ. Онда да күндіз-түні итің-итің жүрістен жалығу, талығу бар секілді. Күні кеше ғана қалың көпір көш жүріп өткен даланың жон арқасы білеуленіп, қолдың саласы іспетті ұсақ-ұсақ сілемдер сайрап жатқан. Әлгі сыбай атты жолаушы осы ізді қуғындай жетсе керек.

Есік пен төрдей теңбіл көктің бел ортасында еңгезердей боп серейіп отырған жолаушы шынында да Олжай еді. Екі- үш күншілік жерге ұзай ауып кеткен ел-жұртының соңынан із кесіп, қуып жеткені осы. Түн қатып, түсі кашқан бәдені калыптағыдай емес; теңбіл көктің үстіне қасқайып отырушы еді; жақпарланып біткен апай төсі қушық тартып, қадала қарағанда өңменіңнен өтетін ала көз қанталап кеткен. алып бір темір құрсау оранған аш аруақ секілді. ауыр азаптың, кан кешкен шайқастың таңдайыңды ойып түсер ашутастай кермек дәмін еңку-еңку жылдар бойы татып, ел намысы, жер күйісі үшін шыбын жанды шырқырата найза ұшына байлап, жалау ете көтеріп, бүгінгі жамиғат, ертеңгі ұрпақ алдындағы бар борышы – міндетінен құтылғысы келген ердің салы алғаш рет суға кетіп келе жатқан. айпара-ана күйеуі аттан түсіп өзіне қарай аяңдағанда ер еңсенің қатты қажығанын байқады. Бірақ, тәкаппар боздақ әйел алдында сыр білдіргісі келмей, кеудесін шалқақ ұстап қара жерді дүрс-дүрс нығыздай басады. Қанша нығыздағанымен, қанша кердеңдегенімен жол соқты шаршастың табын өзге болмаса да айпара сезетін.

– ат-көлік аман жеттіңіз бе, ерім?

– Құдайға шүкір.

Қысқаша тілдесудің – есендесудің соңын ала аз-кем бір- біріне қадала қарап қалды да, осы көріспеген күндер ішінде бастан кешкен уәйім-қайғыларын айтпай-ақ сезіскен. Сонсоң көктеңбілді айпара жетегіне алды. Жаңа ғана ұйқыдан серпіліп, қыбырлай бастаған ауылға беттеген.


Көл жақтан қоңылтақ жел тұрып еді, әлгінде ғана ыдырап сейіле бастаған тұманды оқыс айдай жөнелді. Қоғалыда шөгіп жатқан қоп-қою тұман қозғалып, түйдектеле-түйдектеле жел ырқына көшті де, ол да жағаға жармасты.

Олжай мен айпара қалың тұманның арасында қалды. айпара айтты:

– Екі баланың тым құрыса бесігін тартып әкеткенің оң болған екен, ерім. Әйтпесе ырымға жаман ғой.

– Қайдостың өлгенін сезіп қойғаныңды біліп едім, айпара. Қайтеміз, халық басына қара бұлт болып торлаған зауалдан көрмесек... мені қинайтыны – жау қолында қалған әйелі мен екі баласы.

– Әйелін қойшы. «Қандай мықты деген әйел күйеуін бір- ақ жұма жоқтайды» деп, өзіңіз айтып отыратұғынсыз. Екі бала

– екі тамшы қан. Жау қолында қалғаны сол қанның бұзылғаны да.

– менің ойым да осы айпара.

Олжай ауыр күрсінді. айпара селк етіп, күйеуіне шошына қарады да, тіксіне сөйледі:

– апырай, ерім-ау, күрсіну мен жылау әйел затының несібі, ерлер үнсіз азап шегеді,– деп, өзіңіз айтсаңыз керек. Сіз қатты өзгеріп кетіпсіз. Іштей таусылмасаңызшы, сізге үйлеспейді ол қылық, бәрі де ұмытылар. Өмір деген мынау тұман секілді емес пе. алдың ашылып, артың қымталып отырады.

– Әй, айпара-ай, мен де осыған қиналып келемін-ау. рас айтасың, өмір дегенің тұман, тек шыр айналаңды шырмап

– от орнындай жерді ғана болжай аласың. алдыңда не күтіп тұр, білмейсің, өткеніңде не пайда, есте қалмайды. Бірақ осы қалың тұман сейілгендей болса, мынау жүдеп-жадаған қайран қазақтың болашағы жалаңашталып, бұрынғысы қуарған қу сүйекке толып қалса қайтер ек.

Тұман айыққанда атасы басқа алашқа көрінер сиқымыз қайсы, етегін ашып күлсін.

«арғымақ аунаған жерде түк қалмай ма?» Бірақ айпара бұл ойын айта алған жоқ.

айпара күйеуінің бұл пікірін құптағысы келмеген. Күйеуінің пікірі қанша ағат болса да, қарсы тұрып, теріске


шығармайтын. Бекер екенін біле тұра үндемеуі – құптағаны емес, ел қорғайтын ердің сағын сындырып, алтын басын пәтуасы жоқ қытымыр қаңқу сөздермен мәңгірткісі келмейтін. Ер адамның барын асырып, жоғын жасырып отыру; ер адамның алдында сүйреңдей бермей инабатты болу, әмбесінде ізгі жүректі кешірімді кеңсалқар болу әйелдің борышы деп түйетін: айпара-ана Олжай-ерінің ернінен шыққан әр сөзді пір тұтып, азаматты қадірлеуді келіндеріне сабақ ететін-ді. Жоңғармен арадағы қырғын соғысты көреген ананың әлгі ерлер турасындагы пиғыл-ниетін дұрыстыққа жорыған.

Күншығысқа беттеген қаралы көштің дені жесір қалған қатындар еді. Қай-қай соғыстың да азаматтарға тартар еншісі осы.

Олжайдың келісі тым төтенше болды ма, дүзге шыққан бірер ақ жаулықты әйелдерден өзге жұрт байқамай қалысты. мына арып-ашыған сықпытымен ел көзіне көрінуге Олжайдың да зауқы шаппады. Қанжығадағы арқалығы сүйектен жасалған бесікті шешіп алып, көк теңбіл аттың ер-тоқымын сыпырды да отқа жіберді. Іші бұраудай боп тұрған ат жата калып ары-бері аунап түсті. Сілкініп-сілкініп алды. Татыларша жер иіскелемей басын қаздита ұстап, қырға желіп кетті.

 

* * *

Қоғалы көлдің жағасына ұзақ аялдамай күні ертең қайта көшетін болған соң аз күнгі қоналқыға бола Олжайдың тоғыз қанат ақ ордасын тікпей, тоқалы Дариғаның алты қанат отауында отыр еді уақытша. Бұл отау Олжайға амандасып, Қайдос өліміне көңіл айта келген адамдарға таршылық жасады; қысқа есендесіп, «Қайдостың иман байлығын беріп, алдынан жарылқасын» деген сықатты сөздерден соң ізінше шығып кетісетін. Тобықтының игі жақсылары, ендігі қалған атқа мінер ер-азаматтары түске дейін толық келіп біткен. Неше күн бойы сүйретпеде салдыр-салдыр шайқалып, әбден пісіліп, бабында тұрған күздің таңасқан жарау сары қымызы да сарқылуға айналған. Түс әлетіне дейін үш рет еселеніп, ет әкелініп, сүрі араласқан жас еттің тоғын басу үшін шара-шара езілген құрт ішілді. Бұдан сон, бас ауылдың ақсақалдары Қайдостың


жаназасын осы жерге шығарып, ескі ырым бойынша кісі бойындай ағашқа жерлеудің бар рәсімін жасап, асын беруді ұйғарысқан.

Түстен кейін кісі аяғы саябырсыды да, айпара-ана мен Олжай оңаша қалысқан. айпара-ана ұзынды қаракеш көзіне жас алған жоқ. Дариғаны бас қылып, келін-кепшіктерін қаз-қатар отырғызды да, көңіл айтуға келген қатын-қалашты соларға көрістірді. Таң атқаннан бермен із құрғатпай көңіл айтып, кіріп-шықкан екі жүз қаралы кісінің бірде-бірінің аузынан

«артының қайырымын берсін» деген тілеулі сөзді естімегеніне қайран қалды айпара. Өзі осыған пәлендей мән бергісі келмесе де, іштей елегізіп, жарым көңіл отыр еді. Олжай болса қаз- қалпында: жауар бұлттай түнерген, қабағын ашпастан салқын ғана есендеседі, салғырт қана тіл қатады.

айпараның көкейін кескен Қайдостың өлімінен гөрі, дұшпан қолында қалған егіз ұл-тұғын. Өлмектің артынан өлмек жоқ, өзекті жанға бір өлім. айпараға қан сасып жатқан ұрыс- талас таңсық емес.

– Ерім, Бөкенші мен Борсақты алып келудің айла-шарғысы жоқ па? – деді күйеуінің бетіне тура қарай алмай имене сөйлеп. Олжай кесіп айтты:

– Жоқ.

айпара-ана: «мен сенің қара қазандай кеудеңнің сол қара қазандай бұрқ-сарқ шам шақыра шамырқанып, қақырап жатқанын түсінемін, Олжай-ерім. Бір түмен жігіт пен Қайдосымнан айрылдың сол екі жылбысқаны құтқарамын деп. менің сауалым тығырықка тірелген сені «ал қапияда жол тауып көрші» деп сынау емес, суға кеткен тал қармайдының кебі еді. Қарайғанда не калды – қамыс калды, өр тұлғаңда не қалды – намыс қалды. Буынсыз жерге пышақ ұрып не етейін, екі немереңді ойлап, бас қатырма, ерім. Ендігі тілек, мынау сең соққандай сенделген елдің басалқасы болып, өзің көксей беретін не Ұлытауға, не Шыңғыстауға есен-сау көсемдеп бару болмақ. Хан Шыңғысқа жеткенде хан болмайтының белгілі, ырыққа көнбей, ықтасын таппай жосыла көшкен жұрт қайғысыз қара суға семірген ел бола ма деген ниет қой. Бір жылда жетерміз, жүз жылда жетерміз, мүмкін сол көксеген


жерұйыққа жете алмай жер жастанып та кетерміз. Пенде деген әмісе бір үміттің жетегінде жүріп өлмей ме. Байғұс сіздің шешеңіз, менің енем, әбден кәртейгеңде үйден каңғып шығып кетіп, тарғақ қуып өлмеп пе еді. Құдай-ау, ауыл сыртындағы қалың шөпте секектеп жүрген тарғақты ұстаймын деп жас балаша қуа беріп, қуа беріп адасып кетіп еді-ау. Әлде алжыған енемнің көзіне әлгі тарғақ жалқы сәт елестеген бақыт құсы ма екен.

Бақыт құсы бұл елдің қолына өңі түгіл түсінде қонбайтынын қайдан білсін, бейшара... Бірақ, топырағы торқа болғыр енем менің бетіме – «әй» деп ажырая қарап көрген жоқ. Жалғыз- ақ көз жұмар сәтінде: «Келін шырақ, Олжайымның бетінен алма, азамат қой, көзіне шөп салма» деп, екі тілек аманатын қалдырып еді. Еркегі жұмбақ айтып, әйелі шеше алмай жатса қандай жарасымды, ал енді «қатын айтқан жұмбақты күйеуі шеше алмаса киын-ақ. Олжай-ерім, сіз бен біз жұмбақ айтысып көрдік пе. Екеуміз шеше алмайтын не бар еді. Шатқалаң шақта сені қинайтын намақұл сөз айтпаймын да. мұным от басының берекесінен туған қаймығыс емес, қалың дөңсеңнің жуан ортасында жүрген ер еңсеңді жасытпаймын дегенім. Сенің жез бауыр қамшың әйелді тезге салу үшін емес, еркектік қасиетіңді танытып, жауынды жасқау үшін жасалса керек. лайым кейінгі қалған келіндер осымды лайық тұтса етті... Жау қолында қос ұлан қалды дегенше, жаныма жазылмайтын жара түсті десеңші. Сарманымды шақырып, қанша қақсағаныммен жоңғарда қалған қарақтарымды қайтарып, үйіріме қоса алам ба; тым болмағанда тірі қалдырып, жаудың итіне талатқанша өлтіріп кету керек еді. Олжай-ерім, бойында шыбын жаны болған соң ерте өлімге қимады білем сәбиді. мен қиямын, мен құрбандыққа шаламын.

Бүйтіп, Олжай-еріме емініп отырғаннан түсер пайданың реті бар ма... Елге дабыра қылмай-ақ епті есебін табармын... Іргелі жауды күшпен қорқыта алмайсың, қорқытқанымыз сол ма, екі баласын құтқарамын деп жүріп өзін оққа байлап берді емес пе Қайдос. Іргелі жауға көрер көзге елеусіз дәруіш керек. айламен істелген іс қоянды жымынан алар. Көз қытықтатпайтын ескерілмес бала-шаға аттандырған ләзім. Егер


менің көзім алдамайтын болса, қос сәбиді алып қашу үшінші ұлым Жандостың қолынан келсе керек. Екеуін құтқарамын деп жүріп, төртеуінен айрылармын ба? Тәуекел деп тас жұтсам

– тамағыма тұрып қалар ғой. Көзі жайнап тұр, әй сол ұлымнан шығады. Дегенмен шақырттырып, сынап көрейінші өзін».

айпара-ана үй босап, оңаша қалған сәтінде Жандосты шақыртты.

Жандос айпараның ат жалын жаңа ғана тартып мінген үшінші ұлы. Екі көзі қарақаттай, сүйегі кесек, бітімі шомбал қара бала. Сынаптай жылпылдап, бір орында меңірейіп көп тұруды білмейтін қағылез. Түр-түсі Олжайдан көрі айпараға ұқсас. Олжай отауына именбей емін-еркін кіретіннің бірі осы. Бұл ретте де қас қақтырмай сумаң ете қалып еді, айпараның қолынан тәспиығы түсіп-ақ кетті. Шешесі қапелімде сусытып алған тәспиығына ұмтыла бе-рем дегенше, барыстай ырғып келді де, одан бұрын қағып алып, саусағына іле қойды. Ұлының осыншалық шапшаңдығына аса риза болған ана ақырын ғана жымиды да, маңдайынан иіскеді. Жандос орынсыз еркелікке жеңдірмей бойын тез ширатып алып, әкесінше малдас құрып

«не айтар едіңіз» дегендей айпараға шаншыла қарады. Сезімтал ана ұлының бойынан өзгеше бір тосын қылықты, ерте есейгендікті байқап, осы ерте есейістің бар себебін – бұлаң құйрық заманнан іздеді. Ойын баласына ой салған қалың Тобықтының азып-тозуы, күркірей өтіп жатқан күйзелісті жылдар еді.

– Балам, сен түсіңде әсіресе нені көп көресің? – деді айпара салқындау сабырмен.

– Сені, – деді Жандос іле жауап беріп.

– Сонан соң?

– Былтыр ботасы өлген маяны.

– Содан соң?..

– Содан соң түсімде ылғи жылап жүрем. айтқандайын кеше түні Бөкенші-Борсақ кірді. Ит еміп отыр. айпара тіксініп барып: – Жә, жетеді! – деді. – Санға біткен бір толарсақ барын білесің бе?

– Білемін, бірақ сол санның бір тобығы да бар ғой.

– Ендеше толарсақ Қайдос та, тобығы – сен. мына менің


тар құрсағымды кеңітіп, тас емшегімді иітіп өскен төлсіңдер. Қайдос адал өліммен аттанып кетті. Бұл жалғанда кім қалмақ. Өгізге туған күннің бұзауға келері хақ. Оман дарияның ортасында қаңғи аққан салынды сияқтымыз... Сол Қайдостың әлгіндегі өзің айтқан «ит емген» екі ұлы барын білесің... Оларды да шешесі тасқа тауып, қасқырдың бауырына телімегені рас...

– Әулие шеше-ау, тоқ етерін айтыңызшы?

– Әй, ақыр заманның баласы-ай, тоқ етері керек болса – сол екі ініңді «ит емізбей» алып кел.

– мақұл.

– Кесіп айттың, ойлан.

– Кесіп айтқаным – шешіп айтқаным. Осындай бір киелі сапарға шығарымды сезгендей алағызып, іштей дайындықта жүруші едім.

– алдыңнан жарылқасын, балам. Көп айтып, аз айтып ескертерім – әкеңнің сапияннан тіктірген жұмсақ қоржынын беліңе буа кет. Көш сені тоспайды. Қайда аттанғаныңды басқа түгіл, әкең де білмесін. Ұлы істі үндемей тындырар болар. асығыстық – қатер, жаныңнан тастамайтын жалқы жолдасың бар, қысылғанда медеу, сүрінгенде сүйеу болсын, ол – сабыр.

 

* * *

Түн еді. ай бар еді. аспан таза еді. Сол түнгі, сол аспаннан сол ай мұңды да сабырлы нұрын салқын ғана төгіп тұрды. Қоғалы көлдің беті жыбырлап, жағасында жайрап жатқан қалың елдің ақ тілекшісіндей мінәжат айтады. Сол мінәжатты қамыс арасынан оқта-текте естіліп қалатын әупілдектің қоңыр үні қуаттайтын. Саябыр тауып, салқам жатқан дала ай сәулесіне шомылып, маңқиып түн тыныштығына бой ұсынады. Қойнын ашып, төсін керген жалпақ даланың толықсып, бір сәт тыныстауын жел екеш – жел таңсық көргендей: үзіліп-үзіліп майысып керімсал соғады. Әр үйдің есігі ашылып-жабылған сайын жер ошақта қоздап жанған оттың жарығы жалт етіп қалады. Жалт ете калған от сәулесі жалт етпе қазақтың өміріндей, арман мақсұтының жыртың- жыртың шырақшысындай. Тымық ауаны тілгілеп, сумаңдаған жел шидім-шидім шилерді бас салып жұлмаласа, сыңсыған



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.