Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 16 страница




үстіне айнаның сырлы аяққа тұндырған судай мөлдіреген бота көзі барған сайын жан сарайынан сығалап, жырым-жырымы шыққан жүрегіне нұр құйғандай, жыртық-жыртық көңілін жамап жасқағандай ма-ау, әйтеуір, қырықтан асқан жасына дейін көбең тартып, көнтеріленіп қалған сірне сезімін баяу тербеп желпігендей ме-ау... мұнысы қылмыс екенін біледі, бірақ ойламауға, қиялдамауға шамасы тағы да жетпейді. Соңғы кезде оған «Еріктің маған жасап жүргені қылмыс емес пе екен?» деген ой мазалаған. «Жоқ, қылмыс емес, егер ол омартаға ертіп келмесе, күйің қандай болар еді» деген екінші ой атойлайтын. рас-ау, үзілді-кесілді ішпей қойса, жығып салып аузына құймас еді ғой. Демек, бәрі де өзіне, өзінің азаматтығына байланысты. Тағанның азамат деген ұғымды ұмытқаны қа-ш-а-н.

Екінді өтіп, қас қарая омартадағы бар жұмысты ыңғайлап тастаған қожайындар кешкі асқа жиналды. Күні бойы бал шайқайтын шелектің құлағын бұрап, флягқа құйылған зілдей балды сарайға тасып шаршаған Таған беті-қолын жуған соң, үйге кіргісі келмей есік алдындағы молақ қарағайға құйрық басып отырып қалған. Көктегі шарбы бұлт кешке қарай ыдырап, күнбатыстағы таудың қыр желкесіне қоғамдасып қалапты. Орманнан жауын шақырған күшігеннің сұңқылы естіледі. Оқта-текте елік әупілдейді. Қас қарая алқаракөк аспанның ашық тұсынан жұлдыздар самсап, жерошақтағы әлі де сөнбей қызарған шоқпен таласа жымыңдасады. Қатын суының сарыны бұрынғыдай құлақ етіңді жемейтін секілді: әлде жуасыған, әлде тосын үнге Таған үйреніп кеткен. Жеңіл киімінен өткен кешкі салқын жауратып, бойын тоңазытқан еді, сонда да үйге кіргісі келмеді. Осынадай өз-өзінен жүдеген, өзінен-өзі жиіркене шошынған, өзінен-өзі іші ұлып, сырты жаураған дел-сал, күйреуік халді алғаш рет осынау төр жайлауда Ерік ертіп келе жатқан жолда – орыс омарташының үйінің сыртындағы қашаға сүйеніп, тұрып сезініп еді. Екінші рет жер болып қорланған сәті, тағы да сол жолы жылқышының балалары «қайыршы» деп айқайлағанда, бұғып жатқан намысы бұлқынғандай болған. Бірақ ол кезде дәл қазіргідей терең күрсініспен парасат таразысына салған жоқ-ты, масаң сезімнің әуені меңдеп, тым тез ұмытқан да, үйреншікті әдетінің ырқында ысқыра шалқып кете барған; енді сана сарабына салып отырса, орта жасқа жақындаған жасында жанын садақалар мұрат-мақсатсыз лағып,


ерегеспен есерсоқ ғұмыр кешіпті; тіпті өткен өмірін ғұмыр деп атаудың өзі де ұят, аспиранттың өмірінен бергі өткізген уақыты

– ай тақыр бос, іс-түзсіз екен-ау... Сонда кімге ерегесті, кімнің қылшығы қисайды, кімдердің шат-шадыман тұрмысына ортақ болды, кімдер мүсіркеп, «обал болды-ау» деп маңдайынан сипады; оның бүгін ашқан жаңалығы – басқаны басындырмау үшін ең әуелі өзіңді жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіңе өзің тәрбиеші болу; сен адамдарға керек емессің, адамдар саған керек; егер сен өзіңнің бұл жалғанда бар екеніңді, қолыңнан іс келетін іскерлігіңді дәлелдесең ғана басқалар назар сала бастамақ; жатқан тастың астынан су жүгіре ме, тәйірі; демек, талант дегеніміз – жігер-қуаты бойында жалындап жүрген жастық шағында, қарағұстан тиген соққы есеңгіретіп тастады, алғашқы соққыдан-ақ арманын күл-талқан етіп алды да, бар ашуы – ыза, өш-кегін өзінен алғысы келгендей ішімдікке салынды, жинап- терген білімін сыраханаларда айтып, талайдың таңдайын қақтырды; оның біліміне білгіштігіне тәнті болған студенттер үйірсек тартып, пір тұтып жүрді де, ой қайталауы көбейіп бара жатқан соң, сырғақсып кеткен; дос-жаран, құрбы-құрдастардан біртіндеп айырыла бастады; ақыр аяғында әйелі де бұдан бас тартып баласын ертіп төркініне кетіп тынды; жалғыздық басталды; жұмыссыздық басталды; тайғанақ тағдыр басталды; ол бәрінен бұрын студенттердің алдында көсіліп оқыр лекциясын сағынатын. Иә, жастар аузын ашып, көзін жұмып тыңдаушы еді-ау, осы айнаны да сол жәудір көз студенттердің арасынан көрген секілді...

− Әй, дәреттеніп болсаң, дәмге кел, − деген Еріктің айғайы Тағанның адамдыққа бастаған ойларын үркітіп-ақ жіберді. Ілби басып қараңғылықта ауызы жарқырай есінеген ол есігі ашық үйге беттеді. Тамаққа тәбеті шаппады, дастарқан басында қара көрсетіп құр бекер отырғаны болмаса, қолын табақтағы етке жалғыз рет те жақындатпаған. Құрт қосқан ақ сорпаның бір кесесін ішті де: «болдым, рахмет», – деп, орнынан сыпайы ғана тұрып шығып кеткен. Ол шығып кеткен соң, Нүрке кемпір:

− ренжіткен жоқпысың? − деп ұлынан сұрап еді. Ерік: «Онда нем бар, өзі ғой бұртиып жүрген, − деп жауап берді. – Есен-саулы- ғында ауылға қайтарсам деп едім, жете алмай жолда қала ма деп қорқамын».


− Қыстап шықсын, − деді шешесі. – ырысыңды ішіп тауыспайтын шығар. ауылға барып не мәртебе табады дейсің. Енді-енді ғана есін жиып келе жатқанда, жат адамдай жатырқап қайтеміз, мені ана деп сыйласаң, ұлым, ақырғы қолқам болсын, тиме оған. Қайта қолыңнан келген жақсылығыңды аяма. Тағанның әке-шешесінен көрген жақсылығымды бір таң айтып түгесе алмаймын.

Шешесінің сөзін Ерік үндемей тыңдады, не мақұлдағаны, не терістегені белгісіз. «Неге ертіп келдім» деген өкінішін сыртқа шығарған жоқ. Және неге екені белгісіз ішкі бір қызғанышы қыңсылап маза бермей жүргені де рас. Өзімнен асып кетеді-ау деген қауіптен гөрі өзі де білмейтін дүдәмал ой көңі- лінде қөгенделіп маңырайды да тұрады. Досының мәңгі мас күйінде мәңгіріп жүре бергені ғана көңілін жай таптыратындай. ал Ерік тым ақылды, таңдайы тақылдаған білгіштерді суқаны о бастан сүймейтін, тіпті алматыда оқып жүрген кезінде де суырылып алға шығып шешенсінгендерді, аузы-басы көпірген білгішсінгендерді иттің етінен ары жек көретін, реті келсе сөзбен қағытып немесе қара күшке салып оңаша да мытып- мытып алатын. мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай, ішегіне қыл айналдырмайтын қызғанышпен тарылып, қайтсе де мұқату, тым болмағанда мұрнын қанатсам деп, қаны қайнап өштікпен жауығатын. Ерік әлемдегі бірде-бір жеңісті, бірде бір атақ-даңқты, жекелеген адамдардың адамзатты таңғалдыратын табысы мен ерлігін мойындамайтын. мойындамайтын себебі: ондай озып шыққан ғажаптарды мәңгілік деп есептемейтін, бәрібір түбінде басқа біреу қайталайды деп қабылдап, өзінің де қолынан келетін әншейін нәрсе деп менсінбес еді. Нақтылы іспен шұғылданбай, аузынан суы ағып музыка тыңдайтындар, әләуләләп ән айтып, жер тепкілеп билейтіндер, көз майын тауысып кітап оқитындар мен шұқшиып кітап жазатындар, табиғаттың өзінен күнде көріп жүрген көріністі қағазға қайта салатындар – осылардың бәрі-бәрі еріншек, елді алдаушылық әрі өздері ештеңе өндірмей, яғни жұмысшы-шаруаның күрек- қайласымен табылған азыққа ортақ арамтамақтар ғана... Жарайды, әнін айтып, жазуын жазып, биін билей берсін, бірақ қарны қажетсінетін ауқатын өзі тапсын, өзіне қажетті азық-түлікті өз қолымен өндірсін, демек, егін ексін, мал


бақсын, станоктың басында, көріктің қасында тұрсын, содан босаса ғана, әлгіндей рухани нәстелермен әлектенсін... Бір күн ән айтсын, он күн дем алмасын; бір кітап жазсын, бір жыл қарекетсіз сенделіп жүрмесін; осы ауылда ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, кешке өлең айтып, концерт қойып жүргендер бар ғой, сол үшін еркелеп ел үстінен күн көруге бола ма? Жазушы, суретшілердің көбісі жұмыс істемейді – еңбек стажы сонда да жүре береді, тіпті жап-жас жігіттер салақтап бос жүреді екен дегенді естігенде, тас-талқан болып ашуланып еді: «Құдай-ау, жалғыз кітап оқымай-ақ жан сақтап келемін, ата-бабамыз да сөйткен, неменеге әспенсітеміз, неменеге табы- нып, тамсанамыз, өмірдің ең қажетті дүниесіндей-ақ дүрліге- міз келіп: адамзат қара танымайтын сауатсыз кезінде де, шүкір, өмір сүре білген... Жо-жоқ, еңбеккер тапқан азыққа ортақ болмауы керек, өйткені еңбек сатылмайды, сондықтан да қолдары күректен босағанда ғана қолына қалам алсын, ән салсын, билесін; айталық, мен шаруадан қолым қалт етсе, аң аулаймын, бірақ тек қана аң аулауды, жазуды, ән салуды кәсіпке айналдыруға болмайды; міне, біздің қоғамымызда осындай ақшасы көп арамтамақтардың салдарынан жұмыс күші жетіспейді, өйткені көбіміз ән салып, би билеп жүрміз және оларды жер-көкке сыйғызбай мақтайтынын, хан көтеріп, қастерлейтінін қайтерсің. Хемингуэй деген, не жетпегені белгісіз – байлықтан басы айналып, өзін-өзі өлтірген шалды білмей-ақ, қанша адам жайбарақат, жайма-шуақ өмір сүрді, өмір сүріп келеді; немесе Толстой деген шалды менің әкем, шешем оқығанды қойып, атын да естіген жоқ шығар-ау; бірақ одан бүлініп қалған түк жоқ, аспан ойылып жерге түспеді; ал анау Тағанды алайық, оқымағаны, білмейтіні қалмады. Не шықты, қалтасында көк тиыны жоқ, менің – еңбекқордың есігінде жуынды-шайынды аңдып жүр. Сол ма – оқыған адам. Тегінде, біздің түбімізге жететіндер де – оқыған қулар. Ендеше, физикалық жұмысты рухани еңбектің құлына айналдырып, қорлауға болмайды». Ит арқасы қиянға өзі ертіп келсе де, енді құтыла алмай әлек болған Тағанның алғаш рет ауылда көргеннен көш ілгері кісі болып қалғаны Ерікті, шынында да, алаңдатып еді. Байқастап қараса, соңғы кезде оған деген шешесінің де, әйелінің де ілтипаты өзгеше. Әсіресе, бұған ұнамағаны – өзі жоқта сыра бермей, қайта-қайта моншалап,


дәрі шөп ішкізіп, өбектегі бағып-қаққаны. Өлі жүні түспеген иттей болып жүретін бұралқы неме қазір қарға аунаған түлкідей құлпыра бастаған сыңайда. Егер осы қалпымен енді бір-екі ай бақса, баяғы студент кезіндегі жұтынған, жұлқынған Тағанға айналып, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей қайраттанып кетуі мүмкін. ал ондай өзімен үзеңгі қағыстыратын қарағымның Ерік үшін түкке де қажеті жоқ. Ендеше есін жиғызбаған қалпында кепешін кигізу керек. Осы оймен үйден шыққан Ерік шолаңдағы бал сырадан көк құманға толтыра құйып алды да, Тағанның қара шаңырағына қарай беттеді. Бұл кіргенде Таған екі қолын басына жастап, төбеге тесіле қарап, ой үстінде жатыр еді. Сықырлай ашылған есікке марғау қарады да, сол шалқасынан жатқан қалпын өзгерткен жоқ. Еппен басып кірген Ерік нардың шетіне отырды.

− Бүгін ерте жатпапсың ғой, шаршаған шығарсың, кел мынадан тартып жібер, ұрлап алып шықтым, − деп сыра құйып ұсынды.

− Соған бір түрлі тәбетім тартпай тұрғаны...

− мұның енді адам естімеген жаңалық болды, тек ұзағынан сүйіндірсін.

− мен өздігімнен ішкен емеспін, өзгелер іштіретін.

− Кінәні өзгеге арта салу – пәледен құтылудың ең оңай жолы. айталық, мен өз кемшілігімді тек қана өзімнен көремін. Сен ойлайтын шығарсың: бейне бір саған қастандық ойлап жүр деп. Егер ондай арам ойым болса, ауылда аунап жатқан жеріңнен тауып алып осында ертіп келер ме едім. Сенсіз де таңымыз атып, күніміз шыққан. айналдырған аз шаруаны айна екеуіміз-ақ дөңгелетіп аламыз. Құдайшылығыңды айтшы өзің – осында келгеніңнен құр болдың ба?

− Ол қамқорлығыңа рахмет. Өкінішім де, ренішім де жоқ. Бірақ сен мені еркек, ер азамат деп есептемейтін секілдісің, асын беріп айтақтап үргізетін аламойнақ сияқты көзге ілгің де келмейді.

− мен о бастан сөзге шорқақ, тұйық екенімді білуші едің ғой, сондықтан да үйірсектігім жоқ, тағылау мінезіме таңғалмай-ақ қой. Кейде айна мен анам да осы саяқтығыма өкпе білдіреді. Қайтеміз, жаратылысымыз солай, көр түземесе, адамның қолынан келмейді. Үндемегеннің бәрінде үйдей бәле бар деу де қате. − Саптыаяққа құйған сыраны өзі демалмастан тартып


жіберді. Тартып жіберді де, қайтадан мөлдірете толтырып құйды. Әлгінде ғана Еріктің сөзін жайбарақат тыңдап жатқан Таған мына оқыс көрініске таңданғаны соншама, басын қақшаң еткізіп көтеріп, орнынан тұрып кетті.

− Ей, бәтшағар, мұның не сенің? Сен де ішуші ме едің? міне, ғажап! Өңім бе, түсім бе?

Ерік мырс етіп күлді, күлген бойда және бір саптыаяқты өңешіне ақтара салды.

− Ішпегенде ше, у дейсің бе, қолдан ашытқан тап-таза бал сыра. Екеуіміздің айырмашылығымыз да сол − сен бір ішсең тоқтай алмайсың, ал мен асқындырмай кез келген уақытта қоя саламын. Бұл дүниеде ішімдік татпайтын сопылар кемде- кем, кейбірі жар салып күндіз, кейбірі жасырып түнде ішеді. мәселе, досым, сонда...Күндіз ішкендер – ақымақ, түнде ішкендер – ақылды. Сенің көкейіңде маған қойылар бір сұрақ бар, − деді Ерік қыза сөйлеп. − Ол сұрақтың төркіні – осынша байлықты, мол ақшаны жинай беріп не істейсіңге саяды. Өтірік деші осы ойымды...

− рас, реті келсе сұрамақ едім.

− Сен сұрамай-ақ айтайын: адам болып асқақтап жүру үшін, әркімге бір жалтақтап жарамсақ ғұмыр кешпес үшін қарызданып-қауғаланып итшілемес үшін...

− Сонда қалай...

− Сонда қалайды қоя тұр. Өзің айта беретін «Неге біз осыны» енді мен айтсам: неге біз осы байлығы бар адамды бандит деп есептейміз. Кім қабілетті – сол ғана байлық жинап алды. Баяғыда да сөйткен. ақымақтың аты – ақымақ, етегіне салған бір уыс бидайды төгіп-шашып алады немесе ап деп асап қояды; ол бидайды үнемдеп, егіп, баптап-күтіп, мол өнім алуды білмейді немесе ерінеді.

Салынып ішпегендіктен бе, екі саптыаяқ сыра Еріктің ежелгі салмақты мінезіне желік бітіріп, бетіне қан жүгіріп, есіп сөйлей бастады. майшамның жарығымен шағылысқан жанары жалт-жұлт жайнап, сұлу ажарын аша түскендей. Досының ағынан ақтарыла айтқан сыры желеу болды ма, әлде көптен бері ашылып сөйлесер жан таппай әбден ішқұса күй кешкендіктен бе, Тағанның да мұң қабыздаған көңілі жіпсіп, жүйкесі босап, әңгімеге араласқысы келгендей арқасы қоза бастады.


− Кел, Қарабауыр, баяғы базар шақты еске алып тартып жіберейік, мен саған алғаш рет қолқа салып отырмын, − деді Ерік саптыаяқтағы сыраны ұсынып.

−апыр-ай, қойсам деп едім, − деп қипақтады Таған.

− Ертеңнен бастап қойсаң да кеш емес.

− Бар пәле бір бастасам, қоя алмайтынымда болып тұр ғой. Жарайды, енді... сенімен бұлай отырмағалы қашан. − Бастап жіберді.

− Ит-ай, әдемі ішесің, − деп сүйсінді Ерік. − Саған өзі бір түрлі жарасады, ал, мен у ішкендей тыжырынып, жиіркеніп зықым шығады... Жалпы, бал сыраның адам организміне пәлендей зияны жоқ, сені құртқан – барматуха. ылғи коньяк қана ішетіндердің маскүнем болмайтыны содан. Оны былай қойғанда, тау халықтары, әсіресе, абхаздықтар, грузиндер

– өмір бойы қолдан жасаған шарап ішсе де, бірде-біреуі дәл қазақ-орыстардай сандалып маскүнем болып кетпейді ғой. Европада да шарапқа тыйым салынбаған, бірақ дәл біздегідей ауызын ит жалап көшеде жатпайды. Неге? Неге десеңіз, олар мәдениетті ішеді. Бар пәле ішуде емес, қанша және қалай ішуде. Осы араққа құмарлық, меніңше, ұлы Отан соғысынан басталды. Шабуылда батырлық жасау үшін ішті, Сталин үшін, содан соң жеңіс үшін, достық, интернационализм үшін ішті; кейін жоспарды артығымен орындағандар, тың жерді игергенде, тағы, тағылар үшін сіміре берді, сіміре берді, «қойыңдар, түбі азып-тозып кетеміз» деп тоқтау айтар адам табылмады. ал сенің осы сусынға қалай тап болғаныңды білмеймін, достым...

− Құйшы анауыңнан, − деп желіге бастады Таған, − қай- қайдағыны қозғадың ғой. менің таңғалып отырғаным, өзің татып алмайсың, соның барлығын қайдан білесің?

− Немене естір құлақ, көрер көз жоқ кеще деп пе едің... Сен отыра тұр, өмір бақи дәмін татпаған ішімдік әкелемін қазір,

− деді де сарайдан тез шыға жөнелді. Ол кеткен соң, Таған құмандағы сырадан өзі құйып және тартып жіберген. Бұдан соң жұлын жүйкесі босап, құрыс-тырысы жазылып, неше күннен бері өнебойын қысып жүрген арам тері маңдайынан бұрқ етіп шығып еді. Көзі шырадай жанып, бұлауға түскендей рақаттанды дерсің. Бағанағы мұң, нала, ой мен қырға жетелеп діңкелеткен ой жоқ, − жаны жасарып, жайлаудың шалғынына аунаған құлындай құлдырақтап масайрады. Тағы да құйып


ішпекке ұмтыла беріп еді, қолында шыны құтыға құйған арағы бар Ерік кірді.

− Өзім ішпесем де, міне, мынандай арақ жасаймын, қайыңның шырынына тұндырылады. Барлық технологиясын ашып айтпаймын, секрет. Осындай он шақты шөлмекті Прохорға әзірлеп қоямын. Ол маған қажет десем, адамның жанын тауып әкеліп береді. Енді екі-үш күннен соң келіп қалар. Движоктың жанар майы таусылып, қараңғыда қалдық...

− Бензинді де сол әкеле ме?

− Бензин болғанда – аэробензин, төресі... оның бір тап- сырмасын орындай алмай жүрмін.

− Ол қандай?

− аюдың, қонжығының терісі. Әнеугүні мен ойға кеткенде, екі баласын ерткен кірекей омартаны торуылдапты. ал мен қазір іздеп таба алмай жүрмін.

− Сен жоқта ғана келсе, сезеді екен ғой. Хайуан-ай, адамдардың арам пиғылын қалай біледі...

− Сөзіңнің төркінін түсіндім, ренжімеймін, мен қазір ештеңеге мән бермеймін, ештеңені аямаймын, өйткені маған жақсы. мне сейчас очень хорошо, друг мой. Кел, кәне, мынаның дегустациясын алайық.

Қалтасына сала келген кішілеу стақанға бірдей қылып құйды. – Сен үшін, сенің кісі болғаның үшін, болашағың үшін ішейік! – деп тартып жіберді. Таған да қамшы салдырған жоқ. Сұп-суық, жұп-жұмсақ арақ өңештерін майлағандай жылжып барып, асқазандарына мұз болып қата қалған-ды.

− мынауың арақ емес... зәмзәмнің суы шығар... неткен керемет, ғажап... – деп насаттана басын шайқаған Таған сәл ұмытыңқырай бастаған ескі әдетін оқыстан тауып алғанына қуанғандай, ернін жалап, саусақтарының буынын сыртылдатты:

− Тіпті қайда кеткенін білмей қалдым, тағы бір тамызшы, дәмін сезейін жарықтықтың. Ерік құйып берген арақты ол бұл жолы өңешіне қотара салмай, ұрттап ішіп таусап, бал сорғандай сораптап ішті, – мынауың бар ғой, армян, француз, ағылшын коньяк, ром-сром, вискілердің енесін ұрып жібереді...

− Ішкен адамның да енесін ұрады, күші 60 градустан кем емес, − деп мақтанды Ерік... − менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ, бәрін өзім жасаймын. Әр адам өзін аралда қалғандай асырауы керек дейтінім де осыдан, иә, еңбектене білу керек... Біз маймылдың алдында қарыздармыз...


− Дегенмен, кейбір пікірлеріңе келіспеймін, − деп саусақ шошайтты Таған. − Әсіресе, өнер адамдары туралы айтқандарыңда балаңдық, шалағайлық бар. Олар тер төкпейді деп кім айтты саған? Жазу, сызу, ойлау еңбек емес пе екен.

− Бірақ олар тамақты сатып алады ғой, − деп қасарысты Ерік.

− Немене, сатып алғаң ас тамақтан өтпейді ме екен, жоқ, болмаса ақшаны ұрлап ала ма?

− Түсінікті ғой, бәрібір қара жұмыс істеп, қолы боста ғана қиялдануы керек... Әлдекімнің жазып берген сөзін жаттап, әлдекім үйреткен қимылды жасап, атақ-құрметке ие болатын артистерден арамтамақ ешкім жоқ. адамды қойып, үйреткен аю да билейді, маймыл да майысып-қайыса алады... Тіпті мені бір ай дайындаса, дап-дайын артист болып шығамын, сол үшін пайғамбардай пай-пайлаудың қажеті қанша. айталық, мен оныншы класты бітіргеннен бастап, біреуден бір тиін алып көргенім жоқ. Әкемнің түр-түсін де білмеймін, шешем 28 сом пенсия алды. Өзің де білесің, мектеп бітірерде Берияның суретін атқызып тастаған соң, Хрущев екі жыл жұмыс істетті және дұрыс жасады. Сол екі жылда оң-солымызды таныдық, қабырғамыз қатып, бұғанамыз бекіді. Талабы барлар білімін жалғастырды, талабы, жоқтар ауылда қалды. Сол екі жыл жастарды сынайтын табиғи сұрыптау еді. Қазір ше? Жапа- тармағай оқуға аттанады, түскендерді 21 жаста институт тауысады, сол можантопай бұзау күйінде өндіріске немесе ауыл шаруашылығына келеді. Тісқаққан жұмысшылар мен малшылар кекілі желбіреген, өмірден мүлдем хабарсыз сәпіләктерді қыстырмайды да... Біз оқығанда, стипендия да аз болатын, бірақ арақ пен тамақ арзан еді, сен сондықтан да ішіп кеттің, − деп Тағанның иығынан салып қалды.

− Саған бүгін не көрінді, неге ішесің? − деді Таған ежірейіп.

− Басқа-басқа, дәл саған ішуге болмайды!

− Неге? менің өңешім жоқ па?

− Өйткені сен... қауіптісің. Әй, бірақ сау кезде одан да қауіп- тісің...

− Өзің білесің, алматыда жүргенде істемеген жұмысым қалмады. Көмір түсірдім, жүкші болдым, түнгі күзетте болдым, ертеңінде сабақ, одан күрес жаттығуы, одан соң − еңбек. мен өзімді ғана қамтамасыз етіп қойғам жоқ, ауылдағы анама


ай сайын ақша жолдап тұрдым. ал сен қара тырнағыңды да қыбырлатпай, сарылып кітапханада отырдың. Қане шыққан ұшпағың, егер де мына сен құсап көз майымды тауысып дайындалсам, сенің миыңды маған берсе, баяғыда академик атағын алар едім. Ондай ми шірітетін, бекер ой тоздыратын, сол үшін диханның нанын жейтін ақсаусақтық жаныма жат... Әлі есімде ауылда разнорабочий болып жүрген кезімде, айтпақшы, сен ол кезде де қара жұмысқа жоламай, аға пионерважатый болып істегенсің, жүз сом аса қажет болды. Сұрамаған адамым қалмады, құдай-ау, біреуі бір сом бермеді ғой. Әне сол кезде ант бергем: «Егер жер басып жүрер болсам, мұқым ауылды сатып алатын ақша табармын», −деп. Сол арманыма жеттім, енді маған ештеңе қорқынышты емес. Ей, бірдеңе десеңші, қалғып кеттің бе? − деп Тағанды түртіп қалды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.