Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 15 страница



– Неменеге бақырасың? Құлағымның дабыл жарғағын тесіп жібердің ғой.– Жатып кеп ашуланды. Дәл қарсы алдарында, темір қобдиға құйрығын қойып, мойнын тонының жағасына тығып, пысылдап ұйқтаған Бақытжан әлгі айқайға ояна қоймағандай.

Үй жақтан тырс еткен дыбыс білінбейді. Ептеп мал ұстайды білем, қора жақтан қойдың маңырағаны мен жылқының пысқырғаны естіледі. аманжан құлағын әлі шұқылап отыр:

– Саңырау болып қалдым-ау деймін.

– Неғұрлым керең болсаң – соғұрлым жақсы естисің. Саңырау болсаң ғана сақ жүресің, – деп күлді Нұржан. Бұдан соң екеуі де саусақтарын үрлеп, қып-қызыл болып қалқая қатқан құлақтарын уқалады.

– мына қыстақта тірі жан болса, көп көрген құлағымды саған-ақ кесіп берейін, қарның ашса қақтап жерсің, – деді аманжан.

– Сығырайып шам жанып тұр ғой.

– Ол сайтанның оты.

– Сен де қайдағыны айтасың-ау, – деп күлді Нұржан. – Кеше Фадиха тұрғындары айтқан: айыртаудағы асуда жалғыз үй оңаша тұрады деп. Сол омарташы шал шығар.

– Олай деп бал ашсаң бар, біліп кел өзің. Бәлкім, түсіңе кіре беретін періште қыз осы үйде тұратын болар.

Нұржан ойланып қалды. Есіне әлдене түскендей, жүрегі жиірек соғып, елегізи бастады. Осы бір оқиғаны ойда жоқта есіне салғаны. Нұржанның жарқ етіп жоғалған арман-адамын тірілткендей болды. Күннің суықтығы, жолдың қиындығы

– бәрі-бәрі иін тіресе келіп, көңілдің жайлауындағы көктем көріністерді сүртіп, тепкілеп жоғалтқандай еді. Енді міне, бір сәтте көктем құсындай қиқулап қайтып оралды. Өң мен түстің екі ортасында маужырап, жалғызсырап жатып тауып алған қиял-қызынан Нұржан алғашында қорқып-ақ қалған. Ұмыт- қандай болып еді, енді, әне, тәңірім-ау, тракторды айналып, ақ көйлегін шұбалтып, сыңсып ән салып бара жатқан жоқ па... әне...


– Ән салып кетіп барады... – деп өз-өзінен күбірлеп қалды.

– Кім кетіп барады?.. – деді аманжан рычагты тас қып ұстап, жартылай қырау тұтқан кабина әйнегіне үңілген досына үрке қарап.

– Әнін естідің бе, әнін... Неткен ғажап дауыс.– Толқи сөйлеп, орнынан тұра беріп еді, оны аманжан иығынан басып отырғызып тастады.

– Отыр! Көзіңе қос көріңді ме? Әлде жынданайын дедің бе?

О, несі-ей, лепіріп...

– рас айтамын, – деді Нұржан үні дірілдеп. – Бейне бір ертегідей... «Одиссей» деген киноны көріп пе едің?..

– Иә, көрдік делік. айтпақшы, 20 тиынды сен үшін тағы да мен төлеп едім ғой.

– Сол кинодағы төбе құйқаңды шымырлататын сиқырлы үн ше?.. Содан бір де кем емес... Әне... әне... тыңдашы! Керең болмасаңдар, құлақ салыңдаршы.

Осына сыңсыған мұңлы үңді – жұмбақты үнді, сиқырлы әнді Нұржанның өзінен басқа ешкім естуі мүмкін еместігін білген жоқ еді бейшара жігіт. Бақытжан болса қорылдап ұйқтап отыр. Күннің суығы, қыздың әні, қайда қону керек деген үлкен сұрақ оны ешқашан да мазаламайтындай...

– Тфу, атаңа нәлет! – деп ызадан жарылардай болып отырған аманжан тоқылдап қата бастаған пимасымен Бақытжанды теуіп қалды.– мынандай қақаған аязда қысып бара жатқан қандай ұйқы екен. Тұр-ей, оян! – Бақытжан қор етіп барып былдырлап сөйледі, бірақ сергіп кете алмады.

– Саппас, – деді Нұржан. – Қандай көп жасар екенсің.

– Қойыңдаршы, әкри, мен біліп отырмын, – деді Бақытжан керіліп.

– атаңның басы біліп отырсың...

– Жұрттың бәрі сен секілді таскерең дейсің бе. Қар қызының даусын мен де естідім. адамның жылағысы келеді екен.

Бұдан соң үшеуі бірдей сықсима терезесінен болар-болмас қана жарық көрінген кішкентай үйге үнсіз телміріп аз-кем отырды. Трактор бір қалыпты зіркілдеп жұмыс істеп тұр. айдалада – жапан дүзде мекендеген жалғыз үйде адам бар ма, егер бар болса дәл іргесіне келіп, трактор дүрілдеп тұрғанда неге біреуі шықпайды далаға. Түсініксіз. аяз буып тұр. Бағана... жолда байқамапты, үш жігіт енді шындап жаурай бастады. Тістері сақылдап, безгегі ұстаған адамдай ДТ-ның моторымен


бірге дірілдеп-қалшылдады. ал қар астында жалғыз көзі жылтырап жым-жырт жатқан жұмбақты қыстақ, жалмауыз кемпірдей жер бауырлап, сыр бермейді-ай...

– Бір түрлі қорқынышты екен, әкри, – деді Бақытжан күрсініп. Басы тіпті көрінбейді, тонының жағасына тығып алған. Әншейінде төртпақ, семіз жігіт қазір бір уыс болып, бүрісіп отыр. Оның бұл бейшаралығы аманжанға жаққан жоқ, аяғымен бүйірінен түртіп:

– Ей, ләуқи, сен «әкри-макриіңді» қалтаңа салып ал да, анау үйдің терезесін қақ, – деді бұйыра сөйлеп. – Бар, ұйқың ашылсын.

– Батырсың ғой, өзің бар. Шанаға тиеп алған запас жаным жоқ. Күйдіре берме.– Бақытжан да тайынар емес, шап етіп бетінен ала түсті. Екеуінің егесіне Нұржан араласқан жоқ еді. Бағанағы әсерден әлі де арыла алмай, мең-зең болып отырған. Іс насырға шауып бара жатқан соң, амалсыз басу айтты.

– Бекерден-бекер егесесіңдер, жігіттер. Қорықсақ – үшеуміз де барайық. Суықтан үсіп өліп қалмаса, тірі жан бар шығар.

Үшеуі де отырған орындарын қимағандай самарқау қозғала бастады.

– Тракторды өшіреміз бе? – деді Бақытжан қипақтап.

Ондағы ойы кабинадан ең соңы болып түсу еді.

– Әзірше тұра берсін, – деді Нұржан омбы қарға секіріп түсіп.– Қондырмай жатса кері қайтуға тура келетін шығар.– Күйбеңдеген Бақытжанды артынан итеріп жіберген аманжан іле өзі де қарғыды. Бұлар топ-топ етіп түскен тұстың қары тізеден асады екен. Бірінің соңынан бірі еріп жүре беріп еді, ең артта тартыншақтап келе жатқан Бақытжан:– Әй, осы жұмбақ үйіңнен қорқамын. Терезесі сығырайып, үндемей қабатын ит секілді жымсып жатысы жаман екен... мен... тракторды күзете тұрсам қайтеді, – деді желкесін қаси қипақтап.

– Былжырама, – деді аманжан арс етіп. – Темірді қасқыр жемейді.

Үйдің дәл іргесіне жеткенде үшеуі бірдей қалт тұра қалды. Трактордың баяу зіркілінен өзге үн өлген. Сонау... оу... оу... айыр- таудың айыр өркеші екі арасынан қылтиып, жарықтық желіндеген ай көтеріліп келеді сыздап. Жалғыз үйдің ес болар иті де жоқ екен. Итсіз үй көңіліңе одан ары қаяу салатындай, бір түрлі жетім, бір түрлі қоңылтақ та мұңлы екен. аяйсың... айдалада – аппақ қардың тұтқыны болып, адасқан балапандай


бүрісіп, жер бауырлап жатқан мүсәпір кескінін көріп жаның ашиды. Бүгінде, адам айға ұшып жатқан заманда мәңгі мылқау тақыр таулар бар. Кісі аяғы жете бермес жерлер бар, елден де, ұлы шулы өмірден де жеріп, саяқ жүрер адам барына илану да қиын. Бірақ бар екен... Киіздей тұтасқан цивилизациялы өмірімізде, осындайлық қалтарыста ұрланып қалған тағы табиғат, жұмбақты үйлер қалғанына шүкіршілік жасайсың. Әттең, қазіргі заманда адасып жүріп, аңшының үйіне тап болғаннан артық бақыт бар ма, тәңірім...

Бақытжан буын-буыны дірілдеп шегіне берді: – Қорқамын, әкри...

– Неден қорқасың, шырағым. Нечего бояться! – Жер астынан шыққандай болған осы гүрілдек үннен үшеуі бірдей селк етіп, зәрелері қалмай шошыды. Бақытжан қатарында тұрған Нұржанды құшақтай алып еді. Жалт қарағандарында, тура қыр желкелерінде төніп тұрған, аппақ, еңгезердей аруақ шалды көрді. Енді-енді ғана ыңырана көтерілген ай сәулесін емген қар өзгеше жарқырап, дүниенің баршасын ақ сүт нұрға шомылдыра бастап еді. Сол... күні жетіп әбден толған айдың саулаған сәулесі аппақ сақалы желбіреген аруақ-шалды аспан-әлемінен әкеліп тастағандай әрі жат, әрі қызықты да қорқынышты еді. Үстінде ақ көйлек, ақ дамбал және аяғында лыпа жоқ, тізеден қар кешіп жалаң аяқ тұр-ау деймін. ай астындағы ақ күміс қария үш жігітті де мықтап тұрып естен тандырып еді. Нұржанның осы әзірде ғана көз алдынан көлбеңдеп өткен ару қызы қас пен көздің арасында аруақ-шалға айналып-ақ кеткеніне қайран қалды. Сасқалақтаған үш жігіт жарыса сәлем берген.

– ассалаумағалейкум!

– ассалаумағалейкум! – ассалаумағалейкум!

ал шал болса, сол жалаң аяқ, жалаң бас қар кешкен қалпы бұларға жақындап келді де, жоқ іздеген адамдай жүздеріне үңіле қарады.

– Здравствуйте, незванные гости...

Қарсы алдарында тұрған шал өзге планетадан келген жұртшы да, көрден көтерілген аруақ та, жалғыз көзді жалмауыз да емес, кәдімгі тіл-аузы, қол-аяғы бар адам екеніне енді ғана илана бастаған жігіттердің өздерін тастап кеткен шыбын жандары бойларына қайта қонғандай, жадырап сала берді. Ең алдымен батылдық көрсеткен Бақытжан болды.


– ақсақал, сіз орыстың ақсақалысыз ба? – Шал мырс етіп күлді де:

– Қайдан келеді? Қайда барады? – деп сұрады. мұндайда тықыршып тек тұрмайтын аманжан:

– аташка, рұқсат болса, үйіңізге кіріп жөн сұрассақ қайтеді. масқара жаурап тұрмыз,– деді. Бағанадан қорқып-үркіп, үйіне беттей алмай сарсаңдағандары әншейін ғана қауқайған шал екеніне көзі жеткен соң, еркінси бастады.

– Ну и что же, – деді шал тағы да орысшалап, – идемте, поговорим дома...

– Сендер жүре беріңдер, мен трактордың суын ағызып, сөндіріп бір-ақ барамын, – деді Нұржан. Қызыл сирақтан қар кешіп, үйіне беттеген шалдың артынан Бақытжан томпаңдай жөнелді. аманжан да ере түсіп, қайта қайырылып келді де, Нұржанның құлағына сыбырлады: – Тракторды сөндірмей аялдай тұрсақ қайтеді. мынау жалаң аяқ, жалаң бас шалыңнан қорқайын дедім. Өзі бір түрлі... былай қызық кісі екен...

– Сенің де сескенетін адамың бар екен-ау, ұзынтұра, – деп, иығынан салып қалды да, рақаттана күлді. Өзі моторды сөндіріп, радиатордың тығынын ағытты. ып-ыстық су буы бұрқырап көбік қардың үстіне сарылдап қоя берді.

– айтпады деме, – деді аманжан өзгеше көңілсіз қалыпта.

– менің жүрегім жыланның жусағанын сезеді. – Қолын бір сілтеді де, шалдың соңынан кетті.

Тракторды сөндірген соң, осына ай астында ақ кебінге оранып жатқан қарлы адырлар жаны жай тапқандай мызғып, мәңгілік тыныштық құшағында маужыраған. Жазығы суық демесең, қысқы табиғаттың қазіргі келбеті керемет еді. ару- қыздың ешкімнен именбейтін, ешкімді менсінбейтін алқам- салқам бейбастық әрі әдемі еркін ұйқысындай еді. аспандағы жарықтық ай менен жер бетін бүркеген сұп-суық қардың осыншалық жарасымдылықпен тіл табысып, бір-біріне телмірген күйі іштей күрсінуін көріп, естігендей еді Нұржан. Зікір салған трактор үні өшкен соң, баяғыдай бір сай-сүйегіңді сырқыратар сиқырлы ән алыстан талып естілгендей-тін. Буын- буыны босаған Нұржан аппақ қарға етбетінен түсіп, сол бір күншілік жерден естілген мұңды әнді тыңдап жата бергісі келеді. ғажап, қар ән салып жатқандай... ғажап, қар жанып жатқандай... Нұржанның құлағына әлдебір сыбыр естілгендей.


мен... тоңдым... мынау... Суық жалғаннан... ыстықтықтан жаураған, мынау қарлы өлкеде, мұзға айналып қалмаған, адамың бар ма, айт маған...

Осы бір сыбырды, көзге көрінбейтін әлдекім айтты ма, жоқ болмаса Нұржанның өз жүрек күбірі ме, белгісіз, – әйтеуір, естігені рас-ты. Шыңылтыр аяз сорған жүзі бозарған, осы қалпында қардан соққан аққаладай делдиіп қатып тұр еді. Жертағандап жатқан үйдің есігі сықырлап ашылып: – Ей, айға бата оқып тұрсың ба, жүрсеңші, – деген аманжанның айғайы естілді.

Жұмбақ шалдың үйі жалғыз бөлмелі. Кіре берістегі сенек тастай қараңғы. Нұржан есік тұтқасын сипалап жүріп әрең тапты, қайыстан жасалған екен. Шуда-шуда суық онымен жағаласа ішке еніп, төрге дейін өрмелеп барды да жылуға айналып жоқ болды. Бөрене үйдің іші даладан жаурап кірген адамға ыстық болып сезілген. Үй сыланбағандықтан дөңбек- дөңбектің арасына тығылған мүк сапсия шығып, мұрынға қаңсық иісі келгендей болады. Қабырғаға аңның терілері ілініп, бұғының шаңырақтай салалы мүйізі қағылған. Тақтайдан қиып жасаған нар, нардың тұсында қос ауыз мылтық, оқшантай, патрондары көгенделген былғары белбеу, дүрбі, аңшының тағы басқа керек-жарақтары ілулі тұр. Кіре берістегі оң жақ бұрышта ағаш сандық, оның үстінде өлімсірей жанған май шам, ал қабырғаға тақтайдан долбарлап жасаған сөре қағылып, азын-аулақ ыдыс-аяқ қойылған. ал сол жақ бұрышта аузынан шоқ атқылап, екі бүйірі қызарған темір пеш орналасыпты. Темір пештің ар жағында қалың тақтайдан орындық жасап орнатқан. Біздің екі жігітіміз сол ағаш орындықтың үстінде сотталуға келгендей қаз-қатар тізіліп отыр. Қоңырқай тартқан үйдің қазіргі сықпыты ертек секілді, ала көлеңке тартып өзгеше бір жуас күйге шақырады-ай.

Шал әр нәрсені шұқылап: темір пешке үстеп отын салып, шамның майын жаңартып, пештің үстіне құманға шай қойып, түнгі тыныштығын бұзған тоқылдақ қонақтарына назар аудар- май жүріп алды. аманжан шыдай алмады білем (шыдамсыздық оның туасы қасиеті еді) – һм... һм,– деп жөткерінді.– а-а-та! Су бар ма екен бұл үйде? Шөлдеп отырғаным...


Шал үндеген жоқ. Нардың үстіне жайғасты да, бас жағында ілулі тұрған белбеуді алып, патрондарын бір-бірлеп суыра бастады. Ішінде оғы жоқ бостары болу керек.

– ата! Шөлдедім! – деп аманжан айғай салғанда ғана жайбарақат басын көтеріп тілге келді.

– Саңырау емеспін, неге бақырасың? Суықтан үсіп өлейін деп отырып шөл қысса не дауа. Есік алдына шық та, қардан көсіп алып асай бер.

Тағы да үнсіздік орнады. Үш жігіт сыртқы киімдерін шешпестен отыр еді, пысынап терлей бастады. Шал бос патрондарға капсуль салып, бытырлап өзімен-өзі, бұл үйде өзінен басқа тірі жан бар-ау деп елемейтіңдей. Темір пеш үстіне қойған шайнек қақпағын қаққылап қайнай бастады. Тіпті, шыдай алмады білем, жігіттер шолақ қара тондарын амалсыздан жасқана шешті. Қақаған суықта ұйқы баса беретін Бақытжанның буын-буыны босап, денесі балқып қалғи бастап еді. Үй иесі тіпті итпісің, кісімісің демеген соң, қанша төзімді болса да шыдамап еді, Нұржан: – ата, жол соғып шаршап келіп едік. рұқсат етсеңіз, жатып дем алсақ...

– Пожалуста,– деді шал. аманжанның шыдамы шарт

сынды. албастысы ұстап орнынан атып тұрған.

– Қайда ұйқтаймыз?! Жөніңізді айтпайсыз ба? Әлде... осылай үндемес ойнап отыра береміз бе?.. – Шал самарқау қимылмен басын көтерді.

– Неменеге кергисің-ей, жігітім? Отырғың келмесе есік әне, сыртынан жап, жөніңді тап. менің шөбімді әкелетіндей бұлданасың ғой. Әлде, құс төсек берейін бе. Қисая кетіңдер отырған жерлеріңе. – аманжан қасындағы Нұржанның құла- ғына «мынау бір ит шал ғой» деп сыбырлаған еді анау естіп қалды.

– Не балтай! Осы күніңе зар боларсың, – деп орнынан жас баладай секіріп тұрды. Жігіттер сасыңқырап қалған. Нардан секіріп тұрған шал, қақпағын қаққылаған құманға шыт дорбадан шымшып алып шай салды. Дәл ортада қарағайдың түбірінен кесіп орнатқан дөрекілеу жозы бар еді, дастарқан жасай бастады. Жалғыз ыдыс, жалғыз қасық, бір тілім нан, суыған еліктің етін әкеліп қойды. Бұдан соң асықпай, бабымен құйып жалғыз өзі шай іше бастаған. Ішіндегі ең ашқарағы Бақытжан қалғып-шұлғып осы көріністі байқаған жоқ-ты. ал кешеден аш екі жігіт сілекейлері шұбырып, жындана жаздап әрең-ақ отыр.


Аманжан: – Шайға шақырмайсыз ба. азаннан бері нәр татқан жоқпыз.

Шал: – Әкеңнің үйіне келе жатқан жоқсың, жол азығынды ала шықпадың ба?

Аманжан: – Ер азығы мен бөрі азығы жолда деуші еді атамыз қазақ... деп оспақтады.

Шал: – ал мен... тіпті де қазақ емеспін. менің ұлтым жоқ.

Аманжан: – Оны өзім де сезіп едім, – деп кекетті.

Нұржан: – Ұлты жоқ адам болушы ма еді...

Кержақтар секілді құлақпастағы шайды кішкентай шыны табақшаға құйып, суытып ішеді екен. – Кім екенімді сезіп отырғандарың рас болса, кісі басы бес сомнан ақша төлеңдер жамбас ақыға.

аманжан ысқырып жіберді: – мәссаған безгелдек. Құдайы қонақтан жамбас ақы алған жаман ырымды қай қазақтан көріп едіңіз... Бес сом... һм...

Шал: – мен қазақ емеспін деп қазақша айттым ғой, ұғар кісіге. Так, что гоните по пять рублей, – деп орысшаға басты. мүдірмей таза сөйлейді екен. Енді әңгімеге Нұржан араласа бастады:

– Қазақ болмасаңыз да, әйтеуір, адамсыз ғой. Шөп әкелуге кетіп бара жатқан біздерде соқыр тиын болушы ма еді. Қинамаңыз, ақсақал, тұрған бойымыз осы. Елге иек сүйеп үйренгендік ғой, әйтпесе азық-ақшасыз сапарға шығар ма жолаушы. – Ұққан адамға Нұржанның байыпты сөзі, майда қоңыр үні әдемі-ақ естіліп еді.

аманжан: – Қуаласаңыз құмалақ түспейді біздерден. Өйт- кені біз таң атқалы ашпыз.

– Ендеше, аяғыңдағы пимаңды шешіп бер. Жаңа екен, – деді шал Нұржанның аяғына қысық көзін сығырайта қадап.

ана екеуі тіпті таң қалды. Бақытжан ағаш бөренеге басын сүйеп, қорылға басып еді.

– мәссаған безгелдек, – деп аманжан тағы да ысқырып қалды. – ақсақ иттің көңілі ар жақта. – Бұл сөзі артық екеніне артынан өкіңді.

– Подонок! – деп айғайлады шал. Көзі шатынап, қолы-басы дірілдеп кетті. – Тілің тым-тым ұзын екен, жартысынан айрылып қалып жүрме. – Енді аманжан одан ары шыдас бермеген. Өзі де қаны қайнап әрең жатыр еді, арс етіп атып тұрды.

– мен саған пәдөнекті көрсетейін, қақбас! – Өзіне арыстан-


дай атылған еңгезердей жігітті шал тұрған орнынан қозғалмай тосып алды да, жұмсала берген дәу жұдырықтан сап етіп ұстап бұрап қалды. Оң қолымен аманжанның шықшытынан әдейілеп ұрды. ауыр соққы оңдырмай тигенде шалқалап барып, ұйқтап жатқан Бақытжаннын үстіне былш етіп құлады-ай... Бақытжан шошып оянды: – Бұл не шу, әкри. Түу-түу, ұйқтат- падыңдар ғой. – Нұржан да сасқалақтай орнынан тұра беріп еді, шал шапшаң ұмтылып барып, қос ауызды мылтықты алып өңешін үңірейте опыр-топыр болған жігіттерге кезеніп тұра қалды.

– а нука, не двигайтесь с места! Шүріппені басып қалсам, шүрегейдей тыпырлап жан тапсырасыңдар. – Нұржанға алая қарап бұйырды. – Шеш аяғыңдағы пиманы!

алдынан адам емес, аю тұрса да сескенбейтін аманжан:

«Әкеңді, осы шалдың қолынан өлсем арманым жоқ», – деп тепсіне тұраұмтылып еді, оны Нұржан иығынан басып тоқтатып тастады. ал ішіндегі су жүрек Бақытжанда ес жоқ, көзі бақырайып, берілдім, жаздым-жаңылдым дегендей, екі қолын бірдей көтеріп безектейді.

– ата..., тоист... ақсақал, менің пимамды да қоса алыңыз, алыңыз да шыбын жанымды қалдырыңыз. – Жыламсырап аяғындағы табандаған пимасын шеше бастап еді, шал қыржың етіп:

– Сенікі... тоңған сиырдың сирағына кигізуге де жарамас,

– деді.

Нұржан: –ақылға келсек қайтеді, ақсақал?..

Шал: – маған ақыл керегі жоқ, ақ қар, көк мұзда киетін су жаңа пима керек.

Нұржан:– Өзіңіз ойлаңызшы, – деді абыржып,– мына түкір- ік жерге қатып түсетін сар аязда жалаң аяқ трактор айдау мүмкін бе? Бұл дегеніңіз бұрын-соңды болмаған жазаның ауыр түрі ғой. Бүйтіп қинағанша атып өлтіре салыңыз. ал сіз қызығып отырған пима тіпті де менікі емес. Шал: – Бір үлкен бастықтікі екенін өзім де біліп отырмын. Сеңдер секілді сумұрындарға мұндай байлық қайдан келсін. Жалаң аяқ қалам деп қиналма, ескілеуін тауып беремін. – мылтығын оқтаған күйі жанасалап барып, даңғарадай ағаш кебежені ақтарыстырып, көнетоз, бір ақ, бір қара пима тауып алды. Содан соң: – мә, аяғың осыдан да жаурамайды, – деп лақтырды. Нұржан пимасын амалсыз шешіп, ол да шалға лақтырды. Екі жақты айырбас мұнымен де тынған жоқ еді.


– Еңді алмаған неңіз қалды, а-а-қ-сақ-ал, – деп әдейі ежіктеп қиқарланған аманжанға шал: – Сенің сағатың, – деді қысық көзін күлімсіретіп.

аманжан бұл сөзді естігенде жынданған адамдай қарқ етіп күлді. Күлді де: – мә, мә, мынаны аласың, – деп екі бармағын бірдей шығарды. Шал, қолындағы мылтықты сарт-сұрт оқтаған болды да, қамаудағы арыстандай алпарысқан аманжанның тура маңдайынан көздеді. Бақытжанда жан қалмады, зар еңіреп шырылдап, қасарыса қасқайып, алдындағы аузы үңірейген мылтықтан қаймықпай жүрелеп отырған жолдасының аяғына бас ұрды.

– Бер, бере сал, ойбай бастан құлақ садақа. Үйге барған соң өз сағатымды берейін саған... – аманжанның қолынан шөпілдетіп сүйіп жүр. мынау үйрек ататындай қос ауызды көздеген шалмен дәл қазір шатақтасудың бекершілік екенін Нұржан да ұқты. ыңғайы келіп жатса артынан көрер, бірақ осы сәтте шегіне тұруы керек: – Бере сал, – деді ол да досынан өтініп. – Бере сал.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.