Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 19 страница



– сонда жатыр. айқайлаған үнімізді естіп, кеңірдектен қар кешіп, бойымыз суып бара жатқанын кім естіп, көріп тұр бұл жалғанда», – деп айтқысы-ақ келді.

– Не істеу керек?! – деді аманжан тісін шақыр-шұқыр қайрап. – Не істеу керек? айтсаңшы, аға тракториссің ғой.

Нұржанға шүйлікті.

– Өздерің біл, әкіри, – деді Бақытжан, – қарным аша бастады. Ішімде бір кесек мұз жатқандай.

– Тракторды сөндіреміз,– деп кесіп айтты Нұржан. Бұдан соң газдың тұтқасын төмен баса салды. аппақ саумал сімірген айналаны құлақ кесті тыныштық басты. Жым-жырт, жұмбақты дүние. Тіршіліктің күйін шертіп тұрған аппақ дүниенің... бетіндегі қара ноқат мүлдем үзілді – бір сәтке көз жұмып өлді. Нағыз суық енді ғана басталғандай.

Оның не ойлағанын айтпай түсінген аманжан: – Суын ағызайық, – деп трактордан қарғып түсті. Оның артынан екеуі де секірген. Омбы қарды кешіп барып, тығынын ағытып жібергенде ып-ыстық су сарылдап, тиген жерін ерітіп, буы бұрқырап аға жөнелді. Бұл қалпында алып бір өгіз зәр жіберіп тұрғандай еді. Қолғаптарын шешіп-шешіп жіберіп, үшеуі бірдей еңкейіп ыстық суға қалтырай мұздаған қолдарын жуды.

– Қандай рақат, ішер ме еді? – деді Бақытжан мәз болып.

– Ішіміздегі мұз ерір еді, әкри.

– Сенің асқазаның ДТ-нікінен әлдеқайда мықты, ішсең – іш, – деп азғырды аманжан.

– Тапқан екенсің ақымақты. Ертең осы суға зар боламыз.

– алдыменен сол ертеңге жетіп алайық, – деді аманжан.

– Бір амалы табылар, – деді Нұржан. Бұдан соң үшеуі бір- дей кейін шегініп, жып-жылы қолдарын қойындарына тығып жіберді. ауыздарынан ұшқан бу ай сәулесінде көк түтін болып будақтайды. Белуардан қар кешіп келді де, трактордың табанына секіріп қайта шықты.


Әншейінде аузына маржан салғандай, қалғып, үн-түнсіз отыра беретін Бақытжан тым-тым сөзшең болып кетті. Әлде ішкі бір қорқынышын жасырғаны ма, әлде шарасыздықтың торына қамалған соң, «енді бәрібір» деген тәуекелі ме? Кім білсін. Қазір де трактор табанына қарғып қайта шыға салысымен екі қолын кезек сермеп: – Қар – мұхит; трактор

– кеме, үш батыр айқасқа шықты тілсіз жаумен, – деп елеуреп, тақпақтай жөнелді.

– атаңның басы, – деді аманжан ит жыны ұстап. – аппақ дастарқанның бетіндегі сасық қоңызбыз. Тарақанбыз өрмекшінің торына шырмалған. Қанатын әумесер бала жұлып алған дәрменсіз шыбынбыз. Тырбанамыз келіп, содан соң... тырапай асамыз...

Үнсіздік басты. алыстан... тым-тым алыстан шыңшыңдаған бір сыңсу талып жеткендей. Сол жұмбақ үнді тек қана Нұржан естіп, елегізеді.

– апамдар тамағын ішіп баяғыда жатып қалған шығар,– деді Бақытжан аяқ астынан мұңға беріліп.– Сендерге бекер ердім, әкри... «Ойбай, мына тұрған жер, шауып барып алып келеміз», – деген соң...

– Сені қойып, өзім де өкініп отырмын, – деді аманжан оның сөзін бөліп. Үнінде зіл, әлдекімге кіжіну бар. – Осының бәрі Қоңқай қақбастың кесірі... Қысты күні бұл кербаққан тұстан айыртауға асар жол жоғын сезіп едім.

– Сезсең неге айтпадың? – Бақытжан шап ете қалды. – Сол үйден ауылға кері қайтып кетсек, төбемізге шай қайнатардай шошындың... Ендігі мұрнымыз шуылдап өз отымыздың басында, сораптап сорпа ішіп отырар едік. Енді міне... айдала, аппақ қар, қырық градус суықта бойымыз суып бара жатқаны.

– Оның көзіне тығылып жас келіп қалып еді, ол осалдығын жасырған жоқ, кемсеңдеп қоя берді. – Құдайым-ай, елден екі елі ажырауға болмайды екен-ау... – Оған қой деп жұбату айтқан ешкім болмады. Әркім өз ойымен арпалысып отыр еді.

Аманжан: – Әттең, бәрі кеш,– деді тісін шықырлата қайрап.– Бір сұмдықтың боларын жүрегім сезіп еді. Сенгім келмеп еді сол шалға. Енді міне адалдықтан адасып отырмыз. Әкеңнің... сол Қоңқайдан бастап, бүкіл әлемді трактормен таптап өтер ме едім. – Көңілі қанша пәс болғанымен, аманжанның сөзіне еріксіз күліп жіберді Бақытжан. мырс етті де:

– «Гарющиің» жетпейді ғой, – деді.


Аманжан: – Жоқ, одан басқа да бір нәрсе жетпейді. арам өлгенше – айғайлап өлейін – а-а-а-а-у-у-ы-а! мен тоңып, жылынарға – от, ішерге – ас таба алмай отырмын, ей, адамдар! Естимісіңдер, менің үнімді! – Ол құлағын тосып, тың-тыңдаған болды да қайта кіжінді. Жұдырығын түйіп, әлдекімге айбат шекті. – Ә-ә, үндемейсіңдер ме, қол ұшын беруге қорқасыңдар, ә! «Біз не көрмедік», – деп кеудесін қағатын, ей, ағалар, ха-ха-ха, ендеше, мына біз не көрмедік.– Дәу жұдырығымен кабинаның темірін қойып-қойып қалды. Қолының ауырғанына да қараған жоқ. Кеудесін қысқан ұлы долылық дес бермей, қанын сарқ- сұрқ қайнатып еді...

Бақытжан: – Өле қалсақ бір-бірімізге топырақ та сала алмайтын болдық-ау.

Аманжан: – Ничего, қар саламыз, ха-ха-ха... Не деген сорлы пенде деген...

– Жетті! ажалдан бұрын алжымайық! – деп жекіді Нұржан. Аманжан: – мынау кабина емес – камера секілді. ал сен, жолдас а-а-аға тракторист, надзирательге ұқсап кеттің; һм, далада бұдан гөрі жылырақ шығар. Не істейміз? Босатыңдар мына түрмеден.– Кабина қабырғасын тағы да ұрғылай

жөнелді.

Бақытжан: – Өздерің біліңдер, әкри. мен глубоки ұйқыға кеттім. айтатын сәлемдерің жоқ па! Чао! Хай!

– мынадай суықта бір минут те көзі ілуге болмайды,– деді Нұржан.– Трактордың ығын тазалап, қасат қар ойып әкеліп, үйшік қалап алайық. Қардың іші жылы болады.

– астымыздан сыз өтпей ме? – деді Бақытжан қалыпты сақтығына басып. мінезі ауыр, көп сөйлей бермейтін Нұржан досының шолақ ойлылығына жыны келді білем: – Трактордың бесеткасын төсемейміз бе... артымызға,– деп зілдене тіл қатып еді, ол бір күн болса да аға тракторшы санайтын Нұржанның ыңғайына көшіп: – Өздерің біліңдер, – деп жығыла салды.

– ал не тұрыс, қар оялық,– деп алдымен аманжан қарғып түсті. Бірінің артынан бірі жерге секірген олар бейне парашютпен қарғығандай топ-топ етіп құлап жатыр. ызғырық жел үріп, беріштенген сеңдей сірескен қарды күректеп, балталап ойып, суық қарып маңқайып тұрған ДТ-ның ығына қалап, үй жасай бастады. Саусақтары тоңазығанымен, қап- шағай қимылдап, бірсіндеп енді бойлары жылып, ептеп тер шыққан. Жан дәрменге түсіп, қар үйшікті әп-сәтте жасап


алды. Трактордың әбден май сіңген отырғышын, арқалығын шығарып әкеліп төсеніш жасады. Денесі жылыған жігіттердің көңілі көтеріңкі, бір-бірін итермелеп, асыр салып ойнады.

– Ұядай, – деді аманжан гүжілдеп. – Тамақ табылса қыстап шығуға болады.

Үшеуі қатарласа жата-жата кетті.

– Әйтеуір, қара басып ұйқтап қалып жүрмейік, – деді Нұржан.

Бақытжан айтты: – Ұйқтамайтын болсақ, несіне үй жасадық. аманжан айтты: – Тоңбас үшін, ақымақ.

Нұржан айтты: – Әсте ұйқтауға болмайды, үсіп өлеміз. Бұдан әрі аманжан темекісін тұтатып еді, ала көлеңке қар үйшіктің ішін сәуле тіміскеледі.

– Темекіңді бықсытып кеп тарта берме, әкри, – деп Бақытжан қылжыңдаған болды, – үйімізді өртеп жібересің.

– Оттама, – деді теріс қарап бүк түсіп жатып. – Темекіден өртенбейді мұндай үй, сен шығарған газдан өртенеді.

– Таздан тарақ, бізден газ қалғалы қашан? – деді Бақытжан. Одан әрі қар үйшіктің ішінде бөтен әңгіме болған жоқ, әркім өз ойымен оңаша қалған. алыстан... тым алыстан... аш қасқырдың ұлығаны естіледі. Сол бір айлы түнде тараған жат үнді Бақытжан да естіп, елегізеді білем, қорқынышын қалжыңға айналдырды.

– Тракторыңды қасқыр жеп кетпесін, – деп жырқ етіп өзі күлді – өп-өтірік күлді. Онысы оғаштау көрінді. аманжан темекісін құшырлана сорып, қайтадан бері аунап түсті де:

– Оттапсың, ең әуелі ішіміздегі семіз, майтыққан көтендей сені жейді, – деді. Осынау сырықтай ұзын, ат жақты, қара сұр құрдасынан сескенуші еді, шаптығып бетінен алған жоқ, бірақ сөзден есесін жібермейді.

– аш қасқыр семіз, арық деп таңдап жүреді дейсің бе. Сенің де сорпалығың бар, – деді.

Нұржан ауыр ойда еді. Қайта-қайта көзіне тығыла берген ұйқыны уқалап қуып, әр нәрсенің басынан бір шалып, көз ілмей сандалып жатқан. Осындайда, қолың тимей жанталасқан сәтте, маза бермес ойдың да түбі тайыздап, қаңсып қалары бар.

Әскери қызметте жүрген екі жылын есіне түсіріп көріп еді, құр әурешілік болды – көз алдына күзетте тұрған азапты түн ғана елестеді де, тек сол кірпік қақпастан қақайып тұрған сәті ғана... тіпті көзі уақ-уақ жұмылып, қалғи берген соң, аманжаннан шылым сұрап тартып еді, үйренбеген соң ба, қолқасына түтін кептеліп, қақалып-шашалып мазасы кетті.


– Жігіттер, ұйқтап қалмайық, – деді сонсоң дауыстап.

– Далаға шығып, әрі-бері алысып ойнасақ қайтеді. Ұйқымыз қашып, бойымыз жылысын, – деді.

– Ол да ақыл, – деп аманжан темекісінің тұқылын сөндірді де, еңкеңдей шегініп тысқа шықты.

– Төбелесейік, шын айтамын, жылынатын түріміз жоқ, төбелесейік, – деп жалынды аманжан жұдырығын бір-біріне ұрғылап, тісінен от шығара қайрап.

– мен ондай ойынға қатыса алмаймын, әкри, – деп Бақытжан тайсақтай берді. Нұржан айтты:

– Біздің шамамыз саған жетпейді ғой.

– Екеуің жабыласыңдар, – деді соғысқа әзірленген аманжан.

– ал, қане, келіңдер. Жасасын төбелес, ура!

Бақытжан: – Ә, олай болса можно. Ей, Нұржан, сен алдынан шық, мен артын орайын... позиция керек.

Нұржан күліп: – Почему мен алдынан, сен артынан...

Бақытжан: – Себебі мен адамдардың артынан бас салғанды тәуір көремін.

Нұржан: – Иә, әркімнің өз тәсілі бар. мен-ақ бетпе-бет барайын.

аманжан қолын көтеріп: – Тоқтаңдар-тоқтаңдар, мұны- мыз нағыз төбелес бола алмайын деп тұр. Күліп жүріп жұ- дырықтасқанның мәні жоқ ,– деп тоқтатты. – Содан соң, сен- дер маған бүкіл тактикаларыңды сездіріп алдыңдар. Қазір мен мощный қорғанысқа кетемін де, арқамды тракторға тіреп тұрып, жақындағаныңның жағыңнан ұра берем. Давайте, ребята, шын мәніндегі қанды сойқан бастау үшін ар-намысқа тиіп ыза келтірер балағат сөзбен атысайық әуелі. Давайте, достар (көзі жайнап, екілене сілкінді), айызымыз қанғанша бір боқтасайық. Ешкім де көріп, естіп тұрған жоқ.

Нұржан: – Ендеше, мұндай спектакльге мен үзілді-кесілді қатыспаймын, – деп азарда-безер болды.

Бақытжан: – Ең алдымен ит болып бастайық, қызық болсын.

аманжан түсінбей қалды: – Итше бастағаны қалай?

Бақытжан: – мәселен, жер тарпып үреміз.

Аманжан: – Үрсек үрейік... ав, ав, ав!

Бақытжан: – ав болса – ав!

Екеуі бір-біріне ырсылдап ит болып үріп жүр. Бір-біріне жер тарпып, тап-тап береді.


– Болды, болды. Сенен жап-жақсы төбет шығып кетуі мүмкін екен. Енді, бала, қазақтың бұрынғы билеріндей жүгі- ніске отырып, балағатымызды бастап кетеміз. Қамшы орнына биялай тастаймыз,– деді Бақытжан.

Аманжан: – Ол қырыңа да көндік. – айызы қана риза болып жүр.

Бақытжан: – Жарайды, ендеше, – деп алға суырылып шықты да, мықынын таяна жүгініп отырды. – Екі рольді бір өзім-ақ ойнайын. Ей, аманжан, кел жүгініске, құтырған бурадай жыныңды шашпай тыңда мені. ал, бастадым: Итаяқтай болған аузыңды, құрықтай сорайған бойыңды, қорадағы қойыңды, түк ойламайтын ойыңды, кірпідей тікірейген шашыңды, шақшадай болған басыңды... ана жеріңді, мына жеріңді... пәлен етейін, түген етейін... (ентігіп) общем ұрайын... Уһ, жіпсіп кеттім ғой, ішпей-жемей албатты балағаттасқан қиын екен...

аманжан тамағын кенеп, дайындалып, ол да жүгініп отыр:

– ал, ляуқиым, енді сен тыңда; Ей, Бақытжан, күжірейген мойныңды, стол үстіндегі дойбыңды... ұрым-бұтақ, зау-затыңды двайной, тройной ұрайын... мә, қамшым, сен сөйле.– Қолғабын қарсыдағы «биге» тастады. Нұржан екеуінің балағатын тыңдап, рақаттана күліп:

– Баяғының билері де дәл осылай айтыспаған шығар. Бақытжан қызына бастады:– Ендеше, Нұреке, алдияр тақсыр, төбе биіміз сенсің... Біздің жанымызда баяғының биі жіп есе алмайды.

Нұржан: – Оу, бүгінгі заманның шешендері сендер бол- саңдар онда... Онда құмырсқа қуырып же десеңші...

Бақытжан: – Ей, аманжан, «ДТ»-ның аты – трактор, арба емес, шана азды дейсің бе, шананың аты – шана, қол шана емес, сенбесең жатыр әне; әлде Нұржан азды дейсің бе, азған да озған жоқ, Нұржанның аты – тракторист – директор емес; ал, боқтасуға келсек: шай ішетін кесеңді, сиыр сауып жүрген...

аманжанның көзі шатынай айғай салды: – Не?! Әкені айтсақ та, шеше жағына барыспайық.

Зулаған қалпымен барып шәниіп тұрған аласа бойлы, төртбақ досының шықшытын ала бір періп, қалпақтай ұшырды. Төбелес басталды! Орнынан баж-бұж етіп, қармана тұрған ол жан-жағынан қару іздеп көріп еді, көзіне қардан басқа еш нәрсе іліге қоймады.

– Әкеңнің аузын ұрайын, сволыш, ойнайды екен десем, шындап жүр ғой. – Одан соң жерден уыстап бір-екі рет


жентек-жентек қар лақтырды да, жүгірген бойы талтая серейіп тұрған аманжанды тебе бергенде, соншалық бір қапшағай шапшаңдықпен аяғынан сарт етіп ұстап бұрап қалғанында тағы да қиралаңдап құлап қалды. Істің насырға шабу қаупі туған соң: – Қойыңдар! Жетті енді! Үсіп өлсек те, төбелеспейік! айуан болып кеттіңдер ме! – деп ара түсіп еді, қаны қарайып, ұрынарға қара таба алмай, күші асып-тасып, өзіне лайық білекті жау іздеп аласұрған аманжан оны да бар пәрменімен ұрып өтті. Көзінің оты жарқ етіп басы зеңіп кеткен Нұржан соққы қаншалық ауыр болғанмен, тыраң етіп құлаған жоқ. Не істерін білмей аз-кем ойланып тұрды да, жынданған аманжанның қарға аунап қыңсылап жатқан Бақытжанды аямай тепкілегенін көріп айғай салды:– Тоқтат! Фашист болып кеттің бе?

– мен сендерге фашистің не екенін көрсетейін. Әйтеуір, арам өлеміз! Бәрібір үсіп өлеміз, – деп кіжінген аманжан ендігі сәтте өзіне қарғыған. Қорғанбаса болмайтын еді. Қарадан-қарап жүріп бір нәрсені бүлдіргісі, қиратқысы келіп қышына беретін аманжанның қолына дәл қазір мылтық берсең екеуін де қызыл ала қан қылып, атып тастары шәксіз еді. адам бойындағы асау қан түйіршіктері қозып, жауыздықтың сойқанды соғысына шақырады екен-ау. Зұлымдық әр адамда, әр ұлтта барын байымдаған Нұржан жоқ. Досының екінші соққысы тигенде өзінің де қаны тасып, басына шыққаны сонша, сонсоң өне бойы қалшылдап, қарсы ұмтылғаны, ұп-ұзын құрдасын ішінен періп, ыңқ етіп ауырсына еңкейіп қалғанда, әскерде үйренген тәсілі бойынша көк желкеден ұрғаны, сонсоң өзі құламай тәлтіректеп тұрған жігіттің қылтасынан теуіп құлатып, құлап бара жатқан сәтінде секіріп барып қос аяқтап бөкседен тепкені, бұдан соң көзіне қан құйыла долданып, әлі құрып бүк түскен бейшара аманжанды бір теуіп кеткені есінде; тек ашуы сабасына түсіп, өлердей өкініп еді. Үшеуінің де ұйқысы қайтып келмеді не тіл қатысқан жоқ, сұлап-сұлап дүмбілез күй кешкен. Енді үш күн бойы ұйқтамауға жетерлік олжалы ой тауып еді.

Дүние ақ шаңқан... Кешелер соғып өткен ақ түтек боранның сарқындысы, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған ақ сіреу кіреуке... ақтаулар... алысқа... әлдеқайдабірін-біріқуажарысқан. Ербең етер тіршіліксіз, салқын сазарған қалпы адырлар ұлы өмір шуылынан бейхабар – айқара жамылған ақ кебінін бүрісе бүркенеді. айлы түннің астында аруақтай созылған суық... аса қытымыр дүние... түн ортасы ауғанша жақ ашпастан жайрап


неге төбелескендерін, кімді-кім ұрғанын уайымдап жатты да, басқа... бұған дейін кешкен өмірдің, тәтті бір ләззатты сәтін есіне алысқан... Ондай қымбат минуттар Нұржанда жоқ-ты, сыпыра жайдақ, тіршіліктің қамымен өте шыққан сұрқайлау еді... Әлі күнге ешбір қыздың бетіне қарап күйдім-жандым деп ғашық болып көрген жоқ-ты. Емірене еске алар енді несі қалды. мынау қалтарыста қаңғыған иен жерге қарашаның қара суығында, бұдан бұрын да бір рет дәм тартып келіп еді-ау. Онда олар көп жігіт болатын, машинаға мініп, тау айналып, қара жолмен келген. Иә, онда олар көп еді, сойталдай-сойталдай он жігіт... шөп тиеуге келген. алғашқы күні бес машинаға тиер-тиеместен күн жауып кеткен. Сонсоң, барлық машинаны қайтарып, ең соңында өздері жаяу қайтқан. Иә, сонда өздері мінген автомашина белуардан батпаққа батып қалып, қайтып шығара алмап еді... Сіркіреп қара күздің ақ жаңбыры толассыз жауған. Не паналар үй, не ағаш жоқ, құдайдың қу мекиен даласында қалған он жігіт екі кештің арасында он шақырым алыстағы Огневка деген селоға жаяу тартқан... Қарсыдан шаба жауған желді нөсер өңменінен өтер суық еді. Үстерінде тек күпәйкесі ғана бар жігіттер керзі етіктерін қорқылдатып, түбі тесіліп кеткен аспанды, биылғы қуаңшылық жылды, жаздай бір тамбай қойып, күзде сорғалаған жаңбырды, ауданнан жүз шақырым шалғайдан шөп дайындаған басшыларды оңдырмай балағаттаған... Шелектеп жауған жанбырдың астында көзге түртсе көрінбейтін қараңғылықты жамылып, батпақ кешкен жігіттер сонадайдан сығырая шақырған болымсыз жарықты бетке ала безектеп еді. Әудем жерде ғана көз қыса қылымсыған Огневканың бұлар асыққан сайын алыстап, жеткізбей қашқаны, ал қарашаның ең соңғы желді нөсері сабалап, мойнынан кірген су қойын-қонышын қуалап етігіне сорғалағаны, тісі-тісіне тимей сақылдап сұмдық тоңғаны, осына сүңгілескен азапты халдің қайтіп қайталанбауын, мынау кері баққан ішкері жақта ат басындай алтын бар десе де қайта айналып келмеуін тілеген өз-өзіне ант еткен, сылп-сылп басып, жолсыз, жөнсіз жортқан он жігіт ауыл шетіндегі тілдей көпірді әрең дегенде сипалап тауып, құндыздай шұбап өте береміз дегенде кеңірдектен келетін өзеншеге Нұржан аяғы тайып кетіп, оңбай құлап еді... Жар жиегіндегі талды паналап, жүзіп жүрген тамам үйректі үркіте былш етіп құлаған Нұржанды Қайкен мен ақай зорға дегенде шығарып алып еді. Құйрық басып отырып, етігіне толған суды


төгіп тастар құрғақ жер жоқ, ылжыраған сусіңді дүниені тағы да лағынеттеуде, шылпылдатып ілгері тарта берген. Бұлар келіп жеткенше ауылға сіңіп үлгерген қалған жетеуінен айрылып қалған да, мұқым Огневкадан есігін қақпаған үй қалдырмаған. Бірақ көше-көшені жездей қақтап, аралап шықса да, бірде-бір үй түнеуге рұқсатын бермеп еді. Су тышқандай сүмірейген үш жігіт адамдардан осыншалық мерездік, жатпейіл, масқара қатыгездікті бұрын әсте байқамай, тіпті мүлдем күтпей келіп, өз бастарына сарт етіп тигенде ғана барып, суына түңіліп еді- ау. Жоқшылық кезінде, тіпті күні кешегі соғыста адамдар дәл осылайша қатыбастанып, жат бауыр болған жоқ шығар. Әлде бұл жұрт тым-тым тойынып кетті ме, кекірігі азып, кекіреледі ме, мүмкін, жеті қат түн ішіндегі ұрылар деп сенбеді ме?! Қайдам, әйтеуір, Нұржан осы жиырмадан жаңа асқан жасында тұңғыш рет адамдарды жеккөре безініп еді... Бар болсаң көре алмас, жоқ болсаң бере алмас ағайын шыр айналып келгенде, қара басының қамын күйттеп кетері рас та... Сонымен, үш жігіт Қайкен, ақай, Нұржан өлген жыландай шұбатыла қоныс тепкен Огневканың басына түсіп, аяғына дейін әр үйдің есігін тартып, терезесін қағып шықты. Ешқайсысы қондырмады. ауылдың шетіндегі оқшаулау орналасқан ақырғы үйдің есігін тықылдатып еді – ар жағынан әйелдің «кто?» деген жіңішке даусы естілді де, ізінше өзі шықты. Пұшпақ-пұшпағынан су сорғалаған үш жігітті көргенде алғашында аңтарыла сескеніп қалды да, «сіздерге кім керек?» деді. ақай ана екеуінен гөрі пысықтау еді:

– Өтінемін, жылаймын, құдай үшін түнетіп шығыңыздар, Қарағай ауданының жұмысшыларымыз, машинамыз батып, жаяу қалдық. Бармаған үй, тартпаған тұтқамыз жоқ, ешкім жолатпады, бір қайырымдылық жасаңыздар, үсіп өлуге жеттік, босағадан ары аспайық, тек бойымыз жылынса болды,– деп зарлай жөнелді. Төргі бөлмеден ер адамның үні естілді. Әйел бұл мәселені жалғыз өзі шешуге батылы бармады білем, қайта кіріп, күйеуі болар, әлдекіммен ақылдасты. Содан кейін ғана есікті айқара ашып: – Кіріңіздер, – деді  күлімсірей.

«Кіріңіздер» – Нұржан үшін бұл жалғанда осы сөзден құдіретті, осы сөзден ыстық, әрі ардақты ұғым жоқ шығар.  «Кіріңіздер»

– қандай ғажап! Осы ізгі ниеттен соң өліп кетсең де не арман.

«Кіріңіздер» – адамзаттың қолы жасаған бүкіл арамдықты ақтап қалар ықыласты пейіл-ай.


Қарапайым жиналған ұядай жылы қос бөлмелі шағын үйге кіргендерінде әбден сілікпесі шыға тоңған жігіттердің су тамшылаған мұрындарын орыс көжесінің ашқылтым иісі жарды. Жүз жылға бірақ қартайған мүшкіл хал, жүз жылға қайта жасарғандай қуана толықсыған-ай! Табалдырықтан аттауын аттаса да, не ары емес, не бері емес, ошарылып қалған жасқаншақ жолаушыларға ірге жақтағы нардың үстінде малдас құра отырған шегір көз, сары шашты орыс: – Төрге шығыңдар, – деп қазақ тілінде ілтипат білдірді. – алдымен сырт киімдеріңді шешіп, суын сығыңдар да, пештің ығына жайыңдар, ұялмаңдар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.