|
|||
Луиза 10 страница– ақша! Сосын көршісіне қарап: – Отағасы, отарыңызды кім бағып жүр? – деп сұрады. – Қатын... Сосын атына міне беріп: – Әй, сенің қатының бір көк пері- ау. Дұрыс жауап ала алмай-ақ келемін. Егер қаладағы секілді телефоны мен милициясы дайын болса, екі күннің бірінде он бес күнге қамалып шашыңды алдырып, моншаңа түсіп демалып шығар едің... Тегінде мынау тауда екеумізден басқа адам жоқ ара түсер, ал мен көрмегенсиін, қатыныңды қарағайға байлап қойып сойып алсаң, тәубесі есіне түседі, бойындағы жын-шайтанды қуып шығасың. мына менің сары ала сапты қамшымды ал. Бұлар, біздің әйелдер, қаладағыдай, балаларын детсадқа бере салып, алиментін төлетіп, үй де менікі, күй де менікі деп, байын қуып шыға алмайды. Неге десең, бұларға еркектің күші керек, қаладағыдай отын- суы дайын тұрған жоқ, – деді екіленіп. Шоқыта жөнеліп, атының басын қайта бұрды: – Әй, көрші, саспа, қатындарға көрсетпей армансыз бір ішеміз. мен сөзімде тұратын адаммын. Сендей жігітпен, – деді сонсоң қамшысымен нұсқап, – сендей жігітпен періштенің өзі ішсе де, қауіпсіз... ішеміз... ішеміз. Қойшы сары ала қамшысының жезі күнмен шағылысып жарқырап шоқырақтап бара жатқан «Шығайбайдың» ту сыртынан қарап тұрып: – мүмкін ішетін шығар. мың күн сынбас шөлмектің бір күні сынары хақ қой, – деп күбірледі. Отарды иіре бастады. Қойшы көпке дейін ұйықтай алған жоқ. Күндізгі тоңтеріс, өкпе-наз ымырт жабыла ұмытыла беретіні бар. Біздің көп- көп кінәміз түнде жасалады, сол түнде қайта кешіріледі. Түн көрпесі сандаған баукеспе ұры-қарылық пен сандаған ұятсыз қылықтарды бүркеп тұрады ғой. Егер түн болмаса, – деп ойлайтын Қойшы, – түн болмаса. Түн адамдарға бір сәт шын еркіндік беріп, есіртіп алар. Жүректің басына дерт болып байланған өкпесі, секемі мол зілді өкпе, кінәмшіл еркектік намыс жібіместей-тін, бағанағы ұрыс-керіс байыздағандай болған соң, Әйелінің жанына барып еді, «кетші әрі, сасымай» деп, итеріп тастады. Сол кезде барып әйелінің айы-күні жетіп, аузы-мұрнынан шыққан екіқабат екені есіне түсті. Сүйретіле тұрып, тонын жамылып жалаң аяқ сыртқа шықты. Көзге түртсе көргісіз, тас қараңғы. Бағанағы күнді күргейлеп тұрған ұзынша бұлт едәуір ұлғайып, күн батыс жақты торлап алған. Қойлар пырдай болып жусап жатыр. Тасшоқының теріскейінен мылтықтың тарс еткен даусы естілді. «Шығайбай» болар деді Қойшы күбірлеп. – Тым сақ адам. Әйтеуір арам өлмейді. Есесін ешкімге жібермейді. Бірақ соншама мол ақшаны не істейді екен? машина сатып алып жатқан ол емес, курортқа барып жатқан ол емес, қызық әйтеуір... Еш нәрсе құштар етпейді, еш нәрсе алаңдатпайды. мүмкін соның өмірі менен гөрі жеңілдеу шығар. Ойлай бергеннен келер пайда не? – Сосын өзі үй іргесіндегі ер-тоқымға отыра кетті де, жұқалаң ақ сәуле тарағандай болған батысқа қарады. Қостың сырт жағынан шолақ торының пысқырғаны естілді. Әлдеқайдан ешкішек маңырады, әлдеқайдан елік әупілдеді, жаңбыр жауып жатса керек, тап-таза әуе оқта-текте сіріңке жаққандай жарқ етіп қалады. Қойшының жүрегін дәл осындай бір беймәлім сәуле шабақтап өткендей болған. Сол сәулені оқыстан тауып, қапияда жоғалтып алғандай ма... Сол сәуле болымсыз бір алдамшы үміт секілді басы ауырып, балтыры сыздағанда дем беріп қалып, дәметтіріп жүр де. Әйтеуір... әйтеуір бірдемелер... тіпті тілмен түсіндіру қиын, тек жүрекпен сезетін бірдемелер... дүние быжынаған бірдемелерге толы... Қойшы жүрегінде дәл сәуледей сенім оты да тұтана жүретін. Әзірше берік емес, сөніп-жанып жыпылықтап тұрар. Сол сенім мұны әйелімен, анау жусаған қоймен әлі отастырып келеді. Ол ойлады: «Күндердің күні осы екеуі де – болымсыз үміт, болымсыз сенім жоғалса, қайтер еді... мүмкін көнетін шығармын, мүмкін өлетін шығармын. Егер мен шынында да осы екеуінен айырылсам, онда... білмеймін, ай, білмеймін, құдайға рас, білмеймін... екі қолымды төбеме қойып безіп кетермін де. Қайда? Барар жер, басар тауым бар ма?!» Қойшының есіне тағы да «Дворяндар ұясындағы» кейіпкер түсті. «жо-жоқ, ол әншейін зерігіп еді. Оның байлықтан басы айналғанда, ойлап тапқан ермегі ғой. Ол – мен емес, мен – ол емес. Ол қайда барса да, дүниенің төрт бұрышын айналып шығам десе де, қағанағы қарқ, мүмкіндігі мен еркіндігі бар. ал мен... Қойдан қашып қайда ғана бара аламын. айталық мен осынау иен тауда жалғыз отырмын, ай дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Бірақ еркін емеспін, өз білгенімді істей алмаймын ғой. Жер бетінде алакөз адамдар, бір-бірін бөліп тұрар шекаралар қаптап кетті. Жер беті неге ғана сан сұмдыққа, сан уайым- қайғыға, жылап-сықтаулар мен жетпей жүрген жетімдердің зарына толы. Жер, айналайын жер, қасиеті күшті жер, құдіретті жер неге ғана онсыз да өзі күндердің күні қойнына жасырынар екі аяқтыларын қырқыстырып қояды. мәселен, мен шолақ торыға мініп, анау алтайды асып әрі... әрі, алысқа... жүре берсем... маған ешкім мынау өзге жұрт, өзге халықтың жері деп аластап кеудемнен итермесе. мен Тасшоқының үстіне шығып алып, «Ей, әлем! ассалаумағалейкум!» деп, өз тілімде жар салсам; білем, қой қайырып үйренген даусым зор-ақ. Әттең, Тасшоқының кезеңінен аспайды. Өмірге алғаш келгенде бәріміз бірдейміз, жауыз болып ешкім тумайды. Тұсауын кесе салып, жамандыққа үйрететін адамдардың тағы өзі. Сонсоң жаман- жақсы болып екіге бөлінеді: қара жерге кіргенше ырылдасып өтеді. Дүниені бүлдірген осы екеуі – шеті мен шегі жоқ бақилық екеуі. Бұл екеуінен екі тап, екі қоғам, екі система пайды болды. міне, олар жер жарықтықты қақпақыл қып ойнауда. ал мен көксеген шын еріктілік қолдарына тисе, осы жұмыр жерді қайтер еді!.. Құдай-ау, қайтер еді... Білмеймін, осыны ойласам, құлағым шыңылдап, басым айналады. мен өзімді жер де бұрынғыдан әлдеқайда тез айналып, егер ол осылай айнала берсе, қирап қалатындай сезінемін. мен осыны ойлағанда жер жарықтықты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қойныма тығып сипап ұйықтап кеткім келеді. Қойшы созалаңдай белін ұстап орнынан тұрды, белі шойыр- ылғандай ұйып қалған екен. Еңкең қағып, аяғын сүйрете басып, жусағанқойдыңарғыжағына шықты. Орағыта шықты да, таудың артын жап-жарық қылып найқалып, көтеріле алмай тұрған буаз айға қарағыса келді-ақ, ай әлі тумаған өліара мезгіл есіне түсті. Сағынғаны ғой. Ол сағынған сайын, жарықтық айдың нұрына іңкәр болатын. Оның ең бір жек көретіні – айсыз қараңғы өліара мезгіл. Тағы да аспан жарқ етті де, құс жолы шаңытып кеткен сықылданды. Батыстағы бағана пайда болған қап-қара бұлт бірте-бірте далия ұлғайып, жаудыркөз жұлдыздарды қымтай, балалап келеді. «ғажап, жұлдыздар секіріп-секіріп жерге түсіп жатқан секілді». Уа, құдай-ау, жұлдыздар жауып жатқан секілді. алақанымды тосайыншы, бірі түсер ме екен. Әй, түспейді ғой. Қатты бір нөсердің ұшығын аңғартқандай, теріскейден жел тұрды. Қосқа құлап кетердей мінбелеп тұрған орманнан қарақұс сұңқылдады. Күрт-күрт оттап жүрген шолақ торы ішінен тартты. ай жарықтық бұлт бүркемей жарқ етіп, ажарымды танытып қалайын деді ме, әп-сәтте шелейе дөңгеленіп шыға келгендей сезілді. Қойшыға: «Бұл елес қой, жарық дүниені сағына сыздаған жүрекке тараған нұр ғой. ай жоқ қой әлі, өліара ғой, есіңді жи, Қойшы. алғашқы нұрлы шуақтан әлсіз болса да, әр нәрсенің нобайын бұлдыратып, тау ішіне жан бітіргендей-ау. Сүттей ұйыған жарық... шіркін жарық сәуле, есіңді жи, Қойшы, қазір өліара жоқ... жарық жоқ. ай жазған әлдеқашан өлген. Тасшоқы ұйқыда». Бұлт иектеп, жел тұрып, найзағай шақырған табиғат үлкен бір жынды сойқанды көп кешікпей бастап жіберуі хақ еді. Ол қысыр ойдан шығар пайданың жоғын оқыс сезінгендей, селк етіп есін жиды да, асығыс басып қосқа беттеді. Ондағы ойы осындай аласапыран сәтте ит-құстың қаптап кететіндігіне кәнікті басы запы болып, тез киініп мылтығын алып қайта шықты далаға. Қосқа кірсе, әйелі ыңқылдап, аунақшып, ұйықтай алмай жатыр екен, дүрсе қоя берді: – Қайда жүрсің, бейшара. айға қарап бір есінеп келмесең, дәретің бұзыла ма. Толғақ келеді ғой деймін, ішім бұрап жатқаны. – аспанның да толғағы келіп тұр. Көп кешікпей қатты нөсер болатын сыңайы бар. Қойға бас-көз болмаса, ит-құсы көп қой бұл Төрқуыстың. – И-и... малда басың қалғыр, Төрқуыс емес – көрқуыс болды ғой... – деп кіжінді де, іргеге аунап ыңқылы күшейе түсті. Қойшы аз-кем қимай, аялдады да, далаға шықты. мылқау қараңғылық меңдеп алған, бұлт қаптап келеді. Жер бауырлай соққан теріскей желі күшейе түскен. Қойшы мылтығын алып, отарын шыр айнала бастады. аса шапшаңдықпен қоғамдасқан бұлт ал қара аспанның Қойшының қосына дейінгі жартысын қымтап еді, енді күншығыс жартысы әлі де ашық, жұлдыздары жайнап тұрған. Ілкіде тек шолақ сәулесі ғана оқта-текте жалт етіп жоғалып, таудың арғы жағында арбасын сүйреп жүрген найзағай бергі бетке ауысып, оттығын тұтатып, көзге түртсе көргісіз қара жерден шам жағып әлдене іздегендей болады. Ендігі сәтте жан шошырлық гүрілмен күн күркіреген. Жел күшейе түсті. – Әттең, – деді Қойшы опынып, – шығыстан жел тұрса ғой, мынау қара құрым бұлтты тықсыра айдап әкетер еді. Бірақ шығыс ұйқыда. Желіккен жел үдей соғып дауылға айналғанда, Қойшы отарды тастай беріп дедектеп қосқа жеткен. Ең сұмдығы сол – қос орнында жоқ, дауыл жығып кеткен де... құлаққа құлындаған дауысы шыққан үн келді. Балалардың үні. Қостың омыраған орнында шырқырап бес бала жатыр. Бес баланың жанында ішін басып дөңбекшіп, алтыншы сәбиді дүниеге әкелгелі қасіретін шегіп, Әйел жатыр. Не істеу керек? Еске оралатын алғашқы сұрақ осы болса да, тәуекелшіл жүрек жауабын іздеп, сандалтпай қан құйлы қимылға бастайтыны бар-ды. Сипалап жүріп, бір өзін шолақ торы әрең теңдеп жүретін сырма текеметті қопарып алды да, бес баласының үстіне айқара бүркей жапты. – Тырп етпей жатыңдар, текеметтен су өтпейді, – деп әмір берді. Енді өзі құстай ұшып отарға жетті. Дес берді де қойлар өре түрегеліп боспастан, үркердей үйіріліп тұр екен. Ішінен «а, құдай, а, құдайды» сан қайталаған қалпы қосқа қайыра дедектеді. Өмірі алла дегеннің қай ел екенін білмейтін Қойшының өз құдайы бар еді. Ол – өз қайраты! Ол соған сенді. Безек қағып, отарды шырқ айналып шықты да, ит айтақтап дыбыстады, қанша айтақтаса да, ала мойнақ маңқ етіт үрмеді, өз жанынан ұзаған жоқ, өз жанынан ұзаған жоқ, қыңсылап аяғына орлғы болды. Сосын Әйеліне безектеді. Найзағай енді жарқ еткенде, аппақ боп жайрап, шашы қобырап жатқан Әйелін көрді. Қолына көтеріп алды да қалың теріске беттеді. Орман іші тымықтау екен, бірақ қарағай басы шулап, ағаш сықырлап, бұтақ сынып азан-қазан болғанда, үрей үстіне үрей қосады. Әйелін самырсынның түбіне жатқызды да, өзі бөстек, көрпе-жастық тауып әкелуге қос орнына жүгірді. алтайда бұтағы айгөйлектене бітетін салба-салба самырсындар мол. Сібір самырсындары секілді оның басына балқарағай шығады. Оның бұтақтарының жиілігі сондай, бір ай нөсер жауса да, түбіне тамшы тамбайтын. Қылқандары түсе-түсе, жылдар бойы тапталып, жұп-жұмсақ болып үлпілдеп жатады. Жұп-жұмсақ қылқанының арасына қол жүгіртсең, жып-жылы. Құшақтап келген бөстекті әйелінің астына төсеп, үстіне көрпе жапты, қымтап «ал, бір құдайға тапсырдым» деді де, отарға жүгірді. Көзінің отындай жарқ ете қалған найзағай қарға адым жер көруге мүмкіндік жоқ қараңғылықта майдан қылшық суырғандай жиі- жиі тілгілеп, Қойшыға жол сілтейді. Ол ентігіп жеткенде, отар дүркіреп желдің ығымен жылыстай бастаған екен, басы-көзге төпелеп айғайлап, барқ-барқ мылтық атып, орманға бұрды. Өз жанынан қақпа болып қыңсылаған ит иесінің мүшкіл халін енді ғана түсінгендей, маңқ-маңқ үріп, отарды орманға қуып тықты. Бұдан соң ебелектеп балаларына жүгірді. Бес бала текеметтің астында дір-дір етіп жатыр. «Қорықпаңдар, – деді Қойшы. Үні жарықшақтанып, әрең шықты. Бұл – өз үрейін жасырғандағысы еді. – Текеметтен жауын өтпейді. Қыбырламай жатыңдар. Қарағым, сен ересексің ғой, ес бол балаларға. мен... мен осыдан келе алмай қалсам, жігіт емеспісің, пана бол». – Сосын үлкен ұлының бетінен сүйіп еді көзі ашып, кеңсірігі жыбырлап кетті. атып тұрып, орманға жүгірді. Ол әлі ой тоқтатып еш нәрсе парықтап жүрген жоқ. Әйтеуір, бір тылсым күш сүйрелейді кеп. Ол осы жасына дейін күзді күні күн күркіреп, найзағай ойнағанын көрген жоқ. Баяғыда соғыс басталар жылы бір рет болғанын естіген. Табиғат та өзгереді екен-ау. Не көрінді? «Өліара тынышсыз, жауынды болды, бүкіл қазан айы мазасыз өтер» деп ойлаған Қойшы Әйелінің басын ұстап отырып. Күн тағы бір жарқ еткенде Әйелінің дидарына үңіліп еді, жүзі аппақ боп, алқынып жатыр екен, дәл осындай сұлу кейіпте көрген жоқ, ол он жыл отасқанда, дәл осындай езіліп жақсы көрген де жоқ, ол Әйелі қанша бая-шая болып, ғайбаттап жатса да, қайырып тілдемей көп-көп кешірім жасайтын. Он жылдың жүзінде «әй, ит сені ме?» деп бетіне ажырая қарап тап берген емес, болмаса көзіне шөп салып, ақ жаулықтының бетіне қарады ма. Жоқ-жоқ, Қойшы Әйелін құлай сүймесе де, балаларының анасы ретінде шыншыл көңіл, ақ ниетпен сыйлап, әлінше еркінсітуге, еркін ұстауға тырысты. махаббат деген аласапыран сезімнің құшағында тұншықпаса да, елең-алаңда – зерігіп, көңіл шіркін болымсыз жүдегендей болғанда – әзәзіл ой әлгі бір өткір көз мұғалима қызды есіне оралтса, сонда ол қарадай қысылып, кешірілмес күнә жасап алғандай, қарып түсер шоқ басып алғандай, әйеліне қыз кезінде айлы түндер мен абат бақтарда сейіл жасап, тізе түйістіріп, қол қысып, театр кинода қатар отырған жоқ, халайық; ол Әйелімен он жыл далақтап, балалықтың желегімен қолдан тартысып, я сия шашысқаны болмаса, бозбалалықтың базына сырларын ашысып, жүректерінің «сендікпін» деп дүрс-дүрс соққанын тыңдады ма, жоқ, халайық; қыз бен жігіт арасында өтер таңғажайып қылық, масаты жүріс-тұрыстың бірде-бірін бастан кешпей, ерін тиістіріп сүйіспей, бірден тар төсекте табысты, халайық. Кейде, кейде ішқұса болып, осы тәтті қылықтарды сағынатын, бір-бірінен жасқана жасырып, сағынысатын; кейде, күнәліболсақ таайтайық, бет-аузыжұмбақ, сүлделегенәлдекімді жеке-дара іздеп, сананың сандал көгін ақ тер, көк тер қылар еді. Кім төзімді, кімнің сезімі сірне, жүрегі халал, сол ғана адал жардың адал жібін аттамайды. «Дүниедегі ең мықты, керемет Әйел, – деп ойлайтын Қойшы, – қаншалықты қорлық-зорлық көріп, өзегі талып өртенсе де, жер басып тірі жүрген күйеуінің – азаматтың көзіне шөп салмаған әйел». Қойшы жанталасып ықылық атқан Әйелінің кеберсіген ернін осы сәтте тұңғыш рет сүйді де: «мен саған сенемін, – деді күбірлеп, – менің екі-ақ асыл дүнием бар, үшіншісінің тағдыры соған байланысты. Бірі – сенім, ол – сен; екіншісі – үміт, ол – тұңғыш ұлым; үшіншісі – төзім; алғашқының бірі жоғалса, төзімім де құрымақ. маған бәрібір, ұшып ұшпаққа шығып жатқан емен. арық қойдай тыртысып жүріп – балаларымды оқытып, жеткізсем болғаны. айнам, біз бақытты ғұмыр кешпеген шығармыз. Өйткені, біз өліара кезінде табысып едік. Бірақ, маған тағдырдың осы берген сыйы да – мол олжа; семьям, таусылмас шаруам, бала- шағам бар. Қай-қайсысы да ішқұсалап, мезі етпеске керек. Әрине, қой жайып, қаққан қазықтай қалшиып тұрғаныңда қай-жайдағы қиялға беріліп, шала бүлінесің; бәрібір өз үйірің – өз ошағыңнан аспайсың. Жаным, сен көп кейіп, жоқтан өзгеге жүйкеңді тоздырып, ашулана берер едің, кейде менен жеккөрінішті лағынет адам жоқ секілді болатын да тұратын. Жанында мен емес, басқа біреу жатқандай, көзіңді тас қып жұмып, сипалап, аһылап-уһілегеніңде де, «қайтсін, жалғыздық жалықтырар» деп ойлайтынмын, әрі иланатынмын. Бәрі ештеңе емес... бәрі ештеңе емес, ұмытылады, уақыт ұмыттырады, сен есен-сау босанасың, ол ұл болса, есімін Әділ, қыз болса ақерке қоямыз. менің Әділ есімді ұлым шыншыл болып өседі, менің балаларым бір-біріне тек шынын, әділін ғана айтатын болады. Дүниедегі ең жаман нәрсе, ең жиіркенішті нәрсе – алдау! мен сені алданыш, ермек үшін алғаным жоқ, жұрт қатарына қадірлі семья құрып, әулетімді жалғау үшін, әкеден қалған түтінді шығару үшін алдым. Жапанда жалғыз қой бағып жүрген Қойшының бар сенері, бар сүйенері, бар ермегі – әйелі ғана. Біз екеуміз кино көріп отырамыз ба, театрға барамыз ба, құдай- ау, алтайдан басқа жер, «Шығайбайдан» өзге жөні түзу көрші көрдік пе? ал сен шүйіркелесіп, шай ішуден қашқалақтар едің. айнам, сенен басқа кімім бар, айтшы? Кімім бар, алда аға, артта інім жоқ; бәрін кешіремін. мойныма мініп екі өкпеме тепкілеп отыр, – кешіремін; сулы жерде асып, сусыз жерде қуыр, – кешіремін; тек... тек... күндіз-түні жалғыз қалғанда, ащы іздеп ауылға, ауырып ауруханаға түскендей болсам, көлденең өткен көк аттының, көп аттының, арбауына түсіп, жанымды жаралама. Онда мен өлгенім, ал өлгенім – әлемнен әділдік таба алмағаным, әлеми дүниеде тірі пендеге сенбегенім!» Найзағай жарқ етіп, сатыр-сұтыр ете қалды. Әлемнің әйнегі быт-шыт болып сынғандай болды. Қойшының Әйелі қатты, аса қатты шыңғырды... Жаны сірне Қойшы бұған да шыдады. Енді қайтсін, телефонды ала салып жедел жәрдем шақыратын емес, ауыл іргесіндегі қыстаққа екі күн дегенде жететін «жедел жәрдем» Тасшоқыға қайдан келсін. ал самолет түсіне ғана кіріп, кейде қой бағып жүргенде үстінен дүрілдеп вертолет өтетін; рас, аспанға адам ұшып жатыр деп еститін; рас, жүрек орнына жүрек ауыстырып жүр деп еститін; рас, қазіргі ғылым мен техниканың қол жетпеген табысы жоқ деп еститін, тек еститін... еститін. Қойшы әйелін аман-есен босандырды. Өліарада дүниеге келген жас нәрестені іш көйлегіне орап, қолына алғанда, дүние жап-жарық боп, найзағай отына өртеніп еді, қызылшақа сәбидің қызыл иек аузы ашылып жылаған сықпытын жалқы сәт көрсетті де, сөніп тынды. Бұдан соң найзағай ойнап, күн күркіреген жоқ, қойдың құмалағындай бұршақ біртіндеп бастап тасырлатып төпеді-ай. Баланың дидарын енді бір көрмекке зар болған әке, баланың ұл екенін білген әке бағанадан бермен зәре-құтты алған қызылсапай найзағай отын аңсады. Неге екені белгісіз, қара тас қолқасын суырып бара жатқандай. Бойды талдырған ауыр жүктен арылған ана талықсып мызғып кетіп еді, ұйқысырағаны ма, жоқ болмаса есінен шатасып жатыр ма, күбірлеп әрең дегенде, «құдайым- ай, Қойшыға... Оған не бетімді айтамын» дегендей болды. Қойшы жылан шағып алғандай орнынан атып тұрды. Орнынан атып тұрды да, Әйелін жұлқылап оятып, мең-зең мәңгірген Әйеліне – Не дедің? Қайталашы тағы да... не бетіңді айтқаның қалай? Көмейіңде не тұр? айт, айт жаныңның барында! Әлде... әлде... жо-жоқ, үндемес, жуас адамның ашуы түспейді, ал түссе... – Қойшы Әйелінің алқымынан алып, зар еңіреп сөзін жалғастырды: – мен саған сенгенмін, менің сенен басқа кімім бар еді, менде қалған жалғыз қуат сол еді ғой –сенім еді ғой, оны да тас-талқан еткенің бе?!Өлтіремін, шыныңды айт, ағың- нан жарыл; әне, құдай бәрібір төбеңнен ұрады, мынау жылбысқа нәресте кімнің ұлы, менікі болса, атын Әділет қоямын, менікі болмаса Әбілет қоямын! ақтық рет ағыңнан жарылшы, мені сүйіп пе едің, маған не үшін тидің? Әлде қой аузынан шөп алмас маубас, не істесем де еркіме көне берер дедің бе? Әлде менен аттың үстінде ханға сәлем бермей шіреніп тұрмақ төре шығар дедің бе? Әлде анау текеметтің астында бұршақтан паналап жатқан көген көздерде де менің қаным жоқ шығар. айтшы, айналайын, анасың ғой, өлім аузында жатырсың ғой, айналаңа қарашы, мынау махшар сәті ғой, мынау кімнің баласы? Тегінде Қойшының намысы асау, ол да ашулана алады. Ей, құдай, көзің бар ма, айтшы әділдігіңді, жақсылықтан басқа тілемегім жоқ еді ғой, неге ғана кәріңді тіктің, неге ғана мынау болып жатқан сұмдықты көрмейсің, неге ғана еркек өліп, әйел қалады. Әйелінен әлсіз ыңыранған үн шықты. Өз арымен өзі ол да арпалыста жатса керек, әділет алдында бас иді; бәрібір қашып құтыла алмайтынын, тірі куәсі барын білді. Сыбырлап:
|
|||
|