Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 15 страница



− Сені қойшы, − деп аналық тағы да сампылдай жөнелді. − Тоқыма тоқисың, бәрінен де жас балаға қиын, ойын баласы іші


жарылып зерігер, әмбе саған ермек тауып, алдаусырату керек. ал мен кетейін.

ал мен кетейінмен тағы біраз айналсоқтап, құрбысын қимағандай әрең көтерілді шұңқырдан. Содан соң жертөленің қақпағын жауып, былайырақ төңкерулі жатқан тайқазанды өзі әрең дегенде орнынан қозғап, ырғай жылжытып әкелгені естілді. Есікті нығыздап жауып, сыртынан тіреу қойды. Жан- жағына алақ-жұлақ қарап, жорғалап үйіне жеткен. Жолшыбай қара сиырды айдай кеткен. Қораға қамап, үйге бір құшақ отын құшақтай кірген. Әйелінің тықырынан оянған саққұлық Көкен:

«Көп айналдың ғой, сиыр бар ма?» − деп есіней  сұраған.

«Қасқыр жегірді әрең дегенде таптым. Терістің ішіндегі колхоз шөбінде белуарына дейін мелдеп тұр екен, ертелетіп іздегенім қандай көрім болған, ұятқа қалады екенбіз», − деп өтірікті судай сапырып жіберді. «Үй суып кетіпті, пешке от жақпасам, қарағай отын әкелсеңші, әкесі, қайыңның дуылдап жанғаны болмаса, қызуы шамалы». «Көлік болмай тұр ғой, әмбесінде қол да тимейді». «Колхоздан бір тырақы тауып берсең, іргеде жай түсіп сұлап жатқан молақтың бірін өзім-ақ сүйретіп әкелер едім». «мұрындығын тесе алмайсың ғой». «Тескенде, сенің білегің сыйып кетер ғып үңірентіп жіберем, ағаштың арасында туып, ағашқа жарымасақ не дауа. Әй, қазақтар-ай, орманның ішінде тұрып отынға жарымай, үйінің бұрышын жарып жағатын еріншектіктен қашан арылар екенбіз» деп, пештің күлін шығарып, көмейіне жаңқа тығып, от тамызып толас таппады. «аналық-ай, қолыңмен қоса аузың да қимылдамаса, ұшынасың ба»деген күйеуі ендігі ұйқыда маза болмасын сезгендей, самарқау күйде киіне бастаған. − Бүгін ғой Нүркені айдап әкетеді.

− Байғұсқа обал болды, − деп жаны ашығансыды әйелі.

− Кебежеңнің түбінде қалған-құтқан болса, жолына пісіріп берсеңші. Одан басқа қолымыздан не келеді...

− Қара сиырды Шолақ қолға жетелетіп жіберсек, босатар ма екен?

− Қара сиырға сені қосып берсең де жібімейді, − деді Көкен − Қайта басымызға пәле болып жабысады. Секретарь Төлегеновті домбыра шертеді, ән айтады, рулардың тегін таратады, насыбай атып, ескіліктің қалдығына шырмалған деп айыптады емес пе. Әсіресе, балаларына қиын болды. Көзі


мөлдіреген бес жасар Бибігүл атты қызын қимай, «шөлім қанып бетінен де сүйе алмадым-ау» деп аһ ұрғанда, аузынан жалын атып қатты қамығыпты.

− Сонда қалай, домбыра шертіп, ән айтқанның барлығы халық жауы болса, құрысын... Құртайық ана домбыраны...

− айыптың үлкені ол емес, − деді күйеуі. − Шолақ қол

«Партбилетіңді тапсыр» деп қожаңдағанда, «билетті сен берген жоқсың» деп қасарысқан. Тартып алмаққа ұмтылған Шолақ қолды қағып жібергенде, анау орындыққа шалынып шалқалай құлап түсіпті. Бар пәле осыдан әрі асқынған.

«Жапонның жансызы» деп куәлендірген қағаз дайындап, жым- жылас алып кетті ғой. Әйелі мәнура балаларын жетелеп Семей жақтағы төркіндеріне көшіп кетті. Төлегенов жалғыз емес, қол астында істейтін алпысованы да аузы-мұрнынан шыққан екіқабаттығына да қарамай қамаған және екі ағасын да алған. Әйел байғұс түрмеде босаныпты деп естимін, ал баласын қайда жібергені белгісіз... ее-ее-ее, қарағай басын шортан шалды деген осы...

Түске таман аудан орталығы Қатоннан милиционер жігіт келіп, Нюраны таба алмады. Іздемеген, қарамаған жері қалмай мысы құрыған, жалғыз өзі лажсыз кері оралған жігітті жерден алып жерге салып ұрысқан інкібіді бастығы алашапқын болып өзі жетіп еді. Тінтпеген үйі, жауап алмаған адамы қалмады, тіпті іргеде сыңсып тұрған орман ішін де сүзіп шықты, жер жұтқандай жым-жылас; із кесіп, сыбыс ести алмай дал болды. расында да, Нюраның табан астында − бір түннің ішінде түтіні өшіп, түндігі жабылып, қайда ғана ғайып болып кеткенінен аналықтан өзге жұрт хабарсыз еді. ал аналық болса: «Құдайға анық, көрсем көзім шықсын, естісем құлағым керең болсын»,− деп, қарғанып-сіленіп, азар да безер болған. ал оның күйеуі Көкен: «апыр-ау, аспанда құдай, жерде шұнай алды ма, ғажап, ғажап»,– деп, таңдайын қағып, басын шайқап, әуелі қайран қалғаны соншама, қызды-қыздымен Шолақ қолға қосылып өзі де іздеді. ал Шолақ қол – дүниедегі ең бір күдікшіл әрі иісшіл, тісқаққан, ізшіл маман кәсіптік түйсікпен бісміллә дегеннен-ақ Нюраның жоғалу себебін Көкендерден көрді. алдап та, арбап та сұрады, ұрсып та, ұрып та сұрады, «білмеймізден» басқа жарытымды жауап ала алмады. Әбден сілесі қатқан соң, тың- тыңдап осы ауылға түнеп қалған. Колхоз кеңсесіндегі қара


былғарымен қапталған диванға сұр шинелін жамылып жатып қалған. Онысы көз алдау еді, ел орынға отырып, әрқайсысы майшамын ерте өшіріп жым-жырт жатып қалғанда, жымын білдірмей далаға шығып, ақырын басып байқастады. Әсіресе, Көкеннің үйін таң сыз бергенше торуылдаған. Ол үйден де қырылып қалғандай қыбыр еткен жан көрінбеген. Өліараның көрдей қараңғылығында ауыл арасында жусап жатқан жуас сиырларға сүрініп ұзақ жүрді. Жалғыз Нюра ғана емес, мұқым ел қаша көшіп кеткендей, тыныштық құлаққа ұрған танадай... әрі неге екені белгісіз, жау шауып, жұтап қалған ескі жұрттай қорқынышты... «Жо-жоқ, бұл ауылдың ұрлығын ашу үшін баяғының бақсысы, көріпкелі керек шығар»,− деп күбірлеген. Күн шыға, әбден дымы құрып шаршаған соң, елікті қуған аңшының итіндей бұралып кеңсеге оралды. Бәрібір көз іле алған жоқ. «мүмкін, Өскеменге айдалған Қандауыр қашып кетіп, әйелі мен баласын арғы бетке, не Қытайға, не моңғолға көшіріп әкеткен шығар. ал ондай көзсіз ерлікті ондай жаужүректен күтуге болады. алтай тауының құзарларында шекара да, аңдаушы да жоқ, мылтығын шошайтқан он шақты солдат тек сайда ғана, оқта-текте салт атпен қоқыраңдап жоталарға жортып шыққаны болмаса, өркеш-өркеш тау шағылдарындағы көш жолын, аң мен аңшының соқпағын білмейді. Қандауыр секілді аңшы шекарадан көзін жұмып өтеді». міне, өз ісін әлемдегі ең ақиқаттың бірі есептейтін Шолақ қол шақшадай басын шарадай еткен ойын осындай түйінмен аяқтады. Колхоз басқармаларына «бәрібір сендерге сенбеймін, бірің болмаса бірің саучастниксің» деп, атқа қона берген кезінде бригадир: «Осы біз кержақ байдың ескі моншасын қарадық па?» − дегені көзі ежірейіп. «Көрсет моншаны, ол қай жерде? Неге айтпадың?» − деп ақырып, тапап кетердей қамшысын үйіріп, атын омыраулатты. «Жүріңіз көрсетейін, осыдан бір шақырымдай жерде, орманы қалың өзен жағасында», − деп, алға түсіп томпаңдап жөнелген. «Ой, онда сайтан да жоқ, маңайынан жүруге қорқамыз», − деген кәперсіз Көкен. ал аналықта зәре қалмады. «Құрыған жері осы шығар»,− деп, бетін басқан күйі өз үйіне жүгірген-ді.

моншаға жақындай бергенде, Шолақ қолдың тақымын- дағы аты қорсылдап өз-өзінен үріккені. Ойқастап бас бермей қойған соң, «шынында да, бұл моншаның бір сиқыры бар-


ау» деп ойлады да, аттан түсіп, ағашқа байлап, өзі жаяу тартты. Дегенмен, бойында сезік бар. Тапаншасын суырып, барлауға аттанғандай байқастап, бүкшиіп басып жақындады. Әуелі моншаның қурай басқан сыртын шола айналды да, өзі қабырғаға жапсырыла тұрып, есіктің тіреуін аяғымен итеріп түсірді. Тіреуі түскен соң, топсасы ескірген есік өз екпінімен шиқ етіп ашылғанда, оңбай шошыған Шолақ тапаншасының шүріппесін басып қалып, жата қалған. албаты атылған оқ моншаның қарсы бұрышында қалқиып тұрған бригадирдің оң қолын жұла жанап өтіп, арт жағындағы қарағайдың қабығын тесіп кірді. Бригадир: «Ойбай-ойбай, өлтірдің!» − деп ышқына құлады. Өкіріп-бақырып, қан саулаған шынтағын басып арпалыса аунады. «Өй, әкеңнің, алдымда неге тұрасың ербиіп!»

− деп, орнынан көтерілген Шолақ қол әлі де сақтық білдіріп, моншаның босағасынан бой тасалай сығалаған. Ешкім жоқ. Қапырық иіс қана мұрын жарады. Дізесі дірілдеп ішке кірді, қазанды бір теуіп қайта шықты. Қансыраған бригадирдің жаралы шынтағын өз көйлегін айырып жіберіп таңып жатқан Көкен «аңқау елге дөң айбат жасағаны болмаса, нәшәндігіміз бұтына тышқан қорқақ екен-ау» деп ойлады. алғашқыдай емес бойын тік ұстап, қоқилана жақындаған Шолақ қолға бригадир:

«Өзің секілді мені де шолақ етейін деп пе едің, үстіңнен жәлібі жасаймын, неге атасың?» − деп аңқиды. анау  сасқан жоқ:

«Жауды ұстау майданында өлім-жітім болмай тұрмайды, оқыс қой, қан шықпастай етіп мықтап таңып ал да, артыма мінгес, ауданға апарып доқтырға емдетем», − деп, үлкен «кісілік» жасады.

− Әлгі жаудың қатыны моншада жоқ, бірақ... Әлдекім біз- ден бұрын тінтілеген секілді, өйткені кіреберістегі өрмекші- нің торы бұзылған, бетіме жабысқан жоқ, − деп қауіп айтты.

«апыр-ай, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін нәстені сезуін, жыланның жусағанын білетін нағыз тыңшының өзі екен?» − деп таңырқаған Көкен ілби басып ауылға аяңдады.

«Құдай-ай, Нүркені жер жұтып қойды ма?» «Жаудың» қатын-баласы табылмады деген хабарды естіген аналықтың қуанышында шек болмады. ал інкібідінің артына мінгесіп кеткен бригадир қара орманына қайтып оралған жоқ; «Шолақ қолдың өзімен атысып, оқ тиген Нюра Фадейқызын ізім-ғайым қашырып жіберген сол екен, жымын білдірмей жүрген нағыз


халық жауы екен, Төлегеновтің өзімен сыбайлас болыпты» дейді-дейді – не дейді екенмен айыпталып, итжеккенге ай- далған. «Қақаған суық, қатаң тәртіпке төзе алмай, сол жақта іш құса болып, буынып өліпті», дейді, дейді – не демейді.

алайда, шындық еді.

«Ол Да КЕТТІ ҰрПаҚСыЗ, − ДЕП КҮрСІНДІ

НҮрКЕ КЕмПІр. ТӘҢІрІм-аЙ, мылТыҚ ТарС ЕТКЕН- ДЕ ҚЬІЗЬІмНыҢ ШырылДаП ЖылаП ҚОЯ БЕр- ГЕНІ. аЙғаЙ-ҰЙғаЙмЕН алғаШҚы ДаУыСТы ЕСТІмЕЙ ҚалыПТЬІ, арТыНаН БаламНыҢ аУЗыН ТҰНШыҚТыра БаСа ҚОЙДым. ТЕК мҰрНымЕН ғаНа ДЕм алғаН ҚҰлыНым, Олар ҰЗаП КЕТКЕНШЕ ӨлІП Қала ЖаЗДағаНы-аЙ»

алтайдың мұқым орман-тоғай, сай-сала, бұта-қарағайын аппақ мамыққа бөлеп қар жауды. Бұл шақ қарашаның қара суығы ашуын азайтып, тау ішіне үп еткен желсіз жуас та жұмсақ тыныштық орнаған момын шағы еді. алғаш рет қыстың таза қары түскенде, азынаған ызғырық азаятын да, әдемі бір жылымық орнайтын. міне, биыл кештеу келген есесін алғысы келгендей күні-түні қапалақтап жауып, тізеден келетіндей омбыға айналды. алтай қысының да өз сұлулығы, еш жерге ұқсамас ерекше бір әдемі суреті болушы еді. Әсіресе, жалғыз- ақ күнде салаң ете қалатын қысының жұмбақты да жым- жырт кейпіне қарасаң, көктемге бергісіз жаныңды жарылқар сыршылдығын аңғарасың. амал не, осына ішкі сарайыңды сансыз сиқырлы әуезге бөлер сабырлы қуанышың салқындап барып, тым келте қайырылар еді...

айға жуық айласын асырып келген аналық алғашқы сонарда із кесіп, моншада жасырынып жатқан Нюраға қатынаудан жасқанды. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, Нүркенің баласына суық тиіп, өкпесі сырылдап қатты ауырып жатыр еді. Не істерін білмей басы қатқан аналық бүгін де ерте тұрып, тәуекелге басып жар жағасындағы жалғыз моншаға қарай бет түземек ниетте. Пиманың қонышынан асар қарды жаяу кешуден гөрі, Көкеннің ара-тұра аңға шығатын шаңғысын аяғына кимек болды да, қораны, отын сарайдың ішін қарап еді, таппады. Қанша қайраттымын деп сыр алдырмағанмен, соңғы кезде шаршап та жүрген. Бармаудың реті тағы жоқ, екі көзі төрт болып дімкәс баласы мен құрбысы күтіп отыр. Тамақ түйілген


түйіншігін қойнына тығып, құдайға тапсырып жүре берген кезінде, артынан: «Әй, аналық, қайда барасың?» деген дауыс естілді. Оқыс естілгені соншалық, «Ойбай, көтек!» − деп, қар үстіне жалп етіп отыра кетті. Есін жиып қарағанда көргені: өз күйеуі еді, үстіне шолақ тонын желбегей жамылып, төбесінен төніп тұр. «Түу, сен екенсің ғой, зәре-құтым қалмады-ау...»

Омбы қарға белшесінен батып отырған әйелін қолтығынан демеп тұрғызған күйеуі:

− Қара сиыр қорада қамаулы түр, таң атпай қайда барасың? менің көзіме шөп салып жүргеннен саумысың? − деп сұрады әзіл-қалжыңы аралас түсін суытқан болып.

− Иә, деген, сенен басқа біреу қарайды деген маған... Әншейін жүрегім қысып, тынысым тарылып, дем жетпей бара жатқан соң, ауа жұтайын деп...

−Өтірікайтуүшіндеқисынкерек, аналық, −деді Көкенкелін- шегінің етегіне жабысқан қарды қағып. − Әсіресе, сенің қолыңнан келмейтін өнер ол. Сырғақсып менен жасырып жүрген сырыңды баяғыдан білемін, әншейін кедергі жасамайыншы деп, үндемегенмін. Жүр, бірге барып білейік хәлдерін, − деп алға түсіп, айдаладағы моншаға қарай аяңдай жөнелді. аналық ләм деместен, өз мініне өзі өкінгендей, күйеуінің қар кешкен ізін қуалай ерген еді. Олар қарсыласқанына қарамастан Нюра мен баласын үйлеріне алып келді. Ел көзінен тасалап бақты, аузындағы азын-аулақ астарын бөле-жарып асырады, жан адамға білдірмей сақтады. Бұл үйге қарай әлдекім қарға адым жақындаса, березеп болып, алдынан өздері шығып щаруасын бітіріп қайтарады немесе Нюра мен қызын жертөлеге түсіре қояды. Қаншама қайрат көрсетіп ем-дом жасаса да, Нюраның баласын аман алып қала алмады, әбден суық тиіп, өкпесі қабынған сәби таңға жуық жантәсілім берген. Сонда бейне бір түшіркеніп, ұйықтап жатқандай боп-бозданған баласын құшақтай құлаған Нюраның жылағаны-ай... Қыстың қақаған суығында тірісінен гөрі өлі баланың денесін жасыру қиын болды. Тұлыпқа орап алдына өңгеріп ала жөнелген Көкеннің артынан шашын жұла тұра ұмтылған Нүркені аналық әрең тоқтатып, белінен құшақтап айырылмай, құдайдың зорына алып қалып еді-ау. Сөйтіп, қаңтардың қарабарқын түнінде Қандауырдан қалған жалғыз тұяқ көңілінің медеті, тас емшегін


жібіткен, тар құрсағын кеңейткен жалғызынан мәңгілікке айырылып, қош-қошын айтқан. Жалғанның жарық дүниесінен безініп, жаратқан иесін қарғап-сілеген, дүниедегі жақсылық атаулыдан тағы да күдерін үзген...

«мЕН БЕЙБаҚ БҰДаН СОҢ ҚаЙТыП Бала

КӨТЕрмЕСПІН, ал ҚаНДаУыр ЕНДІ ҚаЙТа ОралмаС ДЕП ОЙлаП ЕДІм».

Қыс өтіп, көктем туды. Түнде үйде, күндіз жер астында жарғанат секілді ұры ғұмыр кешкен Нюра да тірі жанның көзіне түспей, ілініп-салынып қыстап шыққан. Жадырап жаз келгенде, яғни 1938 жылдың жазында мұқым ауданды бидайдай қуырған Шолақ қолдың өзі істі болып, айдалып кетіпті деген қуанышты хабар жетті. міне, осынау «қаптап жүрген халық жаулары түгесіліп», елді алатайдай бүлдірушілердің өзіне тықыр таянған саябыр шақта, Нюра Фадеевна да «бисмилла» деп жарық дүниеге шығып еді, «Үйбай-ау, сен тірі екенсің ғой, қайдан жүрсің?» − деп әуестенгендерге: «Күйеуімді іздеп барып келдім, тірі, түрмеде отыр», − деп жалтара жауап берген. Бұдан соң ел қатарлы еңбек етіп, Отан соғысының сойқанын көруге жазды.

«аНалыҚ ҚҰрБымНыҢ ЖаҚСылығыН Қара ЖЕр- ГЕ КІрГЕНШЕ НЕГЕ ҰмыТаЙыН. ҚОлымНаН Бар КЕлГЕНІ − БІлЕГІмДЕГІ ЖалғыЗ КҮмІС БІлЕЗІГІмДІ ШЕШІП БЕрІП ЕДІм-аУ», − ДЕП, НҮрКЕ КЕмПІр КҮрСІНДІ.

Соғыс басталғанына екінші жыл толғанда, ойда-жоқта Қандауыр оралды. Өлгені тіріліп, өшкені жана қуанған Нюраның ерімен екеуі арасындағы қызық тым келте кесілген. Он күнге ғана сұранып келген Қандауыр бір аптадай еру болды да, айыпкер батальонның сапында, алғы шепке аттанып кете барған... Содан қайтып оралған жоқ... Сталинград түбінде ерлікпен қаза тауыпты. ал Көкен бір аяқтан айырылып оралды, бірақ елуінші жылдан асып жасай алмады. аналық алпысыншы жылдан аттап өте алмады

«ЖаТҚаН ЖЕрлЕрІҢ ЖарыҚ, ТОПЬІраҚТарыҢ ТОрҚа БОлСыН, ЖарыҚТыҚТар», − ДЕП НҮрКЕ КЕмПІр КҮБІрлЕП БЕТІН СИПаДы.


Қатын суының жағасындағы жалғыз үйдің түтіні осы өңірдің өмір жалауындай будақтап, тіршіліктің белгісін танытады. Соңғы бір аптада шайдай ашық тұрған аспанның әр жеріне шарбыланып, көп кешікпей келетін күздің шабарман бұлттары жүзе бастады. Көп тостырмай келер күздің хабаршысы тек қаймақшыған бұлт қана емес, күн батып, қас қарая түсер салқын түннің дене қалтыратар суықтығы да,көп ұзамай келер күздің нышаны орман-тоғай, тау шалғынынан да біліне бастаған. Әсіресе, ара-тұра үркіп өсетін қайыңның балақ тұсы сарғайып, балдырлар қурайлана қурауда еді. ала бұлтты аспаннан қиқулап тырна ұшып, жылы жаққа қайтудың қамын жасауда. ал бал аралары болса, олар да үлкен әбігер үстінде: оты қашқан маңайды торуылдамай самғап ұшып, алыстан шырын жинап әлек. ана ара шағылыс ойынын доғарған, еркек аралар да еріншек тартып тамаққа ортақ тоғышар күйде тырп етіп ұядан шықпай, үйкүшік мінезін танытты. Тек еңбек аралары ғана жаздың ең соңғы сәтін пайдаланып қалғысы келгендей дамыл таппайды.

Бүгін Ерік пен айна омартадағы барлық ұяларды қақтай сауып, бал шайқады. Бастарында ақ қалпақ, беттеріне торлы пәрәнжә тұтқан, қолдарында түтіні будақтаған оттық. Таған да көмектескен болып жақындап еді, сезімтал аралар бөтенсіді ме, әлде бағана қояр да қоймай сұрап ішкен сыраның иісінен жиіркенді ме, дуылдап кеп талаған араның екеу-үшеуіне шақтырып, шекесін ісірген күйі басы-көзін сабалап тұра қашқан. Бұдан соң оған бал шайқайтын үлкен шелектің құлағын бұратып қойған.

Соңғы кезде сыраны азайтып, Нүрке кемпірдің ақылы бойынша қайнаған шөп ішіп, таңертең суық сумен шайынып, кешке моншаға түсіп, кәдімгі кісі кейпіне ыңғайланып қалып еді. Сырадан датыйып, аузын кептірген. Бірақ досының бұл салауатты қалпы Ерікке ұнаған жоқ. анда-санда шешесінен ұрлап бірер саптыаяқ салқын сыраны тарттырып жібереді. Оның бұл қаскүнемдігін байқап қалған Нүрке кемпір келініне ағаш күбідегі бал сыраны төгіп таста деп тапсырса да, айна

«Еріктен қорқам» деп баспаған, ал кемпірдің өзінде хал жоқ.

«Ендеше, көрсетпеңдер көзіме» деп кейіген соң, үйден әкетіп, сеңкеге жасырған. Дегенмен, қазіргі Таған бұрынғы Таған емес,


әлдеқайдаа өзгерген, өңі кірген, ептеп толып, шыр жинаған. Таудың самал жел, салқын ауасы, мұңсыз-қамсыз оңаша тірлік батпаққа батқандай болып, бойын саусытып жүретін ауыр да арам індеттен арылтып, ұйыққа айналып сасып жататын санасын сергіткендей еді. Әр нәрсеге ұрынып, өз-өзінен пәле іздеп жүрер мінезі жуасып, үнемі бір ой үстінде тұңғиық тарта тұйық, оңаша отыратын әдет пайда болды. Өзіне жүктелген жұмысты тиянақты атқарады, берген тамақтан тартынбайды. мұрнын тескен тайлақтай тұр десе – тұрады, жүр десе – жүреді. Бал сақтайтын сарайдың ішіндегі өзіне тиесілі нар- төсектің үстіне жатып, өткен өміріне шолу жасап, жақсысы мен жаманын есіне алып, есеп шотқа салса, қосуынан гөрі алу әлдеқайда көп екен. Ендігі қалған ғұмырын қалай аяқтары белгісіз, осы қолбала тірлігіне қорлана да бастаған. Ол мынау ұшқан құс,жүгірген аң әрең жетер Қатын бойын тұтас жайлап, сүйегіне дейін сіңіп кеткен ішімдіктің уыты, сол жалғыз жанын улаған індеті асқынып барып рухын кеулегені. Ит ішкірді енді қайтып татып алмауға қаншама рет ант берді. Бәрібір тамағы жыбырлап аңсары ауады да тұрады. Ең сұмдығы сол – ішпеген күні таң атқанша түсіне кіріп өзін-өзі тырмалап аласұрады, қабырғаға басын соғып, білегін шайнап құтырынады, ұрынарға қара таба алмай, сақ-сақ күледі, еңіреп жылайды. Осы қояншық қылығы, шүкір Нүрке кемпірдің дәрі шөбін ішкеннен бермен бәсеңсіген. Бұрынғыдай емес, шөліркеп барып басылатын. Таңдайы кеберсіп бара жатса, бас жағындағы су шыныда мөлдіреп тұрған қарақаттың шырынын ішіп, шөлін басады. Ертеңінде шипалы шөптің тұнбасынан және бір стақан тартып алады. Осылайша өзінің маскүнемдік психологиясын жеңетін қуат жинай берген шағында, еріккен Ерік ермек іздей ме немесе өткен-кеткенді айтып, мұның ең бір осал жерінен ұстап, алдап-сулап алдырып қояды. Содан соң... Иә, бір саптыаяқтан соң екіншісі, одан соң баяғы «НЕГЕ БІЗ ОСы» деп басталар әлайлайына көшеді. ал тоқтатып көр, таз кепешін қайта киеді. Ерік аң қарап кеткенде ғана ес-ақылын қайта жинаған сықылданады. Нүрке шешейден сөгіс естиді. Әрине, ол кісінің сөзі «әке-шешеге тартпаған ынжық неме» деген жазғырудан, намысыңды шабақтар зілді айыптаудан басталады-ай. «Осы мен кіммін, маған не көрінді?» деген сауалды жиі сауатын болып жүр. Бұл – айығудың алғашқы нышандары секілді еді. Оның



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.