Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I. Арысын тосып əлі отыр 12 страница



Дегенмен, біз де адам едік қой. Сүйріктей саусағыңа саусағым тигенде, балапанның қанатындай оқыс дір еткен, ол лыпыған сезімнің толқыны ұрғаны да. Сонда сенікінен гөрі ластау, əрі ересек жүрегім өзінің бұдан он жыл бұ- рынғы пəктігін, жастығын сағынар. Тəуелділігі де, мүсір- кеуі де жоқ, жатсынуды, жатырқауды білмейтін жанымыз- дың осыншалық жақындығы себебін ешқашан айтып бере алмас едік. Біз өзіміз де сезіп, ұға бермейтін қимастық- тың нəзік жібек жібімен шешілместей, үзілместей болып маталғанымызды білдік, бірақ оны бір-бірімізден жасқана жасыратынбыз.

...Міне, ілби аяңдап келеміз. Бəрі кешегі, бəрі кешегідей емес, мүлдем басқа, басқа... Жылымық – жылы сəуле... Бу- ынды алар масаң хал, өң мен түстің, ұйқы мен ояудың екі


арасындағы маужыр дүние – ертекті дүние. Баяғы қар үстін- дегі қосқа дейін аяңдадық. Кеше ғана сен саусағыңның ұшы- мен жазып кеткен беймəлім қаріптерді əлдекім аяғымен бір тарпып өшіріп тастапты.

– Кім екен? – деген едің екі қасың дірілдеп. – Кім екен өшіріп тастаған? (Құдай-ау, қалай ғана сезіп қойдың).

– Кім дерің бар ма, бəрі, ие, бəрі ғой...

Біз қостың есігі алдындағы көлденең ағашта екі тізе- мізді құшақтап ұзақ отырғанбыз. Жылымық күннің шуағы астында алып Алатауға қарап отырып, қазір дəл осы жерде ізім-ғайым жоғалып кетсек немесе екеуміз бірдей тас ес- керткіш болып қатып қалсақ, анау азан-қазан өмірдің қыл- шығы қисаймай, мəз қалпында жалғаса берерін тұңғыш рет есіме алып, осыншалық сор болып жаралған мұқым пендені аяғанмын, əрі өмір дегеннің бейберекеттілігі аса шошыт- қан. Жалбиған жаман қос, айнала аппақ қар, тура мінбелеп тұрған тау, жым-жырт тыныштық, тынымсыз ойлар мен ма- засыз адамдардың дабыры саябыр тауып, жегідей жемеген, желкелей мінбеген.

Мен көгілдір аспан, көк мұнарға қарадым, сосын саған, сенің ақ дидарыңа, қап-қара ұзын шашыңа, көзіңе... не де- ген əдемі жанарыңа қарадым. Сонда мен əлгі жанарға жа- лықпай телміріп отырып: Өр Алтайдың қойнауындағы Қаракөлді есіме түсірдім. Қаракөл – жағалауын сенің кір- пігің секілді ұзын-ұзын қарағай-самырсын қоршаған сама- ла құздардың ортасына орналасқан айнакөл еді, бірақ суы қанша мөлдір болғанымен, күндіз-түні қап-қара болып тұ- нып, уайым уыстап жататын. Сол өңірдің малшылары жаз жайлауға шыққанда Қаракөлдің маңына қонбайтын. Ке- шегі кезде Қаракөлде су сиыр бар екен, түнде көлден шы-


ғып жайылып жүргенін көрдік деген əңгіме тараған. Ал су перісі өмір сүретіндігі жайлы əңгіме тым əріден келеді. Мен оның қайсыбірінен де бейхабармын, менің білетінім – əкеме еріп Шабанбай жайлауына шыққанда, əкемнің «бар- ма шошынасың» дегеніне қарамай, Қаракөлдің жағасына түнегенім. Жанар, мен сонда не көрдім десеңші. Күн тала- сып батып бара жатқан шақта, байыған алқызыл нұры Қа- ракөлдің майда толқынды дидарына түскенде, əлгінде қара барқынданып жатқан көл айтып жеткізгісіз алтынға шо- мылғаны, қарап көз тоймайтын көркем күйге көшкені еді. Мен сонда жаһанда бұдан сұлу ешқандай көлдің жоқтығы- на іштей иланып тұрып, бейуақытта суға қараудан қорқы- нышты еш нəрсенің жоқтығын саналағанмын. Егер бойына жылу құяр нұрымен аяласаң, түрленбейтін, қайта туып жа- сармайтын жан бар ма? Түні бойы көз ілген жоқпын. Көлден ескен майда самал, жайлаудың салқын түні, саумал ауасы өн бойымдағы енжарлық пен дел-сал халден арылтып, сер- гек сезімге бастаған; тек таң сібірлегенде ғана көзім ілін- гендей болған. Сол сəтте Қаракөлден қара шашты аппақ қыз шығып, маған үнсіз тесіліп қарағандай болып еді; қа- рап тұрып жымиып күлген, көзі сенің көзіңнен айнымайтын судан шыққан сұлу қыз жалт-жұлт еткен шашының суын сорғалатып, қайтып көлге шым батып кеткен еді. Көзімді аштым: күн енді-енді ғана асқар таудың төбесінен сығалай бастаған екен, əлгі түсімде көрген су періштесі жайлы бұған дейін тірі жанға айтқан емеспін. Кейде қысыр қиялға шомып отырып ойлаймын: мүмкін өмірге өкпелеген сұлу қыз – су қызы адамдарды мəңгілікке талақ тастап көлге батып өлген шығар... сен сол қызға өте ұқсас едің де, алғашқы күндерде


сескеніп те жүрдім. Көбіне түнге қалмай, қас қарая үйге жүр-жүр дейтінім есіңде болар.

Аппақ қардың үстіндегі қара қостың есігі алдында отыр- ғанда, сен алғаш рет ашылып сөйлеп, күні бүгін есімнен кетпейтін əңгіме айтып едің. Сен сонда алғаш рет иығыма басыңды сүйеп, маужырап жас балаша ұйықтағансың, ұйық- тап жатып күлімсірегенсің, содан соң жіп-жіңішке қасыңды түйе терең күрсінгенсің. Сонда сен басыңды менің иығым- нан алмаған қалпың:

– Сіз білесіз бе, адамдар неге бір-біріне өш екенін? –

дедің.

– Адамдар өзіне-өзі өш. Оң қолы мен сол қолы, оң көзі мен сол көзі мəңгі қас дейді ғой.

– Ол – өтірік. Кісілер ешқашанда өзіне жауыққан емес.

– Ендеше, неге өзін-өзі өлтіреді?

– Ол ілуде кездесетін аурулар ғана. Егер шынымды айт- сам, өмір сүруге менің де қақым жоқ. Хақыны былай қой- ғанда мүмкін емес қой. Казақтың «мұндай тірлікті итке бермесін» дегені менің басымда емес пе. Ал өле салсам пы- шақ та, жіп те... қысқасы, өлудің, өлтірудің неше сықылды əдіс-айла құралдарының жетілген тұсы емес пе... неге сон- да, неге?..

Мен жауап бере алмадым. Бірақ менің есіме əкем айтқан əңгіме оралған:

– Баяғыда, – дейтін əкем, – мұрны пұшық, аяғы ақсақ, құ- лағы дұрыс естімейтін, беті шұбар, көзінің тарыдай ағы бар, тілі сақау, белі бүкір Өлмесек атты шалдың қолы сынып ау- ырып жатқанда: «а, құдай, бейнетіңнен сақта», – деп тілейді екен. Сонда інісі: «Саған құдайдың бермей қалған бейнеті бар ма еді», – деп ұрысады екен. Өмірге деген құштарлық


осындай-ақ болар. Біз қара тырнағымызды қанатып алсақ зар еңірейміз.

– Соқырлар мектебінде оқып жүргенде, мұғаліміміз айту- шы еді (оның да көзі шала көретін): «Айналайындар, өмірді көзі барлардан əлдеқайда артық сүйе білуіміз керек. Өйтке- ні біздің – көрмейтіндердің жер бетінде қарманып жүруі – оларды тəубеге келтіреді; өйткені олардың санасынан минут сайын соқыр болып қалмайын деген сақтық еш шықпауы керек». Бір күні маған:

«Жанар, мен суқараңғы емес көзімнің саңылауы барлы- ғына өкінген кезім болды. Бұдан он жыл бұрын екі көзім- ді бірдей шел басып, мүлдем көрмей қалдым. Сонда мен өзімді емес, сау кезімді, сүйіп қосылған жарымды аяған едім. Ол күні-түні демей зар еңіреп жылай беретін, жылай беретін. Ал кішкентайдан бірге өскен жан досым өзімнен бетер уайымдап, жаны қалмай жетелеп жүруші еді. Ақыры ауруханаға түстім. Одессаға барып операция жасатқан соң, атақты дəрігер иненің жасуындай саңылау шығарып, көз алдымдағы қап-қара түнектен тесік шығарып беріп еді. Бі- рақ мен оны үй ішіме де, дос-жарандарыма да айтқым кел- меді. Мені Одессадан əйелім мен досым алып қайтты. Са- молеттегі үш орындыққа қатар отырдық. Сонда не көрді дейсің ғой... не көрдің? Терезе жақта отырғанмын. Жалт қарап едім, жан жарым мен жан досым құшақтасып сүйісіп отыр екен... Мен оларға тесіліп ұзақ қарадым. Мені көрмей- ді деп ойлаған екеуі қаймықпастан аймаласты-ай. Жақсы, көзім көрмей-ақ қойсын, өзімнен – жүзімнен неге ұялмады мұндарлар. Самолеттен түскен соң үйге бұрылмастан тура соқырлар қоғамына тарттым. Сонда мен ақырғы рет жылап, көзіме саңылау жасап берген профессорды қарғадым. Сон-


да мен жанарым жайнап тұрған шақтағы бүкіл қылығымды тəрк етіп, бəрі бекершілдік, күнəға толы арсыз ғұмырлар деп білдім...».

– Мен мұғалімімнің əңгімесін сізге неге айтқанымды бі- лесіз бе? – деді Жанар алдындағы былтырдан қалған ескі шөпке қадалған қалпы. Сенің жүзіңе жалт қарап, «құдай-ау, мына қыз да көреді, мені алдап жүр, мені сынап жүр» деген ой шабақтап өткен.

– Оны айтып отырған себебім, егер артық кетсем, кеші- рерсіз, сізден басқа маған жақындаған еркек атаулының екі көзі өн бойымды тінте, кеудеме... балтырыма қарағанын ылғи сеземін. Олар, əйтеуір, көрмейді деген ұғыммен дене- ме емін-еркін сұқтана берер еді. Тіпті бұл да емес айтайын дегенім. Көзі барлардың менмендігі, менсінбей қарайтын- дығы, басынғысы – бас салғысы келіп тұратындығы. Олар бізді мүгедек деп мүсіркейді, ал біз оларды... тəн мүгедекті- гінен жан мүгедектігі əлдеқайда сорлы екенін ұқсашы, шір- кіндер. Біз үшін тек бір-ақ түс – қара түс бар деп ойлайды. Рас, көз алдымыз мəңгі түнек, шыңырау зындан, көр секілді қараңғы қапас. Осылардың ар жағынан жарық əлемде жа- нарына сеніп жарқылдап жүрген көзі барларды көреміз. Біз əлемді, шынымды айтсам, олардан əлдеқайда жақсы көре- міз. Егер айналамызда адамдар болмаса, сонда ғана көр со- қырға айналар едік... (сəл ойланып үнсіз отырдың, сосын басыңды менің иығымнан алып түзелдің де, өзіңнің сүп- сүйкімді ақ саусақтарыңды өзің салаладың). Мен сұмдық атаулының бəрінен қорқамын. Тіпті соқырлар үшін сырт- қы болмыстың əдемілігі жоққа тəн, сондықтан да сіздің бет-жүзіңіздің қандай екенін білмей-ақ іс-əрекет, сөздері- ңіз арқылы дос болуға ынта білдірдім. Шынымды айтсам,


сізге жақындаған сайын алыстап, достасқан сайын ертең қоштасатыным есіме түсіп, іштей жүдеймін. Мен сізге тым үйреніп кеттім, кей түндері таң атқанша көз ілмей шыға- мын. Неге? Мүмкін, ағалықтың жылдар бойы іздеген аялы алақаны маңдайымнан сипағанда, сол алақанның, сол ынта- ықыластың тіпті де мен үшін емес, басқа... мүлдем басқа жат біреуге арналғанын сезгенім шығар. Мен сізді оқыс- тан тауып, оқыстан жоғалтатынымды баяғыда сезгенмін. (Жанар, сен толқып егіле сөйлегенсің. Өз ойыңның бəр-бə- рін қысылмай, əлдекімдер құсап монтансымай, еркін айта беріп едің. Сен бір таң бозында сайраған бозторғай едің, жаным). Бұл, лайым, ғашықтық та, зар еңіреп қияли болып кетер сүйіспеншілік те, демек, қыз бен жігіт арасында болар ынтықтық та емес, ғұмыр жалғанда қимайтын асыл затты, тіпті əлгі əдемі сезімдердің бəрінен биік мұнара туыстық, екі дүниеде ұмытпас жарылқаушы иелік, яғни ақəділ періште- лік шығар-ау. Бұдан бұрын сіздің алдыңызда осылай тіл без- еген жоқ екенмін; олқысын толтыру ниеті де емес, əншейін қазіргі жүрісіміздің, қазіргі екеу арадағы жақындықтың қа- зір жасырғанмен, күндердің күні түртініп өзі шығатын, қол көтеріп сұранатын қарым-қатынастың басын ашып алу еді. (Осынау лақтың асығындай нəзік қыздың бойы мен ойында- ғы алапат қуаттың отына жылындым).

– Мен кеше түсімде сізді көрдім! (дегенің əлі есімде, Жанар. Сен бұл сөзді балаша қуанып айттың. Əлгінде ғана аңдай көріп, əр сөз, əр қимылыңа өте бір кішілікпен құлап отырғаныммен, əп-сəтте уыз күлкі, сəби мінезіне көшкені- ңе қайран қалып едім). – Күндізден гөрі түндерді өте жақ- сы көріп, шаттыққа бөленетінім сол – түс болса да көре алу бақыты... Орта бойлыдан жоғары, қара шашты, қыр


мұрынды, қой көзі бар. Сіз менің қолымнан жетелеп, асау тау өзенінің үстінен салынған қыл көпірден өткізіп келеді екенсіз деймін. Маған айттыңыз: «Артыңа бұрылып қарама, егер артыңа қарасаң, екеуміз бірдей құлап өлеміз». – Көзімді тас қылып жұмып алдым да, соңыңыздан ере бердім. Арғы жағаға есен-сау өтіп шыққанда ғана көзімді аштым. Міне, ғажап, мен көремін: қап-қара түн, қап-қара аспан, қап-қара адамдар алқызыл түске, ақ түске боялды. Əлгінде біз өткен өзен қып-қызыл, тіпті, қан еді... Мен қуанғанымнан еңіреп жылап жібердім. Жанарымнан жас емес, екі көзімнің қара- шығы ағып түсе берген кезде, сіз қақшып алдыңыз да, əлгі қан өзенге лақтырдыңыз... «сосын маған жыламауың керек еді, бұл арада тек қарқылдап, жарқылдап ыржалақтай бере- тіндер, бұл – күлкітоқ ессіз, артына бұрылмай тек алға қада- ғайлайтындар мекені», – дедіңіз де, мені көпірден кері өткі- зіп салдыңыз. Сөйтіп, мен сізбен мəңгіге қоштасып, өзімнің баяғы мекенім – соқырлар аралына қайтып оралдым. Адам да, күн де, гүл де қап-қара, қап-қара түске ене берді... ене берді... (сен орныңнан атып тұрдың да, жіпсіп жатқан жал- ғыз аяқ жолға түсіп үйге аяңдадың. Артыңнан қоса жүгірге- нім жоқ, оған менің дəрменім жетпейтін еді)...

Жылымық!

Мен тағы осы суретке, осы сөзге ораламын. Наурыз. Жылбысқалана еріген қар. Қар-қабыршық жолмен жұ- лым-жұлым шоқпытқа оранған шаруа баласын жетелеп алысқа, біздер білмейтін беймəлім сапарға аттанған. Ескі қора – тозығы жеткен қыстың да, тозығы жеткен тірліктің де айғақшысына ұқсаған. Ал ақша қардың ортасындағы екеуміздің шөп қосымыз ше? Ол ненің айғақшысы? Жы- лымықтың жұмсақ шуағы ең алдымен сол итарқаның тө-


бесіндегі қарды ерітпейтін бе еді. Шіруге айналған бел- ағаштан сорғыған су – көздің жасы, қара қостың жасы іс- петтенгенін сен көрген жоқсың, мен саған айтқан жоқпын. Тырс-тырс тамған тамшының үнін санап, енді қанша өмір сүретініңді жорамалдағаның болар. Күн қыза бастаған, там- шы біз қайтқанша толастамаған: «Жүз жасайсың», – дедім.

«Кəріптер, əрине, ұзақ жасайды», – дедің. Мен сонда алғаш рет өкпелеген едім. Бірақ білдірмеуге тырыстым. Содан кейін біз қайтып қара қостан аққан су тамшысын санамау- ға келістік. Мен өзімді ылғи алыс, тым алыс сапардан жо- лаушылап келе жатқандай үнемі шаршаңқы сезінетінмін. Өзіңмен жолыққан сəттерде сол азапты сапардан жалық- қан жан, талыққан белімді суытқандай демалып қалар едім. Жо-жоқ, бұл ермек емес, зəтте жүректің жалқы сəт көк шалғында жатып көзін жұмғаны, тəтті əуезге құлақ құры- шын қандырғаны шығар-ау. Кейде сенің жастығыңды қыз- ғанатынмын, білем, бұл сенің жалғыз қуанышың ертеңге деген үміт құсыңның медеті. Кейде мен осы өкпе ауруымен сырқаттанғаныма, осы Тасбөгет санаторийінде демалғаны- ма шексіз қуанар едім. Өйткені мен өзіңді жолықтырдым, мынау гүрілдеп-сарылдаған өмірде Жанар атты жанашырым барын білдім, əрі тіршіліктің мəнін бұрынғыдан əлдеқай- да терең түсіндім. Сондықтан да күні бүгінге дейін рухани қымызыма айналған, аяулы қыз, сен тоқ тартар көңілдің жы- лымығына балап келемін.

Сен қайтардан бір күн бұрын баяғы жолға қайта шығып едік. Ол шақта қар кетіп, жер тобарси бастаған. Анда-сан- да өзін көрмесек те мекеніне қайтып оралған құстардың үнін естіп қалатынбыз. Қандай ауыр күн еді. Түскі тамақ-


қа бармай, ымырт үйірілгенше қыдырдық, бірге өткізген аз күніміздің баспанасы іспетті ескі қоспен қоштастық; сол кетеуі кеткен шөп қосқа адастырмай алып баратын қақ тұн- ған жалғыз аяқ соқпақпен қоштастық; есіңде болар: жол ше- тінде екі қарағаш бар еді ғой, бірі – сымдай боп тік өскен, екіншісі жырақта өссе де қыпша белін бүкірейтіп аяусыз иіп əкеліп, ұшар басын əлі түзу ағашқа тіреп, қайтадан жары- са тік бойлап кеткен-ді; сен осы өзін-өзі құрбандыққа шал- ған əлгі бүкір қарағашқа арқаңды тіреп тұрып: «Адамдар- да осы ағаштың ерлігі жетіспейді», – деп едің, – иə, сол бір қос құрбымен қоштастық. Ең ақыры қас қарая Тасбөгеттің үстіне шығып тұрып, етекте самаладай жарқырап жатқан Алматыға қарағанбыз.

– Қандай əдемі екен, əттең, сіздің көзіңізді қарызға ала тұрып, бір-ақ рет көріп, жан тапсырар ма едім.

– Менің көзім көз болмайды ғой. Өйткені менің жанарым сенің жан дүниеңе сəйкес келмес еді.

– Мүмкін. Арман ғана... Арман... Білесіз бе, бес жасым- да болар, жұлдызқұрт ұстап алып, брошка жасаймын деп шашыма таққанмын. Сонда əлгі жұлдызқұрт түнде жұлдыз- ша жарқырайтын, онда мен көретін едім ғой... Қазір ойлап тұрмын: анау етекте жатқан шамды қала сол жұлдызқұртқа ұқсас шығар деп (мен қайран қалдым: көзі сау мен дəл осын- дай теңеу таба алмас едім).

– Рас айтасың, Жанар. Кейде алып қара қазанда от қайнап жатқанға ұқсайды.

– Ал мен айтар едім, жұлдызды аспанның бір шеті ойы- лып, жерге құлап кеткен деп... Бірақ мен түнді қаншалық- ты жақсы көрсем, соншалықты қорқамын. Неше сықылды сұмдық-сұрқиялы істер осы түнде жасалмай ма? Шабысты-


рар да, табыстырар да түн, бірақ мен үшін бəрібір – күні  не, түні не... (Сен осы сөзді терең күрсініспен бітірдің де, қала жақтан соққан желге жүз берген қалпың көпке дейін үндеген жоқсың. Ал менде тағат қалушы ма-ау ондай ме- зетте. Арамыздағы əп-сəтте тұтанып, іле сөніп отырар əде- мі сезім – сезінуден, түйсінуден туған сезім қайта-қайта ты- нышты момақан күйге шақырар еді).

Ал қаракөк аспанға қарап тұрып:

– Желмен бірге адамның иісі де келіп тұр, – дедің. Ал қаракөк аспанға қарап тұрып:

– Жұлдыз ақты, – дедім.

– Көріп тұрмын. Егер жұлдыз көп ақса, күн ашық, ыстық болады, – дедің. –Аспаннан ағып түсер сол жұлдыз, бəлкім, түсімде ағып түскен менің жанарым болар, адасып жүрген...

– Мен сені бүгін танымай тұрмын, Жанар. Мұншалықты күйреу халге тізгін бермеуші едің.

– Бүгін мен өзімді-өзім түсінбей тұрмын. Бейне бір көк жалқын теңіз бетінде малти-малти жағалауға енді қолым ілінген шақта өліп кетер бекершілдікті кешкендеймін, сол бір бекершілдіктен əбден шаршағандаймын. Иланыңыз- шы, аға, менің көзім тек бүгін ғана көрмей қалған секілді, бəлкім, бұл – ертең ерте сізбен мəңгілікке қоштасар минут- тың тым жақындауынан туған толқу шығар; бəлкім, жақсы адамдардың бір-біріне тек айырылысу үшін жолығарына енді ғана сенген жүректің өлімесірігі ме... (сен менің иығы- ма басыңды сүйеп едің... Селкілдегендей болдың, жылаға- ныңды білдім, жанарыңды алақаныммен сипадым, жас бар екен... жас бар екен... сен шын жылап тұр екенсің... жылап... жылап...)


Маған сенің көз жасың, сүйікті мекеніміз қара қостан ақ- қан тамшыға ұқсаған. Мен сонда басқалардың, тіпті өзімнің де өтірік жылайтынымды білдім.

Сені жұбату менің қолымнан келмейді. Бар айтқаным:

– Қайтайықшы.

– Жоқ... Бүгін мен қадір түнін күзетемін. Мен сіздің тай- лағыңыз, жетелеңіз, отыз күн жетелегенсіз, бір түнге шы- дарсыз. Мұның мен үшін, ертеңгі сізсіз өмірімнің өксіксіз өтуі үшін қаншалықты мəні барын сезесіз бе, аға. Түн жа- мылып тұрып ағымнан жарылсам, адамға ең керегі шыра- дай жанған көз емес, қолына шырақ секілді ұстап жүретін адал айнымас дос екенін түсіндім. Мүмкін... (сен дірілде- ген саусақтарыңмен менің бетімді сипаладың, саусақ табы түсіп қалардай өте жұмсақ əрі аса сақтықпен сипаладың)... мүмкін, мендей ғаріпке сізден артық жанардың керегі де жоқ па екен...

Түн салқындай бастаған. Алыстан – тым алыстан само- леттің гүрілі естіледі. Аспан мен жердің арасында дірілдеп ілініп қалған белгісіз бір жұмсақ мұң бардай – мұнарлы мұң, тəтті мұң, кəусар мұң.

Мен өзімді қатқыл ұстауға тырыстым. Қолаң шашыңнан ақырын иіскедім де, суық желге жүз беріп қызына бастаған денемді, қызыға бастаған көңілімді мұздаттым.

Біз кері қайтқанда, түн ортасы ауып еді. Баяғы үйреншікті жолмен асықпай аяңдап келеміз. Бұл ретте қол ұстасып қа- тар жүрдік.

– Жанар.

– Ау.

– Анау дачаның біріне түнесек қайтеді?

– Аша алмаймыз ғой.


– Терезесінен түсіп кіреміз.

– Ұят болмай ма?

– Ұялған адам – бақытынан құр қалады.

– Маған бəрібір енді. Мен сізге еріп боздап жүрген бота- мын.

– Кеттік ендеше.

Терезесін алып ішіне кіргенде, əуелі қапырықтау иіс шыққан. Көзге түртсе көргісіз қараңғы еді, сосын көктем тү- нінің салқын желі əп-сəтте иіс-қоңысты айдап шығып еді. Бірте-бірте бөлме іші жарық тартып, көз үйренгенде, бұ- рыштағы темір төсекті көрдік. Шарбағының үстіне ескілеу бөстек төселген секілді. Мен оны алдым да, терезеден далаға шығарып қағып-қағып жібердім.

– Ал енді ұйықтаймыз, аға. Сіз ірге жаққа жатыңыз, əйт- песе құлап кетерсіз (күлдің, күлкің қандай таза еді, əттең, менің де, тіпті бəріміздің де ар-ождан, ой-пиғылымыз осын- шалық таза болар ма-ау).

Міне, біз қаз-қатар əлдекімнің дачасында, əлдекімнің тө- сегінде жатырмыз. Əйнектен əлсіз сəуле түседі. Əйнектен Алатаудың нардай шөккен сүлдесі қарауытады. Жүрегіміз- дің соққанын, демалысымызды естиміз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.