Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Луиза 11 страница



– «Құрдасыңның көңілін қимап едім», – деді.

Бұршақ үдей түсті. мылқау қараңғылық.

аспанның түбі тесіліп кеткен секілді.

Қойшы қанын ішіне тартып, баланы бауырына басқан күйі үнсіз отырды. Үнсіз отырса да, қабырғасы сөгіліп, қан жылап, қан сиіп егіліп отыр. Әйелінің ішін айқара ұстап жатқан қолына сырт-сырт көз жасы тамады. Қойшы бауырында бала емес, бір кесек мұз жатқандай қалшылдады, бірақ безінген де, жерінген де жоқ, әкесі басқа болса да, шешесі – өз әйелі, тегі қазақ. ақтық шешімге келгендей, ауыр күрсінді де, нәрестені «бісміллә» деп, шешесінің қойнына салды. Сонсоң быршып терлеп жатқан жұбайының маңдайынан сүйіп, аш иттей сүйретіліп тұрып кетті... көп кешікпей күркіреген күннің гүрілін сыналап ес- түссіз қарқылдап күлген күлкі естіліп қалғандай... Табиғат па, адам ба... Не болса да бүкіл әлемді мазақ етіп күледі-ай...

– Ха... ха... ха... ха...

Өліараның сол бұршақты түні Қойшы сенімін іздеп, ұзақ сонарға аттанды.

Әйелі Қойшыны дауыстап көп шақырды. Тұруға дәрмені жоқ, жас босанған. Ешкім аузына су тамызып, қол ұшын берген жоқ. Ері шынымен қатты өкпелеген бе, маңына қайтып жоламады. Қанша ғайбаттаса да, сүмиіп жанынан шығып, өз ырқынан озбауға қадеттеніп қалған Әйел «қайда барар дейсің, әне келеді, міне келедімен» көп тосты. Келмеді. Сонсоң «қолмен істегенді мойныңмен көтер дегені шығар, шыдайыншы, қайтер екен» деп жата берген. Бұршақ басылып, таң қылаң бергенде, ересек ұлы келіп, «әкем қайда?» дегенде ғана сасқалақтайын деген. Күн шыға: қосағын мәңгі жоғалтып алғанына, тек қойнындағы алданышпен ғана


өзін-өзі алдап ғұмыр кешетініне,енді қой қайырған Қойшы- ның қоңырдаусынестімейтініне, ендіқайтыпызыңдапқұлақетін жер көнбіс күйеу табылмайтынына, енді бұдан былай тіпті де... тіпті де... еш еркек шын көңіл, адал ниет, ақ тілекпен иіскемейті- ніне, енді қайтып жалғанда жаны Қойшыдан темір, қайсар да қайғылы жан жолдас таба алмайтынына, енді бес бала мәңгілікке әкесін іздеп өтетініне, енді қайтып ол екеуі тобылғы шайды қарама-қарсы сораптап, ұзақ іше алмай, ішкені – ірің, жегені – желім болатынына, енді алты баланы кәмелетке келтіріп, жеткізгенше асырап-сақтау талша мойнына түсеріне, енді бұдан былай мұны көрген байы тірі қатындар қырындап, табалап өтеріне, енді жалғыздықтың, тірі жесірліктің зарын тартып, иттен қадірсіз болған күйеуін енді ғана... енді ғана жатса-тұрса қаза қылмай, есіне алып, ағыл-тегіл жыларын түсінген – әттең, кеш түсінген Әйел, әмсе көзі жетіп, иллахи иланған Әйел ботадай боздады, ұдайы үш күн боздады, амал не, Қойшыдан хабар-ошар болмады, ізім-қайым жоғалды... Үш-ақ күнде өзгеріп салған Әйел қатындық қарызын орындап, дауыс қылып болған соң, өз-өзіне келіп есін жиды. Есін жиған соң: «Бірақ, – деді белін бекем буып, – бірақ сенің тентіреп кетуіңе мен ғана кінәлімін бе? мені қағанағы қарық деп кім айта алады... менің де арман –мақсұтым, таңдаған өмір жолым болған, менің де жарық дүние туралы өз көзқарасым, түйсік- түсінігім болған, рас, ерте үйлендік, мектеп бітіре салып, бірден жұмысқа кіріп, бірден тар төсекте табыстық; көзімізді ашып көргеніміз – оқу, қой; адамға, жас адамға керегі осы ғана ма... біз көп нәрсені,көп қымбаттарымызды күлкітоқтықпен ерте жоғалттық; сені мектепте оқып жүрген кезіңде елеп-ескермей, бұла боп өскен ерке басым, ерігіп жасаған қылығымнан жапа шектім; кешір, жаным , мен сені сүймейтін едім; ал сен болсаң балаларыңның шешесі ретінде қатты сыйлайтынсың; қайтейін, оқушы кезімде қой бағамын, қойшыға тұрмысқа шығамын деген үш ұйықтасам, түсіме кіріп пе; жо-жоқ, «мен кім болам?» деген шығармаға дәрігер боламын деп жазғанмын; өзің де білуші едің ғой, орта мектепті мен төрт пен беске бітірдім, айтып-айтпай не керек, егер мединститутқа барсам, тапсырып кетуіме құдайдай сенетінмін; бізді әлі жас деген жоқ, бірден ауыр жұмысқа салды; отызымыздың бірдей суретіміз аудандық газетке қос бет болып жарқ ете түскенде, мақтаныштан есіміз шығып кетсе керек, тәттіге алданған баладай далақтай беріппіз


ғой, бақсақ, әркім өз арманының, өз жүрек қалауының құлы екен; есеймей семген мақсұт күндердің күнінде мерт етері хақ; білем, сенің сурет салуға талабың ғана емес, талантың да бар еді, сол талантыңның ерте тапталып қалғанына тіпті де мен кінәлі емеспін; алматыға аттансаң... құрдасыңнан қай жерің кем, оқып та шығар едің, бір әулеттен бір оқымысты шықса сөкет пе; құрдасың демекші, арамыздағы ең жылпосымыз еді, жұмысқа қалмай, оқуға қашып, ақыл тапқан сол болды, ақыры көрмейсің бе, бәрімізден нашар оқыса да, зоотехник болып оралды; есебін саған шығартып алушы еді ғой, әнеки саған келіп бастық болды, айтыңдаршы зердесіздің сақасы алшысынан түсе бере ме солай, жоқ, омақасар күні туа ма; мен оны әсте де ұнатып көргенім жоқ, өзі құлағалы тұрған таудың үстіне қой жайды да, тағы да менің осалдығымды, сенің жуастығыңды пайдаланып кетті, әрі осындай адамдардың уайым-қайғы, ой-мақсатсыз ғұмыр кешетініне таңым бар; біз не көрдік – сен баланы таптырасың да, тау-тас кезіп қой өргізіп кетесің, ал мен шиеттей балалармен алысып, ертеден қара кешке дейін екі көзім төрт болып, омалып отырамын; сенің келуіңді ғана күтсем де, білдірмеуге тырысып тосыраңдап өкпелер едім; ішіңнен жақсы көріп, бетіме қарамасаң да, еркектің қытықшыл қылығын көксеп, таң атқанша аунақшитынмын, ал сен қой күзетуге кетесің, одан таң қылаң бере оралып, қор-қор ұйықтайсың; білем, сен талығып қатты шаршар едің, ал мен үйде ерігіп отырмын ғой, мүмкін содан шығар жайымыз жарасқан емес, ылғи күрең қабақ жүретінбіз, бес емес он бала болса да қиюы қашқан семьяға дәнекер бола алмайтынына көзім жетті; қойға шыққалы не кино, ойын көріп сергіп-серпілген, қабағымды ашып еңсемді көтерген күнім бар ма, қайта өзің менен ұрланып кино көріп келер едің, онда да айында, жылында; сені жалықтырып іш пысты етпейтіні – көп оқитынсың, ал мен о бастан кітап-журнал оқуға өгей едім ғой; мен өз-өзімнен қысылып жылар едім; екі қолым алдыма сыймай, балаларды шықпыртатынмын, оның үстіне бірде бар, бірде жоқ дүние; жұртқа қарайсың, бәрі жақсы, жарасты өмір сүріп жатқан секілді, ең қоры біз секілді, сосын бәрін саған теліп, ынжық деп ғайбаттап та жүрдім; сіркемді су көтермейтін көк пері болдым; бәрібір Қойшы менен кете алмайды, сенде ондай отты намыс жоқ деген әзәзіл сенім жеңді де, арсыз досыңның – төре досыңның қыңқылдап, қырындап болмаған соң, қолқасын


орындадым; қанша дегенмен сен осалдық жасадың, бізден безгенде қайда барасың, кімді пана тұтасың; апыр-ау, момын кісінің ашуы, момын кісінің намысы қандай қатты, білсемші, жоқ сенің үйден кетуіңе мен ғана кінәлі емеспін, қош, он жыл отасқан күйеуім (ие, сен күйеуім ғана едің). Қайда жүрсең де есен бол».

Бұл – Әйелдің өз кінәсін жуып-шайғаны еді.

алтайдың алтын күзінде, ескі айдың дәурені бітіп, жаңа- ламай, өліара туған шақта, аспанда шүйкедей бұлт жоқ, табиғат жаратқанның маужыраған ұйқылы-ояу әсем мезгілінде, жұма күні Қойшының үйіне жиналып, оны қайдан іздеу керектігін ақылдасқан ауылдастары биыл астықтың бітік, пішені мол, ырысты жыл болғанын айтып, кеу-кеу сөз қозғады. – мүмкін Қойшы білім қуып кеткен шығар, – десті олар. – мүмкін Берлин түбінде қаза тапқан ағасының сүйегін алып қайтуға аттанған шығар...

Тек анау қырдың басында бірін-бірі құшақтап, екеу жылап тұрды, ол – Қойшының тұңғыш ұлы мен мұғалима қыз – сенімін іздеп кеткен Қойшының сөнбей қалған үміті еді. ғұмырда қалтасынан бір тиын шығарып, елге жақсылық жасамайтын таскескір «Шығайбай» Қойшыны іздеу қаражатына 21 сом 7 тиын қосқан көрінеді. Бірақ өзі осы оқиғадан кейін салынып, оңдырмай ішіп жүр деген сөз және бар; әйтсе де бұрынғы пақырлығынан көп түзеліпті деседі. Ол айтады дейді: «Пақыр басым, дүниенің құны беш тиын екенін білсемші...»

...Әйел қойдан шығып, ауылға көшіп кеткен. Өліарада туған ұлының атын алданыш қойыпты. Кеше дүкеннен бір жарты алып тұр, оны кіміне береді екен зәнталақ, – деп қатындар пыш-пыш өсектеп жүр. Тұңғыш ұлы сурет салып, бәйгеге ие болыпты... мұғалима мұғалімге тиген... Зоотехник... Бағана екі кештің арасында атқа қонды...

ақсақалдар дәл осы айда қателесті: өліара жауын-шашынды жайсыз болды, туар ай... туар ай мазаң өтеді...


 

Мазмұны

Сайтан көпір.................................................................... 3

Қар қызы...................................................................... 104

Жетім бота.................................................................. 226

мынау аппақ дүние..................................................... 290

Өліара.......................................................................... 346


«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының президенті Дидахмет Әшімханұлы

Оралхан Бөкей



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.