Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 16 страница



– Өй, өңшең ғана қоян жүрек қорқақтар! – деп, тісін шақыр- шұқыр от шығара қайрады да, білегіндегі сағатын шешіп шалға шырқатты. анау ет қақшыған төбеттей қағып алып еді. – Итке де темірдің керегі болғаны да... Трактордың суын ағызбайық деп айттым бағана. Енді, міне, жалмауыз шалдың тұтқыны болып, аждаһаның алдындағы көжектей жаутаңдап отырға- нымыз. Бұл дегенің нағыз қоңқайшылдық.

Шал елең етіп қалды. аманжанға тесіле қараған күйі қолындағы шошайтқан мылтығын сусытып төмен түсірді.

– Шырағым, «қоң-қай» деген сөзді кім айтты саған? – деді аса бір таңданыспен.

– Шешем айтып отыратын. Ертеректе бір Қоңқай атты оңбаған адам өмір сүріп еді деп...

– Шешеңнің аты кім еді?

– Онда шаруаң болмасын.

– Қызық, – деді шал басын шайқап. – Өте ғажап нәрсе... Дегенмен мен үйге кіргізбегенімде баяғыда қиларыңмен қатып қалар едіңдер.

– Тамақ ішпеген адамда құмалақ болушы ма еді, – деді аманжан. Қарулы да салалы саусақтарымен бет-аузын ысқылап тағат таппады. Шалдың өңгере ұстаған мылтығы болмаса, әлдеқашан итше жұлқыласа кетер еді. амал жоқ... Нұржан әрі- сәрі ойда. Бағанағы бір сыбыр тағы да естілгендей болды...


ыстық күнде жаураған мынау қарлы өлкеде, Өлігі кімнің қалмаған...

– ата, сіз кімсіз?! – деді саңқ етіп. Даусы өзгені қойып өзіне де жат естілді. Екі жақты шиеленіс ептеп саябырсыған соң, Бақытжан қалғи бергені сол еді, дәл құлағының түбінен естілген зор үннен шошып оянды. Шал үндеген жоқ.

– Сен кімсің?! – деп әлгі оқыс сұрақты аманжан да қайталады. Әңгіменің мәніне енді ғана түсінген Бақытжан:

– Ол кісі икс, – деді есінеп. Шал мылтықты шегеге қайта ілді де, орнынан тұрды. Қызуы қайта бастаған темір пешке бір-екі жаңқа отын тастады.

– Көріп отыр емессіңдер ме, – деді от үрлеп жүрелеген қалпы. – Екі қол, екі аяғым бар, көзім жақсы көреді, құлағым қақасыз естиді, бәлкім, кісіге ұқсайтын шығармын.

– Тек жүрегі ғана жоқ... – деді аманжан.

– Жүрек дегеніңіз, қол басындай ет пе, шырағым.

– Бірақ, ата, сол қол басындай етке бүкіл жер шары сыйып тұрған жоқ па.– Нұржанның бұл сөзі шалға әсер етті білем, ойнағандай көз қиығын тастап біраз үнсіз отырды да:

– адал екенсің, жігітім, – деді. – мынау екеуінен де сен көбірек азап шегерсің.

– Сіз нешедесіз, ата? – деді Нұржан екеу арадағы суықтық аздап сынғандай болған соң.

– Жетпістің желкесіне міндік.

аманжан ысқырып жіберді. Бақытжан: – Ол да ғажап емес, әкри, – деп есіней керілді. – Қазір еркек босанып, есек есеп шығарыпты десе де таңдануға болмас.

Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді. Осы бір сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді еді. Осы жасына дейін қыңқ деп ауырмаған, тоңып-жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас- құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызың-шу, қым- қуытты өмірдің екі ортасында шекара, бекет іспетті, міне жарты ғасыр, осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік құруда. Қыста аң аулайды, жазда омарта ұстайды. Бір қызығы, осына жетім шал ұстаған аңның терісін аудан, тіпті облыс


басшыларының үстінен, ал жесең дәмі аузыңнан кетпейтін балын әрқайсысының үйінен көруге болар еді. Шыр етіп жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сыңдырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған каңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – өзімен- өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады. Колхоздастыру, ұлы Отан соғысы, тағы басқа саяси науқаңдар, жалпақ елдің басына төнген қауіп, ұлы мерекелер, сүйіншілі қуаныштар Қоңқай үшін бес тиындық құны жоқ – әншейін еріккеннің ермегі сынды дүниелер еді. Ес білгеннен бері шындап жылап, не рақаттана күліп көрмеген; мынау өмірде бар-жоғы белгісіз құрып бітуге айналған, сирек кездесетін аң секілді тіршілік кешкен біреу еді... ал ол үшін де былайғы адамзаттың бар- жоғы қажетсіз, өз қара басының амандығын тілеген қызық көзқарастағы кісі. Біз көп айта берер гуманизм, рухани байлық, адамдардың өзара қарым-қатынасы, «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұран, қоғамнан, ортадан тысқары өмір сүре алмау ұғымы бәр-бәрін тәрк етіп, өз жанын да сақтап, аштан өліп, көштен қалмай келе жатқан жұмбақты адам еді. Ең қызығы, осы Қоңқай, ешқашан да үлкен өмірге барып, адамдарды кісінеп іздемейтін, қайта сол адамдар Қоңқайдың ұрлық өмірін қызғанғандай өздері қуып келіп, тыныштығын бұзар еді... Енді міне, сойталдай-сойталдай үш жігіт қарап жүрмей, торға келіп түскені. Демек, Қоңқай оларсыз өмір сүре алады екен, ал олар... Қоңқайсыз өмір сүре алмайды екен...

Шал әлі оралған жоқ. Үш жігіт ол шығып кеткен соң сілейіп үнсіз отырып қалып еді. Әсіресе таң қалғандары, шалдың, сақтық көрсетіп мылтығын ала кетпеуі... әне қанатта ілулі тұр.

– Бізге тамақ бермей ме екен, әкри, – деді тағы да аз-кем тыныштыққа масайып, маужырай бастаған Бақытжан.

– атаңның басы, – деді аманжан. Содан соң тұлан тұтып, Бақытжанның талтайып созып жіберген аяғын теуіп қалды. – ары тартшы шуаш сасытпай. Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына...

– ар жағы түсінікті, – деді Бақытжан оның сөзін бөліп.– Тазы ашуын тырнадан алады. Жетпістегі жетім шалдан жеген


жұдырықтың қарымтасын менен қайтарайын деп пе едің, әкри.

– ырылдаса бермеңдер, – деді Нұржан. – Не істейміз, соны ойласаңдаршы.

– артты қысқаннан артық айла жоқ. – Бақытжан не айтса да жыны қозып отыратын аманжан тағы да сақылдай бастады.

– Оу, өңкей ғана су жүрек қолабалар-ай. Сендермен сергелдеңге түсірген қай құдай екен... алжып өлейін деп отырған шалға үш жігіттің шамасы келмеу деген не сұмдық.

Бақытжан: – Осы күнгі әр шалдың қуаты жүз аттың күшіне тең. Үңдемей отырып-ақ үніңді өшіре қояды... Баяғыда бір соғыстың түтінін иіскеп келдік деп, жер жебір, жекен суыңа жетеді, әкри...

– Олай болса олардан құтылу абзал. Бәрібір жол бермейді екен, тартып алу керек.– Орнынан атып тұрып, ілулі тұрған мылтыққа ұмтылды. Бақытжан баж ете қалды:– Сотталамыз, ойбай. Осы күні адам түгіл, аю атсаң да штраф салады.

Аманжан: – Бұл жерде сот жоқ. Сүйегін қарға көміп тастаймыз.

Нұржан: – Сот – қайда да сот. Сеніңше, заң қыста аю секілді ұйқтап қала ма?

Бақытжан: – Соны айтамын-ау. Қайдағы бір қайыршы – шал үшін көзіміз көгеріп түрмеде отырсақ... Құрысын, жатқан жыланның қүйрығын баспайық.

Аманжан: – ал бұл қоғам үшін өлі ет секілді, керексіз адам. Қолқасын суырып қолына берсек, өкімет бізге сыйлық беруі керек. Бірақ... өзін бір жерден... көрген секілдімін... – мылтықты көлденең ұстаған күйі ойланып тұрып қалып еді.

Нұржан: – Пиғылы жаттың бәрін ата берсек адамдарды азайтып алармыз...

– Құдайдың құдір-е-е-теее, – деп Бақытжан айғай салды.

– Не деген ұқсастық. – Бағанағы қорқынышты, өздерінің өлім мен өмірдің екі ортасында отырғаны, осы үйден, тіпті мынау атаңа нәлет ішкері жақтан тірі қайта ма, жоқ па – осының бәрін бір сәтке ұмытып баяғыша – ауылдағыша еліре жөнеген Бақытжан талайға дейін таңдайын қағып тамсанып отырып алды. Екі жігіт аң-таң. – Ей, Нұржан, құйт сен, құйт сенбе, мен бір ұлы жаңалық аштым, – деп мәз болып, алақанын шапат- тады. – анау аманжанға дұрыстап қарашы өзің... иегіне сақал жапсыр да, көз алдыңа шалды елестет... айнымаған атамыз...


Нұржан: – Қайдағы атамыз?

Бақытжан: – Қоңқай атамызды айтамын. Керемет ұқсастық емес пе...

Нұржан: – расында да. – Таң қала күліп жіберді. Тізесіне көлденең тастаған мылтықтың стволын сипап отырған аман- жан анықтап қараған адамға, шынында да, Қоңқай шалға қатты ұқсайтын еді.

Бақытжан: – ...Жас кезінде осындай-ақ болған шығар...– Басын шайқап, таңырқағанын қоймаған соң аманжан бұлқан- талқан ашуланды. алғашында қалжыңдайтын шығар деп өзі де ыржалаңдай бастап еді, ана екеуі шындап жатқан соң: – Оттапсыңдар! – деп ақырып қолындағы Қоңқайдың мылтығын енді екеуіне кезеді. – Егер ондай ұсақ-түйек ұқсастықтың бәрін жіпке тізе берсек, онда сен... онда сен... (айтсам ба, айтпасам ба дегендей тұтығып қалды).

– Немене... «онда сен» – деп шаңқ етті Бақытжан. Оның не айтқалы отырғанын өзі де іштей сезіп, осына бала жасынан бері итше сүмеңдеп соңынан қалмай еріп келе жатқан қаңқу сөзді тағы да естірін біліп, іштей дайындала бастап еді...

– Онда сен... Упрайға ұқсайсың! Яғни бөлімше басқару- шысының аузынан түсе қалғандайсың! – деп тісін егеді. Бақыт- жанның көзінен жас ыршып кетіп еді. Осы өмірінің жазылмас жарасы секілді індет-сөзді басқа-басқа, дәл аманжанның аузынан естимін деп ойлады ма. Жоқ, ешқашанда... Үш ұйқтаса түсіне кірмеген. Тамам бала... «шата-шата», «бастықтың баласы» – деп тілін шығарып, санын шапалақтап мазақтағанда осы екі досы – Нұржан мен аманжан ара түспеуші ме еді... Иә, сөйтетін... Құдай-ау, тіпті айтқысы келіп, тілі қышығанның өзінде мынау қиын-қыстау сәтте, ұлы сапарда шыдай тұруы, аузын буа тұруы керек еді ғой.

– Тапқан екенсің мені таптырған адамды!– деп соншалық бір көз ілеспес шапшаңдықпен аманжанға тұра ұмтылды. Бірақ істің насырға шабарын сезген Нұржан, аяғынан қағып шалып жықты да, жібермей ұстап қалды. ал ашуға булыққан аманжанның шүріппені басып қалуы әбден мүмкін еді...

– Жетет! – деп жекіді Нұржан.– ауылдан аттанарда, мон- шаның ішінде отырып берген ант қайда. «Өлсек те бір-бірімізді тастамайық», – деп қол алыстық. Енді міне... балапан қораздай қоқиланып шыға келеміз... Өттерің жарылып кетсе де айтайын, үшеуімізде де шикілік бар. Бұл шикілік соғыс жылы, соғыстан кейін туғандардың бірсыпырасында бар.


Шал әлі жоқ. Әлде сыртта бітпей қалған шаруасы болды ма, әлде қайтер екен деп, жігіттерді сынағаны ма, көпке дейін үйге кірмей далада жүріп алды. май шамның білтесі жана- жана, еріп көлкілдеп тұрған майға жетіп, лапылдай бастаған. Әлгі сөзден кейін үшеуі де қабақтарын түйе ойланып, үнсіз отырып қалып еді. май шамның лапылдай бастағанын көрген Нұржан орнынан тұрып барды да, майға малтып шуатылған шүберек білтені суырып, шыны тарелканың шетіне шығарып қойды. Содан соң өзі орнына қайта отыра беріп:

– айтыңдаршы,– деді ана екеуіне кезек қарап. – айтыңдар- шы, әкеміз соғысқа қай жылы кетті?

Екеуі бірдей жарыса: – 1942 жылдың күзінде – деді.

Нұржан: – Өте жақсы. ал қара қағаз қашан келді?

Екеуі бірдей жарыса: – 1943 жылдың қысында... Сталинград түбінде ерлікпен қаза тауыпты.

Нұржан: – Өте жақсы. ал енді біздер дүниеге қашан келдік? – аманжан шалдың нарын сықырлата қозғап, маңдайын уқалады. Бақытжан өп-өтірік жөтелді. Бәлкім ұялғандығы болар. Неменеге ұялады екен?..

Нұржан: – Ә-ә, үндемейсіңдер ме? Олай болса ащы шындықты мен айтайын сендерге...

анау екеуі бірдей селк етіп, салбыраңқырап кеткен басын кегжең еткізіп көтеріп алды.

Нұржан: – ...мың да тоғыз жүз қырық алтыншы жылдың күзінде... келіппіз осынау б-а-қы-т-ты өмірге... Түн жамылып отырмыз ғой, ағымыздан жарылайықшы, жігіттер, сонда біз әкелеріміз соғыста аттанған соңғы үш-төрт жылда қайда жүрдік?

– Сендерді білмеймін, – деді Бақытжан желкесін қасып, – өзім әкемді майданға алып кеткенде іште қалыппын... Шешем солай деген...

аманжан қарқ етіп күліп жіберді.

– ляуқи неме, төрт жыл бойы шешеңнің ішінде жатқан екенсің ғой, ха... ха...

Нұржан: – ал енді осыған, осы трагедияға айыптымыз ба? Жоқ болмаса, қандай да бір жолмен бізді жарық дүниеге әкелген анамызды кінәлар ма едік. – Өңі сұп-сұр болып, дірілдеп кетті. Достары аға трактористің ашуланғанын тұңғыш рет көруі еді, таңырқай қарады. – Жоқ, жарқыным, соғыс кезінде немесе соғыстан соң туғандар бір-біріне ұқсап жатса оған балалар әсте


де кінәлі емес. Ендеше, оған ешбір қорланудың да, ұялудың да қажеті жоқ. Конечно в этом мире нам трудно будет жить, но за то мы получили жизнь. мы – дети войны. мы – законное дитя эпохи.

– Ұрлықтан тапқан ұрпақтармыз, – деді аманжан күрсініп. Осы кезде алдыңғы сеңкенің арғы есігі тықырлады. Сол тықырды естіген үш жігіт елеңдесіп қалды. Өз үйінде емес, дүние жүзіндегі қатыгез әрі мықты шалдың лашығында түнеп отырғандарын енді ғана түсінгендей сасқалақтап бір-біріне қараған. аманжан жалма-жан мылтыққа жармасты. Есік ашылды да бір құшақ отыны бар шал кірді. Қақ төрде өзіне қарап мылтық кезенген аманжанды көрмегендей, құшағындағы қар-қар жаңқаларды пештің қанат іргесіне тастай берді. Содан соң асықпай, саспай темір пештің қақпағын ашып, қып-қызыл шоғы жайнап жатқан оттың көмейін көсеп, отын салды. Оның әр қалт еткен қимылын аңдып тұрған аманжан шалдың осыншалық саспастығына жыны келді білем, затворды сарт- сұрт еткізіп, атуға дайындалды. Шал сонда да сасқан жоқ. ал орындықта зәре-құты қалмай бақырайып отырған екі жігіт демдерін ішіне алып қатқан да қалған.

– Оғы жоқ мылтықты оқтанып қайтесің, – деді орнынан тұрып, ыдыс-аяқ жаққа беттеген Қоңқай.– Егер мені шын атып өлтіргің келсе, анау бас жағыңдағы дайын патронды ал да, оқта. Әй, сенен ондай ерлік шықпас, – деді содан соң. – мені көздеп тұрып, анау өз жолдастарыңа тигізіп аласың ба деп қорқамын.

– Сен секілді аң атып үйренбесем де, адам атып көрейін.

– Шегеде ілулі тұрған белбеуді шапшаң жұлып алып, қаз-қатар тізілген патронның бірін оқтады да, шалды қайта көздеді. Қоңқай бәрібір елең ғұрлы көрмеді.

– Қой, аманжан! – деді Нұржан.

– Былшылдамай тыныш отырыңдар, – деді көзі қанталаған аманжан. – Дыбыр етсеңдер, сендерді де сұлатып саламын.

– Ең алдымен қоян атып үйренсең еді, ұлым. – Қоңқай мысқылдап күлді. Сасар емес.

– Ерегестірмеңізші, ата, ашумен атып жіберер, мінезі шатақ еді. – Бақытжанның даусы жалынышты әрі қорқынышты шықты. Қоңқай қыңбады. Шуатылған ұзын ақ көйлегінің етегін көтерді де, дамбалының ышқырынан қыстырған трубкасын алды. ышқырын тағы да сипалап жүріп, махорка салған дорбасын тауып, трубкаға толтырып нығай бастады. «Не деген нерв, – деп ойлады Нұржан. – Темірден жаратылған шығар».


– Ойлан, аманжан, ойлан,– деді тістеніп, не істерін білмей отырған Нұржан. – адам ату оңай емес.

– азамат соғысында, Отан соғысында бір-бірін қалай атты адамдар. Сол үшін батыр болды, омыраулары орден- медальға толды. Немене ондай ерлік біздің қолдан келмей ме?!

– Долданып, аузынан ақ көбік атып тұр.

– Олар жау еді ғой,– деді Нұржан.

– мына шал жау емес деп кім айтты. Фашистерден әлдеқайда қауіпті. ал иманыңды оқы, қақпасым.

Бес-ақ қадам жерде трубкасын пештен алған шалмен тұтатып міз бақпай тұрған Қоңқайды бейне жүз метрде тұрғандай тым ұзақ көздеді. рас, атып-ақ салғысы келді. амал не, көздеген сайын көзі қарауытып, шүріппеге тиген саусақтан жан кеткендей. Өне бойы өз-өзінен қалтырап, буыны босай берді. Қоңқай қысық көзін бағжаң еткізіп, алая қарағанда, аманжанның қолындағы қос ауыз мылтық салдыр-гүлдір етіп жерге түсіп-ақ кетіп еді. Шала басылып тұрған шүріппе салмақпен түскенде өзінен-өзі тарс етіп атылып, қоянның құмалағындай оқ шалды жанай өтіп есікке тиген. ағаш есік шалқасынан ашылғанда, аядай үйге саулап суық кіре бастаған. Шал оқ тиіп ашылып кеткен есікті қайта жауып, тиегін салды.

– Осы қақбасты бір жерден көрген секілдімін. Қайдан? Жүзі өте таныс.– аманжан шөкелеп отыра кетті де, өз тізесін өзі ұрғылады.– Неге ата алмадым, құдай-ау, неге?

Әлгінде мылтық саңқ еткенде Нұржан жанарын жаба қойып еді, көзін қайта ашқанда шал тірі, ағаш кебеженің үстінде трубкасын сорып жайбарақат отыр. Бақытжан бүк түсіп солқылдап жылап жатыр: «Тәңірім-ау, көрсетпегенің көп екен ғой. Енді қайттік?» Сәл тыныштық орнады. Тыныштық орнату үшін бейне бір мылтық атылуы керек секілді... жарасымды, жуас тыныштық. Нұржан: – Сіз кімсіз, ата?! Шал: – мен – Қоңқаймын.

Нұржан: – аты аңызға айналған қатыгез Қоңқай бұдан елу жыл бұрын жер жастанған еді ғой.

Шал: – Ол үлкен – Қоңқай, ал мен – кіші Қоңқаймын. Біздің ұрпақ ешқашан да құрымақ емес...

Нұржан: – Үлкенінен тұқым қалған жоқ. Өмір бақи жалғыз өтіп, көмусіз қалды деп естігенмін...

Шал: – Қоңқайлар ұлын жасырын өсіреді. Өйткені ұлы жо- рықшылар мен атақты байлардан қалған ендігі тұяқ біздерміз.


Нұржан: – ал, сіз ше, сіз жалғызсыз ғой...

Шал: – мен де ұрпақсыз емеспін. Оны уақыт көрсетер. Иә, солай шырағым, текті тұқым тентіреп жүрсе де, өз тегін айналып табады. мынау ағаш лашықтың оты сөнбейді ешқашан. анау айыртаудың қос өркешін – ата Қоңқай, Бала Қоңқай деп мен емес, ел атайды. – Трубканы сорған қалпы орнынан тұрып, ағаш нардың ірге жағына қол жүгіртті. Транзистор алып шығып әрі- бері бұрап, әр түрлі тілде сөйлеген түрлі толқындарды ұстай бастады.

– ақсақал, – деді Нұржан шалдың бала секілді қолындағы транзистормен шұқыланып отырған сықпытына қайран қала қарап.– ақсақал, дүниенің төрт бұрышында не болып жат- қанын біле, сезе отырып, осыншалық саяқ, оңаша тірлік кешуіңізге не жорық?

– Өйткені мен адамдар жиналған тобырды иттің етінен ары жек көрем, – деді Қоңқай. Өлдім дегенде бір әуен ұстады-ау. Тағы да алла Пугачеваның әндерінің бірі екен. Қоңыр мұң, албасты ашу, өкпе-наз, өжеттік – бәрі-бәрі астаса келе, адам бойындағы рухани ауруды айдап шығарар қуатты да нәзік тағы ән, мәдениетті дауысты үй ішіндегі үш жігіт, бір шал ден қоя тыңдап, жалқы сәт тым-тырыс отырып қалып еді. Сонау ат тұяғы әрең жетер ішкері жақтағы адасқан қаздай жападан- жалғыз ұрлық өмір кешкен Қоңқайдың қыстағында алланың әні тіпті құлпырып, сай-сүйегіңді сырқырата шырқалады екен. Шалдың да сүйсіне тыңдайтын жалғыз әншісі, осы «ән салғыш әйел» секілді. Әннің аяғы дарақыланған күлкімен аяқталды. Осынысымен құдіретті еді. – мықты қатын, – деді шал күрсініп. Содан соң өзі-өзінен шаңқ етіп. – Жоқ! Ұлы Қоңқай жаққан от ешқашанда сөнбек емес! – деді жанары ұшқындап. Пышақпен тіле салғандай жалғыз сызықтанған қысық көздің осыншама аясы кеңіп үлкейгеніне жігіттер аң-таң аңырайып қарап қалған. – Ол – жалқы да болса жақсылар жаққан от. Егер шын білгілерің келсе айтайын: Қоңқай орталарыңда, Қоңқай жер шарының түкпір-түкпірінде, Қоңқай... әркімнің қарақан басында, лүпілдеп соққан жүрегінде, өз шыққан тауым биік болсын дер тілегінде. Тек қана бір-бірінен жасқана жасырады.

– Қолы қалтылдап орнынан тұрып кетті. Осы қалпында жын- дана бастаған деп ойлауға әбден болар еді. Бірақ ол сап-сау, сырғауылдай ұзын қарулы саусақтарымен үш жігітті кезек нұсқап саңқылдап тұр. – Қоңқай дегеніміз сен, – деді Нұржанға.


– мына сен, – деді аманжанға. – мына сен, – деді көзі іліне беріп шалдың айғайынан оянған Бақытжанға. – ауыздарыңнан ана сүті кетпей жатып үлкендермен алысасыңдар. Елу жыл бойы осы айыртауда – арыстандай айбат шегіп, ошағымның отын сөндірмей отырмын. Ешкім де қолымнан қағып, бетімнен алып көрген жоқ... мені бүкіл аудан, қала берді, облыс басшылары біледі. ал сендер білімсіздік таныттыңдар... – Нұржан шалдың сөзін бөлді.

– ақсақал, кешіріңіз, бірақ сіздің ошақтан жалғыз-ақ түтін ұшпай ма?..

Қоңқай: – Жалғыз түтін де – түтін. мені, әйтеуір, бір күні бір Қоңқай өзі іздеп келіп табады.

– Бірақ ол қандай түтін,– деп күрсінді Нұржан.–Если бы от горя дым шел, как от огня, мраком был бы мир сплошным – не было бы дня.

– Баяғыда, – деді Бақытжан өзінің әлі де тірі екенін дәлелдегісі келгендей есінеп.– Біздің ауылда бір шал: «Қазақ- қа ассалаумағалейкум деп амандассаң бір самаурын шайым кетеді», – деп ешкімнің сәлемін алып, есендеспейтін... Жарық- тық өлгенде үш-ақ адам топырақ салды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.