Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 21 страница




көңілді, сергек сезіндік, үй иесі әңгімешіл адам екен, ауыз жап- пай сөйлеп отыр; сырттан ат дүбірі естілді де, әлдебір әннің әуенін ыңылдап, әлдекім кірді үйге; ол күпәйкесінің жан қалтасына қолын салған күйі босағаға сүйеніп, қалт тұрып қалды; сымдай ғып киіп алған қара шалбар, басына ораған жұқалтаң қызыл жаулық, күпәйкесінің жағасынан әнтек көрінген ақ кеудешенің жағасы – бәр-бәрін сұмдық шапшаң әрі тінте шолып шықтым да от қызуы мен ондық шамның сәулесі нұрландырған жүзіне үңілдім; білмеймін, мүмкін, қымыз қыздырып, көзім бұлдырап отыр ма, әлде ес білгеннен бермен ойша қиялымнан, әсіресе алдағы күндерімнен толассыз іздейтін, бірақ ол не – адам ба, періште ме,– өзім де сезініп білмейтін жұмбақты бейне, сағыныш дейтін буалдыр сағымның арасынан жалт еткені ме; аса тұрпайы, әрі жалынышты көзбен қарасам керек; екеуміздің де жанарымыз жалт етіп, былайғы жұрт есін жиып алғанша қарасып, һәм іштей ұғысып та үлгердік; маған оның еш аламанға ұқсамайтын табиғи дидарына енді бір қарауды жазбапты; әкесі – ақбілек, қымыз ішіп ал да, жылқыны Ешкіөлгенге бұрып жібер, – деді; ол қымыз ішкен жоқ, үндемеген қалпы оқыс бұрылып шығып кетті; мен жаңа ғана жасқанып кеткен кірпігімді қайта көтергенімде босаға бос тұрды; бірақ ақбілектің бейнесін ойша елестеттім: маған ол сол босағада қолын қалтасына салып, әлі тұрғандай сезіледі; маған ол дүлей таулардың ортасында нажағай отымен түскен көк жасынға, жүрегімді ұстарамен тіліп өткен қасапшыға ұқсады; неге екенін білмеймін, оны да, өзімді де, тіпті тіршілікшіл әлемнің басы толып, жүрегім айныды; жылқышының әйелі айтты: ақбілек оқуға түсе алмады, сосын әкесіне қолғабыс жасап жүргені ғой:

«Оқып керегі не деп ойлаймын,– оқып керегі не», егер мен оны осына жайлаудағы қымыз иісі аңқыған киіз үйдің босағасынан емес, қаладан: парктен, театрдан, биойнақтан көрсем, дәл осыншалық тәтті мұңмен әсерленіп, дәл осылай сұлу күйінде елестете алмас едім; мен оны тіпті басқаша көруге құштар емеспін, онда ол бүкіл таңғажайып жаратылысынан айрылып, үстіне күпәйке емес, әшекейлі жалтырауық көйлек киген сайын жарасымнан жұрдай боп, бетіне опа жаққан сайын қартаятын – сонсоң масқара бұзылып, күнәға бататындай еді; «оқып керегі не, оқып керегі не», бірақ мен мынаған да өкіндім: табиғаттың таза сұлулығын, табиғат өз уысынан-ақ шығармайды-ау, ал көп әдемілікті біз, болмаған соң, қолдан жасаймыз;  ақбілектей


қыз, бәлкім, жүз жылда бір-ақ рет туар, әттең, соның өзінде байқамаймыз, не ескермейміз – тағы таудың арасында таса- ланып қалар; мәңгіге ұмытылады; қимайсың, қиналасың – дәрменің жоқ, дәрмен бар-ау, көзді жұмып көлге секірер ерлігің болмаған соң осылайша санамен ғана сандалып аялайсың... аялайсың, керегі не осының... сонсоң, сорлықлықтың бәрін табыстырмас тағдырға телеміз; жылқылы ауылдан ұзап, қалың қарағайлы өңкейген жотаны аса беріп, сонау Ешкіөлгеннің баурайынан сыңсыта шырқаған ән құйылды құлаққа! ал мен ақбілектің әнін тыңдап, ойға шомдым; ал жол серіктерім түнгі әнге әрі-бері құлақ түрді де, бірі «Жылқышының қызына зоотехник қырындап жүрген көрінеді», – деп еді, екіншісі: «Ол иттің әйелі, екі баласы бар емес пе», – деді әлденеге өкінгендей кейіспен; сосын екеуі де терең күрсінді: аспанға қарадым: жап- жарық секілді, қаланың бір өшіп, бір жанған сансыз оттарына өте ұқсайды екен; жұлдыз ақты: Ешкіөлгеннің ар жағына асып, ал қараланып жатқан қара жерге қарс кіріп кеткендей болды; маған жұлдыздар жауып тұрғандай сезілді; аузымды аштым, алақанымды жайдым – дарымады, жаздың жанға жайлы жұмсақ түні болса да қалтырап, тоңази бастадым; Ешкіөлген жақтан естілген ән бәсеңсіп, арқырай кісінеген айғыр даусы тау-тасты ұзақ жаңғырықтырады-ай... «Зоотехник қандай адам екен? Жоқ дегенде осының да бақыты бұйырмады-ау» – астымдағы атты қамшымен сауырлап салып жібердім – жазықсыз сабадым...

Қара көк аспан гауһарға малынып тұр.

амалым не, менен алыс... менен алыс нәрселер көп, бәр- бәріне қолың жете бермейді. Жан дүнием ән салып тұрарын былайғы жұрт біле ме, тоң мойын, ұр да жық деп ойлайды. ал мен қысастықпен әдейі істеймін, ерегесіп істеймін... ерегесіп... қандай рақат жай... жылы дүние... жылы-жылы... Құдай-ау, сол жылқышының қызы қайда? Тағы таудың арасында мәңгілікке адасып қала ма? мынау сай-сүйегіңді сырқырата салған ән, сол қыздың мұң-зары болмасын... Әне, жерошақта маздап от жанды. ыстықтадым... Әне, ол маған сапырып-сапырып қымыз құйды... Неткен жылы дүние... адам тоңғанда ғана жылынады екен-ау... рақатын-ай... ыстығын-ай...»

Қайда көз салсаң да, сеңдей сірескен, қасаттана қатқан суық дүние...

Бақытжан да көз іле алмады.


Ол енді былтыр қалада қалып қоймай, ауылға бекер оралғанына өкінді, иә, сонда қалып-ақ қоюы керек еді... Бекер оралды ауылға... Онда қоңыр күз еді... Бекер оралды ауылға... бекер...

«ағыл-тегіс адам-ағыс.

арпалысқан адам-ағыстың ортасындағы биойнақ қайран- дап қалған кеме секілді; кеменің үсті толған тағы да адам, быжынаған жастар; бақтың даңғарадай дарбазасынан кіре сала-ақ ілгерінді-кейінді сабылған жүздеген қыз-жігіттің ортасына түсіп, әп-сәтте басың айналып, есіңнен ауысар едің, әлдеқандай желік пайда болып, шаршы топтың ортасында бәстестердей елігер едің; төбеңнен төнген сансыз шамдар көздің жауын алса, «чачалаған» ышқынды музыка үні құлақ тұндырар; барын киіп, бақанын қолына алып шыққан қыз-жігіт жаздың мол-мол қызығы ағаш жапырақтарындай мінтеліп, күздің сұрғылтым жуас күндеріне ойыса бастаған соң, мейлін- ше ұтып қалуға жанталасқан сыңайлы; сәулесімен жарқыраған көздерден жастықтың оты ұшқын атқанымен, ептеп суық сорып бозарған беттер бәрі бір қоңыр күзді еске салады; оқта-текте теректің сап-сары жапырағы қалбалақтай ұшып, оны әркім жерге түсірмей ұстап алуға тырысады; осы көрініске қарап тұрып, жас шіркіннің бүкіл сән-салтанаты сұр бұлт, қыраулы ызғардан қашып келіп, мынау аядай баққа жасырынғандай әсерде қаласың; әр ағаштың түбінде үйір құрып, шылым шегіп тұрған ақ шалбар, қайыс белбеу бозбалалардың тоқ күлкі, дарақы дауыстарына сыңғырлаған әдемі күлкі араласады; самаладай самсаған электр шамы аспан барын, сол аспанда сансыз жұлдыз барын ұмыттырған; адамдардың осыншалық мол болып көрінуі – бақ аядай тар еді, есіктен кірген бетте би алаңын айналып өтесің де, әлгіндегі орныңа қайта келесің, осылайша шыр айнала бересің, айналған сайын жаңа таныс тауып, әрі-беріден соң жүз танысың көбейеді; менің бұл қалаға оқуға түсуге келгеніме көп болған жоқ, үшінші күн; сондығы болар, бәрі бейтаныс, жұрт не істесе соны істеп, биойнақты бір-екі рет орағытып та үлгердім; биге зауқым жоқ, байқамай біреудің қызын шақырып қойсам, тәртіпсіз ұлдар сабап та жіберуі ықтимал ғой, сонымен он шақты рет айналған соң, осы ермектің өзі мезі етті, ал жергілікті жастар жалыға қоятын емес; менің бір байқағаным, менен өзгенің қай-қайсысы да екі- екіден, үш-үштен қыдырыстайды, тек анау бір қолында


шиыршықтап ұстаған қолшатыры бар қыз ешкімге жуымай, ешкім жуымай, адасқан қаздай сыңар жүр; әншейінде өзінен сұлуырақ құрбысын көргенде қипалақтап қалар қыздар да, қызылды көргенде қызынбай тұра алмайтын жігіттер де оқшау жаратылған асқан көркем анау бір тотыны елемеуі, тіпті қағып- соғып көз қырын да салмай өте шығуы мені қайран қалдырды; сәулелі шамның саулаған нұрымен тайталасқан келбетті дидар. Қолдан соққандай қиқы-шойқысыз әсем мүсін, келісті де кербез жүріс, әсіресе шырадай жанған қайқы кірпікті шуақты көз – періштенің өзін де жолдан тайдыратындай-тын; адам ағыстың толқынында аспай-саспай бөлекше жүзген қоңыр-қаз іспетті; не бір қатыгез, қайырымсыз адам, не бір қайғы жұтқан қасіретті адам ғана дәл осылай – дүниедегі қызықтың бәрін тәрік етіп қу бас болып қалмақ; мүмкін, аяғының мүкісі, бетінің тыртығы бар шығар, сұлулық дегеннің өзі көңіл күйге, сезініп-түйсінуге байланысты шарттылық қой, жо-жоқ, мүлдем басқа... Жұмбақ жаратылған жан екен... мен мынадай ойға келдім... өз сұлу- лығымен жұртты тәнті қылған, бұлдай білген және өзіне тең таба алмай, осында жүргеннің бәрінен жиіркенген, тым-тым биіктегі – қол жетпес құздардағы еңліккүл; жігіт-желең әрі- бері жанталасып иектейді де, шамасы мен өрісі жетпейтінін білген соң, бос әурешілікті қояды; ал ол одан сайын асқақтап биіктей береді, осынау жайнаған келбет, жарасымды кер- бездіктің кермиығына ер салар, құзарына қол салар ер жүрек

«альпинист» жоқ бұл қалада! Олай болса, көп үміткерлердің бірі ретінде неге тәуекел деп тас жұтпаймын; қыз деген халық бейтаныс жігітке үйірсек болмаушы ма еді... Түсіріп-ақ кетермін... мына тұрған шөп желкелердің өзегін өрт жаласын; бұған дейінгі бар тәжірибемді жинақтап, сымдай боп киліктім:

«Қарындас, жалғыз неге жүрсіз, қасқыр жеп қойса қайтесіз»,– бұл тауып айтқандағым еді; ол үндеген жоқ, итпісің, кісімісің деп бетіме де қарамады, томаға-тұйық, ауыр ойға берілгендей асықпай-саспай аяңдайды: «Қарындас... а... қарындас, танысып қоялық, есіміңіз кім?» – Ол ләм демеді, отты жанарына ақыл ұялап алысқа қарайды; шулы дүниеден бөлінген мақау кейіпте; мен жарбаңдап үш рет ере айналып шықтым биойнақты, бірақ бәрі бос әурешілдік, танымайтын көшке ілескен адасқан күшіктей аянышты халге түстім; өз-өзімнен ыңғайсызданып іштей ұялып та келемін; ал дегенде бойымды билеген есер сезім, ұшқалақ ой қыз жанында қадірім қашқан сайын берекесі


кетіп, мөңіреп жұртына қайтып, шым-шымдап ақылға ұласты; енді мен де үн-түнсіз оған қосылып алып айнала беруге бел байладым; бағанағы өз бетімен лағып жүрген қыз-жігіттер жапа-тармағай бізге назар аудара бастады, бір-біріне ымдап- нұсқап, кейбірі күліп, кейбірі басын шайқасты; мені бұл жағдай қатты қуантты: «тіл табыспасам да, ерке қыздың жанына еріп жүруімнің өзі ерлік емес пе», жігіттер маған емес, мен жігіттерге, олардың дәрменсіз ынжықтығына күлдім; бесінші рет айналып бара жатқанымызда жұмбақты сұлудың тілі шықты: «бекер әуре боласыз, бекер...» – оның үнінде сенімсіздік пен жатбауырлықтың жүрек суытар салқыны бар еді, бірақ сонда да өркөкірек желіктің әупіріміне басып, төбем көкке жеткендей қуанышты үнмен: «мен Сіз секілді біреудің үкілі ботасымын, сырт көзден ұят қой, жерге қаратпай ілтипат білдіріңіз» – деп сайрадым; әттең, осындай тәкаппар адам болады екен-ау, жұмған аузын ашсашы; біз тағы да үнсіз аяңдап келеміз; мен болмасам оның жалығатын түрі жоқ әзірге; жұрт тарқауға айналды да, жұмбақ қыз шығар есікке беттеді; мен сонда да қалмай, қосарлана жөнелдім; есіктен шыға бергенде бір бұрыштан қарқылдаған қатты күлкі естілді; мұның екеуміз- ге бағышталған аяр күлкі екенін білмедім, білсем де: өздері- нің қолы жетпеген соң қызғанады, – деп ойладым; қыздың қапсарынан қалмай, үйіне еріп келемін; ол бағанағы бір сөзден соң қайтып үндемеген; аспанға қарады, солай ұзақ жүрді; мен де көкке телміріп, жанымдағы қыздың жан сырын ұғуға арпалысып келемін; өтірігім бе, шыным ба, күні бүгінге дейін білмеймін, лекітіп келген жүрек толқуымды жасыра алмай сөйлеп-ақ жібердім: «айнам, Сіз ал қара аспанды нұрландырған жұлдыз сияқтысыз, бірақ тым алыстасыз, сондықтан да сұлусыз, қадірлісіз; дегенмен, адамның қуаты жетпейтіннің бәрі-бәрі керемет емес қой; неғұрлым адамзаттан алшақтасаңыз, солғұрлым көзден тасаланып, тіпті ұмытыласыз, сонсоң асылдың өзіне күмән келтіре бастамақпыз; қаншама тағыланып, ел-жұрттан жерінсеңіз де, түбінде айналып табар қазығымыз бар ғой; жалғыздық құдайға ғана жарасады дейді, қоса ағарар қосақ таппай жер қойнына кірем дейсіз бе, әйтеуір, біреудің жары боларыңыз хақ; мүмкін Сіз өмір бойы іздеп келген немесе іздеп өтер елес адамыңызды ренжітіп келе жатырмысыз, мүмкін, ол адам – мен болармын, ойланыңызшы, осы қылы- ғыңыз үшін ғұмырлыққа өкініп өтпейсіз бе? Білемін, қыздар,


әсіресе қазақ қыздарына салиқалы, салмақты, әм кербез де керім болу керек, бұрынғы өткен апаларымыздың осы бір қасиетін жойып алмай, жаңғырту керек те шығар, түсінемін, бірақ мен Сізді түсінбеймін; Сіз, айталық, мұзға қатырған тірі гүлсіз, енді жүз жылдан соң мұзды қайта ерітіп, тіршілікке қайта қосу керек шығар, құдая, оған менің дәтім, жасым жетер ме; Сіз, айталық, түн аруы ай-ақ болыңыз, құдай-ау, оған да адам қонып жатыр емес пе; Сіз, айталық, ауру болыңыз, құдай- ау, мен ондайдан безер ме екенмін, қайта бұрынғыдан әлдеқайда аялап, бауырыма алмаймын ба, соның өзі жақсы; Сізді мен алақаныма салып ардақтап, жұмыр жерді шыр айналып емдетер едім, осылайша шаршаудан махаббаттың сарқылмас қуатын, жалықпас ләззаттын алар едім; Сіз, айталық, менің жарым бола қалсаңыз, егер бірге тұруға келіспесеңіз, некелесіп алып ауылға аттанайын, сөйтейін, айнам, алыстан сағынысайық, сосын алаулы қимастықпен еңіреп қайта табысайық; байқаймын, Сіз мені жоғалтып аласыз; «жоқ, Сіз мені жоғалтып аласыз, жетер енді, бәрі бекершілдік!» – деген дауыстан селк етіп есімді жисам, қыз өз үйінің баспалдағында тұр екен; сосын жалт бұрылды да, үйіне кіріп кетті; мұң қабыздаған бота көзінде бір тамшы жас бар-ау... жүріс тоқтап, кісі аяғы басылған тыныш көшемен сырп-сырп аяңдап жалғыз қайттым; бағанадағы шамдар әуе жұлдызымен тайталасады; анда-санда мен секілді жалғыз-жаяу кезігеді; күздің сызы қойнынан кіріп, балақтан шығады; аспанға қараймын: жұлдыздар бейне жауып тұрған сияқтанады; аузымды аштым, алақанымды жайдым – жоламады; жұмбақ қызды іздеген көңіл осылайша жападан-жалғыз мәңгі шексіздікке жүре бергісі, жүре бергісі келеді...

Ертеңгі күні кешке баққа тағы келдім, кешегі мінсіз сұлуымды – өзімнің ғана тәкаппар аяулымды жолықтыруға аңсарлымын; дарбазаға жақындай бергенде быжылдап жедел жәрдем келді де, аппақ боп сұлаған қызды көтеріп сала берді; бұл – жұмбақ қыз еді...

– малика ғой, байғұстың талма ауруы жазылмай-ақ қойды,

– деген дауыстар күз желіндей ызыңдап күні бүгінге дейін құлағымнан кетпейді... Бірақ мен оны ұмытуым мүмкін емес еді... Әне, ол жалғыз өзі мен білмейтін, бірақ, әйтеуір, түбі бармай қалмайтын қара түнек сапарға аттанды...

ағыл-тегіл адам-ағыс.


Қарасаң бас айналады... мен сол уақиғадан соң, ол қалада қала алмадым... Содан бері көзімді жұмсам болды, аппақ қылып сұлатып, сол қол шатырлы сұлу қызды жедел жәрдемге салып жатады. Өз-өзімнен шошынып, көзімді ашып жіберемін. ал қазір оны еске алу тіпті де қорқынышты емес, ол мені әне қол бұлғап шақырады.

Әне, ымдап шақырады, артынан ере бергім келеді. Қандай рақат, жып-жылы дүние... жып-жылы...

Екі жолдасым мені ылғи ұйқтап отырадыға жориды, ал мен тіпті де қалғып емес, жо-жоқ, көзімді жұмып, қол шатырлы қызды есіме аламын, өйткені оны шын сүйіп едім, бұйырмады... қандай жылы, ыстықтай бастадым, маздатып от жаққан кім? Құдай-ау, біз қайда жатырмыз осы... ыстықтадым...»

ал қара аспандағы ай өзінің қызуы жоқ нұрын қаншама саулатып төккенімен, алтайдың қырық градус суығы қыл- қындырған қарлы өлке, тас болып қатқан қалпы, ешкімге керексіз қор күйді бастан кешіп, мәңгі тыныштықтың құшағында тырп етпей өліп жатыр еді. Жарықтық ай да қатып қалғандай, кеңістікті шарбылаған аяз ауаның ар жағында, тұтқында тұр. аппақ түн қаншалық әдемі болса, соншалық қатыгез суық еді. «Көретініңді көрмей, көрге кірмейсің», – деген сөз тегі рас екен, қар іннің ішінде серейіп ұйқылы-ояу, маужырап, тоң теріс жатқан үш жігіт ұйқыға жеңдірмейік деп ой таусағанымен, біртіндеп барып, ұйқы-дұшпанның қойнына кіре беріп еді. Өлі мен тірінің екі арасында тербеліп, дел-сал халде жатқан... Құдай-ау, өңдері ме, әлде түстері ме... аппақ киіз үй... аппақ... төр алдындағы төсекте мамыққа оранып, рақатқа кенеліп жатыр екен дейді. Ортада – жерошақта лаулап от жанады... Тозақтың оты ма, жұмақтың оты ма белгісіз... міне, есік сықырлап ашылды да, қолдарына шырақ ұстаған екі қыз кірді. Үстеріне қара жамылған... Бірі – жылқышының қызы, екіншісі – қол шатырлы қыз. Дәл осы, осы мезетте соншалықты жұмбақты, соншалықты сиқырлы әуен естілгендей болды. Тәңірім-ау, өндері ме, түстері ме?..

Жылқышының қызы бір басып, екі басып жақындап келді

– аманжанның дәл жанына келді. Қолынан тартып тұрғызды. Жігіт мең-зең.

«Тұр, жаным, басыңды көтер, – деді жылқышының қызы.

– Саған айтар сырым бар». – Таң-тамаша қалып, қыздың бетіне қараған аманжан: – «айта алмайтын шындығы, аша бермес


сыры болмаса, адам несіне жер басып жүреді, – деді таңырқап. Сонда ғана, енді ғана танығандай. – Құдай-ау, сенбісің шыны- менен».

Қыздың оттай жанған саусақтары бетіне тиді, ептеп сипады:

«менмін. Біз екеуміз бар сырымызды, бар шындығымызды айта беруімізге болады. Шын ғашық адамдар тек арғы дүниеде ғана қосылады».

Аманжан әлі аң-таң: «Сонда қалай? Біз жер астында жүрміз бе?»

Жылқышының қызы: – «Иә, жер астындамыз...»

Аманжан: – «Сен қашан келдің бұл жаққа?»

Жылқышының қызы: «Зоотехник алдап, абыройымды төккен соң...»

Аманжан: – «Біліп едім, сезіп еді жүрегім. Есіңде ме?..»

Жылқышының қызы: – «Иә, бәрі есімде».

Аманжан: – «Ол кезде жайма-шуақ жаз еді...» Жылқышының қызы: – «Қыс жер үстінде ғана, жаным.

мұнда жаз. Жер астына қар жаумайды. мәңгі жылылық». аманжан есеңгіреп, қара көйлекті қыздың құшағында былқ-

сылқ отыр: – «Біз өлікпіз бе?» – деп сұрайды. Жылқышының қызы оны аймалап, мұз болып қатып, жансыздана бастаған бетінен сүйеді.

– «Жоқ-жоқ, жаным, біз мәңгі тіріміз. Өйткені біз ғашықпыз бір-бірімізге... ғашық жандар өлмейді. ромео мен Джульетта, ләйлі-мәжнүн, Қозы мен Баян, бәрі-бәрі – жер бетінде арма- нына жете алмағандардың барлығы осында...»

аманжан қыздың сүйемелдеуімен орнынан тұрады: – «Олай болса... соларға барып қосылайықшы». – Екеуі қол ұстасып, киіз үйден шығады. Тәңірім-ау, қайда барады, қайда?! Өңі ме, түсі ме?..

Киіздің дәл төріне салынған құс төсекте, үлде мен бүлдеге оранып, рақаттың алтын бесігінде тербеліп жатқан Бақытжан осы жиырмадан асқан жасына дейін осыншалық керемет бақытқа кенеліп, осыншалық жұмсақ та жайлы мамық төсекке жатпаған шығар-ау... Шалқасынан түсіп, сойған қой терісіне оранып, буланғандай балбыраған... Дүниеде ең қимасы ұйқы еді, оның да күні туып, құдайы бір жасады. Бас жағында тотыдайын таранып, маңдайын алақанымен сипап отырған ару

– баяғыда қаладағы күзгі паркте жолықтырған қол шатырлы қыз – малика екен-ау, қандай рақат...


– Тұр, басыңды көтер. Бұл менмін ғой. Танымай қалғаның ба, қол шатырлы қызбын ғой,– дейді мұздай бастаған бетіне ернін тигізіп.– Сені ертіп кетуге әдейі келдім, жаным.– аймалап, басын сүйемелдейді. Бақытжан таң-тамаша.

Бақытжан: – «Тәңірім-ау, өңім бе, түсім бе? мен қайда жатырмын. Не деген ыстық дүние... үй ме бұл?»

Қол шатырлы қыз: – «Бұл – Жер-ананың ыстық құшағы. анаң да қара жер, атаң да қара жер... жер...»

Бақытжан есіне әлдене түскендей: – «Иә, иә, сені жедел жәрдем алып кеткен».

Қол шатырлы қыз: – «Жедел жәрдем мені осында – жер асты еліне әкеліп тастаған... мәңгілікке әкеліп тастаған. Ол шақта сарғайған күз еді...»

Бақытжан: – «рас, күз болатын, қазір қыс. Суық. Бірақ ыстықтап отырмын».

Қол шатырлы қыз: – «Бұл елде күз болмайды... Өйткені біз жер астыңда жүрміз... мәңгі жылы жүрміз. Енді сен ешқандай тоңбайсың... Жүр менімен, – адал сүйетінің рас болса, ер соңымнан».– Жас ботадай буын-буыны дірілдеп, тәлтіректеген Бақытжанды қолтығынан сүйеп жетелейді.

Бақытжан: – «Қайда, қай жаққа барамыз?!» – Жүрексіне тартыншақтайды.

Қол шатырлы қыз: «Сұрқай күзі, суық қысы, сұмдық адамдары жоқ, ғашықтар елі, махаббат патшалық құрған

– о дүниеге... Жер бетінде бір-біріне қосыла алмаған ромео

– Джульетта, ләйлі – мәжнүн, Қыз Жібек – Төлеген, барлығы сол жақта».

Бақытжан: «Сонда қалай, біз де өлікке айналамыз ба?»



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.