Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 22 страница



Қол шатырлы қыз: – «Жоқ, күнім. – Құшақтайды. – Жоқ, біздер ол жақта мәңгі жасап өтеміз. Сен бұған дейін өліп келген едің, енді бүгіннен бастап тіріміз... тіріміз... жүр ғашықтар мекеніне, жүр...»

Бақытжан жүрексіне ереді: «Тек, асықпайықшы...» – Екеуі ақырын-ақырын басып, ақ отаудан шығып бара жатады. алыстан... тым-тым шалғайдан сыңсып салған мұңлы әуен естіледі. Құдай-ау, қайда жатыр? Қайда барады? Өңі ме, түсі ме? Не деген күйіп-жанған дүние...

айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп тұтаса қатқан суық дүние.

Көк тәңірісінде еркін жүзген ай астында аяз сорып,


маңқайған бітеу таудың ортасында тұтқын болып – қозыдай қарайып қауқарсыз трактор тұр. Буланып барып, суық ұрған темірін қырау тұтып, түртіп қалсаң қарып түсетін ашу-пошым алып адамның қартайып, қайғы ойлағанда ақырғы рет сілтеніп, түйіліп қалған дәу жұдырығындай кекті бітім. Ұшқан құс, жүгірген аң, қыбыр етер тірлік иесін аяз шалып, үсіп өліп қалғандай – өлі тыныштық. Сазарған ақ түннің, әйтеуір, бір тұсынан атом ғасырының аш қасқыры ұлыды ма, өлім үніндей

– қорқынышты ұлу естіледі еміс-еміс. Тек сол ұлу ғана бүгінгі зәрлі түннің жаршысы. міне, аш ішекше шұбатылып таусылып бітпейтін қыстың ұза-а-қ түнінде қардан жасап алған үйшікте бүк түсіп, ой еміп жатқан үш жігіттің әдемі қиялы қанша сипалап жылытқанымен, маужыратып апарып – бірте-бірте үсік үйіне әлдилеп, алдап-сулап кіргізе берген. аса қаталдықпен тісін қайрап, тілін жалақтатқан ажал-арыстан ол да араны ашылып, уыздай жас олжасын қызықтауға сақадай-сай еді. Жүректерін ептеп жылытпалаған әлгі әсершіл көңілдің тәтті естелігі байырқалап барып, жұқалаң тартып, суыған... Сонсоң бүкіл денелері қызынып, буын-буындарын ала бастап еді. Буын- буындарын ала бастаған суық енді қан тамырларына шауып, қуалап, мәпелеп еркелеткендей сайқалдықпен ұйқтатады, жабырқаңқы жанын тербеп, уатады... уатады... Нұржан серейіп, ағаштанып қата бастаған аяқ-қолының шым-шымдап жылығанына таң қалды. Қызық... бейне бір құс төсек, мамыққа оранып жатқандай бой-бойы балбырап, бүкіл денесі талмау тартты да... қызық... үлкен башпайынан, саусақ-саусағынан өзгеше бір қытық жүріп, дызылдап қышығандай ма-ау; ал өзі бұрынғыдан ары бүрісіп, қол-аяғын бауырына жиыра түсті; ол өзін бейне бір қар-үйшікте емес, қозының аппақ жүнінен басқан алты қанатты ақ ордада жатқандай үлкен рақат күйде сезінген. аманжан да, Бақытжан да жоқ, тек жалғыз өзі – бір өзі ғана... табаны тызылдап тағы дуылдады-ай: жер-ошақтағы лаулап жанған от қыздырғандай ма-ау; екі тізесін бауырына алып, әлгі табанын күйдірген оттан қаша ма-ау... Не деген ертек сықылды еркін дүние, есеңгіреген хал; не деген жас сәбидің ұйқысындай бейбіт дүние, не деген аппақ... сүт дүние... Нұржан ақ қозының жүнінен басқан отауда рақаттың алтын астауында тыныштық күйін кешіп, жұмылған көзін ашуға қимай, жұмылған көзін ашса, енді-енді ғана емін-еркін сезіне бастаған бақытқа, рақатқа толы ұйқылы-ояу халінен мүлдем айрылып қалам ба


деп шошынған. Ол тіпті дәл осылай бүктетіле иленіп жата бергенше тұрайын деп қаншама талпынса да, жатқан жерінен тырп етіп қозғалуға шамасы жетпеді. Әлдекім албастыдай кеудесінен басып қозғалтпаған. Сонсоң ол тым құрығанда оң жамбасына аунап түспекке әрекет қылып еді, ол ойынан да дәнеңе шықпады. айқайлап аманжан мен Бақытжанды шақырды. Оларда да, өзінде де үн жоқ – тұншыққан тыныштық. Осы кезде ақ қозының жүнінен жасалған ақ отауға үстінде қып- қызыл кебіні бар Қар қызы кірді. Кірді де төр алдында қол- аяғын таңып тастағандай қор болып сұлай жатқан Нұржанның басын көтеріп:

– «Тұр, тұр, жігітім, таң атты, күн шықты», – деді жалынып.

Нұржан өз басын көтеруге қанша әрекет жасаса да, тас байлап тастағандай, қозғалта алмады: – «Сен кімсің? Әлде періште, әлде адам...» – деді ернін зорға қимылдатып.

Қар қызы: – «Қар қызымын...»

Нұржан әлі маужырап жатыр: – «Қар қызы... мынау сұп- суық өлкеде сыңсытып ән салатын ару сен екенсің ғой».

Қар қызы: – «Иә, менмін».

Нұржан қуанып кетті: – «Сенің мұңлы әніңді жер бетінде тек мен ғана ести алатынымды білесің бе? Тек мен ғана тыңдай аламын».

Қар қызы: «Егер оны білмесем, іздеп келер ме едім».

Нұржан жанында отырған аппақ қызды бауырына тартып, аймалайды: – «Көп іздедім ғой өзіңді... КӨП іздедім. Шаршадым, шаршатты мені. айыртауда Қар қызы бар екен, қыста қарлы шағылдардың арасына көзге көрінбей ән салып жүреді екен де, жаз шыға жетіқат жер астына сіңіп кетеді екен,

– деген аңызды талай-талай естісем де, іштей иланбаушы едім. Енді міне, өзіңді көріп отырмын. Қандай сұлусың».

Қар қызы: – «Қандай сұлу болсам – сондай суықпын».

Нұржан қыздың алақанын бетіне басады: – «рас суықсың.

Неге солай екен?»

Қар қызы: – «мені адамдар мәңгілікке өкпелеткен».

Нұржан: – «адамдарың кім сонда?»

Қар қызы: – «Қоңқай шал...»

Нұржан: – «Ол адам емес, Қоңқай ғой».

Қар қызы: – «Қоңқайлар да адам. Олар керек. Олар жастарды адастыру үшін жаратылған. ал адамдар ең әуелі адасып алмаса, бірін-бірі әсте де іздеп таба алмас еді...»


Нұржан: – «рас айтасың, егер сол Қоңқай шал адастырмаса, сені ешқашанда іздеп таба алмас едім».

Қар қызы: – «Егер сол шал болмаса, мен дәл осылай мәңгі- бақи адасып, зар илеп, зар жұтып өтпес едім. Сен менің тілімді алсаң, қазір орныңнан атып тұр да, анау екі жолдасыңды қуып жетіп, ертіп қайт, кері қайтар».

Нұржан: – «Олар қайда кетті?»

Қар қызы: «Қол-аяғын үсік ұрған екеуі, жер асты еліне беттеп барады».

Нұржан ойланып қалады: «...мен дәл қазір орнымнан тұрып кетсем... Сені қайтып көре алмай қалармын. Сол жер асты еліне саған еріп менің де барғым келеді. Шын бақыт, шын махаббат, нағыз бостандық – жер астында ғана...»

Қар қызы: – «мені сүйетінің рас болса, келе көрме бұл жаққа».– Екі қолын сермеп зәрезеп болып безектейді.

Нұржан: – «Неге? Неге? Неге?»

Қар қызы: – «Өйткені екеуміз қосылып қоямыз».

Нұржан: – «Қосылсақ ше? Біз ғашық жандармыз ғой».

Қар қызы: – «Шын ғашық о дүниеде де қосылмауы керек. Бірге тұрсақ бәрібір ұрысып қаламыз. Қозы мен Баян арыз беріп баяғыда ажырасып кеткен. Өйткені адам, қайда да адам: жер бетінде де, жер астында да, тіпті көк тәңірісінде де... бәрі бір адам».

Нұржан жалбарынып жылап жібереді: – «махаббат ше? махаббат!»

Қар қызы: – «Жоқ болған соң да махаббатқа тым ынтызармыз. Егер зәуде бар болса, баяғыда жек көріп кетер едік. Нағыз махаббат жер астында да жоқ. Тұр! Егіле бермей, еңсеңді көтер. – Қолынан тартады. – Үсік шала бастаған екі досыңды оят. Сен секілді жігіттер жер астына ғана емес, жер бетіне керек. Тұр! Тұр! Тұр!»

Ол Қар қызы емес. Нұржанның тамырында аласұрып, аязбен айқасқан, үсікке бой бермей жанталасқан қып-қызыл қаны, тулап соққан жүрегі еді...

Өлдім дегенде тыныштықтың бұғауын үзіп, орнынан атып тұрды! аласа қаланған қар үңгірдің төбесіне төбесі тиіп құлап қалды. Өздерінің өне бойынан жан кетіп, үсікке ұрына бастағандарын сезді де, жалп етіп құлаған қардың астында қалған аманжан мен Бақытжанды жұлқылап, тіпті тепкілеп оята бастады. Жан дәрменде екі беттерінен ұрғылап,


шымшылап жүріп, әрең естерін жиғызды. Ербиіп-ербиіп орындарынан көтерем сиырдай кирелеңдей көтерілді де, сылқ етіп қайта құлады. Нұржан жанталаса айғайлап: – Тұрыңдар! Жүгіріңдер! Үсіп өліп қала жаздаппыз! Ұйқтауға болмайды!

– деп жұлмалайды екі жолдасын.

Аманжан: – Түн ортасында оятқаның не-ей, жау шапты

ма?

Бақытжан: – Кішкене ұйқтай тұрайыншы, әкри. – Былқ-

сылқ етіп әрең тұр.

Нұржан: – Ұйқтауға болмайды. Үсіп өліп қаламыз.

– аяқ-қолдары дуылдап, ашығанын енді ғана сезген екі жігіт Нұржанның ырқына көне бастады.

Олар енді аласұрып жаттығу жасауға кірісті. Нұржан команда беріп жүр.

– Тұрыңдар! – Тұрады.

– Отырыңдар! – Отырады.

– Тұрыңдар!

– Отырыңдар!

– ал енді тракторды шыр айналып жүгірейік. – Тізелерінен қар кешіп жүгіре бастайды.

– ал енді беті-қолымызды қармен ысқылайық.

– ал енді айқайлап күлейік. Қане, күлейікші бір, жолдастар.

Күлейік! Күлейік! Бүкіл әлем күңіренсін... Ха-ха-ха...

– Ха...ха...ха...

– Ха...ха...ха...

Бүкіл әлем «ха-ха-ха-ға» айналып кетті.

Үшеуі есі ауысқан адамдай кеңірдек жырта сақылдап қарқылдап, қар тепкілеп күлді-ай... – өмір үшін, өмір үнін естірте қасақана күлді...

– Не деген тамаша өмір? Ха-ха, – деді аманжан арпалысып.

– Күлген адамның бәрі бақытты емес, ха-ха...

аюдай қорбаңдап, ай астында жанталасқан жігіттерді көрген көлденең көз болса, жын ұрған екен деп ойлар еді.

– Қане, жігіттер, – деді Бақытжан екі досының қолынан тартып.– Билейікші бір айызды қандырып. Өзіміз үшін. Сүйіп қосыла алмаған қыздарымыз үшін.

аткөпір қарды тепкілеп, арсыл-гүрсіл билей бастады.

– ал енді, жігіттер, енді құшақтасып, ыстық-ыстық сүйісейік, – деді ентігін зорға басқан Нұржан. – Бұдан кейін қолымыз тие ме, тимей ме? Тіпті бұдан соң бір-бірімізді дәл қазіргідей қимас көңілмен жақсы көре аламыз ба?


Үшеуі жүз жылдан соң жолыққандай құшақтары айқасып сүйіседі.

– Сүйіскеннің бәрі махаббат, құшақтасқанның бәрі адал дос емес, – деп, аманжан былш еткізіп түкіріп, биялайымен аузын сүртіп тастады. – Өне бойым бір түрлі жыбырлап, қышындыра бастады.

– Таң атқанша шыдайық, – деді Бақытжан.

– Таң атқан соң қайын жұрағатыңның үйіне барасың ба?..

– Дегенмен күн шығады ғой.

– Ой, сол күніңді! – деп аманжан тісін қайрады.

– Күнге тіл тигізуге болмайды, – деді Бақытжан. – Саған керек жоқ болғанымен, өзгелерге керек.

– Тұрмаңдар, қимылдаңдар, – деп Нұржан екі жігітті итеріп- итеріп қалды. Қызық, серейіп тұрған аманжан екпінімен ұшып түсті. Бірақ Нұржанға ашуланған жоқ. Орнынан қайтадан қарғып тұрды да, көзі шатынып, аузынан бу бұрқыраған қалпы қолын сермеп: – Ел үшін алға! Ура, жолдастар! – деді жан даусы шыға.

– Совхоз үшін! Отделение үшін. Жасасын управляющий!

– деді елірген Бақытжан.

– Бәрібір үлкен башпайымда жан жоқ, – деді аманжан ентігін басып. Өне бойы бірте-бірте қызына бастағандай.

– мен аман секілдімін, – деді Бақытжан алқынып.

– Сен семізсің, суық майыңнан өткенше көктем шығады- ау,– деп қалжыңдады Нұржан. Үшеуі айызы қана тағы күлді.

алайда аманжанның халі бәрінен де мүшкіл еді, қол-аяғы, тіпті бүкіл денесін біртіндеп үсік шала бастаған сықылды. Сақылдап күліп тұрды да, бір уақытта өз-өзінен бұлқынып, үстіндегі киімін асығыс шеше бастады. алғашында Нұржан қалжыңдайтын шығар деп мән бермеді де тонын, сонан соң пиджагын шешіп, енді көйлегін сыпыра бергенде ұстай алды.

– аманжан деймін, не болды саған?!

– Ештеңе емес, ана қараңдаршы, костер жанып тұр... Фу, атаңа нәлет... ыстықтадым, – деп Нұржанның қолынан жұлқынып шығып, секіріп билей бастады. – О, жарықтықтың лапылдауын-ай... Келіңдер қане, отты айналып армансыз бір билейік, достар. лаула, костер! лаула, қар үстінде жанған от!

– Сақ-сақ күліп, ырғып ойнай берді. – Сендер де шешініңдер!

– Ұстайық, – деді Нұржан. – Ұстап алып, денесін қармен ысқыламаса болмайды.


– Ұстай алмайсыңдар,– деді аманжан мазақтап. – айна- лайын жарық от! Күйдірші! Өртеші! Өртеп жіберші, анау қар бетінде қаптаған қара мысықтарды – (екі жігіттен бастап санайды)... бір мысық, екі мысық, үш мысық, мың-миллион мысық... Жер бетінің бәрі мияулаған мысықтар...

Бақытжан жыламсырап қоя берді: – алла, тағалам-ай, не жазып едік саған... қор болдық-ау...

– Тұр орныңнан! – деп айғай салды Нұржан. – азамат емеспісің.

Ептеп есі ауыса бастаған аманжанды екеуі екі жағынан шап беріп ұстап алып еді, қарулы жігіт біразға дейін бой бермеді. Бұдан соң тракторды от алдыратын қайыс белбеуді алып келіп аяғын тұсап барып, бірі кеудесіне мініп отырды да, екіншісі аманжанның өн бойын қармен ысқылай бастады.

– Әттең, қаздың майы болар ма еді. Қолдырай бастаған өне бойын сылап тастайтын, – деді Бақытжан.

– Қоя беріңдер! – деді жұлқынып. – Жаурадым. Құтырып кеттіңдер ме. Шешіңдер аяғымды. Өзім-ақ...

Әйтседе үсті-басы қолдырап үсіне бастаған аманжанды тырп еткізбей басып отырып, етін ұзақ ысқылап барып әрең босатты. Бұдан соң шапшаң киіндіріп, ана екеуі бір-біріне лақтыра итеріп, қызу қимылға түсірді.

арпалыспен бірер сағат уақыт әп-сәтте өте шықты. аман- жан үсік шалған денесіндегі мұздай бастаған қан лүпілдеп қайта қозғалысқа түскен соң, расында да, бусанып терлеген. Қайратты жігіт ес-ақылын да әп-сәтте жинап үлгеріп еді.

– рақмет, достарым, – деді жүріп, – сендер болмасаңдар жынданып кете жаздадым-ау. Қызық, тап ортамызда лапылдап от жанып тұрғандай елестеп кетті. ал киімдерімді қалай шешкенімді өзім де білмедім.

– Енді әрқайсымыз бір-бірімізге сақ болайық. Біреуіміз шешіне бастасақ болды, қарға екпетінен салып, құйрығынан шапалақтап, бір қабат терісі сыпырылып қалғанша ысқылай- мыз, әкіри, – деді Бақытжан секіріп жүріп.

– Сен бәрімізді алдыңа салып барып үсисің, – деді аманжан.

– Терің киттің терісінен бір кем емес.

Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Түпсіз ал қара көк аспанда мың-миллион жұлдыз, жамбасқа ауа бастаған ай, батыс көкжиекке сусып түсе бастаған шоқ үркер ай сәулесімен аймаласып жатқан, құмары


әлі тарқамаған, мауқы әлі басылмаған тойымсыз. Қорқатын сол қардың көйлегінің дал-дұлын шығарып, ырқына көнбей, дегенін істемей, қашып құтылудың амалын іздеп арпалысқан адамдар – ай сәулесінің астында секіріп ойнап, сеңдей билеп құтырған үш жігіт... өмірдің мәнін түсініп, махаббаттың, шын бақыттың не екенін парықтамаған жас буын – енесін іздеп зарлаған жас бота...

Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол суық әлемнің бір пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; қолында қаруы, алдында атысар жауы жоқ, өз-өзінен жынданған, өз- өзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты... үш қояншық, үш есалаң – үш батыр...

Қаңтардың ұза-а-қ түні таусылар емес. мәңгі қозғалысқа түсіп, шапшаң қимылмен шаршаса да, шапқылай берген соң жігіттердің тоңдана бастаған денесіне жылу тарап, маңдайлары жіпсиін деген. Тоқылдап қатқан пималарын шешіп жіберіп, бір-бірінің аяғын қармен ысқылап еді, енді башпайларына да жан кіріп, қан жүгірген. Бойлары жылығанмен, ыстықты аңсаған ішкі сарайы сол – салқын қалпында, темір құбырдың аяз сорып, жел кеулеп уілдегеніндей құлазыңқы. Көңілдегі түйткіл мұз ери қоймаған... Ертеңгі суішкіліктеріне аса сенімді емес. Жиырмасыншы ғасырдың аш қасқыры тіпті жақыннан ұлығандай...

– ана қара! – деді Бақытжан ышқына айғайлап. – ананы қараңдар, бес-алты ит тұр.

– атаңның басы, – деді ауыр мінезді аманжан бәрібір сас- пай. – Иен тауда ит жүр деген. Ол – қасқыр! Біздің жаназамыз- ды шығаруға келген, дәретіңді алып, иманыңды үйіре бер.

расында да, шана ағытылып қалған жоғарыда құлақтарын тіге селтиіп-селтиіп бір үйір қасқыр тұр еді аңдып. Нұржан тұңғыш рет зәресі ұша қорықты. Бірақ жолдастарына сыр білдірген жоқ:

– Сіріңке жақ! – деді аманжанға. Содан соң өзі трактор каби- насындағы темір қобдидан май сіңді шоқпыт алып, солярка ағызып еді, түтіктері қатып қалған екен, тамбады. Әдемілеп тұрып балағаттады да, әлгі май-май шүберектің өзін тұтатпаққа әрекет жасаған. Жарты қорап сіріңкені түгесіп барып, әрең бықсып жанған алауды оңды-солды былғап айғайлап-айбар жасағанда, шоқиып-шоқиып отырған қасқырлар жылыстап, шегініп барып, қайта аңдыды.


– Бәрібір тракторға жолай алмайды, – деп жұбатқан Бақытжан өзін-өзі. – Темірден қорқатын шығар, әкіри.

– атаңның басы, – деді аманжан шырт түкіріп. – ашыққан қасқыр сені түгіл, тракторыңның өзін асап қояр. Баяғыда Қара далада пәсепте жүрген кезімізде бір шелек автолымызды ішіп кеткен.

– Сен де соғасың! – деді Нұржан. – адам даусынан үркетін болу керек. Қосылып тұрып, баяғыда, мектептің көркем- өнерпаздар үйірмесіндегі хорда айтқандай шырқайықшы бір. Келіңдер! Шырқайық... шырқайық (өне бойы дірілдей бастаған еді, әлде қорқыныштан, әлде тоңғаннан).

– Қасқырды өлең айтып қуғанды қай атаңнан көріп ең. – Бұл сөзді аманжан ашу шақыра айтып еді.

– Сонымен қасекеңдерге концерт қойып беретін болдық. мен барып билет сатып келейін, – деп батырсынды Бақытжан. Олар қасқырдан көз алмай іштерінен ептеп ыңылдай бастаған. Бір уақытта Бақытжан жан ұшыра бақырып жіберді:

– Әне, әне, әкіри. Бізге қарай жақындап келеді. – Зар еңіреп жылап жіберді. – Ойбай! апа!

– Шырқайық!

– Шырқасақ шырқайық!

Ән басталды. Еш адам ұғып болмайтын, қызық ән басталды: бірдің басы, бірдің аяғы түсініксіз, ішіп алған удай мас кісінің сандырағы секілді иір-иір, үзік-үзік қожыраған сұрықсыз әуен, балдыр-батпақ сөз әрі тамаша сөз.

Нұржан қасындағы сөнуге айналып, түтіндеген шүберекті қасқырларға қарай лақтырып жіберіп, өз омырауын өзі сабалай шертіп, азандап қоя берді:

...Өлсем орным қара жер – сыз болмай ма. мыңмен

жалғыз алыстым, кінә қойма...

аманжанның әні:

аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу аппақ қар, аш қасқыр, оу,

оу... аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу...

Бақытжанның әні:

апам-ай, апам, апам-ай... Жалғызың қор боп қала ма-ай. апам-ай, апам, апам-ай... Енді қайттім қорқам-ай...

Қорқып-үрку сезімдері өлген, іштеріндегі ең ер жүрек, ең қатал аманжан қолғабын шешіп стақан жасады да өтірік арақ құйып, тост көтерді.

– ал енді, жолдастар, қасекеңдердің бізді ұмытпай, ел аралап,


шаруашылықпен, халықтың тұрмыс-халімен танысқаны үшін, жас өспірім жастарға жасаған әкелік қамқорлықтары үшін; осы қасекеңдер болмаса таңымыз атар ма, күніміз шығар ма еді, өзімізді ап деп асап қоярын біле тұра мақтамасқа амалымыз бар ма? ал, ағалар, сіздер үшін алып қоялық!

Шығыстан, айыртаудың оңтүстігінен таң білінді!

Шығыстан, қыземшектенген қарлы төбелердің ар жағынан сызат берген айналайын таң, құланиектене ағараң тартты. ағараң тартып, түн пердесін сыпырғанша, тамағы кеберсіп, дауыстары қарлыққанша ән салған үш жігіт бір үйір аш қасқырды хормен шығарып салған. Сонда жігіттер қаз-қатар трактор табанына шығып тұрып айтқан ең соңғы трио ән мынау еді:

Болдық қой бар өнерді тауысқандай; мерт болдық айға шауып арыстандай, ат жалын тартып мінген бұла шақта, Шықылықтап көзге түстік сауысқандай, уа, сауысқандай, тра- та-та, ха-лал-ай, сауысқандай немесе арыстандай...

– Интересно,– деді Бақытжан.– Бүгінгі қасқырлар жемейді, бірақ масқара қорқытады.

– Ура, таң атты!

Бәрі құлақшындарын аспанға атып, уралайды.

– Бәрібір батыр атағын бермейді, – деді аманжан мұңайып.

– Өйткені біздің ерлігімізді көріп тұрған ешкім жоқ, – деді Бақытжан.

– Көріп тұрса да бермейді, – деді аманжан. – Өйткені біздің де, трактордың да қанаты жоқ, жоқ... ешқашан да ұша алмаймыз. Ұшу үшін туатындар бар. Біз – бауырымен жорға- лаушылармыз.

Иә, таңның атқаны даусыз еді. Түні бойы жемтік аңдығандай қыдиып жігіттердің зәре-құтын алған аш бөрілер құйрықтарын бұтына қысып, таудан асып, қаша ұзай кеткен. Дегенмен аш қасқырдың да пайдасы тимей қалған жоқ. алтайдың қырық градус суығында қасат қар, ақырған аязда үсікке шалдырмай, таң атқанша арпалыстырып, ән салдырған. Пенде дегенің итжанды емес пе, «адам үш күнде көрге де үйренеді» деген осы, таудың қақаған суығы мен тілі жалақтаған бөрісінен кезек қорғанып, тағы бір күнді қарсы алған. Бірақ алда әлі де ұшы-қиырсыз күрес күтіп тұрған-ды. Түндегі дүрдараздықты қасқыр жеп кетті де, тек сол бір өзара түсінбеушіліктің куәсі іспетті, аппақ қардың бетінде мұрындарынан аққан қып-



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.