Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 23 страница




қызыл қан қатып жатқан. Көзге күйік қылып, көңілге қаяу салдырмайын деді ме, Нұржан аяғымен теуіп-теуіп, қармен көміп тастаған. Әрине, алғашқы сөз: «Енді не істейміз» деген сұрақтан басталды. Қырау басып, мұздап тұрған трактордың шынжыр табанын тепкілеп, әр тетігін шұқылап, бас-басына шыр айналып шықты.

– Қарным ашты,– деді Бақытжан әдетінше. Оның ойланбай айта салар әр сөзі шаншудай тиер аманжан мырс етіп, мысқылдай күлді де:

– Шошқа өлгелі жатса да, қорс еткенін қоймайды, – деп темекісін тұтатты. Нұржан сым темірдің басына шүберек байлап, алау жасап әлек.

– Тракторды қыздыру үшін екі кубометр отын, сақылдап қайнаған екі-үш шелек ыстық су керек, – деді.

– ауылда, үйдің іргесінде тұрғанда құдайдың зорына от алдырушы еді. Итаяқ болып қалды деші.– Бақытжан уайым білдірді.

– Солярканы жылытып алсақ бірдеме болар еді...

– Құр сөзбен трактор қыздырылмайды. Давайте іске кірісейік.– аманжан май жүретін жез түтіктерді ұстап, жабы- сып-жабысып тұрған қарын сыпырып тазалап, алақанымен жылыта бастаған. Дүниедегі жамандық пен жақсылықты жұрт- тан бұрын көретін көреген Бақытжан тағы да айқайлап жібер- ді.

– ананы қараңдар! Тал өсіп тұр!– Ол нұсқаған жаққа жапа- тармағай жалт қарағанда кеше апақ-сапақта байқамаған екен, бұлар қонып шыққан таудың теріскейінде тарбая өскен талды көреді. Бұл «Ішкері жаққа» өткелі алғашқы кезіктірген ағаш еді, сүреңсіз өмірдің көз сүріндірер тұңғыш қарайғаны болған соң ба, қысқы жолаушылардың есі шыға қуанғаны рас-ты. Тәулік бойы нәр татпай, сілікпесі шыға шаршаған, зықысы кетіп жаураған жігіттер дәл қазіргі сәтте әр ербиген бұта, ербең етер жан-жануар көрсе, мың жасары хақ еді. Тіпті біле білген адамға түндегі қасқырдың өзі ес болды. Жарықтық күннің құлағы айыртаудың иығынан қылтиғанда бұлауға түсіп қалжа жегендей, әлгі қалжыраған жігіттеріміз қағанағы қарқ риза көңілмен алақайлап еді.

– айналайын, Күн!

– Жүр, Баке, – деді аманжан қолына балта алып, – жүр, қасат қардың бетімен еңбектеп барып, анау талды отындыққа қиып әкелейік.


– Үйден шыққанда тракторист едік зіңгіттей-зіңгіттей, одан Қоңқай мемлекетінің тұтқыны болдық, одан түні бойы қасқырларға концерт қойып, артист болдық, енді міне альпиниске айналдық... – деді Бақытжан.

– Енді бір күн далада қалсақ, кері маймылға айналып кетеміз, саспа, – деп арқасынан қақты аманжан.

– Тіпті соның өзі жақсы. Кейде адам болып жаралғаныма өкінемін де.

– адам болып жетістіріп жүргенің шамалы еді. айда, кеттік. Бақытжан барғысы келмей қипақтап аз-кем тұрды да, досының алая қараған көзіне көзі түсіп, әлгі ойынан лезде айныды. Боран соғып, әбден беріштеп, шегеленіп қалған қар бетімен тау басына қарай жорғалай жөнелген екеуінің соңынан үнсіз қарап ұзатқан Нұржан: – Жақсы, жігіттер! – деді күбірлеп. Өзі трактор кабинасын ақтарып, асай-мұсайын әзірлей бастады. Қар бетінде қарайған екеудің жылжығанынан тайғанақтап төмен сусығаны көп. Жел үріп, жылтырата қатырған тайғақ тым қатыгез, тым қазымыр еді. алда келе жатқан аманжан бейне бір альпинистер секілді балтамен ойып шұңқырлап, басқыш жасайды да, табанын тіреп, ізін басқан Бақытжанға белбеуін лақтырады. Ол қатарласқан соң, тағы да алға, құзар тауға шабуылдайды да итпектеп өрмелейді... Екеуі де алты айрығынан тер сорғалап ыстықтады. Өне бойынан бұрқырап бу шығады. Ойдан қараған кісіге өртеніп тұрғандай-тын. Картерді шұқылап, екі досының қимылынан көз жазып қалып еді, бір нәрсе дәл жанынан төмен қарай сонау шатқалға зу етіп ағып өтті. Ол не болды екен деп ойлап үлгергенше, жоғарыдан дауыс естілді.

– Қолаба, лаухи, ынжық. Жат солай сай табанында! аманжанның лақтырған белбеуін қақши берем деп оқыстан

айрылып қалған Бақытжан айнадай жарқыраған қар бетіне жұп-жұмсақ құйрығы тиген соң, қол шана тепкендей сырғанап кеткен екен. анау оған қарап алаңдамады, дұрыстап тұрып балағаттады да, өзі өрмелей берді. Бұдан соң өр жақтан тағы да дауыстады.

– Нұржан, ау, Нұржан, сен оған назар аударма, өзі келеді ит болып, бойында шыбын жаны болса.

Балтаның даусы естілді. Ол талға есен жетіп, қия бастаған екен. Бұдан соң буда-буда бұтақты құшақтаған ол оқтай зымырап кеше трактор шиырлап қазып тастаған қазан шұңқырға гүрс ете


қалды. Нұржан серігінің ептілігі мен қапшағай шапшаңдығы- на таң қалды әрі шын көңілінен риза болды. «Есірік болмай, ер болмайды» деген сөздің жаны бар.

Тоңазыған жас тал бықсып тұтана қоймады. Үстіне ептеп еріп, мөлт-мөлт тамып тұрған солярка тиген соң ғана жылбысқылана жанғансымақ болған. Әлгі отты трактордың құйрық жақ астындағы бакқа қойып, мыжырайған май-май шелекке толтыра қар нығады да, әлгі болар-болмас түтінденген оттың жанына тақады.

– мұнымыздан түк те шықпайды, – деді аманжан.

– Солярка жібіген соң үстіне құйып, менің пиджагымды жағайық. Сендердікінен гөрі ескілеу ғой, – деді Нұржан.

– анау ляухидің тонының ішіне киген желеткесі бар, соны қоса өртеу керек, әйтпесе бір шелек қарды қайнатып, салқындатқышқа құю мүмкін емес.

– Ең әуелі оның өзін шақырып әкелу керек.

– Келеді өзі! – Зілдене айтты. Бақытжанды не себептен суқаны сүймейтінін Нұржан білмейді. Түнде ретін тауып, сабап та алды.

– Дегенмен сен барып шығарып әкел, – деді. – Тосып отырамыз ба осылай.

Орнынан керенау көтеріліп бара жатып: – Барсам да тек желеткесі үшін барамын,– деді. Содан соң қолына сүймен алып, секіріп барып қатқан қарға жалп етіп отыра кетіп еді, етекке қарай сырғанай жөнелді. От жаға алмай күйбеңдеген Нұржанның құлағына сай жақтан баж-бұж еткен дауыс тағы естілді. Бақытжан алда, аманжан соңында, сүйменді таяныш қыла өрмелеп келеді. Бақытжанның не себептен жан даусы шыққанын түсіне алмады. Трактор жанына келіп жеткенде желкелей нұқып, ұшырып түсірді де: – ляухи, неғып бүгежектеп жатып алды десем, бізден жасырып құрт жеп отыр.

Нұржан рас па дегендей оған қарап еді, ұрты томпайып, сілекейі шұбыра жалмаң-жалмаң еткенін көріп шындап түңілді.

– Ұят екен, – деді. – Соғыс болса немесе ашаршылық болса қайтер едің. Қасқыр да қас қылмайды жолдасына деген қайда? апаң қалтаңа салып берген бір уыс малта қыстан шығарады дедің бе?

– Қызғанғандарың осы болса мә, алыңдар, талап жеңдер, тіпті қарындарың ашып бара жатса мені сойып, қақтаңдар, –


деп қалтасынан алған малтаны шашып жіберді. Бірақ Нұржан да, аманжан да міз бақпады. аппақ қардың бетінде бір уыс малта бытырай шашылып жатты. Ешқайсысы еңкейіп алмады да.

– Шеш желеткеңді, – деп әмір берді. Бақытжан үнсіз шешіне бастады. Жанармай жіпсіген соң пиджак пен желет- кенің үстіне малшыта құйып, лап еткізіп тұтатты. Өмір оты лаулады! Тіршілік басталды! От тиген жігіттердің бетінен қан, от тиген жез түтіктерден май жүгірді. Бірер шелек қар қайнатып, салқындатқыштың мұз қабыршықтанған өңешіне құйды. Картердің майы жібіді! Жанармай тиген соң бағанағы шылқыған жас тал да сытырлай жанды! Күн жарықтық арқан бойы көтеріліп, жанарыңды жалайтын сәулемен мұқым маңай, айнала – аппақ қар әйнектей жарқырады-ай. Шыңылтыр аяздың астында шыны уатып тастағандай шағылыса ойнайды... Өзінің қыңыр қылығына өкініп, сең боп қатқан ұяты ол да жібіді білем, Бақытжан мұрны қанағанша дедектеп жұмыс істеді. Қайыс белдікті дөңгелек от алдырғышқа орап әкеп, түйіншегін ілгішіне іліп, кезек-кезек тарта берген соң ең алдымен пускаш тырылдап іске қосылды да, ақыреттей жайылып, суық жүзбен сыздана сазарған ақшағыл тауларды жаңғырықтырып, трактор от алды. Біразға дейін көксау тигендей қақалып-шашалып бабы болмады. Нұржан барып газдың тұтқасын басып қалып еді, өкіріп-өкіріп түні бойғы өксігін құсып тастап, баяғы әуеніне басып, әлеулей әнін шырқады-ай... Жасасын, өмір! Жасасын, жастар! Жасасын, жасасын, жасасын!..

Жігіттер оны-мұны, керек-жарағын темір қобдиына бақшалап тұрып салды, отырғыш пен арқалықты қар үйшіктің астынан аршып алып, орнына қойды. Кабинаға қарғып мініп,

«жолымызды оңғара көр» деп күбірлеп сапарға, тіршілік жорығына аттанды әне! Не болса да тәуекел жасап, мынау таудың балағындағы өзекшені құлдап, мынау мекен болған ақ тауды шыр айнала орап, келген іздерімен жоғарыда қалған шананың қыр желкесінен түспекке ниет білдірді.

Бірақ Нұржаннын бұл ұсынысына аманжан үзілді-кесілді қарсы болды.

– Есіміз барда – елімізді табайық,– деді ол.

– Сен қалай ойлайсың? – деді аманжан.

– Сен қалай ойласаң – солай ойлаймын, – деді Бақытжан.

– Түу... ит арқасы қияннан күн демей, түн демей бар ауыртпалықты арқалап шыққанда, жол ортадан қайтып кетуге


дәтім шыдамайды. Ел-жұрттан ұят. – аға трактористің бұл сөзіне аманжанның күлкісі келді.

– Пах..., хи-хи... шіркіннің елден ұяла қалғаны-ай... Ұлыған қасқыр, ұйтқыған боранға бесіктен белі жаңа шыққан біздерді алдап-арбап айдап салғанда, сол елің... ұялмайды, біз ұялуымыз керек! айда, былжырақты қойып тракторға мініңдер. Күн барда етекке түсіп алайық. – Өзі қарғып трактордың табанына шықты.

– асықпа, жігітім, дауысқа саламыз, – деді Нұржан. – Одыраңдама соқырым, баланы басып кетесің деген екен бая- ғыда біреу.

– Пах! Бейне бір кинодағыдай. Комсомол жиналысын ашамыз деші.

– ар-ұят жиналысы.

– Хватит! – деп айғай салды аманжан.– Шалтай-балтайды қойыңдар. Екі тәулік алысқанда ар-ұятымнан айрылып қалғанмын. ал қарыз алуға әркімнің өз қара басына жетпей жүр. – мойнының тамырлары білеудей болып ісініп шыға келді. адамдардың мінез-құлқы қызық қой: қазір былай, қазір олай. ал аманжан өз айтқанына көнбесең, басын кесіп алсаң да ұстанғанынан таймайтындардың бірі-тін. Суық қатты қысқанда торс-торс айрылатын қара жердің өзі іспетті, жан дүниесіне, психологиясына сай келмейтін нәрсе болмаса ешкімнің айтқанына көніп, айдағанына жүрмейтін ол, қазіргі дау-дамайда сөзсіз жеңем деп ойлады. Екі күн бойы өлім мен өмірдің қақпақылы болып, қар-қатынның тұтқынынан енді босандым ба дегенде, жалғыз шана шөп үшін ажалға бастарын тігу – барып тұрған ақымақтық деп ойлады. Жо-жоқ, патриоттық рух, жауапкершілік сезімі аманжанда да сөнген жоқ, бірақ көзсіз ерліктің заманы емес қой бұл. Не істесең де ақыл, айла керек.

Ол әсіресе кешеден, шалмен арбасудан кейін қатты өзгеріп кетіп еді. Неге екенін кім білсін, Бақытжан бағанағы бір құрт мәселесінен кейін, өз-өзінен ол да өзгеріп сала берген. Әсіресе Нұржанның кеудесіне тонның ішінен киген пиджагын шешіп отқа тастап, дірдектеп тұрған кейпін көрген сәттен бастап, жан дүниесіне тамаша сәуле тарап еді. Күпірлікке толы күндерімен мүлдем қоштасқандай, адамгершілік, достық, қимастық деген түсініктердің мәнін шындап парықтағандай болған. Бір бағытқа

– бір мақсатпен аттанған адамдар арасында қара суды бөліп


ұрттар қоян-қолтық ынтымақ болмайынша, ілгерілеу мүмкін еместігінұққан. анау үзеңгілес келе жатқан достарының тотыққан мыс түсті шаршаңқы дидарына ұзақ үңіліп, оларды енді ғана танығандай, олармен енді ғана шындап достасқан- дай балаша қуанған. Әрі өзінің кеше түнде оңбай таяқ жегеніне тіпті өкінген жоқ, қайта «өзіме де сол керек» деп өз-өзін табалаған. Ер-азамат не майданда, не жорықта сыналады деген осы. Ол – Бақытжан осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана емес, өзін де іздеп тауып алғандай еді. Ол ұлы жаңалық ашты – өзін ашты...

Қоңқай шалмен арадағы қақтығыстан соң, мінезі күрт өзгерген аманжан ғана. Не көрінді?

– «ляуқисың, ұйқышылсың, тамақсаусың», – деп мені келемеждегенде патефондай сайраушы едің, бір бармағымды бүгіп жүрдім деші... Бірінің жүнін бірі жұлып жеп қоғам малы тұр маңырап.– Бақытжанның бұл жалынды сөзі, шынында да, әбес естіліп еді, әсіресе ақ қар, көк мұздың ортасында, тіс- тісіне тимей бүрсеңдеп, екі тәулік нәр татпаған ішектері итше ұлып жатқанда... аманжан, ішін басып қатты күлгені соншама, трактордың шынжыр табаны солқылдап кетті.

– Пах-пах, шіркіннің патриотын-ай, ха-ха у-у-ішегім-ай... Павка Корчагин ортамызда жүр екен ғой... – Күлкісін шорт тыйды да, арс етіп жекіді. – ляуқи неме, қоғамға мал керек болғанда, адам керек жоқ па?! а! аштықтан, лажсыздықтан бір-бірімізді тірідей жегелі тұрып, жалынды сөздер айтамыз. Жалынды сөз жанымызды алып қала алмайды, жарқыным. Насихатшым мен лекторым жанымнан табылып рақат болды- ау. Құлағымның етін қоғамтанудан беретін ызылдақ мұғалім жеп еді... енді міне...

Дем алған сайын ауыздарынан будақ-будақ бу шыққан үш жігітке сонадайдан қарап тұрып, іштері өртеніп тұр-ау деп ойлауға болушы еді. ал олардың сырты қалтырағанмен, жан дүниелері лапылдап жанып жатқаны рас-ты. аманжанның ашуланып айтқан сөзінен соң, не істерін білмей біраз ойланып, үнсіз қалған. Қазіргі жағдайды салмақтап қараса, аманжанның сөзін де теріс дей алмас еді. Не істеу керек мұндайда? Жан бағып ауылға тайып тұрса, неге келдің деп айыпқа тартпас.

Қар шағылдардың арасынан, Қар қызының сыңсыта салған мұңлы әні естілгендей...

– ауылға бір айыр болса да пішен апармай, кері оралмай- мыз. Қазір тауды шыр айналып, анау шананың желкесінен


түсеміз. Осы пікірге қосылам дегендерің қол көтеріңдер, – деп кесіп айтты Нұржан. ары тарт, бері тартпен ырылдасып тұра берсе, қыстың келте күні қазір-ақ батып кетер.

– Ол үшін тағы да екі тәулік керек. Ондай жас жұтар тәуекелге сенің қарның, трактордың майы шыдамас, – деді аманжан.

– Егер сенің барғың келмесе, осы жерде қала бер. маневрді біз өзіміз-ақ жасап келеміз.

Нұржан мен Бақытжан қол көтерді. Осы кезде аманжан тракторды сөндіріп жіберді де, екі мықынын таяна талтайып, гусеницаны солқылдата ойнап, тісі ақсиып тұра қалған.

– Бұға берсе – сұға беруге әбден үйренгенсіңдер, – деді қарға шырт түкіріп. – ал енді тырп етіп көріңдерші. Ең әуелі екеуіңді, содан соң өзім қан болайын.– Қалтасынан бәкісін суырып алды. Екі жігіт шошына қарап қалған. Басқа-басқа, дәл осыны күтпеп еді. Бір жасынан бірге өскен дос, замандас, ағайындас... тағысын, тағылар – бәр-бәрі быт-шыт, бәр-бәрі бекер, әншейін қайғы-мұңсыз ерігіп жүргенде айтылар шартты ұғым екеніне Нұржанның көзі тұңғыш рет жеткен еді. Ендеше, анау ауылда іздеп барар кімі қалды? Қай екі туып, бір қалғаны бар. Шешесі ме, қарындасы ма? Олар өз күнін өзі, Нұржансыз- ақ көре береді. Тәңірім-ау, Нұржанның осы екі жігіттен басқа кімі бар еді? «аманжан, сен... осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі... Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен. Не болса да осына қар-елінде, адамдары аз кеңістікте өлу лазым екен...»

– Надоели вы мне, надоели! – деп кеңірдегін созып бақырған аманжанның өрескел үні оның ойын бұзды. Бұлардан сәл биікте, шынжыр табанда тұрған оның көзі от шаша бағжаң еткенде, Нұржанның алдында бірге өсіп, біте қайнасқан жан досы емес, Қоңқай шал тұрғандай жүрегі дір ете қалды. – Вот так надоели мне все люди. Все человечество!

– мынаның орысшасы ничауа екен, а Нұржан, – деп Бақытжан әзілге шаптырып еді, аманжан тебініп:

– ыржақтама, – деді. – Боқ-жыныңды ақтара салармын. Упрай әкеңе қош деуге шамаң келмей қалар, ойнастан туған шата неме!..

– а-а! – деп аңырып тұрып қалған Бақытжан денесін тоқ соққандай әсерде басын қос қолдап қысқан қалпы, осыншалық ауыр сөзді көтере алмағандай шөкелеп отыра берді. Екі көзіне


қан тола бастаған. «Шата» дейді-ау. Осы бір қаңқау сөз үшін өзінен ары намыстанып, талай баланың мұрнын дал қылған аманжан, енді міне, ес біліп ер жеткенде, беті былш етпей өзі айтып тұр. Нендей бір тылсым күш, орнынан тік көтерді де, арсылдап тұрған алып аманжанға қарай атып жіберді. Әлемде менен мықты ешкім жоқ деп әспенсіп тұрған жігітгің ең әуелі қолындағы пышағы шыр етіп ұшып, қарға сіңіп жоқ болды да, өзі кескен теректей сұлап түсті. міне керемет! Соққы қай жерінен тиді, оны аманжан да, тіпті осы әрекетті баққан Нұржан да байқамай қалып еді. Жалғыз-ақ сәтте жеңіске жеткен Бақытжан трактор табанына қарғып шықты. Қарғып шықты да: – Үндемегенге үрулеріңді қоймадыңдар. Сендерден келген кереметті көріп алдым, – деді саспай сөйлеп. – Қоңқай шалдан қорық, қасқыр мен аяздан, аштықтан қорық, енді аманжаннан шошып сүрген өмірдің ішін ұрайын. Ей, Нұржан, тракторға от алдыр. Шанаға барамыз. ана қабаған ит жатсын солай бұралып. моншада берген антты бұзған адамның тартар жазасы – осы. – Кішкене қайыс жіпті Нұржанға лақтырды.

– Жеңдік деп тұрсыңдар ғой. мә, мә... – деп саусағын шығарды аманжан. Тұрайын деп екі-үш рет талпынып еді, бүйірі удай ашып көтертпейді. «атаңа налет қай жерімнен ұрған» деп ыңырси күбірледі.– Бәрібір ажалдарың менен... бүгін болмаса ертең, ертең болмаса – арғы күні.

Трактор дырылдап ала жөнелді. Қанша төзімді, кең пейіл, жүрегі жұмсақ болғанымен, Нұржан біржола түңілгендей еді, ДТ-ға қарғып мінді де, моторды жылдамдыққа қосып, рычагты тартып қалды.

– Кеттік! – деді жанына жайғасқан Бақытжанға.

– Кеттік! – деді ол да. апай-топайы шыққан жентек-жентек қардың үстінде белі кеткен сиырдай кирелеңдеп аманжан қалды. Бірақ ол: «Тоқта, мені ала кетіңдер»,– деп жалынбады. Көзі қанталаған қалпы, қақпанға түскен қасқырдай мәңгілік кекпен, арлан ашумен қалды. Денесінің ауырғанына, суықтың өткеніне қараған жоқ, сол құлап түскен қалпында – мызғымай, өжет бітім, бітіспес өшпенділікпен қалды. Трактор етекке құлдап, ұзап кеткен соң, қорлана жылады. Сай-сүйегі сырқырап, қолқасы қопарыла еңкілдеді. Көз жасы ақша қардың бетіне мұз- моншаққа айналып түсіп жатыр. Басқа-басқа, дәл Бақытжаннан осындай соққы жеймін деп ойлады ма. мұрны пысылдап, қалғып-шұлғып отыратын боқ қарын емес пе еді. Жо-о-оқ, бұл


ойлағандай емес екен. Түйе бойына сеніп құр қалыптының кері осы да... Суықтан домбығып, қызарып кеткен саусақтарын жеңімен сүртіп үрледі де, қойнына тықты. Сон-ау-оу ойға мойнын созып қарап еді, белуардан қар кешкен трактор түтіні будақтап, саймен ылдилап шырқап барады екен. Тоқтаусыз зырылдайды. мына екпініне қарағанда жалғыз-ақ сағаттың ішінде тауды шыр айналып, қарға қақалып жатқан шананың қыр желкесіне жетіп келер түрі бар. аманжан достарына ермей қалып қойғанына, өзінің оңбай қателескеніне өкінді. Енді онда жалғыз-ақ амал қалып еді. Ол – анау екі жүз метр жоғарыда жатқан шанаға өрлеп барып, екі жігітті тосып отыру. Кешірім өтіну. Оған аманжанның намысы жібере қойса... Сонда не істеу керек? ызғарлы тыныштық. Тырс еткен үн жоқ. Дүниеде өлі тыныштықтан қорқынышты не бар екен?

Кеше бұлар топшылағандай сай табаны сор, қойтасты кедір- бұдыр оппа емес екен. Ол да болса алғашқы сәттіліктің басы еді. Шынжыр табаннан асып, қабыршықтана беріштенген қар сеңін қақ жарып, жүзе жөнелген. Кешегі көкіректерін ыңғырудай кеулеген жат сезім, жабайы қылық сейіліп, ұлы бір майданға аттанғандай түстері әрі түйілген, әрі өзі күшіне имандай сенген қайсарлы, әрі қасіретті. Шындай өшіккен адамның қасақана жасар ерегеспе долылығы бар. Түңіліп барып, үмітін үзіп барып, өз тілеуін өзі ғана тілер-жалғыздықтың, жанашырсыз жетімдіктің зарын тартып, запысын шеккен қайран көзсіз ерлік-ай, өлімді тек осылайша, осындай көкпері, асау мінезбен ғана жеңе аласың...

айнала аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние.

– Нұржан, – деді Бақытжан томаға-тұйық трактор жүргізіп отырған мұңлылау жүзіне қарап.

– ау.

– Үсік шалынған адам ыстықтап, үстіндегі бар киімін шеше бастайтыны рас-ау деймін... Түнде менің бойым енді ғана жылып, күйіп-жана бастаған шағымда, Қол шатырлы қыз келіп, жетелей жөнелді. Сен сирағымнан жұлып ояттың, әйтпегенде бүгін серейіп қатып жатар едік.

Олар біразға дейін тағы да үнсіз отырды. анда-санда қар астында жасырынып жатқан ұры тасқа табаны шақ ете қалған ДТ-54-те мін жоқ, зырлап-ақ келеді. Кеше әзер деп асқан тауды шыр айналып орап, өз іздеріне қайта түскенде қыстың қысқа күні еңкейе беріп еді.


– Тоңған жоқсың ба? – деді Нұржан пиджагы мен желетке- сін солярка құйып жаққандары есіне оралып.

– Қалтырағаным болмаса, қыж-қыж қайнап отырмын,– деді Бақытжан күліп.– Таңертеңгіден қалтамның түбінде бір малта қалып қойыпты, ұят болмаса бөліп кемірсек қайтеді.

Нұржан оның қипақтаған мүсәпірлеу кейпіне қарап күліп жіберді. – Несіне қыбыжықтайсың, әкел.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.