Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 12 страница



«қателігі» деп ұғар зерде жоқ, «бұнымыз асыра сілтеушілік» деп айтар пенде жоқ, осынау «жоқтардың» жоқтауын естір құлақ жоқ, қынадай қырылды, арқасүйер ардақтысынан айырылған Нюра Фадеевнаны ағаштан қиып салған үйінен қарашаның қары түскенде қуып шығып, жаңа ұйымдасқан қосшының бастығы кіріп алды. ананың ақ жүзі қуарды, ақ сүті суалды: бір жастан енді ғана асқан қызын бауырына басып, баспанасыз далада қалды. міне, осы кезде аналық жетелеп өз үйіне апарды, асырады, сақтады. алтайдың созалаңдап таусылып бітпейтін ұз-а-ақ қысынан ілдалдалап әрең шықты. Қарны тойып тамақ ішпеген ананың омырауынан сүт шығушы


ма еді, екі үйлі жанның қарап отырған қара сиырына жегізер шөп тақа таусылып, ағаштың бүрі мен теректің қабығын сыдырып беріп асырап еді, көтеремге айналған хайуанның емшегі шандырланып суалды. Наурыз туа, әбден тулақ болған сиыр көзі алайып қорада қатып қалған. Көкен айдалып кеткен Қандауырдың мылтығын иығына асып аң қарады. алғашында күпсек қарға малтығып өлген елікті тауып алып талғажау жасап еді, бұдан соң жазғытұрымның қара қатқағында қарға мен сауысқанға ауыз салған. ауыл адамдары, әсіресе, қарттар жағы бірінен соң бірі өле бастады. Оларды арулап көмер дәрмен жоқ, көк аязданған тоң жерді қазар әл-қуат жоқ, жер жібігенде қабірлерміз деп, мәйітті қармен бүркеп жасырған еді. Кейбірі азық іздеп алысқа ұзап кетті. алтай асып, Ойманға ауды. Үлкен Нарынға құлдады. Сол сапардан оралғандары бар, орала алмай жол бойында қол шанасын сүйретіп қатып қалғандар бар. Бұл өр алтайда наурыз айында да қардың көбесі сөгілмей, сіресіп жататын. Күннің көзіне арқасын тосқан үйдің төбесіндегі, жолдың ернеуіндегі қардың шеті ғана еріншектене ерігені болмаса, тау-тас, жон-қыраттар ақ күпісін оңайшылықпен шеше қоймайтын. Осындай бір қара қатқақ күннің бірінде, түнде ғана бүлкілдеп, шешесінің омырауын сипалап, қыңқылдап жатқан қызы мәңгілікке көзін жұмып еді. Қойнында тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен туған баласы емес, бір кесек мұз жатқандай шошына айқайлап тұрған Нюра ақ қар, көк мұзды далаға жалаң аяқ, жалаң бас атып шықты. аналық пен Көкен Бұқтырмаға қарай безектеген келіншекті әрең дегенде қуып жетіп, кері қайтарған. Нюра Фадеевна сол сәтте шынымен-ақ өлгісі келіп еді. Өмірді бар ділімен жек көрді, ол құдайды ит терісін басына қаптап қарғап-сіледі. Кейін ес-ақылын жиып, баяғыдай қуаттанған шақта, алла тағаладан ашумен айтқан ғайбат сөзі, жасаған күнәсі үшін талай рет жалбарынып кешірім сұрады. Екі жылдан соң еліне қайтып оралған күйеуі

− Қандауыр: «Сонда сен құдайдан рақым күтіп, кешірім сұрадың? мұхаметтен бе, әлде Христостан ба?» − деп, талай рет әзілдеп, ызаландыратын. «Құдай біреу, − деген сонда Нюра Фадеевна ыстық ықылас, бар махаббатпен. − Тек пайғамбарлар мен сенім ғана әр ұлтта әр басқа. Ендеше, мен жер бетіндегі немесе қолдан суретін салған бұрыштағыларға емес, аспандағы құдіреті  күшті  Құдайға  сыйынамын  әрі  сенемін!»  Обалы,


кәне, Қандауыр дінсіз еді, табиғаттан тыс тылсым күш барына иланған емес, тек өзіне, өз күшіне сенетін. Қалай дегенмен ұлы Еріктің кейбір қылықтары, әсіресе, қатты да қайратты мінезі әкесіне тартқан, тек өзімшілдігі ғана бөтен...

Бесіктен белі шықпай жантәсілімін берген, көпе-көрнеу аштан өлтіріп алған тұла бойы тұңғышының қазасы көпке дейін көз алдынан кетпей қойды.

«ӨЗІ ДЕ БҰл ДҮНИЕГЕ СыЙмаЙТыНДаЙ ӘДЕмІ

ЕДІ-аУ. ЖаНары ОТТаЙ ЖаНыП ТҰраТыН», − деп күрсінді Нүрке кемпір.

Дегенмен, алтай қазақтары дәл арқадағыдай жаппай қырылған жоқ-ты. Тісінің суын сорғандай боп қыстан шығып, көктемге ілінгендерінің негізгі қорегі табиғаттың жүгірген аң, ұшқан құсы болса, кейбірі ата-бабасының салтында жоқ, сүйегіне таңба болып, ұрпағын ұятқа қалдырар іске амалсыз барғандары да бар, яғни ит етін де қорек етті. Кейін сол ауыл

«Бес ит жеген» аталып кетті... ал көктем туып, ой-қырдың қары еріп, көк шыққанда, ауылдың тамам жұрты тайлы-таяғы қалмай жайлауға көшті. Сонда таудың сай-саласы, қырат- жотасы көгеннен ағытылған қозыдай жамыраған халыққа толып, көзіне көрінген өсімдікті талшық ете бастады. Әсіресе, беткей-беткейдегі бұл өңірдің елі «бек» деп атайтын − сәбізге ұқсас шөпті түбін қазып жеп, қарнын құр қампайтып, екі езуінен көбік аққан аш-жалаңаш адамдар Нюра Фадеевнаның күні бүгін көз алдында. Әсіресе, жайлаудың жап-жасыл шал- ғынына малша жайылған бала-шаға, әйел-еркек, кемпір-шал- дардың сол кеспірі мен ұсқыны күндіз есінен, түнде түсінен шықпайды. Жастар жағы алтайдың омырауынан саулаған сансыз бұлақтың өн бойын қуалап, белуардан су кешіп, балық ұстап жеді, күзде балқарағай дәнін талғажау жасады. Әйтеуір, өлмегенге өлі балық жолығып, жан сақтады. Таңғы нәсібін тәңірден күтетін қазақтың жайбасарлығына асыра сілтеудің сауатсыз саясаты қосылып, сандаған жұрағат жан тапсырды да, мың өліп, мың тіріліп үйренген қара табан, қара жон сормаңдай елдің тірі қалғандары қыбыр-жыбыр тіршілігін қайта бастады. Қайран қазақтың басына туған осынау қасіретті тең бөліскен тұрғылықты орыстар алдындағы малы, ауылындағы жанынан айырылған «тамырларын» бұдан ары қарай қалай аштан өліп, көштен қалмаудың жолын нұсқап, егіншілікке үйренуде


мұрындық болды. Өкімет тарапынан тиген азын-аулақ астықты соқаға өздері ат болып жегіліп, жер жыртып септі. Бұрынғыша

«ал» деп асап қоймай, бір дәннен бір масақ алды, бір малын төлдетіп екеу етті. Қосшыға бірікті. Қор жинады. міне, көп түкірсе көл дегеңдей, тағдырдың тәлкегін оңбай тартқан халық еңсесін  қайтадан  көтерген.  Еңсесін  қайта  көтерген  тұста...

«Халық жауы» қаптап кетті.

«УҺ, аллам-аЙ, Ол Да БІр ЗаУал БОлДы ғОЙ, −ДЕП Тағы КҮрСІНДІ НҮрКЕ КЕмПІр. − аЙТыП-аЙТПаЙ НЕ КЕрЕК, ҚҰСалыҚПЕН ӨТКЕН ЖылДарДы ЖОҚТаП

ЖылағаННаН КӨЗ ЖаСыҢ ТаУСылмаЙДы ЕКЕН».

...1932 жылдың ызғары артта қалып, еңсені езіп, ел мойнына қыл бұрау байланған заманның зары мен шерменде шерін ұмытып, құба төбел тірлікке көшкен сәл жылымық шақта, іргелес отырған екі үй – Қандауыр мен Көкеннің де шаңырағынан шуақ жауғандай еді. Жазықсыз айдалып, бай- ланып кеткен «орташа» Қандауыр ағарып қайтып оралды, Көкен болса жаңадан ұйымдасқан «ынтымақ» колхозының бастығына сайланып, ал Қандауыр оның еңбеккүн жазатын есепшісі болды. Сөйтіп, бұрынғы аяқ-табағы араласып отырған қос семьяның да ошақ оты жылтыңдап, қазаны қоңырсып иіс шыққан. Тойып тамақ ішпесе де, торқадан көйлек кимесе де, ашаршылықтан соңғы аз жылдың тыныштығына жылынғандай еді. Күйеуі аман-есен қайтып оралған соң, Нюра Фадеевна екінші құрсақ көтерді. аяғы ауыр құрбысының барлық күтімін әзірше сыбай-салтаң жүрген аналық тағы да өз қолына алды. айы-күні жетіп толғақ қысқанда да, құр керіп, «түс-түстеп» келсап түйген, перзентінің кіндігін кесіп, тұмсығынан сығып алған да – айналайын аналық еді-ау.

«аНалыҚТыҢ ЖаҚСылығыН ҚаЙТІП ҰмыТаЙ- ыН», − деп күрсінді Нүрке кемпір.

Бір жыл өткен соң, аналықтың өзі де жүкті болып, ұл туды. Бұл өңірдің ең үлкен байлығы – картошканы мол ғып асып, той жасағандары әлі есінде. Екі үйдің ортақ малы – қоңыр тайынша бұзаулағанда, қандай қуанып еді. Иә, ол кезде болар-болмас нәрсенің барлығы қуаныш, көңілге жұбаныш болушы еді. Жоқтан өзгеге алданатын жас баладай, аңқау да адал мезгілдің жалғыз-ақ ұраны бар болатын – лЮБым СПОСОБОм ВыЖИТЬ!


Осы бір соңғы сөз ойына оралған сәтте, атам заманда қазақ әйеліне айналып кеткен кемпір өз-өзінен селк етіп, шошынып қалды.

«Құдайдың құдіреті, алжиын дедім бе, кейінгі кезде кейбір нәрсеге орысша ойланып жүргенім не?» − деп күбірледі.

айтпақшы, Нюра Фадеевнаның екінші бөпесі де қыз еді. аналықтың ұлынан бір жарым жыл үлкендігі бар, бесіктегі жас сәбиді алданыш етіп, тірі ойыншығы секілді әлдилеп, тербетіп ойнап, жанынан щықпайтын. айрандай ұйыған достықтарына көз алартып, қызғаныш білдірушілер де табылды. Күні кеше ғана зұлпаттың аямай соққан дауылын мүлдем ұмытқандай ұлы көштің соңынан қайта салпақтаған ағайынның айғай- сүреңі қайта басталып, аз күнгі тыныштықты көтере алмай, болымсыз тірлікке мастану бар еді. Тап ретінде жойып жіберген қоңдылар мен орташалардың қашпай, қамалмай жүрген қалған- құтқандарының бессадыра жүдеу де мінді күйін көп көргендей пыш-пыштап, түртпектеп күн көрсетпейді. «Біздің жазығымыз не, жазығымыз: табан ет, маңдай термен тапқан малымызды ортақтастырғанымыз ба? Өздерің ойлаңдаршы: жалшы ұстадық па, қанап-тонадық па, ерінбедік, ел қатарлы еңбек еттік. асып-тасқан жоқпыз, ағыл-тегіл шашқан жоқпыз, бір малымызды екеу етіп, таланымызға біткен бақты шайқамадық, шаруамызды дөңгелетіп ұстадық. Осы айып па? Егер жетесіз болсаң, есінеп-құсынаған еріншек болсаң, біздің кінәміз не, қай қоғамда өмір сүрсең де, қайыр сұрап, тентіреп кетпейсің бе?» міне, осы бір қағидасын қанша рет қақсаса да, ұрда-жық жұртқа ұқтыра алмай-ақ қойған Қандауыр бұрынғы ауыр да тентек мінезін тастап, колхоздың есеп-қисабын қисайтпай шотқа салудан бөтен іске араласа қоймады. ауылдағы ат төбеліндей ағайын тіпті Көкеннің де бастықтығына қызыл көздік жасаған еді. Оны да орташаның қаралы қатарына қосып, ауданға арыз айдаған. Екі күннің бірінде тергеп, тексеріп маза бермейтін. ал оның әкесі мақажанның бар байлығы – өлеңі еді. Егер қорасы қордалы болса – ол тек өнеріне разы болған жұрттың сый-сияпаты, тарту-таралғысы; жол-жоралғысы; ұрлап та, сұрап та алған жоқ. ал Көкеннің иелігіндегі сол мақажан жарықтықтан қалған тоқты-торпақ болатын. Әкесіне тартқан арқалы ақын болмаса да, хат-қағазға жүйрік, ел билігіне әуес, отты кісі еді. Осы ынтымақ колхозын өз қолымен құрып,


аяғынан тік тұрғызған да сол – Көкен. Әуелі арабша, артынан латынша әріпті тізгін ұшынан қағып алып, тез меңгеріп кеткен. Оның жалғыз-ақ арманы бар еді – оқып, білімімді көтерсем, таудың қуысында жатқан аядай ауылдың адамдарын жаппай сауаттандырсам деп барын салды. Өзі оқи алмай қалды, бірақ Бек-алқаға әуелі ликбез, артынан мектеп ашып, бала-шағаның хат танып, сауатын ашуға көмектесті.

«Жігіттің сұлтаны еді-ау», − деп күбірледі Нүрке кемпір. 1937 жылдан бастап тонның ішкі бауындай болып отырған

екі үйдің шаңырағы шайқала бастады. Осы жылан жылы туа, екі үйдің ғана емес, мұқым елдің берекесі бей-берекет болып, бір-біріне үрке қарайтын, бір-бірінен сескенетін тайғанақ тағдырға тап болды. алтайдың аясындағы үркердей ғана ауылдан «қара ниет халық жауы» табылып, қазан құлағындағы қатынға дейін тергеліп, ататегін ақтарып, сөзін бағып, ойын оқитын аңдыс науқан басталды. Қатынқарағай ауданының секретары Төлегенов «Жапонияның шпионы» деген айыппен ұсталыпты дегенде, төбелерінен жай түскендей болды. Ең сұмдық оқиға ол да емес, аң қарауға шыққан Қандауыр аудан бойынша ұсталған он шақты «халық жауын» орманның ішіне апарып, атып тастағанын өз көзімен көріпті. Баудай түсірген өліктердің бетін де жаппастан тастап кеткен. Шекарамен шектесетіндіктен, әсіресе, бұл жақта, қатал өткен саяси айыппен қамалған «жауды» заң жүзінде жауап алып, мойындатып, соттап әуре болып жатпайтын. Іздеуші, сұраушысыз ізім- ғайым жоғалатын. Орманның ішінде жайрап қалған бейкүнә азаматтарды Қандауыр мен Көкен жан адамға білдірмей түнделетіп көміп келді. Тықыр бұларға да таяй бастап еді. Неге екені белгісіз, құрықты ең әуелі Нюра Фадеевнаға салды. айыптың үлкені – Фадей атты бұғы ұстаған шонжардың қызы екені, демек, байдың қызы да − бай тұқымы, біздің советтік өкіметке жау. Ендеше, мұндай помещиктің қызына қызыл қоғамның ортасында орын жоқ. Жауапқа шақырғанда, Нюра Фадеевна төрт жасар баласын ертіп барды. Тергеушінің бір қолы шолақ, ала көз қазақ еді. Нюраның бас-аяғын тінтіп қарап шықты да: «аңқос күйеуіңді, ит-мысық, малдарыңды неге айдап келмедің», − деді жекіре кекетіп.

− Немене, олардан да жауап аласыз ба? − деп айтып қалса да, баласын бауырына тарта сескеніп қалды. Өйткені,


осы інкібіді (НКВД) бастығы, бұл өңірде Шолақ қол атанып кеткен адамның аса қатал, алдына барған кісінің қаққанда қанын, соққанда сөлін алатын қатыгез деп естіген. аудандық комитеттің хатшысы Төлегеновті «партия билетін сенен алғам жоқ, бермеймін» деп қарсыласқанда, шолақ қолымен бір ұрып құлатыпты. Түсі өте суық, сол жақ көзі өзінен-өзі жыбырлап тұратын. Шолақ қолдың әр қимылын аңдып, көзі бақырая қараған бала шошына жылап қоя берді.

− Балаң жаныңды алып қалмас, жылатпа, онсыз да халық жауларынан жауап аламын деп басым ауырып тұр, − деді қолын артына ұстап, ерсілі-қарсылы адымдаған нәшәндік. − Сонымен әуелгі сұрағым:

− Шешең арғы бетке ауа қашқанда, неге еріп кетпедің? Бұл – бір. Екінші – сен осында тыңшы есебінде қалғансың, арғы беттен келетін байланысшыға Сәбет өкіметінің барлық құпиясын хабарлап тұратының рас па?

− Сәбет өкіметінің бүкіл құпиясын маған кім айтады екен?− деді Нюра қарсы сұрақ қойып.

− Төлегенов пен сенің күйеуің Қандауыр сыбайлас болған.

− Ол кісіні түсімде де көрген емеспін.

− Сенің көруің міндет емес.

− Ендеше...

− Доғар... сөзді! − деп айғай салғанда, боздап тұрған бала селк етіп, жылауын тыя қойды.− Сен тіпті Жапонның жансызы болмаған күннің өзінде, помещиктің сілімтігісің. Осы факті де жетеді түрмеге қамауыма.

− ағатай-ау, − деп кемсеңдеді Нюра, − мен – үй ішіммен, әсіресе, шешеммен ат құйрығын кесіскен, бір-бірімізді көрмеске анттасқан адаммын. Қандауырға тұрмысқа шыққаннан бері тіпті туған шешем болса да араласып, амандасқан емеспін. Қарақан басымда Қандауыр мен жалғыз қызымнан басқа ештеңе жоқ. Нақақ қинамаңыз...

− Көлгірсіме... Жарайды, ол сөзіңе де сенейік. Бірақ күйеуіңнің Төлегеновпен сыбайлас болғанын растайтын қолхат бер. Сонда ғана балаң екеуің бостандық ала аласың.

− Буынсыз жерге пышақ ұрмаңыз. Ол – біреудің ала жібін аттамаған адам.

− Әрине, төсекте жатқанда таза болып көрінеді. амал жоқ, түрмеде түнеуіңе тура келеді. Қазір бізбен бірге ауданға


барасың, − деді де, сыңар қолымен-ақ сырт киімін шапшаң киіп алды.

Нюра Фадеевна түрмеде үш күн түнеді. Жауапқа шақырған жоқ. Қараңғыда сыз бөлменің салқыны тиген бала ыстығы көтеріліп ауыра бастады. Кезекші милиционер әкеліп берген қара нан мен қара суды қанағат тұтпаған, «мама, үйге қайтайық» деп ботадай боздап жылағанда, қапаста қамалған ана да айтуға сөз, жұбатуға тамақ таба алмай діңкесі құрып еді-ай, лажы таусылып, жігері құм болып, сырттан хабар ала алмай қорланған; тілсіз қарайған бөренелер, өмір бақида бір рет те жуылмаған тақтай еден, ауа кірмей ауыр тартқан сыз бөлме – бәр-бәрі Нюра Фадеевнаның жүрегін жұлмалап, сезімін сірнеледі-ай; жылап- жылап талықсып барып ұйықтаған баласын қойнына тығып, ағаш нардың үстінде жамбасы ойылғанша, сәбиі оянғанша жататын; бүрісіп ұйықтаған бала анда-санда ішін тарта өксіп, жаман ырымға бастағандай – шешесінің жанын одан әрі жаралайды. «Тәңірім-ау, сенен де айырылып қалмайын» деген қауіп меңдеп, ішіне шоқ түскендей шошынатын, бір лаңнан құтылдық па дегенде, екіншісі бас салып, осы сойқанды кім жасап жатқанын және не үшін жасайтынын зерделер санасы сансырап, ойлай-ойлай басы мәңгіріп, мұң мен наланың, азапты жаланың тұңғиығында тұншығып еді; әйелдік долылықпен шашын жайып, бажылдап түрменің есігін тоқпақтамады, өз- өзінен булығып, өз-өзінен қысылып тұншыға ұзақ жылаған; бүйтіп күнәсіз қорлық көргенше, өлейін деген ой жылт етуі мұң екен, қойнында жүрегін жылытып, бүлкілдеп жатқан баланың ертеңі есіне түсіп, ол ойынан айныған; тіпті басыңды қабырғаға тоқпақтамасаң, бұл бөлменің ішінде бір сабақ жіп жоқ – жаулығына дейін шешіп алған, үстінде көйлегі мен бешпеті ғана бар. Қандауырдан хабар жоқ, үш күннен бері бір жапырақ қара нан мен қара су тасыған қазақ оқта-текте қатынағаны болмаса, тірі жанның бет-жүзін көре алмады, ол да тілі кесілгендей үндемейді; темір есік салдыр-гүлдір ашылғанда, қараңғы бөлмеге сырттан саулап жарық кіріп, Нюраның көр соқыр болып қалғандай көзін қарықтырды; бала оянып кетті, ояна салып, «мама, үйге қайтамыз ба?»деп сұрады, күзетші алғаш рет: «тұр, нәшәндік шақырады» деді, келіншек қараңғы қапастан жарық дүниеге қуана ұмтылды...


Нюра Фадеевна мен ұлының бостандығы тым қымбатқа түсті. мұны түрмеге қамаған күннің ертеңінде Қандауырдан жауап алған. Тағылған айып екеу: байдың қызына үйлендің, Жапонның шпионы Төлегеновтің тыңшысысың. Ол азар да безер мойындамаған, өздері жазған мойындау қағазға қол қоймай қасарысқан. НКВД-нің шолақ қол бастығы бір беткей жігіттің жігерін жасытып, жанын жарақаттау үшін жаңа айла ойлап тапқан.

Ең әуелгі сұрағы, стол үстіндегі жатқан газеттерді нұсқап:

«Газет оқисың ба?» дегеннен бастады.

− анда-санда ғана, шаруадан қол тие бермейді...

− Иә, сендер саяси сауатсызсыңдар... Орталық газеттерде не жазылып жатқанын білмеу – ұят! Халық жаулары алматыда да өріп жүр, тіпті әлгі өлеңшілер... не деуші еді... жазушылардың да жаулары көп... алашордашылардың ала күшігі мен Жапон шпиондарын әкесіне танытып жатыр....

− Оны маған несіне айтасыз. Оқыған адамдар арасында ондайлар болатын шығар.

− Білсін деп... жә, әйелің бар айыпты айтып берді, сенің өкіметке жасаған астыртын әрекетіңнің түгелін түгендеп берді,

− деді әдетінше кеңсенің ұзындығын өлшейтіндей тыным таппай адымдап.

− Сенбеймін, − деген Қандауыр. − Сенбеймін. мойындаса, сауаты бар, қол қойдырып алған шығарсыз, көрсетіңіз.

− малғұн! − деп бақырды нәшәндік. − Жаусыңдар! − Шолақ қолымен жағынан салып жіберуге оқтала бергенде, шапшаң қимылдаған Қандауыр одан бұрын қағып жіберді. азуы алты қарыс жоянбыз деп әспенсіген азаматтарды жалғыз құлатқан Шолақ қол мұндай қағылез қарсылықты көрмеген басы шошына тұрып қалған.

− мықты екенсің, − деп, өп-өтірік күлді. − Бірақ сендей асаулардың талайының мойнын астынан келтіргенмін. Күресесің бе?

«мынау жынды шығар» деп ойлады Қандауыр:

− Жығылсам босатасыз ба, әлде жықсам босатасыз ба, осыған келісіп алайық.

− Ултиматым қоя бастадың ғой. Оны көреміз.

− Ендеше, күреспеймін.


− Жақсы олай болса аядай кеңседе апыр-топыр алысып жатқанымыз ұят болар. Тоғай ішіне баралық. Кеттік.

Шолақ қол жеке атта, Қандауыр милиционер жігіттің артына жайдақ мінгесіп жолға шықты. Боқмұрын баланың ат артына салған көргенсіздігіне қанша намыстанса да, көнбеске амалы жоқ. Бұқтырманың жағалауындағы қалың тоғайға жетелер жалғыз аяқ соқпаққа түсіп асықпай аяңдап келеді. Қашып кетер деп қауіп қылды ма, тұтқынның қолын артына қайырып байлаған және оны ел көзінен жасыра үстіне шапан жапқан. Бұл қалпында балық аулауға шыққан бейбіт адамдардың сықпытын аңғартады. Құйрық тістесе артта – әдейі артта келе жатқан Шолақ қолдың тақымына кыстырылған құрығы бар.

милиционердің артында отырған Қандауыр мысық пен тышқан ойнаған бастықтың қылығына өлердей қорланды, қарсылық көрсетуге де, қашып кетуге де дәрмен жоқ, жер болып жасыды, амалсыз көнді. Әншейінде қолына су құюға жарамас жаманның соншалық басынып, басына әңгіртаяқ ойнатқаны кінәмшіл жігіттің намысын қанша осқылағанымен, жан тәтті де; өзінің өмірін қойшы, алланың әмірінен қашып құтыла ала ма, анау екі көздері төрт болып, тар қапаста қамаулы жатқан әйелі мен баласына тиер кесірі, ендеше, әліптің артын бағып, қайбір мазағы мен қорлығына да шыдау керек; мейлі – жықсын, мейлі – атсын, итжеккенге қызыл табан қылып айдасын – не көрмеген қу бас, лажсыз көнтері күй кешіп көндігеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.