Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 2 страница



Жіңішке жалғыз аяқ жол бір жерді сан орап қайталап, ирелеңдей созылып, қытығыңа тисе, самаладай сап түзеген егіз қайыңдар бас айналдырады. Тауға көтерілген сайын, қапталдай өскен аралас орман қалыңдап, аспаннан айырылдық. Бағанағыдай емес, алыпқашты ойды қойып, аттың сүрінбеуін тілеп отырмын. алғашында астымдағы биені шаужайлап, әкемнің алдын орап едіреңдеп-ақ едім, биікке көтерілген сайын, кейіндей бердім, ал әкем бағанағы жүрістен танбай, асықпай, аптықпай, соза аяңдатып келеді. маған көзінің қырымен қарап қана қойғаны болмаса, «мұның теріс» деп беттен қақпады. мұның бәрі де жастықтың желігі екенін, ондай айқұлақ ерке қылықтар өзінің де басынан өткенін түсінгендіктен шығар. Әкем менің көп ағаттықтарымды кешіретін, мүмкін ондай шайқы-бұрқы тентектік дүние жүзі балаларына ортақ қылық-


тар екенін зерделегені-ау. мен әкемнен сескенетінмін, ол оқымаған оқымысты еді.

Біз асудың үстіне шыққанда, арғы беттің бар бітімі алақандағыдай боп жарқырай көрінді. асудың дәл үсті жалпақ жазықты, тықыр күреңсе өсетін шым-ды. Таудың осындай тақтайлана бітетін үсті әдейі жонып жасағандай тегіс, әрі құланның терісі іспетті тақыр-таза, Кілем төсегендей түктеніп жатар жерді отыра қалып сипағың, жата қалып аунағың келеді армансыз. Бірақ осы тақыр текшеге әдейі өндіріп қойғандай қаз-қатар жайқалған ақшыл, ақсары гүлдер үлп етіп жел тұрса, биші қыздардай мың бұралып, тағзым ететін. Сонда осы елдің кәрі-жасы демей гүл дариясын кешіп, үкілі ботадай ойнақтап, көкжиекке сіңіп кетер еді. Жайлауға көшкен малшылар осы тұсқа жүгін түсіріп, ас пісіріп, түнеп аттанатын. анау ойдым- ойдым қарайғандар сол оттың орны. «менің жерім» деп салған белгісі іспетті. Әкем сиыр фермасының бастығы болып тұрған шақта осы жерге біз де бір түнеп аттанатынбыз. Сонда Бөкемнің бар арманы бес жүз қаралы сиырдың амандығы ғана болатын. рас, Бөкем төре болып жүрген шағында, маған бір түрлі бөтен, қорқынышты кейіпте көрінетін. Қорқынышты көрінетіні – түн қатып, түсі қашып үнемі ат үстінде жүретін, айғайласып әркіммен көп ұрсысатын, біздің өлі-тірі екенімізді елеп- ескермейтін. ауырып, фермадан шығып, ауылға көшерде қатты қамықты. Жүк артқан ақ бас атанды осы жерге шөгеріп қойып, көзіне жас толып, ұзақ қарап еді анау алып таулы адырларға. Сонда мен әкемнің көзінен тұңғыш рет жас көрдім. Сонда мен әкемнің төрелік жұмысты емес, ат үстіндегі қиқулы жастығы- мен қоштасып тұрғанын білдім. Білдім де, өзім де өксіп жібер- дім. ал ол болса, он бес жыл бойы ыстығына күйіп, суығына тоңған қызметіне қош-қошын айтып, қабырғасы қайысты-ай. Бөкемнің атаққұмар, даңғой арамзалығын бұл жасыма дейін көргенім жоқ, әрі «сен сондайсың, сенің әкең сондай» деген алыпқашты қаңқу сөзді де естімедім. Бірақ, жұрт айтатын:

«Бөкеш тым-тым өкіметшіл». Бала кезімде осы сөз үшін шам-

данып, «сенің әкең өкіметшіл» деген сан қара сирақ баламен төбелестім де. Енді ойлаймын, ойлаймын да мақтаныш тұта- мын. Әлдекімнің аяқтан шалатынын, әлдекімнің күндейтінін,


әлдекімнің шабына от түсіп, шамданатынын білетін әкем қоғам мүлкіне қол сұққан талай сұғанақтың қатеріне ілікті. апыр-ау, сол бір кезде менің әкем ылғи да бір қарауылға алынып жүрген екен-ау. ал өзі он бес жылғы табан ет, маңдай теріне алған қозы қарын сары майды дәл осы жерде шығарып салуға келген жұртқа таратып беріп еді. мен таң-тамаша қалатыным: өкімет десе өзегін суырып беретін Бөкем тек қана бойындағысын сарқып беру үшін жаралғандай алпысында да ат үстінде арпалысып келеді. мүмкін бұл әкемнің табиғатына дарыған бітімі сойқан сенім атты – ақшоқының қуаты шығар.

Әкем ауырып, ауылға көшіп келген соң да дертінен айығып кете алған жоқ. аудандық ауруханада үш, облыстық ауруханада екі ай жатып, үйге оралды. Дәрігерлер айтыпты: асқазанындағы дертті жазу біздің қолымыздан келмейді, екі айдың ішінде не москва, не ленинградқа барып, операция жасатасың. Жазылған күннің өзінде баладай ғана тәбетің болады. Бұдан сұмдық суық хабарды осы күнге дейін естімеген шығармын. Ол шақта москваға бару біздерге ғана емес, бүкіл ауыл-аймаққа қол жетпес арман, мәңгі ұстатпайтын сағым сияқты болатын.

москва! мен саған ғашық едім. Бақытым да, шаттығым да, тіпті болашағым да саған тәуелді деп еститінмін. Әкем айтып отыратын: «Бұл елдің көзін ашып, көкірегін оятқан, зіл боп басып жатқан қайғының, қасіреттің қара тұманын сейілткен – москва!» – деп. Сонда мен жаңа жылда газеттің бірінші бетіне шыққан Кремльдің суретін қиып алып, тұсыма жапсырып қойып едім. Не керек, әкем сырқаттанғанда саған алып барып, асқазаныңдағы жараны сылдырып тастататын жолсерік адам табылмады, оны былай қойғанда, қаражат жағы да тапшы еді ғой. Көк сиырды сатпақ болды, жетпеді, көк сиырдың бұзауын қоса сатпақ болдық, жетпеді. Үйді сатпақ болдық – бес қыз, бір ұл мен шешем далада қалатын болды. Бірақ сен мойыған жоқсың, өлсең ақы сұрамайтын қара жер бар екенін білдің, сонсоң ежелгі қайсарлығыңмен міз бақпастан көндің. Көнбейтін лажың жоқ еді. Сен дәл төр алдында еденге төсек салғызып жататынсың. Қарасу ұрттасаң, қайта құсатын легеніңді жастап, көрер таңды көзіңмен атқызатынсың. Жаның қысылғанда ыңқылыңды естіртпеймін деп тісіңді шақыр-шақыр қайрар едің; жаныңда


көзі жаудырап біз отырғанда, үніңді шығармай, қатты демігер едің; сен түні бойы көз ілмейтінсің, сонда әпкелерім кезек- кезек кітап оқып, аяғыңды сипап, олар да жарғақ құлақтары жастыққа тимейтін.

Түні бойы әкемнің жанында болып, таң сібірлей ұйықтап кеткенде, әжем оятып: «Күн шығып келеді, әкеңнің саулығын құдайдан тілеңдер», – деп мазалайтын. Жалғыз ұлы, артында қалар тұяғы болғандықтан ба, Бөкем мені алғаш ауырған күннен бастап ет бауыры елжірей жақсы көрді. «Ұлымды он беске толтырып кетсем, арманым не, кім-кімдерден таяқ жеп, кімнің босағасына телмірер екенсің», – деп әкем даусын шығарып, қатты солқылдап жылады-ай кеп, біз бәріміз, бүкіл үй-ішіміз боп еңіредік. Өйткені, біздің шаңырақтың іргесі берік еді. ал қазір біздің үйдің шаңырағы мен керегесі әкем ыңқылдаған сайын шайқалатын.

Дәрігерлер белгілеп берген екі айлық ғұмыр көмбеге жақындаған сайын, әкеммен бірге біздің де деміміз бітіп, дәм- тұзымыз таусылардай күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылдық. Дүниедегі ең қорқынышты нәрсе өлетін сәтіңді күні бұрын білу және соған дайындалу болса керек. мен еститінмін, ерлі- зайыптылар бір-бірін алты-ақ күн шын жақсы көріп сүйеді, шын қанжылап жоқтайды; үйлену тойына үш күн қалғанда, бір-бірін өлімге аттандырғанға үш күн өткенше - шын өтірігін қайдам, менің шешем әкемді о дүниеде де бар болмысымен жақсы көріп өтетін секілді. Бөкем бір ауырса, анам екі ауыратын.

Біз енді тек әкемнің қалған үш күн ғұмырын ғана шалдық- қан көңілге медеу тұттық. Қазір ойлаймын, сонда москваны сарғайған санамен көксеген әкемнің жүрегіне қабырғада қағулы тұрған Кремльдің суретін неге ғана баспадым...

Бөкем бізбен қоштасқысы келмеді, бар айтқаны: елде бар- дың еріні қимылдайды, халқың аман болса, жетімдік пен жесірлік көрмессіңдер. аш жүріңдер, жалаңаш жүріңдер – адалдықтың ала жібін аттамаңдар.

Бөкемнің жарық дүниемен қоштасарына үш күн қалғанда біздің үйге Қаржау деген шал келді. Бұл кісі – атақты мақажан оташының немересі және бұл өңірде қалған аузының дуасы, үшкірігінің қасиеті бар жалғыз киелі емші – осы. Қаржаудың


атасы мертіккен бір жігітке туғанына ай толған жас ботаның ортан жілігін жонып салыпты, сол жігіт кейін балуандыққа түсіпті деп еститінбіз. Әкем Қаржаудың келгеніне қатты қуанды. Бұрын өлім әкемнің бетіне үңіліп тұрған секілді еді, әмбе қоламтадағы шоқтай сөнуге айналған көзі шырадай жанып, болар-болмас үміт отын жылт-жылт еткізді.

– ақсақал-ай, тілеуіңіз қандай оң еді, бір аяғым көрде, бір аяғым жерде тұрғанда көрген ең соңғы шалым сіз боларсыз. Дүниедегі дерт емес, өкінішті өрт қинайды. Әншейін босқа далақтап шаба беріппін ғой, жердің түбі емес, мынау тұрған мәскеуге жете алмаған соң, не лаж, не қайрат.

– Жасыма шырағым, – деді Қаржау Бөкемнің аппақ саусақ- тарын сипап, тамырын ұстады, – кәрі түйсік алжиын демесе, әлі де жиырма жылдық жан кешуің бар секілді, жанарыңның оты сөнбепті, тамырыңның соғысы да үлкен үміттің лүпілі ғой, шырағым. Иә, сен мәскеуге бармасаң, мәскеу саған келмес, Құнанбай пәуескемен меккеге барған екен, байлықтың буы да, сақтансаң, сақтайды құдайекең, ауырып-сырқамай отыра алмайсың, ырысты белшеден кешіп жүргенде, қор жинамаған да екенсің.

– Оныңыз рас, ақсақал! Ферманың он сиырын сатып, сомасын кассаға салып қойсам да, қолда тұрған, шауып алмас еді. Қайтейін, бәрі де қолдың кірі екен. Ер жігіттің бар байлығы

– денсаулығы, бірақ басың ауырып, балтырың сыздаса, байлық құрғырың керек те екен. алқұлымдап, осы дерттен айығып кетсем, тапқан-таянғанымды құмырсқаша илеуіме таси берермін деп те ойлаймын. Бірақ. Бірақ мынау қара жерге екі

аяқтың тұруы қайда енді.

– Қамықпа, қалқам, қолдан келген жақсылығымды мен де аямайын. арып-ашып марқакөлден жаяу келе жатқанымда астыңдағы атыңды түсіп беріп едің, ақылды азаматтың мәрттігінен айналып, сүйер ұлға сүйсінгенмін. Дертті боп жатыр деген сөз естіген соң, құстай ұшып жеткенім осы. Тек мынау совхозыңнан аяқ артар көлік сұрап бергіз, Таңатар тасының қыр желкесінде бір топ қанжапырақ өсуші еді, сол жерде құтты жылы тамыр дәрі көктейтін, мүмкін қыршыны-


нан қиылған азаматтың адал қанына көктеген шығар, барып қайтайын, үмітсіз шайтан ғана, сауап болар.

Бөлімше басқарушысы бос тұрған көлік жоқ, астымдағы атымды бере алмаймын дегенде, Бөкем қатты кейіді.

– Тұрымтай тұсында, балапан басында ғана екен-ау, адам- дардың бәрі өзімдей деп, арам өлерімді білмеппін.

– Жоқтан өзгеге жасыма, – деді Қаржау. – Сағиттың биесін сұрап мінейін.

Әкем Қаржау жасап берген дәріні қырық күн ішкенде ауруынан құлан таза айықты.

Ең ғажабы, қырық күннен соң Қаржаудың өзі қайтыс болды.

– Қалған ғұмырын маған сыйлаған екен-ау, жарықтық – деп, әкем шалды арулап, өз қолынан Таңатардың қыр желкесін- дегі бір топ қанжапырақтың қасына жерледі. Ең ғажабы, сол Қаржау қайтқан күннен бері сандаған адам қолына күрек алып сандалса да, трактор әкеліп қопарса да, бір тал тамыр дәрі тапқан емес. Үлкендер айтады: «Дәретсіздерге дәрі болғанша, Қаржаумен бірге көшіп кеткен шығар» – деп. ал әкем айтады:

«Қаржау түсімде ылғи аян беріп жүретін еді», – деп. ал менің түсімнен москва шықпайтын, қара қасқа құлынға мініп, үсті- нен ұшып өтетінмін».

Бөкем менің ойымды бөлді.

– Сен москваға барып қайттым дедің-ау осы бір хатыңда:

– Иә.

– Е, қандай екен?

– Тамаша. Бірақ....

– Не? Бірақ?

– Бірақ, күзді күні болған соң ба, мен барғанда қалың тұман астында тұмшаланып жатты. Үлкен-үлкен үйлердің құр бейнесі ғана сүлделеніп, ашық ажарын жасырып қалады. Тұман алтайдағыдай ақ түбіт емес, қорғасындай сұрғылт та сұсты, әрі дымқыл, тынысқа тар, ал көшелерінде быжынаған машина – жердің астымен көбірек жүресің.

– Көңілің көріп алған соң, толмай тұр-ау, әйтпесе біздің әулеттен москваны көрген жалғыз өзіңсің ғой. менің жүрегім


баяғыдай, бір барып қайтсам деген тілемсек тілек мазалай береді. Иә, түбі бір барып қайтармын...

– Бөкем көз алдында көгілжім тартқан жасыл жайлауға қарады-ай. Өзгеше ынтықтық, қанағатсыз құмарлықпен де емес, сыралғы кәрі досымен қайта ұшырасқандай, әрі таңырқай, әрі салқын сабырмен көз жүгіртті. Шыр айналып келгенде, шараналас тумасындай мынау қарт таулардан ардақты да ыстық жерді дүниенің төрт бұрышынан таппасын білген де шығар. Әкем дертінен ғана айықпай, осы Таңатар асуының үстінде көкірегін көбіктеген мансап желігі – пендешіліктің көп-көп ыртың-жыртыңымен де қоштасқан екен-ау. Қарапайым тірлігі бұрынғыдай емес, еліне де, бізге де жақындастыра түскен. Біздің шешемізден гөрі Бөкемді әлдеқайда жанымыздай жақсы көретініміз талай жұртты таң қалдыратын. Бірақ әкемді ғұмыр бойы сүйіп өтуді сол айналайын анамыздың өзі үйреткен еді. Көңілі қалып, сезімі суымайтын, қайта ерінің амандығын мойнына бұршақ салып тілейтін, ерінің алдында бұл дүниеден аттанып-ақ кетуін тілейтін, өз күйеуінің ғана ма, иісі ер адамның амандығын тілейтін. анам айтатын: еркектер болмаса, қай-қай дұшпанның күңі болып кетер едік, қай-қай елдің етегіне жабысып, етігін жалап кетер ек; ерлер болмаса, батқан күніңнен, атқан таңыңнан не пайда, ерлер болмаса, тар құрсағың кеңи ме, тас емшегің жіби ме... Біз анамның әкеме деген ұлы сүйіспеншілігімен дүниеге келдік, әкеме арқаланып, мәре-cәpe ғұмыр кештік, әлемдегі ең сұмдық сөз – жетім- жесір деп ешкім табаламады. Біз сондықтан да бақытты едік, сондықтан да жер жаһанда бірде-бір баланың әкесіз аңырап қалмауын, қайыр сұрап, алақанын жайып ешкімге телмірмеуін мінәжаттар едік, әкелер рухы алдында басымызды иер едік.

Әрине, әкем бұл пәниден қателеспей, сүттен ақ, судан таза

өмір кешуде десем, онда ол тіпті де адамнан гөрі періштеге ұқсар еді. ал менің әкем періште емес, қуана да, қайғыра да білетін, әрі қателіксіз жүрмейтін адам ғой! Ендеше, жығылды, сүрінді, бірақ түңілген жоқ.

– анау шудалана көтерілген түтін Қаршығанікі, – деді әкем қамшысын кезеп, – шешесі, жүзге келген атасы үшеуі бірге тұрады, өзі әлі үйленген жоқ. Екеуің бала күнде дос едіңдер


ғой, есендесе кетпесек, өкпелер. аналықта бұрынғы қуат пен көрік жоқ, қартайған...

Неге екені белгісіз, осы сөзді күрсінумен кілт аяқтады да, атқа қонды. артымызда жаңа ғана біз жаққан оттың орны сөнбей, жылтырап қалды.

Сыпыра ылдилап келеміз. мен мінген биенің құйысқаны берік, айылы мықты еді. Сонда да қыпылдап зәрем ұшып отыр. Әкем айылын аттың шабынан тартып алды да, шоқтықта шоқиған күйі тепең қағып, менен тағы да оза берді. Тау бөктерін жауып жатқан шақпақ-шақпақ қызыл тастар сусып, кейбір жұмыры етекке елпектей қашады.

Сонау түтін шыққан тау табанында мың бұралып, бүктетіліп ағар асау өзен арыны біз құлдаған сайын өктем естілсе, сол тентек өзеннің өзі телегейлі айна көлге тоқырап жатыр. Тұлан тұтқан ұлы шуылы да сол көлге құяр сағасынан шорт үзіледі екен, ал көбік түкірген көл аса сабырға толы, салмақпен шолпығаны болмаса, кеңпейіл, жайсаң жүректі адамдай жайбарақат. Бұл көл Әулиекөл деп аталатын. асау өзен Тентексу атанатын. Қаршығаның үйі тұрған қойнауды Қыз сүйегі дейді, ал сонау жылқылы ауыл отырған төбе – Бөкенбай.

Таңатар асуының үстінде сөнбей жылтырап қалған от әлі де есімнен шықпай келеді. рас, біз жаққан оттың орны қалды, бірақ жел тұрса өрт кетеді ғой, неге сөндірмеді екен.

– Бөке, – дедім мен аттың басынан асып кетердей оқшырайып отырған әкеме. Ол маған қарамаған қалпы: – ау, – деді.

– Отты неге сөндірмедік?

– Немен сөндіреміз. асудың үстінде өртеніп кетер ештеңе жоқ. Сонсоң өзі жаққан отқа өзі су құймас болар. Сонсоң, – деді сәл ойланып, бұл ретте жалт етіп шапшаң бұрылды. – Сонсоң... әке жаққан отты ұлы сөндірмес болар, қарт бабадан қалған талай салттың бықсып өшіп қалғаны, тапалап, таптап кеткені бір бұл емес шығар, ербимей, шаужайлай түс биені.

Қарағайдан қиып салған қос бөлмелі ағаш үйден шығып тұрған ақ жаулықты әйел бізді таңырқай тосып, бөтен біреу емес, өз елінің адамдары болған соң, жадырай күліп, жылы шыраймен қарсы алды. ал арсылдай ұмтылған ала мойнақ ит иесіне жалтақ-жалтақ қарап, оң қабақ танытқан соң, құйрығын бұлғап, бұраң қақты.


– Есенбісің, аналық, – деді әкем аттан түсе бере.

– Шүкір. Өздерің саумысыңдар? Гүлияның халі қалай? Үйбәй-ау, мынау әлгі қаладағы жалғыз ұлың ба? Танымай қалыппын-ау жазған басым. Қартайды деген осы, келші, айналайын, бетіңнен сүйейін.

аналықекібетімненалма-кезексүйіп,өнбойымааналықтың бір қайталамас ғажап нұрын құйды. Жер ортасы жасқа жақындаса да; өңін бермеген, келбетті әрі қайратты әйел менің бала кезімде қандай болса, қазір де сол қалпынан таймағандай әсер қалдырды. Тана көзінің айналасын өрмекшінің торындай майда сызықтар торлағанмен, жанарының оты әлі сөнбеген, жарасымды қараспен сәуле шашады. Күлгенде шашау шықпай тізілген аппақ шағала тістері көрінеді де, екі бетінен лыпып қан жүгіріп, бармақ батырғандай пайда болған шұңқырға ұйи іркіледі. Кеудесі шалқақ, қаздиған тіп-тік денесін еркін игеріп қимылдайды да, текті жердің тентек қызындай өзгеше сылқым жүріспен былқ-сылқ адымдайды екен. Бала кезде байқамап- пын, аналық ертектер мен халық жырларында суреттелетін қазақ қыздарының ең ақырғы, ең аяулы сарқыншағы секілді, осы әзірде ғана эпостарды бұзып шығып, бүгінгі өмірімізге, бүгінгі ұрпаққа жалт етіп бір көрінгелі, көңілдеріне қаяу салғалы, қазақ қыздарының ең асыл қылық мінездерін көрсеткелі келген сықылданды. мен енді ғана әкемнің осы кісіге не себептен қызыққанын білдім, әрі әке қылығын кешіре құптадым да.

– Үйбей-ау, неғып аңырып қалдың, үйге кір, жарығым, – деген қоңыр үнмен есімді жидым. Бұл үн тот басқан күміс қоңырауды әлдекім байқаусызда қағып қалғандай оқыс шықты. мүмкін, тек маған ғана солай сезілген шығар. ұмытылған,

әбден ескіріп көнерген, заңсыз, күйсіз мазаланып, сағыныш сазын сыңғырлата-сыңғырлата үні талған да шығар. Heгe екені бимәлім, жүрегім сыздап, алқымыма өксік кептелді, бұл менің бар ғұмырын күйеусіз өткерген аналықты аяғаным шығар...

Біз үйге кіргенде, алғашқы сәтте қап-қараңғы болып еш нәрсе көрінбеді де, бірте-бірте сейіліп, қарапайым үйдің қоңырқай заттары айқындала бастады. Әкем, әдетінше төрге шығып, малдас құрып отырды да, етігінің қонышынан мүйіз шақшасын суырды. аналық маған кішкентай ағаш орындық


ұсынды. Өзі әлденеге көншіген көңілмен мәз-мейрам қуанған кейіпте салдырлап ауыз жаппай сөйлеп жүр.

– Ұлыңның өңі жүдеу екен, Бөкеш. ауырмай ма?

– Кім біледі. Күн қақпағандікі шығар, ақсақал қайда, ауылға апарып тастаған жоқсыңдар ма?

– атам ауылға барушы ма еді, жапандағы жалғыз үй боп отырғанымыз сол кісінің көңілін жықпағанымыз ғой. Осында, әзір төргі үйде жатыр, – деді аналық жез самаурынға су құйып, шоқ салып жүріп.

– атам қартайды ғой, жүруден қалған, тоқсанның тоғызынан асты, оңай ма, алпысқа толған біз етегімізге сүрініп әрең кіріп- шығамыз, қайта бұрынғының қарттары сүйегі асыл, қайратты- ақ.

Әкем мені ертіп төргі үйге кірді. Төргі үйден жер иісі шығып, тынысқа өзгеше тарлау екен, сыланбаған ағаш қабыр- ғаның әр тұсына түрлі аңның терісі қағылған, бұғының мүйізінен жасаған адалбақанға суыр ішік ілініпті. Суыр ішік күні өткен мынау қарттың өзіндей жаға-жеңі қырқылып, жүні тықырланып, тоза бастаған. Іргедегі ағаш төсекте бүк түсіп теріс қарап жатқан шал біздің келгенімізді аңғармаса керек, әкем

«ассалаумағалейкум» деп дабыстағанда ғана, бері бұрылмаған қалпы: «Бөкешпісің» – деді.

– апыр-ай, ақсақал-ай, зердеңіз қандай зерек еді, әлі де тоқсан жыл жасасаңыз да ақылыңыздан алжаспапсыз-ау, – деп, әкем таң-тамаша болды.

– Ең бақытты өлім – ақылдан алжаспай өлу ғой, балам. ақылың бұрын өлсе – кірпігің қимылдап жатқаннан не пайда.

– Шал бері аунағанда, менің жүрегім біз сұғып алғандай дір ете қалды. аппақ боп сұлаған аруақ көргендей сезіндім. маған шал әлдеқашан өлген, тек рухы ғана жарық дүниені қимай, қиналып жатқандай еді. Әдемі, әрі таза аппақ сақал бүкіл өңірін жауып, ал көзі қартайған қыранның жанарындай тым- тым шыңырау тереңнен жылтырайды. мынау көз, дәл осы қалпында, сарғайған сары даладағы жалғыз құдықтың әбден суалып, тек түбінде ғана бір ұрттам суына оқыстан нұр түсіп, жылтырағаны секілді еді. мүмкін мынау қаңсыған ақсақал алтайдағы ең кәрі адам ғана емес, жүзге шығар енді қалған ең ақырғы шал шығар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.