|
|||
ББК 84 Қаз 7-44 4 страница– Шаршадың-ау, айнажан. Таудың шөбі ащы ішектей шуатылған қандай ұзын, әрі ауыр болады. Білем ғой мен, білемін, айырлағамыз, арпалысып үйгенбіз. – Шөлдеген шығарсыз, апа, қайыңның нәрін ішесіз бе, әлде қымыз әкелейін бе? – Қайыңның суын қайтем, қымыз болса... – Жалғыз өзім көтере алмаймын, сізді далаға шығарып күн- шуақтатсам деп едім... Егер ара болсам ғой... Салмағы он- ақ грамм, бірақ өзінен жиырма есе ауыр жүк көтере алатын күштілігіне таң қаламын. – рахмет, айнаш. Жалғанның терезеден түскен жарығына жарылқансам да жетер. Деміңді алып, тамағыңды іш. – Балық қуырайын ба, апа. – Керек емес. Ерік тұзын көп салып жіберген бе, ащы екен, шөлдете береді. – Ендеше, бастаңғымыз болсын, ет асайын. – Өзің біл, қалқам. – айна шоланнан ет алып, тазалап жуып қазанға салды. Таудың күні қызық: арқаңды қыздырып, алдыңды жауратады. Далада жүріп-жүріп үйге кірсең, мұздан жасалған үңгірге енгендей қалтыратып жібереді. Қарағай дөңбектен қиып, мүктеп салған үйдің ерекшелігі сол – жазда салқын, қыста жылы болушы еді. Қазір бұл жерде не ыстық, не суық емес, моншаның табы секілді жайма-шуақ маужыратып ұйқыңды келтірер жылылық ұялаған. аралар әлемі толассыз жұмыс қамында. Қаз-қатар тізілген қораптардың танадай тесігінен дамылсыз кіріп-шығып, мәңгілік қозғалыстың ұясына айналған. Осыны алты аяғы, төрт қанаты бар шыбынның жұмбақты тірлігі айнаны біржола өзіне баурап, сиқырлап алғандай еді. Қанша білдім, үйрендім, кітаптан оқып, көзіммен көрдім дегенімен әйтеуір, бір түйінін шеше алмай, өмірінің сырына қаныға алмай, семьясының заңдылығын түпкілікті ұға алмай қайран қалатын. міне, қазір де быжынаған араның арасында тұрып та, ақылды жәндіктің асқан ерлігіне қайран қала сүйсінеді. «Өмір сүруді арадан үйренуіміз керек шығар» деп ойлады. Биенің сауыны болып қалған екен, ағаш күбіні білегіне іліп, самырсынның түбінде үйездеп тұрған жылқыларға беттеді. Әуелі торқасқа биенің қосағын ағытты. Байлап отырған екі биенің екеуі де жуас, айнаның жалғыз өзіне-ақ сауғыза беретін. атбұршағы аралас тау шалғынына ыңырана тоятын биелер сүтті, әрі арқандап қойғандай осы маңнан ұзап шығандап жайылмайтын. Борбайына жабысып бір тізелеп, тізесіне шелек қондырып, қос емшегін созғылаған әйелдің әдемі, бірақ қатқыл тартқан саусақтарына сүйсінгендей иіп, жатырқаған емес. Шелекке тызақтаған саумал ақкөбіктеніп, иісі бұрқырап мұрын жарады-ай. Бие сауыны аяқталған соң, күбідегі сүтті сабаға құйып, толқыта пісті, қазандағы еттің көбігін алып қақпағын ашыңқырап қойды, айырын арқалап тағы да пішендікке аяңдады. Іргеде тыныш тұрған орманнан шауқарғаның тоқылы, күшігеннің кісінегені естіледі. «Күшіген көп кісінесе, күн жауады деуші еді, өзіне көрінсін». Елік әупілдеді. анау бір самырсынның бұтағында қолында аппақ қып аршып алған балқарағайы бар тиін жүр, ал түбіндегі сала-сала боп адырайған тамырдың қуысынан барша тышқан жылтыңдайды. Екі ұрты томпайған, тегі, балқарағай дәнін толтырып алып, ініне асығыс тасып жүр-ау. «Барлығымыз да – жан-жануардың толайымы қыстың қамына дайындалудамыз», – деп жымиды айна, тер басқан бетіне жабысқан шөптің қоқымын жаулығымен сүртіп тұрып. – Шұқылап зерттеген адамға осы көріністің қай-қайсысы да ғажап-ау. «Табиғат ешқашанда өз құпиясын ашпайды» дегенді оқығаны бар еді, алайда тым-тым ашып тастасаң,тағы пәле. Пәле болатын себебі – табиғат-ана абыройдан айырылады, содан соң ашуланады. айталық, қазір жер бетінде табиғат апаты тым көбейіп кетті, түбі неге апарып соғарын кім білсін; бекерден-бекер мөңкитіндей не көрінді. ашуланады ғой жарықтық... Иен таудың ішінде пішен үйіп жүрген келіншек екі колы жұмыста болғанымен, ойы алыста, бәлкім, біз түсіне бермейтін басқа-басқа,тек бір өзі ғана байыбына баратын өзге-өзгеше әлемі бар шығар-ау. рас, жалғыз жүргенде кісінің ойына оралмайтын дүние жоқ, армандамайтын, қиял құсын құшырлана ұшырмайтын биік жоқ. Сыңарынан айырылған аққудай, жаулығы ағараңдап, шөп жинап жүрген келіншек көбінесе өткенін, қайтып қайырылмастай қош-қошын әлдеқашан айтқан қыз кезін – қырмызы шағын есіне алар еді. Сол қызығы мол қыз кезі көлбеңдеп, кей-кейде көз алдынан өтіп бара жатар еді; жалқы сәт, аялдамашы, ежелгіні еске алып сырласайықшы дегендей ұмтылғысы, ұстағысы келер еді; боталаған жанарын жұмыстан мүйізденген қолымен уқалап қалғанында буалдыр сағым, бұрқыраған Қатын суын ғана көрер еді. айнаның жалғыз-ақ алданышы бар еді, ол – еңбек. «мен ана ара емеспін, – деп ойлайтын ол. – мен – жұмыс арасымын. Өмір бақида ұйқы дегенді білмейтін, сеспей қат- қанынша шырын жинап, ызыңдап өтер байғұс аралар сол толассыз еңбегін өзгелер жеп жатқанын қайдан сезінсін. ал адамның айырмашылығы еңбек – егіннің жемісін теріп жеуінде, ертеңгі мұрат-мақсаттарға талпынушы емес пе? Олай болса... мен кім үшін жан ұшыра жанталасамын. Орысша айтқанда: «во имя чего?» Осы бір азғынды ой соңғы кезде айнаның миын шіркейдей айналдырып алды. «Сонда не істеу керек?» Білмейді, білсе өстіп өгей өмір кешіп жүрер ме еді. Тағы да бие сауымы болды. Күн сабалақ-сабалақ самырсын бөктерген таудың ар жағына түсіп кетті. Көз байланып, қас қарайды. Жынысты орманның салқын кеші басталысымен, аралар да арпалысқан тірлігін байырқалатып, жым-жырт ұясына кіріп кеткен. Тек айна ғана дамыл табар емес. «Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген сөзді дәлелдегісі келгендей, міне, таң бозынан аяқ суытып, дамылдаған жоқ.. Даладағы шаруаны тәмамдап тастаған соң, енесінің асты-үстін тазалады, арқасынан демеп отырғызды. Ұн илеп, кеспе жасады. Нүрке кемпір әсіресе ұсақ кескен созылмалы кеспе көжені ұнатушы еді. Табаққа ет түсіріп әкеліп, оны бипаздап турады, тау сарымсағын қосып тұздық жасады. Дәмі келіскен асты енесінің алдына қойып, шыға берген келініне: – Өзің де отырсаңшы, айнаш, – деді кемпір. – Қазір, апа, жей беріңіз, мен кеспе көжені пісіріп әкеле қояйын, – деді. Ене мен келін керосин шамның жарығымен ауқаттанып отырған қоңыр тыныштықты аламойнақ иттің үргені бұзды. Күні бойы тышқан аулап қаңғып кеткен ит шабаланып қатты үрген соң, айна тысқа шыққан. «аламойнақ, жат!» – деп еді, бәрібір тынышталмай, орманға қарап арсылдады-ай. ай әлі туа қойған жоқ, таудың қалқасында қамалып жатыр, оңтүстік шығыста жұқалақ жарық бар. Сап түзеген самырсындар тұңғиық ойда, мылқау мүлгиді. Қатын суының бұлқынғанмен арнасын бұзып кете алмасын сезе ме екен, әсіресе, түн баласында күркіреп-сарқырап қатты ашуланатындай үні өктем естілетін. Басқышта тұрып байқағанмен, көзге еш нәрсе көріне қойған жоқ. алғашында ауылдан оралған Ерік пе екен деген дәмесінен қайтты, ит иесін күншілік жерден сезеді, сондықтан да өңешін жыртып үрмейтін. «Қой, аламойнақ, мазамызды алма». Қора жақтан жүгіріп келген ит айнаға бірер еркелеп алды да, тағы да қарауытқан теріске қарап саңқылдады. «мынаған бірдеңе көрінген шығар». Сиыр мөңіреді. Жылқылар осқырынды. малдың тынышы бұзылған секілді. Келіншек жүрексінейін деді. Үйге қайта кірді. – апа, маңайда бір нәрсе жүрген тәрізді. – Әнегүні қонжығын ерткен аю көрдім деп едің, сол шығар омартаны торып жүрген, шықпай-ақ қой. – араның ұясын қиратып кетеді ғой, – деп, күпәйкесін киіп, қосауыз мылтықты қолына алды. – Қиратпақ түгіл, түк қалдырмай жеп кетсе екен, аманымызда ауылға қайтатын, – деп күңкілдеді енесі. – Өзімізді де асап қойса қайтеміз, апа,− деп күлді. – Бүйтіп тобанаяқ болып жатқанша, аюдың қорегіне жарасам арман жоқ. алтайдың аюы кісі жеп дәндемеген. айна сайланып далаға қайта шыққанда, ағаш-жалды алып таудың артындағы ай шапшаң көтеріліп қалған екен, маңай сүттене бастапты. Бір шетін әлдекім кесіп алған секілді кетіңкі. Қолында қосауыз мылтығы бар келіншек жасқаншақтана басып үйдің сыртын айналды. аламойнақ та етегіне оратыла үріп, айнаға демеу беріп келе жатыр. Оған да жан керек-ау, алдына түсіп арсылдамайды және бір елі соңда қалмайды да. араның ұялары ағараңдап орнында тұр, қора жақта тыныштық. Жайшылықта алаңқайда жусап жатар сиыр, түнгі салқында күрт-күрт шайнап, барлық шөпті жеп тауысып қоярдай, қомағайлана жайылатын жылқылар да үрке қашып, үйдің іргесіне жиналып тұр. «аюдың келгені анық» деп ойлады айна. Жүрегі кеудесін балғалай жөнелді. Қаттырақ дем алса, аузынан ыршып шығып кетердей, іштей тынып алға жылжыды. Тас байлап алғандай табаны әрең көтеріледі. «Қолымда қос оғы бар мылтық, несіне қорқам» деп, өз-өзіне қайрат берді де, ұзаңқырап шығып, баспалап төңіректі шолды. Жартысы жоқ айдың сәулесі титтей заттың нобайын дабырайтып, үңірейтіп, абажадай үлкейтіп, албастыдай әжуалап, құбыжықтай құ- былтып көрсетеді. Қимылдап, қыбырлап өзіңе жақындаған сияқтанады немесе атып тұрып бас салатындай. айнаның түн ішінде далаға жалғыз шығуы бір бұл емес болса да, осы жолғыдай осқырына қорықпаған. Тіпті бұл қорқыныш та емес, осындайда қорған болар азаматыңды сағыну шығар... «Өзі берген жанды өзі алар, не көрінді соншама» деп дауыстай адымдап, қараңғылыққа мелдеген орманға беттеді. адамның айдынын сезген аламойнақ та алдына түсіп, саңқылдай үріп енді ғана ұзай беріп еді, күндіз үйездеген жылқылар тұратын бай самырсынның, түбінен қыңсылай шәңкілдеп кері қашты. Сол самырсынның түбінен екі аяғына тік тұрып, ақырған аюды көргенде, айнаның, мылтығы қолынан түсіп-ақ кеткені. аю мен адам есік пен төрдей қашықтықта бетпе-бет келіп қалған. Әйелдің, өне бойы ток соғып өткендей, жұлынын қуалап ып- ыстық бір нәрсе ағып өтті. Құдіретті күш бір секундта қара жерге қаға салғандай сілейтіп, кірпік қақпастан мелшиіп тұр. Әрине, аю сасқан жоқ, неге екені белгісіз, ол да қозғалмаған. айнаның пыр етіп ұшып кеткен жаны қайта айналып қонған сәтте, еңкейіп мылтықты алғысы келді-ақ, амал не, сіресіп қалған денесі бағынбайды. аю ақылды болып шықты. Жанында шоқайып-шоқайып, енесі не істесе соны қайталаған екі қонжығын томпаңдата ертіп, бұрылып жүре берді. «Уһ, зәрем қалмады-ау, – деп күліп жіберді айна. – мені кісіге санап менсінбей кетті-ау». Қысылтаяң шақта түкке аспай қалған мылтықты жерден көтеріп алып, мүлдем кәперсіз әрі асықпай борсаңдап бара жатқан аюды көздеді; шүріппені бармағымен басып-ақ қалғысы келді; батылы жетпеді білем, батылы жеткен, тіпті оқтың дәл тиюі де мүмкін еді, атпады, бәлкім, аяды, ол мақұлық та бұған тиіскен жоқ қой; «ендеше, қашқан жауға қатын да батырдың керін істеп қайтем» деп, кері бұрылған. ал аламойнақ өршелене жер тырнап, «мен де қарап қалғам жоқ» деген бопсамен ұзақ үрген. Иесіне итінің бұл ынжықтығы ұнамады білем: «Жаман ит үрумен жағады» деп, «кетші ары құлағымды сарсытпай» деп, мылтығымен жасқап зекіген-ді. айнадан алғаш естіген ұрысына қайран қалған аламойнақ құйрығын бұлғақтата ырбаңдап, жағын қарыстырды. – Ол не екен, айнаш? – Үйге кіріп, күпәйкесін шешіп тұрған келіні: «аю екен» деген сөзді, «сиыр екен» дегендей аса жайбарақат айтты. – айттым ғой, алтайдың аюы адамға шаппайды. – рас айтасыз, апа, біз тиіспесек, олар тиіспейді екен... Түу, тамағымыз суып қалды-ау. – Баяғыда Қандауыр жарықтық айтып отырушы еді,− деп Нүрке кемпір бір әнгіменің ұшығын шығарды, – осы Шашты- ның асуындағы жыланша ирелеңдеген жалғыз аяқ сүрлеумен түнделетіп келе жатқанында, алдынан екі аю қарсы шығады. астындағы аты бір орнынан қозғалмай арбалғандай осқырып, қаққан қазықтай қатып қалған да, жануар шошығанынан тыздақтата сиіп жіберген екен... – менде ондай болған жоқ, апа,− деп келіні сықылықтай күлді. – Содан не істерін білмеген Қандауыр өтірік тебінген болып атын шу-шулейді. Бұрыла қашатын жер жоқ: ар жағы ит тұмсығы өтпейтін жыныс орман, аяқ жағы терең құз... аюлар мұрнын шүйіре марқайып қарапты да, «ендеше, жолды біз берейік» дегендей, бұрылып орманға кіріп кеткен екен. аюдан ақылды хайуан жоқ деп сүйсініп отырушы еді жарықтық. – Сіз ол кісіні шын жақсы көріп қосылдыңыз ба?− деп айна оқыстау сұрақ қойған. – Ой, ол бір таусылмас хикая, – деді енесі жастығына жайғаса жантайып. – айтып беріңізші, апатай. Сіздердің өмір тарихтарыңызды мен білмеймін. Еріктен қанша рет қадалып сұрасам да... айтпай қойды. Түріңіз болмаса сізді орыстың қызы деуге кісінің сенгісі келмейді. мен осы үйге келін болып түскеннен бастап, өз тіліңізде ләм деп сөйлегеніңізді естіген емеспін, әлде ұмытып қалдыңыз ба? – Соны өзім де білмеймін, – деп жымиған кемпір әдемі де әсерлі әлдене есіне түскендей жадырап сала берді. Нюра, яғни қазақтар Фадейдің қызы Нүрке деп атап кеткен бұл кісі жас кезінде сұлу да сұңғақ болғаны осылай оқта-текте көңілденіп көзінде ұшқын ұялағанда, әйгіленіп қалатын. Әсіресе, үлкен де ұялы көк көзі қартаймай, жалт етіп қарағанда, жанарынан нұр төгіліп, жаныңды шуаққа бөлейтін. Сөйлеген сөзі орнықты әрі байсалды. Жүріс-тұрысынан да бекзаттық пен абзал аналық сезілуші еді. алғаш осы үйдің табалдырығын аттаған күні айна жерге кірердей ұялып еді. Оған кінәлі – Ерік, анасының ұлты орыс екенін айтпаған. Оны жаңа түскен келін қайдан білсін алдынан шыққан орыс әйеліне «здравствуйте» деп, сәлем берген. Сонда енесі таза қазақ тілінде: «Қадамың құтты болсын, қарағым! Қосағыңмен қоса ағарып, бақытты ғұмыр кешіңдер» – деп, алақанын жайып заулатып бата беріп, құшақтап бетінен сүйіп еді. Одан бері де он жыл уақыт өткен екен-ау... уақытты уысына ұстап тұрар кім бар. – мен Еріктің әкесі Қандауырға тұрмысқа шыққан жылы, жарықтық атамыз, атын атау әдепсіз болар, қайын атамды айтамын, – деп пысықтай түсіндірді, – меккеден оралып, қажы атанып қайтқан. Үркердей үш келінін бірдей, оның ішінде мен де бар, мұсылманша оқытып, хат танытты. мен сол күннен бастап бес уақ намаз оқып, шариғаттың шәлісін жамылдым. Оны өзің де білесің, айнажан, екі аяқтан айырылғанша ораза- намазды қаза қылғаным жоқ. Қайын атамыздың ісләм діні жайында, пайғамбарлар мен сақабалар туралы әңгімесі бізді ешқашан жалықтырмайтын және біз күмән-күдіксіз сенетінбіз. алғашында мен қазақ тілін жарытып білмейтінмін, мұқым ауыл балалары шүлдірлегенімді қызық көріп, сөйлете беруге әуес еді... Иә, ол да бір дәурен, қимас шақ еді-ау. ...Әке-шешем және бүкіл Фадеевтер әулеті қазаққа тұрмыс- қа шығатынымды естігенде үзілді-кесілді қарсы болды, әкем мен ағайым тіпті өлтіреміз деп те қорқытты. Біздің кержақтар орыстың ішіндегі төменгі жақтан ауып келген аса діншілі. Естуімше, патша ағзамның өзі ішкері жаққа жер аударыпты, неге екенін білмеймін, «кержақтар» атанғанбыз. – Үйінен су бермейді екен, ал алда-жалда су сұрап іше қалсаң, сол ыдысты қайтып пайдаланбайды екен, бөтен біреу ұстаған есіктің тұтқасын ыстық сумен жуады екен деуші еді, рас па?− деп сұрады енесінің әңгімесін ұйып тыңдаған айна. – Баяғыда одан да сорақы әдеттері бар еді, қазір оның жұр- нағы да қалмай, жергілікті елмен сіңісіп кетті ғой... Әкемнен гөрі шешем қатал болды. мені Қандауыр бір-ақ күннің ішінде алып қашып ауылына алып барған күннің ертеңінде, артымызд- ан шешемнің өзі бастаған қуғыншылар келді, түрлерінен адам шошырлық ашулы, бәрінің қолында мылтық. Төбелес, барымта десе қолы қышып, ереуілдеп кетер қазақтар қарап қалсын ба, барында шиті мылтық, жоғында шоқпар, сойылдарын қоқайтып олар да «мен атайын, сен тұр» деп қаптады. Сонымен не керек, екі жақ бітімге келісе алмай «тұрысатын жерін» белгілеп, Бек- алқаның ағаштан ада беткейіне қарай бет алған. Кержақтардың оқтаулы мылтығына қарсы төтеп берер қару қазақтарда жоқ еді, тек бірен-саран аңшылары ғана қолдарына шиті мылты- ғын ұстап, намыстың айдауымен қиқулап жөнелген. Екі ауыл қанды шайқасқа қас-қағым сәтте әзір болды. Құлынды бие беріп сатып алған бесатарын мойнына асып Қандауырда аттанып кетті. Торғын шымылдықтың ар жағында толған айдай толысып мен отырмын. «Қанды аяқ болды-ау, шоқынды» деп, мені қарғап-сілеп абысын-ажындарым жүр. Шымылдықты ашпаған күйі атам тіл қатты: – «Келінжан, өзің бәтуаға келтірмесең, екі елдің арасы ашылып, азаматымыздан айырылғалы тұрмыз. Сені ықылассыз алып кетті деп, күш бермей тұр... менің қазақша сөзімді түсіндің бе?» – «Ұқтым, ата, өзім барайын» деп, шымылдықты сыдыра атып шыққаным. Бұл оқыс қимылдан шошына шалқалап, «астапыраллалап» шегіншектеген атама қараған қайда, керме- дегі кербестіге міне шаптым. Үстімдегі қазақша кигізген бүр- мелі етек көйлек желбіреп, басымдағы үкілі тақияны жел ұшырып әкетті. Екі жақтың жігіттері сақадай-сай, бетпе-бет келіп тұр екен, тура орталарына ағызып шықтым. Өз туған- дарыма: «мен – өз еркіммен келген адаммын. мен Қандауырды сүйемін! Тоқтатыңдар шайқасты!» – деп, орысша да, қазақша да үш рет қайталап, дәл орталарында атымды ойнатып тұрып алдым. Не істерлерін білмеді. атыса жөнелейін десе – оқ маған тиюі мүмкін. Осы кезде шешем келді жаныма: «ақымақ қыз, қайт үйге! Дінімізді қорлама!» – деді мені қамшымен тартып жіберуге ыңғайланып. «айналайын, анашым, бер батаңды, амалым жоқ, екіқабатпын» дегенімде ғана, жібіп, зар еңіреп жылады-ай. ал мен бұл сөзді өтірік айтып едім. «Қор болғаның осы... қызым... енді қайтып сенің қара жүзіңді, қазақ жалаған бетіңді көрмеймін, лағнет, лағнет» деп, аттарын ойнақшытып, көздері қанталаған туыстарымды ертіп, кері шаба жөнелді. ат шаптырып той жасады, қазақтардың барлық ырымымен Қандауыр екеуміздің некемізді қиды. Құдай-ау, әлі есімде: басымда кимешек, шылауыш киіп, ақ шатырдай боп бие саууға шыққанымда, бүкіл ауыл мәз-мейрам боп қарап еді-ау. Әсіресе, бір тізелеп, биенің борбайына жабыса қалғанымды кержақ қызынан мұндай өнер күтпеген атам: «Көресіңдер әлі, бұл келінім барлығыңнан озады» деп масаттанған. ал Қандауыр екеуіміз қосылмай тұрып-ақ, қазақтардың бүкіл тұрмыс- тіршілігіне жасырын дайындалғанбыз, ана тілін үйреткен де Қандауыр. – Қандауыр деген не сөз? – деді айна енесін қымтаңқырап қойып. – Тек, о несі-ай, атасының атын атағаны несі... – Кешіріңіз, – деді қызара ұялған келіні. – Байқамай қалдым, әншейін сөз төркінін білгім келіп еді... – Қандауыр деген ұстараның бір түрі, кіп-кішкене айбалта секілді, асыл темірден соғады. Басының қаны тасығанда, төбе шашты дөңгелете қырып, қандауырмен шетіп, лоңқа төңкеретін. Ішінде ауасы жоқ стақан артық қанды сорып, өзіне жинап алады. Бізде көрші Сарқыт деген кемпір болды, төбені қойып маңдайдан, мұрынның ұшынан қан ала беретін, жарықтық жақсы адам еді, жатқан жерің жаннат болсын (Нүрке бетін сипады). Сол кісі айтатын, бұл қан алудың ең қиындығы – емші кісінің қандауырды тамырға көлденең салмай, жарып салуында деп. Ол кемпір бұл дүниеден аттанған соң, басының қаны тасыған талай адам аттанып кетті соңынан... Иә, ол кісі бетімдегі жараны да жазып еді, сондықтан да есімнен, бес уақ намазымнан қалдырмай атап отыратынмын. алғашында маған бала тоқтамады, не түсік тастаймын, не болмаса қырқынан шыққан соң, қызылша шығып өліп қалады, не керек, бұл қорлықтан өз анам қайтыс болған соң ғана көзім ашылды... қатал кісі еді-ау, жарықтық. Қатал еді... оның да топырағы торқа болсын, ғайбаттап қайтейін аруақты, емшек сүтін емізген шешем ғой... Енесінің бұл жұмбақты сөзіне түсіне алмаған айна сұрақ қоймаққа оқталды да, көптен бері ашыла айтқан әңгімесінің арқауын үзем бе деп үндемеді. Оны Нүрке кемпір де сез- гендей. – Шешем марқұм, күйеуі Фадей өлген соң, бүкіл шаруа- шылықты өз қолына алған өжет те өркөкірек кісі еді. Қазіргі қазақтар Бек-алқа, орыстар Фадиха деп атайтын село сол менің шешемнің иелігінде болатын. Кержақтардың ішіндегі ең шонжарлысы, мыңдап марал өсіріп, пантысын Қытайға сататын. Жас кезімнен мен де тағы маралды тау-тастан қуып, ат құлағында ойнап өстім. Шіркін-ай, омартамыз қандай көп еді... Еріктің анау ербиген отыз шақты ұясы ширегіне де келмейді. Бүкіл орыстар, тіпті қоңсылас қазақтар да шешемнен зәресі қалмай қорқатын. Қандауыр екеуіміз ғана айбынынан жасқанбаған (кемпір күлімсіреді). Қорқатын себебі: анна Филомоновнаның кісіні жадылайтын сұңғыла өнері бар-тын. Сен, айнашжан, сенбе, алла атынан айтайын, оқып-оқып қара суды теріс ағызатын. Талайға қас қылып қан қақсатты- ау, жарықтық. Сол сиқыршылық өнерін маған үйретемін деп жүргенде, қазаққа қатындыққа қашып, айырылып қалдым, сырын ешкімге ашпаған күйінде көз жұмды. Үйренбегеніме өкінбеймін де, бұл жалғанда адам баласына, мейлі ол жақсы, мейлі жаман болсын, қастандық жасағаннан қасіретті не бар, дұшпаныңнан кек алам деп күнәға бату, күпіршілік жасау қайсыбір дінде де иманды жол емес қой.
|
|||
|