Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I. Арысын тосып əлі отыр 11 страница



Шағиман Махмұттың кітап толы қоржынын қанжығаға бөктеріп тұрып:

– Шырағым, бұл əрі-бері ұшыртып барып болдырып қа- латын ұшқыр ат емес. Бүлкек желіспен-ақ жер табанын қуы- ратын шаруаның торысы. Бармаған жер, баспаған тауы қал- маған көмпіс ат. Ұзақ жүрістің, алыс жолдың, ой-қырдың соқтырмасына шаршап-шалдықпайтын жолаушының аты. Мə, қамшы. Ал, жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын, балам. Артыңнан ай, алдыңнан күн туғай.


– Қош болыңыз, Махмұт аға! – Бұл – шəкірт бала Көксе- ген еді.

– Қош, аяулы аға! – Бұл – Нұрмаш еді.

– Қош, Алтайдың абзал адамдары, ай маңдайлы ақ ерке- лері! – Бұл – Махмұт еді.

Жауын үдеп салды. Жол лайсаң. Алда ұзақ жүріс бар. Күннің толастар сыңайы білінбейді. Бірақ сона батыс көк- жиектің таумен астасқан етегі түріңкі екен... Басылар. Ал- тайдың сіркіреп тұрған ақ нөсері Сұлтанмахмұттың көз ал- дына Сарыарқаның жаңбырын елестетті...

Жол лайсаң. Тайғақ. Алда ұзақ жүріс бар...

 

* * *

 

Ақ жауын сілбілеп тұр. Мен Қызылқайың сарқырама- сының жиегіндегі кəрі қайыңның түбінде таң алдындағы Шолпан жұлдыздай туып-батқан аяулы ағаны емірене есіме алып, əлі отырмын.


 

 

ЖЫЛЫМЫҚ

Жолаушы атың семіз желе-тұғын, Көз бар ма мен байғұста көре-тұғын.

Халық əнінен

Мен осы бір суретті көрген сайын, сені есіме алатынмын немесе сені есіме алған сайын, осы суретті көретінмін. Қа- зір қайда, не істеп жүргеніңді білмеймін. Мүмкін... Аузым бармайды ондай жамандыққа... Мүмкін, бұл дүниелік емес шығарсың. Оған өкінішім жоқ, сен бəрібір қашанда менің қасымда жүрер едің; жалғыз-ақ өкінішім – мына өзің тура- лы новелланы өз бетіңмен оқи алмайтының. Сен қу мекен далада өскен ақ қайың ең, желіккен жел жұп-жұқа қабығың- ды сыдырып, қалтырап тұрсың-ау, жазған; қалтырап тұрып сыңсып əн саласың-ау, жазған; сол мұңлы үн менің құлағыма еміс-еміс естілгендей болады; сол сай-сүйегіңді сырқыратар жетім əуен тым жалғыздығыңның, тым жарымжандығың- ның бебеу қаққан жаршысы, адамдар, тіпті бүкіл əлем ал- дындағы аппақ ар-ожданыңның арашашысы сықылданатын. Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мəнін бұ- дан əлдеқайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуанышын, шын қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қолынан келмейтіндігіне илана түсетінмін. Бұл суретке ұзақ үнсіз қа- рап тұрып бақыт, күлкітоқтық дегеннің бəрін санамнан сы- лып тастап, өзім де біле бермейтін мəңгі шексіздікке, мəңгі тұманды сапарға аттанып кетуді көксер едім. Қараған сайын


жүрек соғысым бəсеңдеп, енді аз-маз сəттен кейін барлы- ғымен – сені мен суреттен басқасының барлығымен қош- тасып, əні-міне, арғы əлемге апарар арбаға мініп, аттанып бара жатар едім. Талай рет өз-өзімнен қысылып, өз-өзімнен булығып ағыл-тегіл жыладым да. Неге екенін білмеймін, осынау сурет пен сенің бейнеңнен ұқсастық тауып, екеуіңді жаһандағы жақсы атаулының бəрі-бəрінен жоғары қоятын- мын. Есіңде болар, мен саған осы суретте не салынғанын, əрі мазмұнын сан қайтара айтып, шаршатып та алушы едім. Сен бір нүктеге қадалған қалпыңда жалықпай тыңдай берер едің, сосын қабырғада қағулы тұрған суретті жұп-жұмсақ алақаныңмен сипалап, ауыр күрсінер едің. Білем, айтпа- саң да сезетінмін, тым болмағанда жалқы рет жарық əлемді көріп жан тапсыруды армандағансың талай рет.

Мен осы бір суретті алғаш көргенде, сұлулық һəм тама- ша өнер жайлы жайдақ ұғымыма ұлы өзгеріс енгізгенмін. Табынып тамаша деп жүргеніміздің көбі шуақты сүйетін қорыншақ көңілдің көңілшектігі, тыз етпе əсіре əсерден ту- ған біратар пікірдің салқыны екен. Қисапсыз, көдедей көп дүниенің қайсыбірі жадымызда тұра береді, осындай ілу- десі ғана жылдар бойы рухани досыңа айналады. Адам мен өнер арасындағы достықтың жібіне күйкі тірліктің қарғала- ры қаз-қатар қонып алса, ол жіптің ұзамай үзілері хақ. Тым ертеректе жоғалтып алған табиғатқа, жалпы: ұшқан құс, жү- гірген аңға деген іңкəрлігің іңгəлап қайта туса, қайта тірілсе, жастығыңның да қайта оралғаны емес пе. Атар таң, шығар күн, туар ай – бəрі-бəрі жер басып жүргенде ғана керекті- гін біле тұра, мадақтаймыз. Айналадағыны көру, сезіну үшін жаралған пендеміз. Бірақ бүгін бар, ертең жоқ, тіпті көзіңді жұмсаң жоғалтып алар тамашаның қадірін ылғи кеш түсініп,


кеш бағалар едік. Екеуміз қол ұстасып қатар келе жатқан- да, əлгі айтқан əлемді мен көретінмін, сен сезінетінсің. Күні бүгінге дейін көру мен сезінудің айырмасын, артықтығын таба алмай сандалудамын. Кейде жаныңда келе жатып көзімді тас қып жұмар едім де, қап-қараңғы дүниеде өз-өзімді жоғал- тып алатындай аса қорқынышпен жанарымды жарқ еткізіп ашып жіберер едім. Ал көзімді жұмған сəтімде, сенің қолың- нан мықтап ұстап адасып кетпекке бекінетінмін. Көзімді аш- сам да, жұмсам да саған еріп, сенің ізіңді басып жүргенім- ді енді білдім. Иə, қасымда болғаныңда бəрі басқаша еді... басқаша.

...Айдаланы албастыдай басып жатқан ақ қар, көк мұз еп- теп жіби бастаған. Сонау бір шеткеректе бір түп ағаш үрпие өсіп, сол ағаштың жапырағынан тоналып, сидиған бұтақта- рына бір топ құс ұшып-қонады. Жолдың қары əуелі сөгіліп шылқи езілсе, ала бұлтты аспаннан оқта-текте сығалап қалар күн жарықтық көп ұзамай келер көктемнің жып-жылы хаба- рын жеткізеді. Ауада майда желемік бар-ау деймін. Қыстай қар астында ыңырсып жатқан қара жер үстіндегі су болып қатқан мың батпан жүгінен-күпісінен құтылар күнді ойлап уайымдағандай.

Жылымық! Ақырған аяздың дəурені бітіп, бұл өңірге жы- лымық ұялағаннан бермен, қайғы жұтып жүдеген далада қы- быр-қыбыр қозғалыс барға ұқсайды. Анау, адамдардың улы табаны тиіп, бой-бойы шыққан ылжыр жолда бала жетелеп бара жатқан шаруаның қазіргі халі қандай екен? Менің ай- тып отырғаным В.Васильевтің «Жылымық» атты суреті еке- ні есіңе түскен шығар. Өйткені біз дəл осы мезгілде танысып едік қой. Бұл сурет жайлы өз ғұмырымда əңгімелеп те, жа- зып та тауыса алмас едім. Оның кереметтігі, тіпті суретші-


нің асқан талантынан гөрі біздерді таныстырған дəнекерлі қуатында шығар.

Біз келе жатқан санаторийді Тасбөгет деп атайды. Сары күшіктей сары ала автобус иір-иір жолмен таудың басына қарай алып қашты. Ертеректе төсеген цемент жолдың əр тұсы ойылып, жер ошаққа айналып, жылбысқалана еріген қар суына толып жатыр. Автобус əлгі суды шалп еткізіп бас- қанда, жол шетіндегі таза қардың аузы-мұрнын бұзып, сата- лақтап кетеді. Ондайда бейқам отырған жолаушылар қопаң етісіп, дел-сал халін сілкіп-сілкіп алғандай болады. Маған орын тиген жоқ, түрегеп тұрдым да, бағана сатып алған қо- лымдағы суретті он жақ терезе тұсында отырған жас қызға ұстатып қойғанмын. Қыз, шынында да, əдемі еді. Он екіде бір гүлі ашылып, қулық-сұмдықтың есігінен сығалай қой- маған; өмірге айналасындағы адамдарға деген сенім түйсі- гіне қылау түспеген, таңсəрі шығындай. Үнемі ой үстінде, терезеден анау алабажақ тау-тасқа қарап отырған соң, жұрттың көзінше тіл безеуді артық санадым, əмбе əлдекім- дердей бір көрген қызға қырындап сумақайлана беру – қа- детіме жат.

Мен берген суретке қараған да жоқсың. Аса бір сақтық- пен алдыңа өңгеріп, үнсіз отыра бергенсің. Межелі жеріміз- ге жетіп, жаппай дүрлігіп түсе бастағанда, рақмет айтып, суретті өзіме алдым.

Автобустан түскен соң, Тасбөгеттегі санаторийге жаяу көтерілу керек. Тау бауырындағы жоташықтың төбесіне са- лынған, етектен басталған тас баспалдақпен өрлей берсең, қалың ағаштың арасындағы ағаш үйлерге өзі алып бара- ды. Ағаш басындағы қар жалп-жалп түсіп, ол да ептеп ери бастаған. Ал тас баспалдақты қуалай бұлақ ағып жататын.


Мен сенің соңыңнан еріп келемін, өте баяу қозғалып, ады- мыңды санап басады екенсің.

Сосын əр сатыны ауыстырып алып, екі-үш рет сүрініп те кеттің. Соңыңда адам барын сездің бе, мені оздырып жібе- руге тырысып, қайта-қайта дем алдың. Бір мезетте сенің жа- ныңа келіп мен де дем алдым. Қарап тұрмай жігіттікке тəн əуестікпен:

– Қарындас, қараңызшы, қазіргі шақ дəл мына суреттегі- дей емес пе? – деп едім. Үлкен қара көзіңді төңкере қарадың да, екі бетің қуқылдана:

– Мен ештеңе көріп тұрғаньм жоқ, – дедің. Көзің қандай тұнық, сондай əдемі əрі қорқынышты еді.

– Қалайша, өтірік айтасыз ғой. Сөйлескіңіз келмейді, ə. Əйтпесе сіздей қаракөздің мынандай көркемөнердің ғажап дүниесін түсінбеуі мүмкін емес, – деп тақылдадым. Сен үн- сіз күрсіндің. Күрсіндің де, менің бетіме өзгеше жат, өзгеше аяулы жансыз жанармен қарадың.

– Мен көрмеймін, соқырмын, ағай.

Жүрегіме біз сұғып алғандай болды. Дəл осы сəтте мен өзімді соқырдай сезіндім. Қолымдағы сурет сусып түсіп ке- тіп еді:

– Жер былғаныш қой, бүлдіріп алған жоқсыз ба? – де- дің.

– Ештеңе етпейді... ештеңе етпейді. Жүр, бірге өрле- йік.

Біз қатар асықпай аяңдап келеміз. Ақырын көз қырым- мен ұрлана қараймын. Тіпті алғашында сенің сөзіңе сенген жоқпын.

«Алдаған шығар».

– Атың кім, айналайын, – деп жасқана сұрап едім:


– Жанар, – деп майда үнмен жауап бердің.

Даусыңның бір ерекшелігі бар еді. Сөйлегеніңде үнің кө- мекейіңнен өзгеше қоңыр назбен күмбірлеп шығатын. Қан- ша тыңдасаң да жалықпайтын əн секілді ме, күй секілді ме, ауызбен айтып, қолыммен жазып бере алмайтын таңсық əуен еді. Кейін сен сөйлеген сайын, Риганың Домский соборынан орган тыңдап отырғандай дүниедегінің бəрін ұмытып, руха- ни айдынға жалғыз желкенді қайыққа мініп, оралмас сапар- ға аттанғандай хал кешер едім. Асырып айтқаным емес, ра- сында үніңнің адам жанын баурап алар сыбызғылы сиқыры бар-тын.

Мен сенің көрмейтіндігіңе өкінгенім жоқ. «Жығылған үс- тіне жұдырық» дегендей, жас басыңнан өкпе ауруын жамап алғаныңа қабырғам қайысып еді. Сонау бір жылымық шақ- та, «Жылымық» деген суретті көтеріп сенің жаныңда тауға өрлеп бара жатып, адамның сыртқы дүниені, ортаны, жалпы табиғатты сезінуі, қабылдауы жайлы тұңғыш рет ой түсіп еді. Содан бері көру үшін тек көздің ғана болуы жеткілік- сіз, əлемдегі əр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуға керектігін бағамдағанмын.

Біз көп сөйлеспейтінбіз. Не нəрсе жайлы əңгіме қозға- сақ та, шыр айналып келіп, көру арқылы туатын ойға ті- реле берген соң, тайсақ соғатынбыз. Сен менің бұл тай- сақтығымды сезесің бе, өз бетіңмен еш нəрсе сұрамай, бір нүктеге қадалып үнсіз отыра берер едің. Сенің бір нүктеге қадалған тұнық жанарың кейде шөл даладағы терең құдық- қа ұқсаса, кейде айсыз түнгі айна көлдей, бар сырын іші- не бүге қорқынышпен қарауытатын. Мен осы жазықсыз жанардан адамдықтың, əрі тазалықтың айтып жеткізгісіз жырын, көз тоймайтын сұлулығын таныдым. Əмбе сенің


осындай күнəсіз көзіңді көре алатыныма шексіз қуандым да. Біздің санаторийдегі тіршілік өзіңе мəлім еді ғой: таң- ертең жаттығу жасауға қуатын (əрине, сенен басқасын); сосын дəрі-дəрмегінің ішкенін ішіп, ішпегенін лақтырып міндетімізден құтылар едік, сонан соң тамаққа, сонан соң... сонан соң... Тамаққа да, кешкілікті киноға немесе сейілге сені ертіп барып жүрдім. Көптеген көздер екеуміздің əр ады- мымызды аңдып, ішіп-жей қарағанын, əлбетте, сен білмедің ғой. Солардың ішінде қасқыр көздің, түлкі көздің, үкі көздің, қоян көздің, мысық, тышқан, жылан; қара, көк, ала көздің барын да қайдан сезуші едің. Сенің соны көрмегеніңе, көріп жас жүрегіңді жараламағаныңа қуанып едім. Біз бірде-бір кино қалдырмай барып жүрдік. Сөзін ғана тыңдап, экранда қандай қанды майдан жүріп жатқанын басқадан көш ілгері түсініп, мазасызданып отырар едің. Кинодан шығып, қара қатқақ жердің мұзын шықыр-шықыр сындырып серуенде- ген сəтте, өліарадағы көзге түртсе көргісіз қараңғы түнде мен сенің білегіңнен тас қылып ұстап алып, бағыт-бағдарды ажыратар едім. Сонда күндіз жарқыраған аспанның астында жүріп, сан сүрінер аяғым не томарға шалынып, не шұқанақ- қа түскен емес. Өйткені сен жетелеген түндер ғой ол.

Тағы да жылымыққа оралайыншы. Ағаш орындыққа ар- қамызды сүйеп, күншуаққа қыздырынып көп отыратынбыз. Сонда қуаты жасықтау күн қанша қыздырғансымақ болға- нымен, арқамыз мұздап қалар еді. Сен осылай, ұйқылы-ояу отыра беруді ұнататынсың. Кейде менің иығыма басың- ды сүйеп, мызғып та алар едің. Ал мен сенің ақ дидарыңа, бұрқырай жапқан қап-қара шашыңа, баланың жүрегіндей бүлк-бүлк соққан мойныңа, уыздай жас бітіміңе бүкпесіз қа- рап, тағдыр ма, табиғат па, əйтеуір, қай-қай иттің осындай


сұлулықты қор жаратқанына қаным қайнар. Сонда əлгінде ғана қамасқан ұзын кірпіктерің қайта ажырап, сүп-сүйкім- ді ернің жай ғана күбірлейтін де, тек өзіңе ғана тəн, тек сен ғана айта алатын ғажап үнің естілер:

– Аға, сіз маған сонша қадалып неге қарадыңыз? – Мен не дерімді білмедім. Расында, шошынып та қалғанмын.

– Мен бəрін сеземін, аға... бəрін, əйтпесе қалай өмір сү- рер едім. – (Көзіңді қайта жұмдың, жұмбасаң да болар еді ғой).

– Көзімді жұматын себебім, ұйқым келді. Бірақ ұйық- тай алмаймын. Менің көз алдымда мəңгі түн ұйып тұра- ды, бірақ бұл мəңгі ұйқы емес қой. Кейде сол қатпар-қат- пар қараңғылық қақ айырылып, бір нəзік сəуле жанарымды шұқылап ойнайтын. Сіз түсінесіз оның қандай сəуле екенін, егер сіз түсінбесеңіз, онда мен сізбен тіпті де достаспаған болар едім.

– Егер түсінбесем ше?

– Жоқ, менің түйсігім бақытыма ма, сорыма ма... орай, ешқашан алдаған емес, аға.

Ұп-ұзын кірпіктеріңді қайта қамастырдың. Жеңіл тыныс- тайсың. Жылымық... бір жылы нұр тарайды бойыма. Сенен шуақ алған нұр да...

(Қандай сұлусың, қандай аянышты бейне. Ертеңгі күнің не болар екен, жаным, не болар екен).

– Сіз мені аямаңызшы, аға, біреудің аянышты көзі мен сөзінен қорқамын. Қанша мүсіркегенмен, менің жанарымды жазып беретін адам жоқ. Мен мүсəпір де, сормаңдай да, жа- рымжан да жан емеспін. Мен – Адаммын!

Осы түннен бастап сен менің жарылқаушы рухани ием ғана емес, өмірі өтірік айтпайтын, өмірі қателеспейтін ұлы


ұстазыма айналдың, айнашым. Жалғанда ақылдың, ойдың, сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын, лайым, – де- ген имандай сөзді бойтұмардай сақтадым. Көлеңкелі жуас сезімнің құндағында əлемдегі барлық ию-қию тірліктен хабарсыз бейкүнə сəбидей момақан отырғанда, былайғы жұрт ғашық жандар деп жорамалдар-ау. Жо-жоқ, біздің сү- йіспеншілігіміздің күрмеу жібін ешкім шеше алмақ емес; оны түсіндіру қолымыздан келмейтіні іспетті, өзгенің де ұға қоюы екіталай. Иə, ол бір қиял жеткізгісіз жұмбақты сезім, достыққа да, махаббатқа да ұқсамайтын бөлекше дүние-тін. Сенен он жас үлкендігім арамызға уақыт қорғанын орнат- қан жоқ, қайта мен өзімді сенің алдыңда он жас кіші бала сезінетінмін жəне əр сөзімді аса сақтықпен сөйлеп, əр қи- мылымнан үлбіреген көңіліңе қаяу түсірерлік ағаттық жібер- меуге өлердей тырыстым. Ес-түссіз талаураған тыныштық осылайша ертекті əлемге ертіп əкететін.

Сол күні би болды. Мен сені ертіп бардым. Үнсіз қарап тұрдың. Жұрттың бəрі ұлар-шу, қым-қуыт, қайқаң қағып би- леп жүр.

– Аға, – дедің құлағыма сыбырлап (демің қандай жылы еді), – жүр билейік.

Міне, ғажап! Біз билеп жүрміз. Əлгіндегі секең-секең жұрттың бəрі кейін ысырылды да, екеуміздің өнерімізді та- машалады. Құйқылжыған музыка үні, аққудай қалқыған біз- дер, қадалған көздер... сондағы көздерді көрсең ғой... көрме- генің жақсы.

– Ананы қарашы, көзі бар бізден жақсы билейді, – деген сөз сумаң ете қалғанда, төбеңнен əлдекім таспен ұрғандай сілейіп тұрдың да: – Кетейік, – дедің ентігіп, – бұл жерден кетейік, аға!


Ертеңінде тамаққа келмедің, бөлмеңе барып едім, теріс қарап бүк түсіп жатыр екенсің. Есіктен кіргенім сол еді:

– Аға, сіз бе? – деп бірден таныдың.

– Мен ғой, Жанар. Ас ішуге неге бармадың?

– Тəбетім шаппады... Сіз бекер келесіз, осындағы қыз-ке- ліншектер онсыз да өсектеп жүр. Көріп қойған да, көздері бар ғой. Бірақ мен қорықпаймын, арашашым – арым. Маған бұйыртқаны осы еді, оны да тартып алғысы келеді. Сонда маған не қалды. Өлу ме?

– Олай демеші, Жанар. Ел не демейді...

– Рас! Ел не демейді, аға... (сəл үнсіздіктен кейін) – егер уақытыңыз болса, ағаш қосқа барып қайтайықшы.

 

* * *

 

Жылымық... Қыстай қысырап жатқан қардың көбесі сө- гіліп жіби бастаған шақ – жан-жануардың ең бір азып-тоз- ған күйінің көктемді көксетер үміт жыршысына айналатын. Салқын да сабырлы қабақпен қарсы алатын наурыздың кеші түнге ұласқанда, дəуренінің дəм-тұзы таусыла баста- ған ақпанның ақырғы айғайына, ақырғы күрсінуіне айнала- тын. Бар ашуын күндіз болымсыз еріп шыланған шалшық судан алып, қанша қабыршықтап қатырғанымен, ертеңгілік күн көтеріле, қайта жібіп салатын. Дəл осы бір сəтте екеу- міз жолға шығар едік. Қаспақтанған соқпақ ирелең қағып алысқа, сонау Алатаудың қойнауына қарай суыра тартатын. Өзектей шұбатылған жолдың өн бойын қуалай жеңіл қаң- ғып көтерілген буды кешіп, қардан кепеш киген қара қосқа дейін жаяу аяңдайтынбыз. Үнсіз, сен алда, мен соңыңда, басымыз салбыраған, бойымызда жан жоқ секілді, мұңсыз-


қамсыз сызып барамыз... жылжып барамыз. Қостың дəл тұ- сына келгенде, келгеніңді айнытпай сезер едің де, қалт тұ- рып, жол шетіндегі таза қарға əуелі менің, сонан соң өзіңнің атыңды беймəлім белгілермен асықпай жазып шығар едің. Көзімді күн нұрына шағылысқан қар қарып, сенің жаныңда еш жазығы жоқ мен тұрар едім. Тау əлі мизеген жоқ, жылымықтың қуаты əлі жете қоймапты. Сол таудың етегі- нен басталып тұманытқан қою мұнар сібірлеп барып сона... сонау көкжиекке барып ыдырай аспанға айналады. Біз кері келген ізімізбен қайтамыз. Тілсізбіз. Əне, екі қолың қалтаң- да, ілби басып сен кетіп барасың; міне, екі қолым артым- да, ілби басып мен еріп келемін. Жалғыз аяқ жолдың ұзына бойынан көтерілген буды кешіп, кешуілдеп келер биылғы көктемнің ақ тұман көрпесіне сіңіп барамыз. Үйге жеткенше күн көзін сұрқай бұлт торлап, ағаш арасынан қаптап тұман шығатын. Сол тұманның арасында екеуміз не қалып қоймай, не қуып жете алмай адасамыз-ай.

Ертеңінде дəл сол уақытта жолға қайта шығамыз. Кеше- гі соқпақ, кешегі мезгіл; сол күн; сол аспан; сол тау; бірақ, бəрі басқа, мүлдем бөтен дүние сезілетін, бөтен дүниенің бұралыңқы жолын қуып екеуміз келе жатар едік. Тағы үн- сізбіз. Егер бір нəрсе деп дыбыс шығарғандай болсақ, осы- нау сағым мелдеп саябыр тапқан жуас халіміздің айдынына тас лақтырып, əлгіндегі үнсіз аялап, тілсіз табысқан жұмбақ сезіміміздің көк ала үйрегін үркітіп алар ма едік, жаным. Сен жас едің, сол сенің жастығыңа əрі қуанған, əрі қуат алған ағаң он жыл бұрынғы бозбала – боз ала таң күндері- мен қайта жолыққандай, өз мұңынан өзі мас еді. Өз мұңы дейтінім, сені тұңғыш рет тауып алсам, қайтып жолықпас- қа жоғалттым; бозбалалықтан келер жол бар, оған қайтып


кетер жол жоқ екенін сезген қайран көңіл – қансыраған көңілдің күлге аунаған тұсы, бүгінде ақылдың, асқар тау- дың құзар шыңына тырмысқан, жыланша жылжыған ағаң- ның басын бұлт шалған тентірек тұсында жолыққаның, əрі мені де бақилыққа жоғалтқаныңа мұңданамын. Мен сенің айыпсыз тұтқының едім, соңыңнан үнсіз ере беруге жара- сам жəне саған деген таза сүйіспеншілігімнің əйнегі тер- шімесе, қол ұстасып қатар жүруді аңсамай-ақ, күннен нұр алатын айдың кейпі болудан артық не бар; мен бір адам-ай- дынның ортасында қалқып қалған аралдай жалғызсыраған зарлық едім, сен келдің жүзіп, мүмкін мен барған шығармын саған; əйтеуір бір-біріміздің рухани жарылқаушысы екені- мізге күмəнім қалмаған; сен тағдыр торына мүлдемге түс- кен балапан едің, ол азаптан құтқару қолымнан келмейтіні- не қаншама қиналсам да, бар қолымнан келетіні «аға» деген сөзіңнің ала жібін аттамай, ар-ұятыңның күзетшісі болу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.