Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Луиза 8 страница



– дегенде ғана есін жиып, қиялын жинақтаған. Не жазу керек? Сосын ол ақ бетке бір-біріне иек сүйеген шоқтықты таулар, сол таудың ар жағына күлгін тартып батар күн, сол таудың етегінде тігілген жалғыз киіз үй, жалғыз ат, жалғыз еркектің суретін асығыс салып шықты да, апыл-ғұпыл тапсыра салды мұғалімге. мұғалім екі қоймапты. мұның бетіне қадала  қарап:

«мынау суретші болам дегенің шығар» деп ұқтым да, төрт қойдым. Бірақ суретің тым-тым мұңдылау ма, қалай.  Әсіресе,


жалғыздыққа әуес екенсің. Жалғыздың аты, жаяудың шаңы шыққан емес, қалқам», – деді. Бала түсінген жоқ, шын талант жетекшісіз-ақ мұратына жетер болар... Сол суретшілікті армандаған Қойшы әнеу төбенің басында қой өрбітіп тұрған. Шолақ торысы басқа ұрғандай, иесі икемдемесе, күні бойы табандап, сүлкиіп тұра беруге бар. Және басын жерге салып, оттамай мүлгитін-ай. Оты сөнген көзі кіртиіп, құлағы салпиып, құйрығын қой жеп, шолтиған торы ат қысы-жазы үстінен ер түспесе де, күйінен таймайтын ересен мес, етке мықты көнбіс те еді. Иесінің итіңіне көніп, борт-борт желіп келіп жүргені. Кейде, бейілі түссе, шоқырақтап шабатыны бар, ондайда түні бойы жегенін тастап алып, рақаттана жағымсыз иіс шығаратын; немесе тілектен тыс теперішке істер амалы жоқ жануардың лажсыз тыраң-тыраң шабысы, дүңк-дүңк желісі жалықтыра ма, иесі тізгінін оқыс тартып, ілбіген аяңға түсіретін; иесі кейде мұны бытырлатып сабайтын, бірақ шапқыламайтын, шапқыламаса, неге сабайтынын әсте түсінбейтін торы құйрығын шыжбақтатып, қаншама шығырандаса да тағы... тағы да ырықсыз тақымға түсіретін адам құдіретінің мәңгі құлы екенін сезіп, көндімге көшетін. Бірақ жануар иесінің де иесі бар, ол да әлдекімнің әсіресе өмірдің мініс аты екенін, иесінің де арқа басы жауыр сортақым пенде екенін сезбеуші еді... атқа Қойшының қазіргі мінезі әсіресе ұнайтын, шаппай да, желмей де, сабамай да қалғып тұра берсе, шіркін..., әй, өйтпейді ғой, ол адам ғой, ал екі аяқтылардың қай-қайсысы да тынышсыз, мазасыз, бір нәрсені бүлдіріп, бір нәрсені шұқыламай жүрсе, іші ауыратындай көреді.

Құбыладан соққан суық жел бар. Торы үнемі сол желге артын беріп, теріс тұратын. Бұл тұрысты иесі де ұнатушы еді.

Шолақ қара тонының жағасына иегін тығып, тас мүсіндей қатып тұрған Қойшы мынау иен-тегін өңірдің қалт етпес сақшысындай сонадайдан көзге ұратын. Бірақ бұл дала күзетшісі де, қойшылар құрметіне орнатылатын салт атты ескерткіш те емес, кеудесінде жүрегі бар, қуана да, қайғыра да білетін мәңгі мазасыз адам еді. Ол адам екенін, оның ішінде қақ-соғы жоқ қажырлы да, қайғылы Қойшы екенін екінің бірі біледі. Оны қойшы деп біледі, әсіресе қой бағатынын біледі. Ең өкініштісі сол - қандай адам екенін білмейтін.

Ол осы жерде, дәл осына мәңгі мылқау таулардың ортасында, дүние есігін ашты: әр бұта, әр дөңесі таныс, ат үстінде аппақ


адырға қарап тұрып: « Туған жер ыстық дейді, несімен, неге ыстық?» – деп ойлайтын, әрі осы ойдың ұшығын іздеп сарсаң болатын. Ол туған жердің ыстықтығын осы жасына дейін сезіне алған жоқ. Өне бойы қарға адым қашаң шықпай итаршылап, өзінде жүрген соң шығар, кіндік кескен жері жалықтырғандай да болатын. лағып басқа ел, басқа жұртты аңсаған күндері осы оспадар ойынан шошынып, өз-өзін кінәлайтын кеп. Әйтсе де, Қойшы мынау қазақтың тау мен даласынан азар да безер болып көрген жоқ; қабырғасын қайыстырар ауыртпалығы түссе, әйелі құсап қарғап-сілеген де емес. аз күнгі азып-тозуға шыдамай, алтайды асып кеткен жансаулығының иелері тіпті баяғы апалас-төпелес зар заманында да болғанын естіген. Сонда Қойшы ойлайтын: «бәрібір туған жер – алтын бесігін сағынатын шығар. алтын бесік! адам туады , айқайлап жар салып дүниеге келеді. Сосын бесікке, жөргек салған бесікке бөленеді. Жас нәрестенің көзін ашқанда көрері – ана мен бесік. Сондықтан да осы екеуіне дақ түсірмей, ардақ тұтып өтер де. ал енді осы алтын бесікті тіршіліктің көп-көп кәсіби жемтігіне саудалап кететіндер де бар ғой. Ең ғажабы сол – олар бәрібір күндердің күні басына қатер төніп, қыспаққа қалғанда, немесе өзге жұрт қаны басқалыған бетіне басып, қыл бұрау салғанда, алдымен есіне сол алтын бесік пен ардақ ана оралар. алтын бесік! Оның ыстықтығы әсіресе алыста... тым-тым шалғайда жүргенде білінер», деп еститін Қойшы. ғұмырдағы ең жаман нәрсе – сағыныш, сол сағыныштың сарғайған суын жұту. Сол сағынышта мүбада, туған жерді аңсаудан өлген адамның аянышы жоқ, сірә өзге жердің сауғасы үшін бөтен топырақ бұйырғаннан бейшаралық жоқ, сірә; ендеше қазақтар, бала бір жасқа толғанда «жершіл» болсын деп, туған жеріне аунатып алатыны бекершілік емес, төл топыраққа деген ала бөтен махаббат-ау». Қой бағып жүрген Қойшының ермегі – кітап оқу. Оның жимаған кітабы жоқ, әсіресе, суретшілер жайлы том- том әдебиеттер бар. Ол алдыңғы жылы Тургенев деген орыс жазушысының «Дворяндар ұясын» оқыған. Биыл әдейі іздеп барып, киносын көріп қайтты. Кинода үйір-үйір қайың өскен жазира дала мен қырмызы гүлді бел-белесті бірнеше минут көрсетіп тұрып алғанда, ол: «Дворяндар ұясын» киноға түсірген адамның өз жеріне деген махаббаты Тургеневтен артық болмаса, кем соқпас», – деп ойлаған. Сонсоң: «Осындай үлкен жүректі ұлы ілтипат менің жамиғатымда бар ма осы», деп күбірледі.


Сонда ғана ол туған жердің топырағына аунатып алмағанда, қандай күйге түсетінін шындап сезінген. Өзге жұртқа қашу қайсыбір елде де көп болатынын ол бұрыннан да білетұғын. Өз жұртының қадірін білу үшін, өзге жұртта өмір сүр! Енді мынау Иван Сергеевич деген әдемі шал әсемдеп-ақ жазған екен; тегі өзі де көп қаңғырған-ау деп ойлаған. ал дүние, мынау өмір тек әдеміліктен ғана тұрмаса керек. Құбылыстың, болмыстың нағыз ащы шындығы мен тірлігі, қарапайым адамның күйініш- сүйініші аз жазылған... қай-қай заманда да қораш жазылған... жоқ, олар – бәрібір өз Отанын, ең абзалы, өз халқын, орыс жұртын, көкке көтере мадақтап өткен сүйегі асыл адамдар ғой. меніңше, – деп ойлайтын Қойшы, - менің дүниедегі ең пайғамбар жазушым – өз ана тілінде жазып-ақ әлеми аспанға көтерілу – өз ұлтының жілікті де сіңірлі дәстүрі мен бар керемет қасиетін, кесапат мінезін тарамыстап, қайып суреттеу. Өйткені менің ұлтым арқылы-ақ жалпы адамдық қадери-халдерді паш етуге болады ғой, өйткені олар да – адам! Өйткені мен өзге халықтың классиктері өз тілінде тудырған шығармаларды жатсынып, жатырқамай оқып отырмын. мен рембрандт, рафаэль, Тициан, левитан, Суриков суреттерінен өзімді, өз жұртымның көп-көп қадір-қасиетін, жоқ-жұтаңдығын, алып бейнесін, өзен-су, орман-тоғайын танимын. Сондықтан жақсы көремін. Әсіресе, анау бір суретті... «Провода покойника». Қойшы әзірше сағыныштың не екенін білмейді, әйтсе де өзі әлі байыбына барып, парықтамаған жұмбақ нәрсені сағынатындай әсерде жүретін кезі бар. Не ол? Кейде жүрегінің сыздап, көзіне себепсіз жас толатыны несі? Кей ретте екі иінінен албасты басқандай өз-өзінен еріксіз өксіп, кеуде кере күрсінетіні несі? Жә, мұны да қойшы, кейде, мынау тау мен далаға, анау қар тепкілеп жүрген қойға қараса болды, көңілі құлазып, жүрегі неге сыздайды; бәрі-бәрін, тіпті әйел мен баласын да талақ тастап, басы ауған жаққа, торы шолаққа мініп, безіп-ақ кеткісі келетіні қалай? міне қазір ол аттың үстінде үн-түнсіз мүлгіп тұр. Ойламай, төрткүл дүниенің деміккен тынысын тыңдамай, елінің, жерінің амандығын тілемей, сағымдай бұлдырап, бұл жақындаған сайын, жылыстап кете беретін шұғыла арманын сағынбай тұр дейсіз бе? Суретші болмай, қой бағып кеткеніне өкінбей тұр дейсіз бе? Әлемде қойшыдан көп ойлайтын ешкім де жоқ та шығар. Өйткені ол жалғыз, сұқбаттасып, пікірлесетін пендесі жоқ жалғыз. Не керек, адамды ой жа жалықтырады


екен. рас, ол кеше тор шолақпен тұңғыш рет сырласты. Байғұс тор шолақ құлағын салпитып, бар пейілмен тыңдаған соң, іштегі запыран болып жиналған көкейкесті сұрақтарын ағыл- тегіл ақтарып еді.., ақтарып еді.

«Торы шолақ! Сорлы шолақ! Хайуан боп жаралғаның қандай бақыт. Еш нәрсе ойламай, уайымдамай, оттай бересің, бірақ сенде ішіңді тартып күрсінесің... Неге күрсінесің? Әлде, әлде сенде де сана бар ма?

Ей, торы шолақ! Сауырыңа қамшы батқанда қияңқыланып мені неге мөңкіп-мөңкіп жығып, басқа бір теуіп кетпейсің? Әлде аяйсың ба? Әлде намыстан жұрдайсың ба?

Ей, торы шолақ! Сен маған мынаны айтшы: айғыр болып көрдің бе? Әлде, үйірге қарап, арқырап бір кісіней алмай, тай кезіңнен тартылып кеттің бе? Әлде, сенің де көкейіңде мұғалима қыз елес беріп жүр ме?» Не керек, жануар бірде-бір сұрағына жауап бере алмай, кіртиген қоңыр көзін төңкеріп қараған да, солпиып тұра берген. Онысы «былжыраймын деп отырып, отарыңнан айрылып қалма» дегені сықылды еді. «Қазақта жылқы мінезді дейтіні тегі рас», – деп басын шайқаған сонда Қойшы. – Шыбын-шіркей қаптап, мазалап жүрсе, еш қайратсыз, сиыр құсап пана іздеп, оқыралап кетпей, «өзің біл, өзің біл» деп басын изектеп, миземей тұра берер, бұл төзімділік пе, әлде көнбістік пе... шыдамның шет-шегі болмай ма?!

Қойшы бүгін тосын түйсініс пайда болғандай өзін бөтенше сезінді. Таңертең отарды тебінге шағарарда әйелі бұған күле қарап: «сақалыңды сапситпай, алсаңшы, онсыз да жетісіп тұрған жоқсың, құдды бір жыл үйдің бетін көрмеген қашқын секілдісің», – деген. Иегін сипап еді, шынында да қадау-қадау қылдар шұбатылып саусағына ілікті. Сосын әдетінше ширатып, ермек етті. Кешегідей емес, көңілі көншімді, шымшымдап жылу тарағандай. «Бейшара қатынға да обал, – деді күбірлеп. – Он жылда бес бала табу оңай ма. Өткенде: «Биыл бойыма тағы да бала бітсе, алдырып тастаймын», – деп , тас-талқан болды. Енді қайтсін, бала бағамыз ба, мал бағамыз ба... Екеуін де бақпай жүргендер де бар ғой. Екеуі де керек. Бірақ өзі қимады ғой». Есіне әйелімен қалай үйленгені түсті.

Он жылдықты екеуі бірге бітірді, бірге бітірді де, бірдей жұмысқа қалды. Қойшының жұмысқа қалғысы жоқ-тын. Класс бойынша, бастама көтергізіп, газетке суреттерін басып дабыралады-ай. Сонсоң тайлы-таяғы қалмай, жеке брига-


да құрып, пішен дайындауға кірісті. Ұл-қыз аралас отыз оқушы тауда қос тігіп, аралас-құралас мәре-сәре боп, қойындаса жатты. Не керек, шөбін де үйді, армансыз ойнап-күлді де. Жуастау Қойшының икеміне көніп, үлесіне тиген осы әйелі болды. Қойшы оны емес, ол Қойшыны айналдырғандай еді. Бір күні жеңінен тартып былайырақ шығарып апарды да, бетіне бақырайып қарап тұрып: «Сен әкесің!» – дегенде, не күлерін, не жыларын білмей сасқалақтаған. «Енді әке болсам, дүниеде бір-ақ қызбен қыдырып, бәрін тындыр- ған екенмін», – деді де, жеке итарқа жасап, түтін шығарған. Сол жылы күзде тойдың ырымын жасап, қосылып, тұңғыш ұлын тауып та үлгерді. Содан бері тоғыз жыл өткен, биыл оныншы жылдың қысы. Сол жылы оқуға бармай ауылға жұмысқа қалған отыз қыз бен жігіт түгелдей бір-бірін алып, семья құрып тынған. Тек бастама көтеріп алып, өзі алматыға қашып кеткен қулау бір жігіт қана жоғары оқу орнын бітіріп, осы бөлімшеге зоотехник болып оралды. Етегіне намаз оқып, көп жүріп сұр бойдақ болып барып үйленді. Қойшының әйелі зоотехникті көрген сайын күрсініп алатын. Әйтеуір бір жүрген қара мысықша тырмалаған сансоқты өкініші барын қаншама сездірмейін, білдірмейін-ақ дейтін, амал не қимыл-қыбыры мен көзқарасы аңғартып қояр еді. Ол қандай өкініш, ненің уайымы? Оның сырын ері біле алмай дал. Көбінесе: «Біздің осы зоотехник құсап оқи алмағанымызға налитын шығар»,

– деп түйетін. Бірақ әнеугүнгі уақиға болмаса... әнеугүнгі уақиға... Қойшының денесі тітіркенгендей болды. астында қалғып тұрған торы шолақты бауырға бір салып қалғанда, оқыс атып кетіп, әрең-әрең ауып түспей қалды. Бұдан соң торыны шықпыртты-ай, шықпыртты-ай, төпеледі-ай... ат аң-таң...

Қыстың күні қарғаның тұмсығындай-ақ бабымен піскен етті алдыңа ала берсең қас қараятын: ымырт үйірілуге тақалғанда суырыла суси, жер бауырлап жаяу борасын тұратын. Дәл осы мезгілде қойды қоралап үлгеру керек. Әйтпесе, қарсыдан соққан боранға арық-тұрақ баспай қоятын. Қойшы қамдана бастады. Бытырай қар теуіп, күрт-күрт еткізіп жер тістелеп жүрген қойдың жан-жағына шығып кіш-кіштеп әрең дегенде иіріп алды да, қыстаққа қарай дүркірете қуды. ағаштан қиылған дара үйдің жеңдібілектей сорайған мұржасынан қисайып түтін шығады. Қараға жақындағанда, әйелі шығып есік ашты. Таңертеңгі оқыс күлкі ақ сұр келбетінде әлі де үйіріліп,


айырыла қоймағанына таң-тамаша қалды Қойшы. Бұлар екі жақтан қойды қотандай бергенде, дүрдиген дөңнің жонынан салт аттының нобайы көрінді. астындағы тұрықты қара кердің танауынан будақ-будақ дем шығара деміктіріп қатты жүріспен тебініп келеді. «Бұған не көрінді, екі кештің арасында. Суыт жүргені несі, мені шауып алатындай», – деп мырс етіп күліп, теріс айнала берді Қойшы. Зоотехник едіреңдеп кеп, қара кердің басын кілт тартып, селтиіп тұра қалды да: – Жақсымысың, құрдас, – деді Қойшыға.

– Жаман емеспін, төре. – Қойшы неге екенін қайдам, әлі де басын көтерместен күңк етті де, қораның қақпасын сықырла- тып бекіте берді.

Зоотехник Әйелге қарады. Әйел бұған жалт етіп бір бұрылып, ыржиған күйі үйге сып етіп кіріп кетті.

– Қойды кеш әкелдің ғой, – деді аттан дік етіп түсе қалған Зоотехник. Қанжығасындағы қоржыншасын шешіп, былай қойды. Шолақ торының ерін алып, шөпке қоймаққа икемдеген Қойшы Зоотехниктің сөзін қарусыз тастады да, ішінен: «сенің келетініңді біліп, кеш әкелгенім ғой, қорқып», – деп ойлады. Сосын бетіне қарамаған қалпы: – Қонатын шығарсың, атыңды шөпке қояйын, – деді. Әдейі тақыстанып сұрады.

– Жоқ, құрдас. Ол не дегенің. Иек астындағы ауылға қайта қайтпай жатсақ, ел-жұрттан ұят-та... ха... ха... – Күлді. Қоржыншасын алып, үйге беттеді.

«Үйге менен бұрын кіріп, қатынымның мықынын мытып қалмақсың-ау жазған. Иек астындағы жерге әнеугүні неге түнедің, ел-жұрттан ұялмай». – Бірақ Қойшы бұл ойын тағы да ішке бүгіп жасырып қалған. Ол әмәнда іштегі болжаған ойдың бәр-бәрін ақтара салса, тыныш өмір сүре алмайтынын, соңынан шам алып түсетінін білетін. Әр нәрсені түрткілеп, әдейі күйбеңдеп көп жүрді сыртта.

Шам жанды. Сонда да кірген жоқ. Торының жалын тарамдап, көп тұрды жанында. аузы отқа жаңа тиген  шолақ торы иесінен мұншалық мекіреніс күтпеп еді, жақсы көріп тұрғаны-ау дегендей, тотияйындай көкпеңбек шөпті күртілдетті-ай. Сығырайған терезенің пердесіз әйнегіне көз тастап еді, Зоотехник қоржынынан бір бөтелке арақ шығарып, Әйелге көрсетіп, әлденені айтып сөйлеп тұр екен. Сосын шөлмекті Әйелге ұстата салып, қап-қара шашын сипамаққа ұмтылып еді, ыржалақтаған келіншек әйтеуір берер затын


жорта бұлдағандай бұраң қағып жасқап жіберді. Қойшы қатты ұялды. аттан ба, өзінен бе, жоқ болмаса анау үйдегілерден бе, оны біле алған жоқ. Әйтеуір жерге шырт түкіріп, теріс айналып кетті. Теріс айналып еді, қораның қыр желкесіндегі дөңнің тұсындағы өрім-өрім жабағы бұлттардың арасында сығалап тұрған «Қойшы жұлдызға» көзі түсті. Жаңа шыққан, әрі ең алдымен шыққан осы жұлдыз ғой. Жүрегі суып ұзақ қарады.

«Қойшы жұлдызға» жүрегі суып ұзақ қарап тұрған ол:

«Егер қазір үйге барып, зоотехниктің жағасынан ала түссем, әкесін танытып сабасам, менің үстімнен арыз түсіріп, қойдан шығарар еді, өйткені менің куәм де, қағазға қатталған дерегім де жоқ; әйеліме қырындады деп кімге шағынайын, айналып келгенде өзің күлкіге қалып, ынжық атанасың. ал, әйеліңнен айрылып көр, шиеттей бес баланы шулатып... несіне сандалып тұрмын, әншейін қалжыңдасатын шығар... ие, құрдас болған соң уәждеседі.., – деп ойлаған. Әнеугүні...»

Әнеугүні Қойшы суық тиіп қатты сырқаттанды. Құлындаған даусы құдайға жетіп, шыбын жанын қоярға жер таппай шырқырап  жатқанда,  тағы  да  осы  зоотехник  келе  қалып,

«жалғыз құрдасымнан айрылып қалам ба» деп, ауылға қайта шауып дәрігер шақыртқан. Жергілікті дәрігер ары қарап, бері қарап «біздің қолымыздан келмейді, жедел жәрдем шақыртып, ауданға жіберу керек» десті де, үш сом ақша алып,

«тетрациклин» деген дәрі тастап кетісті. Жедел жәрдем үш күннен кейін келіп, «аздап тәуірленіп қалдым, түк етпес» деп азар да безер болған Қойшыны машиналарына салып алып, аудан қайдасың деп, боздақтата жөнелген. Сонда осы зоотехник бәйек болып, «үйбай-ау, қайта ауырып қалады, апарып, біржола қаратып диагнозын қойып жіберіңдер» деген соң, дәрігерлер иланғандай алып кетісіп еді. Бақса осының бәрі шын жан ашырлық емес, бақай есептен туған жалған көлгірсулер екен- ау. Қойшы екі-үш күн тексеріліп қайтып оралғанда Әйелі тұлан тұтып, абалай қарсы алды:

– Осы күнге дейін неғып жүрсің сайраңдап? мал-жан болса мынау у-шу етіп омалып тұрған. Әлгі досың қарайласпағанда өлетін едік. Он жыл бірге оқып, біте қайнасып өскен соң, қимайды екен... – ызың-ызың бірдемелерді тағы көп айтып еді. мойнына су кетіп, мойындағандай, күмілжіп отырғанда, мектепке биыл барып жүрген ұлы: – Кеше біздің үйге зоотехник қонды, – деді түйеден түскендей. Қойшы селк етіп, әйеліне жалт қарап еді, қып-қызыл болып теріс айнала берді:


– Е, қонса несі бар екен, қонған да. Үш баланы мектепке кім апарады таңертең. Бір күн емес, екі күн қонды, қылшы қылатыныңды. Немене, менің ойнасым деп тұрсың ба? Үйтіп күнәға батпа. Елдің бәрі бірдей ақымақ емес, досының көзіне шөп салып, опасыздық жасамайды. Шырағым... шын тілесе күл ала шығып-ақ жасап келеді...

– Пішту, менің сенен қорыққаным – қара қойдан үріккенім, пішту. – Қыңыраң қағып үйден шығып кетті. Қойшы балаларын құшақтап, ләм деместен мелшиіп ұзақ отырды төр алдында. Сонан соң қойдың күзетіне кетті. Қойдың қүзетінде жүріп, іштей арпалысып, алай-дүлей көңілін байыздата алмай, тыпыршыды. Сенерін де, сенбесін де білмейді. ал енді, сенді делік, бәрі рас болды – не істер еді?.. «мұндай жетесіз туармын ба. Оқығандар- дың қулығы бір мысқал артық-ау осы. Көзбен көрмеген соң бәрі өтірік». ал шын болғанда не істер еді, айтшы не істер еді?

«Бекер секем аламын: жай, әншейін әзілдеседі, құрдас болған соң...»

– Неғып көкке қарап қалшиып тұрсың ұлыған иттей. Тамағыңды іш, әрі! – деген Әйелінің даусы шыққанда ғана, үйге беттеді. Зоотехник құрдасы төсекке сүйеніп, қызара-бөртіп шалқайып отыр. Балалардың алды жата бастапты. Темір пешке жағылған от аядай үй ішін қапырықтап, ысытып-ақ жіберген. Досы ақ тер, қара тер. Әйелінің мұрнының ұшы ғана жыбырлап жіпсіпті.

– Газетіңді ала келдім. мұншама көп жазылармысың,

– деп , бір буда газет-журналды Қойшының алдына тастай берді. Қойшы газеттерді бас-басына саралап қарап, бір-бір шолып шықты да, «Боранмен айқас» деген очеркті сұқтана оқи бастады.

– Әне, – деді Әйелі, – бұл енді осы газеттегіні түгел оқып шықпай, көңілі көншімейді. Құның қалған жоқ, суытпай шайыңды іш, әрі.

– Тағы да «Боранмен айқасқан» шопан туралы ма? Әкесінің ақ таяғын алған шығар... Егер боранда қалған Қойшы газетке шығып мақтала беретін болса, ей, сен де бір рет ықтатып алсаңшы қойыңды, атыңды шығарайын, – деді зоотехник қарқ- қарқ күліп.

– Жақсы Қойшы отарын боранға ықтатпайды. Ол – бейқам- сыздығы. Жақсы Қойшы өз жерінің табиғатын, нөсерінің қашан жауып, боранының қашан соғатынын күні бұрын біледі.


ал мақтау үшін де (ойланып)... мақтау үшін тамыр-таныстық керек шығар... Қол-аяғым үсіп, ауруханаға түссін демесең...

– Зоотехник сазарып үндеген жоқ, Әйелі, жүзі күйгендей, қызараң қақты.

Ендігі сәтте бәрі үнсіз отырды. Үнсіздікке шыдамы жетпеді білем, тағы да Зоотехник бұзды.

– Газетің не айтады? «Жемшөбі мол, қыстан күйлі шықты малы» дейтіндері бар-ау. Жемшөбі мол болса,кез келген ақымақ күйлі шығарады малын қыстан. Вот, мына сен секілді жем- шөпсіз тебінмен күйлі шығарса...

– Өзің оқыған жоқ па едің, ескі газеттер ғой. Бүгінгі номер жоқ.

– Бәрі-бәрін қайдан оқисың, уақыт бар ма? Оқисың-ау, есте тұрмайды сапсем. Бәрі палшива...

–Қалайша,–дедіҚойшымырсетіпкүліп.–Вьетнамдыбомба- лауда, Үндіқытайдағы жағдай шиеленісе түсуде, – деген де жалған ба, сеніңше?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.