Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Луиза 6 страница



Кеше Әкімнің көңілін сұраймын деп луиза келді. Нұрлан жүзі шыдай алмай төргі бөлмеге кіріп кеткен. Әкесі мен неміс


қызы әңгімелесіп көп отырды. Олар орысша сөйлескендіктен кейбір сөзді түсінді, кейбірін ойша топшылады.

Оның ұққаны, соғыста әкесі де луизадан аумайтын неміс қызымен танысқаны, одан арғысы ертегі-жыр, күңгір-күңгір, күбір-күбір... Әкімнің әңгімесін ықылас қойып тыңдап отырған луиза кейде мәз болып күледі, кейде дидарына кіреуке ұялап, мұңая қалады. Сол күні әкесі көңілді болды, түнде де жақсы ұйықтап шықты.

Шешесі айтқан: – Осы неміс қызының сиқыры бар-ау деймін. Бір сағаттай сөйлесіп еді, Әкім сергіп қалды.

ал әкесі айтқан: – Әттең, ұлымыздың жасы кіші, әйтпесе келін қылып түсіретін әйбәт қыз.

Шешесі айтқан: – Қой әрі, біріміздің тілімізді біріміз түсінбей, «орамал дегеніміз – опка, сабын дегеніміз – сапка» деп шүлдірлесеміз бе, ымдасамыз ба, тәйірі.

Әкесі күліп айтқан: – араларыңда анна, әйтпесе мен аудармашы болар едім. мәселе тілде де, дінде де тұрған жоқ. Түсінісудің кілті – жүректе. Әншейін қалжыңдаймын, әйтпесе біздің Нұрлан әлі бала ғой.

Шешесі айтқан: – Дегенмен сенің сол ұлың әлгі қызға қырындап жүр. апа қыла ма жазған-ау.

Нұрлан луизаға хат жазайын деп сан рет оқталды. амал не орысша білмейді. Колхоз бастықтың ортаншы ұлы аудан орталығындағы орыс мектебінде оқушы еді, соған өтініп жаз- дырайын деп те тәуекел жасаған. Бірақ балаларға айтып қойып, мазаққа ұшыраудан қорықты. Оның мынау аппақ дүниедегі... ендігі жауы – жалғыз дұшпаны, шопыр жігіт Қожақ еді. Ол қазір ауылда жоқ, ауданда машинасын жөндетіп жатыр. Нұрлан егер күндердің күнінде Қожақпен төбелесе қалсам таяқ жемейін дей ме, күнде су жағасына барып, дәу-дәу тасты көтеріп, ары- бері жүгіріп, бұлшық етін бұлтыңдатып денесін шынықтырып жүр. алыса кетсе одан таяқ жемейтін қаруы барын біледі. Шеберлігім, тәжірибем аз деп сескене беретін. Ол осының бәрін адал көңіл, шын ықыласымен бүтіндей беріле жасады-ай. Қызығы сол, луизаны Нұрлан ептеп әнеугүнгі әңгімеден соң әкесінен де қызғанды.

Нұрлан жер-көкті сел боп қаптар нөсер жауса екен деп тіледі. Қырсыққанда биыл, әсіресе жаз айында бір тамшы тамбай, аспанның желіні суалып қалған. Бұл жаңбырды Нұрлан ғана емес, сыңсып өскен күнбағыс та көксеп еді. Күнбағыс ғана


емес, барша табиғат: орман мен көк майса шалғын да көксеп еді. Бағана әкесі айтқан:

– Ұлым, қолдағы жалғыз сиыр мен бес-алты қой-ешкіге қыстық азық керегін білесің, менің халім болса мынау, далаға кіріп-шығудан қалдым. Жан торсыққа сусын құйып алып, Бозталдан шөп шап.

ақкеңсіріктің ер-тоқымын алып отқа қойды, шалғысын шыңдады. Байдамталдың көлеңкесі салқын, әсіресе іргеде сылқ-сылқ күліп ағып жатқан бұлақтан жанға рақат леп келеді. алтайдың мәңгі қар жатар ұшар басынан бастау алған мұндай балбұлақ әр жүз метр сайын бұраңбел ирек жасап, жөңкіліп түсуші, еркелей ағушы еді. Еркелей аққан бұлақтан уысыңды толтыра бір ұрттасаң жүз жылға жасарғандай сергіп, серпіліп сала берер едің. Қазір жаз айының соңғы күндері бар дүние ауырлағандай болып, еңсені басыңқырайтын. мұрынға піскен қарақат пен таңқурайдың иісі келіп, жаздай айтылған тамаша әннің қайырмасындай әрі келте, әрі әсем дауыспен құстар сайрайды. айналадағы қайың, терек, мойылдың көктемде ғана бүршік атып, өмірге алақанын жая келген жапырақтары қадау-қадау сарғайып, жап-жасыл бояуы оңа бастаған. Бояуы оңа бастаған ағаш қана ма, буыны қатқан шалғын, ол да әбден пісіп, танауды жыбырлатып түшкіртер тозаң шашады. Нұрлан шалғысын жан қалтасындағы қайрағымен жанып-жанып алды да, қолына бір түкіріп, шөп шабуға кірісті. ысылдап барып тартпаның болат орағы тиген шалғын жапырыла құлап, сол жақ жамбасқа құлдықұра үйіледі. Нұрланның соңынан тап- тақыр жол, түп-түзу болып жал қалды. Бұлаққа беті-қолын жуып, шешесі құйып берген ашымалдан жұтып алады да, құлаштай тартып сыза жөнеледі. Күн екіндіге таянғанша едәуір жердің шөбін шауып тастады. Қолы шалғының құлағында болғанмен санасы сандал көгіне мініп, баяғыда қаңғып кеткен. Көңілінде орнатқан сұлулықтың көк күмбезін сонау күні сызат шалғандайтын, қазір сол сызат біртіндеп қалпына қайтып келгендей еді. анна апасына деген реніші де ұмытыла бастаған. ал, жүрегі бұрынғыдай болар-болмасқа алқына соқпайды, өз-өзінен елірмейді, неге болсын салмақты, ақылмен пайым жасайды. Күзде әскер қатарына шақырылатынын естіген соң, алғашында қатты қиналған, әсіресе өзімшіл көңіл луизаны кімге қиып тастап кетем деп, іштей жүдеткен, енді ойласа оның бәрі бекершілік, балалықтың базарынан қалған жеңіл


мінезділік екен. Ол күні бүгінге дейін сол қыздың өзі туралы не ойлайтынын білмесе де көзқарасынан, қамқор-ықыласынан

«кет ары, аулақ жүрді» аңғара алған жоқ, жақсы көретін секілді ме?.. Жоқ! Өзі анна апасын қалай шын ниетімен құлай жақсы көрсе, луиза да сондай алаңсыз сезіммен ғана, адамдық үлкен жүрекпен ұнатарын білді ме? Жоқ! Жалпақ жаһанда болып өткен соғысты тек естіді, ешкімнің атқанын, асқанын, өлтіргенін, судай аққан қанды, тіпті бақан алып төбелескен адамдарды да бұл жасына дейін көрген жоқ. Тек, сонау бір сұрапыл жылдарда бригадирдің қамшысы басына тиіп анасының маңдайынан жылып аққан жылымшы қан ғана күні бүгінге дейін көз алдында. Нұрлан үшін соғыс дегеніміз сол шешесінің самайын қуалай аққан қып-қызыл қан боп елестейтін. ал, соғыстан соңғы он жылда бірде-бір кісі тек айғайласып – кесепат-кексіз айғайласып, ұрысқаны болмаса, жағаға жармасып төбелескенін де көрмеп еді. Шайқастан әбден шаршаған ел қой торы қоңыр тірлікпен ертеңіне – әзірше жұмбақ, бірақ соншалықты сенімді ертеңіне жан ұшыра ұмтылған. Сол ертеңнің ертеңі боларын ойлап, бастарын ауыртпады; асықты, аянбай еңбек етті, көтерме ақы, көл-көсір сый, сылдырлаған орден-медаль дәметкен жоқ қоғамнан. Бұл өмірге олар тек беріп кетуге жаралғандай жанталасты жазғандар. Тұнығы лайланбаған өмірдің аңқау адамдарында жалғыз-ақ тілек бар еді. Ол тілек: жоқшылық, ашаршылық қайтып болмаса екен, тәңірім; тағы да соғыс басталып жетім-жесір қалмасақ екен, тәңірім; сумаңдап ұшқан оқты, су болып аққан қанның беті аулақ етсін, тәңірім. Иә, қып-қызыл қаннан Нұрлан да өлердей қорқушы еді. Егер мал немесе құс бауыздап жатса, бетін басып азар да безер тура қашып кететін еді, піскен етті жерде бірақ қайтып оралатын. Қасапшы- лар мал сойып тұрып, буы бұрқыраған жып-жылы қанды уыстап ұрттап жібереді дегенді естігенде жүрегі лоблып күні бойы құсқан.

Бейбіт өмірдің берекелі тірлігінде шөп шауып жүрген бозбала тағы да жаңбырды сағынды. Жер бетіне кілем болып төселген сұлулық пен тыныштықтың кенезесін кептірмей, шөліркеген таңдайын жібітер, уағына жетпей сарғайтып, солдырмайтын, қайта түлетіп дүр сілкінтер тәңірлі көк кешікпей ізгі жауынын себелер... сонда Нұрлан луизаның қолынан тас қылып ұстап жалғыз аяқ соқпақпен ұзақ жүгірер... аспаннан тамған нөсерге шомылып, рақаттана алақанын тосар; сосын


Бозталдың түбіне келіп қорғалар; үсті-басы сүңгілескен су дір- дір еткен луизаны бауырына қысып жылытар; сонда Нұрлан- ның танауына бұрын ешқашан сезілмеген хош иіс келер; ол – неміс қызының, бидайдың жез масағы секілді – алтын шашынан аңқыған нан иісі! Етіне ет болып жабысқан жұқа ақ көйлегін, баяғыда суға түскендегідей именбестен шешеді де, суын сығып талдың бұтағына жайып кептірер, Нұрлан да шешінер... екеуі құшақтасып (сүйісіп), қас қарайғанша отырады; сонсоң құрғақ екі тас тауып алып, шақпақ қылып бір-біріне шағып от тамызар; қу бұтақ жинап әкеліп, лаулатып от жағар; лаулаған түнгі оттың басында отырып, бір-біріне тесіле қарайды, жалынмен қоса жанып, алаулаған луиза Нұрланның ептеп дегди бастаған дымқыл бұйра шашын сипап отырып: «Нурланчик, я тебя люблю» дер... Бозталдың түбінде, балбұлақтың жағасында ішкиімімен ғана түнгі отты көсей түсіп қауышып отырған Қыз бен Жігіт мәңгі айырылмастай болып табысар: адамата мен Хауаана секілді жаңа бір өмірді, жаңа бір халықтың, жаңа бір ұлттың қайнар бастауына айналып, бәлкім әлемдегі ақ пен Қара, Батыс пен Шығыс деген ұғымды мүлдем жояр немесе сол екі ұғымды мәңгілікке теңестірер...

Шабылған шөптің үстіне езуінде бидайықты тістелеп, тегенедей төңкерілген көк тұнық аспанға тесіле қарап жатқан бозбала жұмыр жердегі ең бақытты жанмын деп есептеді өзін. Оның көз алдындағы анау ертеңге ауып бара жатқан Күн

– сонау күлтелене жайқалған күнбағыстың бірін жұлып алып, аспанға шырқата лақтырып жібергендей, сосын ол көк жүзінде бақилыққа қатып қалып қойғандай елестеді.Не болмаса, сонау жайқалған күнбағыс, сол үлкен Күннің бойынан, нұрынан тараған сары үрпек кішкентай балапан күндері іспетті еді. Енді біраздан кейін сол балапандардың басы қырқылады...

Оның есіне ендігі сәтте анасы түсіп еді. Әкесін соғысқа алып кеткен соң, Нұрланын құшақтап, жылай-жылай қала берді. Көп ұзамай іште қалған қарындасы дүниеге келді. Бесікке бөлеп, өзі наубайханаға жұмысқа кеткенде қырқынан жаңа шыққан қарындасы Шолпан қарны аша ма, шырқырап маза бермей жылайтын-ай. Бесікті тербете-тербете қолы талған Нұрлан сәби- мен қосылып өзі де еңірейтін. Сонсоң бақыра-бақыра ішегі үзілердейболғанқарындасыкөгеріп-сазарып,ықылықтап,қайта- дан ұйықтап қалар еді. Өліп қалды ма деп шошынған ағасы жалаң аяқ, жалаң бас безектеп қыс ішінде талай рет шешесіне


жүгірген. Күндіз-түні колхозшыларға нан пісіріп, пештің отымен алысқан анасы толғақ қысқанша елемей жүре беріпті. Содан болар Шолпан сап-сары жалқын болып туған екен. Нұрланның әлі есінде, шешесін көп ұзамай наубайханадан шығарып тастады. Етек-жеңіне тыққыштап әкелер бір үзім наннан қағылған соң, Нұрлан да мойны ырғайдай болып, жүдей бастаған. Үсіңкіреп кеткен картоп пен қара суға қарап қалған соң ба, масақ оруда жүрген Сандуғаш бір күні бір уыс бидай салып әкеліпті етігінің қонышына. Табаның түбіне қуырып, тостағанға салып Нұрланға енді бере бергенде сырттан бригадир Қажының айғайы естіледі. Күйеуінің ескі күпісін Нұрланның үстіне жауып үлгіргенше Қажы қамшысын білемдей ұстап кіріп келген. Талтая тұрып айғайлап,көзі ежірейіп, масақ ұрладың деп зекіген. Шешесі айтқан: – Ұрласам тауып ал.

Бригадир бұлардың жаман үйін асты-үстіне шығарып, тіміскілеп тінткен. Бірақ ештеңетабаалмаған. Көзіқанталап тағы да ақырған: – ық жақтан желе жортып келе жатқанымда жел- мен бірге сенің үйіңнен қуырылған бидайдың иісі келді мұрныма. Будақтап түтін көтерілген, бидай қуырмағанда неңді... сен қатыннан шығады, сумақайлығың бүгін болмаса ертең ашылады! – деп амалы таусылғандай үйден енді шыға бергенде күпінің астында бүлкілдеп жатқан Нұрлан: – Тәте, бидайды жеп болдым! – деп шыға келіп еді. Не істерін білмей сілейіп тұрған Сандуғашты бригадир қақ бастан ала қамшысымен салып жіберген. Содан соң: «Салдақы, көзің көгеріп, түрмеде шірисің!» – деп есікті бір теуіп ашып, шыға жөнелген. маңдайынан төмен жылып аққан қанды Нұрлан өз қолымен сүрткен. Шешесі жылаған: «Құлыным, тірі жүрсең, осы кәрі иттен кегімді ал», – деген. Нұрлан ол кекті әлі алған жоқ. Ол сонда анасының маңдайынан жылып аққан қанды... иә, қанды мәңгіге өз қолымен сүрткендей еді және содан бері қан атаулыдан өлердей қорқушы еді. Қажыдан сол себептен де шешесінің кегін алмаған. аққан қанды мынау аппақ дүниенің... бетінен мүлдем сүртіп, кетірдім деп ойлаған...

Байғұс шешесі енді міне, сол оқиғаны ұмытқандай, бір күнгі тоқтығына мәз. ауыртпалықты өте тез ұмытатын, бәлкім тек адамдар ғана шығар. Бір үріккен жағынан жылқы екеш жылқы да белең ала бермей ме?..

Шалғынның үстінде шалқасынан жатқан бозбала көк- жиектегі күнді анау жайқалған күнбағыстармен бірге қимай, көкжиектен асырып шығарып салды.


Колхоз Қарадаладағы күнбағысты орып, сүрлемге салатын болды. Ол шақта арнаулы комбайн дегенді біл- мейтін шаруашылық алдымен пішен шабатын машинамен құлатып, содан кейін ат жеккен тырмамен жинауды ниет қылған. Қожақ кеше полуторкасын жөндеуден өткізіп әкелген, ойлы-қырды боздақтатып, ауылдың шаңын аспанға көтеріп жүр. Бір жерде дестелене жиналған күнбағысты сүрлем сақтайтын орға тасымалдайтын осы Қожақтың машинасы-тын. Жаңбыр әлі жаумай жер көк тозаңға айналып, қаңсып тұр еді. Жаздың жайраңдаған мол-молқызықтары ұзақ сонар тойдан шаршағандай талмаурап барып маужыраған күйі бірсін-бірсін тарқауға айналған. Табиғат та, адам да ертең келер күздің салқындау лебін уағынан бұрын сағынғандай еді. Бұқтырма болса әбден мөлдірленіп, жуаси ағады. айнала: орман-тоғай, тау-тас – бәрі-бәрі ересек тартқандай. алтай қойнауында- ғы ат төбеліндей аз ауылдың ерте көктемде басталған қарбаласы қусырыла келіп дөңгеленіп, саябырси бастаған. Биыл мал азығын артығымен дайындап алды, күннің ай бойы ашық болуы шаруашылықтың етек-жеңін жинауға мүмкіндік туғызып еді. Ендігі міндеттері – Қарадаладағы күнбағысты ысырапсыз жинап, сүрлемге салу.

Нұрлан аттан әлі түсе қойған жоқ. Ол да күнбағыстың орылуын күтіп жүрген. Қоңыр күзде әскер қатарына шақырылатын болған соң ба, желдей ескен көңіл су сепкендей басылып бұйығы халде мең-зең күй кешкен. Оның көңіл күйінде жаз мінезіне жақындық, ұқсастық бар еді. Кейінгі кезде

«егер үш жыл әскерде жүрсем, ауру әкемнің жағдайы не күйде болады» деген ой мазалай берген. Жалындап басталып, бүгінде әрі-сәрі қалтқыдай дірілдеген махаббаты бейне бір тұтылған күнше болымсыз сәуле шашатын. Бірақ, бойындағы қызуы, нұры баяғы қалпы, уақыттың отты көрігінде шыңдалып, әбден суарылған. Бұл дүниеден көшіп кетіп, мың жылдан соң қайтып оралса да бар ділімен ең әуелі зар еңіреп, зар жұтып іздері

– мәңгілікке сүйері луиза екені рас. артқа қайырылуды, жан- жағына жалтақтап қарауды білмейтін жастық өз дегенін істеді білем, Нұрланның ендігі ұққаны: жер бетіндегі адамдар тек бір- бірі үшін туады екен, жөргектен құтылып, тәй-тәй басып жүре бастағаннан сыңарын іздейді екен; өз теңін таба алмай, тапқан күннің  өзінде  қолы  жетпей  қор  болады  екен.  Бұрынғылар


айтушы еді: «Шын ғашық бұл дүниеде қосылмайды» деп, мүмкін сол рас шығар. Баяғы зар заманда қосыла алмағаны түсінікті, ал қазір ше, қазіргі жастарға не жетпейді? Нұрлан көңілінің жасыл жайлауына орнатқан сұлулықтың көгілдір күмбезін сезімімен күн өткен сайын тазарта сүртіп, жарқыратып қоятын. Сол айлар аялап салған күн сәулелі күмбезіне немістің ақсары шаш, көгілдір көзді қызымен қол ұстасып кіргенше өзін-өзі рухани тұтқында ұстады. луизаны ғана емес, өзін де қайта тауып, қайта туып жақсы көре бастаған. мейлі алыста, не жақында жүрсін; мейлі оны көрсін, не көрмесін; мейлі ол сөйлессін, не сөйлеспесін – ынтызар тілек суыған жоқ. Ол үміт атты арғымақты құйысқандап тұрып, қайтып түспестей ерттеп мінер еді. Қазіргі көңілсіздік, бей-жай жүрісі уақытша, үлкен қуаныш алдындағы мамыра тыныштық деп білді. Ол ойлады: луизаның шаруадан қолы босамай жүр, күнбағысты орып болған соң... Нұрланның әскерге шақырылатынын естігенде мұңайып: «Без тебя мне очень-очень скучно будет», – деген. Ол қыздың аузынан шыққан осына сөзді әдемілеп тұрып жүрегіне жазып алған.

Сонымен бүгін Қарадаладағы күнбағысты оруға кіріседі. Құрал-саймандарын сайлаған колхозшылар күн көтеріле танап басына жиналып қалған. Қос аттап жеккен машинистер платформаларын солқылдатып, таңғы салқынмен едәуір жерді орып тастапты. Тырмашылар да сабағынан қиылған күнба- ғысты дестелеп, енді-енді келіп қалар Қожақтың полуторкасын күтісіп жүр. ал, агрономда маза жоқ. Байшұбарды шоқырақта- тып, Қарадаланың о жағына бір, бұ жағына бір шығады. Бетін күн қағып, жүзі қара күреңдене тотыққан қыз өз қолымен баптап өсірген өсімдікті өлімге қимайтындай жапырыла сұлап жатқан күнбағысқа қинала қарайды. Әлпетінде Шыңғыстай ауылына келгелі болмаған жұқалаң мұң бар, әлденеге асығыс, әлденеге мазасыз. Көгілдір көзі кіртиіп, шаршаған сыңайлы. ауыл адамдары қызға, қыз оларға әбден үйреніп, үкілеп ұстар ардақтысына айналған. аудан, колхоз басшылары да риза. риза болмағанда қайтсін, луиза күнбағыс егуді тек Шыңғыстайда ғана емес, қатарынан үш-төрт шаруашылыққа бірден ұйымдастырған. Бәрінің егіні де бітік өсіпті. Бұдан төрт-бес күн бұрын сол көрші колхоздардың күнбағысын орып, сүрлемге салуды жүргізіп келген. ат үстінен түспеген аптаның ішінде аяқ-қолы салдырап, екі қара саны талып, сыр


берген. Қанына сіңген ықтияттылық пен тиянақтылық мұнда да игілігін көрсетті. Колхозшылардың қазіргі қарқыны жақсы. Тек қазылған орға сүрлем тасымалдайтын машина кешігіп жатыр. айдарынан жел есіп бригадир келді, салдырлап сөйлей келді.

– атаңның аузын ұрайын,Қожақты жер-көктен іздеп таппа- дым, жер жұтқандай жоқ. Кеше кешке бір жаққа кеткен, содан қайтып оралмаған.

Бірінші колхозшы айтты: – мен білсем, ол арғы ауылға өтіп кетті, Фадихада туыстары бар.

Екінші колхозшы айтты: – мен білсем, ол ішіп-ішіп бір ағаштың түбінде ұйықтап қалды.

Үшінші колхозшы айтты: – мен білсем, соғыста өлген әкесінің қабірін іздеймін деп ақша жинап жүрген, москваға тартып кетпесін. Ондай ерлік шығады одан.

агроном да сасайын деді, қайырлы басталған жұмыстың тоқтап қалуынан қорықты. ақ жаулығы желбіреп ауыл жаққа қайта-қайта қарай береді. Нұрланның төбесі көрінді.

Ол кеше ғана басына бір-бір кішкентай күнді қадап алып күлімдеп тұрған күнбағыстың қара жерге сұлап-сұлап жатқан бейшара халін көргісі келмегендей. Бірақ, орақ басында луизаның өзі жүрген соң, еріксіз атқа қонып еді. агроном қыз салған жерден: – Нурланчик, Кажака не видел? – деп сұрады. Нұрлан басын шайқады.

луиза енді керегің жоқ дегендей Байшұбарды бауырлап- бауырлап жіберіп, ауыл жаққа желе жөнелді. Қызды осыншалық күйзеліс ашу үстінде алғаш көруі еді, жүрегі әлденеге мұздағандай болды.

Күнбағыс жаппай құлап жатыр. Қалпағына қонған аралар бал сорғызбай мазасын алған орақшыларға өкпелегендей соңдарынан еріп ызыңдап қалмайды. Жалпылдап қарғалар ұшып-қонады. Дорбасын арқалап, ауыл балалары да жеткен. Бригадир оларды атпен қуып, быж-тыж болып жүр. Қожақ кешіккен соң жұмыссыз қаңтарылып жатқан айыршылар езулері көпіршіп, бір-бір шекілдеуікті өңгеріп алып, шағып жайрап жатыр. агроном көп кешікпей қайта айналып келді. Жүзі онан әрі күреңітіп, түтігіп кеткен. ашулы жанары жалт- жұлт етеді. Нұрлан қызды бұл кейіпте көргісі келмегендей бұрыла берді.


– Боже, куда он мог деваться, что за халатность... Где совесть? – деп орысшалап ұрсады. Нұрлан кәдімгідей қуанып қалды. Ұрса түссе екен, жек көре түссе екен деп тілейді.

– Әттең, орнына кісі табылмай жүр, әйтпесе шопырлықтан баяғыда түсіріп тастау керек еді, – деді самбырлап бригадир.

– Әй, – деді содан соң Нұрланға айғайлап, – әй, Әкімнің ұлы, әскерге барсаң обизательно шопырдың оқуын оқы, білдің бе?

Нұрлан үндеген жоқ. Ішінен ол да жөн екен деді. Осы кезде ауылдан шаң көрінді.

– Дәу де болса, Қожақ.

– мас қой деймін.

– Пәтшағардың айдауын-ай, әкесі тіріліп келгендей, – десіп отырғандар дабырласа орнынан өре түрегелді. агроном кірпік қақпастан қадала қараған. Жүзінен майда қан толқындары жүзіп өткендей әрі ренжулі, әрі қуанулы. Осы сойқан жігітті не себептен ұнататынын өзі де білмейді. алғашында аяушылық сезімнен шығар деп жүрді, кейін ақыл таразысына салып көрсе, мүлдем олай емес, шын сүйеді екен. Әттең, қыз намысы жібермейді, әйтпесе баяғыда... баяғыда... ал, ол біле ме?

Қарадаланың шаңын аспанға көтере дар-дұр етіп тоқтаған Қожақ кабинадан шыға алмай, шұлғып отырып алды. Шынында да удай мас еді. Шаң-шаң шашы дудырап, көзі алайып кеткен. луиза аттан түсіп, жаяулай жетелеген күйі оның қасына тақалғанда, Нұрланның жүрегі тоқтап қалғандай тынысы тарылды.

– Кожак, – деді луиза соншалық майда қамқор үнмен. – Как это так, мы тебя с нетерпением ждем, а ты... разве так можно.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.