|
|||
Оралхан Бөкей 2 страница«Əпкеңді үйге қайтарамыз, он сом ақшаны бер» десе, азар да безер қарсы болар едім-ау; сонда мен əпкемді он сомға сатып жібергендей едім. Апам лəм деген жоқ. Қойныма жат деп айтпады да, он сом ақшаны тақуалап сұрамады да. Сол күннен бастап қулық сауып ер жеткенімді білдім. Сол он сом ақша Апам екеуміздің арамызды аша түскендей болды. Мен бөлек жатып жүрдім. Бір ай жамбасыма басып сақтаған қағаз ақша сары тап болып тозуға айналғанда, жоғалтып-ақ алғаным. Əрине, Апамнан көрдім. Не деген бекершілдік, не деген пендешілік десеңізші. Апам менің... Ержеттік. Білім алып, қызмет-атақ қудық. Ауылдан ұзап, Апамнан алыстап астанаға аттандым. Апам Жеңісхан деген ұлының қолында тұрып жатты. Анда-санда ауылға барғанымда, өз үйіме түсіп, Апам өзі келіп амандаспаса, шіреніп жатып алатын едім. Мен сон- да ауылға келіп-кетіп жүріп, əкемдердің аузынан Апамның тіпті де менің əжем емес, шалы Дос марқұм болғаннан ке- йін ғана, біздің үйімізде бірге тұрғанын, əкеме шеше орны- на шеше болып кеткен жеңгесі екенін білдім. Ал Доспенен менің əкемнің əкесі Исақан бірге туысады екен. Мен сонда апамның соншалықты алыс, тым-тым алыс екеніне көзім жеткенімен, иланбай, жүрегім бəрібір баяғы кезді, Апамның жылы қойны, аялы алақанын аңсаймын. Өткен жазда Апам түсіме кірді. Сексен жыл жолдас бол- ған жарық астауына арпа салып, қауызынан тазартып, жел- піп отыр екен, маған айтады екен деймін: «Құдалар берген он сомды үйде шай жоқ болып қалған соң, мен алған едім». Ертеңінде мазам болмай көңілсіз ояндым да, əйеліме: «Демалысқа шығайық, ауылға барайық. Апам түсіме кіріп жүр, сен таза матадан көйлек сатып əкел», – деп едім. Неге екенін білмеймін, жүрегім толқып, соншалықты бір белгісіз күш ауылға асықтырды, неге екенін білмеймін, үйге келген соң да баяғыдай аяғымның басын қайқайтып жатып алмай, тағат таппай Апамның үйіне қарай құстай ұштым. Есік алдында немерелерін ойнатып отыр екен, менің екі бетімнен кезек сүйіп: «Апаңды ұмытайын дедің-ау, құлы- ным, мұрныңнан сығып алған бала едің», – деп, көзіне жас алды. Шай жасала бергенде, таудан отын алып ұлы Жеңісхан келді. – Апаң бұрынғыдай емес, қартайды, екі тізем бастырмай- ды, əйтпесе сарайым сау, тісім бүтін. Менің есіме Апамның бес уақ дəрет алып, намаз оқы- ған сайын тісін тұзбен ысатыны, тіпті осы кісінің сексеннен асқан жасқа дейін бір жерім ауырды, не шаршадым, жалық- тым деп қабақ шытпағаны түсті. Рас, шын айтамын, Апам- ның тісі əлі де маржандай екен. Рас, шын айтамын, Апам бұл дүниеде жалғыз рет дəрігерге, болмаса бақсы-балгерге қаралмай, сау-саламат өте шықты. Тамақ жасалып, бата берді, əрі ұзақ оқыды. Батасы қандай мағыналы, мақамды. Мен Апамды дəл бүгін бөлекше танып, көп-көп қадір-қасиетін қайта сезгендей болдым. Ымырт үйі- ріле, үйден шықтық. Жеңісхан айтты: «Шербекті (араны) əлі күнге дейін Апам қайрайды. Мен егесем, отын кескенде не секіріп жүрмейді, не өтпейді. Көзі əлі де жақсы көреді. Кеше ғана оюлап ызып сырмақ бітірді, түске дейін киіз басты. Қызық, əйтеуір. Тыныш отырмайды, ертең де күн бар-ау де- мей, бұзаудың мойын жібін есіп, ноқта істейді. Қолы босай қалса, ауырып қалатын секілді. Жеңгең иек сүйеп жаман үй- реніп кете ме деп қорқамын, қанжығаға байлап жүреміз бе, жаман айтпай жақсы жоқ, бір күні қисайып қалса...». – Апам мықты ғой, – дедім мен жамандыққа қимай. – Апам жүз жасайды. Ертеңінде... ертеңінде таңғы сағат сегізде Жеңісханның үлкен қызы жылап жүгіріп келді. – Апам ауырып жатыр! Біз алғашында сеніңкіремедік, тек шешем ғана: «Жеңешемнен айырылып қалмайық, кісі шақыртатындай қатты ауырған емес еді», – деп тұра жүгірді. Бəріміз шұбап жеттік. Апам өзінің ағаш төсегінде кеудесі сырылдап құр- құр етіп, теріс қарап, бүк түсіп жатыр екен. Көзін алайта ашады да, қайта жұмады. Тіл-аузы байланған, келгендерді танымады білем. Əкем екеуміз басын көтеріп сусын ішкізіп едік, езуінен қайта ақты. Балалар ұлар-шу, бəріміз жылап жүрміз. – Жеңеше, – деді шешем тарамыстанған арық қолынан ұстап. – Елу жыл бірге өмір сүріп едік, жамандығым, ағат кеткен жерім болса, кеш. Кеш, жеңеше, кеш, ораза-намазы бұзылмаған асылым, – деп көзіне жас алып, қолынан сүй- ді. Əлгіден бері кісі танымай, кеудесі сырылдап, іргеге қарап жатқан Апам күшпен аунап, шалқалады да, иегін қақты. Сон- соң əрең: «К-е-с-ті-м», – деді де көзін қайта жұмды. Дəрігер шақыртайық деп едік, басын шайқады. Содан соң өзі ымдап дəрет алмаққа ниет қылған соң, біз шыға тұрдық. Біз қайта кіргенде, Апам төсекті жерге салдырып шалқасынан жатқан екен. Кірме деген үлкендер сөзін тыңдамай, жанына тізерлеп отыра кеттім де құдіретті саусақтарын ұстадым. Суып бара- ды екен, суып... Апам күбірлеп: «Илайлолла, илайлолла», – деп, иман айтты. Апам өз иманын өзі оқыды. Апам өз жана- засын өзі шығарып жатқанын сездім. Ендігі сəтте шешем: «Апаңнан айырылдық», – деп, бісміллə деген күйі əлемдегі ең ұлы аналардың бірі – Апамның бетін жапты. Үйдің іші ұлар-шу, қым-қуыт. Апам менің... Өлдің, ауырмай-сырқамай, бір тісің шетіне- мей, «алла белім» демей, сексен тоғыз жасыңда өз иманың- ды өзің айтып өлдің. Апамды арулап, сырмаққа орап, зузаға салып көтере жө- нелгенде, үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп зар еңіреп немерелері қалды. Маған зузаның ең бір маңдай басы тиіп еді, ағаш сырғауыл иығыма батып, жанымды шығар- са да шыдадым. Мен шыдайды деп жорамалдады ма, əлде əдістеніп келе ме, арттағы азаматтар бекер ұстасқаны бол- маса, көп күш жұмсамай, бос келе жатқанын сездім. Өлген адамның сүйегі ауыр болады деген рас екен. Шүйкедей ғана кемпірді сойталдай-сойталдай он жігіт мықшыңдап əрең көтеріп келе жаттық. Апамды үйінен, қара орманынан ел- жұртты шулатып ала қашқан шеру жаңадан қазылған жас қабірдің басына келіп тоқтап, сүйек салынған зузаны жерге түсірген соң, біздерге бір-бір сомнан ақша таратты. Менің де ұйып қалған алақаныма жұмарланған бір теңгені ұстата салғанда, жүрегім дір ете түсті де, көзімнен жас ыршыды. Менің есіме сонау балалықтың алаңсыз жылдарында «ақ- шамды алып қояды» деп, Апамның қойнына жатпай, бөлек кеткенім түсіп еді. Енді, міне, мойныма қарыз болмасын де- гендей, сол бір қайнатым шай алған бір сомды өзіме қайта- рып тұрғандай сезіндім. Өз-өзімді тоқтата алмай жыладым, қара жер томпайғанша жыладым. Ертеңінде ескі қораның бұрышында төңкерулі жатқан Апамның астауын алып, Алматыға қайттым. Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иə, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...
БЕС ТИЫН Мен ол кісіні жыл сайын көремін. Өзгермеген. Баяғы, бала кезімде «хат бар ма, аға» – деп, күн-күн сайын жыл- тыңдап барып тұратын кездегі қалпы десем, сəл жалғандау болар. Жылдар дегеніміз – киімге түскен қара күйе секілді ғой, адамның да жасын кеміктеп, жанын білдірмей тозды- ра бастайтыны рас-ты. Ауылымыздың жиырма бес жылдан бергі почта бастығы Зəкең де қартайыңқырап, бала-шағасын өсіру əуресімен қажыңқырап жүр екен. Табиғатынан салмақ- ты, көпіртіп көп сөйлемейтін, ал анда-санда «ұрттап» алса, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін; көп күлмейтін, зəуімен бір күлсе, ішек-сілесі қатып жас балаша мəз болатын; кім- кімдерге тас кескір сараң, кім-кімдерге жалғыз дəнді жарып берер жомарт; кеңсесінде отырған кезде, алдына келсе тістеп, артынан келсе тебетін кезеп; ғұмыр жалғанда қара бақырдан қате жібермейтін сауысқаннан сақ, үй шаруасының қиюын қашырып алар олақ – міне, солай да солай біздің Зəкең. Осы кісінің кішкентай кезінен ғадет қылып, көлеңкедей еріп қалмай келе жатқан кəсібі дейміз бе, жоқ болмаса сү- йекке сіңді əдеті дейміз бе – ермегі бар еді. Жұмыстан қолы қалт етіп босаса, құрығы мен қармағын қолтығына қысып өзен жағалап кететін де, əбден көз байланып, қараңғы түс- кенде, тал шыбыққа желбезегінен тізген балықтардың құй- рығын жер сыздыра қараңдап келе жатар еді. Бала кезімізде Зəкеңнің соңынан талай ердік. Өйткені суға салған қармағы құр шықпайтын, балығы тайдай тулаған иірім, айлақтарды тек қана сол кісі білетін. Ердік дегенім жай əншейін сөз, ра- сын айтсам, ол біздерді ертпейтін де, жақындасақ қуалап не- месе тал-теректің ара-арасымен қаша, ізін жасырып кететін. Зəкеңнің бұл қызғаншақтығы – балықшы, аңшы атаулының бəріне тəн өзімшілдік екенін ол шақта білдік пе. Көп ретте тас лақтырып, балықты үркітіп ит-жынына тиюші едік-ау... Бір күні Зəкең біздерге өмірбаянын айтып берді. Аяқ асты- нан жел соғып, арты сілбілеген жаңбырға айналып кеткен соң, кəрі қайыңның түбін паналап отырғанбыз. Зəкең əрең дегенде от жақты. Жапырақтардың ара-арасынан қуалап, сорғыған нөсер тамшылары қайта-қайта отты өшіріп тастай берген соң, үстіндегі қаудырлақ сулығын ошақтың үстіне ке- ріп, шатыр жасады. Сол күні ағынан ақтарылған көл-көсір көңіл, қамқор пейілін айтсаңызшы... Біз, лапылдап жанған отты қаумалай отырған үш-төрт бала, Зəкеңнің жауынды күні оқыстан ашылған аялы алақанына əрі таңдандық, əрі аң-таң қалдық. Түстен бері ұстаған балықтарын қылдай етіп бөліп берді де: «Кəне, əркім өзі пісіріп жесін», – деді. Қар- нын жарып, істік ағашқа шанышқан балықты шоқтың қы- зуына қақтай бастадық. – Жалын шалмасын, оттан əрірек ұстаңдар, – деп ан- да-санда ақыл айтып қояды. Ал өзі пісті-ау деген балықты сыртқы күйік шалған қабығын сыдырмастан, құйрығынан ұстап басын қоса күтірлетіп шайнайды. – Ең тəтті жері – басы, – деп күйелештенген аузын жеңімен сүртіп, қомпаң- қомпаң етеді. Сырт көзге Зəкеңнің біздерден еш айырмашылығы жоқ: бойы да бірдей, аяқ-қолы да қысқа, томаршадай тым кішкене еді. Кейін есейгенде байқадым ғой. Өзінің осыншалық қо- раш болып жаралғанына қорынады екен... – Мен, əке-шешемнен бесіктен белім шықпай жетім қал- ған адаммын, – деді Зəкең ағаштың көз жасы секілді там- шыға алақанын тосып. – Ағайын-туғанның есігін сығалап күн кешуге тура келді. Сондықтан да тойып тамақ жемедік, бүтін киім кимедік. Сондықтан да аузым аққа жарымай ме- шел күй кештім. Қарным ашқан соң, қара судың шабағын ау- лап, талшық ететінмін. Кейін ер жетіп, ел қатарлы өмір сүре бастағанымда, осы əдетті қоя алмай жүрдім. Жал-жая жеп отырсам да, кітірлеп піскен балықтың басын аңсайтын бол- дым... Қолым қалт етсе, өзенге жүгіретін ауруым бар, тіпті бала-шағамнан ұят... Сібірлеп жауған жаңбыр, тамшы тиген сайын əнтек ді- рілдеп қалатын су-су жапырақ, өзеннің бір қалыпты сары- лы, анда-санда шоқ атқылап сырт-сырт жанған от – бар-бар- лығы біздерді ертекті дүниеге бастағандай еді. Əншейінде алысып-жұлысып тыныш отырмайтын қазақтың қара дома- лақ ұлдары жым болған, өңдерінде өзгеше жуастық, салмақ- ты сабыр бар. Бұтаққа керілген сулық-шапанның астында қаздың балапанындай үрпиісіп отырмыз. Оттан көтерілген түтін Зəкеңнің сырттығын ыстап-ақ жатыр, бірақ оған мəн берген ешкім жоқ. – Мен бір атадан жалғыз қалған жанмын. Сондықтан да ерте үйлендім. Əйелімнің шамасы қаншаға жетеді, сонша бала көргім келеді. Зəкеңнің бұл əңгімесі біздерден гөрі ересектеу адамдарға айтылар сыры екенін сездік пе, аузымызды аңқайтып тың- дай бергеннен өзге не келеді қолымыздан. Бəлкім, əңгіме- нің түпкі төркінін түсінбесек те, ынта қоя тыңдағанымыз, айтушының мұңға толы қоңыр үнінің əдемі əуені шығар... Бəлкім, Зəкең əңгімесін айтар ересек адам таба алмаған соң, біздерге ақтарылғаны шығар... Тіпті ауылдағы үлкен кісілер Зəкеңді күні бүгінге дейін менсініп, жігіт ағасы қатарына қосқанын естіп, көргенім жоқ. Қайсыбірі де, «əй, бала» деп, арқасынан кағатын... «Қашан ер жетесің-ей» деп, кекете қарқ-қарқ күлетін... Алайда Зəкең ондай аспансыған ағайын- ды кісі қатарына балап, елеп-ескерген емес. Жаздың ыстығы түскенде, ауылдың қара жолын шаңда- тып, почта бөлімшесіне қарай саспай аяңдап келе жататын тəпелтек кісіні көрсеңіз – Зəкең екенін айнытпай танисыз. Жалаң аяғына галош іліп, галифе шалбарының бауын са- лақтата, асықпай аяңдайтын. Дүние өртеніп бара жатса да, бір қалыпты – марғау да маңғаз жүрісін де, асып-саспайтын мінезін де өзгерткен емес. Сол жүрісінен жаңылмаған қал- пы почтаның үш бірдей құлыбын ашады, ең алдымен жұ- мыс столы мен сейфті тексеріп көреді, есеп шотын, қағазы мен қаламын ыңғайлайды, əбден орнығып алғанша, жаны шырқырап безілдеген ауылдың жалғыз хабаршы-телефоны- на қол апармайды. Əртүрлі квитанцияларды парақтап, мөрін үрлеп ақ қағазға басып, түсетін-түспейтінін байқап көріп, əлгі мөр басылған қағазды уақтап жыртып, көпке дейін күй- бің тірлікпен отырар еді. Бұл кезде пенсия, баланың ақша- сын, хат, газет-журнал алуға, не болмаса ауданға телефон соғуға келген ауылдың кəрі-жастары қорған тақтайдың ар жағында жұдырықтай ғана болып, тəкаппар отырған Зəкең- ді атарға оғы жоқ, əрең шыдар еді... Кейде шыдамайтын... Жер-жебірі, жекен суына жетіп ұрысатын, тақтайды ұрғы- лап қайдағы былапыт сөздерді қардай боратып, балағаттай- тын. Бірақ Зəкең ешқашан да қарсы шабуылға көшіп көрген емес. Жүйкесін жұқартып, намыстанбайтын да. Бейне бір нашар оқитын оқушының шатты-бұтты айтқан сабағын нəу- мез көңілмен мысқылдай тыңдаған мұғалімдей-ақ, «айтып болдың ба?» дегендей бетіне ұзақ қарайтын да, миығынан күлетін. Телефонды май жағып қойғандай жиіркене көтеріп, соншалықты нығыз дауыспен «əл-л-лө-у!» дер еді. Ар жа- ғынан саңқылдаған əлдекімнің айғайын үнсіз тыңдайтын, дабырлап сөйлеспейтін, бар болғаны «ұқтық, жарайды» деп, тұтқаны ершігіне тастай салатын. Ауылдастарының «мініс- тір болатын-ақ адам» дейтіні де осындай қылығынан-ау... қайдан білейік, ауылда арқандалып қалмай ұзап жайылса, министр болары рас та шығар. Бұл дүниеде адам жанының қалтарысын түгел білемін дейтін көріпкел тумаған шығар. Əйтпесе бізді ағамыздың түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз, аумалы-төкпелі мінезін қаншалықты ұққан, соған үйренген сайын, соғұрлым түсі- ніксіз де жат қылықтардың шуатылған қыл арқаны ұшығы- нан ұстатпайтыны қалай? Айталық, Зəкең оқта-текте шах- мат ойнай қалса, қарсыласын ылғи да қажап, ата-бабасының байқамай жіберіп алған осалдықтарын тізбелейді де оты- рады. Ол кісі ешқашан да жеңемін деп ойламайтын. Тіпті өзі күші басым жағдайда да қиыннан қиыстыра, тең ойынға келісетін. Немесе қарсыласының үстемдік ала бастағанын сезсе, «ничья жасайықшы» деп, жатып келіп жабысатын. «Біреуді біреудің жеңгенінен жек көретін нəрсем жоқ» дейті- ні де сондықтан шығар. Иə, біздің Зəкең өмірдегі тепе-теңдікті жақсы көреді. Сынаптай толқып тұрар, біреу түсініп, біреу түсінбес мі- нез ұшпаққа шығармасын да біледі. Ширек ғасырдан бері үстінен түскен домалағы бар, домалақ емесі бар – арыздарды жинап-терсе, екі-үш томға жетіп қалары да рас. Дегенмен, Зəкеңнен қателік табар əулие əзірше жаратылмапты. Ауылдағы атқамінерлер мен сауаты барлардың аса ал- май жүрген тауы, ата алмай жүрген жауы, ала алмай жүрген жалғыз-ақ шебі бар. Ол – Зəкеңді қалай почтаның бастықты- ғынан түсіру. Əттең, осы қызыл көз пəледен құтылса, соңғы бес-алты жылда кенезесі кеуіп, безеріп тұратын аспаннан ағыл-тегіл жаңбыр жауатын секілді... Құрғақшылықтан құ- тылып, айран-асыр байлыққа кенелетін секілді. Қырсыққан- да Зəкең күн өткен сайын мығым əрі сақ, ал Алтайдың аспа- ны болса, жарықтық суалып-ақ тұр. Ауданнан, сонау облыс- тан тексеру келген сайын, ауылда сыпсың-сыпсың өсек та- райды. «Дəл осы жолы сайтан болып кетсе де мұрттай ұшар» деген желікті үміттің жетегіндей желдей есер еді. Амал не, ертеңінде де бір дорба кілтін сылдырлатып, почтаға қарай асықпай аяңдап бара жатқан Зəкеңді тағы көріп, маңдайлары тасқа соғылар еді. Елуге келген жасына дейін тірі жанның ала жібін аттамаса да, көзге шыққан сүйелдей бүкіл ауыл адамдарының өлердей өштесетіні мүлдем түсініксіз. Бəлкім, адал болған соң, суқандары сүймес, əлде мінезінен бе екен... Сентябрь айының аяқ шені еді. Күздің тамылжыған əде- мі шағы, шаруаның етек-жеңі жинақталып, жұрттың ермек іздеп еріге бастаған бейбіт те берекелі күндерінің бірі. Біздің Зəкең де қораға шөбін жеткізіп алған. «Елмен көрген – ұлы той», кеше кешке көршінің баласы үйленіп, қолдан ашытқан сырадан біраз сілтеңкіреп алып еді, таңға жуық басы сынып, қатты ауырды. Ыдыс-аяқтарды сылдырлатып, сусын іздеді. Əйелі оянды. «Өк, қарасан!» – деді, көзін ашып-жұмып жат- қан қалпы. «Өгің не?» – деді Зəкең таңдана. «Үйге сиыр кіріп кеткен екен десем, сен екенсің ғой», – деді. «Сиыр мендей емес үлкен ғой, тайынша шығармын», – деді. Түк те ашуланған жоқ. Ашылыңқырап қалған балала- рының үстіне көрпені қымтай жапты да, орнына қайта жат- ты. Бірақ көпке дейін ұйықтай алмады. «Əттең, балыққа барар ма еді» деп ойлады. Осы кезде есік дүрсілдеп қоя бер- ді. Жау шапқандай ұрғылады. Атып тұрып есік ашып еді, ар жағында үш-төрт кісі тұр. Мұның танығаны – аудандық байланыс торабының бастығы ғана, қалғандарын шырамыта алмады. – Не керек сендерге? – деді есінеп. Түйеден түскендей сөзге қасындағы бөтен адамдар болмаса, өз бастығы шам шақырмайтын. Зəкеңнің мінезіне əбден тойған. – Киін! Почтаны тексереміз, – деді асықтырып. – Жұмыс уақыты басталуға əлі үш сағат бар. – Жігітім, кергімей тез киін де, бізге ер, – деді бөтен кісі. – Сен кімсің-ей?! – Кім екенімді почтаға барған соң білесің... – Бұл кісі – облыстық байланыс басқармасынан, – деді өз бастығы бір қызарып, бір сазарып. Тегі, Зəкең үшін өзі ұя- лып тұрғандай. – Жарайды, ендеше, почтада танысайық, – деді де, асық- пай киініп, кілттерін сылдырлатып сыртқа шықты. Зəкеңді ұзақ əрі мұқият тексерді. Көлденең көзге білін- бегенімен, почта бөлімшесінің ұсақ-түйек шаруасынан көп зат жоқ: пенсия, баланың ақшасы, жан-жаққа жолдаған, жан- жақтан келген ақша, дүкеннің барлық табысы да осы почтаға өткерілетін. Есебін табамын десе, алақандай почтадан-ақ екі асауға болатын еді. Ана бір жылы көрші ауылдағы байла- нысшы, өлген кемпірдің пенсиясын жарты жыл бойына өзі пайдаланып жүріпті... құдай сақтасын... Сонымен не керек, түске дейін созылған тексерудің қоры- тындысында Зəкеңнің есебіндегі мыңдаған сом жұмыстан не бары бес тиын жетпей қалды. – Міне, тазалық, əділдік деп осыны айт! – Аудандағы бас- тығы алақанын шапалақтап қуанды. Əйел адам еді, Зəкеңнің сауысқан шоқығандай шұрық-шұрық бетінен сүйіп алды. Облыстан келгендер де алғашқы əзірейіл қалпын өзгерткен. Күліп: «Молодец!» – деп, арқасынан қақты. Ал Зəкең болса қабағынан қар жауып, екі шекесін қос қолдап қысқан күйі: өң жоқ, түс жоқ сұлық отыр. Қуанбады. – Атаңа нəлет-ай, қай жерден жібердім қателікті?! – Қандай қателік? – деп бастығы таңдана сұрады. – Бес тиынды айтамын... – Да ну, – деді облыстық тексеруші қолын сермеп. – Бес тиын – бес жүз сом емес қой, тіпті бес-он сом болса бірсəрі. Құны жоқ нəрсеге қайғыра ма екен кісі. Так держать! – Мен үшін құнсыз еш нəрсе жоқ. Жиырма бес жылдан бері тұңғыш рет бес тиын қате жібердім. Ертең ауылдаста- рымның, бала-шағамның бетіне қалай қараймын... Пəленің барлығы осы бес тиыннан басталмай ма... Атаңа нəлет-ай, қайда жібердім, неғып қара басты мені... Сұңқылдап, түрмеге қамалатындай зар еңіреп отырып алды. Зəкеңнің бұл қылығын əдейіге жорыған тексерушілер, иықтарын қиқаңдата есікке беттей берген кезде, Зəкең саңқ етіп, атып тұрғаны. – Таптым! – Нені? – Бес тиынды! – Жүгіріп есік алдына шықты да, қолына балта ұстап тез қайта оралды. Тексерушілер сескенісе жы- лыстап, үдірейе қарап тұр. Оның не істегелі жүргенінен ха- барлары жоқ. Зəкең жұмыс столы тұрған тұстың тақтайын балтаның жүзін салып қопарып қалды да, саңылаудан қол жүгіртті. Содан соң ептеп тоттана бастаған бес тиын бақыр ақшаны тауып алды. Саусағына шымшып ұстаған күйі об- лыстан келген тексерушіге ұсына берді. – Осыдан екі ай бұрын тақтайдың жарығынан түсіп ке- тіп еді... Ерініп алмап едім, жатыр екен жарықтық... Ыржиып күледі... – Бұған дауа жоқ екен, – деді облыстан келген кісі басын шайқап. – Асылы, бізді бұл тексергені дұрыс болар еді... Мұрнынан өзіне ғана таныс əуенді ыңылдап, асықпай аяңдап үйіне қайтты. «Болмады, – деді есік-терезеден сыға- лаған ауылдастары, – араға ай салып барып, арызды қайта жазу керек». Əйтпесек, қазақ боламыз ба?..
|
|||
|