Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 6 страница



− Білем-білем, – деді Захар, – баяғыда мен де солай ойлайтынмын. ал енді жақсы жатып жайлы тұр.

− Дегенмен, бір стақан әкеліп берсең қайтеді... ақырғысы болсын, құдай үшін, ертеңнің есебінен.

− мақұл, – деген Захар шығып кетті де, аз-кем уақыттан соң бір стақан сыра әкеліп берді. Орнынан қарғып тұрған Таған қолы қалтақтап сіміріп жіберді де, нарға жалп етіп құлап түсті. Жатқан қалпында сұқ саусағын шошайтты: – Неге біз осы... жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулата өртеп жібереміз. НЕГЕ БІЗ ОСы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз, а? айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын? Соншалықты неге жек


көресіңдер? мен – талантпын. менің білетінімнің, тәңірім- ау, бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма? Ей, Захар, сен жақсы орыссың, түрің таныс, бір жерден көрген сияқтымын. Қайдан? мүмкін, айықтырғыштан, бәлкім, лТП-дан...

Бұл кезде Захар жоқ еді, Тағанның «НЕГЕ БІЗ ОСы...» деп басталар лекциясы тұтана бергенде-ақ, сарайдың есігін нығыздап жауып, ептеп басып шығып кеткен. Тағанға бәрібір еді. Соңғы он жылда жағы сембей айтып келе жатқан жалғыз ауыз өлеңін бастап жіберді. Қарлыққан даусы – тек өзіне ғана сүйкімді естілер үні алакөлеңке сәулемен меңірейіп тұрған ағаш бөренелерге тарс-тарс соғылып, кейін шегініп жатты. Бұл сарайда жалғыз тесік – есік болмаса, саңылаусыз бітеу еді, сондықтан да Тағанның әні құмығып, ешкімнің мазасын алмай іште өліп, іште тыпырлаған.

Жігітіңде мін жоқ, Қалтасында дым жоқ, Ішейін деп ішпеймін

Ерегесіп ішемін, хала-лау, әлау-лау... мені маскүнем қылған сендер... НЕГЕ БІЗ ОСы...

Тау ішінде бозғылт сәуле бар. Әр заттың ажарын анық танытпаса да, нобайын болжататын. айдың шығуы қандай тез болса, омырауын жұлдыздар көп нүктелеп, тастаған аспанға өрледі де соншалық шапшаң шабыспен зытып барады. Күндізгі қолқылдақ жүрістен шалдыққан көкбестінің ер-тоқымын алып, қақтанған арқасын шапалақтаған Ерік балта мен қазық алып қырға жетелеп кетті. айрандай ұйыған тыныштық қазық қаққанда дір-дір етіп, түн баласында шаңқылдап қатты естіледі екен. Захар омарташының қасқыр алатындай қақсап тыным таппайтын қос иті шәу етіп үрудің ырымын жасады да, қайтып үн шығарған жоқ. Қыр жайлап, шет қонып жүретін шопан, омарташы атаулының иттері адамдай ақылды болушы еді, үйге келерінде аттан аударып алардай арпылдайды да, иесіне бөтен емес екенін сезген соң, қайтып жақ ашпайтын. Қанжығасынан өмір бақида тастамайтын қыл арқанмен көкбестінің аяғын қазық бау шалып арқандады. Әлгінде бұлақ суынан сыңғыта ішкен жануар таудың бұршақты отына бас қойды. Балтаны білемдей ұстап кері оралған Еріктің есіне Қатын суының ар жағынан аптасына жалғыз рет, тек жұма күні ғана көрінер


қызыл орамалды Қыз түсті. міне, осынау алтайдың қыз көктемінен бері көз алдынан көлеңдеп, бейне бір қол жетпес армандай, күндіз-түні қиялынан, не түсінен шықпай қойды. Ол күні бүгінге дейін оның кім екенін, нендей кәсіп- пен шұғылданатынын білмейді, тым болмағанда жалғыз рет тілдесіп, аты-жөндерін де сұраған емес. ал Қатын суын қақ жарып өте шығар қауқар Ерікте жоқ, тіпті Ерік қана емес, әзірге бірде-бір адамның күш-қуаты мен тас жұтар тәуекелі жете қоймаған. Тек қоңыр күздің аяғында ғана ашуы қайтып, сабасына түскенде, жоғары сағасынан кеудесі мықты атпен өтуге болатын. Әйтпесе өткел жоқ. Ерік ақ боз атқа мініп арғы жағаға жақындаған Қызға өңеш жырта айқайлап, сан рет атын сұраған. Әлде мұның даусын өзеннің күркірі бұзып естіртпейді, әлде жұмбақты Қыз қырсығып айтпайды, неге екені белгісіз, ала жаздай атын сұрап біле алмады. Біржола түңіліп, аптаның аяғында барғысы келмей қасарысқанымен, дәт шіркін шыдамай солай қарай – жағаға қарай жетелейтін. Қызыл жаулықты Қызда келуін қоймайды, намазы қаза болатындай, тау асып асығыс құлдайды, өзеннің жиегінде жарты сағаттай аялдайды, содан соң атына қарғып мініп, тау асып ғайып болады. «алыстан қарағанда әдемі, әттең, жақыннан көрер ме еді» деген ой бірте- бірте көкіректің көксеуіне айналып, бұған дейінгі жайма-шуақ тірлігінің айдынына тас лақтырған; осыған дейін әйел атаулыға шын ғашық болып, аһ ұрар арманмен құлай сүйіп көрмеген қасаң да қатыгез жаны қазан түбіндегі майдай еріп, тоңы жібіген, тіпті шымырлап қайнағандай ма-ау. Бұл не сонда? Бәлкім, кітаптан оқып, кинодан көретін махаббат осы шығар; бұған дейін сенгенді қойып, өзгелер өзеуреп дәлелдегенде, селкілдеп күлетін басы енді сол махаббат машақатына байланып, әңкі-тәңкі. «Жоқ, бұл ғашықтық емес»,− деп өз- өзін жұбататын. – Өткел бермес өзеннен өте алмаған соң, пайда болған әншейін әуестік қой; пенде дегенің не нәрсеге қолы жетпесе, соған құштар келмей ме; әйтпесе сол қыздың қойнына бір түн жатайыншы, ертеңінде айнып шыға келмесіме бәс тігемін. «Ол сенің ғана түсінігің» деп іштей бір үн бас көтеретін. Қалай десек те сол қызды жақыннан бір көру – бұл жалғандағы жалғыз арманы. Біздің жігітте бәрі бар. Бірақ түк жоқ екен, иә, ең керектісін таба алмай жүруі мүмкін ғой. Сонда маскүнем Тағаннан айырмасы бар ма, бар болса ол не?


Баспанасы, байлығы, ішпейтіні, жары... Жары демекші, оны да жас кезінде жақсы көріп үйленген-ді... алайда жас шағында кісі қателікке көп ұрынады; тегінде, адамға ақыл қартайғанда керек-ау, алжымас үшін, алжаспас үшін... Ендеше, сол жасқа тән көп-көп қателіктің бірі – айнаға қосылуы шығар. Шын махаббат қырықтың қырқасына шыққанда оянары ойымызға келмей жүр ме?

Қашаға, бағана Таған сүйеніп тұрған қашаға екі білегін артып ойға батқан Ерік алғаш рет: «ОСы мЕНІҢ Балам НЕГЕ ЖОҚ?» – деп күбірлеп қалды. Өз үнінен өзі шошыды да, бұл сұрақты тезірек ұмытуға тырысқандай үйге беттеді.

Ертеңінде Тағанды әрең тұрғызып алды. Өмір бақида көз алдынан кетпейтін, әсіресе, ес-ақылдан айырыла ішкенде, жыйылғанжүздегенадамғаайналып кетераудитория, яғнибұдан лекция тыңдауға жиналған елестерге дәрісін беріп, аузынан ақ көбік аға сөйлеп, түсіндіріп, әбден талыққанда ғана барып, көз шырымын алған. Әсіресе, бүгін «студенттері» көп болды. Ерте дүние тарихынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң, бүгінгі заманның көкейкесті мәселелеріне көшкен. Халықаралық жағдайдың шиеленісіп тұрғанын, әсіресе, адамзат басына ядролық апаттың төніп тұрғанын, ал адамзат бұл қауіпті жағдайға тек қана тым-тым милылығынан душар болғанын, ақылдан азап шегіп отырғанын шегелей ұғындырды. Бірақ ол осыншалық ақ тер, қара тері шып-шып шыға айтқан сөзін бірде-бір аяқты тыңдай алмағанын сезген жоқ-ты, жазған-ай. Егер әлем саясаткерлері мен тарихшылары Тағанға ізгілік, ақиқат, болашақ туралы болжамдар мен өмірлік проблемалардан емтихан тапсырса, ешқайсысы да зачет ала алмас еді. Оңдай атты күн қа-й-да-а... «НЕГЕ БІЗ ОСы...»

Жұлқылағанға оянбайтынын білетін Ерік жарты шелек су әкеліп басына құя салды.

– Төсек-орнымды сулайсың, – деп Захар ара түсіп еді,

«кептіріп аласың» деп, оның сөзін тыңдаған жоқ. Орнынан атып тұрар қуат Тағанда жоқ еді. алғашында не болғанын білмей, нар үстінде мең-зең отырып қалған. ауыр түстен айыға алмаған адамша сәл қозғалса жарылып кетейін деп тұрған басын қос қолдап сығымдаған күйі: «Өлтірмесеңдер бір стақан сыра беріңдер», – деп ышқынды. Захардың бұл бас «мәселесі» жөнінен тәжірибесі бұрыннан бар еді, «салқын сыраны» ұсына берді. Бір деммен қағып салғанТаған:


− Бұл дүниеде бас жазғаннан рақат не бар, – деп орнынан тұрды.

− Беті-қолыңды жу, аттанамыз, – деді екі қолын қусырынып, талтайып тұрған Ерік.

– мен сені гестапо екен деп қалдым, – деп қыршаңқыланды Таған.− Бетімді бір шелек сумен өзің жуып бердің емес пе.

Захар мырс етіп күлді. Күлді де: – мынаның тілі удай екен,

– деді.

Ерік ашуланған жоқ. Сол салмақты қалпын сақтаған күйі: – Тілінен басқа не қалды дейсің. Бүйте берсе одан да айырылар,

– деп, сарайдың тақтай еденін сарт-сарт басып шығып кеткен.

– Иә, – деді Таған. – Иә, эс-эс-тің офицерлері біздің ортамыз- да да бар, киімі басқа болған соң, байқамаймыз. – Захар бұл жолы күлген жоқ.

− Сен онымен тәжікелесе берме, жым-жырт болып кетуің ғажап емес.

− мен қазір де жым-жыртпын, жоқпын, сондықтан да еш нәрсе қорқыныш емес... Тамыр, одан да андағы сыраңнан қайталап жібер.

Күн бүгін де ашық еді. Қараңғыдан шыққан Таған көзі жыпылықтап, жарықты жатырқағандай күн көзіне қарай алмады. Басқыштан тәлтіректей түсіп омарта жәшіктері қойылған тұсқа беттей беріп еді, оның қолтығынан Захар ұстай алды.

− Ол жаққа барма, ара шағып алады.

− Патшалар жаяу баратын үй қайда?

– Жүр көрсетейін, – деп ерте жөнелді. – Көрінген бұтаның түбіне сари салмай, әжетхана іздегеніңе қарағанда, кезінде мәдениетті жігіт болғансың-ау, тегі...

− Үлкені келіп қалды... Кішісіне дәретхана іздемеймін, шалбарым бар ғой...

− мен саған таң қаламын, Тағанщик, – деді Захар. – Ойыңмен сөзің керемет-ақ секілді, ал іс-әрекетің... нағыз маскүнемдікі. Сонда деймін-ау, ішпей қоюға неужели ақылың жетпейді.

− Егер мен секілді адамдар арақты қойса, онда біраз бастық- тар тағын тапсырып, жан сақтай алмай қалар еді. Қазір, тамыр, жетесіздер жетіскен заман, олар біз секілді ішпейді, сауысқаннан сақ,түлкідей айлалы, қасқырдай қорқау. Егер Олар ішсе, ақымақтығы ашылып қалады, сондықтан да өзінен


гөрі ақылды әрі қауіпті басы істейтіндерді есебін тауып іштіріп жібереді. мен СОларДыҢ құрбанымын.

− Да-а-а, – деді ойланғандай Захар. – Сөзіңнің жаны бар.

Дегенмен, адам өз кемшілігін өзгеден көруі қате.

Көкбестіні ерттеп тұрған Ерік:

– Захар, өу, Захар, – деді дауыстап. – Бал жоспары қалай болып тұр. Орындай аласың ба?

− Әрең-әрең. Сенікі секілді асыл тұқымды араларым жоқ...

− Қант алдырған шығарсың... Қысқа дайындық бар ма?

− Қыста араның өз балын өзіне беремін-ау деймін.

− Нағыз большевик екенсің, қант жесе ішіне жақпай ма?

− ара да адам ғой, өз еңбегін өзінен аяғым келмейді.

− Жөн-жөн, – деді Ерік. – Ендеше, бала-шағаңды да тек балмен асыра, ақшаны не қыласың.

− ақша мен ақылдың артығы бар ма, коллега. Тек арам болмаса жарады ма...

Шай ішкен соң, жолға шықты: Ерік – атта, Таған – жаяу. Олардың артынан қарап қалған марфа күйеуінің әдетіне салып, даусын соза: – Да-а-а-а, – деді,– анау жігітке обал-ақ... кірпігі қандай ұзын...

– Ұзын кірпікті үлкен көз жасты болады дейді қазақтар, – деді Захар. Содан соң қалай ғана есінде қалып қойғаны белгісіз, маскүнем жігіт – Тағанның «Неге біз осы...» деген сөзін өз- өзінен қайталаған.

алдарындағы белеске шыққанда, аумақты жазық көрінді. Сол жазықты сары жұрттап тастаған қалың жылқы жан- жағынан бұлақ саулап шалшықтаған саздауды омыраулай кешіп, сонылап жайылады. Шұрқыраған жануарлардың да өз дүрдараздығы бар: оқта-текте кісінеп, шабысып қалған айғырлардың үні шығады. Әрқайсысы өз үйірін құлағын жымыра, басын жерге сала қайырарда, байқаусызда маңайлап қалған сәуріктердің сауырынан тістеп, жаралап, тырқырата қуып тастайды. Бұл – Жалпақсаз деп аталар жайлау, жылқылы ауыл ала жаздай осынау мыңғырған мал жайылса да, ырық бермес жаннаты жерді жайлап, совхоз орталығына саба-саба қымыз сауып жөнелтетін. Биіктен қарағанда анау Жалпақсаздың жағасына қадалған қос танадай екі киіз үй, оның алдында ойнап жүрген балалар, кермеде байлаулы тұрған жылқышының аты, жерошақтың басында көк түтінді көлбей ұшырып, ас қамымен


күйбеңдеп жүрген ақ жаулықты әйел – бәр-бәрі көз қуантып, көңіліңді қытықтар бояуы қанық әдемі сурет секілді еді. мынау жалпақ жаһанда атом бомбасы бар-ау, жұлдызды соғыс деген жалмауыз пайда болыпты-ау деген сияқты миыңды құрт қылар мазасыз сұрақтардан ада, ата-бабасының ерте-ерте ертедегі мәңгі бейбіт әрі берекелі де баянды кәсібінің қордасын үзбей, қорғап-қоршап отырған өркені өскір жылқышылар бейбіт өмір, тыныш өңірдің ендігі қалған жалғыз жанашырындай қәперсіз тірліктің түтінін шығарады-ай. Бәлкім, біз – технократияның өкілдері, осынау жылқының жусағанындай мамыражай тіршіліктен тым-тым ертерек қол үзіп, албасты ажалымызға қарай асығып бара жатқан шығармыз; бәлкім, осы бейбіт ғұмырдың бейкүнә адамдарының обалына қаларымызды ойламайтын шығармыз; бәлкім, адамдар да азамат соғысының аттарындай арбада ажал бүркіп, пулемет сүйреп келе жатқанын сезбей, мақсатты жорықтың жол ортасында қанға бөгіп, ұрпақсыз-ұрансыз қалар... Жер бетінде өткен соғыстан соң да жетіліп кеткен адамзат болашағы өздері байыбына бара қоймаған айқастың құрбаны боларын аспансығандар сезе ме – сезеді, бірақ өлермендікпен өшігеді өмірге. Неге? Бұл сұрақтың жауабын мал баққан қаймана ел бере алмақ емес. Сондықтан да аяйсың әрі осы бір әз жанында әмір жоқ бейнетқорлардың кәперсіз кәсібіне қызығасың. Ең бастысы – олар – қару жасамайды екен.

«НЕГЕ БІЗ ОСы?..»

Жылқылы ауылдан таудан құлдилаған қос жолаушыға қарай үш бірдей ит оқтай зулаған. Саңқылдай үріп жандарына келді, бірі ат үстіндегі Ерікті аударып тастардай қатты өршеленеді, ал қалған екеуі Тағанды иіскелей еріп келеді. «Ит қаппайтын кісі болады деген, тегі, рас екен» деп ойлаған Ерік құлақ етін жеп, алды-артын ораған аламойнаққа қамшы сілтеп еді, ит одан ары жінікті. Осы кезде жаяу салпақтаған Таған:

«Қой енді!» – деп еді, жағы семді. Енді ол үш иттің қоршауында ежелгі таныстарындай тайраңдай басып келе жатты. Үйлеріне өре шыға, осы көріністі бақылап тұрған жұрт қайран қалып еді. Әсіресе, балалар мәз.

– Тамақ берген шығар, – деді бірі.

– Кет әрі, біздің ит ешқашан тамаққа алданбайды, – деді екіншісі.


− Дуалайтыны бар шығар, – деді үшіншісі.

− атама да ит үрмейді, – деді төртіншісі.

− Ондайлар ұры болады, – деді бесіншісі:

− Сонда... атам ұры ма? – деді алтыншысы.

– атамды білмеймін, ал анау келе жатқан – ұры, – деді жетіншісі. Қалған үшбалаәңгімегеараласақойған жоқ, албесікте жатқан және тәй-тәй басып жүрген сәбилерді қоспағандағы он екі бала да Жалпақсазда отырған жылқышының кіндігінен еді. Байлық басы бала дейтініміз – осы шығар-ау...

«НЕГЕ БІЗ ОСы?..»

Таудан төмен қарай домалаңдап келе жатқан адамның ұры да, қары да емес, әншейін диуанаға айналып кеткен маскүнем Таған екенін жас балаларды қойып, жылқышылардың өздері қайдан білсін. Үш итті бірдей еркелете соңынан ертіп, киіз үйдің іргесіне тақалғанда, көп баланың бірі: «Ой, мынау қайыршы ғой!», – деп дауыстап жіберген. Бұл сөз әбден шаршаған Тағанның болар-болмас қана істеп тұрған миына шаншудай қадалды, қапелімде селк ете түскені соншалық, бір орнында қатты да қалды. Жо-жоқ, алаңғасар баланың аузынан асығыс шыққан сөзді намыс көргенінен емес, қаншалықты қажып, тілім-тілімі шығып тентіреп жүргенде де, ешқашан, ешкімнен естімеген соң тосылғаны, я жасығанынан да емес шығар; бұл сөзді сонау бір «гүлдену шағым» деп есептейтін үйлі-баранды мәре-сәре кезеңінде, әйелі ғайбаттаған сәтте, шапалақпен тартып жіберіп, «ой, қайыршының» қарымтасын қайтарғаны есіне түскеннен-ау. Тентек ұлды әкесі үйге қуып тықты да, баласы үшін кешірім өтінгендей, қос қолын ұсынып қауқалақтай амандасты. Жылқышының жылы-жылы сөзі, ықыласқа толы дидарласуы Тағанға әсер етпеді білем, өз қолын суықтау ұсынды да, әлгіндегі бір он жылдан соң кең жайлаудың төсінде алдынан шыққан сөзді ұмыта алмай, дел-сал күй кешкен. Ол ұзақ ұйықтап қалып, қатты айқайдан шошып оянғандай әсерде еді, баяғыда оқыстан орнынан қозғалып кетіп, енді орнына қайта түскен санасы, мұның алдына өмір сүрудің көп сұрақтарын көлденең тартқандай, шақшадай басы шарадай бола бастағаны рас еді. Үйге кіріп, сол жақ босаға жақтағы ердің үстіне отыра кеткенде де, үй иесі алдына қымыз ұсынып бәйек болғанда да, «қайыршыдан» қашып құтыла алмады. Бұл адамдық ар-ұяттың оянғаны болса – ақсарбас, ал


ескі жараның орны сыздап қана басылса... онда ақылынан азған жігітпен мүлдем қоштасқанымыз. Оны өмір көрсетер, әзірше қымыз іше тұралық. ақ баласын көрсе жүрегі айнып тұрар Таған пісуі жеткен салқын қымыздың бір тостағанын жұтып жіберіп, жеңін иіскеді. «ауру қалса да әдет қалмайды» деген, отырғандар, әсіресе, Ерік басын шайқап мырс-мырс күлді, тек жылқышы ғана көзінің киығымен қарап сыр берген жоқ.

− Бұл жігітті танымадық қой, – деді тостағанға қымыз толтырып.

− Жолдасым, – деді Ерік арқасын керегеге тірей шіреніп.

– ауылдың ыстығында қаңсып жүргенше, жайлауға шығып, аунап-қунап дем алып қайт деп, ертіп келемін.

− Ертіп жүргенше, мінгесіп жүргендерің жолдастыққа жараспаушы ма еді?..

− Өзі ғой, аяғым ұйыды, қанын тарқатам деп жаяу жүрген. Бұлар үшін тауға шығу – культпоход, тасқа өрмелеймін деп арқан сұрауы да мүмкін.

Таған үнсіз. Өз қолына таянып бір шынтақтай жатқан күйі көзін жұмды. Үй иесі «жолдастардың» арасыңдағы жігі ашылып кеткен бір жайсыздықты іші сезді ме, әңгімені әрі қарай қаузамады. Сәл тыныштық орнады. Даладан балалардың асыр салып ойнағаны естіледі. Киіз үйдің есігі айқара ашық еді, сол айқара ашық есіктен Жалпақсазда шұрқыраған үйір- үйір жылқылар шыбынсыз жайлаудың жұмағында жүзгендей бейбіт жайылады; саздаудың арғы жағалауында сарала қаз көлбеңдейді. Осынау апшысы қуырылған монтанақтай жер шарының әлі де болса кеуде кере кең тыныстар, алаңсыз аяқ көсілер көрікті бір пұшпағы аман сақталғанына тәубе айтар едің. Бірақ көзіңді қытықтар мұндай мақпал көрініс барған сайын базары тарқап, келмеске кетіп бара жатқанын осы отырғандар ойлаған емес. лапылдап жанған өрт өз ауылының, өз ошағының шетіне келіп етегі жанғанша кәперсіз, айрандай аптапкүбідей пісіп отыра берер қазақы мінезден қашан құтыла алар; жүздеген жыл қанына тарап, сүйегіне сіңіп кеткен бейғамдық, даласындай кеңдік кесірін де аз тигізген жоқ; неге екені белгісіз, өздері сыйыспай жүрсе де өзгелерге сый көрсетуге, жер бөліп, жеңін кесіп беруге келгенде алдына жан салмайтын елдің көп еншісі жатжұрттық болып кеткен. Қалғанының қайырымын, береке-бірлігін тілеген ағайынның


алдында төрт түлік малы маңғыстап жатса, одан артық бақыт сұрамаушы еді. Кейінгі жылдары одан да айырылып, бірыңғай тірлікке – тусыған жерді туырлықтай тілуге көшкен. Ойдағы ұлтарақтай құйқалы жердің жонарқасын жыртып тастап егін салмақ болып еді, әпербақан «тыңгерлердің» бұл әрекетінен түк шықпады. арқаның апай төс даласы болса бірсәрі, қысы мен жазын айырып болмас алтайдың алақандай алаңқайы игеруге көнбей шамданып қалды ма, әлгі жыртылған жердің бәріне алаботамен кендір өсіп, күзде қурайға айналып, үп етіп жел соқса болды, сай-сүйегіңді сырқыратар азалы үн шығарар еді; жарықтық өр алтайдың арқасы мыңғырған малдың тұяғын сағынып, қышуын басар дүбірді аңсап іштен тынар еді, ішін тартып өксір еді.

Жолаушылардың екеуі де қалғып кеткен секілді. Жылқышы орнынан тұрып, бие сауысуға шықты. Ересек ұлы саздағы жылқыларды қиқаулай қайырып жүр, енесіне қосақталған құлындар айдағанға көнгісі келмегендей тартыншақ тартады. Қолын артына ұстап желі басында тұрған жылқышы ұлына:

– Қатты айдама, биелерді исіндіресің, – деп айғай салды. Осы айғайдан атып тұрған Таған ербиіп есік алдына шықты. аспан ойылып жерге түсіп кетпегеніне көзі жеткендей «уһ» деп, өз-өзінен ауыр дем алып ыңыршаққа құйрық тіреп керегеге арқасын сүйей отыра кеткен: анау танаулары пырылдап, керме желі басына жосыла жөңкілген жылқыларды алғаш та ақырғы рет көргендей көзін тайдырмай ұзақ қарады. Өзіне беттей қаптап келе жатқан қалың хайуан тапап өтердей... «ШІрКІН- аЙ, аТТаН ҚҰлаП ӨлСЕм НЕ армаН» деген ой иектеді;

«ШІрКІН-аЙ, аЙғырға аЙНалыП КЕТСЕмШІ» деген тағы бір ой жылтылдады. «Енді мен ешқашан да айғыр бола алмаспын, қан сиіп зорыққан атпын мен, иә-иә, арқасынан ер түспейтін, жауыры өмір бақи жазылмайтын жұмыс көлігімін. Өмірде жұмыс көліктері көп-ақ, бірақ солардың ішінде де сорлылары бар». Тамағы кеберсіп, асқазаны ашқылтым бірдеме іздеді. «Жылқышылар сыра ашытпайды, ол – белгілі, алқымыз, таңдайдағы жабысқақ шөлді баспай тұр. Не істеу керек? Кенезем кеуіп тұрғаны-ай... Шөлім басылмай-ақ өтетін шығармын-ау бұл жалғаннан».



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.