Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Луиза 5 страница



– Кет былай! – деді Қожақ көзі алайып. – рукоятканы әпер де, тайып тұр жолымнан. мен москваға әкемнің сүйегін алып келуге аттандым! – Қисалаңдап, зымыраған машинаның артында будақ-будақ шаң ғана қалды.

Нұрлан қаншалықты Қожақты жек көрсе де дәл осы жолы аяды. Ол шынында да тұл жетім еді. Туыстарының бірде-бірі


соғыстан қайтпады. ал шешесі 1943 жылы Бұқтырманың ар жағынан ат шанамен шөп тасып жүріп, мұз ойылып кетіп, суға ағып өлген. Өзі алыстан қосылар аталас ағайынының қолында тұрады, мінеки жиырманың бесеуіне шықты, әлі үйленген жоқ. Соңынан шырақ алып түскен талай қыз болған кезінде, бірақ қай-қайсысына да қарамады ғой. Ешкіммен ашылып сөйлеспейді, тіпті жігіттік жасап қыдыруды да білмейді, ойын- сауыққа да зауықсыз. Клубта кино немесе ойын болып жатса, есікті шалқасынан ашып кіреді де, бұйра шашының астынан аласы үлкен қара көзімен сүзе қарап тұрады. Сонсоң есікті бір теуіп ашады да, қайтып жаппастан тарс-тұрс шығып жүре береді. Жым-жырт жер жұтқандай жоғалып кетіп, іздетіп барып табылған кездері де көп. мінезіндегі осындай тағылығы мен жұмбақтығы оны бірте-бірте адамдардан алыстата берген. Үлкендер бала кезінен оспадар, тентек еді деседі. Соғыс кезінде осы ауылдағы тамам баланың асығын жинап алып, «майданға көмек» деп Бұқтырмаға ағызып жіберіпті. Шешесі мұздың астына кіріп кетіп, мұқым ел-жұрт таба алмағанда, қозы-көш жердің мұзын балтамен өзі ойып шығыпты. ал анасының көк сіреу мұз болып қатқан денесін тауып, қол шанаға салып үйіне сүйреп келген тағы өзі екен... «Содан бері қаны бұзылды, – дейді шыңғыстайлықтар. – Көп әуестеніп, ыза қыла бермеңдер, қанына қарайған неме төбеден бір салып өлтіріп тастайды».

Бірақ, Қожақ күні бүгінге дейін жалғыз адамның жағасына жармасып көрген емес Өзі ойлап тапқан жұмбақтың шешуін өзі таба алмағандай мәңгіреді-ай... анау күні анна апасы айтқан: «Осы жігіттің ақыл-есі дұрыс па?» деп сұраған соң, тағдырын сыр ғып әңгімелеп беріп едім, луиза көзіне жас ала күрсініп, қатты аяды. – Оған қайткен күнде де көмектесу керек. маңайын түнек болып басқан жалғыздықтан арашалау керек, тек оған тілін таба білетін жанашыр адам керек, – дейді.

Шешесі айтқан: – Ортекедей орғып тұрған асауға кім жолайды?

Әкесі айтқан: – агроном қыз дұрыс байқаған, онымен ақылмен сөйлескен адам бар ма бұл ауылда.

Шешесі кейіген: – Соғыста кім жетім қалмаған, кім жесір қалмаған. Жалғыз Қожақтың басына келген зауал емес бұл. Қиғаштамай, өз-өзінен долданбай, қатын алып қатарға қосылмай ма, тәйірі-ай.

анна апасы айтқан: – расында да біреуді құлай сүйсе жан дертінен айығар ма еді...


Шешесі айтқан: – анна апасы-ау, неміс қызыңды ыңғайласаң қайтеді...

Осы сөзден соң Нұрлан жанын қоярға жер таба алмай, үйден атып шығып кетіп еді. Түн ортасы ауғанша үйге жоламаған. Бұқтырманың жағасында судың сарынын тыңдап отырып, ана- сының ойламай сөйлейтін аңқаулығы үшін кейіген... Әмбе, Қожақ екеуміздің басымыз Шыңғыстайға сыймас деген тұжырымға тірелген, осы ауылдан кетуін, тіпті сол жігіттің көп ұзамай өліп қалуын тілеген.

– Нурлан! Нур-л-а-н...

Жалт қарады. луиза екен. Үстінде кеудесі мен иығы ашық, жеңіл ақ көйлегі бар, осы қалпында бейне бір алтайдың ақ көбелегіне ұқсайды. Бұқтырманың жиегінде етпетінен түсіп, кітап оқып жатыр еді, дәл жанында күлімсіреп тұрған қызды көріп, ұшып түрегелді. агроном оның қолындағы кітапты ептеп алып, ары-бері аударыстырып қарады да, басын шайқап ұқпаймын дегендей қайтарып берді өзіне. Көгілдір көзі күлімдеген қыз:

– Пойдем купаться, – деді. Нұрлан басқаны білмесе де, дәл осы «купатьсяны» түсінуші еді. Өз-өзінен қысылып қалды. Ересек қыздар мен ер балалардың суға бірге шомылуы бұл ауылдың салтында бұрын-соңды болып көрген жоқ-ты, не дерін білмей мелшиіп тұрып қалған. луиза енді оның қолынан ұстап: – Купаться не хочешь? – деді қиыла қарап. Базарға біреу сатуға жетелегендей орнынан зорға қозғалып, соңынан ерді.

Енді екеуі ағашы қалың, ел-жұрттан далдалау өзен айырығы – Жалпақөткелге барды. Күн ыстық. Ернеуін тал, қайың көмкеріп тып-тыныш жатқан судың бетін оқта-текте шыбын-шіркей іздеген ақшабақ әжімдейді. Тоғай ішінің ептеп ызыңдаған масасы да бар еді. луиза гүлді-гүлді шыт көйлегін сыпыра бергенде, бозбаланың жүзі шыдамады білем, теріс қарай бұрылып кетті.

– Нұр-л-ан-чик, – деген әдемі дауыс тағы естілді. Бұл шақта қыз аппақ денесі күн көзіне қақтаған күмістей болып шағылысып, тек суға түсетін іш киімімен тұрған. Нұрланның өн бойын токпен ұрғандай болды. Көзі қарауытып басы айналды. Денесі әп-сәтте қызып сала берді, жұтқынып еді, ыстығы бірден көтерілгенде тамағы құрғап кеткен екен, кебірленіп түкірігі жүрмеді. Су шалп ете түскенде барып, есін әрең жиған. луиза басы ғана қылтыңдап, жүзіп барады... Құлаштай көтерілген


білегінен мыңсан мөлдір тамшы сорғалайды. Нұрлан дымы құрып, жағаға отыра кетті. Бір гектар жердің шөбін жалғыз шауып шыққандай шаршаңқы сезінді өзін. амалы таусылды. Не болса да шешініп, суға қойып кетейін деп ойлады, бірақ шешесі бөзден тігіп берген балағы тізесін ұратын сала-құлаш ызған бауы бар ішкиімінен ұялды. Біреу-міреу көріп қоймады ма деп, ауылы жаққа қарап еді, ешкім байқалмады.. агроном арғы жағаға жүзіп шықты, сонсоң өзен шетіндегі қиыршық тас араласқан майда құмдаққа жата кетті. Бозбала ес-ақылынан ауысты,тіпті луиза арақ ішіп алған қызу шығар деген күмәнді ой келген. Қыз ақ шағаладай болып, ақтарыла құлап әлі жатыр. Жазған-ау, неткен сұлулық?! Енді ол оң тізесін әнтек көтеріп, білегін басына жастап, маужыраған еді. мынау аппақ дүниеде... не болып жатқанымен ісі жоқ, бәр-бәрін, тіпті бергі жағалауда отырған Нұрланның да өмірде бар-жоғын ұмытқандай, бейбіт те мамыр күннің ауыр жылдардан соңғы көз шырымын алған момақан ұйқысы сықылданған. алқоңыр тірлігіне еркелеу бар еді, бәлкім сонау алыста... алтайдан тым жырақта қалған мамасын сағына ма, әлде Германияны... бәлкім Волга өзенін көксей ме екен? луиза анна апаға айтыпты:

– «Әкем Ұлы Отан соғысында фашистердің қолынан қаза тапқан, тілмәш еді... мамам және екі ағайым Волга бойындағы бір қалада тұрады. Техникумды бітірген соң направлениені Қазақстанға берген, содан осы алтайды өзім қалап алдым. мен бұл жақты рерих деген суретшінің салғанынан білуші едім. мұнда жөнді ешкімді танымаймын, әйтпесе тау-тасты, анау Белуханы, Хатын өзені мен маралкөлді, одан әрі сонау Телеске (алтын көл)дейін барып қайтқым келеді. Германияны да сағынамын. мен россияда тудым ғой. Ол жақтан хабарым жоқ...»

– Нур-л-а-н-чи-и-к! Почему не купаешься, иди сюда, боишься да, ах, как тебе не стыдно... – Қыз орнынан тұрды да, тәніне жабысып қалған құмды сипап түсірді. Бозбалаға

«луизаның денесіндегі құмды сипап мен түсірер ме едім» деген азғырынды арман келген. Қыз бергі жағаға жүзіп өтті. Суы сорғалап, Нұрланның жанына келіп тұрғанда, оның ептеп құс еттенген ақ сазандай жұмыр саны мен аққу төсінде мың- миллион моншақ күн нұрымен ойнап, мөлдірейді. Төбесіне түйген шашын жазып жіберіп еді, бүкіл өн бойын жауып қалды.


– Я знаю, ты от меня стеснялся, – деді жымиып, – а у вас парень с девушками вместе не купаются. Ты на меня не смотри, хорошо, – деп көйлегін қолына ұстаған күйі талдың арасына сүңгіп кетті.

Нұрлан тек қиялында, не түсінде ғана жалқы сәт көрер көріністен мүлдем айырылғанын білді. алқынған жүрек, ысынған дене салқын тарта бастаған. Көңілін беймәлім жуас мұң басты, «сүйемін» деген жалғыз сөзді айта алмай, өстіп сүйретілген күйі жан тапсырармын деп ойлады. Осы сөзді айтса көктемнен бері қинаған, бүкіл денесіне у болып тараған аурудан құлан-таза айығатындай көрінді. луиза тек осы сөзді өз құлағымен естісе болды, «Нұрлан, я тебя тоже люблю» деп мойнына асылатындай. Таң атқанша көрер таңды көзімен атқызып, аунақшытып, ұйқы бермес дерттің емі өзі екенін сезінер ме көгілдір көзді көктем қыз! Ол келгелі бозбаланың мынау жалпақ дүниеге деген көзқарасы мүлдем өзгеріп, өмірге қайтып келгендей тіршілік атаулының бәр-бәріне бейкүнә, шексіз іңкәрлікпен сүйсіне қараған. алтай өңіріне нағыз жеңіс, жылқының жусағанындай бейбіт заман, бар бақыт пен байлықты осы неміс қызы ала келгендей еді. Нұрлан үшін агроном қыз дегеніміз – аппақ дүние: ашық аспан, алтын масақты күн, жайқалған егін, сайраған құс, толқыған теңіз, аяғын жаңа ғана тәлтіректей басқан үкілі ботаның телпегіңді ала қашып ойнайтын әдемі ойыны еді; Нұрлан үшін осына ақсары шашты неміс қызы: қабығы әнтек ашылған қайыңның желмен дірілі – мұңлылау, бірақ қуаныштың, егер бар болса бақыт дегеннің хабаршысындай ән салуы еді: ол ән біртіндеп бойға тарап, буын-буыныныңды алатын, ептеп масайтатын, белгісіз сапарға шақырып, жүр-жүрлеп құлағына сыбырлайтын, жып- жылы демі келетін, жып-жылы... ал тұп-тұнық жанары ше... Нұрлан сол жанар-мұхитта желкенсіз, ескексіз қалқып жүрген қаңғыған қайық қана... кейде тереңнен, тым тереңнен жұмбақ үні естілетін.

Сұлулықтың шын мәнін Нұрлан тек луиза арқылы ғана ұғып, мынау қара жердің асты мен үстіндегі өлісі бар, тірісі бар адамдар жасаған, адамдардың құдіретті қолы тудырған жақсылық атаулыға тәнті болып еді.

агроном қызды аудан орталығына шақырып кеткен. Енді біраз күннен кейін күнбағысты орып, сүрлемге салу науқаны басталмақ. анна апасының жалғыз отырғанын білген Нұрлан


аттың басынбүгінсолүйгебұрды. Неміс қызыкелгеліқашқақтап, көп жоламайтын. Кіндік шешесі ықыласты қарсы алды, алдына барын тосты. Өзі мұрнынан сығып алып, көз алдында өскен баланың көңіл-күйін қас-қабағынан танитын кемпір Нұрланнан соңғы кезде өзгеше бөтен мінез байқап, соның түпкі бір себебін іздейтін. Оңаша қалып сырласып, еркін әңгімелескісі келетін. Нұрлан болса сүйекті сойталдай жігіт болып өсті. Осыдан 18 жыл бұрын жөргекте қып-қызыл шақа бажылдап жатқан баланың енді, міне, аяғымен жер, төбесімен көк тіреген азамат болғаны осы. Құдай-ау, кеше ғана еді ғой, өмірі өз пұшпағы қанамаған анна Ивановна бала десе ішкен асын жерге қоятын. Тумаса да туғанынан бетер болған марусясына «көп балаңның бірін бер, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай тәрбиелеймін», – деп қанша рет құдайдың зарын қылды. Енесі алдына келсе тістеп, артына келсе теуіп жолатпайды. Және «орыс болып кетеді» деп, немерелерін аннаның үйіне үйір қылмайтын. Құдағиының қытымырлығы анна апаны сопайтып жалғыз қалдырды. анда-санда қашып келетін немерелерін сол марусяның енесі ұрып-соғып: «Енді осы үйге аттап бассаңдар, аяқтарыңды сындырамын», – деп алып кетуші еді. ана үшін дүние жүзіндегі бала атаулының жаттығы жоқ деп ойлаушы еді анна Ивановна. Қыл аяғы сонау ит арқасы қияннан келген, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын неміс қызын қандай мәпелеп, асты-үстіне түсіп күтеді. Бүгін болмаса ертең, оның да бұл шаңырақтан пыр етіп ұшып кететінін сезіп, қиналатын. Өзегін жалғыздықтың желі кеулеген анна кіндік баласы кіріп келгенде құрақ ұша қуанғаны осыдан еді.

– Нұрлан, – деді майда үнмен. – Сен өзгеріп барасың?

– Өйткені өсіп барамын ғой, апа, – деді күліп.

– мүмкін солай шығар, қайдам, әйтеуір бұрынғыдай емес тұйық, ауыр тарта бастадың. Бір үлкен жаңалық ашқалы жүрген секілдісің. Біздің үйге де сирек келетін болдың.

– мен сол үлкен жаңалықты әлдеқашан ашып қойғанмын, апа, – деді. – Бірақ өзіме емес, басқаға бұйыратындай.

– Жұмбақтай сөйлейтін болыпсың, ақылдың толысқаны-


ау.


 

– ақылым толысқан жоқ, ауысқан секілді...

– Неге? – Шошына сұрады.

– айта алмаймын, апа. Бұл дүниеге кеш келгеніме


өкінемін.


– Енді бір он-жиырма жылдан соң ерте келгеніңе өкінесің, балам.

– Бірақ маған енді жиырма жылдан кейін емес, дәл қазіргі өмірім, қазіргі жасым керек болып тұр да.

– мен ептеп сезем, – деді анна Ивановна Нұрланның ұйысқан шашынан сипалап. – Сен біреуге ғашықсың. рас па, еш сырыңды жасырмаушы едің ғой, шыныңды айтшы, агроном қызды сүйіп жүрген жоқсың ба?

Нұрлан ұяла басын изеді. Кіндік шешесі бетінен сүйді:

– Біліп едім, құлыным, біліп едім. айналайын, маған сенің осы балапан тазалығың, өтірік айтпайтын, өтірік күлмейтін, өтірік жыламайтын пәктігің ұнайды. Еңдеше сен өтірік сүйе де алмайсың... Ой, ауыр болады, қиын-қиын... Бұл жалғанға аз- маз өтірік керек-ақ.

– Оған сіз кінәлісіз, апа, – деді Нұрлан. Кемпір таң қалды.

«Әкім мен Сандуғаштың ұлы ерте ер жеткен екен» деп ойлады. Әрі қуанды, әрі...

анна апасы айтты: – Әлі есімде «кіндік апа, шоландағы варениеңді жеп келдім» деп, жағал-жағал аузыңды көйлегімнің етегіне сүртуші едің. Енді міне... менен де алыстап бара жатқан секілдісің. Жақсы көретін адамың өзгерді... Жігіт болдың... маған сол өспеген балалық шағың керек еді. Сондықтан да мен үшін мәңгі сәби болып қаласың.

Нұрлан айтты: – ал сіз маған мәңгі апа боласыз.

Шағындау терезеге күн түспесін деп тұтылған көк перде бөлмені көгілдір нұрға бөлеп тұр. Далада тамыздың ыстығы болғанымен ағаш үйдің іші қоңырсалқын. Пеш үстінде пырылдап ұйықтап жатқан жүндес қара мысық есіней керілді де, бірдемеден құр қалғандай, стол басына жетті мияулай. Бұрышта бойлай өскен лавр, оның жоғарғы жағында үш бұрыштап қиюластыра қағылған тақтай, оның бетін шілтерілеген матамен жапқан, оның үстіне сүйеп қойған Христиан құдайы отырғандарға бажырая қарап, таң қалғандай телміріп тұр. Әлгі сурет – құдайдың екі жағында шырақ. Бұрыштағы Иконға оқыстан көзі түскен Нұрлан бір сәт арбасып қалғандай болды да, жанарын тайдырып әкетті. Сонсоң мұсылман құдайының түр-келбетін көз алдына елестеткісі келді, бірақ ол мүмкін емес еді.

Нұрлан күні бүгінге дейін анна апасының осы бұрыштағы суретке не себептен табынып, шоқынатынын білмейді. адам-


дарға жақсылықтан өзге тілері жоқ орыс кемпірі құдайға шын сене ме, жоқ ырымын ғана жасай ма – ол жағы Нұрлан үшін жұмбақ. мысығына сүт құйып жүрген анна Ивановнаға: «Сіз құдайға сенесіз бе?» деген оқыс сұрақ қойды. анна апасының жауабы қысқа болды: – Оны сен сұрама, мен айтпайын... Дегенмен адам болып жаралған соң әйтеуір бір нәрсеге сенген жақсы.

«Әркімнің өз құдайы бар шығар, менің ендігі табынар тәңірім – луиза. Бұрышқа соның суретін қоямын», – деп ойлады Нұрлан.

Бөлмені тағы да сәл үнсіздік басты. Нұрлан қайтайын деп жинала беріп еді: – Қайда асықтың? – деді. – айтып жүрегіңді жараламай-ақ қояйын деп едім, бірақ айтпасам алдағандай боламын. луиза сенен төрт-бес жас үлкен. Және ол Қожақты ұнататын секілді. «Сол жігітті қайткен күнде де өмірге қайта алып келу керек» дейді.

– Ол өлген жоқ, тірі секілді еді ғой – Нұрланның дауысы шаңқ етіп, оғаш естілді. Есіктен қалай атқып шығып, атқа қашан қарғып мінгенін білмейді, әйтеуір Қарадалаға қарай ағыза шауып келе жатыр екен. Көзіне қан құйылғандай болды. Бетін айғыз-айғыз жас жуған. аспан, тау-тас, орман- тоғай шыр көбелек айналған, ал астындағы ақкеңсірікті бас-көзіне сабалап, оңбай сүрінсе-ау деп тілейді. Құласа, жер сүзе жығылса, содан қайтып тұра алмаса, қара жер қарс айырылып, астына түсіп-ақ кетсе, сонсоң мың жылдан кейін оралса, тіпті бүйтіп, тағы да күйікке қалар болса, күйіп өртенер болса оралмай-ақ қойса... «мүмкін емес, – деді күбірлеп, – ол мүмкін емес, луизаның шофер жігітті сүйетіні жалған! анна апасы мұның көңілі мүлдем қалсын деп әдейі өтірік айтты. Сол орыстың жаман кемпіріне жолап нем бар еді... аузынан арақ пен шылым арылмайтын май сасыған кір-кір Қожақ, орта білімі де жоқ Қожақ луизаның теңі ме?! Оған пысқырып та қарамайды, көресің әлі. Ол мені жақсы көреді. маған әнеугүні күліп қараған, менімен бірге жидек терген, мен оған атқа мінуді үйреттім, менімен бірге қысылмай, бөтен санамай, құдай-ау, ұялмай суға түсті, менімен киноға барды, мен оған сан рет кепеш-кепеш бүлдірген теріп, Бозталдың түбіне қойып кеттім. Ол мен жоқта келіп жеді. Тіпті, күні кеше ғана қолымнан ұстап «ән айтшы, сендердің әндерің маған ұнайды» деп тесіле қарамады ма. Бірақ... «сенің түрің Қожаққа өте ұқсайды» деп


күрсініп еді-ау. Ә-ә, енді білдім, қалайғана сезбегенмін, солай деген, ол мен арқылы Қожақты көрген екен ғой».

астындағы ат көбігі шыға болдырды. Есін енді бір жиғанда, басын тағзым еткен сап-сары ала күнбағыстың ішімен қақ жарып келеді екен. Оған сол сәтте мынау жайқалған сайсыз күнбағыстың бәрі агроном қыз болып жымия  қарап  тұрғандай  елестеді.  «Жоқ,  –  деді  дауыстап,

– жоқ! луиза мені ғана сүйеді!» Сонсоң: «Әттең, дүниедегі асыл адамдарды жерге дән қылып сеуіп, мынау күнба- ғыс секілді көбейтіп алса ғой, шіркін. Бәрімізге де жетер еді...»,

– деп ойлады.

Қарадаланың беті қаптаған күнбағыс, ұлы махаббаттың, ұлы жеңіс пен мамырстан бейбіт күннің айғағындай ырғатыла ән салады. Өйткені ол күнге, айналайын күнге мәңгі бақи ғашық еді.

 

Толассыз қозғалыстағы өмір жер шарының соншалықты үлкен картасында жоқ Шыңғыстай ауылын да ұмытпай тіршіліктің арбасына сала кеткен. Жер бетінде осындай қарапайым тірлікті қанша ауыл бар, соншасында – қарбалас өмір: біреу туып, біреу өліп жатыр. Көрмейтін, білмейтін адамдардың суішкілігінде бұлтартпайтын ұқсастық тіршілігі үшінжанталасқанкүресболса,олақиқатшыңғыстайлықтарүшін де жат емес еді. Осыдан он жыл бұрын бұршақтай соғып, қара шегірткедей қаптап өте шыққан соғыстың, тіпті соғысқанның куәсі анау ақсақ Құсбек пен Шәкен, анау қолы иығынан жоқ Солтай мен сол қолы шынтағынан жоқ Жантай, анау құлағын мерген оғы тесіп өткен Хайдар немесе контузия алып, басы ауыратын Хамит, денесіндегі темірі әлі күнге алынбаған Нұрланның әкесі Әкім секілді еді. Бұл ауылда майданнан дені-қарны сау оралған бригадир ғана еді. Оның өзі суайт- өтірікші, қай майданда болғанын жан білмейді. Ол айтатын көрінеді: «мен агроном қыз луизаның әкесінің үйінде болдым. Франкфурт деген қалаға кіре берісте бір хуторда түйе бағады екен. Түйелері біздікі секілді қос өркешті емес, үш өркешті, лақтыкіндей ғана мүйізі болады екен. Немістер етін жемейді, сүтін сауып, самогон ашытып сатады. агроном қыздың әкесі байғұс совет солдаттарын жаны қалмай құшақ жая қарсы алды. Сырты герман болғанымен іші совет екен. Бұдан соң екеуміз


бәстестік, ол айтты: «Самогоннан150 стақан ішемін дейді, ал мен – 200, – дедім: біздің батальон ауыр ұрыстан соң демалып жатқан. 200 емес 588 стакан самогон ішіп, үш күн, үш түн  мас болғаным әлі есімде. Қоштасарда айттым: «Әй, Шнайдер, сен мына луизаң бой жеткен соң Қазақстанға жібер», – дедім. Обалы қане, уәдесінде тұрды. ал, қане, жұмысқа кіріселік, жолдастар не отырыс» деп қарсы сұрақ берілгенше, орнынан атып тұрып кетіпті. Күлкіден ішектері түйілген колхозшының бірі сонда да етегіне жармасып: – ағасы, агроном қыздың әкесі Гитлерге қарсы соғыста қаза тапқан, Волга бойының немісі деп естідік қой, – деп сұрақ беріп үлгерді. – Былжырайды!– деді саспай. – Былжырайды, мына көкең ешқашан өтірік айтпайды.

– Шімірікпестен кеудесін қағады. ал дауласып көр, ал дәлелдеп көр...

Колхоздың қазіргі қарқыны жаман емес, жоспарын артығымен орындай бастаған. аудан, сонау облыстан аппақ шағаладай бастықтар да көп келіп жүр. Бәрінің бас шұл- ғып, көз жұмып мақтайтыны луизаныңҚарадалаға еккен күнбағысы. «Егер төкпей-шашпай, уақтылы сүрлемге салып алса, шыңғыстайлықтар қыстан ыңқ етпей шығады» деседі. Ол сөздің жаны бар-ды. Қарадала сыңсыған күнбағыс, көздің жауын алады.

Соншалық бітік өскен майсада Нұрланның да азапты күндері мен түндері бар, бірақ ол оны сезінген жоқ. анна апасы мықтап өкпелеткен соң санасында салына бастаған әдемілік, сұлулық мұнарасын жарықшақ шалғандай еді. Сол көгілдір мұнарасының іргетасын қаласқан кіндік шешесінің өзі еді ғой, луизаны қалай ғана аузы барып, жамандыққа қиды.

«Жо-жоқ, ол Нұрланды ғана сүюге тиісті». «Неге тиісті» – өзі де білмейді. Бұл оның менмендігі емес, көзсіз сезімнің иемшіл қызғанышы-тын. луизаның басқа біреуге жар болу мүмкіндігін Нұрланға бұл жалғанда дәлелдеп түсіндіріп, сендіре алмас еді. Өзінен төрт-бес жас үлкен қыздың өз меншігіне қашан, қалай айналғанынан бозбаланың хабары жоқ. Келін ғып түсірем десе, әке-шешесі қалай қарар еді. Шешесі не дерін кім білсін, әйтеуір әкесі қарсы болмас. Әттең, сырқаты асқынып барады. Тағдыр қатыгез екен, былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады, әйтеуір бірі құрау, бірі жамау сандалбай өмір.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.