Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оралхан Бөкей 3 страница



Кейін бір сұрағанымда, Зəкең айтты: «маған қателесуге болмайды, өйткені он бір балам бар».


 

 

БИҒАҢ

Кезекті демалысымды алып, ауылға келе жаттым. Соны- мен Алматыдан тым ерте, елең-алаңнан ұшып шығып, Өс- кеменнің аэропортына қонғанымызда, күн арқан бойы көте- ріліп қалған. Ығы-жығы халық тым көп екен – біреуді-біреу біліп болмайтын қайшыласқан ел. Аэропорттың іші қапы- рық, адам иісі – терден тұншығып өліп кете жаздайсың. Таң- ертеңгілік салқынтымда осындай, қолқаны қабар тымырсық күн төбеге көтерілгенде не күйде болар екен деп ойлап тұр едім, бүйірімнен біреу түртеді. Мынандай күлімсі күнде күлкісі келіп, ойыны тасып тұрған кім екен дегендей жалт қарасам – Биғаң, кəдімгі өзіміздің ауылдағы елу жылға сот- талып, екі жылдай отырып, есен-сау оралған Биғаң, біздің ауылдағы орыстан келіншек алып, одан он бір бала сүйіп отырған – Биғаң; жылына екі-ақ ай жұмыс істеп (онда да тек жаз айында, пішеншілерге аспазшы болатын), қалған күнде- рі қыста қоянға тұзақ, жазда, көктем мен күзде балыққа ау құрып жүретін саппас Биғаң; ғұмырында ренжімейтін, дү- ние өртеніп бара жатса саспайтын, дүниенің қайғысы мен қуанышын бөліп-жармайтын мең-зең, ұйқылы-ояу Биғаң;

«Мына Шөкең алтын адам ғой, қадірімді өлген соң білесің- дер», – деп секек қағып жүретін тынымсыз, бір жерге үлкен кісі болып, құйрық басып бес минут отыра алмайтын Би- ғаң... Биғаң... Биғаң...

– Ой, Орашжан, жаман құдаңды танымай қалдың ба? Бə- кең ғой, – деп төсін қақты. Мен, шынында да, состиып, ың-


ғайсыздау тұрып қалған екенмін, амандасып қол бердім. Ал ол алақанын ұсынбады.

– Таңертең ерте тұрып, беті-қолымды жумаған едім, – деді. Бəрібір сенген жоқпын, ол кісінің əр нəрсені əдейі қыр- сықтанып істейтінін бала жастан білетінмін.

– Денсаулығың қалай, аға? – дедім.

– Шүкір, – деді тықыршып. – Қара сиырдың қамы... бала- шағаның наны...

– Балаларыңыз сол баяғы...

– Иə, сол баяғы он бір... екі жыл болды одан əрі жылжы- май тұр.

Мен күлдім. Ал ол үндеген жоқ, қолтығына қысқан жеті тиынның ас тұзын ыңғайлырақ етіп ырғай орналастырды да, маған:

– Қашан келдің? – деді. Сонсоң рақаттана есінеді де, ме- нің жауабымды күтпестен:

– Таңдайымда бір жабысқақ шөл бар, ағайын, – деді. Мен түсіндім, түсінгенімді ол да түсінді, түсінісудің белгісі ретін- де екеуміз де өп-өтірік күлдік.

...Ол тартып жіберді де, жеңін иіскеді. Суық судак ұсы- нып едім, жемеді. Тағы да жеңін құшырлана иіскеді де:

«Привычка ғой», – деп столдың шетіне қойған тұзды қолты- ғына қайта қысты. Менің екі көзім, есіл-дертім сол бір қорап жеті тиындық тұзда. Ақыры, шыдай алмайтын болған соң:

– Биға, – дедім.

– Шөкең тыңдап тұр, – деп кеудесін қақты. Əй, азаматым- ай, дамылдай алмай тықыршып тұр.

– Шыңғыстайда ас тұзы көптен жоқ па?

– Неге, толып жатыр.

– Ендеше, анау қолтығыңыздағы не?..


– Мынау ма, ой, құдай-ай, сен де қайдағыны көресің. Бұл – Өскеменнің тұзы ғой. Өзің білесің, Шөкеңнің тұңғыш қызы осы қалада тұрмыста. Өзің білесің, Шөкең сол үл- кен қызы сырқаттанып қалды деген соң, соған барып, міне, қайтқалы айрплан тосып тұр; өзің білесің, Шөкеңнің он бір баласы бар. Шөкеңнің өзі жұмысты түске дейін істейді, түс- тен кейін аштан өлсе де істемейді. Нинаның, жеңгеңді ай- тамын, бала оқытып алатын айлығы, мені қосқанда он екі балаға жете ме? Жетпейді. Кəмпит сатып алуға тиыны құр- ғыр жоқ болды. Тіпті алған күннің өзінде көп баланы той- дыра аласың ба? Папалап алдымнан шыққанда, ұялып қал- майын деп, тым болмағанда ауыздарының дəмін алсын деп, бір пашка тұз сатып алдым, əйтеуір, қаладан алдым ғой... (есінеді).

Аудан орталығынан ауылға дейін автобуспен бірге бар- дық. Биғаң жол бойы ішек-сілеңді қатырып күлдіріп, өткен жазда Мылтыққарағайда шөп шауып жүріп, ұзындығы екі метр жылан ұстап алғандығын, содан соң оның аузынан жел үрлеп шермитіп, қалай жарып жібергендерін ертегі-жыр ғып айтты. Бір ерекшелігі, Биғаң əңгіме айтқанда кішкентай ба- лалар секілді екіленіп, екі көзі жайнап, «бəлем, бар ғой, иə»,

«ана бар ғой, иə», «құдайға анық», «сенбесең пəленшелер- ден сұра», тіпті оқта-текте қызып кетіп, «тошно пионерлік сөзім» деп тамсанып өз-өзінен қарғана жөнеледі екен.

– Ей, Ораш-ай, – деді автобус ауылдың шетіне ілінген- де. – Біз не көрмедік, баяғыда бір əйел айтқан екен: «мен не көрмедім, қасқыр да қамады, Байсал да (байы ғой) сабады» деп. – Ал енді, құда бала, сау бол, – деді Биғаң қолын ұсы- нып. Мен жымидым. Бағана таңертеңгі «беті-қолымды жу- маған едім» деген сөзі есіме түскен.


Өз үйім – өлең төсегім дегендей, аунап-қунай бергенім сол еді, біздің сықырлауық есік ашылып, əлдекім кірді. Дау- сын естіп жатырмын.

– Саусың ба, құдағи! Қол-аяғың қақсағанды қойды ма?

– Шүкір. Күн бұлттанса болды, зар қақсатады.

– Биыл құрғақшылық қой, бақытыңызға орай.

– Ой, саудайы, – деді шешем, – кеміріп, жеп түсіріп тас- таса да күн жауса екен, жердің де, елдің де кенезесін кеп- тірмей.

Төргі бөлмеден шықтым. Биғаң екен, ізімді суытпай келіп қалыпты. Мені көріп орнынан ұшып түрегелді.

– Оу, құда бала, қашан келдің? (Амандасты). Апыр-ай, құдағи-ай, ұлыңның келгенін айтпай, дəтіңіз қалай шыдап отыр.

– Енді сүйінші сұрайын ба? Көрген шығар дедім.

– Қайдан көрейін, Өскеменнен жаңа келдім.

– Ораш та Өскемен арқылы келген жоқ па. Кіргені осы.

– Басқа рейспен ұшқан шығар, – деген Биғаң маған қа- рап көзін қысты. Қолтығындағы жеті тиынның тұзы əлі жүр екен, тегі, үйіне бармаған секілді. Шешем көкейіңді тескен осы шығар дегендей, үлкен қырлы стаканды шөпілдете құй- ған арақты алдына қойды. Биғаң сасқалақтаған болды.

– Үйбай-ау, құдай-ау, мынауыңыз не? Мен дегенің...

– Жə, бұлданбай іше сал, – деді шешем. Суық ет əкелді.

– Мені бір ішкіш ойлайсыз-ау. Осы ақмағанбетті ішпей қою қолдан келеді. Тіпті ішпей-ақ қояйыншы (Стаканды қолының сыртымен ары ысырып қойды). Ал татпадым. Өле қалсам да ұрттамадым. Ей, ащы су, (араққа қарап ер- нін шығарды) сен итті мына Шөкең менсінбей қойды, қы- латыныңды қылып ал. Уа, құдағи, көрдіңіз бе, Шөкең қан-


дай шыдамды, (екі алақанымен санын шапалақтады) ура, Шөкең арақ албастыны жеңді. Ал ішпедім, ішпедім ғой осы. Ал, құдағи, бүкіл елге жар салыңыз, жуыңыз, тіпті той жаса- ңыз, Шөкең арақты мүлдем қоя алады екен. (Стаканға қарап тағы ежірейді). Əкеңнің... көзі көгеріп кісіге қарайды-ей өзі. Қарашы, қылмыңдауын, пішту, оныңнан түк шықпайды, сай- қал, ырбаңдама, бəрібір менсінбеймін (екі көзін тас қылып жұмып алды), мə, саған керек болса, көрмей қояйын бəлем.

– Биғаш-ау, əкем, – деді шешем, – өз-өзіңді қинап қайтесің.

– Əне, өстіп зорлайсыңдар енді, – көзін ашып жіберді. – Дегенмен, осы ит маған жағатын секілді. – Стаканды ақы- рын ғана алып алдына қойды. Сипалап отырып: – Құдағи, айтыңызшы, Шөкең ішіп мас болып, көшеде құлап қалғанын көрдіңіз бе?

– Көргем жоқ.

– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең мас болып біреумен төбе- лескенін, не болмаса əйелін, бала-шағасын сабады дегенді естідіңіз бе?

– Естіген жоқпын.

– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең арақ ішіп ауырды дегенді естідіңіз бе?

– Жоқ, құдай. Денсаулығың əзірше жақсы ғой.

– Олай болса, құдағи, айтыңызшы, мал-жанымды сатып, ішімдікке салынғанымды көрдіңіз бе? Міне, елу жыл.

– Көрген жоқпын.

– Ендеше, құдағи, айтыңызшы...

– Жетер, – деді «құдағи» аса бір қажыспен, – шаршадым, шаршаттың...

– Ендеше, құдағи, жақса... неге ішпеймін. Стаканды аузына апара берді де:


– Əй, ішпесем ішпей-ақ қояйыншы, – деп тағы да кейіні- рек апарып қойды. Содан соң өзі столдың шетіне иегін тіреп, анау мөлдіреген араққа мөлиіп қарады-ай.

– Ішсең де, ішпесең де өзің біл, – деп, шешем орнынан тұрып кетті. Мен болсам Биғаңның мінезіне əрі таңданып, əрі аяй қарадым. «Шынымен-ақ ішпей қояр ма екен» деп ой- лаймын.

– Жоқ, – деді Биғаң саңқ етіп. Оқыс дауыстан шешем жү- гіріп келді.

– Не болды? Шошып кеттім ғой, түге.

– Бұл ит, ақаңды айтам, маған жағады екен. Ішпесе бол- мас.

Қырлы стаканды жалғыз-ақ төңкеріп ұрттады да, аузын- да қалғанымен ұртын шайып-шайып жұтынып қалды. Сарт- сұрт шыға жөнелді.

– Уһ, қожанасыр-ай, маңдайымнан тер шығарып жіберді ғой, – деп, шешем сылқ етіп отыра кетті.

Мен де жіпсіп, əлгі арақты өзім ішкендей болып тұр едім.

Ертеңінде Биғаң көп баласының бірінен бір шымшым тұз беріп жіберіпті. Қаладан əкелген дəм ғой...


 

 

ИҒАҢ...

 

Еріншек-ақ кісі еді...

Еріншек болғанда дəл сондай, алдындағы асты алып жеу- ге ерінетін адамды көрген де бар, көрмеген де бар.

Ұзын бойлы, қапсағай денелі алып адамды біздің ауыл- да Иғаң дейді. Иғаң Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысқан, қатысқанда да, анау-мынау жаяу солдатың емес, полуторка машинасымен ту-у-у Берлинге аман-есен жетіп қайтқан, бірақ жаудың бірде-бір атқан оғы, не жарыл- ған снаряды дарымаған, бүгінгі заманның нағыз Алпамыс адамы. Сонысына қарамай, орден-медальдары өте аз еді, тым қораш болған соң қорына ма, мереке-тойларда салдыр- латып тақпайтын-да. Иғаңның жауған оқ, жанған оттың ор- тасынан есен-сау оралуы, əлгі кісі басына бермес масқара еріншектігі ме-ау деп қаламын. Кім білсін. Ол да бір адам баласына жат емес мінез шығар.

Иғаң соғысқа бармас бұрын, бозбала шағында қара нар- дай күшті, жауырыны жерге тимес балуан болған екен деп еститінбіз. Өтірік-шынын қайдам, ол кісінің қазіргі қауқа- ры мəз емес, даң-дұң, ию-қиюдан аулақ жүретін жалтақ, маған тіпті жасықтау да болып көрінетін-ді. «Күші соғыста қайтқан ғой» деседі жұрт Иғаңнан көңілі суымай. Баяғыдай арыстанша атылар мықтылықты замандастары бəрібір аңсайтын.

Ол кісінің менімен даң құрдас ұлы болды. Тегінде, Иғаң- да бала басы, шүкір, баршылық: үш қыз, төрт ұл. Өзі алпам-


садай болғанымен, əйелі Биғайни өте əлсіз, ілмиген арық, аурушаң адам еді. Тесік өкпесін сүйреп, күрк-күрк жөтеліп, таңертеңнен кешке дейін жез самаурынның оттығын шұқы- лап, дода-дода бықсып отырушы еді жарықтық. «Мынау жа- рық жалғанның шуағына қыздырынбай-ақ аттанды ғой бай- ғұс», – деп аяйтын менің шешем (өзі де жетісіп жүр ме).

Менімен даң құрдас ұлы Серікпен ойнап, Иғаңның үйіне жиі барамын. Ең таңғалатыным, берген сəлеміңді ғұмырын- да алмаушы еді. «Естідім» деп, аюдікіндей алақанын сер- мей салатын. Үйлеріне қашан, қай мезгілде барсам да, төр алдындағы жыртық-жыртық қырық жамау көне сырмақтың үстінде əскерден киіп келген гимнастеркасын жастанып, теріс қарап тоңқайып ұйықтап жатар еді. Қорылдап барып

«пу» деп үрлеп, ақырын ысқырықпен аяқталатын соншалық кəперсіз, ұятсыздау ұйқыны – сиырдың мөңірегені, баланың жылағаны мен иттің ұлығаны – қысқасы, бұл ауылдың еш- бір айғай-ұйғайы бұзуы мүмкін емес-ті. Тіпті оқыстан оянып кеткен күннің өзінде, қиянаттап, өз-өзінен боқтанып, шапты- ғып əйелі мен балаларына бүйідей тиісер еді. Ондай сəтсіз сəтте тек үндемей құтылу керек. Əкесінің ұйқысынан ояту əдісті тек менің құрдасым Серік қана білуші еді. Ол ақырын баспалап баратын да, машина болып дүрілдеп ала жөнеле- тін. Бес жыл бойы қаратемір – мотормен, бүгінде ауылда жа- рық берер дизельмен алысып, өмірі, жастығы – бəрі-бəрі дү- рілдеп өтіп бара жатқан Иғаң селк етіп шошып оянып, атып тұратын. Ондайда Серік тұра қашады, əкесі жұлығы ағарып, ағаш шегесі ақсиып кеткен етігін жібереді соңынан. Етік ба- ласынан гөрі, үнемі есік көзінде жылтиып сүйек-саяқ аңдып жатар (оның өзі жылына бір-екі-ақ рет), төрт көз, сары аяқ итті қан қақсататын...


Міне, біздің баяғыда бас балуан, солдат-шофер Иғаңның елуінші жылдардағы тірлігі осындай еді.

Иғаңның қос бөлмелі тоқал ағаш үйінің сырт пошымы қандай сұрқай болса, іші одан бетер: төргі бөлмеде іліп алар еш нəрсе жоқ. Шоқпыт-шоқпыт көрпе жабылған сықырла- уық ағаш төсек (оның да сирағы əлдеқашан сынып, астына кеспелтек ағаш қойған); ол төсектің белі жоқ, тақтай төсел- ген, таңертеңнен кешке дейін тамам балалары ойнайды да, түнде Иғаңның өзі ұйықтайтын. Ал басқалары ішіне шөп тығылған бөстекті көлденеңінен төсеп, жата-жата қалатын. Байғұс Биғайни тəтеміздің қай жерге ұйықтап жүргенін күні бүгінге дейін білмеймін. Үйге кіріп барғанда, сол жақ бұ- рышта – əбден тозығы жетіп, тесіліп қалған, мойны қыл- дырықтай темір пеш бар. Қысы-жазы көмейіне отын тығып жаға берген соң, ыза болып, ашу шақыра ма, қызара бөртіп, селкілдеп тұрар еді. Əсіресе, жаздың шыжыған шілдесінде лаулата өртеп от жаққанда, аядай бөлменің іші моншаға ай- налады екен... Не себептен далаға...

– Жазда тамақты далаға пісірейік десем, əкем ұрысады, –

деді Серік маған. – Өрт жіберіп аласыңдар дейді.

Бүкіл ауыл өртеніп кетпей қалай отыр деп ойлаймын мен. Бүкіл ауыл тіршілік қамымен қора-қопсысын түзеп, бақ- шасына картоп салып арпалысып, қысқа дайындық жасап жанталасса... Иғаң ысқырып қойып, теріс қарап дүңкиіп

ұйықтап жатар еді.

– Əкесінің аузын ұрайын мал-жанның... – дейтін есінеп- құсынап, – ...күні ертең баяғыдай соғыс болып кетсе, бəрі де сасып артыңда қалады.

– Бала-шағаң бар ғой, батыр-еке...


– Олар өз несібесін өзі тауып жесін. Мен əке-шешеден бес жасымда қалғанмын, сонда да аштан өліп, көштен қалға- ным жоқ. Құдайға шүкір, «Палуан Иғаң» атандым.

Құрдастары: «Сенің палуандығыңды ұрайын, əйелің аш- тан жығылғалы жүргенде», – деп күңкілдер еді. Ондай нəу- мездіктерін өзіне ескертіп қаттырақ айтуға сескенер еді.

Күн батып, мал өрістен қайтып, ымырт үйіріле, Иғаң кө- шенің май топырағын шаңдата балп-балп басып, станция жаққа беттеп бара жатар. Бір қызығы, күнде көріп жүрсе де, бұл ауылдың мұқым иті, Иғаңды көрсе, жер тарпып, түгел үретін. Ал Иғаң палуанның көңіл күйі келмеген, бір самауыр шайды сораптап жалғыз өзі сарқып тауыспаған күні, бұл ауылдың шамы көпке дейін жанбайтын. Ондай сəтте: «Ішің- ді ұрайын, қабағы бүгін келіспеген екен, шақырып шай бер- месек, қараңғыда қалармыз», – деп құрдастары құрақ ұшар еді.

Алтайға қоңыр күз келіп, шаруашылық етек-жеңін жи- най бастаған шақ. Абыр-сабыр саябыр тауып, ел ептеп еріге бастаған. Əр үйдің ауласында қатарлап тізген отын, маялап үйген шөп. Қарбалас тек бақшада ғана қалған секілді. Кар- топ жинау науқаны басталғанда, Иғаң бəрінен тысқары, тегі, ұйықтап жатқанға ұқсайды. Əйелі Биғайни үш қызын ер- тіп, сүйегін сүйретіп жүріп көршілердің жемісін жинасып, əр үйден шелек-шелек картоп тасиды. Бағана Серік тоғайға отынға бармақ болғанда, ерігіп тұрған мен бірге еріп кеткен едім. Екеуміз екі арқа отын əкелдік. Биғайни елден сауғалап əкелген картобын суға қуырып қойған екен, түбі күйіңкіреп кеткен бе, темір пештің үстінде мүңкіп тұр. Үйдің іші көк ала түтін, ыстық, Иғаң үйреншікті орнында қорылдап жа- тыр. Мен əуестік жеңіп, Серіктен сұрадым:


– Картопты өздерің неге екпейсіңдер?

– Əкем огород қоршап бермейді, – деді мұңайып. – Ал біз бекіте алмаймыз. Тəтем қыстай елден етектеп картоп та- сиды.

Бəріміз шайға отырдық. Түтіні бықсыған самаурын келді. Ағаштан жасалған дөңгелек жозыны шыр айналдырып, қо- лымызға бір-бір кетік қасық ұстап отыра қалдық. Өзіміздің үйде осы картопты майға қуырып берсе, кергіп, аузыма сал- маушы едім, бұл үйде жалаң қағып, таласа-тармаса ұмтылға- ным қызық. Иғаңды оятты. Көзі-басы іскен палуан ұйқысын аша алмай, мең-зең отырды. Табаданға ешкім қол жүгірткен жоқ. Өйткені бірінші болып үй иесі Иғаң қасық салу керек тамаққа, əйтпесе далаға табаны картобымен, содан соң бала- ларын бір-бірлеп лақтырады.

Иғаң рақаттана есінеп алды да, үлкен ұлы Серікке:

– Ей, жүгірмек, қолымнан тартшы, – деді. Серік алпамса- дай əкесінің тоқпақтай қолынан ұстап, мықшыңдап тартқы- лаған болды, бірақ түйенің жарты етіндей ауыр əкесін орны- нан қозғалта алмады.

– Өзің-ақ тұрып кетпейсің бе, кішкене баланы əуреле- мей, – деді Биғайни.

– Оттама! – деді Иғаң атып тұрып. – Балаңның бəрі саған тартқан, шикі өкпе, ши борбай, жел соқса, құлап қалатындай аш-арықтар...

Иғаң далаға шығып, көршісінен темекі сұрап тартып, қа- қырынып-түкірініп келгенше, буы бұрқырап, түбі қарылған картоп қуырылған шойын табаданға бір де біріміз қол салған жоқпыз. Мен ыза бола бастадым. Өз үйімде ешкім жемей, ат-көпір болып жатқан жаман картопқа соншама зəру болып, телміріп, сілекейімді шұбыртып отырғанша, кетіп-ақ қал-


ғым келді. Шынтуайтқа жүгінсек, картопты бағана біздің үй, менің апам бермеді ме?

Иғаң келді-ау, əйтеуір. Төрге кескен теректей гүрс етіп отыра кетті. Содан соң:

– Бастайық! – деді күркіреп. Шойын табаданның шеті- не сарт-сұрт соғылған қалайы қасықтар сойқанды майдан ашты. Бірақ бірде-бір «қару» Иғаң жаққа ауысқан жоқ. Бəрі де өз тұсын үңірейте ойып жеп, көршілеріне қол сала баста- ған. Биғайни байғұс, əншейінде ақырын қимылдайтын адам, екі рет қатынап қайтамын дегенше, Серік бастаған балалары оның алдын жалғыз-ақ сүріп, қырып-жойып жеп кетті. Енді ол көзі мөлиіп, ерінің – яғни күйеуінің алдындағы əлі тақа таусыла қоймаған картопқа тесіле қарады-ай... Иғаң сасар емес, асықпай асайды, қомпаң-қомпаң шайнайды. Анда-сан- да қарнын сипап қояды. Тегі, Биғайни шыдай алмады білем, күйеуінің көзі тая бере, табаданға ұмтылып еді, Иғаң:

– Тарт қолыңды табақтан! – деп, айғай салып, қолындағы дəу қасықпен əйелінің білегіндегі тобықты шақ еткізе ұрып жіберді. Менің төбе құйқам шымыр ете түсті. Одан əріге тө- зімім жетпеді. Жүгіріп үйге келдім. Қара табақ радио сөй- леп тұр екен. Диктор: «Тарт қолыңды!» – деп, əлдекімдерге ескертіп жатыр.

Құлағыма палуан Иғаң қорылы келгендей болды. Иə... со- ғыстан есен-сау оралғанына шүкіршілік жасайық та...


 

 

ҚАСҚЫР ҰЛЫҒАН ТҮНДЕ...

Қыстың ұза-а-ақ кеші...

Осындайда бойыңды кернеген суықты қуып шығар айла іздейсің; осындайда «жойылсын бұйығы тірлік!» – деп жар салғың келеді. Ымырт үйіріліп, қас қарайса болды, сулы- сылпың кешкі асын іше салып, тас бүркеніп жатып қалар ауылдағы ағайынды сағынасың. Əбден қысқарып, бір қа- йырмаға келмей қалған күн суық жүзбен таудың қыр жел- кесінен төніп тұр. Ақ көрпесін айқара жамылған айналаңыз жылдың басқа мезгіліндей емес, күміс нұрға шомылып, қа- раңғылыққа ырық бермей ұзап барып ұғысады да, түннің қап-қара отауына барып кіреді. Дəл осы сəт алғашында тау- сылмас ұзақ болып көрінген қысқы кеш есіңе қайдағы-жай- дағыны түсіріп, көңілге салқындау қабыздаған белгісіз бір мұң ұялайды. Өзіңе аласұрып ермек іздегендей боласың. Малшының жөні бір басқа – тебіндегі отарын қыстаққа кіш- кіштеп қайырып, ай-үймен қоралап біткенше қас қараяды. Сосын, əйелі əзірлеп қойған тамаққа тыңқия тойып алған əлгі шопан темір пештің жылуына қыздырынып, қисайып жатып, «Ара» журналын оқуға кіріседі. Ал ақ қар, көк мұз- ды қақ жарып, қиырдан қиырға қосын арқалап көше берер жылқышы күпісіне иегін тығып, су-су ағаштың бықсып жанған алауына телмірген күйі «Примасын» тұқылдай со- рып, тым ауыр, əрі мағынасыз ойға батар. Ауылдың жөні бір басқа – малын жайғап, маңайын тазалап, сыртқы күйбеңмен аялдап, үйіне кірмей біраз жүреді-ай. «Тамағыңды іш, суып


қалды», – дегенде барып керги басып міндетсіп үйге кірер. Онымен бірге кірген будақ-будақ бу терге шапшиды, сонсоң əлгі ағайын: «Радионы қаттылап қойыңдаршы, не сөйлейді екен?» – деп пимасын шешіп, баласына пеш қабырғасына кептіруге қойдырады. Радионы бұрағанда міндетті түрде



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.