Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 8 страница



шіркін үшін бұдан артық азап бар ма, бұдан артық тозақ бар ма, тәңірім! Жоқ еді, жоқ еді. аурудың ең бір асқынған түрі де осы

– жалғыздық атты жалмауыз...

айна дәл бүгінгідей көңілі азынап жалғызсырап та, санамен сарғайып сансырап та көрген жоқ. Неге екенін білмейді, биелер-


ді сауып болған соң, алғаш рет өз үйіне өзі кіргісі келмей, жоқ- тан өзгені сылтауратып сыртта жүріп алды. Ертеңді қара кеш ермек етер енесінің әңгімесі де жалықтырғандай ма. Жо-жоқ, ол ондай күнәлі ойға барған жоқ, тек, әншейін, жалғыздықтан жерінген сайын оңаша күйді аңсайтын дел-сал халдің илеуіне көніп, ырқына бағынуы шығар. Тағы да Қатын суының жаға- сындағы өзінің меншікті мекеніне барды. Ендігі қалған дәтке қуат, жанға суат осы – арқыраған асау өзен ғана. Берекесі жоқ бей-берекет дүниеде бір нәрседен зәрезеп болмаса, осы Қатын суы аталар өзен еді. Кейде-кейде өз көңіліне, өз өміріне ұқсас- тық тауып, не себептен «Қатын суы» аталуы тарихын білгісі келетін. ал өзен тарихын Нүрке кемпір де, Ерік де білмейді.

«Бәлкім, мен секілді жалғыздықтан жаны жанған әйел, өрт болып лаулаған жалынын басар шипа іздеп суға секіріп, ағып өлген шығар...» Оқыстан туған осы ойына өзі қуанып қалды; қуанып қалғаны бар болсын, іле-шала: «мен де секіріп кетсем қайтеді?» деген азғырынды ой және иектеген. алдымен жай әуестік үшін ғана болып басталып еді, санасынан тіпті қуаласа шықпайтындай, жабысқаны соншалық, жүрегі өрекпіп, өзен жағасына бірте-бірте тым жақындап қалғанын байқамады. Бетін судың салқын лебі шарпығанда ғана, есін жиғандай сескене шегініп кеткен. Өзен мың жылғы қалпында,өгіздей өкіріп, толқынынан толқын балалап, бар даусымен бастырмалата ән шырқайды. Өзіне қадала қараған қаршадай келіншекті тылсым күшпен қойнына тартып, қақшып алып қақпақылдата жөнелмек... Әлгі бір сайтандай сап ете түскен әзәзіл ойдан құтқарған, ту сыртынан күмбірлей кісінеген жылқының үні болды. артына жалт қарағанда, Тихойдың өткелінен салып ұрып өте берген Ерікті көрді. Көрді де: «Тәңірім-ай, келдің бе?» – деп, екі бетін алақанымен басқан күйі шөге түсіп, еңіреп жылап жіберген. Әйел затына тән босаңдық немесе долылықтан емес, адам төзгісіз ауыр азаптан құтқарушысын оқыстан көріп, көбік ата шалқып-тасыған қуанышынан жылаған... Жыласын... жыласын...

«Неге біз осы оқта-текте жылап алмаймыз? Неге?» Ерік көкбестісін лекілдете аяңдап аяулы жарының қасына келді. айна белі кеткендей отырған орнынан тұра алмады. «Ой, саған не көрінді?» – деген ерінің сөзін естімеген секілді, қос жанарынан сорғалаған жас жүзін жуып, мең-зең отыр. Шошына


аттан секіріп түсіп, қолтығынан демегенде ғана, айна мойнына асылып, бетін күйеуінің тер сасыған кең кеудесіне басып, өксіп- өксіп еңіреген.

– Не болды, айнаш? – Күн иісі аңқыған қолаң шашынан иіскеп, арқасынан сипап өзіне тартты. – амансыңдар ма?

– аманбыз, – деді өксігін баса алмаған айна.

– Тәтеме бір нәрсе болып қалған екен деп... апыр-ай, мұндайың жоқ еді, не көрінді. Қой, жаман ырым бастама.

– Қойдым, – деді келіншегі көзінің жасын балаша алақанымен сүрткілеп, мұрнын тартып. – мұншалықты

кешікпеуші едің...

Екеуі көкбестіні жетекке алып, үйге қарай қатарласа аяңдай берген кезде:

«ау, ағайын, мен қалай өтем судан?» – деп барқыраған дауыс оқыс тоқтатты. Тихойдын ар жақ жиегінде делдиіп тұрған самтыр-самтыр кісіні көргенде, айна шошына таң қалып: «мұнысы кім?» – деп Еріктің бетіне қарады.

– Жолдасым ғой, – деді самарқау шықты. – Әй, Қарабура, кіндігіңнен де келмейді, кешіп өт! – деп айқайлады.

− Шалбарымды қайтем, ойбай, су болып қалады ғой.

− Суланбай жүрген шалбар ма... Ештеңе етпес, шешіп қолыңа ұстап ал. Ұялатын нең қалып еді...

− Көлік апарайық, – деген әйелінің сөзін тыңдаған да жоқ, қыпша белінен құшақтаған қалпы үйге қарай икемдей ертіп кеткен. Таған да қырсықты білем, бергі бетке өтетін ниет білдірмей, өзеннің жағасына жайғасып тұрып жантайып жатып қалды.

Орманның арасынан аламойнақ шықты арсалаңдап. Барша тышқан қуамын деп жүріп иесінің келгенін кеш байқап қалғанына кешірім тілегендей, құйрығын бұлғаңдатып, Еріктің кеудесіне шапшыды, иттің алдыңғы екі аяғынан ұстап алған. Ерік жас балаша тәй-тәй бастырып жетелеп барды да, құлағының түбінен қасып, арқасынан сипап қоя берді. арғы жағалауда қалған бөтен кісінің иісін енді сезген иісшіл аламойнақ ендігі мезетте солай қарай үре ұмтылған-ды.

− Үйбай-ау, ұстайық, – деп оқталған айнаны Ерік тоқтатты.

− Ой, ол сүмелекті ит қаппайды екен.


абалап жүгірген аламойнақ Тихойдың жағасына зымырап жеткенімен, су кешіп өте шығуға жасқанды ма, әлде Тағанның табиғи мысы басты ма, шоқайып отырып қалған. Таған жатқан орнынан қозғалған жоқ, жан тапсырғандай қимылсыз.

Жалғыз ұлы есіктен еңсеріле кіріп келгенде, сал болып жатқан шешесі құшағын аша ұмсынып: − Құлыным-ау, есен- сау келдің бе? − деп, аналық абзалдықпен аңырап еді. айшылық алыс жолдан оралғандай-ақ, Ерігін бауырына басып, екі бетінен кезек шөпілдете сүйді-ай. Осыншалық мол мейірім күтпеді ме, Ерік ыңғайсыздана күліп жіберген.

− ауғанға барып келгендей-ақ, қарсы алдыңдар-ау.

− Енді қайтейік, бір үйдегі бір азаматтан айдың-күннің аманында айырылып қалсақ... Ел аман, жұрт тыныш па екен, әйтеуір.

− Еліңіз орнында, ештеңе ете қояр түрі жоқ. Желдей есіп, желпініп отыр. Бір тоқсанға бөлінген арақты бір айда ішіп тауысып, жоспарын асыра орындапты.

− апыр-ай, баяғыдан сондай еді, − деді Нүрке кемпір басын шайқап. − ауылдағы арақ таусылмайынша, бірде-біреуі шошаң етіп жұмысқа шықпайтын. радиодан арақ сатылмайды, енді ішпейміз деп күнде қақсайды, сол тәртіп жете қоймаған екен-ау. Қай-да-ан жетсін, жер шалғай ғой. Таудың қуысына тығылып алып білгендерін істейді. Өстіп жүріп азып-тозып кетпейік, атау-керелерін ішіп жатқанын сезбейді-ау жасаған ием...

− Ол күнге де алыс емес, тәте...− деп екі ұштылау пікір білдірді Ерік.

− Қандай күн?− деп сұрады бопсаға түсінбеген айна.

− арақ сатылмайтын күнді айтамын. Ең соңғы маскүнемді мен ертіп келдім.

− Үйбай-ау, ұят болды-ау, жолдасыңды өткізіп алайық,

− деген айна орнынан тұра беріп еді, оның білегінен басып қайта отырғызған Ерік:

− Өзі-ақ өтеді. Омыраудан келмейтін суға ағып өлер деймісің.

Қайта таза су кір-қоңын шайып, иіс-қоңысын кетіреді.

− Ол кім еді тағы?..

− Ол менің бірге оқыған досым, тәте. Сіз білесіз. Біздің елдікі. Көкеннің ұлы − Таған мақажанов.

Нүрке басын оқыс көтеріп алды:

− Тәңірім-ау, не айтып отырсың... Өзіміздің мақаңның

– алты алашты аузына қаратқан мақажан ақынның немересі


ме? Көкен жарықтықтың ұлы ма? апыр-ай, шешесі марқұм болғаннан бері бетін көрген жоқ едім. Ол қайдан жүр, бұл ит өлген жерде! Жеткізіңдер! − Кемпірдің даусы шаңқ етіп қатты шыққаны соншалық, айна селк ете түсті...

− От оттап, су ішіп отырған жеріңізді «ит өлген» деп тіл тигізбеңіз, тәте, − деді Ерік шешесінің, ашуына арзымайтын нәрсеге дірілдеп-қалшылдап кеткенін жақтырмай. − Бар жазы- ғым астына жіберіп, өлейін деп жатқан жерінен жетелеп келгенім болса, онда кері қайтарайын.

− Бет-жүзін көрейінші өзінің. Текті тұқымның тұяғы ғой...

− Ендеше, көрімдігіңізді дайындаңыз, − деп, Ерік қамдана бергенінде, ашық тұрған есіктен пұшпақ-пұшпағынан су сорғалаған Тағанның сұлбасы көрінді. аяғы тайып сүрініп жығылды ма, әлде өзенге әдейі өзі шомылып алды ма, әйтеуір, сутышқандай үсті-басы сүңгілескен, киімін де сықпаған қалпында ербиіп тұр.

− Ей, Қарабура, кел мұнда, тәтем шақырады. асылдың сынығы едің ғой... нұр дидарыңды жарқыратшы,− деді Ерік саңқылдай.

− Кел, шырағым, кел,− деп бәйек болды кемпір. аяғын тұсап қойғандай бір басып, екі басып жыбырлай жылжыған азаматтың ажары айнаға ұнаған жоқ. «Қайдан ғана қазып тауып алды екен» дегендей еріне ренжи қарады. Табалдырықтың ар жағынан:

−амансыз ба, апа?− деді Таған тұрған орнынан қозғалмай. Бұдан соң Нюра Фадеевнаның ақ сары жүзін, көк көзін жаңа ғана байқады ма,− Здравствуйте!− дегенді қосып қойды. Нүрке кемпір күлді. айна да жұмсақ жымиған.

−Еркек адам есіктен еңселі кірер болар... Ұры иттей жан- жағыңа жалтақтап жанарыңды түсірме, ұлым. Ерді кебенек ішінен таны деген, ханның сарайына кірсең де қадіріңді қашырмай, кеудеңді жоғары ұста!

Төсек үстінде отырған орыс кемпірден мұндай торғындай судыраған қазақшаны күтпеді білем, жанарының жапсары жыпылықтаған Таған әлі де болса үйге кіруге жүрексінгендей.

− Төрге шығатын түр жоқ, шеше.

− Әкең жарықтық жұрттың бермесін тартып алар аусар еді, тартпаған екенсің.

− Кірсеңші кергімей! − деп, Ерік гүр ете түсті. Таған адымын санаған қалпын бұзбай тақалды да, жарасы жарылып кетердей


сақтықпен табалдырықтан аттады. Босаға тұстағы ағаш орын- дықты соқыр адамдай сипалап жүріп тауып алды да, отыра кетті. Еріне еріп келген қонақтың осыншалық ынжықтығы айнаның жүйкесін тоздырды ма, самаурынды көтеріп шыға жөнелді. айқара ашық есіктен басын қылтыңдатып сығалаған аламойнақ қазан-ошақ жаққа шай қамымен беттеген айнаның соңынан еркелей еріп кетті.

− Қарағым, үстіңдегі киіміңді сығып кептіріп қой, − деді Тағанның ұнжырғасы түскен ұсқынына жаны аши қараған Нүрке кемпір: − Жол соғып шаршаған шығарсың, ес- ақылыңды жиып, деміңді ал. ыстық шай іш. Ерікжан, осында ит жемей жатқан көдедей көп киіміңнің бірін бер мына жігітке, ауыстырып кие тұрсын.

− айнаға айтайын, тауып берсін.

− рақмет, шеше, күн көзіне әрі-бері қыздырынсам, дегдіп қалар. − Сүйретіле орнынан тұрды. Тұрғанымен бір нәрсесін ұмытқандай қипақтап Ерікке жаутандап қарай берді. Ол байқамағансыды. Тіпті болмаған соң:

− Әй, Қарабауыр, жүр далаға, әңгіме бар, − деді.

− «Тамағың жыбырлап тұр-ау», − деп Тағанды қолтықтай сыртқа шыққан Ерік көкбестінің арқасындағы жүк әлі де алынбағаны есіне түсіп, солай қарай беттеген.

Кіші бесіннен құлдаған күн қатын бесінге ойысқан екен. айналаны қаумалаған қалың самырсынның қыл ұшында ілініп қалғандай: қазандыққа от жағып, шай қамымен жүрген айна қанжығаны шешіп, тері қоржынды түсіріп тұрған күйеуіне әйелдік әуестікпен «не әкелдің» деп жақындаған жоқ. Кәперсіз, өз ісімен болды. Кенезесі кепкен Таған ғана жарамсақтана көмектескен еді, Ерік: «ары тұршы-ей, аяққа оралмай» − деп зекіп тастады. «Қойдым, батыреке, қойдым», − деген Таған шегіншектеп барды да, томарға шалынып шалқасынан түсті.

Ойда-жоқтапайдаболған«қонақтың»мынаусықпыты,осын- шалық қорлықты тірлігі ойлантып еді келіншекті. Өзін бір жерде, бір кезде көрген секілді. Таныс-бейтаныс жүзі әбден титықтап, тозаңы шыға тозғанынан ба екен, анық ажарын ажырату қиын.

«Ерік те еріккен шығар, несіне ертіп келді екен?..»

Еріктің ертіп келген жолдасы сүрініп құлаған жерінде жүре- леп әлі отыр. Оның осы жүрелеген қалпында үш-төрт сағат


отыра беруге шыдамы жетер еді. Шыдамы жетер себебі: сауықтырғыш лагерінде жүргенде, осылай жүрелеген қалпы күні бойы темекі тартып, кақырынып-түкірініп отыра беруге үйренген-ді. Бұл әдет маскүнемдерді қойып, мұқым түрме- шілердің таңба басты ерекшелігіне саятын. Олар бір-бірін жал- ғыз ауыз сөзден ғана емес, осы отырыс-тұрыстарынан-ақ жазбай танитын. Өңешін ашқылтым сумен шаймаса булықтырып, қыса жөнелер көк жөтел, тамам әріптестері секілді, Тағанда да бар-тын. аттың ерін алып, алақанымен шапаттап, ішпегін қаспақтанған арқасына қайта жауып, ыбылжыған Еріктің масқара саспастығы жынын келтіріп, шыдамы таусылған Таған қылғынып өлердей күркілдеген жөтелін бастады-ай. Бөтен дыбыстан құлаққашты болып қалған айна шошына қарады, ал аламойнақ болса жатқан жерінен секіріп тұрып, шәу ете қалды.

− Өлтірмесең өңешімді жібіт, − деді жөтелдің арасынан саңылау тауып, тілге келген Таған. − Әйеліңнің әдемілігін көрсетуге әкелмеген шығарсың... Береріңді бер де, жек арбаңа!

«апыр-ай, тілінің ащысын-ай мына кісінің, − деп ойлады айна, − менде несі бар екен».

− Жаның шығып кетсе де, тұра тұр, − деді тері қоржынды арқалап үйге аяңдаған Ерік. − айтқаным – айтқан. Салқын сыраға шомылдырамын. Әй, айнаш, әлгі Прохорға арнап ашытқан бал сырадан бір саптыаяқ әкеліп берші анаған, жыланының басы қайтсын.

Самауырға шоқ салып тұрған шымшуырын тастай салып тұра жүгірді. Көп айналған жоқ, сыйымдылығы бір литрге жуық қайыңның безінен ойып жасаған саптыаяқпен меймілдете сыра әкелді. Қолы дірілдеп, өзін жұтып қоярдай ұмтылған жігітке жақындауға сескеніп тұрып қалып еді, анау еңбектеп өзі жетті. Сілекейі шұбырған жүзіне қарауға дәті жетпеген келіншек тез теріс қарап кетті. «Уһ» деген дауыс естілді, саптыаяқ бос төңкеріліп жатыр. Таң қалды. Төгіп алған секілді. «Қой, бұл кісі емес шығар» деп ойлады.

− Шайың қайнады ма, менің де шөлімді бас, − деді ендігі сәтте сонау қаз-қатар тізілген шөмелелерге көз салып тұрған Ерік. Әйелінің екі-ақ күнде апта бойы шапқан шөпті жалғыз- дан-жалғыз жүріп, қалай ғана жинап, үйіп тастағанына іштей


қайран, бірақ бұл танданысын сыртқа тіс жарып шығармады. Әрине, өз еңбегін бұлдамаса да, өзекті жан болып жаратылған соң, «мықты екенсің, айнаш» деген сықылды жылы сөзді ерінің аузынан әйелі күткен еді.

Өзі үйген шөмелелерді жаңа көргендей бұл да жанар жарыстыра қараған. амал не, Ерік ләм демеді. ләм демеген қалпы, бұрылып үйге кіріп кетті. Әйелдің жүрегі сыздады- ақ, бірақ өкпесін ол да білдірген жоқ, екі иінінен дем алған самаурынды көтеріп ерінің артынан ерді.

Құрыстырған теріге ій жаққандай, Тағанның жаны жадырап, көбеңсіген көңілі көлдей шалқып сала берді. ашуы әбден жеткен бал сыра атты кісіні аударып түсірер күшті еді. Бір саптыаяғының өзі-ақ мықтымсынған немені алып ұрды. Тау асып бекер келмегеніне көзі енді ғана жеткендей, тырайып жатқан Таған самсаған ағаштың басына қарап: «Неге біз осы?» − деп оң қолын көтерді. Үйден: «Басталды Қазақстан фестивалі»,

− деген Еріктің даусы қоса естілді. «Фестивальдің» басталғаны рас еді... Қашан аяқталады, кім біліпті...

Дастарқан басында үшеуі ғана. Былтырғы, одан арғы жылдардағы үшеуі, тек қана үшеуі... Төтеден пайда болған

«төртінші» далада қалды. Шешесі сан рет «шақырыңдар, обал болады, қарны ашқан шығар» деп еді, Ерік: «Текке әуре болмаңыз, барқырап тынышымызды алады»,− деп міз бақпады. айна үндеген жоқ, көзінің астымен күйеуіне білдірмей қарап, шай құйып отыр. Сораптап шай ұрттаған дыбыстан өзге бөтен сыбыр-күбір жоқ ежелгі ерке тыныштық жайлаған. ауылдан жаңа ғана келген Еріктен әңгіме дәметкендей еді, ол күн ұзақ жүрістен шаршады ма, біреу қуып келе жатқандай шайды ыстығына қарамай жеделдете ұрттап, шөлін басудың әлегінен шыға алмады. Нюра Фадеевна бір кеседен кейін ішкен жоқ, баласынан ойдағы елдің хал-ахуалын тақуалап сұрады да. Көңілінде бір көлденеңінен пайда болған алаң бар- ау, өкпелеген адамдай; ашық есіктен өзеннің арғы бетіндегі алып тауларға,осы әзірде ғана көргендей көз тайдырмай қадала қарады. мүмкін,ұлының анау ауылдан алып келген жігітті шақыр деген сөзін аяқсыз қалдырған тілазарлығына ренжіді ме, әлде сонау жылдарда өз басынан кешкен оқиға ойына оралды ма екен, әйтеуір, әншейіндегі сөз құмарлығы жоқ, айналдырған үшеуі отырып, тоңторыс күй кешуі онсыз да  сыздауы жеткен


жеке-дара тірліктің тілін матап-ақ тастады. Әркім өз ойының оты оңаша маздауын қанша тілесе де, пенде болып жаратылған соң, күбір-күбір сөйлесіп, сыбыр-сыбыр сұхбат құрып, күле жарқылдасқанға не жетсін: адамның ішкі сыры да арақ секілді, анда-санда сыртқа шығарып тұрмаса, запыранға айналып, көңіліңді лоблытып, жүрегіңді сыздатып азаптайтыны рас. ауыр мұң қабыздап, жаныңның жасаң жайлауын жаңбырдың бұлты басқандай құсаланасың, дүниедегі ең керекті затыңды жоғалтып алғандай алағызисың. Самаурынның ызыңдаған үні осынау тымпи ойнаған тыныштықтың жаназасын шығарған заржақ молдадай онсыз да омырылайын деп, сынайын деп сызаттанған ләм-мим отырыстың қуыс-қуысын кеулеп алды. Тіпті тым-тырыстыққа осы Фадей жарықтықтан қалған жез самаурын шақырып тұрғандай... Десек те, оттығынан шоқ жылтырап, буы будақтаған әнсалар самауырын Нүрке кемпірдің жарты ғасырлық ермегі, ескіден қалған жалғыз абысыны, жақсы сырласындай еді. Төркін жұртынан қалған мұра осы ғана. Басқасы жоқ та, бар болғанның өзінде жылдар жылымы жұтып қойған. Нюра Фадеевнада жалғыз-ақ арман бар еді, өзі құрбылас кемпірлермен өткен-кеткенді айыз қандыра айтып, құмарынан шыға әңгімелесіп барып жан тапсыру, туған жерден бір күрек топырақ бұйырса... Ол арманды орындайтын маңдайға басқан ұлы – Ерік болса ыңғай білдірмей жүр. Бұлардың қаймақшыған тыныштығын қаусатқан – тәлтіректеп басып, босағаны тырмалаған Тағанның үні болды.

− Неге біз осы... − деп, ежелгі әдетінше сұқ саусағын шо- шайтты. − Неге біз осы?.. Бұл шақта екінді туып, Нүрке кемпір намазға қамдана бастаған.

− Жүр-ей, − деді Тағанның қолтығынан нығарлай ұстаған Ерік. − Тәтем намаз оқиды. мазасын алма.

− Орыс намаз оқиды... хи-хи-хи...− Таған шиқылдай күлді. Кластасының бейпіл ауыздығы жанына тиді білем; онсыз да бастерісі келіспей жүрген Ерік желкесінен бүріп теріс қаратты да, құйрығынан бір теуіп етпетінен түсірді. Күйеуінің тым артық кеткендігі шыдамын шарт сындырды білем, самаурынның күлін қағып тұрған айна:

− Қойсаңшы, обал емес пе? − деп, Ерік келгелі алғаш рет дауыс шығарды.


− Е-е, тілің бар екен ғой, − деп кекетті ері. – Тобық жұтқандай томпиып қалып ең...

− Сол тілді өзің де жұтып қойды ма деп едім...

Ерік әйеліне бажырая қарады. Шынымен-ақ айнаның аузынан шықты ма дегендей, аң-таң. Он жыл отасқаннан бері тұңғыш рет тік сөйлеген жарының қас-қабағы баяғыдай емес екенін енді ғана аңлап, абдырап қалған. айна бұған бұрылып та қарамай қарекетін жалғастыра берді. «Ой, саған не көрінді?»

− деп жанына барды. Татулыққа шақырғандай білегінен ұстап өзіне тақап алды да. Жақсы көргенде жасайтын әдетімен шашынан сипап, құлағының түбінен иіскеді. «Шынында да, маған не болды өзі» деп, өксіген айна басын күйеуінің кеудесіне қойып, тағы да жылап жіберді. Тәлтіректеп орнынан қайта көтерілген Таған, фашистің жауын ала алмай азаптан- ған партизанындай-ақ өзін өр ұстап: «Ей, Қарабауыр, бір тепкенің – бір саптыаяқ сыра», − деді. Жолдасы оның тілегін екі саптыаяқ бал сырамен қанағаттандырды да, оны-мұны саймандар тұратын қораға сүйрелеп апарып тастады. «Таудың түні салқын, тоңады ғой». айна мазасын ала берген соң, әкесінің ескі ішігін үстіне жапты. маскүнем бірден ұйықтап кетпейтін әдетімен малдасын құрып отырып алды да: «Неге біз осы...» деген тақырыптағы лекциясын бастаған.

 

Тамыздың тамылжыған шағында апта бойы ашық тұрған күн Қатын суы жағасында отырған жалғыз үйге ырыс болып кірді. Биыл бұрынды-соңды болып көрмеген пішен үйіп алды. айнаның бір өзі-ақ шөмелеп тастаған шөпті көкбестіге сүйретіп мал қораға тасыды. алтай қазақтарының пішен дайындаудағы айла-тәсілі жалпақ елдің ешқайсысына ұқсамайды. айталық, қол тартпамен, яғни шалғымен шабылған шалғын дестесін ат тарта алатындай мөлшерде шөмелейтін. Сол шөмеледегі шөпті ұшында ұзынша етіп жонып қатырған қайың құрықша байлаған арқанды қамытқа жалғайтын. Құрықшаны шөмеле- нің арт жақ түбінен сүңгіте сұғып, арқанды екінші жағынан түптей орап әкеліп қамытқа байлап тарта жөнелсе, шашау шығып шашылмаған күйі сүйрей жөнелесің. Бұл жұмыс Таған үшін таңсық емес. Ертелеп салқын сырамен басын жазып алған соң еңбек етпей ішіп-жемейтінін білген соң, жанын сала кірісетін.


алғашқы күні мұндай қабағат жұмысқа көндікпеген көңілі бұзылып, қиқаңдап көріп еді, Ерік сырадан татырмайтынын білді ме, амал жоқ, айтқанына көніп, айдағанына жүретін болды. Ішімдікке салынып, сандалып кеткені болмаса, Тағанның денсаулығы сыр бере қоймаған, қара жұмысқа мықты, көмпіс қаражігіт екен. асқазан ашқылтым су қыздырып жатпаса, табанынан сауып, қия баспайтын қиямпұрыстығын көр ғана түзетер. ара-тұра үйге бас сұға қалғанында, Нүрке кемпір ақыл айтып басын ауыртқан соң, табанынан сауып олай қарай аттап баспайтын болды. Осы «ішпей-ақ қойсаң қайтеді» деген Таған үшін әлемдегі ең ауыр да азапты сөзді тек айна ғана айтқан жоқ. ауылдан келгеннен бергі аптадан астам уақьптың ішінде: «Неге тамақ ішпейсіз?» деген жалғыз-жарым тілдесуден басқа әңгіме болған емес. Туасы көп сөзділікті суқаны сүймейтін келіншек, жігіт ағасы жасқа келген шағында ақылынан адасып, алжасып жүрген келімсекті жақтырмағаны рас-ты. Жақтырмаған себебі: тепсе темір үзетін азаматтың әбден настанып кеткен намыс- сыздығы, ішімдік үшін сонау... түу-у-у өзі үшін арманға айнал- ған етектен итше еріп келгені, басында үй, бауырында бала жоқ, қаңғырып кешер бекер ғұмыры, қу өңешті қышқылдату үшін құл болып жүрген өксік өмірі еді. Сан рет бетіне басып, жер-жебіріне жетіп ұрысқысы келді-ақ, айтып-айтпай не керек, сөз төркінін ұғар кісіліктен айырылғанын сезген-ді. Сезген соң, сен тимесең, мен тименге көшкен. Қазір де көкбестінің үстінде мыжырайып отырған мүскініне қараған сайын, қарны ашады. айна арқандап берген шөмелені астындағы атын шу-шулей тепеңдеп қораға жеткізеді. Ерік шөпті сыпырып алып қалған соң, кері айнаға қарай тырағайлайды. Ертеден қас қарайғанша созылған осына әбігерлі жұмыс әбден титықтатты білем, үшеуі бірдей тамақ ішуге шамалары жетпей тырапай асты. Әсіресе, ақ саусақ болып, арамтамақтыққа үйреніп алған Таған бүгіндікке соңғы саптыаяқ сыраны салып алған соң, тұяқ серпуге, «лекция оқуға» дәрмені таусылып, мұрттай ұшқан.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.