Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 3 страница




– Кел-ей бері, маңдайыңнан иіскейін. – мен еңкейдім. Сарқынды жалбырап тұрған шашымды жоғары қайырды да, маңдайымнан иіскеді, демі мұздай екен.

– менің тағдырымды, басымды емес, жасымды бергей.

– Ол не дегеніңіз, сіздің ақылыңызды берсе, кімнен қор болар еді.

– ақылды адамның тынышты ғұмыр кешкенін көргенім жоқ, әр нәрсені бір ойлап, өз жанын өзі жей бермек. Әмбе көп істерінің қиюы келмей, жығылып сүріне бермек, әмбе тек ақымақтар ғана ешқашан қателеспейді, (сонсоң шал төсектің аяқ жағына тағып қойған қайыс белбеуден ұстап басын көтерді де, маған тесіле қарады) бұлар, тым аз, соғыста туған төл ғой, – деді.

– ақсақал-ай, ендігі тілек осылардың амандығы ғой. Бір немере сізде де бар. Өзіңіз айтқан, соғыс жылдары өлім мен өмір белдесіп жатқанда дүниеге келіп, әкесінің қадірін ерте түсінді ме, тым бауырмал, әкежанды, – деді Бөкем шалдың жастығын биіктетіп. Шал енді тұғырдағы бүркіттей қомданып, еңселі отырды. абажадай асқар адам қартайғанда қонжия бүкірейіп, иір-иір болып кетеді білем.

Сарқынды ақсақал жатқан төсектің тұсында үлкен қоңыр аюдың терісі керіле қағылған да, қос ауыз мылтық ілінген, қос ауыз мылтықтың жанында салпыншақ қыны бар күмістеген былғары белдік пен сабына жез ораған дойыр қамшы ілулі тұр. Көптен шал атқа мінуден қалғаннан бері қол тимегенге ұқсай- ды. асыл заттардың қадірі асыл адамдар әжетіне жаратқанда ғана білінеді. анау күміс белдікті тағынып, дойыр қамшыны қолыма ұстап, көшеге шықсам, музейден қашып кеткендей күле қарар еді. Дегенмен мен үш дүниенің дәурені өткенін, енді қайтып бұрынғы қасиетін ешкімге дарыта алмай, қор болып құритынын білдім. Ол – аналықтың ару дидары, Сарқынды шалдың алып бітімі, анау тот басқан күміс белдік, жез мойын пышақ. Біз осы үш дүниені эпостық жыр- дан оқып, не болмаса кино мен сахнадан көреміз. Құнын жойып, күні өтпейтін зат пен тірлік жоғын біз диалектиканың заңы, табиғаттың жаратылысы деп қана білеміз. Біз кейде өзімізді «тек ертек қана тамаша аяқталады» деп жұбатар едік.


ал шын ардақтының ақыры жоқ, оны мәңгі жасату адамдар- дың айнымас махаббатына саятынын парықтай бермейтін едік. мүмкін о дүние мен бұ дүниенің екі ортасында ары тарт, бері тартпен жатқан шалдың бар зар-запыраны күміс белдікті тағынатын ұлының – өз кіндігінен тараған ұрпағының жоқ- тығы шығар. рас, шалдың немересі бар, бірақ ол шын өз қанынан ба? Немересінің заңды әкесін таба алмағаны қашан... Бірақ іздеп әуре де болған емес.

Әкем сол ілулі тұрған ер жігіттің бес қаруына шаншыла қарап тұрып күрсінді: «мен бұл заттарды Таңатардан көріп едім».

– Қарындарың ашқан шығар, – деді дөңгелек жозыға дастарқан әзірлей бастаған аналық. – Қаршыға «бүгін мүйіз кесетін күн, бұғы қуысамын» деп кетіп еді, әлі жоқ, аты сүрініп, мертігіп қалмаса жарар. Әй, өзі де бір алды-артына қарамайтын алаңғасар.

– Қаршыға алаңғасар емес, жаужүрек, нағашы жұртына тартқан, – деді шал төсектен аяғын салбыратып, – көзсіз ерлік, күн мен түнді теңестіретін сартақым саяқтық осы Қаршығамен сарқылар.

аналық жақтырмай, күңкілдеп қалды.

– атам немересін орынсыз мақтайды, өйтпесе оқуды тас- тап, аң қуып кетер ме. Өзі секілді балалар алматыны аузына қаратып отыр.

Енді шал кіржіңдеп кейіді:

– Бұлар, – деді әкем екеумізді иегімен нұсқап, – бұлар о бастан төрелікке құштар еді, жаңа заманның жаңа салтын тізгінінің ұшымен қағып алып, қабылдаған да – осылардың тұқымы. Әркімнің мақтан етер тегі бар ғой. Біз өз тегімізге, құдайға шүкір, ризамыз, еншалла ризамыз. Туған жерді күзететін де адам керек қой, иә, керек.

Әкем ойланып төмен қарады. мен көзіммен жер шұқыдым. ал аналық болса: «атам әншейін өз тұқымын орынсыз мақтай береді, одан басқа не қауқар қалды дейсің», – деді.

Біз әкем екеуіміз Сарқындыны екі жақтан көтеріп, далаға шығардық. мынау аңғал-саңғал тау қойнауын жаңа көргендей, жанары тайған көзін жасауратып қарады-ай, сосын аспай-


саспай өзгеше баппен дәреттеніп, асықпай шайынды. Сырбаз қимыл, тәкаппар да кербез қылықтарының жұрнағы-ақ шалдың жас шағында сал-сері болғанын аңғартса, әкем екеуміз әрең көтерген алпамсадай денесі атан жілік сіңірлі батыр болғанына куә іспетті. аналық «атамды Қаршыға дүзге жалғыз көтеріп шығарады» дегенде, сенбедім. Сарқынды да – шатақ шал, үйге әсте отырмай, еңбектесе де жарық дүниеге шығады екен.

Қызығы мол қызулы өмірінің сірнеленіп, жүрегінің басына беріш боп байланып қалғаны, беріш болып байланып қалса да, оқтын-оқтын лоқсытып, запыранша атылары немесе алапат бір долылық қысқанда, айқай дәуренінен қалып қойған намыс шоқтарының қызуына шыдай алмай шыңғырған өр кеуде жанның айғайы шығар – Сарқынды шал өз өзінен күркіреп, қатты қазымырланып, кектенетіні бар екен. Кейде арқасы құрыстанып, кеудесі көпіршігендей, қара шаңырақты дүр сілкінтіп ақырады, сосын торға түскен арыстандай көзіне шалынған заттың бәрін талқандап, шайнап, жынын шашып шамырқанады, сонда бұл шалды тек Қаршыға ғана тас қып құшақтап, тырп еткізбей ұстап отырады екен. Осы өңірде бұл шалдың жауырынын жерге тигізген тірі пенде жоқ, сондықтан да ашуланатын шығар-ау.

Сарқынды төрткөз, сары аяқ итін еркелетіп, басынан сипады: «Қарғыбауың да ескіріп қалған екен-ау, күшігім».

Шал Қаршығаны жанындай жақсы көреді. Шай үстінде ауық-ауық әңгімеге араластырып, сырттай мақтан тұтып отырды.

– Қаршыға менен де қайратты, әттең сол күшті жоқтан өзгеге қор етіп жүр. Қаршығаны емес, қарғаны қызықтап кетті ғой бұл жұрт, (сақалын саумалап, сәл ойланып отырды да, маған қарап) мен сендердей кезімде он кісіге бой бермейтін едім, – деді.

Сырттан Тентек өзеннің сарылдаған сарыны естіліп тұр еді. Күн көтеріліп қалса керек, ағаш үйдің сығырайған терезесінен сығалай бастады. Үйдің шайыр аңқыған иісіне үйрене бастадық па, манадағыдай емес, мүңкімейді. аналық шайды әлі де бір тізерлеп құяды, қос білегіндегі күміс білезіктері кесенің шетіне тиіп, сыңғырлап қалады. Шал мен әкем құла шайды сораптап


ұзақ ішісті. Әсіресе, Сарқынды қасық басындай майды опырып алып, шайға ерітеді де құныға тартады-ай. Шайнама тамаққа тісі жоқ, қызыл иек қарт тек шаймен күн көріп отырғаны белгілі еді. Әйтсе де тамағы әлі сау, асқазаны бүлінбеген секілді.

– Қасқырды қасқыр қылатын қу өңеш емес пе, – деді бетін сипаған қолын сақалының ұшынан шығарып, – баяғыда осы өңірге кержақтар көшіп келгенде аузын аққа жарытып, етегін жапқан біз едік, кейін жетіліп алған соң, өз асыраған текешігіміз өз басымызға қарғыды емес пе. ақ патшаның атына арыз жазып, алтайдағы әкемнің ең құйқалы жерін кесіп- кесіп алды да, ауласынан аттаған малымыз бен жанымызды бытырлатып атты-ай дейсің, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. аяғы, көп ел жалға тұрды. Осы Паркеде бұғы бағатын мәтібейдің әкесі менің немере ағайымды ұрып өлтірген түні мына мылтықты тартып алдым. Бірақ содан бері атылған жоқ, оқтаулы тұр... Ендігі тот басып қалған шығар. Ондағы ойым – енді қожаңдайтын болса, өз мылтығымен өздерін атып өлтіру. абырой болғанда кеңес өкіметі орнап, жанымыз қалды ғой. Тіпті қынадай қырып бара жатыр еді.

– ақсақал, аңды немен аулап келдіңіз? – дедім.

– Өз мылтығым бар ғой. Қаршыға ұстап жүр.

Шал біз келген соң ба, қабағы ашылып, жадырай отырды. Сиырдың таңдайындай қыртыстанған бетінен бір тамшы қан шауып өте шыққандай болды. Дегенмен маған барлай, сынай қарайды.

– Бөкеш, ұлың қалаға жұмысқа қалды деп естіп едім, отын- сумен алыспай, көшіп баратын шығарсың?

– Жоқ, ақсақал. Сіз жалғыз үйлі қыстағыңызды қимай отырғанда, бүкіл ауыл-аймақты, ата-баба жерін тастап, қайда қаңғырамын. Көрмеген жердің ой-шұқыры көп.

Сарқынды әкемнің сөзін бөліп: «менің жөнім бір басқа.. менің жөнім бір басқа...»

– Көрмеген жердің ой-шұқыры көп дегендей, барсам да, жұртты сағынып, қайта көшіп келем бе, айғай-шуы көп қала тірлігіне көндіге алмай, құса болам ба деп қорқамын. ана жылы қатты қысылып ауырғанда көксегенім рас, бірақ қалаң таппаған шипаны даладан тауып едім, содан бері осы өңірдің


топырағын бұйыртуды жатсам-тұрсам тілеймін. Онымен бірге мына жалғыз ұлым мен үшін жылында бір рет келіп қайтады алтайға, әкесін жанына көшіріп алса, ат ізін салмай, жатбауыр болып кетер деп және секемденемін. Басымыз қарайып осында отырсақ, бұлар қайда барар дейсің, бәрі бір айналып қазығын табар да.

– Оның рас, Бөкеш, оның рас. Әй, аналық, әперші дом- быраны, саусағымды қарыстырып, домбырамды қаңсытпай, өтірік болса да сабалайын, – деді шаптығып. Сосын екі иығын қомдап, көкірегіндегі бір қыжылдан арылғысы келгендей, тамағын кенеп қойды. Қызық, шал өзгеше жұмбақ, оң бетін өлгенше тірі пендеге танытпас тым сақ адам секілді. Қазір өмір сахнасына лайықталған басқа, мүлдем басқа «Сарқындының» ролін ойнап отырғандай еді. мен еститінмін, Сарқындының жан сырын білу үшін анадан енді бір рет туу керек, ал тағдыр ешкімнің маңдайына қайта тууды жазған жоқ.

– аналық әперген домбыраның тиегін бұрап, басын қисай- тып, дыңылдатып отырып алып еді, мен тағаттанбай қипақ- тадым, ал әкем міз бақпай қадала қарайды. мен осы үйге кірген бетте әкем мен аналықтың арасындағы елден естіген өсек елес бере ме, бір сырдың ұшығы қылтия ма деп, қаншама аңдысын аңдасам да, пәлендей ынтықтықтың куәсі бола алмадым. мүмкін баяғыда суысып кеткен шығар, мүмкін он- дай сүйіспеншіліктің болғаны жалған шығар...

– Шалдың даусы қырылдап нашар шықты. Бірақ заманын- да әжептәуір жағымды үні болғанға ұқсайды.

Көргім келмес тоқсанды, Келіндерге сынатпай.

Жүз, сірә, мені қоймассың,

Қараңғы көрге құлатпай, ей-ей, оу-оу, құлатпай-ай....

– Әкем «Оу деген» деп шалдың қолтығына су бүркіп, желіктіріп қояды. Шал шатаса бастады, бірді айтып бірге кетеді:

Тегімді менің сұрасаң, Қалың Найман нуынан, Жырымды менің сұрасаң,

Сары алтынның буынан, оу-оу, буынан, – дейді де,


домбырасын оңды-солды сабалап, қайран заман аман бол, ер шөгіп, есер ер жетті, – деп менің жыныма тиді. мен ойладым: шал қырсық-ау, өзін шөккен ерге, ал бізді ержеткен есерге балап отыр, бірақ біз шал айтқандай тіпті де ессіз есер емес шығармыз, жо-жоқ есер емеспіз... Домбырасын қаңтара салған шал әкеме қарап:

– Сендер жолдарыңнан қалмаңдар, асықпасаңдар қонып, қонақасы жеп кетіңдер. Ұлың алыстан келген жолаушы ғой, аталы астың алдында батамды берейін, ендігі келгенінше біз бар боламыз ба, жоқ боламыз ба... (ал менің қайран қалғаным

– шал осы сөзден кейін мырс етіп күлді.)

– Балама бұғының мүйізін кескенін көрсетіп қайтайын, кешке сіздің шаңыраққа тірерміз аттың басын.

– ырықтарың білсін. Бірақ жас адамға судай боп аққан қанды көрсетпегенің жөн еді. (Іле осы ойынан қайта айныған шал) Көрсе көрсін, – деді.

– Ой, ата, мүйізден аққан қанда не тұр, – деді аналық. – Барсын, Қаршыға туғалы көріп келеді ғой сол қанды.

– Қаршығаның жөні бір басқа, ол менің тұқымым. мына неменің жүрегі жұқалтаң білем, – деп кергіді шал.

– Әй, ата-ай, жұрттың көңіліне қарамайсың-ау.

– руының осал екенін Бөкештің өзі де біледі. Қаратайдың арғы-бергісінен жарыған – жалғыз өзі. Тегінде жоқ еді, мына жалғыз ұлы төре боп, ел басқарып қиратпас деп қорқамын. арпалысып атқа мінген азамат әкесіндей-ақ – Бөкештей- ақ болар, енді міне, қойшы-қолаңға газет, журнал таратып жүргені. Беу, шырақтарым-ай, ертеңгі күндерің нендей болар екен... ертеңгі күндерің нендей болар екен (күрсінді).

Әкем басын шайқап күлді. мен қызарақтап кәдімгідей ашу шақырдым. Біз шалды төсекке қайта жатқыздық. Шалдың бір жақ қолтығынан көтеріп келе жатқан мен әлгі бір қаңқу сөзден кейін дүрс еткізіп жерге тастап-ақ жібергім келді.

Әкем атқа қона беріп:

– аналық, ас-суыңа қамды бол, кешке осында қонамыз, көп болды дәм сағыныстық, – деп әзіл тастап еді:

– Сенен аяған малды қасқыр жесін де, кетік қара кемпірің қызғанып жүрмесе, қона бер, алды-арты бұл емес қой, – деді.


мен бағанағы біз аттан түсердегі асқан сұлу аналықты қайта көрдім. ала көлеңке үйге кіргенде сондағы жақсы әсерімді жоғалтып алғандай едім, енді міне, эпостағы қартайған, шаршаған, мазаң тірлік қажытып, азып-тозған аруды қайта таптым, амал не, ол бірте-бірте алыстап, Әулиекөлге шым батып кеткендей көзден ғайып болды. Осындай керім адамның сезімін билеп, жүрегіне жазылмас жара тастаған әкемді мен тым-тым биіктен – ақшоқыдай асқақ кейіптен көріп келемін. Шал қателеседі – Бөкем тіпті де тексіз емес, асылдың сынығы. мен де, мен де... Өзіме тән әуестік, қазіргі жастарға тән ашықтықпен әкеме ұрымтал сауал қойдым:

– Әке.

– ау.

– аналық апаны жақсы көргеніңіз рас па? (Әкем кеңк-кеңк етіп күлді.)

– Жақсы көрсем, үйленер едім ғой. Бәлкім, мен емес, оның ұнатқаны рас шығар. Бәрі де - баяғының садағасы, – деді де, желе жөнелді. Біз Әулиекөлді жағалап отырып, арғы белден асқанда, бұғының мүйізін кесетін қора көрінді.

Бәрі де – баяғының садағасы.

Біз Әулиекөлді жағалай жүріп, арғы бетке құлдағанда, менің оқу мүжіп, ақ жемін шығарып тастаған миым жаңа бір қуатты нұрға шомылғандай, баяғыша, елдегіше жұмыс істей бастаған еді. Әлбетте, менің миымдағы бықыған жүздеген фамилиялар мен шығармалар тізімі, сақалы сала құлаш данышпандар бейнесі, өзгенің қайғысы, өзгенің қайыршы халі, өзгенің байлығы мен әлемді әлдилеп тұрған даңқы – бәр-бәрі де анау сұлап жатқан сұлу табиғат, дүрия жонды көргенде, үрке қашып, өз құрлығына бас сауғалаған секілді. Енді менің санам туған жерімнің ағарып атар таңындай таза, жарықтық Әулиекөлдей майда ғана еркелей толқиды. Әулиекөлдің бетіне ұсақ толқыншалар төсеген жұп-жұмсақ қылықты желемік мүмкін менің де қоқыр-соқыр ұйықтай бастаған сезімімдегі ласты айдап әкетіп жатқандай да. Әне, басқаның жазғанын жаттаған қайран аңғалдық енді ғана өз болмысындағы балауса дарынның шын парқын жыға танып, осына жұмыр жерде қалар қансонарын аңсағандай еді; қанша оқыдым, асыл


нақылдарды жаттадым, тыраштандым, ойлап қараса, кім- кімдердің жазғандарын көз майын тауысып жаттағанымен, маңдайың тайқы, зердең қаңсық болса, пайдасы шамалы екен, мен бес жыл батыс-шығыс классиктерінің том-том еңбектерін парақтадым, бірақ бес бет жазған шығармам жоқ; рас, сан рет қолыма қалам алып, көрер таңды көзбен атқыздым-ақ, сан рет пайғамбар жазушылардың кітабын басыма жастап ұйықтадым- ақ, амал не, аян берген ешкімі жоқ, мүмкін өзімнен таланты асып кетер деп сескенген шығар, олай дейтінім – жайымен ақыл сұрасаң, ақылы асып кетер деп қызғанар «ағаларым» бар; енді міне, Әулиекөлді мыңдаған жыл жалғызсыратпаған саумал самал «ақыл» ыстап тастаған көңілімді тазартып, ал тордағы балапандай секемшіл сезімін өре түрегеліп сайрайды- ай; алдымдағы бір-біріне иек артқан раушан жота-қыраттар

– анау алып таулардың маңына топтастырған үбірлі-шүбірлі ұрпақтарындай. ақшоқы сол арқар ұранды дарқан семьяның ақсақал басалқасындай бар сырын ішіне бүгіп маңғаз маңқаяды; таңертеңгі шық әлдеқашан кеуіп, жасыл жазира хош иісті әтірін шаша бастаған; Әулиекөлді жағалай біткен самырсын осы киелі шалқар судың қалт етпес күзетші сарбаздары іспетті еді; құлаққа сұрапыл үн естілді, ол – Әулиекөлге сонау ақшоқы кіндігінен құлап құйылар сарқырама сарыны; сарқыраманың көлге құлаған тұсы бұрқырап аппақ болып шұрқ-шұрқ қайнап, аспанға қайта шапшиды; мына бір салқынтым леп сол сарқыраманың ентіккен демі дерсің; егер деймін, егер Әулиекөл тартылып, сазға, Тентек өзен суалып, қаңсыған сайға айналса, қайтер еді айналайын алтайым! Тәңірім оның бетін ары қылсын. Не екенін білмеймін, өз-өзімнен желігіп, ернім күбірлеп, өлең жазғым келеді. Кеудемде мың-миллион гүлсәрі тұлпар тасыр-тұсыр жарысып бара жатқандай. Кеудемде мың-миллион құс тамылжытып сайрап тұрғандай; кеудемде мың-миллион Әулиекөл тулай толқып ыңыранып жатқандай; ал жүрегім өрекпіп, көкірегімді жарып шығып, сонау... сонау шырқау биікке мені тастап ұшып кетердей; ал жүрегім көкірегімді жарып шығып, анау ақшоқының ұшар басына махаббатымның жалауы боп байланып, алауы боп жағылардай тыпыршиды; құдай-ау, көзім дәл осындай ашқарақ, қанағатсыз


боп көріп пе еді, еш нәрсеге қадала қарамай, тау мен тасты жортып жүр; құлағым сыбдыр еткен дыбысты қағыс жібермей қағып алғысы келеді. мен ақынмын! ақылшым – туған жер, ұстазым – тәкаппар да қатал алтай! мен өзімді әменде жалғыз сезінетінмін, мен қайда барсам да, қайда жүрсем де біреумін, айталық маңымда быжынаған адамдар, бірақ тек өзім ғана соқайып жалғыз жүретін секілдімін. Неге? ал қазір мүлдем басқа... Тау мен дала ән салып тұрғандай; апыр-ау, құйын боп соққан қуаныштан басым айнала бастады ма? Бүкіл тіршілікті бауырыма алып, бес жылғы мауқымды басқым келеді; мен тұңғыш рет кіндік қаным тамған жердің не себептен ыстық боларын сезіп, алғаш рет әкемнің не себептен осынау қоңырқай шаруасы мен ата мекенін қимайтынын сездім. «Ұлым, – дер еді, – алматыңа барсаң өзің жүре бер, мені әурелеме, айында, жылында хабар-ошарыңды үзбесең, зарықтырмай, сағындырмай шешеңді келіп қуантып тұрсаң болғаны. Біздің шаңырақтан оқ бойы ұзап шыққан жалғыз сенсің. Қолдан жем берсем де, қолға ұстап қайтейін, мүмкін күндердің күні қайта ораларсың... ауыл құрымай біз құрыр дейсің бе».

мен өзіме сұрақ қойдым: Әке ізімен келемін бе?

– апырмай, аты сүрінер ме екен! – деген Бөкемнің санқ еткен даусы ойымды бөлді. Ол үзеңгіні шірете басып, ерден көтеріліп алға қадалған. мен сонда ғана қалың қарағайдың арасынан үйір-үйір бұғыны жосыта қуып, ылдиға тықсырған салт аттыларды көрдім. Шаңырақ мүйіз кербұғы жалт етіп жалтара қашқанда, ақ көйлекті жігіт ізінше қуа жөнеліп, құйрық тістесе оқшауланып барады екен. ақ көйлекті жігіт астындағы қаракер ат созыла шапқанда, алға қарай еміне шаншылған қалпы кербұғыны сойыл соғым алға сап, қораға қарай қайырды. Бірақ хайуан әккі екен, мұндай қуғын-сүргінді сан рет көріп, әбден жылпостанып алғанын бұл жолы да танытты. Өзіне қатарласып қақпайлай берген қаракерден құтыла алмасын білген соң, оқыс тоқтай қалды да, ақ көйлекті қуғыншыны алғашқы екпінімен оздырып жіберіп, жалт бұрылып кері қашты. Жылма-жыл бұғы қуып төселген ат қашағаннан осыншалық ұрымтал қулық күтпеген еді, екпінімен оза шауып кетіп қалды да, алданғанын енді ғана сезгендей табандап оқыс тоқтады. Тағасы жоқ төрт


тұяқ күреңсенің үстімен шаңғыдай зырлады. Енді астындағы атынан мұндай мінез күтпеген ақ көйлекті жігіт қаракердің мойнынан асып түсіп қалды, бірақ тізгінінен айрылмаған қалпы атып тұрып, ердің қасынан ұстап, дік етіп қайта қонды.

Есі шыққан бұғы қапелімде бізге қарай тура тартып бет қойды. Осы көріністің бәрін көріп, көкейіне түйіп үлгірген әкем қиқуға басып, кербұғыға қарсы шапты. «Бас атыңа қамшыны!»

– деп маған жекіді. менің де делебем қозайын деген. Биені сабалап бұғыға қарсы далбақтай жөнелдім. Хайуан үш адамның қыспағында қалды. Біздің екеу екенімізді сезді ме, жалт бұрылып, өкшелей келе жатқан қуғыншыға қарай қайта андыздады. мұндай перен болар ма, қуғыншыға қасқая қарсы шауып, бетпе-бет келе бере зу етіп жанынан өте жөнелген. Бірақ өте жөнелмепті, айлалы адам сала құлаш қайыс арқанын ыңғайлай келген екен, қарулы қолдан құлаштай лақтырылған шалма ысылдап барып кербұғының шаңырақ мүйізіне сақ  ете қалды. Қыл арқанның темір шығыршығы мүйізге сарт соғылғаны бізге естілді. Жұлдызша аққан бұқадай бұғының екпіні қойсын ба, жігіт шалманың ұшын аттың омырауынан шалып алам дегенше шалқасынан түсірді. Ол арқаннан сонда да айрылған жоқ, ұшынан ұстаған күйі жер бауырлай сүйретіліп бара жатты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.