Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 9 страница



Нүрке кемпірге балаларының арпалысып, күш күрескен мазасыз тірлігі тіпті де ұнаған жоқ... Ұнамағанын ашық айтуға жасқанды. Өзі де шаршап жүргенде, жүйкесін жұқартпайын дегені шығар. Әйтпесе теріс қарап жатып: «Осыншалық бал мен мал жинап, қай бала-шағасын асырай алмай жанталасады екен»,− деп күбірлеген. Әсіресе, келінін аяйды. Оның үстіне,


анау Көкеннің сүмірейген ұлы қосылды. Екі жастың біріне келмей қор болған Таған тағдырын да уайымдап, жүрегі сыздайды. «Обал ғой. Текті тұқымның азып-тозып, шілдің боғындай пышырап біткені ғой. Қайра-ан Көкен, әйелі аналық қандай еді... мақажан шал ше? алтайды аузына қаратқан ақын, жан баласына басын имеген кісінің сұлтаны еді. Үһ, тәңірім- ай, не болып барамыз осы»,− деп, күрсіне күбірлеп жіберді.

Жым-жырт түннің ортасына дейін кірпігі айқаспай, әрі аунап, бері аунап ұйықтай алмайтын әдет тапты. Нүрке кем- пірдің ұйқысын бұзған Таған екенін өзінен басқа ешкім білмейді. Жанарын жапса болды, аналықпен бірге өткізген баяғы – тұрлаусыз өткен тұтам-тұтам өмірі көз алдында көлеңдеп тұрып алады-ай. «Құдай-ау, сол аналық жазғанның жақсылығын өтеді ме? Жоқ, өтей алмапты. мойнына қарыз, ұрпағыма парыз күйінде қара жер қойнына кірем бе, жасаған ием. Не істеу керек? Қадір-қасиетінен жұрдай тоналған ұлын қалай ғана құтқарам бұл қорлықтан, қайтып қана арашалаймын арағы түскірден... Әл-қуатым жетер ме? Тым болмағанда Еріктің мазағынан...».

Бұл түні айна да көз ілген жоқ. Күні бойғы салпылдақ жүріс, толассыз жұмыс бойын алып, әлдекім алып ұрып сабап-сабап талғақ қылып тастағандай дел-сал күй кешсе де, әз жанына әмір таба алмады. Екі табаны мен алақаны күйіп, салқын жер, саумал ауа іздегендей аунақшыған. Қаншама қашса да, Қатын суының жазға салымғы мұзындай іркес-тіркес ой қамалып, көз алдында иін тіресіп бірін-бірі мүйіздеп тұрып алады. Қыз күніндегі әдетімен жүзге, тіпті мыңға дейін санап та көрді. Өзін-өзі шаршатқаны болмаса, бәрібір жанары талып, ұйқы шақырмаған. Кең төсектің екінші шетінде көсіле түсіп, кәперсіз қорылдап жатқан күйеуінің өзінен де, өзгелерден де көш ілгері қасиеті бар еді: тәуліктің қалаған уақытында басы жастыққа тисе болғаны, кеңірдегінен пышақ тақасаң да, пыс етіп ұйықтап кететін және діттеген кез келген сәтінде оянып, солдаттардай қарғып тұрып, шапшаң киініп кете берер еді. Бүкіл адамзатқа бітер денсаулықты бір басына жиып бергендей, осы қырықтан асқан жасына жеткенше, басы ауырып, балтыры сыздағанды білмей келген тоқжарау әрі кәперсіз, жаны қасаң жігіт. Қазір де жау түсіріп келгендей алшая түсіп, табиғат тек өзіне ғана мол етіп сыйға тартқан ұйқының рақатына бөленуде. Терезенің


жартылай жабылмай қалған саңылауынан сығалаған ай сәулесі бірте-бірте өрлеп, айнаның бетіне жақындады. Жер бетіндегі миллиардтаған адамның ешқайсысын бөле-жара жатырқамай нұрымен аймалайтын айналайын айды айна кішкентай кезінен өзіне серік жасап, жақсы көретін. Өліара шақ туғанда немесе бұлттың арасында жасырынып қалғанда, алабөтен сағынышпен зарыға тосар еді; дүниедегі ең асылын жоғалтқандай мазасы кетіп, не жайраңдап күле алмай, не жарқылдап жүре алмай, іштей жүдер еді. Әсіресе, осы алтайдың құзар басына көшіп келгені бері, жаһандағы ең жақыны − ет жақынындай болып кеткен ай жарықтықты ауылдағыдай емес, тым сирек көретіні көңіліне қаяу түсіретін. алты ай бойына көбесі сөгілмей, көн терісі жібімей жатып алатын қар, көктем шыға сылбырап, берекеңді қашырар жаңбыр аспанды айлап бүркеп тастайтын қорғасындай ауыр бұлт – осының бәрі-бәрі айнаның ай жарықтыққа деген махаббатын мазақ еткісі келгендей, бұл жалғандағы жалғыз қуаныш, жалқы жұбанышын жұлмалап, қызықты күндерін қызғана қытымырланатын. алтайдың биылғы мінезі жайдары. Жаныңды жақұтқа бөлер күні мен айы, шүкір, қанша сімірсең де сарандық жасамай, жайсаң нұрын мұқым жайлауға шашып тастады. Әне, перденің екі арасынан, ерлі-зайыптылардың түнгі ләззатын бұзбайын дегендей, жұқалаң сәулесін ұяла төгеді. Ерлі-зайыптылардың түнгі ләззаты адыра қалғаны қаш-а-ан...

айна ғұмыры жеткенше жылқы баққан жылқышының қызы еді. Бүкіл балалығы, қырмызыдай боп бой жеткен шағы жаз жайлауда өтті. Сондықтан ба, қылтың-сылтыңы жоқ, біртоға, тіпті үйкүшіктеу болып өсті. Қыста әкесі мұртына мұз қатып, тым алысқа, тау-таудың бауырына жылқы тебіндетіп кетер еді де, ауылдағы үйінде шешесі екеуі ғана қалатын. Баладан жалғыз, ермек етер, ербең етер ешкім жоқ болған соң, ертеңді-кеш айналсоқтап анасының жанынан шықпайтын. ауылдың клубында анда-санда өтер ойын-сауыққа да шешесіне еріп баратын. Оныншы класты тауысқанша, бірде- бір бозбаланың бетіне қарамай, ұяң мінезінің аппақ парағына сызат түсірмей, кәмелетке толды. Жоғарғы оқу орнында оқып жүрген шалқымалы шағында да ниет білдірген талай жігіттің меселін қайтарған. Әрине, құрбы қыздарының жерлесі немесе жігіттің жолдасы болып келетін азаматтардың қолқалауымен


театр, киноларға барғаны рас, бірақ айлы түннің астында абақ бақтарды қыдырып, қызуы мол қызық жорықтарға шыққан емес-ті. Студенттік өмірінің ішінде, әсіресе, есінде қалғаны

– үнемі бір ой үстінде жүретін, қара бұйра шашты, кірпіктері қолмен қондырғандай үлкен қара көзін қоршап тұратын аспирант еді. Онымен жалғыз-ақ рет жолықты, өмір бойы есінде қалды – есінде елес қана болып қалды, әйтпесе түр-түсін, аты- жөнін баяғыда ұмытқан. Қай кезде, ғажап, түсіне кіреді: аппақ тұманның арасында адасып жүргендей, бұл жақындаған сайын алыстап, қаздай қалқып, үйректей жүзіп, мәңгі шексіздікке жылыстап баратын-ды... Сол қиялында ғана қалған аспирантты шақырып жатып, өз даусынан өзі шошынып оянған мезеттері де болған. Ерік сан рет: «Осы сен түсіңде әлдекімді шақырасың»,

− деп, ұрлығының үстінен шыққандай ұялтып еді-ау. Жарық дүниедегі ең сұмдық – көңіліңнің түпсіз тереңіне сақтаған сыр- сандығының қақпағын байқаусызда ашып алу десек, ондай жан адамға – әке-шеше, жан-жарыңа да жария етпес құлыптаулы құпияның болары табиғи. Әлемде бірде-бір адамның толық сыры ашылмай, арғы дүниеге аттанады. Ол күнә емес. адам- дықтың асыл қасиеттерінің бірі екені және рас. мынау іргесінде кәперсіз ұйықтап жатқан Еріктің ішіне кім кіріп шығыпты. айнаның түсінбейтіні ол емес, оның бағамдай алмағаны: «Неге біз осы жар төсегіне жеткенше жанымыз шығып кетердей жақсы көреміз де, жылдар жылжыған сайын от болып жанған сезіміміз біртін-біртін, қызуы қайтқан дарағайдың шоғындай суына береміз. Неге мені. Ерік баяғыдай құлап сүймейді, асап қоярдай аймаламайды. Неге? Оның себебін осы жолдарды жазып отырған мен де білмеймін. менің білетінім: еркек пен әйел затының арасындағы мәңгілік қатынастың қалтарыс- жықпылын зерттеп түсіндірем деп әуре болу – бекершілік. Көзге көрінбес әрі жіңішке, әрі мықты жіптің неден есілгені беймәлім. ал Ерік пен айнаның арасын жалғар жіп бар ма еді өзі... Ұнатып қосылғаңдары шәксіз. алғашқы жылдары, тіпті жетпей жетімсіреп жүрген кездерінде-ақ, айнымастай болып табыспап па еді; екеуі қол ұстасып, қолтықтасып келе жатқанда, осына жұптары жарасқан жұбайларға таңдана сүйсінбейтін адам болмайтын. Еріктің көмірдей қара шашы мен көк көзі, айнаның тілерсегін соғатын қос бұрымына қызыға да қызғана қараушылар көп еді-ау! Тәңірім-ау, сол бір бақыттың


айдынында жүзген қос аққу сынды шақтардың, сол бір көз тойып, көңіл қанбас жастықтың қан базары тарқап, келмеске кеткені ме. Тәңірім-ау, таң нұрымен таласқан таңғажайып өмірдің бәрі-бәрі адыра, қош-қошын айтқанын қалай ғана байқамаған. Тәңірім-ау, мың жасайтындай-ақ, әр күн әр айдың қадіріне неге жетпейміз? «Ерік-ау, Ерік, білесің бе? Біз қартайып барамыз!» деп, айғай салып, алшая түсіп, албасты басқандай ұйықтап жатқан күйеуін тауықтай жұлмалап оятқысы келеді- ау, ұяңдығы жеңіп, батылы бармады.

айна өз-өзінен ыстықтағандай көрпені серпе ашып тастады. ай нұрымен шағылысқан аппақ мәрмәр санына, тоқ балтырына жаңа көргендей, сүйсіне де сұқтана қарады. Келіншектің денесін, шынында да, табиғат-иеміз келісімді мүсіндегендей; амал не, міне, ешкімге керексіздей болып жалғызсырап жатқаны. Бұл жалғанда жаныңда арыстай азаматың жатып, жалғызсырағаннан жаман не бар екен? ауылдан оралған соң Еріктің салқын тартып, «шаршап тұрғаным-ай» деп айнадан қашаңдар әдеті баяғыдан, бірақ дәл осы жолғыдай

– өкпелескендей тоң-торыс жат күй кешуі алғаш рет. Тым болмағанда құлағының түбінен иіскеп, «осы сенің ешкімге жоқ жұпар иісің бар» деп, еркелетпеді-ау, шашынан сипап аймаламады-ау. Осы бір еркек пен әйел арасындағы бойыңды балқытар бақытты сәтті, неге екені белгісіз, айна өлердей сағынды. «аллам-ай маған не көрінді?» − деп, аузынан жалын ата аһ ұрып, басын көтеріп, екі аяғын төсектен салбыратып отырды. Күйіп-жанған табанын кілемшені ысырып тастап еденге басып еді, сап-салқын екен, жаны кіре сүйсінді. Жым- жырт. аламойнақтың да жағы семген. Әнеугүнгі балалы аю қайта айналып соқпай кетті. Қызық, ит үріп, Еріктің оянып кеткенін іштей тіледі. Жым-жырт. Үй емес, көр секілді. Тек ай сәулесі ғана қыбырлайтындай. Келесі бөлмеде жатқан енесінің кей күндері «Ей, алла, берме, бергеніңді алма» деп, дауыстап қалар үні де өшкен. мұндай мұң тұнған, мұнар емген, ертек сынды әрі әдемі, әрі азап пен нала арқалатқан албасты түнді алғаш көруі. Тұншығып, таза ауа, салқын самал сағынған жүрегі далаға жетелеген. Осы ойын жүзеге асырмаққа қанша рет оқталса да, бұрынғыдай емес, сыртта да еркек бары есіне түсіп, бұл қылығын кім неге жорырын жобалап, жүрегі дауаламады. Түн ішінде қобыраған  мол шашын барынша


жайып жіберіп, сұлық отырған келіншектің қазіргі пошымы қолқаңа қол салатындай аса қорқынышты еді: әл-әзірдегі аппақ мәрмәрден қашалғандай көздің құртын құртар сұмдық сұлу денені бобыраған ұзын шаш жауып тастаған. айна әлдене есіне түскендей сәл жымиды. Бір кезде Ерік осы шашты өзінің де басына жамылып алып: «айнаш, мынау сенің әлемде жоқ шашың екеуміздің әлемде жоқ қосымыз» деуші еді-ау. «Бәрі де баяғының садағасы... баяғының... Суға ағып өлсем» деген ой тағы да сумаңдады. «Шашым су бетінде жыланша ирелеңдеп ағып бара жатсам... Ерік жылар ма еді?» Үй болып, бірігіп от жаққан осынау жылдардың ішінде күйеуінің көзінен ағып түскен жалғыз тамшы жас көрмеген ол, бәрібір жамандыққа қиғысы келмеді. ыстығы басылғандай: ай нұры тұрақсыз ғой, төсектің аяқ жағына жылжып кеткен. Бұрынғыдан гөрі жатын бөлме де салқындағандай ма. Ерік басы жастыққа тиген қалпы, тұяқ серпіп аунамастан түшіркене ұйықтайды. Енесінен адасып қалды ма, құлын кісінеді. «мынау ақбөрте құлынның даусы ғой, − деді күбірлеп.− Қой, жатайын, маған не көрінді, он екіде бір гүлім ашылмағандай».

Жым-жырт.

Таң алагеуім тартқанда ғана көзі ілінген айнаның түсіне мұнар түнеп, бұлт көшкен таудың басында құйрығын шаншып, құлдыраңдаған ақбөрте құлын кірді...

«НЕГЕ БІЗ ОСы...»

 

* * *

Бұл күні Ерік тым ерте оянды. Кеше түнде ұйықтар алдында

«ертең күн шықпай тұруым керек» деген оймен жатқан. аса сақтықпен сыбдырын білдірмей киінді. Терезе пердесін бозғылттай сібірлеген жарық үй ішін алагеуімдеп, таңның хабаршы сәулесін қылымси таратады. Құс жастықты тас қылып құшақтап басына жастамай бауырына баса ұйықтап жатқан айнаның пысылдап бір қалыпты тыныстағанын тыңдағандай сәл қарап тұрды. Өзіне қадалған жанар әсер еткендей келіншек қозғалақтап барып, ішін тартып өксіді. мысықтабандап ептеп басып үйден шыққан Еріктің әлі де көрпе қызуы басылмаған денесін таудың таңғы салқыны ұрды. «Ищ-ай» деп тітіркеніп барып, қашаннан бергі әдетімен дене жаттығуын жасауға кіріскен. Бұл – студент шағынан бастап сүйегіне сіңген қарекеті


еді. Ежелгі спортшылық қимыл-қозғалысты күрестен мүлдем құйрықкесті қоштасқан жылдардан бермен де қоймай, әр күні осылайша жаттығып, үй айнала жүгіретін. Қос қарағайдың ортасына мықтап орнатып тастаған турникке асылатын. Тұла бойын он екі мүшесін әбден қыздырып алған соң, мұздай суық сумен жуынатын. Қазір де Қатын суына барып, белуардан шешініп тастап рақаттана шайынды да, қытайлық қызыл ала гүлі бар жұмсақ сүлгімен сүртінген. Күн әлі шыққан жоқ. Әлдене есіне түскендей, үй іргесіндегі қойма-сарайдың темір тор терезесінен үңіліп еді, таңның жарығы түскен бөлмеде Таған жетім баладай бүрісіп ұйықтап жатыр екен, өлмегеніне көзі жеткен соң, орманға сіңіп, өзенді жағалай жаяу құлдады. Тек бір өзі ғана жүріп таптаған жалғыз аяқ сүрлеумен асықпай аяңдап келеді. Оқта-текте алдынан барша тышқан кес-кестеп өтеді. Кейде самырсынның бұтақтары қозғалақтап, тіршілік белгісін білдіргендей; балқарағай бүршіктерін терген тиіннің қыс қамына кірісіп азық тасыған шаруақойлығында шек жоқ, олар да, орман тұрғындары аң-құс та адамнан бетер арпалысып асығады. Орманның өз иісі бар – шайыр аңқыған таза әрі сызды иіс. мүк басқан былпылдақ жерге табаның тигенде, қалы кілемнің үстінде келе жатқандай әсер аласың. Қартайып барып шіріп құлаған немесе табиғат апатына тап болған ағаштар да алдыңнан көлденеңдей сұлап қабығы қопсып, қына қабыздап жол тосады. Ондай сәтте аттап өтесің. Құлаған қарағай; шыршалар да табиғаттың өлген мүшесі, құрт-құмырсқа, ара мен тышқанның ұясына айналып, жермен-жексен, күйкі күй кешеді. Қайтып тұра алмастай құлайды. ағаш жалғанда жалғыз-ақ рет құлайды. Жығылып, сүрініп, сілімтік ғұмыр кеше алмайды. Сондықтан да адамнан гөрі ұзақ жасайтын шығар...

Қанатын қомдаған балқарағай самырсынның, ешкі самыр- сын мен шыршаның бұтақтарына бетін, бұта-қарағанға бұтын тырмалатқан Ерік сергек сезіммен «махаббат-мекеніне» жетті. Бұл бір Қатын суының судырай ағатын жалпақ та тыншу тұсы еді. арқырап аққан өзен де осы тұсында сәл саябырсып, белі жазылғандай қысылып-қымтырылмай еркін көсілетін. арғы жағалау айнадағыдай көрінеді. амал не, өткел бермейді. арғы жағада дөңкиіп жатқан тақыр таудың да аласарар, еңсесін еңкейтіп, шөккен түйедей ырыққа көнер тұсы, міне, осынау алып таулардың аспанмен таласқан тәкаппар тізбегі


тізе бүккен жерде, сонау бір үйірінен адасып қалған жалғыз шынардың түбінде ОНыҢ аты байлаулы тұратын. ал өзі жап-жасыл аршаны жамыла ойға батып бергі жағалауға

– БІЗДЕрГЕ көз салатын. Салт атты жұмбақты жанды алғаш рет жалғыз шынардың жанынан көргелі бері де екі жыл өтті. Биыл үшінші көктем келіп, жайма-шуақ жаз да етек-жеңін жинай ширап, пісіп қалған шағы. Енді біраздан соң алтайдың сарша тамызы басталады. Содан соң сары ала күз, содан соң қоңыр күз ақ жауыны аралас сылбыраң күз, содан соң алғашқы қар, белуардан келер қар, қыс... Ерік жаурағандай өз-өзінен тітіреді. Әне мұзтау жақтан Күннің шеті қылтиды. Жарықтық- ай, сағыныштың от-жалынына оранып ыңырана көтерілді-ау. Жарықтық-ай, мұқым әлемді қуаныштың құндағынан оятып қуатымен нұрландырып, тіршіліктің мәңгілік толастамас, тоқтап, тоқырамас күйін шерткендей, шексіз аспан әлеміне көтеріле берді. Тоқтататын күш жоқ!

Ерік өзен жиегінде көп тұрды. Салт атты, жаулықты Қыз көрінбейді. Көңілін алаң биледі. Қарсы беткейге қарай-қарай қарашығы талып, жанары жасаурады. «Бүгін еді ғой келер күн». Иә, әр жылдың көктемінен бастап, қоңыр күзі түскенше, айына бір рет қылт етіп көрініп, Ерікпен алыстан амандасып, тілсіз тілдесетін Қыз бүгін кешікті. Оның себебін Ерік ешқашан біле алмайтын, тіпті сол аты-жөні, түр-түсі беймәлім алтай аруы ендігі тұрмысқа шығып – қайтып шықпас торға – семьялық торға қамалған шығар. Есекдәмемен жүрген жігіттің ел ағасы жасқа жеткенде, қиырдағы қиялдай қызға қызығары, біздер үшін, көрсеқызарлық болып көрінер еді. ал Ерік үшін өмірінің ең аяулы сәті, жүрегін дірілдетер асылы, арман құсы, дүниедегі жалғыз ғана көз қуанышы, шаршаған, шаршап барып болдырған жүйкесін жібітер, бойын сергітіп, ойын маздатар тамыздығы, ат болып кеткен тірлігінен адамға айналдырар құдіреті. айнаға деген саздау тартқан салқындықтың себебі, тіпті де Бекзат емес, осынау елес сынды салт атты қыз еді. Жарының жанына жақындаса болды, салт атты қыз көз алдына көлеңдеп, екеу арасына ала арқан керіп тұрып алатын. Осы бір ішкі қиналысын айнаға сан рет айтуға оқталса да, батылы барған емес. Қорыққаны емес, соңына шырақ алып жүріп қосылған қосағының көңіліне көлеңке түсірмеудің қамы еді.


«Ол бүгін жоқ. Келмейді», − деп, кетуге ыңғайланғанда, таудың төбесіне жалғыз жолаушы шықты. Елес шығар. мүмкін емес. Дымданған жанарын уқалап-уқалап қайта қарады. «Сол! Өзі». Таулы алтайлық Қыз ақ боз аттың үстінде ертек әлемінен оралғандай, бергі бетке – Қазақстан жеріне қасқая қарап тұр еді. Әншейінде тыпыр етпейтін, әншейінде аспан ойылып жерге түсіп кетсе де, бүлк етіп соққаны білінбейтін, бар-жоғы белгісіз жым-жырт жататын жүрегінің кеудесін тепкілеп, дүрсілдеп ала жөнелгені соншалық, Ерік басы айналып құлап қалмау үшін өзен жиегіндегі балапан шыршадан ұстай берді. ыстығы көтерілгендей, екі беті дуылдап, көзі қарауытты. мұндай ес танды хал бұрын-соңды болып көрген жоқ еді, өз сезімінің осыншалық өр серпіп, өрт тигендей лапылдауын көтере алмады білем, төтеден ауыр соққы тигендей есеңгіреген. ал анау шынар түбіндегі Қыз қызыл орамалын бұлғап, бұған белгі берген. Содан соң ептеп қана атын тебініп, өзенге құлдай бастаған. Еңіске лоқылдай, тайғанақтай аяңдаған аттың тұяғы тиген тас шегірткедей ыршып барып, екпінімен домалай жөнелді. ақбоздың жүрісі бұзылған соң, Қыздың әлгіндегі күмістен шапқан ескерткіштей тіп-тік сәнді отырысы ойран болып, ердің қасынан асып кетпейін деген сақтықпен үзеңгі бауды шірей шалқақ тартады.

Қызыл жаулықты Қыз Қатын суының жағалауына тақалып, аттан түскенде ғана, ес-ақылын жиған Ерік тас тиген шыныдай шытынаған санасын жамап-жасқап саябырлады. Көз алдындағы көкмұнар айқара ашылғанда, ар жағынан, тәңірім-ау, түнде түсінен, күндіз есінен шықпайтын ақ боз атты Қыз тотыдайын таранып, өзеннің жарқабағында тұрды. Қан түйіршіктері қайтадан ойнақшып, бекерден-бекер қадала қарағаны болмаса, өткел бермес өзеннен кешіп өтер, жүзіп өтер дәрмен жоқ бейшара жігіт тағдырдың осы бір опасыздығына назаланды. ал Қыз ше? Ол бұрала басып суға тақалды да, алақанын толтырып ұрттады. Содан соң бұған күле қарап жүрелей отырды. Оның әлгі әрекетін Ерік те қайталады. Су тым суық екен. аш өзегін қуалап өтті. Осылайша бірін-бірі екі жағалауда тұрып аңдыса бақылаған олар құла-жалдана құлап аққан Қатын суын суалтар құдіреттің жоқтығына налығандай мұңдықты күй кешкен. Бәлкім, махаббат деген осы шығар... ынтызар екі адамның ындынын құртар, бір-бірін мәңгілік айырар... өткелі


жоқ өзен ағып жатар ортада; бәлкім «сырғаңды қайық қылып өткіз мені» деп, әнге қосқан баяғының ғашықтары тағдырдың осынау иттігіне күйінгендей, шырқырай шырқаған шығар; бәлкім, екеу арасында өткел бермес өркөкірек өзен ағып жатса

– махаббат... уа, сол өзен жоқ болып оп-оңай қосылғандарды

– ерлі-зайыптылар дейміз бе? Жүзіп өтем деп суға ағып өлгендер қаншама... Сансыз... мүмкін, баяғыда... осы өзеннің аты жоқ кезде, дәл осылайша екі жағалауда тұрып бір-біріне ғашық болған қыз бен жігіт өзеннен өте алмай қиналған сәтте, әрқашан еркектен гөрі тәуекелшіл әрі батыл келетін әйел заты бірінші болып суға секіріп, жүзіп өтем дегенде ағып өлген шығар, содан ел Қатын суы атаған шығар... Қатынның құлаққашты қылар шуы қаншалықты айғайласаң да анық естіртпей, тек шың-шыңдаған үзік-үзік үн ғана жетер еді. Бірақ Ерік «атың кім?» деп, айғайлауын тоқтатқан емес-ті. Бейне анау Қыздың есімін естісе, Қатын суы таяз тартардай «атың кім?!» деп және озандады. Қыз басын шайқады.Ести алмадым деген сыңай танытты. Бәлкім, естісе де, бәлсініп айтпады. Күн едәуір көтеріліп қалған. ағаштардың самаладай ұп-үзын көлеңкесі біртіндеп тұжырылып, таңғы салқын саябырсыды. Осы кезде Еріктің тура құлағының түбін жанай ұшқан ара әп-сәтте арғы жағалауға ұшып өтіп кетті. Шапшаңдығына қарап ажыратты: бұл Еріктің америка құрлығынан алдырған «жауыз арасы» еді. Қызыл орамалды Қызға өзінен «қауіпті буданның» бұрын жеткенін қызғанғандай, «атаңа нәлеттің бал үшін бармайтын жері жоқ» деп ғайбаттады. Со-о-н-о-оуу ит өлген жер, өзге ел, өгей жұрттан қолы жетіп, бүкіл республикада жоқ араның жаңа тұқымын алдырған құдіреті қор болып, ені үш жүз қадамнан аспайтын өзеннен өте алмағаны жанына қатты батты-ақ, амал не, тоқтататын күш жоқ. Егер зәуде мынау албасты судың үстіне көпір саламыз деп, қаражат жинап, есеп ашса, Ерік барлық байлығын садақалар еді. «Әттең, араға айналып, арғы бетке ұшар ма еді...» деген бала қиял тербеп мелшиіп тұр. Қыз мұны ынтықтыра түскісі келгендей, қалтасынан айна алып, шашын тарады. Шашын қырыққан, қысқалау әрі көмірдей қара, тал бойына өзгеше жарасады. ат үстінде жүргендіктен бе, джинсі шалбар киген. алыстан қарағанда ұлға ұқсайтын. Ұлтының кім екенін білмейді. Әлде қазақ, әлде ойрат қызы. Таулы алтай өлкесіндегі Жазатыр, Қосағаш жағында қазақтар тұратынын



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.