Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 11 страница



− Баспа табалдырықты, жаман ырым! Кір үйге! − деп еді, Таған қаттырақ басса, тақтай сынып кететіндей мысық табандап үйге кірді. – Отыр сереймей, осы үйдің бел ағашы сен төбеңмен тіремесең де түсіп кетпес. Тегің қандай еді, елің қандай еді... сойына сойыл жұмсаған саудайы неме...

− Әй, апа, апатай, − деп қыбыжықтады, − мен сізді әлі сыйлап отырмын, мұндай ауыр сөзді ешкімнен, ешқашанда естіп көрген жоқпын.

− апа-ау, айналайын апам-ау, сырасын беріп құтылайықшы. Өңіңіз бұзылып кетті ғой, − деп айна кемпірдің жанына барып қолынан ұстады. − Сізге ренжуге болмайды.

− мұндай сөзді естімегендіктен есіріп жүрсің. Әкенің шапалағы, ананың алақанын көрмегеннің көргенсіз болары содан.

− Шеше, сіз Ерікке де осылай осып-осып ұрсасыз ба? − деп жуаси сұрады Таған.


− Ол сен секілді өз ақылын өзі ішіп, көрінгеннің босағасын- да итаршылықта жүрген жоқ.

− Немене, жуынды-шайындыңызға семіріп кетер деп қорқасыз ба...

− Байқасаңыз қайтеді, жігітім, − деді айна шыдай алмай ара түсіп.

− Келінжан, араласпа, бұл азаматпен арадағы айтыстың басы ғана. Бұл − менің де балам, тек сезбей секіріп жүр. Жарықтық шешесі аналықпен бірге мен де емізгем. ақ сүтімді ақтасын дегенім емес, кіммен тәжікелесіп тәйтік кетіп отырғанын білсін дегенім.

Таған: «Е, бәсе... дегенмен... ана ақ сүтін сатпас болар...» − деп бұлғалақтай бастап еді, кемпір: «анаңмен айтысайын деп пе едің?» деген соң, сөзінің соңын жөтелге жетелеп жіберді. айна енесінің тарамыстанып, тамырлары адырайып шығып кеткен қолын сипалап байыз тапты.

− Егер осы үйде қыстағың келсе, қояр шартым бар − деді Нүрке кемпір, − тек менің ғана тілімді алып, айтқанымды істейсің, айдағаныма жүресің.

− Үйбай-ау, шеше-ау, менің бассалым, тойыс, қожайыным − Ерік қой. Сол кісінің қарамағындамын. Бір басыма екі бастық ауыр тимей ме? Яғни, менің бассалымның бассалы – маған бассал емес...

− Сиырқұйымшақтатпа, бассал-массалыңды білмеймін, Ерік те менің балам, сөзімнен шықпайды. Жастайыңнан жан жолдасың болып қалған ашқылтымыңды пышақ кескендей тыйып таста деп айта алмаймын. Ондай ерлік екеуміздің де еркімізде емес, бірақ күнде кешке моншаға түсесің, жатар алдыңда сыраны аузыңа татып алмайсың. Бұл − бір. Екінші шартым − ертең, ерте тұрғанда, айна қайнаған суға бұқтырып, дайындап берген шөпті ішесің. Оның, неден жасалғанын, қандай шөп екенін сұрап әуре болмай-ақ қой, бәрібір айтпаймын, ал оның сырын жеті көкжарлы елінде менен басқа тірі жан білмейді. Сол дәріленген сусынды ашқарынға ішкен соң, жүгірген қалпың өзенге барып, шомыласың, алдымен денең үйренгенше, жеңіл-желпі жуынып бастап.

− Үй-бай-ау, шеше-еке-ау, қыстыгүні қайтемін? − деп желкесін қасыды. Әлпетінде әлі де болса әзіл, Нүркенің ақылына көне де, сене де қоймас мысқыл бар.


− Қыста қармен жуынасың. Еңбектің де емдік қасиеті бар, балам, көп қимылда − арам терің, арам асың шықсын. Құдай- ау, «Жаман иттің атын бөрібасар қояды» дегендей, сыраны да

«ас» деппін-ау.

− Суық суға түскенде, суық тиіп ауырсам қайтем. мынау ит өлген жерге − екі қонып салт атпен әрең жетер ұры-түкпірге

«Скорый помыш» келер дейсіз бе?

− Тәйт әрі, тілің мен жағыңа сүйенбей. Сұмырай су ішіп ауыр- ғаннан суық тиіп ауырған сауап, шырағым. Оңдай жеңіл- желпі түшкіріп-пысқыратын сырқаттың сыры мәлім, бір үшкіргенімнен қалмайды. Сенбесең сұра айна мен Еріктен. ал енді сен, Таған, айналайын балам, ерте айырылған ата- анаңның аруағын сыйласаң, өлгендерді өкпелеткің келмесе, орында осыларымды.

− Әке-шешемді есіме түсіре бермеңізші, апа, жылаймын...

− Әй, қайдам, сен жылауды да ұмытқан шығарсың. адамның көз жасы − жанының нөсері, сіркіреп-сіркіреп алса, арты айығады, көңілі көгереді.

− Көндім, оллаһи, көндім айтқандарыңызға. Дегенмен... бүгінше сол ережелерді бұзуға бола ма, ақырғы рет... ертең ерте бастасам...

− Туһ, бұған айтып сөз, ұрып таяқ өтпес, − деп шаршады айна.

− Бер, − деді кемпір, − ішсін атау-кересін. Бірақ ертеңнен бастап басқаша сайрайсың, ұқтың ба, ұлым!

− Ұқтым, апа, ұқтым, − деп, айна ұсынған сыраға қолдары қалтырап ұмтыла берді.

− Қай-те-ей-ін, қарағым, әлі ештеңе ұға қойған жоқсың- ау. «Қарғайын десем − жалғызым, қарғамайын десем – жалмауызым» дегенді осылайша тығырыққа тірелгенде айтқан екен-ау.

Сыраны сіміріп алған соң, жеңін әдетінше иіскеп жіберіп, аузын соя қолымен сүртіп өткен Таған:

− ал, апа, енді қарекетке кірісейін, − деді есікке қарай жы- лыстап.

− Бара ғой. − Нюра Фадеевнаның үні жұмсақ шықты, − бара ғой, балам, кешке моншаға түсуді ұмытпағайсың.

− Ой, ол тасмоншаға жуынғанды қойып, түнеп шығайын.

− Үлкен борыштан құтылғандай ыржалақтай күліп, тысқа шықты.


Ол кеткен соң, енесінің жанында отырған айна:

− Осы кісінің адам қатарына қосыларына күмәнім бар, − деді түңіліп: − «Тұқымың текті еді, әке-шешеңді білуші едім» деп, қайта-қайта пысықтай бересіз, қайраттансын деп қайрағаныңыз ба, әлде расында да, мықты рудан шығып па еді?

− рас, келінжан, рас, әкесі мен шешесінің өмір тарихын кейін айтып беремін, ал атасы мақажан алтайды жайлаған Қаратайдың елді аузына қаратқан ақыны еді ғой. Бұларды Дәулеттің ішіндегі Көкі дейді. мақажанның түсінде Қызыр- ассалам «Көген аласың ба, өлең аласың ба?» деп, аян бергенде,

«өлең аламын» деп, өлеңдетіп тұрған екен деседі. Қазақ айтты деген асыл сөз, жақсы өлең ертеректе көп естілетін, қазір оны білетін адамдар қалмай да барады.

Тіпті Қаратайда аузы дуалы ақын, домбыра шертер күйші, шырқап салған әнші болмағандай тып-типыл, дауыл құлатқан қарағайдай қабығы шіріп түсіп, молаққа айналғандай ма... ана елдің әні, ана жерде туған күй деп, радиодан айтып-ақ жатады, сонда деймін-ау, алтай қазақтарының сай-сүйегіңді сырқыратар қоңыр да майда, сыңсып салар мұңлы әні қайда? Кім оның жоқтаушысы?! Жаңағы ащы суға алданып жүрген Таған ба, жоқ болмаса, дүниеқоңыз күй кешіп жүрген өз ұлым Ерік пе? міне, менің көбі кетіп, азы қалған өмірімде жанымды қинайтын осы жайт, айнам, осы... Ел азарда ер-азаматы атақ қуғыш тақ құмар, қыз-келіншегі дүние қуғыш баққұмар келеді. ал «бақ дегенің – тойға келген қыз емес пе, байлық деген

– қолға ұстаған мұз емес пе, бала – артта қалған із емес пе» деп, бұрынғылар бекер айтпаған. Қырықтан асқанша не үй, не күй жоқ Тағаннан не қайыр, не үміт. Кейде мен анау төбедегі тақтайға жападан-жалғыз тесіліп қарап жатып ойлаймын: Тәңірім-ау, ат төбеліндей ауыл тайлы-таяғы қалмай маскүнем болып кеткенде, ертеңгі күні не болады, тоз-тозы шығып тозып таусылмай ма? Не білген ойлары бар? Ішімдік деген пәле бұл елге қашан дерт болып жабысты? Қашан? Кейде ойлаймын, осы жұрт атау-кересінішіп жүрген жоқ па деп. ал атау-керені

– өлер алдында, ақтық демі таусылғанда ғана ұрттайтын.

− мен білмеуші едім,− деді күрсіне тіл қатқан айна.

− Нені? − деді енесі сөзін бөлгенге елеңдей сұрап.

− атау-кере деген сөздің төркінін.

− алда-жалда арғы дүниеге аттанар болсам, маған да ішкізесің.


− Қойыңызшы, апа, қайдағыны айтады екенсіз. Өздігіңізден жүре алмағаныңыз болмаса, денсаулығыңыз мықты ғой. ауырсынып отырғандай, күн құрғатпай жиналасыз...

− Төрімнен көрім жуық екенін несіне жасырайын. Өмірдің қадірін білу үшін, өлімді де ойла деген. мың жасайтын адам бар ма.Қорқыт та ажалдан қашып құтыла алмаған. лұқпан- һәкім де ажалдан айласын асыра алмаған...

Кимешек-шылауыш киіп аппақ шатырдың астында отырғандай аналық мол мейірім төккен Нюра Фадеевнаның әр сөз, әр қимылынан кіршіксіз тазалықпен қатар, кісіні арбап алар кірпияздық, кісіні баурап алар бауырмалдық, тек абзал бәйбішелерге ғана жарасар жайсаң мінез, саумал сабыр, самалдай байсалдылықты аңғарасың. Ұзынша біткен ақ жүзі ренжіген сәттерінде сәл сұрланатын да, ал көңілі хош, жаны жадыраңқы мезетте жүзі шырайланып, маңдайына шуақ таратып, шешіле сөйлеп шешен болып кетер еді. Көбінесе үнсіз, бір нүктеге қадала қарап отыратын Нүрке кемпір жалғыздықтың аралына адасып қалған қаздай үнсіздіктің торынан шыққысы, қанатын қомдап, қаңқылдай ұшқысы келер еді. Сырттай бақылаған пендеге: бәрі бар, бәрі жеткілікті, құдайдан жалғыз ұлының тілеуін тілеп отыра берер көшелі де көсем жасқа келді; өмірінің, барлық ыстық-суығы соңында қалды, алдан күтер ештеңесі жоқ алланың «аманатын» орындау ғана. Ол әсте де қара басының мұң-мұқтажын емес, қаймана халық, қайран елінің ертеңін ойлап амалсызданатын. Қартайған адамның талайына тән: баяғысын көксеп гөй-гөйлеу ме бұл; әлде әлемнің барған сайын апшысы қуырылып, байсын жер байсалдылығынан айырылып, астаң-кестең күйге түсуі тыныштығын бұзды ма екен, қалай десек те, төр жайлауда төсек үстінде, мамық жастықтың бірін артына, бірін шынтағына тіреп, не ішем, не кием десе де құзыры жүріп тұрған Нүрке кемпір мінезінде шатынау, тірлігінде алаң бар. Әсіресе, анау маскүнем жігіт келгеннен бері желсіз күнгі айна көлдей жайма- шуақ мамырлаған өміріне өзгеріс кірді, жылжыған жылдар, күркіреген күндер тасасында қалған ғұмырнамасы қайта жаңғырығып, жап-жаңа қалпында көз алдына келе берді.

− Неге екенін бір алланың өзі біледі, соңғы кезде аруақтар түсіме көп кіріп жүр, − деді аз-кем тыныштықтың тығынын қайта ағытып. − Жарықтық қайын атам құранын алдына


өңгеріп, мұзтаудан құлдап келе жатыр екен деймін. алдынан шығып, қолтығынан демеп аттан түсіремін... маңдайымнан иіскеп: «сусын бар ма, келінжан» дейді. мен қымыз ұсынып едім: «бал сыраң болушы еді ғой» дегені қымызды місе тұтпай. меккеге барып, қажы атанып қайтқан молда атамның сыра сұрағаны мені қайран қалдырды. Өз ойымнан өзім шошып ояндым... Иә, жатқан жерің жаннат, қараңғы көрің жарық болғыр атамның, көзі тірісінде бұл ауыл арақ дегенді аузына алмаушы еді. Қазіргі аңқау елдің араққа құмар молдалары сілекейі шұбырып, мас болып отырып құран оқитынды шығарды. Өтірікті судай сапырып, зуылдатқан ондай арамзаның бетіне түкіріп жібергенім әлі есімде.

− Сіз де құран оқи аласыз ба? − деп әуестенді келіні.

− Әрине. Әйел заты құранды күбірлеп, ішінен оқиды, ал мен дауыстап оқушы едім. атам жарықтық «егер еркек молда жоқ болса, оқи бер» деп рұқсатын берген. Содан бері үйреніп кетсем керек.

− Намазды үндемей оқисыз ғой.

− Әй, аңқауым-ай, адалым-ай, енді осы жалғыз үйді басыма көтеріп «Құл-қу аллалап» отырсам, «апам құтырған екен» демейсіңдер ме. Сенен сұрарым, − деді кемпір айнаның қолынан сүйіп.− анау Тағанға қамқор бол. Көп ашуландыра бермеңдер. Қиялданған сайын қышқылтымға ұмтылар. Кісі қарадан қарап жүріп ішімдікке құмар болмайды. маскүнемдікке итермелеген бір себеп бар. атасы мақажан қандай қуғын- сүргін көрсе де мойымай, ел мен жердің шырқын бұзған Ісләм- нәшінге:

арқаға біткен қайыңды, Білемін қалмақ жайыңды, Жолаушыға беруші ек, Талқан менен шайыңды. Обада жатып өлуші ең, Көлденең тістеп найыңды, Қазаққа кеп байып алған соң, Ұмыттың ғой құдайыңды, −

деп, ежетекірекке алып еді-ау. Қайран, от ауызды, орақ тілді мақа-ай, сен де күндей күркіреп, жаңбырдай сіркіреп өте шықтың мынау жалғаннан; ұрпағың болса − анау, мәшина секілді − сыра құймасаң, от алмай жатып алатын. Жайлауың- нан сән, ұрымыңнан мән кете ме деп қорқамын.


− Жұрттың бәрі олай емес қой, апа. Ерік екеуміз аузымызға татып алмаймыз.

− Оның да рас. Бірақ ішпегеннің бәрі тағы да ақылды, ішкеннің бәрі ақымақ емесін де білемін. менің білмейтінім − мақажанның жүрегі, алты алашты аузына қаратқан көріпкел өлеңі қайда? Кім тонап алған? Неге жазбаймыз? менің ұлымда адамға керекті асыл қасиеттің бәрі бар, тек өлеңі жоқ. Өзінікін былай қоялық, тіпті өзгенікінің бір ауыз жырын білмейді, тіпті мұрнынан болса да ыңылдап ән айтқанын естімей өлетін болдым.

− Әншіміз табылды ғой, апа, бір тауға бір әнші жетер.

− Сен немене, күйеуіңді жамандағаныма ренжіп қалдың ба, келінжан, – Нүркенің бетіне күлкі үйірілді.

− Сізге ренжуге бола ма? − Екеуі жаңа табысқандай құшақтасып, бірінің бетінен бірі сүйді.

− айналайын, шошып оянғанда, қуанып уанатын жансе- рігім менің.

− Ойбу, биенің сауымы өтіп кеткен-ау, − деп, қабырғадағы таңдайы тақылдап, тілі салақтаған сағатқа қараған айна жаулығын түзеп асығыс шыға жөнелді. мейірлене мекіренген енесі біразға дейін «бергеніңе шүкір» деп, тәңірді жарылқап, сүйсіне күбірлеген. Тал түске көтерілген күн ағаш үйдің терезесінен сығалап, ептеп сыздау тартып, қоңыр көлеңкеленіп тұрар бөлмелерге жып-жылы сәулесін құйды. айдың аты, күннің сәтінен календарьсыз жаңылмайтын Нюра Фадеевна бүгін жексенбі екенін білетін. Тура қарсы алдындағы есік жақ қабырғадағы көгендеулі тұрған календарь бір жұмадан бері жыртылмай тұрғанын көрді. «Ұмытып кеткен ғой». адамның өмірін бір жапырақ қағазға тізіп, күн-күн сайын айырып, лақтырып тастап отырар тірліктің тұрлаусыздығы мен баяны жоқ өтпелілігіне өкпеледің не, өкпелемедің не – ешқандай күш тоқтата алмайтын салқар көш секілді, жасы жетіп қартайғандарды, ауру-сырқауларды соңына қалдырып, түсіп қалған буыншақ-түйіншек жүктеріне де қайырылмай, алладан сұрасаң да аялдамай ертеңіне – мүлдем белгісіз тұманды сонарына соза тартып аттана береді. Осынау уақыт, замана атты ұлы көштің шаңын жұтып, жұртта қалғандар қаншама, саусақпен санап тауыса алмайсың, біреуді құдай қаңғыртады, енді біреулер құдай бұйрығына көнбей өзі қаңғырады демекші,


зымыраған заманның зым-зия жоғалтқаны немесе өздігінен ізім-қайым жоғалғаны қаншама. Ел шыдағанға бел шыдамай, қиралаңдап қалса, оған кім кінәлі?! Тіпті осы кінәлілерді іздеп табудан қиын не бар? Кейде, «мүмкін, өз әке-шешемнің, тым ерте кеткен Тағанның әкесі мен шешенің жасын маған жиып берген шығар. Әйтпесе жетпістің жетісіне келердей алла тағалаға не өткізіп қойыппын» деп ойлайтын. Осы ой арадай анталаса болды, ұлы көшке ілесе алмай, жол ортада топырақ қауып қалып қойған құрбы-құрдастары мұңая қарап:

«Әй, қақпас, жалғыз ұлыңды алдыңа салып жүрме?» деп, кінәлайтындай, табалайтындай... мұның жазығы не? Жазығы көп жасағаны ма? «Жалғыз ұл» демекші, Нүрке кемпір өмірінде екі-үш құрсақ көтерді. Шетінеді, түсік тастады. Шетінеткен сол кездегі қилы-қилы заман, түсік тастатқан – ауыр жүмыс, зіл-батпан тағдыр. Еріктің құйрық-жалсыз қалғаны да содан. Құдай оны да көргендей, бауырына бала бітірмеді. «Құдайдың бөліп берері жоқ, біреуден біреуге алып береді» деген сөз, тегі, рас па. анау ойдағы ауылда он баласы бар, бірақ асырай алмай көпсініп, «өңкей боқташақ» деп, қарғап-сілеп жүргендер қаншама. Құдай төбелерінен ұрсын, бір қозы туса, бір түп жусан шықпай ма? асырай алмаса, өкіметтің құшағы кең емес пе. Балаларын ашаршылық жылы да аман алып қалып қалды емес пе бұл ел».

ашаршылық демекші... Нюра Фадеевнаның сол бір зауал кезең туралы айтары көп, тіпті ендігі қалған өмірінде аманаттап тауыса алмас ұзақ сонар, есіне түссе, қазір де ұйқысынан шошып оянар қасіретті хал, қайғылы оқиға; қаймана қазақты оңдырмастай етіп отап түскен лағнетті жыл; ашкөз адамдарды аздырып-тоздырған, мал мен жаннан сипаңдай болып айырылған ақсүйек жұт, азамат малсыз, арғымақ жалсыз қалған қанқұйлы мезгілдің сор сорғалаған құрығы өзінің де басына тиіп еді-ау, анталаған жау, антұрған ұры-қарысы, ерегескен дұшпаны жоқ халықтың бостандыққа, теңдікке қолы енді ғана жетіп, жетісеміз деп отырған шағында шаңырағы ортасына түсіп, өрт шалған ормандай қара күйік болып қалуы − қандай ғана қасиетсіздің қарғысы еді; қандай ғана қанды қолдың ойлап тапқан жәдігөйлігі, ар-ұят пен адамшылықтан безген имансыздығы еді; бостандық келді» деп, жұмақ орнағандай далақтаған қазақты аспаннан жай түскендей естанды күйге


душар еткен не? Ботадай боздатқан, қайыршыдай қаңғыртып жіберген кім? Жаназасыз, көмусіз, құнсыз қырылып қалған ауылдастарымның обал-сауабы кімде? Енді ғана «аталап, апалап» тәй-тәй басқан тұңғыш қызымның аузы аққа жарымай, әбден шандырланып бос торсықтай болып қалған сүтсіз емшегіңді тырмалап, көз алдымда көгеріп-сазарып жантәсілімін бергенін қалай ұмытайын өзімнің де аузымнан қара су ағып, аш иттей бұралып, ыңырсып жатқан жерімде, осы Тағанның шешесі аналық емес пе еді, басымнан сүйеп нәр сыздырған; үйіне апарып бағып-кағып, жалғыз дәнді өзі жемей ұсынған, апалы-сіңлідей жанымыз жарасып кетіп еді-ау...

Иә, Нюра Фадеевна мен аналық апалы-сіңлілердей болып, ең бір ауыр да азапты жылдарды бірге өткізді. «Достық қиын- дықта сыналады» деген сөзді жиі айтқанмен, осы құдіретті ұғымның қадірін бұлардан артық ешкім білмейді, бұлардан артық туысқанды әлемді әлденеше адақтасаң да таба алмас едің. Осы өр Қаратайдың үйіріп қайырып, үрлеп ішіп отырған бірен- саран байын тәркілеп, тәртіпке сала бастағанда, конфискация- ның тізіміне Нүркенің күйеуі Қандауыр да іліккен. Өздерінің күнделікті ішіп-жемінен аспайтын орташа ғана шаруасы бар, сол орташа шаруасын ешқашан да шашау шығарып көрмеген үйелменнің басына да қара бұлт торлап тықыр таянған. Әкесі Фадеймен талай дәмдес болып, арқаларынан қағысып «тамыр» деп, тамашасынан қалдырмайтын, Фадей досынсыз ішкен асы тамағынан өтпейтін Әбдікерім болыс бар малын тәркіге өткізіп, құрық мініп қалған соң, арғы бетке қашып құтылды. Жалғыз кеткен жоқ, бала-шаға, ағайын тумасын ерте кетті. Сол Әбдікерім салдырған Шыңғыстай мектебінде Нүркемен бірге Қатонқарағайдың талай орыс-қазақ балалары сауатын ашты. Әлі күнге дейін сол мектеп қаз-қалпында, жарты ғасырдан асты, балаларға білім беріп келеді. Қандауырды да алғаш рет сол мектепте көріп, танысып еді ғой, айырылмастай болып табысып еді ғой. аумалы-төкпелі заман туып, айрандай ұйып отырған халық қақ жарылған тұста да бөрі тигендей бөрліккен жұмысы жоқ елмен бірге жұмақ жер іздеп тау аса көшкенде де, мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп еріп кетпеген. Сол кезде қайраған қылыштай қылшылдаған жас жігіт Қаңдауыр мен Тағанның әкесі Көкен құйрық-жалы жарасқан қос торыдай үзеңгілес дос еді, лаң күндерде де қара басын сауғалап лаға


қашқан жоқ, жаңа өкіметтің жағасына да жармаспады, «елмен көрген ұлы той» деп, жаңадан құрылған қосшы, серіктікке де алғашқылардың бірі болып кірді. «Орташаның» тізіміне тізілсе де, тәргі басталмай тұрып-ақ, бар малын өзі өткізді. Бірақ сол бір зауал шақта қара тізімге бір ілінген адамның көрге кіргенше көгергені, көңілі ашылып сергігені бар ма, тәйірі, өле-өлгенше қуғын-сүргіннен арылған жоқ. Семьясымен жер аударамыз дегенде, дегендеріне көнді: «өзімді ит жеккенге айдасаңдар да, әйелімді туған жерінде қалдырыңдар, емшекте жас баласы бар, сәбиді аяңдар, айналайын өкімет өкілдері» деп, аяқтарына бас ұрған соң, ана мен баланы қалдырып, оны алдарына салып айдап кеткен. Содан көп ұзамай, байлардан тартып алған мыңғырған малдың көбін төменгі жаққа айдап әкетті, қалған- құтқанын ортақтастырамыз деп, шөбі жоқ қораға маңыратып, мөңіретіп қамады, ал арзан бағаға сатып алған түлікті кедей- кепшік қазақы мінезбен аз-ақ күннің ішінде мәз-мейрам сойып жеп алды. Содан 1932 жыл, яғни мешін жылының ашаршылығы басталды. Тігерге тұяқ қалмаған, бар үмітті, бар жақсылықты, бар байлықты жалаулатып келген, алаулатып енген кеңес өкіметінен дәметті. Әсіресе, қазақтың дәметкіш көңілі «Өкімет деген − өзіміз, ендеше, өзіңді өзің асырайсың» деген ұрда-жық ұранның байыбына бара қойған жоқ. Құрсағын мықтап тұрып бір рет толтырып алды да, көздері шүңірейіп аштан қырыла бастады. Қол ұшын берер, қолтығынан демер, алыстан арбалап астық тасыр ешкімі жоқ, қайран ғана аңқау да адал ел − ертеңгі күні белгісіз, ертеңгі күні тұманды – ертеңгі күніне саусақ жая талпына дірілдеп, жел қопарған діңгектей құлады-ай; сұлық түсіп сұлады-ау... Сол заманның қаттылығын



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.