Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 18 страница




қойғаны суып бара жатқандай асығады... Осындай шаттыққа толы шақта тракторға қос қанат бітсе дейсің, бірақ ол жарықтық өмір бақида ұша ала ма?.. Бұ жалғанда ұша алмайтындар қандай көп еді...

Нені және неге ыңылдап отырғанын өзі де білмейді. мүмкін, жан дүниесін жайлай бастаған жалғыздықтан (үшеуі болса да) азар да безер екі қолын төбесіне қойып қашып, мұңлылау әуенмен маңайына жолатпай, айдап, қуғысы келгені ме; әлде ой деген түпсіз тұңғиық жылымнан құтылып шығудың соңғы амалы осы ма, әйтеуір, көңілінде тобықтай болып, түйнектеле қатқан мұз тоңдырған сайын ызың-ызың әуенге басады-ай... Нұржанның көңіліндегі тобықтай әлгі мұз дәл бүгін де, кеше де, тіпті былтыр да емес, анау бір жылы – шілденің ми қайнатар ыстығында қатқан еді... Содан бері ызғар шашып, еңсесін басады да жүреді. Өзі күлгенімен, көзі күлмей, қуанғанымен, уана алмай дүниедегі ең қимасын мәңгілікке жоғалтқандай бұйығы тартып, өз-өзінен қорынатын, өз-өзінен шошынатын. Ол жоғалтқан заты – өзі екенін сезді ме? Сезбегені ғой, әйтпеген күнде ел көшкендей болған жанын жарылқар алданыш іздемес пе еді, өз-өзін алдамас па еді? Әскерден есен- сау оралып, тракторға мінгеніне екінші жыл толды, бәрібір осынау шалғайдағы Европада, Шығыс Германияда жүргендей өн бойын сағыныш билеп, әлденеге асығады, әлдекімді сарыла күтеді. мынау кең-мол пішілген кең-мол дүниеге сыймағандай өзін артық сезінген немесе осына далиып жатқан жап-жалпақ жапаннан құйрық басып демалар, ентігін басар жер таба алмағандай өгейсіген.

Екі жастың біріне толмай, осыншалық қожырап, ерте... тым ерте түңілуі, ешкімге – өмірге де, өзгеге де салмақ артпайтын, тек бар кінәні өзінің қара басынан іздеп, мінез-құлқының ауырлығынан көретін, басқаны емес тек өзін – Нұржанжанды ғана жазғыратын. Балалық шаққа бәрі-бәрі жарасымды екен: асыр салып ойнады, күлді, жылады, алаңсыз, жоқтан өзгеге қуанды да, алғы күндерінен асығып үлкен жақсылық, оқыс жаңалық күтті. алғашында он жылдықты бітірсе болды, қирататындай деміге, әскерді өтеп келсе болды, тасып-шалқып ғұмыр кешетіндей үміт емшегін және де армансыз еміп еді. Енді міне, анау айыр өркеш ақ тауды асса, арманына жететіндей тұнжырап, тұп-тұнық аспанның астында қар теңізінің жалғыз жетім қайығындай – ескексіз; желкенсіз қайығындай қалықтап


жүзіп келеді. мынау аппақ дүниенің... мінсіз бетіндегі жалғыз ноқат – меңі іспетті трактор шынында да қар теңізінде малтып келе жатқандай еді. Шынжыр табаны көрінбей, тек түтіні ғана жіңішкелене будақтап, көгілдір аспанға сіңіп, лезде жоқ болады. Баяғыда Нұржанның апасы айтып отыратын: бұл дүниеде қуған да алда, қашқан да алда деп. Сол бір астарлылау сөздің мәнін енді түсінгендей-ді. Қуып жете алмас, қашып құтыла алмас тағдырдың айтағына үріп, айдағанына көнген көнтері тірліктен тізгін үзді құтылып көрші, жоқ болмаса жан ұшыра ұмтылшы

– жақындасаң алыстап, алыстасаң жақындайтын сағым бақыттың ұшпағына шықтым деген тірі пенде бар ма тәйірі: өмір бойы бір нәрсе жетпей өте шығар адам баласы – өзінің аз ба, көп пе ғұмырында зар еңіреп іздегені қанағат, тоқтам екенін ылғи да кеш түсініп, көзін жұмады-ай... Нұржан болса өмірдің бірде-бір жұмбағын шеше алған жоқ әлі. Тек әрбір ірілі-уақты оқиғаға таңдай қағып, таңданып, «неге олай екенін», яғни ақ деп жүргені – қара, ал қара дегені ақ екенін түсіне алмай басын қатырып ойлай берер еді.

Қар жамылған айнала күн сәулесімен шағылысып жанарды жейді. Ессіз, иесіз тау-таудың бәрінен өлдім-талдым деп құдайдың зорына ассаң, екіншісі тұрады кел-кел деп шақырып. Үш жігіт енді келе жатқан бағыттарының дұрыс-бұрыстығына күмәндана бастаған. Жолдың осыншалық ұзақ болуы мүмкін емес...

– Тоқтатшы, – деді аманжанға. – аздап аялдап, оң-солы- мызды танып алайық.

Трактор тоқтады. Бірақ моторы толассыз соққан жүрек секілді дамыл таппай жұмыс істеп тұр. Қонақтаған тауықтай бүрісіп отырған Бақытжанға да жан біте бастады. Талықсып барып ұйқы жеңді ме екен, аздап қалғып алған-ау. Екі көзі қанталап, не болды дегендей аналарға жалтақ-жалтақ қарайды. алғашқы сөзі:

– Жеттік пе? – болды. Ежелден ұрт мінезді аманжан шам шақыра жауап берген: – атаңның басы жеттің!

– Дегенмен қай тұста тұрмыз өзі, – деді құрдасының сөзін ауыр алмаған ол жан-жағына қарап.

– Білсек – тұрамыз ба? Ит біле ме, тоңқайып-тоңқайып етегін түріп тастап, артын көрсетіп жатқан таудан өзге қыбыр еткен жан, ербиген бұта жоқ, – деді аманжан әлі де өз-өзінен ашуланып. адасыңқырап кеткендерін ол бағана сезгендей.


Тек анау екеуі кәперсіз отырған соң пысықсымаған. Енді екі жігіт жарыса Нұржанға қараған. Бір күн болса да трактордың нағыз иесі, жолбасшы жігіт осы-тын. Ол болса үнсіз. Кабина тұтқынынан босап шынжыр табанға шықты да, ақ қардың бетіне қос сызық тастаған артқа, сонсоң жан-жағына сығырая қарады-ай... Қырдан ойға түсіп кеткен соң, нысаналап келе жатқан айыртау да көзден тасаланып көрінбей қалған-ды. ал аспан мелшиіп, табалағандай, міз бағар емес. Етекке түскен соң күн де ақ жиек тау иығына тым-тым тақалып, енді болмаса батып кетердей мінбелеп тұр. Не бір ербиген қарағай, не бір қараған – бұтасыз – «Ішкері жақтың» қыл-қыбырсыз көсе таулары бар сырын ішіне бүгіп, сыздауықтай сызданады. алтай сілемдерінің дәл осы тұсы қас қылғандай не себептен тақыр, таза, тайгасыз жалаңаш екені түсініксіз.

– Не істейміз? – деді аманжан гүр етіп. Оған тағы да ешкім жауап берген жоқ. Сәл үнсіздік биледі.

– алғаш бағытымызбен жүре берейік. Сенің жүрегің, яғни интуицияң бір нәрсені сезген шығар, – деді Нұржан қабағы қарс жабылып түтіккен досының суық жүзіне қарап. – Әкел, тракторды өзім жүргізейін.

– мейлің, тек адассақ сен жауап бересің, – деді де орнынан тұрды аманжан. Бақытжан екі жаққа да қосылған жоқ, сол үндемеген қалпында қайтадан қалғи бастаған еді.

Трактор тұтқасы өз қолына тиген соң, дәл алдарында аспанға салынған баспалдақтай шаншыла көтерілген тауға өрмелей жөнелді. Әлгінде ол отырған темір жәшік енді аманжан еншісіне тиіп, осынау ұзақ та ауыр сапардан жерігендей кежегесі кейін тартып, тұлан тұтқан кейіпте үнсіз отыр. Бақытжан болса анау аппақ тау үстеріне құлап кетсе де, сезбес сезіммен қалғып-шұлғиды. ДТ қарағайдан қиып жасаған жалғыз шананы әрең сүйреп, қоп-қошқыл түтін бүркіп, арқырайды. Тіке тартқан тау қайқаңы төменде тұрғанда жайпақтау секілді еді, өрлеген сайын биіктеп, құзарлана берді. Нұржан газды толқындата, үзіп-үзіп басып, қиялай тартып, ирек-ирек сызық тастай, аспанға беттеген. Тау басы жеткізер емес. анда-санда тіркеудегі шананың амандығын тексеріп, сығырайған терезеден артына қарап қояды. Бауыры аласа, ауыр шана қасаттана бастаған жентек-жентек қар жинап, алқымына кептеп үйеді де, қасарысқан немені тапалап, басып-жаншып өте шығады. Сайлау жерге күн сәулесі түспей көлеңке ұйып


жатқан, трактор өрлеген сайын жарықтық күн де биіктеп, тау аласара берді. Сазарған дүниенің тыныштығын трактор даусы бұзып, серейіп, өлімге бойұсынған айнала күрк-күрк жөтеліп, ұйқысынан оянған кәрі шалдай еді. Көксау таудың деміккен демі ызғарлана қойны-қонышыңды қуалайтын. Әлгінде тау табанында тұрғанда ептеп жылымық сезілген, биіктеген сайын ауа да салқындай түсті. Түстіктен ескен қызыл жел бар, бетті қариды. Үш жігіт тау желкесіне шыққанда өре түрегеліп, кабинадан бастарын шығара алға қарады – тағы да дәл осы табандарын тіреп тұрған таудан айнымайтын тағы бір тау тұрған мен мұндалап. Үшеуі бірдей келіскендей ысқырып жіберді де, орындарына сылқ етіп отыра кетті. арып-ашып алдағы асуға ілінгенде сол асудың ар жағында жұмақ күтіп тұрғандай асығып еді, енді міне не қыстау, не ағаш жоқ, жұп-жұмыр жұмыртқа – тағы бір тау қасқаяды. Тау мен адам арасындағы соғыс толастар емес...

– Енді не істейміз? – деді шыдамсыз аманжан. Бақытжан әдетінше үнсіз отыр.

– Білмеймін, – деді Нұржан қажығандай күрсініп. – Жазды күні болса айнытпай табар едім. Қазір бір-бірінен айырмасы болсашы. Жұмыртқа секілді.

– Онда да әр тауықтың емес, бір тауықтың жұмыртқасы, мен үшін ең соңғы тау – осы секілді, – деді аманжан қалтасынан

«Прима» темекісін алып. Енді бәрібір дегендей шылымын асықпай тұтатты да: – Ей, талтаймай, аяғыңды жиып отыршы, қатыныңның төсегінде отырғандай шірейсің ғой, – деп Бақыт- жанның қатып қалған пимасын өзінің тоң болып серейген пимасымен тоқ еткізіп теуіп жіберді. Ол үндеген жоқ, әдетінше бақырайып бір қарады да, аяғын жиып алды.

– Енді не істейміз? – деп Нұржан сұрады. Жауап болмаған соң, тракторды жылдамдыққа салып, газды басты. – Не болса да тоқтамай жүре беру керек.

– Жылжи бергеннің жазасын жағар май таусылғанда тартасың, – деді темекісін құшырлана сорған аманжан. Бұдан әрі ешқайсысы сөйлеген жоқ. ДТ жаңа ғана әзер шыққан алып таудан төмен қарай сырғып, құлай бастады. Теріскей жағында ұра-жыра бар, оқта-текте тас кездесіп, бұра тарта берді. Нұржан енді андағайлап, газды басқанды қойып, сақтыққа көшкен. Екі-үш рет шақұр-шұқыр тас тиіп, солқ етіп жыраға түсіп кеткен соң, жылдамдығын азайтты. Таудың орта беліне


келгенде Нұржан өз-өзінен елегізіп, артына жалт қарап еді, тіркеудегі қар сыпырған шананы көре алмады. алғашында өз көзіне өзі сенбей тракторды тағы да баяулатып, артына қарады. Жоқ. Тормозды басып, газды азайтты. Бұдан соң жылдамдықты шапшаң айырды да, жылан бауыр табанға қарғып шығып, келген ізіне қарады. Жүз метрден астам қашықтықта қарға батып жатқан шананы көрді. аузына алғаш түскен сөз:

– Тфу! атаңа нәлет! – болды. Бұл кезде аманжан кабина- ның келесі есігін шиқылдата ашып, шынжыр табанның үстінде ағытылып қалған шанаға түксие қарап тұр еді. Бақытжан қаперсіз қалғып, селт етпей отыр.

– Давай назад! Тракторды шұғыл бұр да, артқа тарт!

– Оны өзім де біліп тұрмын, бірақ сол қияға қайта өрлеп шыға аламыз ба?

– Тәуекел, – деді аманжан, – оған жетер тросымыз жоқ, бәрібір бару керек.

Орындарына қайта отырып, қасат қарды қақ айыра шыр айналып кері бұрылды. Бірақ он қадамнан аса алмай, бір орында итіңдеп шыр айналып тұрып алды. Қанша жан ұшыра ілгері ұмтылғанымен, тіп-тік жалама бет беттетпеді, тайғанақтап қарға адым жылжи алмады. Нұржан екеуі алма-кезек ауысып, рычагты оңды-солды тартқылап, газды өлердей күшейтсе де еш нәтижесіз, бурадай бұлқынып, аш қасқырдай жентектеп қар шашқаны болмаса, бір орында шыр көбелек айнала берген шынжыр табандар.

– Болмайды, беттетер емес, – деді Нұржан.

– Қане маған берші, – деді аманжан алақанына түкіріп.

– Өзің тартпайсың ғой. Газды сен бассаң да, мен бассам да

– моторы біреу.

– Енді не істейміз? – деді аманжан көзі алайып. Сонан соң әлі де ес-ақылдан айрыла маужыраған Бақытжанды бүйірден түйіп қап:

– Ей, қой күзетіп келдің бе, әлде жау түсіріп келдің бе, тым болмағанда ояу отырсаңшы.

– Әкіри, қызықсыңдар, мен бәрін біліп отырмын. Шананы жаяу сүйреп кел дейсіңдер ме? Ондай күш болса осында отырар ма едім, сендерден сөз естіп, – деп мойнын жағасына тыға түсіп, былқ етпестен қалғи берген.

айнала аппақ қар, күн таудың ар жағына сусып түсіп барады. Сай-саланы көлеңке басып, аспан көбең тартқан. Көп


кешікпей келер түннің хабаршысыңдай бір суық ызғар соғып, онсыз да жетімсіреген көңілді кеулейді-ай. Жел кеулеген сайын мұржадан уілдеген үн шығатындай. Не істерін білмей, шарасыздыққа ұшыраған үш жігіт тағы да амалдары әбден таусылып, сәл-пәл үнсіз қалып еді. Сол үнсіздікті аманжанның гүрілдеген жуан даусы бұзды:

– Етекке түсіп, тауды шыр айналып, келген ізімізді қуалай қыр желкесінен келсек қайтеді.

– Әкіри, ол да ақыл, – деп Бақытжан тұңғыш рет пікірін айтты.– Вот башка.

– Сай табаны қандай күйде екенін қайдан білеміз. Қардың асты толған тас немесе сор батпақ болса...

– Қыста батпақ болушы ма еді, әкіри, – деді Бақытжан қарап отырмай.

– Тып-тыныш қалғи бергенің жақсы еді, бекер-ақ ояттым, – деді Нұржан. – Сонау етектегі сиырдың сілекейіндей шұбырған буды көрдің бе, сол жерде қардың астында қатпай жылып ағып жатқан бұлақ бар. ал бұл жақтың бұлағы қыстыгүні де батпақты келеді, өйткені қар қалың түседі. Былайша айтқанда, үстінде көрпесі бар, су миым, – деді аманжан.

Бақытжан: – Ұлы мәртебелі мырзам, құлдыққа бас идік, өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Келген жолымен кері орала алмай кешті батырды. ары тарт, бері тартпен өзара керісіп те алды. Шапшыма тауға қарсы салған трактор «менің шамам жетпейді» дегендей, тұрған орнынан тырп етпестен шыр көбелек айнала берді, айнала берді. айдала аппақ таудың бауырында арпалысып, күресіп жүрген үш жігітті мазақтай күліп, күн ұясына бағана кіріп кеткен. Ендігі мезетте ымырт үйіріліп, қас қарая бастап еді. Әуелі оңтүстік шығыстан жалғыз жұлдыз туып, тау-таудың шығыс жақ жиегі ағараң тартқан. Бүгін ақпанның орталаған кезі, жарықтық ай дүниені ақ нұрға бөлеп тұрған әдемі шағы еді. алыса-алыса әбден дымы құрып, амалы таусылғандай үш жігіт енді өлмес күннің қамын ойлаған. Ішкері жақтың түкірік қатып түсер сақылдаған сары аязы буып, аппақ дүниенің жалмауыз түні иектей бастады. От жағып жылынайын десе, жуық маңайда тіс шұқыр ағаш жоқ, өңкей бір жұп-жұмыр тақыр тауларға қарап тұрып қарның ашып, қасқырша ұлығың немесе ботадай боздап жылағың келеді. Әлемнің осыншалық қатыгез, жанға жат, тәнге салқын сезілуі – жиырмадан жаңа ғана асқан үш бойдақты


ал дегенде жасытып тастады. Еш айла-әрекетсіз болдырған пішінде сұлқ отырды: әлдекімді жазғырды, әлдекімге кіжініп, балағаттады. Трактор зірк-зірк етіп екі иығы селкілдеп жұмыс істеп тұр, бір қалыпты гүріл, ыңқылын тыңдап отыра берсең от алып емес, жылағандай қай-қайдағыңды есіңе салады; көңіліңді шабақтап, жанарыңнан жас тамады, жанарыңнан тамған жас қар бетіне мұз моншаққа айналып түсер еді, бойдан жылу, жүректен жігер біртіндеп сусып қаша бастағанда арғы дүниеге армансыз аттанып-ақ кетер бұйығылау әрі шым-шым жылымық нұр себелеп, ұйқың келе бастайды екен. Бірақ мынау ақ қар, көксіреу мұзды тауда өмір бақи да ұйқыға жеңдіруге болмайтын еді.

– а... а... а... у... а! – аманжан қақ маңдайынан әлдекім салып қалғандай айғай салып, орнынан атып тұрды. Төбесін кабинаға жаман соқты. Оқыс дауыстан ана екеуі де шошына өре түрегелген. Дәл осы жолы «неге айқайладың, жын ұрды ма» деп ешкім айыптаған жоқ.

– Сен бақырып жібермегенде осы отырған қалпымызда қатып қалады екенбіз,– деді Нұржан күліп.

– Жаңа ғана көзім іліне беріп еді... Әкри, қояншығың бір басылмады-ау, – деп күңкілдеді Бақытжан.

– Не істейміз? – деді аманжан есін жиып. – Тілімді тістеп алғанымды.

– Өздерің біліңдер... менің міндетім ере беру, – деді Бақытжан есінеп-құсынап.

– Сен немене, көшке ерген итпісің? – деді Нұржан.

Сонау қарсы жақтағы аппақ таудың ар жағынан ыңырана көтеріліп, бұп-буаз ай туып келе жатты. Әлгінде ғана ымырт жабылып, кеспірі кете бастаған қысқы өлке тілмен жеткізгісіз күміс нұрға шомылып, сиқырлы да сайқал қылықпен жарқырап- жайнап түрленді-ай. Сол сүт дүние ақ шаңқан әлемнің арғы бір түкпірінен сыңсыған, қорлана жылаған үн келетіндей, талып-талып әрең жететіндей. Дәместем күрсініп, дәместем жөтелген бұлың-бұлың тау қоршауында қалған үш жігіт қаз- қатар шынжыр табанға шығып, туған айды жалқы сәт құмарпаз көңілмен қызықтап қалғандай қасқая қарсы алып, серейіп тұрысып қалған.

– Осының бәрі бекершілік, – деді аманжан ауыр күрсініп.– Бәрібір баяғыдай емес, онда жаз еді ғой... Оның не айтқысы келгенін, тіпті не ойлағанын қалған екеуі ұққан да, ұқпағанын қайырып сұраған да жоқ.


– мұндай әдемі көрініс енді қайталана ма, жоқ па, кім білсін. Қане үшеуміз де анамызды еске алайықшы,– деді Бақытжан жыламсырап.

аманжан: – Неге анамызды ғана...

– Басқа кіміміз бар. Ұлы ұрыстың ұрлық ұрпақтарымыз. Үшеуінің де құлағына: «Тоңып жүрсің-ау, құлыным», – деп шешелері сыбырлағандай болды.

– Қандай тамаша, – деп елеуреді Бақытжан осынау ақ шаңқан айлы түнге шын сүйсінгенін жасыра алмай. Оның жүрегі өз-өзінен толқып, белгісіз бір жағалауға шақырғандай- тын. – рас, айтамын, достарым, айналаңа қарашы, ғажап емес пе? Әдемі емес пе? Ертек сынды дүние. ақ боз атқа ақ шана жегіп, мынау кілегей қардың бетімен ағызар ма еді... Әттең...

Өмір бойы қалғып отыратын жолдасының оқыстан оянып кеткен көңіл толқынын түсінбеді ме:– Сенен осындай сезімталдықты күтпеп едім, – деп Нұржан ағынан жарылды.

Бақытжан: – Бетперде ғана, шын адам соның ар жағында, деген екен бір данышпан.

Аманжан: – Сенің ол данышпаның оттаған екен, ендеше.

«адам бір боқ көтерген – боқтың қабы»– деген біздің абай ақсақал. – Жөтел булықтырып, тамағын кенеп алды да,– бәрі бекершілдік. Бүгін алдасаң, ертең – алданасың. Баяғыда... мүлдем басқаша еді ғой. Ол шақта жаз болатын. ал мен уыздай жас едім,– деп жұмбақтылау күрсінді.

Бақытжан: – Қазір қартайып тұрсың ба? Бар болғаны жиырма үштен астық.

Аманжан: – Иә, достарым, біздер бос шана сүйреткен, сондықтан жасына жетпей қартайған сақалы жоқ шалдармыз.

Нұржан: – Балалықтың базарлы күндерімен жылап қоштасқалы қашан.– Ол да әсерленіп, көңілі бір түрлі алабұртып отыр еді.– Шынында да, баяғыдай емес... бір түрлі жанға – жат, тәнге – салқын.

Бақытжан: – мынау аппақ дүние... Сұп-суық.

– Бақытжан: – Кімдерге – суық, кімдерге – ыстық, өмірге өкпелеуге болмайды.

Нұржан: – Ендеше, тракторды сөндірмей болмайды...

Бақытжан: – Неге?

Аманжан: – Біздің түбімізге жетіп, шашымызды ағартатын сенің осы «неге?» – деген сауалың шығар.

Бақытжан: – Өмірдің өзі осы сұрақтан тұрмай ма?


– Жанармай таусылып қалса, ертең мынау ит өлген жерден шыға алмай, сеспей қатпаймыз ба?– деді Нұржан.

– мен де бекер сұрап отырғаным жоқ. Осы бірдеме айтсам, шаптарыңа шоқ түскендей, тулайтындарың не? моторды өшірсек трактордың суы қатып қалмай ма?. Содан соң радиа- тормен мәңгілікке қоштаса бер. ал радиатормен қоштасқаның

– өміріңмен қоштасқаның. – Бақытжан ана екеуі аузын ашса тағы да дауласайын деп, іштей ширығып дайындалып еді, олар үндемеді. Өйткені Бақытжанның «таптым» деген логикасы бұлар үшін әлімсақтан белгілі қарапайым нәрсе. Ендеше, бас қатырып, дәлелдеп қайтеді... Басқа ғой жандарын қинап отырған... басқа-суды ағызарлары сөзсіз. Бірақ ертең қалай қыздырады тракторды, радиаторға құятын ыстық суды қайдан алады?..

Шарасыздықтың торына қайта қамалып, асығыс көтеріл- ген айдан жылу дәметкендей телміріп біраз тұрды.

– Ура! – деді Бақытжан теріден тігілген биялайын бір-біріне ұрып. Өзі жерге ұшып түсе жаздады.– Ура! ананы қараңдар. От көрінеді.

Ол нұсқаған жаққа жалт қарасып еді, сол бүйірдегі аласалау таудың иығында бір нәрсе жылтырап жанып тұр екен. алғашында шынымен от екен деп ойлап қалған, от болған күннің өзінде тым-тым алыста еді.

– От емес,– деді аманжан саспай,– таудың көк желкесінде қай ағайының қазан асып жатыр еді. Жұлдыздың шеті.

мылқау үнсіздік қайта басты. Тек ДТ-54 қана дамыл таппай зіркілдейді. ақшарбыланған айналадан өлімнің суық иісі сезілгендей бір түрлі қорқынышты, самсап шыққан жансыз жұлдыз, қиналған, азап шеккен адамзат үшін осыншалық пайдасыздығын сезінгендей жасқана жымыңдайды. Нұржан ақ түс – сәулені тұңғыш рет өлердей жек көрді. Бойын ептеп қорқыныш билеген. Ол осалдығын жолдастарына сездіргісі келмеді. Сол секілді ол алғаш рет қарнының ашқанын сезінді, жылы төсек, ыстық сорпаны сағынды, жұтқынып барып өз әбестігін жөткірініп жасырды. ат жалын тартып мінгеннен бері жақсы менен жаманның, ақ пен қараның екеу арасына шекара қойып көрмеген ұлан өмірдің тауқыметі үлкенге де, кішіге де ортақ, бас та, жас та талғамайтын оспадарлығын әрі әділдігін бағамдаған. Бағамдап тұрып, әр нәрсе өз тұсында керемет екеніне ой көзін жіберген. Соғысқа барып бір құлағын


беріп қайтқан бригадир Қадыл қанша рет жер-жебір, жекен суына жетіп ұрсып еді-ау. айтары жалғыз сөз болатын:– Біз не көрмедік, жаумен алыстық. Жамбастан сыз, аяқтан ызғар өтті. Жоқшылықтың зардабын тарттық. Иә, біз не көрмедік. Кейінгі жастар ғой мұңсыз-қамсыз, күнде ойын, күнде той, еркелеп- есіріп жүріп жатқан. Енді ойлап тұрса, онысы бекер, әншейін бая-шая байбалам екен. «Біз не көрмедік? Ендеше, мына біз не көрмедік? Ендеше, мына біз, бейбіт өмірдің сіз көзге шұқып, жазғыра берер ерке ұлдары не көрмедік? Қайда қиындық



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.