Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 1 страница



АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ

Бастау................................................................................ 4

Апамның астауы.............................................................. 6

Бес тиын.......................................................................... 21

Биғаң............................................................................... 30

Иғаң................................................................................. 36

Қасқыр ұлыған түнде.................................................... 42

Қияли.............................................................................. 59

Көк тайынша.................................................................. 64

Күлпəштің ұршығы....................................................... 74

Құлашаның шоты еді..................................................... 83

Құмар қол бұлғапты...................................................... 92

Маңдайдан бағың шайқалса......................................... 99

«200 грамм энергия»................................................... 111

Мəшəбинə..................................................................... 116

Тоқадан қалған тұяқ.................................................... 122

Тортай мінген ақ боз ат............................................... 129

Іздегенін тапты ма?..................................................... 138

Екінші бөлім

ƏҢГІМЕ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ

Дос сыры....................................................................... 148

Шұғыла......................................................................... 159

Қамшыгер..................................................................... 171

Бура............................................................................... 190

Кербұғы........................................................................ 208

Жесірлер........................................................................ 226

Жасын........................................................................... 268

Ардақ............................................................................. 298

Сарыарқаның жаңбыры.............................................. 330

Жылымық..................................................................... 354


«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының президенті Дидахмет Əшімханұлы

Оралхан Бөкей

Шығармалары

4-том

Əңгімелер

Редакторы Күнімжан Ерлепес

Техникалық редакторы Ниязбай Оразымбет Суретшісі Бауыржан Байділда Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова

ИБ № 128

Теруге 10.05.2013 ж. берілді. Басуға 17.06.2013 ж. қол қойылды.

Пішімі 84×1081/ . Қаріп түрі «Times New Roman».

Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 20.

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №


 

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы.

Абай даңғ. 143, 517 бөлме

Тапсырыс берушінің файылдарынан

Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нда басылды.

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көше

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-44

Б 78

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Бөкей Оралхан.

Б 78Шығармалары. Повестер, әңгіме-хикаяттар, пьесалар.

/Оралхан Бөкей. – алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. 5. –384 б.

 

 

ISBN 978-601-7317-51-5

Көптомдықтың бұл 5-нші томына жазушының кезінде оқырман- нан жоғары бағасын алған «Қайдасың, қасқа құлыным», «айпара ана» сынды повестері мен бір топ әңгіме-хикаяттары және екі пьесасы еніп отыр.

 

 

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-44

ISBN 978-601-7317-51-5                                      © Исақанова ғ., 2013

ISBN 978-601-7317-46-1                                      © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013


 


Бірінші бөлім

ПОВЕСТЕР


 

 

Ер екеніңді білейін, құлаған бәйтеректі тірілтіп көрші!

ҚАЙДАСЫҢ, ҚАСҚА ҚҰЛЫНЫМ

Қызара бөртіп, шығар күнді маңдайға ала қос жолаушы атқа қонды. ауыл әлі уыз ұйқысынан ояна қойған жоқ, иттердің басын басып кетсе де мыңқ етпейтін өлі тыныштық ұйыған. Сиырлар да ертеңгі шақтың тірлігінен қаперсіз, сілекейін шұ- быртып, жалмаң-жалмаң күйсеп жатыр, тек ала сиыр ғана орны- нан үш ұмтылып созалаңдай тұрды да, керги керіліп, сонсоң тұяғын сыртылдатып өріске беттеді – жалғыз беттеді. Қорадан қора, бақшадан бақша қоймай бүлдіретін ашқарақ, қасгөй қу мүйіз қарасан сыңайлы, көзі тым алайыңқы екен. анау бір қора- қопсысы шашыраңқы аласа ағаш үйдің бұрышында алқымына көбік қақтанған ат байлаулы тұр, кір-қоңын жудырып, темекі сатып алу ойға түскен жылқышының таң асырған аты. ал төрт бөлмелі аппақ шатырлы үйдің алдында жеңіл машина тұр. Кеше ауданнан келген өкіл түскен басқарманың үйі – сол. Үйлер осылайша – дәл адамдардың өздерінен айнымай үлкен- кішіге, жаман-жақсыға бөлініп, иесінің кім екенін айқындай жыбырлап қоныс тепкен. Осыншалық мол үйдің ішінде бүгінгі таңды алғаш қарсы алып, бүгінгі күннің қыбыр-жыбыр тірлігін бастаған, түнде жабылған есігі тұңғыш ашылған, сөйтіп елден ерте оянып, ісімен озып келе жатқан қоңыр шаңырақ. Ол – біздің үй. ал таң шапағына шомылып, шығар күнді бетке алған қос жолаушы – әкем екеуміз.

Дүниедегі ең мықты, әрі ақылды, әрі мың жасайтын тек қана менің әкем екенін, менің әкемнен асқан адамды осы жасыма дейін көрмегенімді, талай ауылды, талай қаланы аралап сандалсам да таппағанымды, тіпті енді мың жылдан соң


да таба алмайтынымды, өйткені әкем мені дүниеге әкелгенін, өйткені менің әкем...

– Биенің екі өкпесін тепкілеп, тебіне берме, қызбай келеді ғой, былай шыққан соң көсемсіп аяңына басар, – деді.

Өзі астындағы шабдар аттың тізгінін ердің қасына бос тастап, насыбайын атты.

Әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдымнан күн-күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды: бірақ біз жұмыр жерді қаншалықты білеміз, сыралғымыз десек те, бәрін білмейміз, тіпті біле түскен сайын

– білмейміз, өйткені ол (жер) – бәріміздің, бар тіршіліктің әкесі, жаратушы иеміз, тусақ та, өлсек те, қайта айналып өзін табамыз. Ендеше әкемнің басы, анау қысықтау келген өткір көз... осы көз баяғыда бір... тым ертеректе, менің бала кезімде болар, жұмыла жаздап, мәңгіге жарық дүниемен қоштаса жаздап, шиеттей бала-шағасының көз жасы сақтап қалған еді ғой; осы көз ол шақта әлдеқайда отты, әлдеқайда ойлы, ұшқын атқан жастықтың, өмірге деген іңкәрліктің жалынына толы болатын. Иә, ол кезде мен әкемнің көзінен қазіргіден әлдеқайда мол қуат көргем; бірақ сол қуаттың өзі бүгінгідей асау мінездің саябыр тапқан, салқын тартқан шағында ұлы ақылға ұласқандай емес, әлдеқайда, әлдеқайда тәкаппар да тәртіпсіз еді...

Таң өте сұлу кеспірде. Тау іші болған соң жұқалтаң шық түсіпті, күннің алғашқы сәулесінен-ақ көзі жаудырап, бу боп бусанып жатты. Бұта-бұтаның басынан бозторғай шырылдап, мәз өмірінің күйін шертті. Тау алып ұйқысынан енді-енді ғана серпіліп, ал дала кеудесін дүбірлетіп, алғаш қытықтаған біздерге жүз жасар ғұмыр тілегендей еді; өзіне деген айнымас махаббатын сыйлағандай еді. мен өзімді мәңгірген күйден тез арылып, сергек сезіндім. Ертеңгіліктің таза да дымқыл ауасын құштарлана жұтып, егер әкем болмаса, торы биені шықпыртып-шықпыртып, қиқулап шапқылап кеткім бар. мұндай пиғылымды аңғарған ол: «ақырын жүріп, анық бассаң ғана алысқа барарсың», – дейтін. Сонда ғана мен көңілдің де, көк дөненнің де тізгінін тартатынмын. Жас шақта шапқылап- шапқылап алудың сөкеттігі жоқ, ол – балаға тән ерке қылық екенін әкем түсінбейді дейсіз бе? Жо-жоқ. Сондығынан да ессіз


есіртпейтін шығар. Ол тағы да насыбайын атып үнсіз келеді. Білесіз бе, оған үнсіздік жарасатын. Білесіз бе, оған көсіле сөйлеу, көсемси сөйлеу жарасатын. Оған бәрі жарасатын. Ол көріп-білгенінің бәр-бәрін маған айта бермейтін, мүмкін жас жүрегін жаралап, ауыр әңгіме айтып қайтейін дейтін де шығар. Әйтеуір, әкемнің үлкен бір тірі кітапхана екенін сезінетінмін. Әйтеуір, осы кісі...

– Неғып кейіндеп келесің, қалмай, қатар жүрсеңші, – деді. Өзі тізгінін бос тастап, насыбайын атып, орнықты отыр. мен торы биені шаужайлап, қатарласа бердім. Үзеңгі үзеңгіге тиіп, шақыр-шұқыр ете қалды. Әкем мүйіз шақшасын етігінің қонышына тықты да, алақанын қағып, тізгінді алды. Сосын көзін сығырайта алға қарады-ай! Үндеген жоқ, Таудың алып өркешінен қып-қызыл табақтың шеті қылтиды да, бірте-бірте сытылып, бақилық әдетімен көтеріле берген. Күн бұл қалпында күнбағарға ұқсаған, шет-шетіндегі тарам-тарам шашағын шашыратып, әкем екеуміздің көз жанарымызды жібек нұрмен жалғады. Қысық көзі жылт-жылт етіп, қабағын көтерген сайын ғаламат жарқылды от тұтанып қалғандай болады. астындағы шабдар ат та күннің алғашқы қою алтын арайын қақ жарып келеді. Біз нұр толқынды таң теңізін кешіп, таңғажайып ертектегідей ертеңгі шақтың кәусар ауасына орандық, сол ауамен оразамызды аштық. Біздің әлі қанша жол жүретінімізді, қайсымыздың аяқ артар көлігіміз ерте шалдығып, қайсымыздың ерте бой алдыратынымызды әкем болмаса, мен білмеймін: әкеме ерсем ғана адам боламын, әкеме ерсем ғана адаспаймын. Әкем ғана мені ерте оятып, таңғажайып таңды жұрттан бұрын көрсете алар. Тек әкем ғана арайлы шақта аялап оята алады.

Сары таңды жамылып, үзеңгілес кетіп баратқан әкем екеу- мізді әлі ауыл-аймақтан өзге жұрт, мынау алтын жалқыны кіл- кіген туған жерден өзге білмейді. ал біз секілді өмірге белгісіз келіп, белгісіз кететін қоңырқай адамдар қаншалық....

мен әсіресе, мынау жирен аттың үстінде мұртының ұшы насыбайланып, жалпиып отырған әкемді көп аяйтынмын. маған әкем: найзалы шың, жақпар-жақпар тас қоржындаған кәрі таудың – табиғаттың тағы құбылыстарының қалтарысында оқыстан туып қалған, жез топшылы қаршығаға тым ұқшасатын;


маған әкем: алтайдың арда еркесі, бұғысы сықылданатын: тағы тірліктің көп-көп қым-қуыт қызығын талақ тастап кетуге қимаған хайуан ағаш қоршаудың ішіндегі сарсыған су, таптанды шөпті місе тұтпай жиіркеніп, ұзақты күнге өз еркіндігін аңсамаушы ма еді; білем, әкем аңсай қоятын еркіндік жоқ – бірақ, әкем армандаған асыл дүниелердің көкжиегін көре алмайтынмын; өйткені, осы кісі бала кезімде қаншалық алыс, тым биік зәулім, әрі қойнау-қойнау қорқынышты тылсым сыры бар шешілмес жұмбақтай еді ғой; ержеткен сайын әкеме жақындай түстім, ержеткен сайын сонау бір балаң шақтағы жұмбақтың түйіні шешіліп, оның да қуаныш-жұбанышы, сүйініш-күйініші бар адам екенін таныдым; бір менің қорқатыным мынау: мені дүниеге әкелуші, жарылқаушы ием баяғыдай алып емес, күн өткен сайын шау болып шөгіп, күн өткен сайын ұғымымдағы асқарлы тұлғасы мүжіліп, кішірейіп бара жатқандай еді; мүмкін, мен ержетіп әкеме теңестім бе, әлде балалықтың әрі тар, әрі таза қиялындағы әкем қазіргі салқар санамда қалқып қана қалды ма... Құдай-ай, мен әкемді неге, неге биіктен - заңғардай зәулім биіктен көре алмаймын. Керемет деп жүргенім кетік қара шал ғой, аттың үстінде бүрісіп отырысы қандай аянышты еді, қарқарадай қасқайып отырмай, желқом қажаған түйенің өркешіндей боп мықыраюы қалай? Жо-жоқ, бұл түсім болар, менің әкем, менің әкем дүниедегі ең асыл, ең алып жігіттің марқасқасы болатын; бұл – менің көкейіме оралған бір ой, менің көкейіме оралған тағы бір ой: ол – бұғы секілді еді: ұзақты күнге еркіндікті аңсайтын, түн ұйқысын төрт бөліп, күресті сағынатын, күресті сағынатыны

– өткендегі аймүйіз ерлігін көксегені, ал әкемнің өткені....

– анау көрінген Таңатар тасы, – деді әкем қамшысымен алға қарай емініп тұрған ұшпа қара тасты нұсқап. – мен осы жерде тұңғыш рет өлген адамды көрдім. – Бұл сөзді аспай- саспай өте самарқау айтты да, атының басын тежеп, насыбайын атты. Көзін сығырайтып, Таңатар тасына тағы бір қарады, сонан соң созалаңдай аттан түсті. Бұл –әкемнің айылды төстей тартып, атты қайта ерттейік, алда алтайдың шапшыма асуы бар дегені.


Әкем аттың айылын тартып болған соң, қайтып мінбей, көпке дейін үнсіз отырып қалды. ал осынау оңаша ойға батқан әкемнің үнсіздігін бұзу өте қауіпті еді. Қатарласа мен де жайғастым. Шымқай таза аспанның меңіндей боп қарақұс қалқып жүрді. Біз алда асар асудың дәл алқымына ат басын тіреп, бел жазып отырмыз. Бұл - әкемнің талай таптаған сүрлеуі, талай асқан асуы. мен болмасам, ол алқынбайтынын білемін. Өмірдің ащы-тұщысы әбден пісіріп, сүрлеп тастаған әкемнің әлі уыз езу бошалаң менен әлдеқайда сіңірлі де қажырлы екенін білем; менің тартар тауқыметімді қоса еншілеп, қара нардай қасқая тартып, ғұмыр кешкенін де білемін, дегенмен мен көп нәрсені білмеймін – әсіресе, әкемнің не ойлап ғұмыр кешкенін, әсіресе, әкемнің не себептен тым-тым бұйығы, тым-тым ерте қартайып бара жатқанын, дүниенің бәріне неге сын көзімен қарайтынын... мен тіпті бүгінгі биеден қарақасқа құлынның неге тумай кеткенін сұрағанда, алысқа қарап көзі боталап күрсінетінін білмеймін... Ол қазір де терең ойға шомулы. Бірақ маған айтпайды. меніңше, жетіскен ой оралмаған секілді санасына, өйткені қабағын кіреукелендіріп Таңатар тасына қараған.

Әкем: «мынау қара тастың құпиясын ұлыма айтудың керегі бола қояр ма екен? Дүниедегі ең жаман нәрсе – жүрегіңді жастай жаралау. Жүрегін жастай жаралаған адамның оңғанын көргенім жоқ. Бір бітеу жара жарылмай сыздап, еңсеңді еңсеріп басады да жүреді. Біз балалықты тым-тым ерте жоғалттық. ал қазіргі жас сол балалықтан арыла алмай дал. Біз балалық- тың бар еншісін осыларға сыйладық па екен. Бәлкім, өмірімде қаншалықты ағат істер жіберіп, соншалықты сүрінсем, сүй- еуіш болған да сол – ертеңіме деген сенім, ертең туар балаға деген зор үміт пе? Иә, ағаттық менің ғана еншім емес, барша қазақтың індеті еді ғой. Ендеше, Таңатар жазған да сол сор боп біткен аңғырттықтың құрбаны болған. Сіңірі шыққан қара сирақ кедей болса да, дүрмекке еріп, алтайды аса көшті. рас, ауа көшкен жалғыз Таңатар ғана емес, астында аяқ артары бар азаматтардың қай-қайсысы да арғы беттен кең сарайдай боз үй табардай, бір-ақ түнде көшіп кетіскен. Осы үкіметтің алғашқы ыстығы мен суығына шыдай алмады ма, әлде ертеңіне


күдікпен қарады ма, әйтеуір жиырмасыншы жылдарда мынау алтай ары-бері сабылған елдің өткелі, ұры мен қарынын қанды қақпасы еді ғой. ырзық тергеннің қай-қайда да бірдей екенін, күні ертең-ақ Совет өкіметінің жасыл жайлау, кең төскей боп көктей қаулап, қауыз ашарын білмегені шығар; бәлкім, біреуді-біреу қанжығаға бөктерген айтақшыл уақытта ақылға жеңдіріп, алды-артын бағамдамай қалды ма? «аттан!» деген айқай естілсе, сарт-сұрт атқа қонып, айғұлақтана шабатын елдің сойыл соғары және кімді соғары қас қағымдай шапшаң болса, шілдің қиындай берекесіз де еді; тіпті тыз етпе ғана ашуы бар жұрттың қарбана созған қолы сол сойыл бойынан аспайтын да, әйтпесе, сол сойыл соғар жерде әмәнде өз туысы тұрар еді. ғұмырында аузы аққа жарып көрмеген біздің үй мен Таңатардың туған жер, өскен елін тастап тұра қашатынындай басына не күн туды; мен ойлаймын: мейлі, құмырсқа теріп жеп жүр, мейлі бір көзіңнен қан, бір көзіңнен жас ағып, теперіш көр, мейлі сулы жерде асып, сусыз жерде қуырып жесін - ата қазған жерошақты басқа жұрттың мәңгі сөнбес отына айырбастама, өйткені өзекті жанға қайда барса бір өлім, тойған да – біp, татқан да – бір, қара жердің қойнына кірген соң.

Кететін күні шешем аңырап көп жылады, әкем міз баққан жоқ, тас түйін мінезбен бар байлығын ала сиырға артты да, алға түсті. Жаяу-жалпылы соңынан шуап келеміз. Таңатар жалғыз басты жігіт еді, серілігі бар, өз тұстарының озығы- тын. астындағы қара жорға аты ақ тер, қара тер болып, күндіз- түні жортуылдап келіп жүргені. Қазір де қанжығасындағы бөктергенін салпылдатып, ұмсына оза берді. Екі иығына екі кісі мінгендей, атан жілікті жартастай боп біткен сом тұлғасы елең-алаңда бұрынғысынан әлдеқайда абажадай боп көрінеді. Егер мынау Таңатардың арқасына алты сан алаштың бар байлығын, бар қайғысы мен қуанышын артып берсең де, тірсегі дірілдемей, демікпестен қиырдан қиырға, қиыннан қияға апарар азулы азамат-ау. Таңатар қатты жүріспен сытыла ұзап көзден ғайып болды. амал не, оны бұдан кейін тірі көруге жазбады. мынау қара тастың түбінде қанға бөгіп, мыж-мыж болып жатқан жерінде үстінен түстік. Бейшара, жан бермек оңай ма, қарсыласымен көп алысқанға ұқсайды. Жарақаттанбаған


мүшесі, жыртылмаған киімі жоқ, дал-дұл. Таңатар кімдердің қолынан қаза тапқанын білмейміз, біздің білетініміз – арманы асау азаматтың қыршын өмірін қиған қандай ғана қара жүрек екен, қандай ғана қатыгез ит екен; кейін білдік, жол торыған қашқын қазақтар Таңатарды өлтіріп атын алыпты, сол түні әкем арманда кеткен арыстың сүйегін арулап қойып, өзі кері елге қайтты; сол күннен бастап мынау жер Таңатар тасы атанды, ал мен тұңғыш рет өлген адамды көрдім. ал әкем арғы бет десе ат-тонын ала қашатын болды. Күні бүгінге дейін ойлаймын. Таңатар жаңа заманның жақсылығын түсіне алмай ерте кетті арамыздан, ал ондай тіректі адамдарымыздың қаншасынан айрылдық, қаншасын оққа байлап бердік десеңізші, егер олар жер басып жүрсе... Иә, елім деп еңіреген, халқым деп қайысқан азаматтарды көлденең өткен көп аттының сауғасына қаншасын құрбан қылдық, қаншасының құйрығына шала байладық. Енді мынау, енді мынау заты емес, аты қалған әр құлпытастың түбіне бір келіп, аруағына табынып, өткенімізге өкініп отырғанымыз. Ұлыма, бүгінгі ұрпаққа тарихтың жықпыл-жықпылында жатқан, тарихтың қойнау-қойнауына өз қолымызбен тығып жіберген асылдарымызды көрсетуге бола ма, жоқ па? міне, бізді шаршатып жүрген – осы жай... атпай қалған таңдар қаншама... Таңатарды кім өлтіргенін марқұм әкем сезетін, бірақ, өне бойы аузынан шығармайтын еді де, тек жарық дүниемен қоштасар сәтінде ғана маған: «Ұлым, Сарқындыдан сақтан» – деп еді. – Бірақ мен Сарқындыны мынау жау еді деп, ұстап берген жоқпын. ана бір жылы, біздің бие егіз қара қасқа құлын туғанда қызғаныштан шыдай алмай, әлі шаранасы кеппеген жас құлынның біреуін: «мынау менің бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан менің де малым. Бие егіз құлындаса жақсы ырым емес, аяқтанбай тұрғанда, бірін өлтіру керек», – деп, сары мойын кездігімен қара қасқа құлынның бірін алқымынан орып жіберіп еді. Бірақ келесі күні сол мезгілде екіншісі өлді, жарықтық, содан кейін боз бие қайтып құлындамай, бедеу қалды-ау. Е, сол құлындарды сен де көргенсің, сен онда бес жаста едің, мүмкін сондықтан да көксей берерсің, сол қара қасқа құлынды...»


Таңатар тасы дәл біздің үстімізде мінбелей сойдақталып тұр. Не шынар, не қына бітпеген қылтанақсыз көсе тастан, жақпарланған екен: түтін шалған ошақтың тасындай қап-қара боп мерез мелшиеді, сонан соң үстімізге құлап кетердей үрейлі ызғар шашады. Бала кезімізде бір-ақ рет көріп едім, мұншалық оқшау бітімі мен қорқынышты сұсын байқамаған екем, ие мен ол шақта сандаған кітап оқып, сан-сапалақ түс көргенмін, әкеме еріп, бармаған жер, баспаған тауым жоқ, есейген сайын көзіңнің еті қоса өсіп, көбін ұмытады екенсің.

– алғаш рет кісі өлімін көргенде көзіме жас алмадым, – деді әкем маған қарамаған қалпы, мен селк ете түстім. – Бірақ оның есесін кейін, соғыста жүргенде қайтардым-ау. Ең қызығы, қанша айқайлап жылайын десем де, үнім шықпай іштен егілемін, ішім жылайды, бәлкім... бәлкім, осы тастың түбінде аса қатты оңбай қорыққанымның әсері шығар. Қатты шошыса, қандай мықты адамның үні алқымына кептеліп қалатыны рас, содан өне бойы ауруға ұшырауы мүмкін. ал атқа қонайық.

мен әкемнің қалай қорыққанын, Таңатар асуының аузында өлген кісінің кім екенін сұрағаным жоқ. Өз ырқы болмаса, суыртпақтай сұрап еш нәрсе айтқызу мүмкін еместігін білемін. айылын қаттырақ тартып жіберсем керек, астымдағы бие ыңқылдап ауырсынып келеді. Біз алдымыздағы алып асуға тырмыстық.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.