Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 14 страница



аманжанның анасы бұл елдің қызы емес. айыртау жақтан жер ауып келіпті. Сондықтан да ол әйелдің өткені жайлы, бұл ауылда ешкім де ашып айтып бере алмас. ал өзі күні бүгінге дейін өмір-тарихы туралы жұмған аузын ашқан емес.

Ұлы аманжанның кімге тартып туғанын жан адам білмей- ді. Ішкері жақтан жалаңаш қойнына, кенгурудің баласындай салып әкелген қызыл шақа ұл, бүгінде тепсе темір үзетін зіңгіттей азамат болып өсті. Бірақ шешесінің кең пейілін бермеген, тым-тым қатал, басбұзар тентек. Фамилиясы да шешесінің әкесіне жазылған. аманжан ес білгеннен бері анасына жалғыз-ақ сұрақ қойған: – Әкем қайда? – Шешесінің жауабы да қысқа болған-ды: – Соғыста өлген...

Соғыс деген талай дүниенің астан-кестеңін шығарып қана қоймап еді. Соғыс – талай қулық пен сұмдықты тас-талқан етті. Елдің тәубасын есіне түсірді. Соғыс сандаған күнәны тудырды, сандаған күнәны ақтады да. Әйтпесе 1946 жылы туған аманжанның әкесі қалай ғана соғыс жылдарында өліп қалады. Осындай соғыс тудырған әрі тудырмаған, бірақ соғысқа сілтеген қисынсыздар ел ішінде көп-ақ еді... Соның бір құрбаны, осы сырықтай ұзын бойлы, ала көзді аманжан-тын.

Есіктен үсті-басын қағына, жөтеліп кірген жігіттердің есендесуін бір бұрышта, тулақ үстінде жүн түтіп отырған Үндемес шешей (ел солай атап кеткен) ернін жыбырлатып қана алды да, қайтып тіл қатқан жоқ.

– Ол кісіге алаңдамаңдар, – деді аманжан пештің иығын- дағы ағаш күбіні еппен алып тұрып. – Ол да бір – қара тас та бір.

Оның бұл қатты сөзі Нұржанды тіксіндіріп тастады. анасы туралы анайы сөз айту, көргенсіздік қана емес, аса тұрпайылық еді. Бірақ Үндемес шешей ұлына қарады да, ләм деп тіс жарған жоқ.


Үшеуі дөңгелек жозыны қоғамдай отырып, шырмауық иісі мұрынды жарған сары сыраны біраз еңсере ішіп тастады.

– рақат екен, – деді аузын жеңімен сүрткен Бақытжан.– Сарайым сайрап қоя берді. Жолға аздап ала шықса қайтеді өзін...

– Қатқаныңның басы, қатып қалмай ма, – деді аманжан.

– Шынын айтқанда, сол бір ит өлген жерге барғым келмейді,

– деді Бақытжан. – Он жыл бірге оқып, бірге өскен сендерді қимадым.

– менің де зауқым жоқ, – деді аманжан. – Күзде сен болдың ғой, қандай жер екен. Елі сараң дегені рас па?

– рас, – деді Нұржан. – Күзде үсіп-жығылып аулымызды әрең тапқанымыз. Енді шегінетін жер жоқ. Уәдемізді беріп қойдық.

– мына салқын сыраң басыма шыға бастады, – деді Бақыт- жан.

– ал, рақмет, қайтайық, – деп Нұржан орнынан тұрды.– Жолға дайындалу керек. Білгендей-ақ тәтеме монша жағып қой деп едім.

– Дайын болғанда хабарларсың, бәріміз де ұлы сапарға тазарып шығалық, – деді аманжан.

Жігіттердің шығып бара жатып «сау болыңыз» деген сөзін жүн түткен әйел естімегендей, жауап бермеді.

Нұржанның шешесі – жастай жесір қалған адам. Бір ұл, бір қызы бар. Екеуі бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Нұржан қара торы бұйра шаш та, қарындасы көгілдір көзді шикілі сары. Оның сырын, осы ауылдағы сыпсыңқайлар сан-саққа жүгіртеді. Бала кезінде Нұржан талай мазаққа ұшырап ашуланды да. Бірде «айғай апасынан» (жұрт осылай атайтын): «менің әкем қайда?» – деп сұрады.

– Соғыста өлген, – деп айғайды сала жауап берді. мың да тоғыз жүз қырық алтыншы жылы дүниеге келген Нұржан

«соғыста шейіт» болған қайран «әкесін» содан қайтып іздегенді қойған. Бәріне де соғыста өлгендер емес, соғыстан аман келгендер «кінәлі» екенін, кейінірек сезді ғой.

ал Бақытжанның майданнан қара қағаз келген әкесі осы ауылда тірі жүр деген лақап сөз бар. Кім білсін? Бәріне де қу соғыс кінәлі...

«айғай апасы» монша жағып қойған екен. – Қайда жүрсің қаңғырып, – деп дүрсе қоя берді.


– Түу, естіп тұрмын ғой, осынша неге айғайлайсыз, – деді Нұржан шешесіне кейіп.

– Өлгенің құрғыр, аспан қарға айналып кетті ғой деймін; бас алдырмады ғой. Әлгі қарындасың сабағына әрең кетті қонышынан қар саулап. Таза киімдеріңді дайындап қойдым...

– аманжан мен Бақытжанды шақыра салсақ...

– Немене, шешелерінің аяғына жара шыққан ба екен, жағып берсін моншасын. Өй, анау «үндемес шешейдің» бойында жаны бар демесең, таңертеңнен кешке дейін астына жіберіп қойған баладай бажырайып отырғаны. Ұлы жынданып кетпей қалай жүр.

анасының ала құйын мінезіне әбден сыралғы болған ұлы ұлпа қарды омбылап жүгіре жөнелді.

Қар толастар емес. аспан жоқ. Қаптаған қар-шыбындар ғана.

Осындай қалың қар жауған күні біздің үш жігітіміз ағаш- тан қиып салған моншада рақаттана жуынып, бірінің арқасын бірі ысып, әңгімелесіп отырды. Қолдарында қайыңның бұтағынан жасалған сыпыртқы, күйіп-жанған тасқа бір бақыр суық суды шашып қалады да, лап етіп көтерілген ыстыққа шыдамай ырсылдап, сабана жөнеледі. Іштеріндегі өкпесі өшпей, жүрегі күймей сабана беретін – аманжан болып шықты. ана екеуі «ойбай тұншығып өлдім» – деп есікке қарай тұра безді. ал аманжан болса қара тасқа аяқ-аяқ су шашып өзін- өзі сартылдатып ұрады-ай. Есікті далдалай ашып, бастарын табалдырыққа итше жастап, таза ауа жұтқан Нұржан мен Бақытжан құрлықта қалған балықтай солықтайды.

– Әкең... Жанұзақ ағасына тартқан, – деді Бақытжан. – Қолына қолғап киіп алып сабанушы еді. Ол моншаға түскен күні ұлы-жіңгір шапқын болатын. Бір түскенде – бес сағат түсер еді тас моншаға... Отыз бес рет сусын алдырып ішетін. Жәкеңнің он баласы монша мен үйі екі ортасында сусын тасып, ала шапқын болып жүрер еді...

– Былжырамай жатыңдар, – деді аманжан ырс-ырс етіп.

– Жалаңаш денелеріңе ыстық су шашып жеберемін.

– Сенен ондай ерлікті күтуге болады, – деді Нұржан бетін суық сумен шайып. – ал қышуың қанса есікті ашайын.

– Тұра тұр кішкене, – деді арқасын қайыңның бүрімен осқылаған аманжан. Өне бойы білеу-білеу қызарып қалған екен. Қолқаны қапқан қаңсық иіс, ыстық бумен жағаласа далаға


қашып шығады. ағаштан өрген аласа монша өр алтай елінің ермегі секілді еді. Таза жүруіне ғана емес, суық тиіп тымауратса да осы тас моншаның табына жүгіретін. айнала толған ағаш, кесіп-кесіп тасы қызарғанша өртеп жағатын. Шелек-шелек су тасып, таспештің үстіндегі тайқазанға құйып ысытатын. Кейде үлкен кісілер осы су сарқылдап қайнауға айналған қазанға

– арша тастап, жуынғанда судан қош иіс шығып тұрушы еді. Жарықтық, арша атты қасиетті өсімдік адамның денсаулығына да пайдалы деседі. Түшкіріп, пысқырса болды қураған аршаны үгіп-үгіп газетке орап, темекі қылып тартқан Жанұзаққа жұрт бекер күледі де...

– Уа, рақатқа бір баттым-ау, – деп, биік сәкіден қарғып жерге түскен аманжан беті-қолын босаға жақта құюлы тұрған суық сумен жуып, тырайып-тырайып, салқын ауамен тыныстап жатқан жолдастарының қасына жайғасты: – Жігіттер, кешке киноға барайық, – деді Бақытжанның жалаңаш құйрығынан шапалақпен салып қалып. Су-су алақан болбырап жіпсіп жатқан денені оңдырмай ысып жіберді білем, бес саусақтың тарбиған қып-қызыл таңбасы қалды. анау, ойбайлап атып тұрды.

– Ой, әкең... жынданып кеттің бе, әкри.

аманжан қарқ-қарқ күлді. – Нешауа, өкпелемей-ақ қой.

Кешке киноға кіргіземін.

Дардай жігіт болса да «киноға кіргіземін» деген сөзге мәз болып, құйрығын сипалаған күйі қайта жатты. Осы үш жігіт те бір күн қалмай дедектеп жұмыс істейтін. Упрай мен бригадир қайда жұмсаса сонда безектеп елпектеп отырса да, айлық табыстары алпыс-жетпіс сомнан асқан емес. аспайтын себебі, құрғақшылық үш жыл қатарынан болып, жемшөп тапшылық жасауы. Бір айыр шөптің өзіндік құны бір сомға дейін барды. Жазы ыстық, қысы қатал болды. Топырлап мал қырылды. Сонау осыдан мың шақырым шалғайдағы тың игерілген даладан арқалағандай болып сабан тасылды. Өзгелерден гөрі қайта осы үшеуі табысты еді. Бес жыл қатарынан тек қана шығында отырған совхоздың кейбір мүшелері әншейін бостан-бос, бекер істеп жүрер еді жұмысты. айдың аяғында: – «Бересі болып қалыппын, әкри», – деп, темекі алу үшін әйеліне алақанын жайып, баланың ақшасын сұрайтын. Өкімет соңғы кезде әр баланың басына пособиені көбейтіп жақсы болды. Әсіресе ер-азаматтар жағы риза. «Шамаң келсе таба бер»,– дейді, әйелдеріне. – Сельсоветтен болмаса, совхоздан қайыр жоқ, таба


бер...» ал, обалы қане, ауыл әйелдері шамасынша-ақ босанып жатыр. Әр үйде 7-8 бала бар.

Үш жігіт буы бұрқыраған моншадан шықты. Қар әлі жауып тұр. Кешке клубтың алдында кездеспек болып, үйді-үйіне тарады.

Қар жапалақтап жауып тұр. Толастар емес. Егер тағы да дәл осы қарқынмен бір тәулік жауатын болса, сөз жоқ, жұт болатын сыңайы бар.

Клубтың маңайында есік-терезеден сығалап, қар омбылап жүрген бірен-саран балалар болмаса, ересектер жағы аз көрінеді. Клубтың дәл маңдайында жарқыраған жетім шам жарығынан қардың саулап, айналып ұшып жауғаны анық көрінеді де, былайғы қою қараңғылыққа ұласқан жағынан ештеңе аңғара алмайсың. ғайып болған аспанға қарасаң ғана, бетіңді жыбырлата қытықтаған қар қиындыларын сезесің. Клуб маңындағы бес тиындары болмай, киноға кіре алмай қалған балалар, қар көбелектерін тілімен аулап мәз болады.

Нұржан есіктен қарап еді, екі жолдасы тақтай орындықта қайқайып отыр екен, мұны көрген соң: – Кіре бер, белет алып қойғанбыз, – деді. Клубтың ішінде үлкендер жағынан тым аз, өмір бақи кинодан қалмайтын Жанұзақ пен Қайырлы ұста ғана тонға оранып, қанатқа сүйене қиқайып жатыр. Сахнаның алдында бірінің бөркін бірі лақтырып, мойындарына қар салып, шулаған он шақты бала бар.

– Ей, шие бөрілер, шуламаңдар! – деп, Жанұзақ қоқиланған болып еді, ешқайсысы пшту демеді де. Клуб іші салқын. Есіктен бір құшақ суық ертіп осы ауылдың екі-үш мұғалім қызы кірді. Институт бітіріп, одан кейін екі-үш жыл жұмыс істеп үлгерген қыздар үш жігіттен де ересектеу еді, оларды пәлендей мән беріп қызықтай қойған жоқ. Қоңыр түбіт шәлілеріне жабысқан қарды қағып, босаға тұста аз-кем аялдады да, Нұржандардың алдындағы орыңдыққа келіп қонақтады. аманжан жыбыршып тыныш отырмай:

– Сәлеметсіздер ме, апайлар, – деді. Ішіндегі ұзын бой- лысы:

– Есенбісің, ба-у-ы-р-ым, – деп нығарлай жауаптасты. Бұдан ары әңгіме болған жоқ. Сегіз ересек, он балаға арналған Индия киносы басталып кетті...

Терезенің қырауы еріп, тесік жасалды. Түймедей ғана аршылған әйнектен жалғыз көз сығалады. Әке-шешесі ақша


бермеген баланың қашанғы әдеті осы, қысы-жазы терезеге жабысып, таласып-тармаса сығалап тұрғаны. Бұл уақиға үш жігіттің басынан да талай өткен. аманжан әлгі танадай тесікті құлақшынымен жауып, баланың ит жынына тиіп еді, Нұржан ұрсып тастады:

– Өзің сығалаған тесік еді ғой, қойсаңшы, – деді.

– Ей, ұстаздар, – деді аманжан ұзынтұра қыздың арқасы- нан түртіп.– Оқушыларыңа бес тиын берсеңдерші, обал ғой.

– мұғалім-қыздар сөз таластырмады. Бұл жігітпен дауласып береке таппасын білуші еді, ләм деген жоқ.

Сыртта алпыс жылдан бері жаумаған қар төпелеп тұр.

Осы күні Нұржан ұйқтай алмады. ары аунап, бері аунап, тіпті, жамбасы талғандай болған соң, шолақ тонын жамылып тысқа шығып еді, қар толас тапқанын сезді. Қараңғыда білін- беді де, аспанға қарап, бетін тосты, қар ұшқыны тимеген соң ғана: – Сап болған екен, – деп шалдарша өз-өзінен күбірледі. Қайтып келген соң да, көзі іліне қойған жоқ. Қайдағы-жайдағы есіне түсіп басы мыңғы-дыңғы болды. Төргі бөлмеден кәперсіз ұйқтаған шешесі мен қарындасының пысылдағаны естіледі. Бөтен дыбыс жоқ, талықсыған тыныштық. Не заматта барып кірпігі айқасқандай болып еді, есік сықырлап ашылып, үйге аппақ кебіні бар қыз кіргендей... Тас қараңғы бөлменің іші жап-жарық болып кетті. Босағаға сүйеніп үндемей тұрған қыздың көзі шырақ болып жанады. Неге екені белгісіз, Нұржан қорыққан жоқ. Өңі ме, түсі ме ажырата алмай дел-сал жатты. Қимылдайын деп әрекеттеніп еді, тырп ете алмады, тіл қатпақ болып еді, жағы ашылсашы... ақ тер, қара терге түсіп терледі. Тәңірім-ау, тіпті ояу-ақ жатқан секілді. Әне, қыз тұр аппақ болып, міне құлағына шешесі мен қарындасының пысылдап ұйқтағаны естілді... ғажап! «Әй» – деді, үнін шығара алмады. Енді не істеу керек? Бәлкім, Қар қызы деп көкіп жүргендері осы шығар. Жүрегі тулап, алқымына кептелді. Не істеу керек?

«Әй»– үні шықпады. Қос жанары шырақ болып жанған қыз әлі тұр босағаға мұңая сүйеніп.

Өлдім-ау дегенде қыздың сыбырлағаны естілгендей болды.

«Нұ-р-ж-а-н... сен кет бұл ауылдан, мүлдем кет, мәңгілікке кет... бұл жерде адамдар көбейіп барады... саған еркіндік жоқ... Еркін өмір жоқ... Кеңістікке кет... ер менің соңымнан... ер».

Өлдім-ау дегенде көзін ашып еді, қап-қараңғы түн ғана мелшиіп тұр. Еш нәрсе жоқ. «Уһ» – деп демін әрең алып,


алақанымен маңдайындағы пыршыған терді сүртті. Бірақ даладан соншалықты мұңлы, соншалықты аянышты сыңси салған қыз әні талып естіледі.

Әлдеқайдан, алыстан қар-қызының боздап салған әні естіледі.

 

* * *

айнала аппақ қар: ақ түтек боран, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке: қарасаң көз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... алысқа бірін-бірі қуа жарысады; ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген қарлы адырлар ұлы өмір шуылынан бейхабар – айқара жамылған ақшағи көрпесін бұйығы бүркенеді; табиғаттың күні кешелер ғана маздаған тіршілігіне мекен-жай болған жазира жоталар өлім тыныштығына бой алдырған да, дүниенің бар қызығынан әбден жалыққан құмарпаз адамның, жалқы сәт талықсып кетерін еске салғандай болады; күн таласа шыққанда осына қайғы жұтып, қар тұтқында жатқан бейкүнә аязды аймақ мың-миллион күміс ұшқындарын сәулелендіріп, тоғыз қабат торқа астында қалтыраған Жер-ананың ертең туар базарлы шағының үміт отындай жарқырайтын; бүгін аспанды саңылаусыз тұтастыра жауып тұрған қарлы жота-қыраттардың осы сұлулығын қызғанғандай, тартып алып талақ тастапты; көкжиек жоқ: аспан да, байтақ өңір де ақ сұр; жер жоқ, бір өңкей бой суытып, жүрек мұздатар сұмпайы қар; еріксіз жалықтырады, еріксіз жалғызсыратады, жүз жылға бір-ақ қартайтып кеткендей қажытады; құлазыған осына бір түске, бір мінезге қарап тұрып, көңіліңді аяныштың аязы буып, ботадай боздап жылағың келеді; ботадай боздап жылап тұрып, жаратылыстың осыншалық қатыгездігіне налығандай әлемдегі бүкіл жақсы- лық пен жамандық атаулыдан безінесің, ақша қардың орта- сында меңдей қарайып тұрған жалғыз трактор – аппақ дастар- қанның үстінде жорғалаған қоңыздай-ақ қауқарсыз, бейшара.

ауылдан шыққандарына екі күн, барар жері сонау көрінген ақ таудың ар жақ етегі – онда ауылдың ала жаздай дайындаған пішені бар; соны тиеп қайтуға барады; олар үшеу: Нұржан және аманжан мен Бақытжан.

Қар мұхитты қақ жара арқырап келе жатқан тракторды Нұржан жүргізіп отыр; астынан аязды күнгі көк темірдің ызғары өтеді; шолақ қара тонының жағасына мойнын тыға


түсіп, әлгі көріністен көзін алмай телміріп келеді: ол қарайтын басқа еш нәрсе жоқ – айнала аппақ; тіпті бәрі үнсіз, қасат қарды қақ жарып, бір қарқынмен бір бағытта келеді; достарының не ойлағанын білмейді Нұржан, әйтеуір, бозарған жүздері мұңға лайық, өзгеше көндім, өзгеше жуас, қайтпайтын сапарға аттан- ғандай аянышты халде; ал өзі болса мынау ұшы-қиырсыз, еңку- еңку қарлы адырлардың үстіндегі қыбырлап тыныш таппай- тын өмір жайлы, суық қысып ыбырсып қор болар жер жайлы, көзден де, көңілден де шеттей бастаған мұңсыз-қамсыз балалығы жайлы ойлайтын шығар; неге екенін білмейді; осы қу медиен айдалада жападан-жалғыз қалып қойғысы; қалып қойып анау аппақ кебін қардың үстіне ақпен табандаған қара пиманың ізін тастап, мәңгі тымық, мәңгі суық шексіздікке, алдыңғы күні белгісіз бозаң жолға шыққысы келеді; мейлі жалғызсырасын, мейлі қар басып үсіп өлсін, мейлі азынаған қысқы өңірдің аш қасқыры жеп кетсін – ойына алған дел-сал, ұйқылы-ояу қатал да қайырымсыз сапарға аттансам дейді; өйткені сол бір белгісіз де шексіз кеңістікке қар қызы шақырған.

алпамса тауға өрлеп келеді, ақ шағылдар таусылар емес, күн түнге ойыса бастады; аспан сұмпайы бұлттан азаттана бастады; олар әлі ләм деместен томаға-тұйық бозарып отыр; көзі ояу, көңілдері ұйқыда; мүмкін, олар аппақ қардың үстіндегі көктемгідей жапырағын жайған әлі жас, әлі арманшыл, әрі күнәсіз көк өрім үш қайың шығар; қазіргі әрқайсысының жүрегінен сағыныштың, өкініштің белгісіз, бұдан бұрын еш жерде, ешқашан айтылмаған мұңлы да сырлы әнінің қалтырап барып, сыңси айтылуы – сол ақша қардың үстіндегі ақ қайың- ның сұп-суық жел тербегенде шыдай алмай жылауы шығар; олар бұл ғаламда трактор гүрілінен өзге жан жарылқар үн естіп, көз суырар қардан басқа ештеңе көріп, бой мұздатар суықтан басқа түкті де сезініп келе жатпағаны рас; ымырт жабылған сайын осының бәрінен – аппақ болып көсілген көріністің өзінен айрылды; ендігі мезетте бұлттан тазарған аспан жұлдыз таналарын тағынып, сылана бастады; олар бәрібір үнсіз; ауыздарын ашса болды қырқысып-төбелесе жөнелетіндей қауіпті де қаныпезер отырыс; аспанға қарады: сансыз жұлдыздар жымыңдайды – бірі сөнеді, бірі жанады; трактордың жарығы түн түндігін тілгілеп, сонау ойда болар- болмас жылтырағандай елес берген жетім сәулені іздеп барады; соған асығады, жамырап табысқысы келеді; көкке


қарады; жұлдыз ақты, қайда түскені белгісіз, әйтеуір, олардан тым алыс. Қара көк аспандағы жұлдыздар жауып тұрғандай сезінді. астындағы темір қобдидан өткен ызғар шекесін солқылдатқандай тісі-тісіне тимей, қалтырай бастаған Нұржан, сол бір мағынасыз жанармен анау алдында бел-белестеніп мінгесіп ұштаса кете барған аппақ дүниеге жиіркене қарады. Жылда, тіпті қыстай көріп, көз қашты болған көрінісі болғанымен, дәл бүгінгідей көңілі суынып, көкірегін ызғар қарыған жоқ еді; дүниенің осыншалық иесіздігін тұңғыш сезінгендей зәрезеп күй кешті. алғаш ауылдан шыққанда ептеп желік қысқандай болған, жастық шақтың көп-көп алаңсыздығы тағы да бір ессіздікке, мұңсыз-қамсыз жазира тірліктің жалғыз аяқ соқпағына жетелегендей еді. Енді міне қар жамылған жұп-жұмыр таулардың тұтқынына түскен сайын сол жылымық көңіл, сол жылымық көңілдің шуақтары аязда үсіп өлгендей өгей өмірге тап болды; оты жоқ, пеші жоқ жел кеулеп, ызғар буған иесіз үйдің қонағындай шарасыздықтың шырмауында қалды. Қасаттана бастаған аппақ қарды жарып, бағдар-бағытсыз арындап келе жатқан ДТ-54-тің қазіргі мінсіз жүрісі ғана ендіті медет, ендігі қуат, үміт теңізін кешкен үш жігіттің – астындағы арғымағы-тын. Елден шыққандарына екінші түн, кеше Фадиха деген ауылға түнеп шықты да, елең- алаңнан сапарға қайта аттанған. алда – Қоңқай асуы.

аспан төсі шұрқ-шұрқ тесік. ай әлі туа қойған жоқ. Қараңғылыққа бой бермеген адыр-қыраттар ағараң тартып, қорқыныш ұялаған көңілге ес болғандай. Қорқыныш ұялай бастаған көңілге ес болған ол да емес, сонау төбедегі жетім жарық. ДТ-54 сол өлімсірей жанған жарыққа қарай өршелене өрмелеп келеді. Түн меңдеген сайын дүрілдеген үні де жер- көкті жаңғыртып қатты естілетіндей...

Үш жігіттің жанары да сол жалғыз жарыққа қадалған. Ендігі үміт те, тілек те сол – жұлдыздай жылтыраған сәуледе.

ДТ-54 қайқаң қағып төбеге шыққанда, маңдайындағы қос шамы шатырын қар басып қалған ағаш үйді тінтіп өтті де, солқ етіп барып тұра қалды. Қар құсып, сартылдаған жылан бауыр доңғалақтың үні сап тыйылды. Нұржан тұтқаны төмен басып, газды азайтты да, енді не істейміз дегендей, екі досына қарады. Олар да ошарылып, ләм деместен шарасыз отырып қалып еді. Қар басқан үйден ешкім шықпады. Трактор жайлап қана зіркілдеп тұр. Осы трактор үні жағаласып, сөздерін естіртпейтін


болған соң, әбден айғайлап үйренгендікі ме, Нұржан қатарда отырған аманжанның құлағына дыбыстады:

– Біреуіміз үйге кіріп, біліп шығайық. Қондыра ма екен?

– аманжан оның дәл құлағының түбіне айғайлаған аузын қолғабымен баса қойды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.