Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 14 страница



Нюра күйеуіне ұмтылып, қапсыра құшақтап айырылмады. Екеуі аймаласып, етектерінен тартқан баланы ұмытқандай болып еді. «Папа, үйге қайтайық», − деп ол шырқырай жылап қоя берді.Баласын жерден тіке көтеріп алып, бетінен сүйген әкесі:

«мамаң екеуің үйге жүре беріңдер, мен артынан барамын», − деді кеудесін керген өксікті әрең басып. Жүйе-жүйесі босап, үні қарлығып шықты. Нюраныңда омырауы жасқа боялған. Бұлар- ды Шолақ қол ажыратты. ана мен баланы күшке сап итеріп, сыртқа алып шықты да, түрменің шоқпардай темір құлыбын кілттеп, жапты. «Папалап» есікті тырмалаған баласын зорға дегенде қолтығынан көтеріп, тыраңдатқан қалпында жылап- еңіреп үйіне қайтқан Нюра өз ошағына жеткенше көз жасын тыя алмады. Бұл шақта таудың ұшар басындағы ұшпа бұлт етекке қарай жөңкіле көшіп аяқ астынан жел тұрды. Жапырақ жайған ағаш басы арпалыса суылдап, сабалақ жүнді бірлі-екілі ешкі қора-қораның ығына қарай тырағайлап барады. Желіккен желмен бірге жарыса түскен жаңбырдың хабаршы тамшылары


жетіп, әлгінде ғана будақтай көтерілген қара жолдың шаңын жерге шегелей бастаған. Қара бурадай құтырына жөңкілген бұлт бір-бірінен жерігендей үрке орналасқан бытыраңқы үйлердің жиналмай қалған кірін желпілдетіп, албастыдай апай-топайын шығарды. Тамшының арты бұжыр-бұжыр бұршаққа айналып, тақтай шатыр, қаңылтыр пештерді таңқылдатып, төбеңді оярдай пәрменмен сабалаған. Барабандап бастаған бұршақ қарақошқыл бұлттың құсығындай, далада жүрген тіршілік иесін бұрыш-бұрышқа, ықтасын-қуысқа қуалап тықты. Жер беті аппақ маржанға бөгіп,алтайдың алты айрығынан саулап бұлақ ақты. Бұлақтың іші толған ақ моншақ – әрі суық, әрі сұлу көрініске есік-терезеден сығалай мәз балалардың кейбір шыдамсыздары жалаң аяқ, жалаң бас далаға шапқылап шығып, шекесін ісіріп қайта оралады. Ең ғажабы, дәл сол күні бір жағы ақ, бір жағы қызыл бұршақ жауды.

«СОл КҮН, СОл ЕрЕКШЕ БҰрШаҚ КЕШЕГІДЕЙ Жа-

ДЬІмДа. мЕН БаЙғҰС ҚаНДаУырымНаН мӘҢГІлІК- КЕ аЙырылДым ДЕП ОЙлаДым-аУ», − НҮрКЕ КЕмПІр Тағы Да аУыр КҮрСІНДІ.

1937-інің сойқаны мұнымен біткен жоқ. Ел артынан естіді Қандауырды қосып осы ауылдың бір топ азаматтарын Бұқтырманың үстіндегі ағаш көпірден айдап бара жатқанда, алды-арттарынан қаумалаған айдаушылар тілге келтірмей бытырлатып ата бастайды. Дәл осы сәтте Шолақ қолдың жұмбақты ескертуі қапелімде есіне түскен Қандауыр сасқалақтай шулаған жұртты қақ жарып барып, биіктігі отыз метрден асатын көпірден төмендегі көкпеңбек иірімді суға қарғиды. Бәрібір тұншығып өледіге жорыған мылтықтылар оның соңынан қумайды, тірі қаларын елеп-ескеріп аңдымайды. Бұқтырманың арыстан жалды толқынында тербеліп өскен жігіт жүз қадамдай сүңгіп, басын қылт еткізіп шығарып ауа жұтып алған соң, тағы да су түбіне сүңгіп, ағыстың ырқында ығыса құлдап, алыстап кетеді. Содан, ешкім жоқ, тал-терегі қалың өскен жағалаудан бір-ақ шығады. Сол бойында қашып кетпейді, үсті-басын кептіріп алғаннан кейін аудан басында отырған Шолақ қол іңкібідінің тура өзіне барады. Ол мұны «нағыз жүрек жұтқан батырдың өзі екенсің» деп, қарқ-қарқ күліп, арқасынан қағады да, қағазын реттеп Өскеменге жөнелтеді.


«ҚаНДаУыр СОл КЕТКЕННЕН СОғыС БаСТалғаН- Да ғаНа ОралыП ЕДІ-аУ», − ДЕП НҮрКЕ КЕмПІр КҮБІр- лЕДІ.

Қарлығаштың ұясындай ғана шағын үйелменнің ошағы сөнбегенмен, басына төнген барлық ауыртпалықты Қандауыр арқалап кеткен жоқ, інкібідінің бақылауында болды. «Жаудың семьясы» деген жаман атақ тағылған соң, ауыл-аймақ, көрші- қолаң аса сақтықпен амандасатын, тіпті кейде сәлемдесуге жасқанып, Нюраның жанынан үндемей өте шығатын. Осылайша бірте-бірте суысқан ел жоқтан өзгеге күдік алып, ғасырлар бойы қалыптасқан жан жарастығы, ағайын араластығынан айырылып, әркімнің-әрқайсысының ішінен бұғып жатқан жасырын «жау» іздеп, жандарын шүберекке түйе сезікті де, сенімсіз күй кеше бастаған. Сүттей ұйыған ауылдың дәстүрлі ұжымдығы ұшына жабысқан аурудан қаншама жылдар өтсе де айыға алмай, сүйеккесіңді дертке ұласарын, әрине, зерделемеді. Ұсталғанның бәрін шын жау, қаскөй індет деп қабылдады да, өздеріне жұғып кетпес үшін пәледен машайық қашты немесе сиырдай мүйіздеп, бақсының моласындай жападан-жалғыз қалдырды.

«СОл ЖалғыЗДыҚТаН ӘлІ КҮНГЕ ҚҰТыла алмаЙ, ҚОр БОлДым-аУ», − ДЕП КҮрСІНДІ НҮрКЕ КЕмПІр.

...Иә, жалғыздық. Сол жалғыздықтан тағы да Көкен мен аналық құтқарып еді. Бұл өмірде бар-жоғы белгісіз дарбазасыз дара үйде ішерге ас, киерге киім таба алмай, зар еңіреп, зар жұтып жатқанында, тумасынан бетер бәйек болып қамқор қолын созды... «Халық жауының» әйеліне қыл аяғы қара жұмыс та бермей қаңтарып тастағанда, тағдырдың осы бір дағдарысынан аман-есен алып шыққан да солар. Бір күні жұмыстан әдеттегіден тым ерте оралған Көкен:

− Ойбай, Нүрке, саған жасырыну керек, − деді өңі боп-боз болып. − ауданнан адам шығып сені қамауға алатын көрінеді. Шолақ қолдың айғайлап айтқан бұйрығын есіктің сыртынан естіп қалған бір сенімді кісі айтты.

− Күз болса мынау, енді біраз күнде қар түседі, қайда қашамын, құдай-ау, − деп зәрезап болды.

− расында да, қайда барады мына қарашаның қара суығын- да, − деп сөзге араласты аналық.


− Соны өзім де білмей тұрмын. Сенің орныңа Қандауырдың соңынан мен-ақ кетер едім, қайтейін, алмайды ғой.

− Көңіліңе рақмет, Көкен. айналдырған Шолақ қол алмай қоймайды, ешқайда кетпеймін, бас сауғалап тығылмаймын да. Баламды бір құдайға, содан соң өздеріңе тапсырып, тас түйін дайындалайын. Әбігер болмаңдар.

− Тәңірім-ай, не жазып едің, енді не істейміз? − деп зарлаған аналықты еркектік көрсетіп жекіп тоқтатқан Көкен: − Біз қара басымызды сауғалап сенен безініп отырғанымыз жоқ, Нүрке! амал не, өзің шеш. алысқа, көз көріп, құлақ естімейтін жерге аттандырып жіберуге де әзірмін, осы үйге алып қалуға да дайынмын. Сенің балаң − біздің де бала, алда-жалда айдалып кетсең, қайтып оралғандарыңша қанаттыға қақтырмай, әке- шешесін ұмыттырмай қарағайдай азамат етіп тәрбиелейміз. Басқа не келеді қолымыздан...

− ризамын сендерге, екі дүниеде де ризамын. мен тосып алдым маңдайға жазылған сыбағамды. Ұрпағым – аманат. абдырамай жұмысыңа бар.

Көкен басы салбыраған күйі, лажсыздық күйін кешіп шығып кеткен. Күйеуі ұзаған соң, аналық басқаша кеп танытты.

− Әй, Нүрке, менің тілімді алсаң, маған бір ой келіп отыр.

− Иә, қандай?− деп еміне түсті.

− Сен алғаш келген милициядан жасырынып қал.

− Қалайша? артынан ұстап алса, одан ары күдік алып, тергемей-ақ атып тастар.

− алғашқы іздеушіден әупірімдеп құтылсақ, таңғы нәсіп тәңірден деген, көріп алдық. Тіпті Көкенге де білдірмейік.

− Түкке түсінсем бұйырмасын. Сонда бір асым ет емес, алпамсадай етжеңді қатынды қай тесікке тығасың?

− Кержақтардың тас моншасына. Оның ішіне жын-шайтан ұялаған деп, осы ауылда тірі жан басын сұқпайды. Әмбесінде сол моншаның кіреберісінде жертөле бар. Бай кержақтар терең ғып қазып, азық-түлігін сақтайтын. міне, сенің ендігі үйің осы болады.

− Сенің де ойлап таппайтының жоқ-ау, аналық. Ескі подвал қайбір пана болып жарытар дейсің.

− Егер әлдекім пысықсып ішіне кірер болса, жертөлеге түсіп кет, ал ешкім жоқта, моншаның ішінде отыра бер. Тамақ, сусыңды өзім тасып тұрармын түнделетіп.


− Қар жауып, қылышын сүйретіп қыс келгенде, жеті қат жер астында арам қатып қаламыз ғой. Одан гөрі жылымық түрмеде отырғаным озық-ау.

− Жетісерсің. Сені маздатып от жағып, алдыңа астау-астау жал-жая қойып асырайды деген. Бұдан он есе суық итжеккенге айдаса, кержақтардың апанымен жылап көрісерсің. Сөзді қой, бір тәуекелге бел байладық. ашаршылықтан да аман қалғамыз, қылышынан қан тамған заман өстіп тұра берер дейсің бе, біздің де айымыз оңынан туар.

− Әй, қайдам, − деп сенімсіздікпен басын шайқаған еді Нүрке бір пәледен құтылдық па дегенде, екіншісі келеді едірейіп. Бейне бір алтайдың асулары секілді иін тірескен, біреуінен ассаң – екіншісі тұрады...

− «Көп сөз – боқ сөз» деген атам қазақ, іске кірісейік. Сен қазір бар да үйіңдегі қомшаңды буып-түй. Керексізін лақтыр, от қойып өрте, тіміскілеген адам қашып кеттіге жорысын. Қызың естияр болып қалды ғой, түсіндіріп айт, тығыламыз, әйтпесе папаң секілді қараңғыға қамап тастайды да... мен зыр жүгіріп барып, жертөлеге төсеніш, жылы киім апарып әзірлейін...− аналық өз үйін ақтара бастаған. − Құдай-ау, атамның ескі қасқыр ішігін де «халық жауы» деп қамап тастады ма, қайда кеткен, тәңір алғыр...

Екі күнді әбігерлі дайындықпен өткізді. Осынау құпия әрекеттен Көкен қаперсіз еді. Үшінші күн дегенде: «Шолақ қол хабар жіберіпті, Нюра Фадеевна ешқайда кетпесін, хал- жағдайын біліп қайтамын. Қорықпасын, күзетшісіз барамын», − деген сыбысты жеткізді. Бірақ өзі осы күні үйден ұзап шықпады, жұмысқа да бармай қора-қопсысын түзеп, айналсоқтады-ай. аналық: «Іздеп қалған жоқ па, жүмысыңа барсаң қайтеді», − деп, жақауратып көріп еді, қас қылғаңдай қадалып, кетпей-ақ қойғаны. «Шынымызды айтсақ қайтеді» деген тәуекелге бел байлаған мезетте, ауылдың аш құрсақ итін шулатып Шолақ қол келіп үлгереді. амал жоқ, алдынан шығып қарсы алды. аттан адамша аттап емес, оң аяғын ердің алдыңғы қасынан асырып шабандоз баладай секіріп түскен нәшәндік:

− Қоңдысыңдар ғой өздерің, не жеп семірдіңдер? – деді қамшысын сапиян етігінің қонышына тыға сөйлеп.

− «Өлмегенге өлі балық» деген, жолдас бастық, колхоз не берсе – соны талшық етеміз,− деп жауап берді Көкен.


− Есеп-қисаптан жырым-шеттіктейді деген сигнал бар. Істеп жүрген жерінен тістеп жүретін қазақтың ежелгі әдеті. Сені де тексеру керек. Екі қатынды, екі баланы асырайтын азық қайдан келді саған.

− Тексеріңдер.

− Көрші ауылдағы бригадирдің қалай ұсталғанын, қалай сотталғанын білесің бе?

− Естімеппін, − деді Көкен.

− Ондайда құлағың керең бола қалады. ат-тонын ала қашып танып болмаған соң, баласының тезегін тексеріп келіп жібергенде – ішінен бидай шықты, − деп қарқылдап күлді. − ал енді сендер бара тұрыңдар, Нюра Фадеевнамен оңаша сырласып көрелік.

Үйге екеуі ғана кірді. Іргедегі төсекке былш етіп отыра кеткен Шолақ қол біразға дейін Нюраға қадала қараған қалпы жымси ежірейіп ләм демеді. Жылан арбағандай бүріскен әйел, өңменін тесіп жіберердей қадалған қиғаш көзден жасқана жанар қашырды. Шыдамның да шегі бар:

− Сұрай беріңіз, − деді үні дірілдеп.

− Күйеуіңнің атылғанын естіген шығарсың.

− Естігенім рас, бірақ өлгеніне сенбеймін.

− Халық жауы ретінде атылғаны туралы актымен таныстырайын ба?

− Немене бұл... көңіл айтқаныңыз ба? айтсаңыз да абайлап естіртпейсіз бе?

−Да-а, − деп ойланды Шолақ қол. − Да-а... мен мәймөңкені білмеймін, қызметтің адамымын, турасын айтамын.

− Биліктіге де біліктілік керек дегенім ғой, әйтпесе түкірігі жерге түспей тұрған сізбен тайталасып нем бар.

Шолаққол ескі әдетінше ойқастай басып үй ішінде әрі- бері алшаңдамақ еді, аядай бөлме таршылық жасады. амал жоқ, төсекке қайта отырды да, қарсы алдындағы әйелге тағы да қадала қарады. Бұрынғыдай емес бойы үйреніп, неге болса да бел буған Нюра шімірікпестен сазарып отыр. Оның өр сыңайын аңдаған нәшәндік әкіреңдеп әлек болудан еш нәтиже шықпасын сезді ме, көкейінде көптен жүрген жасырын сырын шым-шымдап шығаруға көшкен-ді.

− мен сені қамауға келгенім жоқ деп ескерттім. Бетінен нұры тамған сұлу келіншекті қараңғы торға қамап ұстаудан


үлкен қылмыс бар ма мен үшін. Жаным темірден жаратылмаған, менде де сезім, жүрек, түйсік бар. Егер қаттылығым, түрімнің суықтығы білінсе, оған мен кінәлі емес, талап пен жұмыс солай, демек, мен түскен қазан қатты қайнап пісірді. Күні бүгінге дейін салт басты, сабау қамшылымын. Қызмет қуамын деп, жар қызығынан айырылыппын...

Шолақ қолдың не бықсытып келе жатқанын ептеп іші сезе баста-ған Нюраның әлгінде ғана боп-бозданған жүзіне қан теуіп, бойынан үрей үркіп, денесі дірілдей бастады. «Тәңірім- ау, енді жетпегені осы еді».

− Зорлықпен келгенім жоқ, сені алғаш көргеннен бері тағат таптырмаған...

− Керек емес, − деді Нюра зәрезап болып, − ар жағын айтпай-ақ қойыңыз...

− Өлмектің артынан – өлмек жоқ, басың жас, бақытың алда, балаңның үстінен құс ұшырмай тәрбиелеймін...

− Жаудың әйелін алды деп, өзіңіз де ұсталып кетерсіз... Болмайды! Бекер әуре болмаңыз! − атып тұрып сыртқа беттемек еді, інкібіді бастығы:

− Отыр! Шошаңдамай, сөзге қонақ бер! − деп ақырып қалды. − Немене, менің әйел сүюге қақым жоқ па?

− Қақыңыз бар, бірақ біреудің әйелін емес.

− Жесір әйелді деңіз...

− Жесір мен жетімнің заманы емес пе, осы өкіметті соларға теңдік әперу үшін орнатпап па еді...

− Ол, рас, махаббатқа да бостандық керек, сондықтан да саған сөз салып тұрмын, сондықтан да жуандық жасамай жуас жолмен, қазақы жолмен үлкен басымды кішірейтіп келіп тұрмын.

− ақирет алдында да айтар сөзім – үзіңіз үмітіңізді. мен о дүниеде де Қандауырды ұмыта алмаймын.

− Ұмытпай-ақ қой. Тіпті бес уақ намазыңнан қалдырма, суретін салып қабырғаға іліп қоялық.

− мен енді сізге еш нәрсе айтпаймын, білгеніңізді істеңіз. − Нюраның беті қайтадан қуарып кетті.

− Қақ маңдайдан ұрдың-ау, аспан көз қатын. Қайтейін сені, қайтейін, жалғандағы жалғыз қуанышымнан айырдың, абыройымды айрандай төктің, жігерімді құм қылдың, жігіттігімді қорладың, аяулы сезімімді аяқ асты еттің. Енді


қайтіп ашуланбаймын, енді қайтіп елді қан қақсатпаймын, айтшы өзің... Жазығым не, жазығым жар қызығын көрейін дегенім бе?

Нюра таң қалды. Шолақ қол бетін қос алақанымен басып алып, әйелдерше ал келіп солқылдап жыласын. Басқа – басқа да, дәл осындай оқыс қылық, босаң көңіл күтпеген еді, әрі оған тас емен жүрегі жылып, жаны ашыған. «Қойыңыз аға, азамат емессіз бе, босамаңыз» деп оған деген өшпенділігін жұмсартпаққа ниет қылды да, «қой, босқа емексітпейін» деген оймен тез айныды. ал анау қалтасынан орамалын шапшаң суырып алып, жасқа толған жанарын сүртіп-сүртіп орнынан тұрды. Белбеуін ширыға түзеді. Тапаншасының қабын сипап тексерді. Нюраға қарамаған күйі шыға берді де: − Ендігі хабарды милиционерден күтерсің, сұлуым, − деп жымиды. − мен сенімен қоштаспаймын, көріскенше.

Шолақ қол шығып кеткен соң, үйге апыл-ғұпыл кірген аналық, есі ауысқандай, аядай ғана әйнектен түскен жарыққа кірпік қақпастан телміріп отырған Нюраны құшақтай алды.

− Не деп кетті? Ұзақ сырластыңдар ғой, түге. ақсарбас, бір пәледен құтылдық білем.

− Сол пәле енді ғана басталды, құрбым. Еркек екен, сөз салды, жүрегін ұсынды. Көнбеп едім, көзіме көк шыбын үймелетем деп кетті ғой.

− Кетсін әрмен... еңді қайтып оралғанша, кім бар, кім жоқ.

Жүнжіме. Шай қояйын. Балалардың да қарны ашқан шығар.

Осы кезде Көкен кірді:

− Ертеңге дейін ойлансын дейді, не айтып еді, Нүрке?

− маған тұрмысқа шық дейді.

− Онысы жігітшілік екен,− деді Көкен желкесін қасып.

− Кет ары, албасты басып тұр ма, Қандауырға не бетімізді айтамыз.

− Кісі тірі қалу үшін не істемейді... Өзің біл, мың жылғы жұмақтан бір күнгі жарың артық емес пе...

− Сен мені білмейді екенсің, Көкен, − деді Нюра қабағы дірілдей ренжіп.− Байсырап отырғаным жоқ, Қанекеңнен жаным артық емес. аюдай ақырған ата-анамның ақ сүт, ақ батасын аттап қосылған жарымды жасыққа айырбастаймын ба.


− Кешір, − деді Көкен қалбалақтап. − мен... әншейін... сен үшін ғой бәрі де. Құрысын, қайтып алдым сөзімді. Әй, аналық, шайыңның түбіне тас түсіп кетті ме, неғып қайнамайды...

«ЖарыҚТыҚ КӨКЕННІҢ мІНЕЗІ ҚыЗыҚ ЕДІ-аУ, − ДЕП ӨЗ-ӨЗІНЕН КҮлІмСІрЕДІ НҮрКЕ КЕмПІр. − аУЗыН

аШСа, ЖҮрЕГІ КӨрІНЕТІН аДал, БалаДаЙ аҢҚаУ ЕДІ».

Таңға жуық сыбдырын білдірмей тұрған аналық аса сақтықпен киініп, есікті ептеп аша бергенде, біреу шымшып алғандай сыңсып қоя берген. Тықыр еткенге оянатын күйеу:

«Әй, бұл кім, аналық, сенбісің, қайда барасың?» − деді ұйқылы үнмен. «мен ғой, әлгі жалғыз сиыр кеше кешке өрістен келмеп еді, байқайын деп... ұйықтай беріңдер. Бала тоңып қалмасын, қымтай сал», − деп, қамқор кейіп танытты да, лып етіп шыға жөнелген. Сол бетімен Нюраның үйіне беттеді. Ол да ояу отыр екен, екеуі ұзақ күбірлесті. Бәрінен де қиыны шырт ұйқыда жатқан баланы ояту болды. Түнде қайда барамыз деп, қыңқылдап жылады. Буыншақ-түйіншектерін арқалап үшеуі ағаш арасындағы мыстан кемпірдің баспанасындай болып жалғыз қарауытқан моншаға қарай аяңдады. ауыл таң алдындағы өлі ұйқыда. Өліара кездің қараңғылығы енді- енді ғана етек түріп, көбесі сөгіле бастаған. ауыл шетінен басталар отқа осы елдің бес-алты қара малы жайылып жүр. Тау қойнауы болғандықтан, таңға жуық қалың қырау түсіп, бейне бір жұқалаң қар жауғандай әсер беретін қарашаның суығы жылы үйден шыққан денелерін тоңазытып, бүрсең қақтырды. Әсіресе,  ұйқысы,  әлі  де  ашылмай,  есінеп-құсынаған  бала

«тоңдым, мама» деп еріншектене ереді. «Тоңарсың әлі, бұл

– басы ғана»,− деп күбірлейді шешесі. айдаладағы моншаға жеткенде, балада тіпті зәре қалмады. «Кірмеймін, оның ішінде сайтан бар»,− деп шегіншектеді. Іші тастай қараңғы моншаға бірінші болып «бисмилла» деп өжеттене кірген аналық оттық тұтатып, жарық жасады. Іші ыс-ыс бөлменің қабырғасына жанап кетсең, үсті-басыңды күйелештеп шығасың. Бұрыштағы тастан үйіліп жиналған пештің үстінде майшам бар екен, тұтатып еді, өлімсіреген сәуле таратып, есіктен ескен желемікпен қыпылықтай жанады. Қамбаның аузы ашық екен. Ішіне сып беріп түскен аналық:


− Әй, Нүрке, еңкейіп қарашы өзің, ұядай, − деп сыбырлады.− майшамды маған әперіп жібер.

Әуелі жалауышкені, содан соң қызын шұңқырға түсіріп, артынан өзі сусыды. Жертөленің іші, расында да, әрі кең, әрі тап-тұйнақтай. Бәрін де аналық сақадай-сай дайындап қойған екен. Кержақтардың ашыған капуста, қияр, балын сақтайтын тақтай таушаны жайып, төсекке айналдырған. Жертөленің қабырғасына дейін тақтайланған, тек едені жоқ, құм төккен. Жеміс-жидектері бұзылмас үшін, құм төсейтін шығар...

− міне, осы ендігі үйлерің, − деді қарадай борша-борша терлеген аналық.

− мынау – зындан ғой... Әттең, пеші болса, қыстан шығуға да болар еді, − деді әлі де жан-жағын тосырқай шолған Нюра.

− Кішкене ғана қаңылтыр пеш тауып келсем, суықтан емес, ыстықтан зәрезеп боларсыңдар.

− Әй, аналық-ай, ол пештің түтінін будақтатып қалай жағамыз?

− Отты тек түнде ғана жағасыңдар, ал күндіз дымдарыңды білдірмей жым-жырт жатасыңдар.

− Сонда біз үкі немесе жарғанат болғанымыз ғой, − деп Нюра аузын басып, тұншыға күлді.

− Тірі қалу үшін бәрі болуға болады. ал мен кеттім. Тегінде, естеріңде болсын, жер қойманың қақпағын қазанмен бастырып кетемін, шығамын деп әуре болмаңдар, өзім ғана ашамын. Екі күндік азықтарың бар. ыстық тамаққа әзірше иектерің қышымасын.

− мен бір түрлі қорқып отырмын, − деді Нюра мұңайып. − Осыдан түрме артық секілді. Ойлашы өзің, қашанғы отырамыз: бір ай, бір жыл, содан соң...

− Содан соң – сол. Сен қызықсың-ей, абақтыға ас беріп жатқандай-ақ асығып, басымды ауырттың ғой. Оған бүгін бардың не, бір айдан соң бардың не, ешқайда қашып кетпес, түрмесіз үкімет болушы ма еді, − деп, іргедегі нарға қисайып ұйықтап қалған баланың үстіне ішік жауып, жан-жағын қымтап қойды.

− Ішім пысатын шығар, тәулік бойы жер астында қамалып отырудан артық тозақ бар ма...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.